247
5. Экономикада Х жəне У тауарлары өндіріледі.
Тұтынушылар өз
табыстарының жартысын Х тауарын сатып алуға, ал қалған жартысын
У тауарын сатып алуға жұмсайды.
Бір жылдың ішінде Х тауарының бағасы 5%-ға, ал У тауарының
бағасы 15%-ға өсті. Тұтыну тауарлары бағаларының индексін есептеңіз
(өткен жылғы бағалар индексі 100-ге тең).
6. Дұрыс/дұрыс емес:
- Əлеуетті жəне нақты ЖҰӨ көлемдері тең болған жағдайда,
жиынтық шығындардың
өсуі инфляцияға алып келеді, бұл жерде
өндірістің əрі қарай мүмкін болмайды.
- Егер бағалар мен жалақы абсолютті түрде қатаң болмаса, онда эко-
номикада рецессияның орын алмауы мүмкін.
- Инфляция – бұл өндірістің жалпы өсуі.
- Күтілетін жəне күтілмейтін инфляция табыстардың қайта бөлінуіне
бірдей əсер етеді.
- Жыл сайынғы бағалардың 5%-дық төмендеуі кезінде тұрақты та-
быс алатын жанұялардың нақты табысы жылына 5%-ға өседі.
- Жыл сайынғы бағалардың 10%-дық
өсуі кезінде, олардың деңгейі
əрбір он жылда екі еселеніп отырады.
- Жер, өнер туындылары, акциялар, облигациялар, тұрғын үйлер -
инфляция уақытында қаржы активтерінің құнсыздану қаупін төмендету
қажеттілігіне мүмкіндік беретін инвестициялаудың дəстүрлі объектілері.
- Инфляция барлық тұрғындардың нақты
табыстарының төмендеуіне
алып келеді.
7. Кестеде жылдар бойынша бағалар индексі берілген:
Жыл
Бағалар индексі
Инфляция деңгейі
(пайызбен)
1
100,00
2
112,00
3
123,00
4
129,00
а) Əрбір жылға инфляция деңгейін (қарқынын) есептеңіз.
ə) «70 шамасы ережесін» қолдана отырып, бағалар деңгейінің екі
еселенуіне қажетті жылдар санын анықтаңыз (ол үшін
а
пунктіндегі
əрбір жылға есептелген инфляция деңгейін қолданыңыз).
б) Егер екінші жылы номиналды табыс бірінші жылмен салыс-
тырғанда 15
пайызға өссе, жəне үшінші жылы екінші жылмен са-
248
лыстырғанда 7 пайызға өссе, онда нақты табыстың пайыздық өзгерісін
анықтаңыз.
в) Егер номиналды табыс екінші жəне үшінші жылдары 25 мың
теңгеге тең болса, онда осы жылдары нақты табыстың абсолютті мөл-
шері қаншаға тең болады?
г) Егер несиеге деген пайыздың деңгейі екінші жылы 14%-ға тең
болса жəне үшінші жылы 18%-ға тең болса, онда сол жылдары оның
нақты деңгейі қаншаға тең болады?
8. Мына анықтамалардың терминдері қалай аталады?
- Бағалардың жалпы деңгейінің төмендеуі.
- Ақшадан «қашу» құбылысын туындататын бағалардың өте жыл-
дам қарқынмен өсуі.
- Өндіріс шығындарының өсуімен байланысты бағалардың өсуі.
- Инфляция бойынша түзетілген ақшалай нысандағы пайыз мөл-
шерлемесі.
- Бағалардың жалпы деңгейінің өсуі.
- Номиналды табыс сомасында сатып алынатын тауарлар мен
қызметтердің саны.
- Бағалар деңгейінің екі еселеуі кезеңінің ұзақтылығын есептейтін
принцип.
- Бағалардың өсуінің нақты табысқа жағымсыз əсер
етуін табыс
алушылардың немесе мемлекет тарапынан алдын ала қабылданатын
шаралардың жоқтығынан жоя алмау мүмкіндігі.
- Нақты ЖҰӨ-нің өзгеріссіз көлемі кезіндегі артық сұраныстың
пайда болуынан туындайтын бағалардың өсуі.
- Өндірістің құлдырауымен жəне жұмысыздықтың жоғарғы дең-
гейімен қатар орын алатын инфляция.
Достарыңызбен бөлісу: