Оқулық / К. Б. Байболов, Т. Қ. Құлажанов, Н. Б. Батырбаева


ВТИ-8  және  ВТИ-15  маркалы  тұрақты  орнатылған  астық



жүктеу 4,28 Mb.
Pdf просмотр
бет53/109
Дата17.01.2022
өлшемі4,28 Mb.
#33177
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   109
ВТИ-8  және  ВТИ-15  маркалы  тұрақты  орнатылған  астық 
кептіргіштері.
 
ВТИ-8  және  ВТИ-15  кептіргіштер  темір  бетонды  шахтадан 
жасалған,  қуаты  кезегімен  8  және  15  т/сағ,  ылғалы  20  %  астықтың  ылғалын  
14 %  - ке түсіреді.  
ВТИ-8 кептіргішінің техникалық сипаттамасы: биіктігі 12 м бір шахталы, 
ішкі  өлшемдері  ұзындығы  бойынша  3,25  м  және  ені  1  м;    монолитті  темір 
бетонды  панелдің  қалыңдығы  70  мм  (сурет  34).  Шахтаның  жоғары  бөлімі 
(биіктігі 8 м) кептіру камерасы; онда көлденең 26 қатар коробалар орналасқан; 
шахтаның  төменгі  бөлігінде  коробалар  12  қатар  орналасқан,  биіктігі  4  м 
аралықты  кепкен  астықты  суыту  үшін  қолданады.  Шахтаның  жанында, 
ұзындығы  бойынша,  жалпы  қабырғасы  ортақ,  биіктігі  12  м,  темір  бетонды 
плитамен жабылған, бөлгіш камера орналасқан, ол  кептіру агентін және сыртқы 
ауаны  жеке  беруге  арналған.  Шахтадағы  барлық  коробалар  шахматты  түрде 
орналасқан.  Кептіру  агентін  беретін  және  кептіргеннен  кейін  оны  сыртқа 
жіберетін коробалар горизонталь бойы біруден кейін орналасқан, биіктік қадамы 
250 мм, коробалардың өстері, горизонталь бойы, 230 мм. Бір қатардағы беретін 
коробалар  саны  13,  ал  сыртқа  беретін  коробалар,  бір  қатарда  14,  жартылай 
коробалар болмайды. Коробаларды орнату үшін, бетондау кезінде, қабырғаларда 
бес қырлы саңылауларды (ұяшықтар) қалдырады. 
Шахтаның  жоғарғы  бөлігінде  коробалар  болмайды,  ол  бөлім,  жылы  ауа 
сыртқа ұшпауы мақсатымен, ылғал астықпен толы болуы қажет. Ескертпе: егер 
жоғарғы  бөлімде  астық  массасының  қалыңдығы  500  мм  болса,  онда  кептіру 
агенті  сыртқа  кетеді,  процестің  тиімділігі  және  қондырғының  қуаты  күрт 
төмендейді.  
Шахтаның қабырғасына арнайы қалдырылған пазаларға екі болатты немесе 
шойыннан  жасалған  ВТИ  типті  ашып-жапқыштар  (затвор)    орнатылған,  оның 
біреуі  шахтаның  табанында,  ол  кепкен  астықты  шахтадан  белгілі  уақыттарда 
шығаруға арналған, яғни автоматты қондырғы. Қазіргі кезде автоматты электр 
қозғалтқышты  редуктор  КЭП-12У  приборымен  ауыстырылған,  яғни  процесс 
автоматтандырылған.  Екінші  затвор  (аралық)  кептіру  камерасы  астындағы 
жапқыш плита үстіне орнатылған, оның маховигін қолмен ашып-жабуға болады. 
Оның негізгі мақсаты: алғашқы кептіруде ылғалды астықты кептіруден суытқыш 
камераға бермеу, олай болмаған жағдайда, ылғалды астық кептіргіштен сыртқа 
беріледі. Кептіру камерасындағы кептіруден кейінгі астық үлесі, аралық затвор 
ашылуы  әсерінен,  суыту  камерасына  еркін  түседі,  келесі  операцияларда  осы 
затвор үнемі ашық жағдайда болады.  
ВТИ  типті  астық  кептіргіштер  өткен  ғасырдың  30-50  ж.ж.  элеваторлар 
жанына  орналастырылған  және  кеңінен  таралған  кептіргіштер  еді.  Оларды 
қазіргі кезге дейін қолдануда, кейбіреуі қайта құрудан кейін  өндірісте кеңінен 
пайдалануда. 
Шахтаның  ұзындық  бойы  бағытын  өзгертетін  камера  жағынан,  затвор 
үстінде,  екі  қарайтын  люктер  орналасқан.  Астықты  толтыру  кезінде  олардың 


70 
 
қақпағы мықты жабылуы керек. Беретін және бұратын камералардың алдыңғы 
қабырғасында темір есіктер салынған. 
Кептіруді  орындау    үшін  №  8  орта  қысымды  желдеткіш,  бөлгіш  камера 
арқылы, кептіру агентін коробаларға таратады, ал № 6 орта қысымды желдеткіш 
сыртқы салқын ауаны бөлгіш камераның төменгі бөлігіне айдайды. 
Әрекет  еткен  кептіру  агенті  және  салқын  ауа  желдеткіштің  көмегімен, 
қысымды  беретін  коробалар  арқылы,  астық  қабатын  тесіп,  сыртқа  беретін 
камераға  жиналады,  одан  ғимараттың  сыртқы  қабырғасындағы  жалюздермен 
сыртқа беріледі. Атмосфералық жауын-шашыннан қорғау үшін, жалюздер үсті 
қорғаныс күнқағар немесе болат қаңылтырмен жабады.  
Кептіргіштің  ошағы  көмір,  ағаш  және  торф  отындарын  жағуға  арналған, 
кейін  сұық  материалға  ауыстырылды.  Отын  колосник  торларда  жанады. 
Ошақтың  табалдырығында,  қосымша  ауа  беруге  арналған,  каналдары  болады, 
аптаптанған ортада ауа қызады. Ошақтан шыққан күлді және жалынды шахтаға 
түсірмеу  үшін,  ошақтың  артқы  табалдырығында,  тұнбалау  камерасы 
қарастырылған.  Ошақтағы  канал  2  оттықты  түтін  мұнарасының  цокольмен 
қосылған  (сурет  35).  Сыртқы  салқын  ауа  канал  2  астына  орналасқан  канал  3 
арқылы  беріледі.  Екі  каналдың  ортақ  шибері  бар,  оны  жапқанда  цокольмен 
байланысқан  канал  жабылады,  бір  мезгілде  сыртқы  ауаны  беретін  канал 
ашылып,  салқын  ауа  араластырғыш  камераға  беріледі,  нәтижесінде  кептіру 
агенті  пайда  болады.  Кептіру  агентін,  ауа  тасымалдағыш  құбыр  желісіне 
орналасқан, № 8 желдеткіш көмегімен  циклон-жалын сөндіргіш арқылы кептіру 
камерасына беріледі.  
Астық кептіргіш ВТИ-15-ің айырмашылығы-биіктігі 12 м екі монолитті темір 
бетонды  шахта,  олардың  арасында  жалпы  бөлгіш  камера  орналасқан,  оның 
ұзындық қабырғалары шахтаның қабырғасын құрайды. Қайта құрылудан кейінгі 
ВТИ-15  кептіргіштің  шахтасы  сурет  36-да  көрсетілген.  ВТИ-15  кептіргішінде 
желдеткіштер қуаты, оттық ауа тасымалдағыш  және циклон, жалын сөндіргіш, 
өлшемдері бір шама жоғары алынған. 
 


71 
 
Сурет.34.Астық кептіргіш ВТИ-8: 
1-шахта; 2-автомат; 3-жоғарғы затвор; 4, 5-тартқыш; 6-затвор; 7-шығаратын 
камера; 8-беретін камера. 


72 
 
 
Сурет 35. ВТИ-8 астық кептіргішінің ошағы:1-тұндырма камерасы; 2-әрекет 
еткен агентке арналған канал; 3-ауаға арналған камера; 4-араластырғыш 
камера; 5-түтін құбыры; 6-шибер; 7-жалюздер. 
 
ВТИ-8  және  ВТИ-15  кептіргіштерінің  кемшіліктері:  бір  сатылы  режимде 
жұмыс істеуі және желдетілетін астық қабатының қалың (250 мм) болуы; әрекет 
еткен  агенттің  және  ауаның  коробалардан  шығардағы  жылдамдығының 
қажеттіліктен (6 м/сек) төмен болуы; шахтаның ішкі қабырғасы бойы орналасқан 
астық агентпен желдетілмеуі; ВТИ типті затвордың құрылымының күрделілігі. 
Осы кемістіктерді ескеріп ВТИ-8 қондырғысы қайта құрудан өтті (сурет 36). 
Кептіргіштің бөлгіш камерасы, биіктігі бойынша, екі зонаға бөлінді. Зона 
аралығына, горизонталь бойымен, болат қаңылтыр қойылды. Бірінші зонада 15 
қатар коробалар қалды, ал екіншіде 11 қатар. Бірінші және екінші зоналардың 
бөлгіш  камераларының  алдыңғы  қабырғасына  өлшемдері  1500  х  590  мм 
саңылаулар  жасалды,  оларға  кептіру  агентін  беретін  желдеткіштің 
диффузорлары  орнатылды  және  1-і  зона  кептіру  камерасы  табанынан  биіктігі 
3700  мм  биіктікке  тумба  жасалып,  оған  осы  желдеткішті  орнатты,  металл 
торлармен қоршалды. Кептіру камерасының еденіне,  2-і зонаға кептіру агентін 


73 
 
беретін,  желдеткіш  орнатылды.  1-і  және  2-і  зоналарға  жылу  тасымалдағыш 
құбырлар циклон - жалын сөндіргіш құбырымен жалғастырылды. 
 
Суытқыш  камерасы  өзгеріссіз,  бірақ  желдеткіштердің  айналу  жылдамдығын 
арттырды. Қайта құрудан кейін ВТИ-8 кептіргішінің қуаты 40-50%-кеартты.  
ВТИ-15  кептіргішін  екі  сатылы  режимге  ауыстыруда    осы  әдісті  қолданып, 
қуатын өсіруге болады.  
Техника  мен  технология  талаптарына  сәйкес  ВТИ-8  кептіргішінің  қуатын 
өсіретін қайта құру жұмыстары  жандануда (сурет 36). 
Тұрақты орнатылған ДСП-24 және ДСП-24-сн астық кептіргіштері. 

жүктеу 4,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   109




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау