187
Өкпенің диффузиялық қабілеті. Тыныштық күйде жəне бұл-
шық ет жұмысы кезінде спортшыларда спортпен шұғылданбайтын
адамдарға қарағанда өкпенің диффузиялық қабілеті жоғары.
Мəселен, ол тыныштық күйде марафоншы-желаяқтарда максимал-
ды жұмыс кезіндегі жаттықпаған ер адамдармен тең келеді. Деген-
мен, түрлі адамдарда өкпенің максималды диффузиялық қабілетінің
көрсеткіштерінде үлкен айырмашылықтар бар болғанмен, тұтасымен
алғанда олар максималды аэробтық мүмкіндіктермен тура байланыс-
та болады.
Спортшыларда өкпенің диффузиялық қабілетінің жоғарылауы
өкпе көлемінің ұлғаюымен де біраз байланысты. Ол бастысы
альвеолалық капиллярлар торының кеңеюі мен қанның орталық
көлемінің жоғарылауы арқасында өкпе капиллярларындағы қан
көлемінің артуы себепті жоғары альвеолалық-капиллярлық беткейді
қамтамасыз етеді.
Өкпенің мұндай жоғары диффузиялық қабілеті өте үлкен
қуаттылықты жүктеме кезінде альвеолалардан өкпе капиллярлары
қанына оттегінің жылдам өтуіне жəне оның оттегімен тез қанығуына
əкеледі.
Артериялық қандағы оттегі парциалдық кернеуі (РаО
2
)
өкпедегі оттегі алмасуының тиімділігі туралы бағалауға
мүмкіндік береді. Тыныштық күйде ол спортшылар мен спортпен
шұғылданбайтын адамдарда бірдей жəне дені сау адамдарда 40 жасқа
дейін шамамен, 85-105 мм сынап бағанасы мөлшері аралығында
(көбіне, 95-98 мм сынап бағанасы) болады.
Субмаксималды жəне неғұрлым жеңіл аэробтық жұмыс
кезіндегі РаО
2
тыныштық күйінен еш айырмашылығы жоқ. Тек ол
максималдыға жуық жəне максималды аэробтық жұмыс кезінде
біраз төмендейді: жаттықпаған адамдарда көбіне, 5-10 мм сынап
бағанасы аспайды, ал өте жақсы жаттыққан ОМП жоғары спортшы-
ларда максималды жұмыс кезінде 10-15 мм сынап бағанасы болады.
Спортшыларда мұндай РаО
2
айтарлықтай төмендеуі өкпенің
диффузиялық қабілетінің жеткіліксіздігі немесе альвеолалық
ауадағы оттегі парциалдық қысымының төмендеуі салдары болып
табылмайды. Бұл бəрінен бұрын өкпе вентиляциясы мен қан пер-
фузиясы арасындағы сəйкессіздіктен, сонымен бірге альвеолалық
капиллярлар арқылы қан қозғалысының жоғары жылдамдығынан
болуы ықтимал. Осымен қатар спортшыларда РаО
2
айтарлықтай
188
төмендеуі спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда
альвеолалық капиллярлардан өтіп кетіп, артериялық тамырлар мен
жүрек қуысына тура түсетін веналық қан көлемінің – «веналық
шунттың» неғұрлым айтарлықтай болуымен байланысты болуы
ықтимал. Бұл жағынан əсіресе, жүректің коронарлық венасынан қан
ағымының жылдамдығы үлкен рөл атқарады, өйткені спортшылар-
да спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда коронарлық қан
айналымы көлемі жоғары, ал коронарлық вена қанындағы оттегі
мөлшері төмен болады.
Тұтасымен алғанда спортшының сыртқы тыныс алу жүйесі
жұмыс атқаратын бұлшық еттер мен басқа белсенді мүшелер
мен ұлпалардың оттегімен тиімді қамтамасыз етілуіне қажетті
артериялық қандағы оттегі кернеуін ұстап тұрады.
Сонымен сыртқы тыныс алу жүйесіне қатысты төзімділікке
жаттықтырудың басты əсерлері:
1. Өкпе көлемі мен сыйымдылығының ұлғаюынан;
2. Сыртқы тыныс алу қуаттылығының жəне тиімділігінің
(үнемділігінің) артуынан;
3. Өкпенің диффузиялық қабілетінің жоғарылауынан тұрады.
Қан жүйесі
Қанның көптеген көрсеткіштері аэробтық төзімділікке елеулі
ықпал ете алады. Ең алдымен, организмнің оттегі тасымалдау
мүмкіндіктері қан көлемі мен ондағы гемоглобин мөлшеріне тəуелді
болады.
Қан көлемі жəне құрамы. Төзімділікке жаттықтыру қан
айналымдағы қан көлемінің (ҚАҚК) айтарлықтай артуына əкеледі.
Ол спортшыларда спортпен айналыспайтын адамдарға қарағанда
едəуір жоғары болады. Мұнда қан айналымдағы қан көлемінің ар-
туы төзімділікке жаттықтырудың арнайы əсері болып табылады. Ол
жылдамдықты-күштік спорт түрлері өкілдерінде байқалмайды. Дене
өлшемін (салмақты) ескере отырып, бір жағынан, жаттықпаған адам-
дар мен екінші жағынан, басқа дене сапасын жаттықтыратын спорт-
шылармен салыстырғанда төзімді спортшыларда қан айналымдағы
қан көлемінің арасындағы айырмашылық орта есеппен, 20% жоғары
болады.
189
Спортшыларда қан айналымдағы қан көлемінің өсуі эритро-
циттер көлеміне қарағанда, көп дəрежеде плазма көлемінің артуы-
мен байланысты. Сəйкесінше оларда гематокрит көрсеткіші (қан
тұтқырлығы) спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда төмен
болады.
Төзімділікке жаттығатын спортшыларда плазма көлемінің артуы
қан айналымдағы белоктардың жалпы мөлшерінің жоғарылауымен
байланысты. Бұл жоғарылау төзімділік жаттығулары ықпалынан ба-
уырда белоктар (ең бастысы, альбумин. мен глобулиндер) синтезінің
күшеюімен көрінеді. Қан плазмасындағы белок концентрациясының
артуы оның коллоидты-осмостық қысымын жоғарылатады. Бұл
автоматты түрде қанға тамырлардан тыс (жасуша, ұлпа аралық)
кеңістіктерден сұйықтықтың қосымша мөлшерін абсорбциялауға
əкеледі. Нəтижесінде қан айналымдағы плазма көлемі артады, ал
қан плазмасындағы белок концентрациясы 7 г/% жуық қалыпты
деңгейде тұрады. Сонымен қатар жаттықпаған адамдарға қарағанда
спортшыларда қан плазмасындағы белок концентрациясы тіпті
біршама азырақ болуы мүмкін жəне соған сəйкес қан плазмасының
коллоидты-осмостық қысымы төмен болады.
ҚАҚК артуының төзімділікке жаттығатын спортшылардың
оттегі тасымалдау мүмкіндіктерінің жоғарылауында маңызы аса зор.
Ең алдымен, ҚАҚК артуының арқасында қанның орталық көлемі
жəне жүрекке веналық қайтарылудың өсуі қанның систолалық
көлемінің жоғарылауын қамтамасыз етеді. ҚАҚК артуы тері торла-
рына қанның көп мөлшерінің баруына жағдай жасайды. Сөйтіп, ұзақ
жұмыс кезінде жылу шығаруда организмнің мүмкіндіктерін артты-
рады. Қан гематокритінің айтарлықтай жоғарылауынсыз, сонымен
қатар плазманың «артығы» да жұмыс кезінде оның қосымша жоға-
луы жағдайында резерв (қор) болып табылады. Бұл үлкен аэробтық
қуаттылықты жүктеме кезінде жүректің жоғары жылдамдықпен
қанның көп мөлшерін «айдау» кезіндегі жұмысын жеңілдетеді.
Сонымен қатар плазманың ұлғайған көлемі жұмыс кезінде қанға
түсетін ұлпалық алмасу өнімдерінің (мысалы, сүт қышқылының)
көп сұйылуын қамтамасыз ете отырып, осылайша қандағы олардың
концентрациясын төмендетеді.
Қанның қызыл элементтері (эритроциттер мен гемолгло-
бин). Қандағы гемоглобин мөлшері оның оттектік сыйымдылығын
жəне сəйкесінше, оның оттегі тасымалдау мүмкіндіктерін
Достарыңызбен бөлісу: |