Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет94/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   168

293

турасы кезінде де тері қан айналысы 3-4 л/мин-тан аспауы ықтимал. 

Сəйкесінше  тіпті  осы  жағдайларда  да  тері  тамырлары  біршама 

тарылған  (белсенді  тамыр  тонусы  күйі).  Жұмыстың  жалғасуы  бо-

йынша  біртіндеп  тамыр  тонусының  төмендеуінен  тері  тамырлары 

кеңейеді. Нəтижесінде тері тамырлары торларына қанның одан əрі 

көп  мөлшері  бағытталады,  ал  жұмыс  атқарушы  бұлшық  еттердің 

қанмен жабдықталуы одан əрі нашарлайды. 

Тері тамырларының кеңеюімен жалпы перифериялық тамырлар 

кедергісі азаяды. Өзгермеген жүректің минуттық қан көлемі кезінде 

бұл тіпті, тамырлық коллапсты (талуды) тудыратын деңгейге дейін 

біртіндеп төмендейтін артериялық қан қысымының түсуіне əкеледі. 

Əсіресе, жүректің минуттық қан көлемінің төмендеуінен артериялық 

қан қысымы дереу төмендейді. Бұл ЖЖЖ сол адам үшін максимал-

ды мүмкін болатын деңгейге жеткенде жүреді, ал систолалық көлем 

төмендеуі жалғасады. 

Ыстық  жағдайларда  жұмыс  кезінде  жатырлық  қан  айналысы 

дереу  төмендегендіктен  құрсақ  қуысы  мүшелерінің,  ең  алдымен, 

бауырдың  жеткіліксіз  қанмен  жабдықталуымен  байланысты  орга-

низм  үшін  қосымша  қиындықтар  туындайды.  Жоғары  ауа  темпе-

ратурасы  кезінде  жұмыс  бүйректік  қан  айналысының  да  күшейе 

төмендеуін тудырады. 



Жылуға бейімделу (акклиматизация)

Адамда кəдімгі маусымдық климаттық өзгерістер физиологиялық 

өзгерістерді  тудырады.  Акклиматизация – жаңа,  үйреншікті  емес 

климаттық-географиялық  орта  жағдайларына  бейімделу.  Түрлі 

факторлардың  ықпал  етуінде  байқалатын  адаптивті  өзгерістерді 

спортшыларды жарысқа дайындау кезінде білу қажет. Жасушалық, 

мүшелік, жүйелік жəне организмдік деңгейдегі үдерістердің барлық 

туа жəне жүре пайда болған бейімделу əрекетін адаптация деп атай-

ды (бейімделу туралы 2-тарауда толық баяндалған).

Барлық адамдар (спортшылар) сол орта жағдайларына бəрі бір-

дей жылдам жəне толығымен бейімделе алмайды. Ол адамның жасы-

на, жынысына, жүйке жүйесі типіне, денсаулық күйіне, функциялық 

күйіне  (спортшының  жаттықтырылу  дəрежесіне),  пихикалық-

эмоциялық тұрақтылыққа жəне т.б. байланысты. 




294

Спортшыларға  түрлі  климаттық-географиялық  жағдайларда 

жаттығуға немесе жарысуға тура келеді. Жəне осыған орай рецеп-

торлар  адаптациясы  шапшаңдығының  маңызы  бар.  Барлық  рецеп-

торлар  жылдам  жəне  баяу  бейімделетін  (кезеңдік  жəне  тонустық) 

болып бөлінеді.

Жоғары  ауа  температурасы  мен  ылғалдылығы  жағдайында 

үзіліссіз  жəне  қайталап  болу  сыртқы  ортаның  осы  арнайы 

жағдайларына  организмнің  біртіндеп  бейімделуін  тудырады. 

Нəтижесінде  жылылық  стреске  қарсы  организмнің  тұрақтылығы 

дамиды. Адамның ыстыққа бейімделуіне өзіндік арнайы сипат тəн. 

Ол  ыстықты  барынша  жеңілірек  қабылдайды,  жұмысты  орындау 

объективті сияқты (жылу əсеріне физиологиялық өзгерістер азаяды) 

субъективті де аса қиын болмайды. Жылуға бейімделу күйі – аккли-

матизация жүреді. 

Ыстық  əсіресе,  ылғалдылығы  жоғары  ауа  суыққа  қарағанда 

спортшы  үшін  көп  күш  түсіреді.  Орта  температурасы  дене  темпе-

ратурасынан жоғары болғанда жылу қоршаған ортадан организмге 

өтеді. Мұндай жағдайларда жылуды бұрып жіберудің жалғыз тəсілі 

булану (тер бөліну) болады. 

Ыстықтың  (жоғары  температура)  əсерінің  бас  кезіндеректалды 

температура,  оттегі  пайдалану,  ЖЖЖ  жəне  минуттық  қан  көлемі 

тез өседі. Тер бөліну көп емес жəне тұрақты дене температурасын 

сақтау үшін жеткіліксіз болады. Ыстық климатта 12 күн болған соң 

бейімделудің айқын белгілері басталады. Тер бөліну 2 есе артады, 

ал ЖЖЖ жəне оттегі пайдалану шамамен, 40%-ға түседі. Буланудың 

күшеюі  жəне  зат  алмасудың  төмендеуі  ішкі  температураның 

жоғарылауын  азайтады.  Периферияға  (шеткі  мүшелерге)  жылу 

шығарудың  жоғарылауына  жəне  тер  бөлінудің  күшеюіне  əкелетін 

тамырлардың күшті кеңеюі барынша тиімді реттелумен байланысты 

(Р.D.Sturkie, 1981). Спортшыларда  егер  ыстық  жəне  ылғалды  кли-

мат зоналарында алғашқы 5-7 күндері монша (сауна) жəне салқын 

(суық) душ (ұйқы алдында салқын душ жəне көмірсулы сусындар, 

ал  таңертең  суық  душ  жəне  адаптогендер  жень-шень,  пантокрин, 

пантогематоген, аралия тұнбасы, т.б.) қабылдаса, бейімделу тезірек 

жүреді.  Бұдан  басқа  сусындарды  жеткілікті  мөлшерде  қабылдау 

(шай, минералды су, шырын) бейімделуді жылдамдатудың маңызды 

моменттерінің  бірі  болып  табылады.  Бейімделу  принциптерін 

сақтамаған кезде түрлі асқынулар – жылылық, күннің соққысы жəне 

т.б. болуы мүмкін. 




295

Жылуға бейімделу кезіндегі физиологиялық өзгерістер жəне 

олардың механизмдері. Жылуға бейімделу арнайы физиологиялық 

өзгерістердің жиынтығына негізделген. Олардың негізгілері жоғары 

температура  жағдайында  болуы  барысында  жүктеме  кезінде  тер 

бөлінудің күшеюі, дене «ядросы» мен «қабығы» температурасының 

түсуі жəне жүректің жиырылу жиілігі төмендеуі болып табылады. 

Жылуға бейімделудің негізгі механизмдері сыртқы ортаға де-

немен  жылудың  шығарылуының  күшеюіне  бағытталған.  Жылуға 

бейімделу  барысында  тер  бөлінудің  күшеюі  жүреді:  бірдей  сол 

дене  жүктемесін  орындау  кезінде  қызмет  ететін  тер  бездерінің 

саны, сонымен қатар бөлінетін тер мөлшері артады. Тер бөлінудің 

температуралық табалдырығы төмендейді – ол неғұрлым дене ядро-

сы  мен  терінің  төмен  температурасы  кезінде  басталады  жəне  дене 

температурасының жоғарылауымен тез күшейеді. 

Ыстыққа  бейімделген  адамда  бейімделмеген  адамдарға 

қарағанда  азырақ  тер  буланбай  тамшылап  ағады,  себебі  тер 

неғұрлым  дене  беткейімен  бірқалыпты  таратылады.  Нəтижесінде 

тер булану мен жылу шығарудың күшеюі үшін дене беткейі алаңы 

артады. Тер буланудың күшеюі тері температурасының төмендеуіне 

əкеледі. Осының арқасында тері тамырларымен ағатын қан күштірек 

салқындайды жəне сондықтан «дене ядросы-тері» температуралық 

градиенттері  өседі.  Осылайша  дененің  терең  бөлімдерінен  оның 

беткейіне жылудың физикалық тасымалдануы (өтуі) күшейеді. Тері 

қан айналымының қосымша күшеюіне сұраныс (айналыс конвекция-

сы) сəйкесінше төмендейді. 

Жылу  шығарудың  адаптивті  механизмдері  күшеюінің  басты 

əсері дене температурасының төмендеуі болып табылады. Мұнда 

тыныштық күйде дене температурасының төмендеуі сияқты бұлшық 

ет жұмысы үдерісінде өседі. 

Жылуға  акклиматизация  нəтижесінде  тердегі  тұздар  мөлшері 



азаяды,  яғни  тер  неғұрлым  «сұйытылған»  болады.  Тер  арқылы 

тұзға  қарағанда  салыстырмалы  көп  су  жоғалады  жəне  сондықтан 

қандағы электролиттер концентрациясы жоғарылайды. Сəйкесінше 

қан  осмолярлығы  артады.  Жоғары  осмолярлық  организмдегі 

сұйықтықты жоғалтуды өтеуге бағытталған механизм болып табы-

латын шөлдеудің күшті сезінуін тудырады. Бейімделмеген адамдар-

да  барлық  жағдайларда  организмнің  суға  сұранысын  қамтамасыз 

ететін шөлдеуді сезінуі жеткілікті болмайды. Ыстыққа бейімделген 

адам су балансын жақсы сақтауға қабілетті келеді. 



жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау