Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет147/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   168

454

Спорттық ойындар қозғалыс белсенділігін жақсы дамытқанымен 

де, алайда, олар шаңғы спортымен, жүзумен, ескек есумен жəне т.б. 

бəсекеге  түсе  алмайды.  Спорттық  ойын  түрлерін,  əсіресе,  баскет-

бол,  теннис,  қол  добын  импульсивті-жылдамдықты  жаттығулар 

(ациклдік,  стандартты  емес-үзілістік  (ситуациялық)  жаттығуларға) 

типіне  жатқызуға  болады,  олар  организмнің  функциялық  күйін 

айтарлықтай жоғарылатпайды. 



Теннис – ашық алаңда жəне ғимаратта ойнауға болатын жауап 

соққыларынан тұратын ойын. Ол біріне бір (жалғыздық ойын) неме-

се екіге екі ойналатын (жұптық ойын) спорттың бұл түрі үшін жүгіру, 

секіру, бұрылу, айналу, бүгу, түзеу, соғу, сермеу жəне т.б. сынды сан 

алуан қозғалыстар тəн. Теннис – табиғи интервалды жүктемелерге 

белгілі физиологиялық көрсеткіштері тəн жоғары қозғалмалы ойын. 

Тенниспен  ерлер  мен  əйел  адамдар  да  жасы  ұлғайған  шаққа 

дейін шұғылдана алады. 



Бадминтонды кез келген жерде ойнауға болады жəне ол барлық 

жас кезеңдеріндегі адамдар үшін қолжетімді. Бұл ойын үшін арнайы 

дайындық жəне арнайы білім қажет емес. Бадминтонмен айналысу 

шапшаңдақтың, ептіліктің, иілгіштіктің, көру өткірлігінің, реакция 

дəлдігінің, шыдамдылықтың, сонымен қатар спорттық-техникалық 

дағдылардың  дамуына  əкеледі.  Осыған  орай  бадминтон  көптеген 

спорт түрлерінің құрамдас бөлігі мен сауықтыру жолдары болып та-

былады. 


Стол теннисi – арнайы ережелерге сəйкес ойын столының үстiн-

де жұмыртқа тəрiздес шарды қалақшаның көмегiмен ұрғылап ойнауға 

негiзделген  спорт  түрi.  Ол  шапшаңдық  реакциясын,  төзімділікті, 

ептілікті, сонымен қатар техника-тактикалық əрекеттерді басқаруда 

реактивті жəне координациялық қабілеттерді дамытады. 

Стол теннисі белсенді тынығудың маңызды факторы болып та-

былады, себебі онымен əртүрлі жастағы адамдар ойнай алады. 

Қашпа доп (лапта)  шапшаңдық, ептілік, қозғалыс координация-

сы мен басқа да дене сапаларының дамуына ықпал етеді. 

Ойынның  негізгі  элементі – бағытты  өзгертіп  отыра  жүгіру. 

Жүктеме жылдамдық, темп, жүгіріп өтілген жердің ұзындығы мен 

жаттығу дəрежесіне байланысты, энергия шығыны 3500-4000 ккал 

құрауы  мүмкін.  Жүгіру  кезінде  ЖЖЖ 160-190 екп/мин-қа  жетуі 

мүмкін. Ойын үдерісінде көру, есту, тепе-теңдік анализаторларының 



455

жетіле  түсуі  орын  алады.  Көру  қабылдауы  негізінен  алаңдағы 

ойыншының əрекеті мен жүріс-тұрысын анықтайды. 

Спорттық  ойындар  үдерісінде  ептілік,  қозғалыс  координация-

сы  мен  моторика  қалыптасады.  Секіру,  лақтыру,  бүгу,  жазу,  ай-

налу,  бұрылу,  жұлқа  көтеру  (серпу),  көтеру  жəне  т.б.  əрекеттер 

шұғылданушының  өсуіне,  дамуына  жəне  сымбатына  жағымды 

ықпал етеді. 

Қазіргі дене тəрбиесінде ойындар кең қолданысқа ие жəне олар 

дене  жаттығулары  арасында  белсенді  тынығудың  айтарлықтай 

бөлігін құрайды. 

Туризм – (франц. tourіsmetour – серуендеу, жол жүру) – табиғат 

аясында сан алуан табиғи қимыл əрекеті, адамның бос уақытындағы 

саяхаты,  белсенді  тынығудың  бір  түрі.  Туризм – халықтың 

рекреациялық қажеттілігін (денсаулығын жақсарту, жүйке жүйесін, 

күш-қуатын  қалпына  келтіру,  т.б.)  қанағаттандырудың  ең  тиімді 

жолы.  Туризм  адамдардың  қарым-қатынасын,  танымдық  қабілетін 

арттырып,  мəдениет  пен  өнердің  дамуына,  ел  экономикасының 

өркендеуіне  өзіндік  үлесін  қосып,  ел  мəртебесін  əлемге  танытуға 

мүмкіндік туғызады. Ел ішінде саяхат жасау ішкі (ұлттық) туризм, 

ал  шетелге  саяхатқа  шығу  халықаралық  (шетелдік)  туризм;  саяхат 

мақсатына  қарай:  экологиялық,  ойын-сауық,  танымдық,  спорттық, 

балалар  туризмі;  əлеуметтік  мақсатына  қарай:  іскерлік  (конгресс, 

жəрмеңке), этникалық, діни туризм болып бөлінеді. Спорттық туризм 

түрлеріне су, тау, жаяу, шаңғы жəне велотуризм жатады. Туризмнің 

сауықтыру ықпалы 3 маңызды факторларға: сыртқы орта, климаттық 

жағдай (көктем, жаз, қыс, күз) жəне əрекет түрлеріне (жаяу, шаңғы, 

су жəне т.б.) байланысты.

Жаяу  жорықтардың  аса  маңызы  зор.  Олар  кез  келген  ауа 

райы  мен  жыл  мезгілінде  барлық  жастардағы  адамдарға  арналған 

белсенді тынығу ретінде қолданылады. Осыған орай жаяу жорықтар 

сауықтырудың жақсы жолы болып табылады. Туристер көбіне, биіктік 

айырмасы 500-1500 м  болатын, 5-7 км/сағ.  жылдамдықпен  күніне 

20-60 км жүріп өтеді. Эстетикалық-танымдық жорық 4-5 км/сағ.-қа 

тең орташа жылдамдықпен жүзеге асырылады жəне психологиялық 

босаңсу, демалу əсерін тудырады. 31-кестедетуристік маршруттарға 

тəн ұзақтық, темп пен жорық ұзындығы көрсетілген. 



456

31-кесте

Маршруттардың ұзақтығы жəне қозғалыс жылдамдығы

Жас, жылмен

Біркүндік 

жорық, км

Көпкүндік 

жорық, км/

күн

Жылдамдық, 

км/сағ

Жүк, кг

10-12


10-12

8-10


3

3

12-14



12-18

10-15


3-4

4

15-18



15-25

12-20


4

5-7


18 жастан 

жоғары


20-40

15-30


4-5

6-10


18 жастан 

жоғары спорт-

шы-туристер

20-60


15-30

5-7


6-10

Жүрістің  ең  үнемді  темпі 4 км/сағ.-қа  тең.  Ұзақ  жүктемелер 

кезінде  темп  мүмкіндігінше  тұрақты  болып  қалу  керек,  себебі 

темп алмастыру мен жиі аялдау тез қажуды тудырады. Көп күндік 

жорықтарда əрбір 3 немесе 4-күндер тынығу күні болу қажет. 

Велотуризм  үшін  кез  келген  жол  велосипеді  жарайды. 

Велосипедшінің  кеудесі  тек  сəл  алдыға  еңкейіңкі  болады,  ал  егер 

иық  белдеуінде  ауырсыну  сезімдері  туындаса,  бұл  дене  қалпының 

дұрыс болмауымен байланысты.  Мұндай жағдайларда рөлді біраз 

жоғарылатып орнату керек. 

Жол  қалыпты  жағдайда  болған  кезде,  яғни  өрге  көтерілмейтін 

тегіс 

жолдарда 



кəдімгі 

велосипедпен 

велосипедші-турист 

15-18 км/сағ. орташа жылдамдықпен жүре алады.  



Су туризмі

Турист өзенмен жорыққа шығарда қайықты басқара жəне жүзе 

алуы керек. Қатерге толы туристік саяхат тау суларымен сал немесе 

қайық ағызу болып табылады. 

Жиналмалы  байдаркада  (жіңішке  əрі  жеңіл  жарыс  қайығында) 

немесе  еспелі  шлюпкада  (кішкентай  қайықта)  маршрут  ұзақтығы 

30-40  км  болады.  Үлкен  көлдер  мен  су  жағасында  көбіне,  оқу 

қайықтарын қолданады. 

Жолай  соғылған  жел  кезінде  туристер  желкенді  қайықтарды 

қолданғанды  жөн  санайды.  Желкенді  қайықтармен  туристік 

жорықтардың басым бөлігі үлкен көлдер немесе теңіздерде өтеді. 



жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау