Оқулық Алматы, 013 1-8683 Әож 005 (075. 8) Кбж 65. 290-2 я 73 м 45



жүктеу 3,69 Mb.
Pdf просмотр
бет91/126
Дата17.10.2023
өлшемі3,69 Mb.
#43872
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   126
mendebaev-sapany (1)

6.4.3. Модельдеудегі идентификациялау
Ұйым өнімді идентификациялау үдерісін мониторинг талаптарына 
сай және оның өмір циклының барлық кезеңдеріндегі сәйкес келетін 
құралдар көмегімен жүргізілген өлшеулерге сәйкес жасап шығарады. 
Егер із кесушілік талап болып табылса, онда ұйым өнімнің арнайы 
идентификациясын басқарып, оны тіркеуі қажет. Бұл жерде із кесушілік-
дегеніміз қарастырылып отырған заттың орны немесе қолданылуын, 
тарихын бақылау мүмкіндігін айтады. 
Өнімді қарастыру кезінде із кесушілік материалдардың шығу та-
рихына, өңделу тарихына, шығарылымнан кейінгі өнімнің орналасқан 


202
орны мен бөлінуіне қатысты болуы мүмкін. Ол басқа күрделі түсінікпен 
шектеледі – техникалық мұрагерлік. 
Идентификациялаудың маңызды айнымалылар мен олардың өзара 
байланысын операциялауға арналған сапа менеджменті жүйесінің 
математикалық моделін құрудың бастапқы кезеңінде маңызы зор. 
Таңдалған математикалық суреттеудің нақты типіне байланысты 
идентификациялауға жағдайлар кеңістігінің өлшемін анықтау, жүйенің 
ішкі динамикасы мен объекттер жиынтықтары арасындағы мазмұнды 
байланыстарды суреттеу, кездейсоқ әрекеттер үшін ықтималдылықтарды 
бөлу кіреді. 
Идентификациялау математикалық суреттеу типіне тәуелді, ал ол 
болса, өз кезегінде идентификациялаудың сәтті өтуіне байланысты 
болғандықтан, модельді құру үдерісі итерациялық болып табылады. 
6.5. Cапа менеджмент жүйелерiнiң қажеттiлiгiнiң 
дәлелденуi
Сапа менеджмент жүйесi (МЖ) тұтынушылардың талапта-
рын қанағаттандыруды жоғарылатуда ұйымдарға көмектеседi және 
әлеуметтiк қажеттiлiк болады. 
Тұтынушыға оның қажеттіліктері мен талаптарын қанағаттанды-
ратын өнім керек. Бұл қажеттіліктер мен талаптар өнімнің техникалық 
шартында көрсетіледі және тұтынушының талаптары болып табы-
лады. Талаптар тұтынушымен келісім шартқа сәйкес қойылады не-
месе ұйымның өзі жасайды. Кез келген жағдайда өнімнің құнын 
тұтынушының қанағаттануына байланысты қояды. 
Тұтынушының талаптары мен қажеттіліктері күн сайын өзгеріп 
отырғандықтан, сонымен бірге ұйым бәсекелестікке төзімділігін ар-
тыру үшін өз өнімдерін жиі жаңартып отыруы және техникалық 
құрылғыларын жаңартып отыруы тиіс. 
Ұйымның сапа менеджментіне жүйелі көзқарасы тұтынушының та-
лаптарына талдау жасауға, өнімді тиімді алу жолдарын анықтауға алып 
келеді. 
Сапа менеджмент жүйесі тұтынушылардың және басқа да 
қызығушылық танытқан жақтардың қойған талаптарын қанағаттандыру 
қажет. Бұл кәсіпорынға және тұтынушыға өнімді тұтынушы талабына 
сай етіп шығаруына сенімділік береді. 
Cапа менеджмент жүйелерiнiң қажеттiлiгiнiң дәлелденуi қызы-
ғушылық танытқан жақтар мен тұтынушылардың талаптарын қанағат-
тандыруда аса сақ болуы тиіс. 


203
Қоғамдық қажеттілік қоғамдық өнім сияқты қаралады, яғни 
халықтың қоғамдық және жеке қолдануында өмірлілігін артыруды 
қолдау болып табылады. 
Қоғамдық талап дегеніміз – өнімді шығару кезіндегі техникалық-
экономикалық сипаттамалары, табиғи қорлардың шығыны, қоршаған 
орта мен қоғамға тигізетін әсері. Қажеттіліктің туындауы және оның 
нақты анықтамасы – қоғамдық талаптарды қанағаттандыратын негізгі 
операциялық элемент. Операциялық элемент болып бұйымды жобалау, 
конструкциялау, дайындау және эксплуатациялау жатады. 
Қажеттілік келесі бағыттарда қаралады:

жүктеу 3,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау