Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



жүктеу 11,51 Mb.
Pdf просмотр
бет139/141
Дата20.11.2018
өлшемі11,51 Mb.
#22575
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   141

452

географиялық (нағыз) жəне  магниттік меридианның   арасында  түзілетін 

магнит  тілінің    ауытқу  бұрышы. Ол δ  əріпімен белгіленеді. Магнит тілінің 

солтүстік шеті нағыз меридианнан батысқа  немесе шығысқа ауытқуы 

мүмкін. Магнит тілінің  батыстық  бұрылуы   теріс  (-)  шығыстық  бұрышы  

оң  (+) деп  есептелінеді.



Математикалық-картографиялық   үлгілеу – картадан   алынған 

деректер бойынша үрдістер мен құбылыстардың алуан түрлі кеңістік 

пен уақыттың ақпараттарын терең əрі жан-жақты зерттеу мақсатында 

 

математикалық əдіспен құрылған  үлгілері. Математикалық үлгіні одан ары 



картографиялыққа айналдыру зерттеудің аралық жəне соңғы нəтижелерін 

көрнекі  əрі кезең-кезеңімен көруге, оның дəлдігі мен дұрыс географиялық 

түрленуін анықтауға мүмкіндік береді.  

Мемлекеттік нивелирлік тор – барлық геодезиялық жұмыстар мен 

топографиялық түсірулерге негіз болатын ғылыми-тəжірибелік мақсатта 

құрылатын бүкіл ел аумағында біртұтас биіктік жүйесін түзетін геодезиялық 

тор. 


Мензульдық  түсіру –  жергілікті  жердің  сұлбасын (планын)  дəл  

құруға мүмкіндік беретін жергілікті жердегі географиялық нысандар мен 

жер бедері бірдей дала жағдайында түсірілетін бұрыш сызатын (кесте) 

түсіру жұмыстары. 



Меридиандарды жақындату бұрышы – географиялық меридиан-

дардың солтүстік бағыты мен координаттық тордың тік шақырымдық 

сызығының арасында түзілген бұрыш.  Меридиандарды

  жақындату 

бұрышы 


γ

 əріпімен белгіленеді. Оның көрсеткіші 3º аспайды.



Меридиан – солтүстік жəне оңтүстік полюсті бір-бірімен қосатын РМ 

Р

1



М

1

Р шартты сызығы.



Микрофиштегі карталар  –  картаның немесе атластың фото немесе 

кинопленкадағы кішірейтілген көшірмесі. Микрофильмдеу кең көлемді 

картографиялық ақпаратты сақтауға, жылдам тауып көрсетуге, карто-

графиялық өнімдердің (əсіресе ескі карталардың) түпнұсқаларын сақтау-

ға, картографиялық өндіріс пен кітапханалардағы картақоймалардың 

 

 



ауқы 

мын кішірейтіп, оған жұмсалатын шығынды азайтуға мүмкіндік 

береді.

Микрометр  –  оптикалық теодолиттердегі дөңгелек лимбалы 

көлденең шеңбер мен алидадалық шеңбердің көмегімен  қажетті бағыттың 

бұрышының азимутының өлшемдерін алу қызыметін атқаратын құрылғы.

Нақты бағдарлау – топографиялық картаның жəне тұсбағдардың 

көмегімен өзің тұрған орны мен жүретін бағытты анықтау. Оған карта 

қолданылады.

 

Нормаль  –  белгілі бір беттке (элипсоидқа)  перпендикуляр 

жүргізілген сызық. Нормаль арқылы өтерін барлық жазықтық қалыпты 

жазықтық деп аталады. Ал элипсоид арқылы өтетін сол қыйма қалыпты 

қыйма деп аталады. Қалыпты болмайтын барлық қыймалар қалыпты емес 

қыймалар  деп аталады.




453

Номограммалар  –  картографиялық бұрмалануды анықтау үшін 

тораптық нүктелері алдын-ала есептеп алынған кесте. Бұрмалану 

көрсеткіштері дүниежүзінің  карталарында  жоғары  болады.  

Нөлдік бұрмалану – картаның бетіндегі  картографиялық  бұрмалану 

болмайтын нүктелер. Кезкелген проекцияда бұрмаланудың жекелеген 

түрлері немесе барлығы болмайтын нүктелер мен сызықтар (сызықтар 

жүйесі) болады. Оларды нөлдік бұрмалану нүктесі немесе сызығы деп 

атайды. Бұрмалану нөлдік бұрмалану нүктесінен (сызығынан) алыстаған 

сайын артады. 



Нивелирлеу – жергілікті жердің топографиялық бетінің биіктік сипа-

тын анықтау мақсатындағы кешенді түсіру жұмыстары.



Нивелирлеу бекеті – бір-бірімен байланысатын екі нүктеге де ортақ 

нивелир орналасқан нүкте.



Ортодромия – Жер элипсоидының үлкен шеңбері арқылы жүргізілген 

екі нүктені қосатын сызық.        



Параллель –  экваторға бағыттас,  меридиандарға перпендикуляр жүр-

гі зілген шартты шеңбер.



Перпендикулярлар тəсілдері  –   кескіндері иректелген бұлақтар 

мен орман шоқтары, ірі нысандардың  қоршаулары сияқты нысандарды 

түсіру барысында қолданылатын тəсіл. Бұл нысандардың барлығының 

кескін дері күрделі болуымен ерекшеленетіндіктен олардың нақты пішінін 

жүріп өтетін жол мен нысанға дейінгі арақашықтықты перпендикуляр түзу 

өлшеулер арқылы ғана анықтайды.  



Перспективті аэрофототүсірілімдер – бейнелердің перспективтілігі 

айқын байқалатын аэрофотосуреттер. Олар біршама көрнекі жеңіл 

оқылғанымен масштабы бірдей болмағандықтан өлшеу жұмыстарын 

жүргізу қазіргі кезеңде жоспарлы күрделі жəне перспективті аэрофототүсіру 

жұмыстары қатар жүргізіледі.

Пикетті нүкте – нивелирлеу барысында  қима биіктік h анықтайтын 

артқы А нүктесіндегі тақтайша.



Пішіннің бұрмалануы – картада кескінделген телімнің немесе аумақ-

ты алып жатқан нысанның пішіндерінің Жердің деңгейлік бетіндегі піші-

нінен айырмашылығының болуы. 

Полярлық координат – координаттың бастауы болып табылатын О 

нүктесінде тұрып қажетті нүктенің орнын анықтау. Полярлық координат 

қара пайым геодезиялық құралдарды қолданып жүргізілетін көз мөлшері 

теқсеру жұмыстарында кеңінен қолданылады.



Полярлық планиметр – картадағы  нысандардың ауданын өлшеу 

қызымеін атқаратын құрал.



Полярлық тəсіл – түсірілетін аумақ жақсы көрінетін орында 

орналас қан бір нүктеден қажетті нысанға дейін нысаналап, екеуінің 

арақашықтықтарын өлшеуге негізделетін түсіру тəсілі. 

Полюс – Жер элипсоидының кіші айналу білігі РР

1

 жер бетімен түйіліс-



кен нүктесі. 


жүктеу 11,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау