Оқулық Алматы 014 Давильбекова Ж.Қ. Кəсіпорын экономикасы: Оқулық Алматы



жүктеу 4,91 Mb.
Pdf просмотр
бет53/85
Дата28.12.2019
өлшемі4,91 Mb.
#25351
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   85

151
мөлшерімен  өлшенетін, қызметкерлердің  өндірістік  қызметінің  нəтижелігі
(пайдалығы).
Уақыт  бірлігіндегі  өнім (жұмыс  көлемі) санымен  сипатталатын  өндіріс
мен  өнім  бірлігіне (жұмыс  бірлігіне) жұмсалатын  жұмыс  уақытының  мөлшері
түрінде  берілетін  еңбек  сыйымдылық, еңбек  өндірісділігі  деңгейінің
көрсеткіштері болып табылады.
Өндіріс (Ө) – бұл адам еңбегі өндірісділігінің көрсеткіші:
Т
Q
Ө
=
;
мұндағы Q – өндірістік өнімнің табиғи бірлікпен берілген көлемі, Т – уақыт.
Еңбек  сыйымдылық (Т
ж
) – өндірісге  кері  көрсеткіш, ол  өнім  немесе
жұмыс бірлігін өндіруге жұмсалатын еңбек (уақыт) шығындарын білдіреді:
Q
Т
Т
ж
=
.
Еңбек  сыйымдылық    нормативтік, жоспарлы, нақты  болуы  мүмкін
жəне  норма  сағатпен, адам  сағатпен, адам  күнмен, бригада  кезекпен, т.б.
өлшенеді.


152
10. БӨЛІМ. ЕҢБЕК АҚЫ
Еңбекақы – еңбектің  күрделігіне, мөлшері  мен  сапасына  сəйкес
бағалануы (табыс).
Номиналдық  еңбекақы – қызметкердің  жасаған  еңбегінің  мөлшері  мен
сапасына сəйкес төленетін ақшалай түрдегі еңбекақы.
Шынайы  еңбекақы – материалдық  игіліктер  мен  қызмет  түрінде
берілетін  жəне  оған  тұтыну  заттары  мен  қызметтерінің  іс  жүзінде  қандай
мөлшерін сатып алуға болатындығын көрсететін еңбекақы.
Бір қызметкердің орташа айлық номиналдық еңбекақысы  есептелген
еңбекақы  қорының  сомасын, нақты  жұмыс  жасаған  қызметкерлердің  санына
(яғни, орташа еңбекақыны есептеуге арналған санға) бөлу арқылы анықталады.
Бір айлық еңбекақының ең төмен мөлшері – меншік түріне қарамастан,
ұйымдарда жалданып жұмыс жасайтындарға төленетін, ҚР Конституциясымен
кепілденген  ең  төмен  ақша  мөлшері. Ол  Қазақстан  Республикасының
заңнамасымен белгіленеді (5500, 2004 жылдан бастап, қəзір 19000 мың тенге.
Еңбекақының  дұрыс  төленуі  ұйымдастырудың  мына  қағидаларының
орындалуын қарастырады:
 еңбек нəтижелеріне қарай ақы төлеу;
 еңбекақыны ұйымдастырудың қарапайымдылығы мен ашықтығы;
 еңбекақы деңгейінің тұрақты көтерілуі;
  орташа  еңбекақының  өсу  қарқынымен  салыстырғанда, еңбек
өндірісділігінің өсу қарқындарынан асып түсетін;
  түрлі  топтар  мен  қызметкерлер  санаттары  еңбегінің  төлену  деңгейін
айыру (неғұрлым  білікті  еңбек, ауыр  жағымсыз  жағдайлар  анағұрлым  жоғары
бағаланады);
 еңбекақының икемділігі.
Қарастырылған  қағидалар  өз  көрінісін  еңбекақыны  ұйымдастырудың
құрамдас бөліктерінен табады. Олардың қатарында:
  еңбекті  мөлшерлеу (еңбек  шығындары  нормаларын – уақыт, өндіріс,
мөлшер, жұмыс жасау нормаларын қолдану);
  тарифтік  мөлшерлеу (тарифтік  жүйе – тарифтік  кестелер,
мөлшерлемелер, коэффициенттер);
 еңбекақының түрлері мен жүйелері.
Нарықтық  қатынас  жағдайында  еңбекақы  мына  функцияларды
атқарады:
 ұдайы өндірістік (əлеуметтік);
  реттеуші, яғни, еңбекақы  төлеудегі  секторлар  арасындағы  өзара
қатынас;
 ынталандырушы, яғни, еңбекақы деңгейінің еңбек мөлшеріне, сапасы
мен нəтижелеріне тəуелділігі.
ГБЖ  еңбекақының  негізгі  қағидалары. Тарифтік  жүйе – бұл  нақты
өндірістегі  жұмыстар  мен  еңбек  етушілер  біліктілігінің  дəрежесін, сондай-ақ
түрлі  мамандықтағы  қызметкерлердің  біліктілігіне, еңбек  жағдайының


153
зияндылығы  мен  ауырлығына  сəйкес  еңбекақыларының  деңгейін  белгілейтін
нормативтікк  мəліметтердің 
жиынтығы. Ол 
тарифтік   
біліктілік
анықтамалықтардан, тарифтік  кестелер  мен  тарифтік  мөлшерлемелерден
тұрады.
Геологиялық  жұмыстарға  арналған  тарифтік-біліктілік  анықтамалық,
геологиялық  барлау  өндірісінде  орындалатын  жұмыс  сипаттамалары  мен  осы
жұмыспен айналысатын жұмысшыға қойылатын талаптардың тізімін қамтиды.
Тарифтік-біліктілік анықтамалық – кəсіби шеберлік пен біліктілікке қойылатын
белгілі  бір  талаптар. ГБЖ-да  орындалатын  жұмыстарға  байланысты 6 разряд
ажыратылады.
Тарифтік  кесте  еңбекақы  мөлшерін  разрядтарға  қарай  белгілеп, разряд
саны  жəне  тарифтік  коэффициенттермен  сипатталады. Мұндағы  бірінші
разрядтың коэффициенті 1-ге тең.
ГБЖ-да  шеткі  тарифтік  коэффициенттердің 1:4,8 қатынасы  бар  алты
разрядты тарифтік кесте қолданылады. Тарифтік мөлшерлеме, осы разрядтағы
жұмыс  уақытының 1 бірлігіне – сағат, кезек, айға  төленетін  еңбекақының
абсолютті көлемін анықтайды.
ГБЖ  өндіру  барысында  ең  жоғары  еңбекақы  ауыр, тау-кен  қазбаларын
өткізу  үшін  қарастырылады. Жерасты  жұмыстарымен  айналысатын
жұмысшылардың тарифтік мөлшерлемесі жер бетіндегі жұмыстарға қарағанда,
шамамен 15-17%-ға  жоғары. Аудандық  коэффициенттер 1,15 пен 2,0
аралығында. Зиянды  жағдайларға  байланысты  жұмыстардың  мөлшерлемесі
20%-ға  жоғары, теңіздегі  жұмыстардың  мөлшерлемесі  одан 25 жəне 55%-ға
жоғары. Егер  жұмыстар  теңіз  деңгейінен  биіктікте  жүргізілумен  байланысты
болса, 10-нан 40% аралығында. Кесімді  жұмысшылардың  мөлшерлемесі,
мерзімдік жұмысшылардан 12-15%-ға жоғары.
10.1 Еңбекақы түрлері: кесімді жəне мерзімдік
Кесімді  еңбекақы    тікелей  кесімді, кесімді-сыйлық, кесімді-үдемелі,
жанама-кесімді, көтерме еңбекақылары болып бөлінеді.
Мерзімдік – жай мерзімдік жəне мерзімдік-сыйлық еңбекақы жүйелері.
Тікелей кесімді жүйе. Жұмысшының еңбекақысы қажетті сапаға сəйкес,
өндірілген  өнім  мөлшері  мен  өнімнің 1 бірлігін  бағалаумен  анықталады.
Бағалау төмендегідей белгіленеді:
қ
Н
В
Р
=
;
мұндағы В – тарифтік мөлшерлеме, теңге;
Н
қ
 – кезек бойына қазба нормасы.
Жұмысшының  кезек  бойына  алатын  нақты  кесімді  еңбекақысы  мына
формула бойынша есептеледі:
ф
к
Н
Р
Е
×
=
;


жүктеу 4,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау