75
Сурет 37. ДСП-24 астық кептіргіштің шахтасы. 1,4 төменгі және жоғарғы
затвор; 2- өтетін тесік; 3- автомат затвор; 5- штурвал, 6-7- беретін, жіберетін
коробалар; 8-9- кезегімен 1-ші және 2-ші зонаға кептіргішті беру; 10- бөлгіш
камераға
кіретін есік; 11- салқын ауаны беру.
76
Шахтаның темірбетоннан салынған қабырғасы бойымен астық баяу
жылжиды, қызуы мүмкін, осы процесті болдырмау үшін, жартылай коробаларды
әрекет еткен кептіру агентін сыртқа жіберетін коробалардың қатарына
орналастыру қажет, ал жіберетін коробалар үшін жартылай коробалардың
орналасуының ешқандай теріс әрекетін тигізбейді.
Кепкен астықты шығаруға арналған затворлар, коробалар санына тең, 16
саңылаулар (ВТИ кептіргішіне ұқсас) кептіргіш және суытқыш камералары
астына орнатылған. Төменгі затворлар кепкен және суытылған астықты шығару
автоматты режимде басқарылады.
Бөлгіш камерада екі горизонталь темір бетон жабындылары орнатылған;
біреуі 1-і және 2-і зона аралығында, ал екіншісі - суыту камерасы биіктігіне
бекітілген.
Жоғарғы жабындының мақсаты - температуралары бірдей емес 1-і және 2-і
зоналарға берілетін кептіргіш агенттерін араластырмау, ал төменгі жабынды
суыту камерасына берілетін салқын ауаны кептіру агентіне бермейді.
Бөлгіш камерасына кіру үшін алдыңғы қабырғада, диффузор астына, мықты
жабылатын қақпағы бар люк жасалған.
Әрекет еткен кептіру агенті және сыртқы ауа, коробалардан кейін,
шығаратын камераға жиналады, одан жалюздер арқылы сыртқа беріледі. Бөліп
беретін камераларға кіру үшін сыртқы қабырғасына мықты жабылатын темір
есік орнатылған. Шахтаның 1-і зонасына кептіру агентін орта қысымды № 12, ал
2-іге № 8 желдеткіштер береді. Сыртқы ауа № 10 желдеткішпен айдалады.
Кептіргіштің жел тартқыш торлы оттығының жалпы ауданы 5,88 м
2
, ал от
жанатын кеңістік- 14,4м
2
, бүл өлшемдер артығымен алынған. Оттық ауданға
отынды тиімді бөлу үшін екі отын беретін есік жасалған. Сыртқы ауа канал
арқылы араластырғыш камераға беріледі. Екі оттық камера және циклон үстінен
кірпіштен қаланған горизонталь канал өтеді, әр қайсысына
екі шойын шиберлер
2 және 4 орнатылған, олар екі блок арқылы тросспен байланысқан. Шибердің
біреуін ашқанда, түтін шығаратын трубамен байланысқан, циклонның құбыры
ашылады, газ құбырға жылжиды, ал екінші шибер жабылып, оттық газдың
араластырғыш камераға берілмеуін қамтамасыз етеді. Торлы тартқышқа ауаны
қысымы орта № 3 желдеткіш береді. Осы ошақтың жартысын сұйық отынды
жағуға ауыстырған, ал екіншісі алғашқы қызметін атқарады.
Қатты отынмен жұмыс істейтін ошақ қондырғысы (сурет 38) екі камерадан
тұрады, оның артына кірпіштен құралған циклон - фильтр орналасқан. Екі оттық
камераның араластыру камерасы ортақ және олардан шығатын түтінді бір
құбырмен сыртқа береді.
77
Сурет-38. ДСП-24 кептіргішінің пеші: 1- түтін құбыры; 2,4- шиберлер; 3-
суық
ауаны енгізу; 5- араластыру камерасы.
Оттық кеңістікті кеңейту (қуатын арттыру үшін) және отынның толық
жануын оттықтың бір жартысындағы жану камерасы, циклон - фильтр
аралығындағы кірпішті қабырға 5 және циклон - фильтрдің ішкі құбыры
қамтамасыз етеді.
Торлы оттықты, балқымау үшін алып тастайды.
80
(саңылаудың) болмауы тазалау және жөндеу жұмыстарын жүргізуге қиындық
тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: