38
жаппай шығарылуы басталып кетуі мүмкін. Пайыздық тəуекелді бекітілген
деңгеймен салыстырғанда орташа нарықтық пайыздың ағымдағы төмендеуі
барысында пайызы бекітілген орташа мерзімді жəне ұзақмерзімді құнды
қағаздарды айналымға шығаратын эмитент көтереді. Басқаша айтқанда,
эмитент нарықтан неғұрлым төмен пайызбен қаражаттарды қатыстыра алар еді,
бірақ ол құнды қағаздардың шығарылымымен байлаулы болады.
Биржалық тəуекелдер биржалық мəмілелерден шығын көру тəуекелін
білдіреді. Бұл тəуекелдерге коммерциялық мəмілелер бойынша төлем жасамау
тəуекелі, брокерлік фирмаға комиссиялық сыйақы төлемеу қайпі жəне т.б.
жатқызылады.
Селективтік тəуекелдер (лат.
selektio — таңдау, іріктеу) — бұл
инвестициялық портфельді қалыптастыру барысында инвестициялауға
арналған
капиталды, құнды қағаздарды салу түрін дұрыс таңдамау тəуекелі.
Банкроттылық тəуекелі кəсіпкердің өз капиталынан толық айрылу қаупін
жəне өзіне қабылдап алған міндеттемелер бойынша есептесуге қабілетсіздігін
білдіреді. Кез келген капиталды инвестициялау барысында əрқашан өз тəуекелі
болады.
Портфельдік тəуекелдерге қатысты ажыратылады: 1) кəсіпорынға
байланысты емес себептер бойынша пайда болатын жəне кəсіпорын оған əсер
ете алмайтын
жүйелі (нарықтық) тəуекел; 2) элементтің ерекшеліктеріне
байланысты жəне құнды қағаздар портфеліне олардың алуан түрін қосу арқылы
жойылуы мүмкін
жүйелі емес (өзіндік) тəуекел.
Жалпы тəуекел тəуекелдің екі
түрін де қамтиды. Дегенмен егер өзіндік тəуекелді болдырмауға болса,
нарықтық тəуекел əрқашан болады.
2.7. Тəуекелдерді басқару жəне оларды бағалау əдістері
Тəуекелдерді басқару қандай да тəуекел түрінің пайда болуының алдын
алуды, оның құнын анықтауды, шығынды болдырмауға немесе азайтуға
мүмкіндік беретін ескерту шараларының өткізілуін білдіреді. Кəсіпорын өз
қызметін жүзеге асыру барысында тəуелді болатын тəуекелдің шынайы
мүмкіндігі мен бағасына дұрыс баға беру тəуекелдерді басқару жүйесінің
маңызды сəті болып табылады.
Тəуекел құны ретінде кəсіпорын үшін нақты
шығындарды, оларды азайту жəне орнын толтыру бойынша шығындарды
ұғыну қажет. Тəуекел құнының негізгі үш элементі ажыратылады: Дегенмен
оперативті талдаудың нəтижелері ескерту шараларының əзірленуін қамтамасыз
етпейді, себебі озық бейнелеу қасиетіне ие емес. Бұл тек жоспарды əзірлеу
барысында өткізілетін перспективті талдау шеңберінде ғана мүмкін.
Ескерту шаралары арасында
сақтандыру — қаражаттарынан шығын орны
толтырылатын ақшалай қорды құру бойынша іс-шаралар жүйесі маңызды орын
алады. Мүліктік, жеке сақтандыруды жəне үшінші тұлғалар алдындағы
жауапкершілікті сақтандыруды ажыратады. Сақтандырудың барлық түрлері
бойынша шығындар өнімнің өзіндік құнына кіргізіледі. Мүмкін тəуекелден
болатын шығындардың азаюына кəсіпорынның өзін-өзі сақтандыруы –