78
79
жəне ондағы коммуникациялар түрлерінде. т.б.
Дамыта оқытудың мазмұны теориялық ойлаудың дидактикалық
тұрғыдан түзілген. Дамыта оқыту оқушының алдына саналы түрде
белгілі бір мақсат қойып, оған жетуін ұйымдастыратын, мақсатты
түрде бағытталған оқу іс-əрекеті арқылы жүзеге асады. Дамыта
оқудағы негізгі нəрсе – берілетін білімнің өзектілігі. Дамыта оқытуда
оқушы іс-əрекетінің толыққанды субъектісіне айналады.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
1. Педагогикалық технологиялар қандай белгілеріне қарай
жинақталады?
2. Педагогикалық технологиялардың қай түрін жақсы білесіз?
3. Өзіңіз білетін педагогикалық технологияның идеялары, əдіс-
тəсілдері туралы əңгімелеңіз.
4. П. М. Эрдниев пен С. Н. Лысенкованың технологиясының
айырмашылықтары мен ұқсастығын Венн диаграммасы бойынша
салыстырыңыз.
5. М. Монтессори технологиясының ерекшелігі неде?
6. Педагогикалық технология түрлерін сипаттаңыз.
Технология атауы
Технология сипаттамасы
Дамыта оқыту технологиясы
т.б.
Ұсынылатын əдебиеттер:
1. Ксензова Г. Ю. Перспективные школьные технологии. – М.:
Педагогическое общество России, 2000.
2. Педагогические технологии: Методические рекомендации
/Сост. А. П. Чернявская. – Ярославль: изд-во ЯГПУ им.
К. Д. Ушинского, 2002.
3. Рысбаева А. Қ., Қоңырбаева С. С. жəне басқалар. Жоғары
оқу орындарындағы білім мазмұны жəне оқыту технологиялары. /
Дəрістер жинағы/. – Алматы: Полиграфия-Сервис К, 2010.
4. Селевко Г. К. Авторские программы, педагогические
технологии, инновационные школы. – Ярославль: Изд-во ИПК
ПиРРО, 1997.
5. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий
обучения. – М.: Педагогика, 1990 г.
6. Чернявская А. П., Байбородова Л. В., Харисова И. Г.,
Белкина В. В., Серебренников Л. Н., Гаибова В. Е. Образовательные
технологии: Учебно-методическое пособие. – Ярославль: Изд-во
ЯГПУ им. К. Д. Ушинского.
7. Чупрасова В. И. Современные технологии в образовании. –
Владивосток, 2000.
80
81
6. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА
Жоспар:
6.1. Технологиялық картаның жұмыс істеу құрылымы.
6.2. В. М. Монаховтың технологиялық картадағы аксиомалары.
6.3. Технологиялық карталау негізі.
6.4. Технологиялық карта бойынша жұмыс істеу ережесі.
6.5. Ізгілікті бағыттағы базалық технологиялық карталар.
Қазіргі заманғы ғылыми техникалық прогрестің өте шапшаң
қарқынмен дамуы жəне ақпарат көлемінің əр 3-5 жылда 2 еседей өсіп
отыруы, əсіресе ой еңбегін жəне оқыту үдерісін айрықша сапалық
түрде жетілдіруді талап етіп отыр.
Мұндай дүниежүзілік күрделі проблеманы шешудің бір
жолы, жастарға үздіксіз білім берудің жаңа түрлері мен əдіс-
тəсілдерін тауып, олардың өздігінен білім алуын қамтамасыз ету
болып табылады. Ондай жаңа оқыту тəсілдерінің бірі академик
В. М. Монаховтың педагогикалық технологиясы.
Көптеген мұғалімдер технология мазмұнын жете түсінбейді, оны
əдістемеден ажырата алмайды. Егер əдістеме көбінесе оқу үдерісін
ұйымдастыру жəне өткізу жөніндегі ұсыныстардың жиынтығы
болса, педагогикалық технологияның өзіне тəн ерекшелігі бар.
Біріншіден, технология – бұл соңғы нəтижеге берілетін кепілдік;
екіншіден, технология – бұл болашақ оқу үдерісінің жобасы. Өзінің
педагогикалық технологиясында В. М. Монахов мынандай анықтама
береді: педагогикалық технология – оқу үдерісін жоспарлаудың
жүйелік əдісі; оқытудың тиімді түріне жету мақсатында, адам мен
технология ресурстарды олардың арақатынасын ескере отырып
бүкіл оқытушымен білімді меңгеру үдерісін жүргізу, оны бағалау.
Ғылыми тұрғыдан негізделген В. М. Монаховтың педагогикалық
технологиясы мұғалім қызметін екі кезеңге бөледі.
1. Оқу үдерісін жобалау кезеңі.
2. Осы жобаны іске асыру кезеңі.
Бірінші кезеңде мұғалім оқу материалын шағын мақсаттар
жүйесі ретінде көрсетеді. Бұл шағын мақсаттарға жету-жетпеуін
жазбаша жұмыстар арқылы тексереді, яғни болжам жоспарланады.
Болжамнан оқушылар жақсы өтуі үшін, мұғалім оқушыларға өз
бетімен жұмыс істеуге алдын ала тапсырмалар береді. Екінші,
яғни жобаны іске асыру кезеңінде мұғалім оқу үдерістің нақтылы
жағдайларын ескере отырып, жобаны жүзеге асырады. Оқу үдерісін
жобалаудағы негізгі объект – оқу тақырыбы. Бұл оқу тақырыбының
көлемі, тақырыптың күрделілігіне байланысты 6-7 сабақтан, 22-24
сабаққа дейін болуы мүмкін.
6.1. Технологиялық картаның жұмыс істеу құрылымы
Технологияда оқу үдерісін жобалаудың толық жəне
бөлшектелген көрінісін технологиялық картадан көруге болады.
Технологиялық карта 5 бөліктен тұрады: мақсат қою, болжам, үй
жұмысын мөлшерлеу, логикалық құрылым, түзету.
Технологиялық картаның əр бөлшектері қандай жұмыс
атқаратынын қарастырайық.
1. Мақсат қою. Берілген тақырыпқа қойылатын білім
стандарттарының талабын жүзеге асырып жүрген бағдарлама
мазмұнын талдай отырып, шағын мақсаттар қарастырылады.
Тақырыптар көлеміне жəне оның күрделілігіне байланысты
шағын мақсаттар саны 2-ден 5-ке бейін болуы мүмкін. Арнайы
технологиялық ұйғарым бойынша əр шағын мақсатқа сəйкес өзіндік
жұмыс құрастырылады.
2. Болжам. Бұл өзіндік жұмыстардың, яғни болжамның,
ерекшелігі мынада: тексерудің жəне оқушылардың жетістіктерін
бағалаудың қарапайымдылығы. Болжам екі түрлі тапсырма-
дан тұрады: білім беру стандарты деңгейіндегі тапсырма жəне
тереңдетілген тапсырма. Болжамның 1- жəне 2- тапсырмалары стан-
дарт деңгейімен сəйкес қарастырылады, ал 3-ші тапсырмада «жақсы»
деген бағаға сəйкес, 4-тапсырмада «өте жақсы» деген бағаға сəйкес
тапсырмалар беріледі.
3. Үй тапсырмасын мөлшерлеу. Егер үй тапсырмасын
мөлшерлегенде біраз ақаулар жіберілсе, ол болжам кезінде көзге
бірден түседі. Мұғалім осыған сəйкес түзету жүргізуі керек. Үй
жұмысын мөлшерлеу 3 деңгейлік тапсырмадан тұрады.
1- деңгей. Болжамның 1-ші, 2-ші тапсырмасына.
2- деңгей. Болжамның 3-ші тапсырмасына.
3- деңгей. Болжамның 4-ші тапсырмасына сəйкес болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |