Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет132/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   168

408

жас  спортшылар  үлкейген  сайын,  спортпен  айналысу  өтілі  (ста-

жы)  ұзарған  сайын  соғұрлым  олардың  спортпен  шұғылданбайтын 

құрдастарымен арасында айырмашылық көп болады.  8-9 жастағы 

спортшылардың  велоэргометрде 3874 кгм,  ал  сол  жастағы  спорт-

пен шұғылданбайтын құрдастарының 3684 кгм жұмыс орындағаны 

анықталған. 14-15 жастағы  жүзгіштер 12973 кгм,  ал  спортшы 

емес  құрдастары  тек 8486 кгм  тең  жұмыс  атқарған.  Спортпен 

шұғылданбайтын  немесе  спортшы  қыздар  болсын,  мейлі  ұлдарға 

қарағанда  жұмыс  қабілеттіліктері  төмен  болады.  Сонымен  бірге 

ұлдарға  қарағанда  жас  спортшы  мен  спортпен  шұғылданбайтын 

қыздар  арасындағы  жұмысқа  қабілеттілік  айырмашылығы  жоғары 

дəрежеде  айқындалған.

Жас өсе келе төзімділік жаттығуларына бейімделудің артуы мен 

жұмысқа қабілеттіліктің жоғарылауы айтарлықтай дəрежеде аэроб-

ты өнімділіктің, соның ішінде ОМП-дың өсуімен байланысты. Жəне 

де жас спортшыларда ең жоғары дəрежеде ОМП-дың артуы оларда 

спортпен айналысу өтілі (стажы) көп болғанда байқалады.  

Балалар мен жасөспірімдер организмі тек аз аэробты өнімділік-

пен  ғана  емес  төмен  анаэробты  өнімділікпен  де  сипатталады.  Бұл 

əсіресе, энергия өндірудің анаэробты үдерістері үлкен рөл атқаратын 

анаэробты  қуаттылықты  жаттығуларды  орындау  кезінде  жұмысқа 

қабілеттілікті белгілі бір шамада шектейді. Жас артқан сайын өсіп 

отыратын  максималды  оттектік  қарыздылық  мөлшері  анаэроб-

ты  өнімділік  көрсеткіштерінің  бірі  болып  табылады. 9-10 жастағы 

балалардың оттектік қарыздылық 800-1200 мл болғанда 8-9,3 кгм/с-

қа тең жүктемеде жұмыстарын тоқтатыны анықталған. 12-14 жаста-

ғы  жасөспірімдер 2000-2500 мл  оттектік  қарыздылық  жағдайында 

жүктеме  мөлшері 12-17 кгм/с    болатын  жұмысты  орындай  алады. 

Ересектер үшін шекті жүктеме 20-45 кгм/с, ал оттектік қарыздылық 

6000 мл тəн. Осымен қатар балаларда оттектік қарыздылық оттектік 

сұраныстың көп пайызын құрайды. Оларда оттектік қарыздылықтың 

жылдам  (алактатты)  фракциясы  сияқты  баяу  (лактатты)  фракция 

шамасы да азырақ. Оттектік қарыздылықтағы бұл компоненттердің 

максималды мəні 20-30 жаста байқалады. 

Жастан  жасқа  организмнің  анаэробты  мүмкіндіктерінің 

жоғарылауы  жайында  қандағы  сүт  қышқылы  концентрациясының 

өзгерісі  куəландырады.  Максималды  қарқындылықты  жаттығулар 

кезінде 7-8 жастағы  балаларда  қандағы  сүт  қышқылы  мөлшері 



409

80  мг%, 14-15 жастағыларда 100 мг%,  ал  ересектерде 112 мг%-ға 

дейін жоғарылайды. Бұл мəліметтер ересектерге қарағанда балалар 

мен  жасөспірімдердің  анаэробты  жағдайда  жұмысқа  аз  қабілетті 

екендіктерін көрсетеді. 

Бұлшық ет əрекетінің энергиялық қамтамасыз етілуінің аэробты 

жəне  анаэробты  механизмдерінің  қалыптасуы  əртүрлі  мерзімдерде 

жүреді. Анаэробты мүмкіндіктер кешірек дамиды. Мəселен, салыс-

тырмалы ОМП мөлшері бойынша 13 жастағылардың ересектерден 

ешқандай  айырмашылығы  болмаса  да,  оларда  салыстырмалы  мак-

сималды  оттектік  қарыздылық  ересектерге  тəн  шаманың  тек 60-

70 %-ын  құрайды.  Осының  нəтижесінде  балаларда,  соның  ішінде 

əсіресе, төменгі сынып оқушыларында бұлшық ет қызметінің энер-

гиямен қамтамасыз етілуінде анаэробты үдерістердің біраз пайдала-

нылуы байқалады. 

Бұлшық  ет  əрекетіне  бейімделудің  жасқа  сай  ерекшеліктері 

жоғары  қуаттылықты  жүктемелер  кезінде  көрінеді.  Ересек  спорт-

шылар велоэргометрде 1700 кгм/мин. тең жүктемені ЖЖЖ 175 екп/

мин. бола отырып орындай алады. Бозбалаларда 1500 кгм/мин. тең 

болатын одан аз жұмысты ЖЖЖ 186 екп/мин-қа дейін өсе отырып 

орындайды. 

Сайып  келгенде,  ересек  спортшылар  жүрек  қызметін  аса 

күшейтпей отырып, үлкен көлемді жұмыстарды атқара алады. Ере-

сектермен  бірдей  оттегі  мөлшерін  тұтыну  үшін  балаларға  тыныс 

қозғалыстары жиілігін арттыру қажет болады. Мысалы, ересектер-

дің 1 тыныс цикліне 35,8 мл О

2

 келетін болса, ал 11-12 жастағы ба-



лалар болса, 17,8 мл О

2

  қабылдай алады.  



Спорттық шынықтыру кезіндегі организм күйі 

динамикасының жасқа сай ерекшеліктері

Спорттық  шынықтыру  үдерісінде  организмнің  физиологиялық 

күйінің сөрелік күй, бабына келу, тұрақты жұмыс қабілеттілік күйі, 

қажу жəне қалпына келу сияқты бірінен соң бірі алмасып отыратын 

бірнеше кезеңдермен сипатталатыны өткен тараулардан белгілі. 

Ересектерге  қарағанда  жас  спортшыларда  түрлі  қызметтердің  



сөре  алдыңғы  шартты  рефлекстік  өзгерістері  көбірек  байқалуы 

мүмкін.  Балаларда  алда  тұрған  бұлшық  ет  қызметі  туралы  ауыз-




410

ша  ақпараттың  өзі  оларда  ЖЖЖ  мен  артериялық  қан  қысымының 

неғұрлым  елеулі  өзгерістерін  тудырады.  Жəне  де  спортпен 

шұғылданбайтындармен  салыстырғанда  спортшыларда  жұмыс 

алдыңғы күйде қызметтердің күшеюі барынша айтарлықтай көрінеді. 

Бабына  келу  кезеңі  ересектерге  қарағанда  балаларда  біраз 

қысқарақ  болады.  Мысалы,  қысқа  арақашықтыққа  жүгіру  кезінде 

7-14 жастағы балаларда максималды жылдамдық 5-секундта, ал 17-

18 жас бозбалаларда 6-секундта  көрінеді. Дегенмен, бозбалалардың 

бұл уақытта жоғары жылдамдыққа жететінін əрі ұзақ қашықтықты 

бағындыратындарын  жасырмау  қажет.  Балаларда,  сонымен  қатар 

жүзу,  велоэргометрде  «жүру»  сияқты  төзімділік  жаттығуларында 

да тыныс алу, жүрек-тамыр жүйелері мен жұмысқа қабілеттіліктің 

бірнеше көрсеткіштері біраз ертерек тұрақтана бастайды. 

Бабына  келу  кезеңінен  соң  тұрақты  жұмыс  қабілеттілік  күй 

орын  алады.  Тұрақты  күйді  ұстап  тұру  қабілеті  жасқа  тəуелді  бо-

лып  келеді.  Ересектерге  қарағанда  балалар  оны  сақтап  тұруға  аз 

қабілетті.  Олар О

2

 пайдаланудың максималды деңгейіне тез жетіп 



қойса да, бірақ бұл деңгейді ұстап тұру қабілеті жағынан ересектерді 

алға  салады.  Жасөспірімдерде  тұрақты  күйдің  неғұрлым  қысқа 

кезеңі ересектерге қарағанда барынша арынды гипоксемия дамуы-

мен өтеді. Бұл жасөспірімдерде қызу бұлшық ет əрекеті кезінде ор-

ганизм  қызметтерінің  бір-бірімен  өте  көп  келісілмеуі  нəтижесі  бо-

лып табылады. 



Қажу үдерістерінің сипаты да жасқа байланысты болады. Ере-

сектерге қарағанда балаларда қажу кезеңінде жұмысқа қабілеттілік, 

қозғалыстар  жылдамдығы  көп  шамада  төмендейді.  Балалар 

организмнің  ішкі  ортасының  кішкене  ғана  өзгерістері  туындаған 

кезеңінде,  оттектік  қарыздылық  айтарлықтай    аз  жағдайда  орын 

алып тұрғанда жұмысты тоқтатуға мəжбүр болады. 

В. М. Волков, А. В. Ромашов мəліметтері бойынша орташа аэроб-

ты жұмыс кезінде жасөспірімдерде қажу дамып келе жатқан кезеңде 

вегетативтік қызметтердің (тыныс алу мен қан айналу) дискоордина-

циясы  көбірек  байқалады,  жаттығулардың  энергиялық  құндылығы 

көп шамада жоғарылайды. 

Жас  спортшыларда  тыныс  алу  жəне  вегетативтік  қызметтер 

арасындағы  өзара  əрекетер  мен  қозғалыс  координациясы-

на  айтарлықтай  бұзылулар  тəн  болғанда  қажудың  көрінуі  сирек 

байқалмайды. Мысалы, тыныс алу мен қозғалыс арасындағы келісе 

орындалған қызмет бұзылған жағдайларда қажу туындайды. 




жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау