155
орындарында бөлу жəне басқару мекеменің нақты бөлімдері мен
қызметтерінде жүзеге асырылады.
Білім алушылар жеке жұмыс жопарына сəйкес, өндірістік прак-
тикадан өту бағдарламасы бойынша жұмыстардың зерттелуі жəне
орындалуы бойынша есеп береді. Онда білім алушы нақ сол кездегі
зерделенген мамандандырылу пəндері бойынша өзінің білімін, со-
нымен бірге, ғылыми-зерттеу жүргізу, алынған нəтижелерін талдау
жəне жинақтап қорыту іскерліктерін көрсетуі тиіс.
Еспке білім алушы өндірістік практика күнделігін, өндірістік
жəне қоғамдық-өндірістік іс-əрекетіне байланысты өзіне берілген
мінездемені қоса тіркейді. Өндірістік практика соңында білімгер
дайындаған есебін қорғайды.
Негізгі ұғымдар сөздігі:
Оқу жəне практикалық іс-əрекеттердің ықпалдастығы -
теорияны меңгеру жəне оны практикада қолдану, олардың жеке
тұлғаның шығармашылық əлеуетін байытудағы бірыңғай үдеріске
ұштастырылу үдерістерінің белсенді түрде өзара əрекеттесуін ша-
малайтын біріктіру амалы.
Кəсіпке баулудың политехникалық принципі - заманауи
өндірістің ғылыми негіздері туралы білімдер жүйесін меңгертуді,
кəсіптік білім беру үдерісінің заңдылықтарын түсіндіруді көздейтін
оқыту принципі.
Кəсіптік оқыту үдерісінде кəсіби іс-əрекетті моделдеу
принципі - оқыту үдерісінде типтік тапсырмаларды оқу-өндірістік
тапсырмалармен ұштастыруды, оқыту үдерісін ұйымдастыру фор-
малары мен оқыту əдістерін таңдауды қамтамасыз ететін оқыту
принципі.
Кəсіби ұтқырлық принципі - маманның техникалық
құралдарды, технологиялық үдерістерді жəне жаңа мамандықтарды
жылдам меңгеруге қабілеттілігін, өзінің білімі мен біліктілігін үнемі
жетілдіріп отыру қажеттігін тəрбиелеуді көздейтін оқыту принципі.
Кəсіптік оқытудың модульдігі принципі - оқыту практикасын-
да оқу материалдарын бір-біріне тəуелсіз бөлімдерге топтастыруға,
өз кезегінде оқу материалының бірыңғай мазмұнына нұқсан
келтірмейтін өзгерістер енгізуге, толықтыруға мүмкіндік беретін
оқыту принципі..
Кəсіптік оқытудың ғылымилық принципі - кəсіптік білім
мақсатына, мазмұнына, оқыту əдістеріне дидактикалық, кəсіби-
156
технологиялық, психо-педагогикалық тұрғыдан негіздеме беруге
көмектесетін оқыту принципі.
Кəсіптік оқытудың жүйелілік принципі - кəсіптік білімдерді
меңгертуді белгілі бір ретпен, жүйелі түрде жүзеге асыруға
бағытталған оқыту принципі.
Педагогикалық үдерісті компьютерлендіру принципі –
компьютерлік ақрататтық құралдары арқылы білім алушылардың
оқу-ақпараттық көкжиегін кеңейтуді, оқу мотивациясын күшейтуді,
оларды оқу үдерісіне белсенділікпен жұмылдыруды көздейтін оқыту
принципі.
Компьютерлік сауаттылық - түрлі ақпаратты сақтау, өңдемелеу
жəне пайдалану мақсатындағы электронды-үдерісорлық техниканы
қолдану қабілеті.
Кəсіптік білімді ізгілендіру бағыттылығы - білім алушылардың
кəсіби қабілеттерінің дамуына, қоғам өміріне толыққанды араласу-
ына, өзін-өзі айқындауына, өзін-өзі көрсете алуына жағдай жасауға,
оған тұлға ретінде сыйластықпен қарауға, талап-тілегі мен мүддесін
есепке алуға көмектесетін бағыттылық.
Нұсқау беру - шебердің білім алушыларға өндірістік оқыту
үдерісіндегі үйрету іс-əрекеті.
Зертханалық-практикалық жұмыстар – теориялық жəне
практикалық оқытудың арасындағы аралық орын алатын жəне те-
ория мен практиканың байланыстарының маңызды құралы болып
табылатын кəсіптік оқытуды ұйымдастыру формасы.
Кəсіптік оқыту əдістері - білім алушылардың білімдерді, дағды
мен іскерліктерді берік меңгеруіне қол жеткізілетін, дүниетанымы
қалыптасатын жəне өз бетімен білім алуға, оны шығармашылықпен
қолдану қабілеттері дамитын оқытушы (өндірістік оқыту шебері)
мен білім алушылардың өзара байланысқан іс-əрекетінің тəртіпке
келтірілген амалы.
Модульдік оқыту – əрқайсысы өзінің жеке ерекшелігі мен
мұқтаждықтарына қарай білім мазмұнын жəне оны меңгеру ретін
өз қалауымен таңдап ала алатын мамандар даярлау мазмұнының
құрылымы.
Өндірістік оқыту жүйесі – өндірістік оқыту мазмұнын
бөлшектеу ретін, оның бөліктерін топтастыратын, білім
алушылардың оны меңгеруінің бірізділігін анықтайтын бастапқы
қағидаларының, принциптерінің, тұрғыларының жиынтығы.
157
Тест – орындалуы оқу материалын меңгеру деңгейін сипаттай-
тын стандартталған формадағы тапсырмалар.
Тренажер – оқу процесінде өндірістік жағдайларды
имитациялауға мүмкіндік беретін техникалық оқу құралы.
Жаттығулар - саналы түрде жетілу мақсатында белгілі бір
əрекеттерді көп рет қайталайтын кəсіптік оқыту əдісі.
Өздік жұмыстар үшін сұрақтар мен тапсырмалар:
* Кəсіптік білім принциптерінің өзара байланыстарын қалай
түсінесіздер?
* Кəсіптік білім принциптерінің жалпы дидактикалық принцип-
терден айырмашылығы неде?
* Кəсіптік білім принциптерінің бағыттылығын ұстанудың
педагогикалық шарттары қандай?
* Кəсіптік
білім
принциптерінің
кəсіби-педагогикалық
бағыттылығын қамтамасыз ету жолдары қандай?
* Кəсіптік оқытудың, тəрбиелеудің, дамытудың бірлігі
принципін ұстаудың мəні неде?
* Кəсіптік білім беру сабағына қатысып, ғылымилық,
еліктіргіштік, бірізділік, жүйелілік, көрнекілік, кəсіптік оқыту мен
өмірдің байланысы принциптерінің қалай жүзеге асырылатындығына
талдау жасаңыз.
* Педагогикалық
құбылыстардың
қарама-қайшылықты
диалектикалық табиғатын ашып көрсетіңіздер.
* Педагогикалық үдерістің заңдылықтары, принциптері жəне
қағидалары бір-бірімен қалай байланысқан?
* Педагогикада оқу принциптерін жіктемелеудегі түрлі
тұрғылармен
танысыңыз
(Ю.К.Бабанский,
М.Н.Скаткин).
Ғылымилық, жүйелілік жəне бірізділік принциптерінің негізін
қандай заңдылықтар құрайды?
* Белгілі бір пəннің тақырыбы бойынша оқыту принциптерін
оңтайлы түрде үйлестіруге мысал келтіріңіз.
* Саналылық жəне белсенділік принциптерінің мəні неде?
* Педагогика теориясының бағыты жəне заманауи педагогикалық
практиканың міндеттерінің шешімін табуға мүмкіндік беретін
моделдерді жасауға, шешімді іздестіру амалдарына негіздеме беру-
ге бағытталған зерттеушілердің іс-əрекеті; педагогикалық үдерістегі
түрлі проблемалардың шешімін табуға бағытталған іс-əрекеттің
құрылымдық жəне үдерісуалдық сипаттамасы.
Достарыңызбен бөлісу: |