231
3. Педагогикалық кеңестің қызмет тəртібі
8. Педагогикалық кеңес:
1) білім беру ұйымдарында нормативтік
құқықтық актілерді орын-
дау жөніндегі іс-шараларды;
2) оқу-тəрбие жəне əдістемелік жұмыстар жағдайын, оқытудың
барлық нысандары бойынша оқыту əдістерін жетілдіру мəселелерін,
оқытудың жаңа технологияларын ендіруді;
3) оқу-тəрбие жұмыстарын жоспарлау мəселелерін;
4) қорытынды аттестаттауды өткізу, оқушыларды емтиханға
жіберу, ұсынылған құжаттар негізінде оқушыларды емтиханнан бо-
сату, оқушыларды келесі сыныпқа ауыстыру немесе оларды қайталау
курсына қалдыру, оқушыларды грамоталармен,
мақтау қағазымен ма-
рапаттау, негізгі орта білімді үздік бітіргендігі туралы куəліктер, негізгі
орта білімді бітіргендігі туралы үздік аттестат, жалпы орта білімі тура-
лы аттестат, белгіленген үлгідегі анықтама беру туралы мəселелерін;
5) педагогтардың оқу жүктемесін бөлу, тарификацияны бекіту,
аттестаттауға дайындау, марапаттау жəне мадақтау мəселелерін
қарайды.
9. Педагогикалық кеңестің жұмысы оқу жылына əзірленетін
педагогикалық кеңес отырысында қаралатын жəне білім беру
ұйымының басшысы бекітетін жұмыс жоспары бойынша жүргізіледі.
10. Педагогикалық кеңес жылына 5 реттен кем емес жиналады.
11. Педагогикалық кеңес отырысында талқыланатын мəселелер бо-
йынша орындау мерзімі жəне орындауға жауапты тұлға көрсетілген
қаулы шығарады. Кеңестің кезекті отырысында төраға өткен педа-
гогикалық кеңес шешімінің орындалу нəтижесі туралы баяндайды.
12. Педагогикалық кеңестің шешімі
қарапайым жай дауыс берумен
қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім
қабылданған болып есептеледі.
13. Педагогикалық кеңестің отырысы хаттамамен ресімделіп, оған
педагогикалық кеңеске шығарылатын мəселелердің талқылану бары-
сы, педагогикалық кеңес мүшелерінің ұсыныстары жəне ескертулері
жазылады. Хаттамаға кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды.
14. Педагогикалық кеңестің хаттама кітапшасының əрбір беті
нөмірленген, жіппен тігілген, білім беру ұйымының мөрімен жəне
директордың қолымен бекітілген болуы керек.
15. Ұйымның педагогикалық кеңесінің хаттама кітапшасы білім
беру ұйымының істерінде 10 жыл сақталады жəне акті бойынша
мұрағатқа өткізіледі.
232
Г ҚОСЫМШАСЫ
Г кестесі – 1 МҰҒАЛІМДЕРДІ УƏЖДЕУ ЖƏНЕ ЫНТАЛАНДЫ-
РУ ЖҮЙЕСІ
Өскемен қаласының «№ 32 орта мектебі» ММ
Педагог
қызметінің түрі
Параметрлердің
сипаттамасы
Сый беру түрлері
Сыйға кім
ұсынады
Оқу-тəрбие
жұмысы
1.
Оқушылардың
олимпиадалар-
дағы,
конкурстардағы,
байқаулардағы
жəне т.б. жүлделі
орындары
1. Демалыс
уақытындағы
шығармашылық дема-
лыс.
2. Өзін-өзі бақылауға
ауыстыру.
3. Бұйрықпен алғыс
жариялау
ƏБ, педкеңес
Инновациялық
(тəжірибелік-
экспериментал
дық) қызмет
1. Шығармашы-
лық есеп беру-
лерге, ҒТК, сөз
сөйлеулерге, өзіндік
тұсаукесерлеріне
қатысу.
2. МƏБ-не
жетекшілік ету.
3. Мектептің
шығармашылық
тобына басшылық
ету.
4. Қала, облыс
аясындағы ашық
сабақтар
1.
Демалысқа қосымша
күндер.
2. Демалыс
уақытындағы
шығармашылық дема-
лыс.
3. Əртүрлі
проблемалық кон-
ференциялар мен
семинарларға жолдау.
4. Жоғары сыныптар-
мен жұмыс істеу.
5. Демалыстар
6. Дербестігін артты-
ру (өкілеттіліктерін
кеңейту)
7. Жиналыста, өкілетті
кеңесте, əдістемелік
кеңесте көпшілік ал-
дында мақтау
8. Бұйрықпен алғыс
жариялау
9. Шешілетін
міндеттерін
немесе
жүктемесінің қиындық
дəрежесін арттыру
ƏБ,
əдістемелік
кеңес,
шығармашы-
лық топтар
Кəсіби өзін-өзі
дамыту
Қала, облыс
аясындағыАҚПТ
қорытындылау
жəне тарату.
Пəн бойынша
дидактикалық
материалдарды
дайындау.
ƏБ, педкеңес
234
Е ҚОСЫМШАСЫ
Педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғалардың
лауазымдарының біліктілік сипаттамасы
2009 жылғы «13» шілде
(үзінділер)
Білім беру ұйымының директоры
(бастауыш, негізгі орта жəне жалпы орта)
Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның
жарғысына жəне басқа да нормативтік құқықтық актілерге сəйкес
басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын
педагогикалық жəне əдістемелік кеңеспен бірлесе отырып, іске асы-
руды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс
жоспарларын бекітеді. Бекітілген
учаскедегі балаларды жалпыға
міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сəйкес жалпыға міндетті
оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тəрбие процесінің ғылыми-
əдістемелік жəне материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады
жəне жетілдіреді. Оқу-тəрбие процесін əдістемелік қамтамасыз
етуді ұйымдастырады жəне жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық
технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық
ұйымдар, əдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне
ықпал етеді. Білім беру құқығы лицензиясына сəйкес оқушылар,
тəрбиеленушілер контингентін қалыптастырады,
оқушылар мен
тəрбиеленушілерді əлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім жəне
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан
тəрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік,
баспаналық, еңбек жəне басқа да) қорғайды, олардың туысқандық
байланысын қолдай отырып, оларға жағдай жасайды.
Тəрбиеленушілер мен білім алушыларды асырап бағу үшін
белгіленген мөлшерден кем емес жағдаймен қамтамасыз етеді. Оқу-
тəрбие процесі кезінде білім алушылардың (тəрбиеленушілердің) жəне
білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын
сақтауға қажетті жағдай жасайды. Оқушыларды қорғау жəне олардың
денсаулығын нығайту мақсатында тамақтану жəне медициналық
қызмет көрсету жұмысын ұйымдастырады жəне оған бақылау
жүргізеді. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі
мен құралдарына басшылық етеді,
жыл сайын құрылтайшылардың
қаржылық жəне материалдық қаражаттың түсуі жəне жұмсалуы тура-
лы есебін береді.