93
Шахта аралығындағы қысым камерасының екінші, үшінші және төртінші
қатар орналасқан коробалары горизонталь бөлгіштермен бөлінген.
Ылғалды астық транспортер арқылы шахтаның үстіндегі қораптың артқы
қырынан беріледі. Астық Г формалы екі шөмішті (ковшы) ленталы
транспортермен шахта үстіне жайылады. Лентаның ені 400 мм, шөміштер
лентаның ортасына бекітілген. Лента қабылдау қорабынан тік көтеріліп,
қаптамаға енеді, шахта үстіндегі барабанды айналып, жазықтық бет бойымен
қозғалады. Лента шахтаның бүйір бетіне жылжиды, жазықтықтағы барабанды
айналады, осы сәтте астық лентадан шахтаға төгіледі. Астықтан босаған
шөміштер, лентаның астыңғы тармағымен кері бағытқа қозғалып, астықты
шахта бетіне жаяды. Шахта үстіндегі артық астық шөмішті транспортердің
жазықтық беті шөміштермен ысырылып, құбырға құйылады, одан қабылдау
қорабына түседі. Қабылдау қорабы үстінде орналасқан консольді ролик
лентаның шетін ұстайды, роликтің көмегімен шөмішті транспортердің жазықтық
беті иіліп, шөміштер роликтер арасымен оңай өтеді.
Шахтаның астыңғы бөлігіші астық ағымын 16-ға
бөлетін тік төрт бұрышты
саңылауларды құрайды. Әр шахтаның астына астықты шығаратын механизм
монтаждалған, ол 16-ы науалы рама және оның астына эксцентриктен қайтарма
қозғалыс алатын күймеше орнатылған. Науалы рама төртке бөлінген, олар (бір-
біріне тәуелді емес) қозғалмалы күймеше үстіне белгілі биіктікке бекітіледі,
нәтижесінде күймешеге түсетін астық мөлшерін реттеуге жағдай жасалады.
Кепкен астық шахта ұзындығы бойы орналасқан түсіру қондырғылары, көлденең
транспортер (16) және жылжымалы механизмдер арқылы қоймаға беріледі.
Кептіру агентін қуаты 16 мың м
3
/сағ орта қысымды № 6 желдеткіш кептіру
шахтасының 1-і зонасының бөлгіш камерасына береді. Оның итермелеу
құбырына оттық құбыры қосылған, осы құбыр арқылы толық жанып үлгермеген
алғашқы қызған газ сыртқа айдалады.
Екінші зонаның бөлгіш камерасына кептіру агентін қуаты 11 мың м
з
/сағ
орта қысымды № 5 желдеткіш береді.
Желдеткіштердің соратын саңылаулары алдына сеткалы құбыршалар (ірі
заттарды үстауға арналған) орнатылған және газдың температурасын реттеу
үшін берілетін сыртқы ауаның мөлшерін реттеу рөлін атқаратын ашып - жапқыш
(затвор) монтаждалған. Бөлгіш камера алдындағы желдеткіштердің шиберлері,
кептіргішті іске қосарда, жіберетін коробалардан әрекет еткен агентті сыртқа
берілетін ағыммен негізгі астықтың сыртқа ұшпауын қамтамасыз ететін
жағдайға лайықты реттелуі қажет.
Жұмыс атқарған агентті сыртқа беретін желдеткіштің ауаны айдайтын
жылдамдығы дәнді сыртқа ұшырмайтын деңгейде болуы қажет.
96
Сурет 52. ЗСПЖ кептіргіштің жылу беретін ошағы:
1-сыртқы цилиндр; 2-ішкі цилиндр; 3-табаны;
4-форсункаға
арналған саңылау; 5-майысқан қалақтар.
Қабырға бойы орналасқан майысқан қалақтар цилиндр аралығындағы
шығыршық кеңістігіне түсетін оттық газдың сапалы араласуын қамтамасыз
етеді. Осы кеңістікпен оттық газ қоспасын желдеткіш кептірудің 1- және 2-і
зонасына береді. Ошақтың алдыңғы табанында жасалған саңылауға форсунка
орнатылған. Итермелегіш 50,17 МПа қысыммен сүйық отынды форсункаға
береді. Форсунка үстінде бақылау саңылау қарастырылған. Отынды жағу және
жалынды ұстау үшін, 12 в трансформатордан оттанатын, нихромды спираль
және реле орнатылған. Спиральді оттыққа, жалын алдына орнатады. Спираль
жанып кеткенде және жалын сөнгенде немесе бірінші және екінші кептіру
зонасы желдеткіштерінің біреуі істен шыққанда автоблокировка әрекетінен
барлық электр қозғалтқыштар, оның ішінде итермелегіш пен жоғарғы қысымды
желдеткіш, толық жұмысын тоқтатады. Оларды іске қосу үшін алғаш бірінші
және екінші зонаға агентті беретін желдеткіштерді және нихромды спиральді 12
в кернеумен қоректендіретін трансформаторға қосылуы керек.
Тек, спираль қызғаннан соң 15 - 20 секундтан кейін отынды форсункаға
беруге болады.
Ошақта жанған отыннан алынған газсалқын ауамен араласып, қажетті
температураға жеткізілген кептіру агентін кептіргішке беру үшін барлық
электрқозғалтқыштар іске қосылуы қажет.
Спираль толық қызған мезгілде форсункаға отын беріледі. Керосин
құйылған бак кептіргіштен 15м қашықтықта болуы қажет.
Барлық механизмдерді іске қосатын электр қозғалтқыштардың жалпы қуаты
36,6 квт. Ошақтың қарқынды жұмыс әрекеті және болат материалдың, оттықтың
цилиндр бөлігін жасаған, жалынға төзімділігінің жеткілікті болмауы әсерінен
оттықтың цилиндр бөлігі күйіп кетеді, сондықтан цилиндр жалынға төзімділігі
жоғары материалдан орындалуы керек.