Оқулық Алматы 014 Давильбекова Ж.Қ. Кəсіпорын экономикасы: Оқулық Алматы



жүктеу 4,91 Mb.
Pdf просмотр
бет61/85
Дата28.12.2019
өлшемі4,91 Mb.
#25351
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   85

175
əр түріндегі мөлшеріне сəйкес НТӨ-ге көбейту жəне алынған нəтижелерді қосу
арқылы тура есептеулер жүргізу жолымен анықталады.
Таза  өнім  бойынша  нормативтер  бағаларға  кəсіпорынның  көтерме
бағаларымен  енгізіліп  жəне  өндірістің  жалпы  көлемінің  тұрақты  өлшемдері
ретінде  қарастырылады. Олардың  өсуі, ең  алдымен, еңбек  өндірісділігін
арттырумен шартталады. Нормативтікк таза өнімнің формуласы:
.
н
е
өнд
өнд
нтө
П
К
Е
Е
Q
+
×
+
=
мұндағы  Е
өнд
– өндірістік  қызметкерлердің  əлеуметтік  сақтандыруға  төленетін
қаржыларымен  қоса  саналатын, негізгі  жəне  қосымша  еңбекақылары; К
е
  –
қызметкерлердің  өндірісті  басқару  бойынша  еңбекақыларының  өндірістік
жұмысшылардың  еңбекақыларына  қатынасымен  сипатталатын  коэффициент;
П
н
 – өнімнің  өзіндік  құнына  қатысты, пайдалылықтың  салалық  норматив
негізінде  белгіленген  пайда (тікелей  материалдық  шығындарды  алып
тастағанда).
К
е
 коэффициенті төмендегідей анықталады:
өнд
өнд
а
е
Е
Е
Е
К
)
(
-
=
;
мұндағы  Е
а
 – өнеркəсіптік-өндірістік  қызметкерлер  құрамының  негізгі  жəне
қосымша еңбекақысы.
12.2 Кəсіпорынның пайдасы мен тиімділігі
Пайда – бұл  қосымша  өнім  бағасын  ақшалай  түрде  білдіретін  тауарлық
өндірістің  категориясы. Пайда – кез  келген  ұйым  қызметінің  жалпылауыш
көрсеткіші. Пайда - өткізілген  өнімнен  алынған  жалпы  түсімнің  бөлігі, оны
қалыптастыру үшін, жалпы түсімнен өндіріске жұмсалатын шығындарды алып
тастау қажет.
max
)
(
®
-
×
=
C
Q
P
П
мұндағы P·Q – Q өнімін өткізуден түскен ақша, Р – баға.
Кəсіпорын  пайдасы, оның  қызметінің  табыстылығын  сипаттайды.
Нарықтық қатынастар жағдайында пайданың рөлі арта түседі. Себебі, тек пайда
орын  алған  жағдайда  ғана, кəсіпорын  өз  шығындарын  жауып  оның  үстінен
қандай да бір қаражат сомасына қол жеткізеді.
Өнімді  өткізуден  түскен  пайда, ҚҚС  пен  акциз  есептелмеген  баға
бойынша  өткізуден  түскен  ақша  мен  оны  өндіру  мен  өткізуге  жұмсалатын
шығындар  арасындағы  айырмасы  түрінде  анықталады. Пайда    өнім (жұмыс,
қызмет) өткізуден  түскен  сома  мен  өнімнің  өзіндік  құнына  енгізілетін
шығындар арасындағы айырмасы түрінде қалыптасады:
С
В
П
өтк
-
=
;


176
мұндағы П
өтк
  өнімді (жұмыс пен қызметтерді) өткізуден түсетін пайда, теңге;
В  өнім, жұмыс, қызметтерді өткізуден түсетін ақша, теңге; С - өнім, жұмыс,
қызметтердің өзіндік құны, теңге.
Өзінің  өндірістік  қызметінде  кəсіпорынның  пайда  немесе  зтял  түсыуі  
тек  геологиялық  барлау  жұмыстарын  орындаудан  ғана  емес, басқа  да  көздер
есебінен  болуы  мүмкін. Мұндай  көздер  ретінде  өнім  шығару  немесе
кəсіпорынның қосымша-көмекші бөлімшелерінің қызмет көрсетуі, геологиялық
барлау  жұмыстарын  орындау  барысында  пайдалы  қазбаларды  өндіру  жəне
өткізу, ақпараттық  сипаттағы  қызметтерден  түсетін  пайда  болуы  ықтимал.
Сонымен қатар, əрбір кəсіпорын өткізуден тыс қызметтен пайда да, шығын да
көре  алады. Кəсіпорынның  барлық  өндірістік  жəне  қаржылық  қызметінен
түсетін  белгілі  кезеңдегі  пайдасының  нəтижелеуші  көрсеткіші баланстық
пайда немесе жалпы пайда деп аталады (П
б
).
тыс
өтк
өтк
б
П
П
П
.
+
=
;
мұндағы П
өтк.тыс
 кəсіпорынның өткізуден тыс қызметтен түсетін пайда, теңге.
Геологиялық  кəсіпорын  пайдасының  көлемін  анықтау  барысындағы
ерекшелік  ретінде, оның  қомақты  бөлігінің (көбіне  геологиялық  тапсырма
құнының 50%-на  дейін) нақты  шығындар  бойынша  төленуі  жəне  пайда
əкелмеуі бола алады. Пайда тек жеке геологиялық барлау жұмыстары есебінен
жəне  уақытша  ғимараттар  мен  құрылыстарды  тұрғызу  бойынша  жұмыстарды
орындау есебінен алынуы мүмкін.
Пайданың  көлеміне, өнеркəсіптегідей  негізгі  факторлар  əсер  етеді. Бұл
орындалатын  жұмыстар  көлемінің  өсуі, геологиялық  тапсырманы  орындауға
жұмсалатын  шығындардың  азаюы  болып  табылады. Дегенмен, геологиялық
барлауда  кəсіпорын  пайдасын  қалыптастыру  жолында  айырмашылықтар
болады. Мəселен, жұмыстардың сметалық бағасында, кəсіпорынның «кепілді»
пайдасы  алдын  ала  енгізіліп  қояды. Бұл    жоспарлы  салымдар. Геологиялық
тапсырма мен əрбір нысанның жеке сметалық бағасын орындау барысында 20%
көлеміндегі  жоспарлы  салымдардың  болуы, геологиялық  ұйымдарға  өз
қызметіне  жеткілікті  қаржылық  қолдау  табу  мүмкіндігін  береді. Дегенмен,
геологиялық барлау кəсіпорындарында  пайданың өсуіне əсер ету аясы көбірек
шектелген. Геологиялық  барлауда  пайданы  қалыптастырудың  маңызды
ерекшелігі  геологиялық  тапсырманы  орындау  сапасы  деңгейінің, оның
сметалық  бағасына  əсер  етпейтіндігінде. Егер  өнеркəсіпте  неғұрлым  жоғары
сапалы  тауарды  əлдеқайда  жоғары  бағамен  өткізуге  мүмкіндік  болса,
геологиялық тапсырманы  «қанағаттанарлық, – жақсы, өте жақсы» бағасымен
орындау  жұмыстарының  сметалық  бағасы  болмайды. Келісімде  тапсырыс
беруші  мен  орындаушы  арасында  нақты  орындаушыларға  тапсырыс  беруші
есебінен, сыйлық көлемі қарастырылуы мүмкін.
Геологиялық  барлау  жұмыстарының  бастапқы  кезеңдерінде  пайданың
өзгеруіне  жұмыс  жүргізудің  тау-кен  геологиялық  жағдайларындағы  жобалық
жəне  нақты  көрсеткіштер  арасындағы  өзгерістер  жағымды  да, жағымсыз  да
əсер етуі мүмкін. Мысалы, бұрғылау бойынша жыныс категорияларының нақты


жүктеу 4,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау