ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҰСЫНҒАН
Б. Б. Жахина, А. Қ. Құрманова, И. С. Қайырбекова
Мемлекеттік тілде
іс-қағаздарын жүргізу курсы
ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Көкшетау
2007
ББК 65. 050. 2я73 Ж-12
Ж-12
Ж-12 Жахина Б.Б., Құрманова А.Қ, Қайырбекова И.С.
Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу курсы. Оқу
құралы. Екінші басылым, өнделген. - Көкшетау: Келешек-
2030, 2007. - 128 бет.
ISBN 9965-9168-7-Х
Пікір жазған: Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты
-
Оқу құралы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының кафедра мәжілісінде, филология факультетінің, университеттің ғылыми-әдістемелік кеңесінде талқыланып, пайдаланылуға ұсынылған.
Оқу құралы «Іс қағаздарын жүргізуші», «Хатшы-референт» мамандарына, болашақ тілшілерге, студенттерге, сондай-ақ қоғамымыздың барлық салаларында: мектептерде, жоғары және кәсіптік білім беру мекемелерінде іс-қағаздарын мемлекеттік тілде іс жүргізушілерге арналған.
ББК 65. 050. 2я73
ISBN 9965-9168-7-Х
Көшіріп басу, тираждауға тыйым салынады және ҚР заңнамасына сәйкес қудаланады. Авторлық құқықтарды бұзу туралы мәліметтерді 8(7162)31-33-49 телефоны бойынша хабарлауды сұраймыз
© «Келешек-2030» ЖШС, 2007
МАЗМ¥НЫ
АЛҒЫ СӨЗ
КЕҢСЕЛІК ІС ҚАҒАЗДАРЫНЫҢ ҮЛГІЛЕРІ
ӨМІРБАЯН
ӨТІНІШ
АРЫЗ
ТАЛАП АРЫЗ
ШАҒЫМ
СЕНІМХАТ
ҚОЛХАТ
ТҮСІНІКТЕМЕ
ІСКЕРЛІК ІС-КАҒАЗДАРЫНЫҢ ҮЛГІЛЕРІ
РЕЗЮМЕ
МІНЕЗДЕМЕ
ВИЗИТ КАРТОЧКАСЫ
ҚЫЗМЕТТІК ХАТТАР
ӨТІНІШ ХАТ
РЕСМИ ХАТ
СҰРАНЫС ХАТ
ЖОЛДАМА ХАТ
ЖАРНАМА
ХАБАРЛАНДЫРУ
ХАБАРЛАМА ХАТ
БАЯНДАУ ХАТ
АҚПАРАТ ХАТ
ЦИРКУЛЯР ХАТ
ЖЕДЕЛ ХАТ
ТЕЛЕФОН ХАТ
КҰТТЫҚТАУ ХАТ
БҰЙРЫҚ
БҰЙРЫҚТАН КӨШІРМЕ
ХАТТАМА
ХАТТАМАДАН КӨШІРМЕ
АНЫҚТАМА
КЕЛІСІМШАРТ
КЕСІМ
БЛАНКТІК ІС-ҚАҒАЗДАРЫНЫҢ ҮЛГІЛЕРІ
ІС ПАРАҒЫ
ЖЕКЕ КАРТОЧКА
ӨТІНІШ
АРЫЗ
ДЕМАЛЫС БИЛЕТІ
ТАЛАП АРЫЗ
СЕНІМХАТ
БҰЙРЫҚ
ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ БҰЙРЫҚТЫҢ САУАЛ-СҰРАҚ
ТҮРІ
ХАТТАМА
АНЫҚТАМА
КЕТУ ҚАҒАЗЫ
АКТ
ЖЕКЕ ЕҢБЕК КЕЛІСІМІ
ЕҢБЕК ШАРТЫ
ТІЗІМДІК
МӘЛІМДЕУ
РЕЕСТР
ІШКІ ТІЗІМДЕМЕ
КАССАЛЫҚ КІРІС ОРДЕР
ІС-САПАР КУӘЛІГІ
ЕСЕП
Сөздік
Пайдаланылған әдебиеттер
АЛҒЫ СӨЗ
Бұл оку құралы «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына» сай Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен (1999 ж. 02. 04. № 154 бұйрық) жоғары және орта арнаулы оку орындарына енгізілген «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» курсын оқытуға арналған.
Оку құралының әр түрлі баспадан жарық көрген осы мазмұндас еңбектерден ерекшелігі - оқу құралы ретінде аудиторияға негізделген, әрі іс қағаздарының үлгілері мақсат-мазмұнына қарай «Кеңселік іс қағаздар үлгілері», «Іскерлік іс қагаздар үлгілері», «Қызметтік хаттар үлгілері» деп бөлініп, әр іс қағазы үлгісінің алдынан кысқаша теориялық түсінік берілген және «Бланкілік іс қағаздары» деген бөлімде екі тілдегі бланкілік кағаздардың үлгілері келтірілген.
Оқу кұралының негізгі мақсаты — ресми құжат үлгілерімен таныстырып, дайын трафаретті құжаттарды сауатты толтыруға үйрету, ресми құжаттарды қазақ тілінде жазуға дағдыландыру.
Сонымен қатар, оқу құралында жаңадан қолданысқа еңген біраз сөздердің қазақша баламасы көрсетілген сөздік берілген.
"КЕҢСЕЛІК ІС ҚАҒАЗДАРЫНЫҢ ҮЛГІЛЕРІ
ӨМІРБАЯН
Өмірбаян - автордың өзі туралы жазатын құжаты. Оның типті формуляры болмағанымен, кейбір бөлімдері мен құрылымы міндетті түрде қалыптасқан үлгі бойынша жазылады:
— құжаттың аты;
— автордың аты-жөні, тегі;
— туған күні, айы, жылы; туған жері;
— ата-анасы туралы мәлімет (А. Ж. Ф., жұмыс орны);
— білімі және білімі бойынша мамандығы;
— атқарған қызмет түрлері;
— сонғы жұмыс орны мен қызметі;
— кошеметтеу белгілері және наградалары;
— коғамдық жұмыстарға қатысуы;
— отбасы жағдайы және құрамы;
— мекенжайы және телефоны;
— жазылған күні, айы, жылы; жеке қолы; аты-жөні, тегі.
ӨМІРБАЯН
Мен, Баймұрат Кәрімұлы Манаров, 1966 жылдың 1-желтокса-нында Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Ақбалык ауылында туылдым.
Әкем Кәрім Манарұлы - соғыс ардагері, шешем Нұржамал
Есентеміркызы - зейнеткер.
1973 жылы Ақбалык ауылындағы орта мектептің бірінші сыныбына окуға бардым. Мектепті 1983 жылы бітірдім.
1983 жылы Көкшетау педагогикалық институтының физика-математика факультетіне оқуға түстім.
1988 жылы аталған институтты бітірдім. Осы жылдан бастап Көкшетау қаласының № 2 орта мектебінде мұғалім болып қызмет етіп келемін.
Үйленгенмін. Жұбайым - Айнаш Қожантайқызы -№17 мектепте
ағылшын тілі мұғалімі.
¥лым Қажымұқан 3 жаста, «Аққу» балабақшасына барады.
Мекенжайым: Көкшетау қаласы, Абылай-хан даңғылы, 9-үй, 22-пәтер, т. 42-28-22.
04.05.2007 ж. қолы Б. К. Манаров
4
ӨМІРБАЯН
Мен, Айдана Нұрьшқызы Балташева, 1980 жылдың 4-қаңтарында Ақмола облысы, Зеренді ауданына қарасты Қызылсая ауылында
тудым.
Әкем Нұрым Балташұлы - еңбек ардагері, шешем Нарқыз Маратқызы – үй шаруасындағы адам.
1987 жылы Қызылсая ауылындағы орта мектептің бірінші сыныбына оқуға бардым. Мектепті 1998 жылы бітірдім.
1998 жылы Қарағанды мемлекеттік университетіне оқуға барып, оған түсе алмадым. Еңбек жолымды Көкшетау қаласындағы М. Ғабдуллин атындағы № 3 қазақ орта мектебінде директордың хатшысы қызметінен бастадым.
1999 жылы Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің тарих, бейнелеу өнері факультетінің тарих және география бөліміне сырттай окуға түстім.
Қазір № 3 казақ орта мектебінің 5-7 сыныптарына тарих және география пәнінен сабақ беремін. Мектеп әкімшілігі тарапынан екі рет алғыс алдым. 2000 жылдың 1-наурызында өткен «Жыл ұстазы» байқауына қатысып, жүлдегер атандым. Жеке бастымын.
Мекенжайым: Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 22-үй, 12-пәтер.
т. 25-24-12.
18.06.2007 ж. қолы А. Н. Балташева
|
5
ӨТІНІШ
Өтініш - мекеме басшысының атына жазылып, белгілі бір тілек өтінішті білдіретін кұжат.
Құрылымы:
- мекеменің толық аты;
- басшының кызметі, атағы, аты-жөні, тегі;
- кұжат аты;
- мәтіні;
- жазылған мерзімі; өтініш иесінің қолы, аты-жөні, тегі.
Ш. Құдайбердиев атындағы
Семей мемлекеттік университетінің
ректоры проф. А. С. Қапаровқа филология факультетінің 2-курс орыс бөлімінің студенті А. М. Осиповадан
ӨТІНІШ
Мені денсаулығыма байланысты филология факультетінің
күндізгі бөлімінен сыртқы бөліміне ауыстыруыңызды өтінемін.
27.06.2007 ж. қолы А. М. Осипова
|
Көкшетау қаласындағы
М. Ғабдуллин атындағы № 3 мектеп-кешенінің директоры
А. Д. Құлышоваға
А. Байтұрсынов көшесіндегі
12-үй, 3-пәтердің тұрғыны
М. Т. Әшімовадан
ӨТІНІШ
Мені № 3 орта мектепке қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі ретінде қызметке қабылдауыңызды өтінемін.
Өтінішке қоса мына кұжаттарды тапсырамын:
1. Жоғары білім туралы диплом;
2. Жеке куәліктің көшірмесі;
3. Еңбек кітапшасы;
4. Өмірбаян;
5. Кадрларды есепке алу бойынша жеке бас іс-қағазы.
6. Медициналық кітапша.
15.08.2007 ж. қолы М. Т. Әшімова
АРЫЗ
Арыз – мекеме басшысының атына белгілі бір ақпаратты жеткізу үшін жазылатын іс-қағазының бір турі.
Құрылымы:
- мекеменің толық аты;
- басшының кызметі, атағы, аты-жөні, тегі;
- құжат аты;
- мәтін мазмұны;
- жазылу мерзімі; колы, арызданушының аты-жөні, тегі; (кейде мекен-
жайы).
-
Көкшетау каласындағы
сүт зауытының директоры
А. Н. Нұрышовка
Көшірмесі: Көкшетау қаласының СЭС
меңгерушісі Ж. Е. Ержанға
АРЫЗ
Сізге арыз беру себебім-зауыттағы санитарлық жағдайдың
нашарлығы. Соның нәтижесінде шығарылып жатқан өнім
сапасы төмен. Оған тұтынушылардың да көңілі толмаған
жағдайлар кездесуде.
Айтылғандарды ескеріп, шара колдануыңызды сұраймын.
24. 05. 2007 ж. қолы М. Н. Мекебаев
|
7
Көкшетау қаласының әкімі
А. Ғ. Хасенов мырзаға
АРЫЗ
Сізге арыз беру себебім - менің пәтерімде 16-қарашадан
бүгінгі кұнге дейін жылу t 12°. Осы мәселеге орай жылу қызметкерлері Ә. М. Асанова, М. С. Луганов (АҚ «Техноконтракт»), ПИК төрайымы
А. П. Мейрамованың қатысуымен жасалған акт көшірмелерін (18.11.2007 ж., 10.12.2007 ж.) коса тапсырамын.
Айтылғандарды ескеріп, нұсқау беруіңізді сұраймын.
11.06.2007 ж. қолы А. С. Назарова
|
ТАЛАП АРЫЗ
Талап арыз — хабарламаның турі. Бұл құжаттарда азаматтардың заңмен қорғалатын кұқықтарының бұзылуы көрсетіледі. Өтінішке қарағанда, арыздың мазмұны мен тақырыбы кең, әр алуан.
Құрылымы:
- мекеменің толық аты;
- басшының қызметі, атағы, аты-жөні, тегі;
- талап арыз иесінің аты-жөні, тегі;
- кұжат аты;
- мәтін мазмұны;
- жазылу мерзімі, арызданушының қолы, аты-жөні, тегі.
Алматы қаласы
Жетісу аудандык,
сотының төрағасы
А. Ғ. Хасенов мырзаға
ТАЛАП АРЫЗ
25.02.2008 жылы «Отау» шағын кәсіпорны және «Балауса» акционерлік коғамы шикізат жеткізілімі туралы келісімшарт жасасқан болатын. Өзара уағдаласкан «Отау» шағын кәсіпорны «Балауса» акционерлік қоғамына әр айдың бесінші куні шикізат жеткізуге міндеттеген.
2008 жылдың қыркүйек, қараша айларында «Отау» шағын кәсіпорны келісімдегі көрсетілген мерзімде шикізат жеткізбегендіктен, «Балауса» АҚ 75000 (жетпіс бес мың) теңге көлемінде зиян шекті.
Осы мәселе бойынша заң жүзінде шара қолдануыңызды сұраймыз.
«Балауса» АҚ президенті қолы Г. Ж. Абылқасов
21.11. 2008 ж.
Ақмола облысының
Астана қалалық сотына
Талапкер: А. Ж. Өтемұрат,
Астана қаласы,
Иманова көшесі, 84/38.
Жауапкер: А. К. Имаев,
Астана қаласы,
Күмісбеков көшесі, 95/46
ЖАЛАҚЫНЫ ӨНДІРІП АЛУ ТУРАЛЫ ТАЛАП АРЫЗ
Мен, А.Ж. Өтемұрат құрылысшы, «Demur Construction» ЖШС-нда 2001 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қызмет істеймін.
Маған 2007 жылдың мамыр айынан бастап, 300000 (үш жүз мың) теңге көлемінде, штат санының қысқаруы себебімен жалақы берілмеген.
Келісім комиссиясы менің жалақымды өндіріп алу туралы өтінішімнен бас тартты.
КР-ның еңбек туралы 10.12.1999 ж. № 493-і Заңының 76-бабына сәйкес өтінемін:
Менің пайдама 300000 (үш жүз мың) теңге өндіріліп берілсін.
1. 2007 жылдың 1 қаңтар талапкердің тарифтік ставкасы және айлық орташа жалақысы туралы анықтама.
2. Талапкердің пікірі бойынша оған тиесілі жалакының, сыйлық ақынын жазбаша есебі.
3. 2007 жылдың 1 қазан № 24 келісім комиссиясы шешімінің көшірмесі.
4. 2007 жылдың 1 қазан № 0134 ұйымының колданылып жүрген сыйлықақы жөніндегі ұйымнын ережесінің көшірмесі.
Талап арыздың көшірмесі.
06.10.2007 ж. қолы А. Ж. Өтемұрат
9
ШАҒЫМ
Шағым - белгілі бір мекеменің немесе мекеме қызметкерінің заңсыз іс-әрекетін көрсету, соған орай шара қолдануды сұрау мақсатында жазылатын іс кағазынын бірі.
Құрылымы;
- мекеменің толық аты;
- басшының қызметі, атағы, аты-жөні, тегі;
- шағым берушінің аты-жөні, тегі;
- құжат аты;
- мәтін мазмұны;
- жазылу мерзімі, шағымданушының қолы, аты-жөні, тегі.
-
Көкшетау қаласы
Әуезов аудандық
сотының төрағасы
А. Қ. Құрмет мырзаға
Б. Мелисовадан
ШАҒЫМ
2008 жылдың 15 кыркүйек айында «Арман» шағын сауда орталығынан ұялы телефондарға арналған карточканы 1300 (мың үш жүз) теңгеге сатып алдым. Карточканы ұялы телефондарға енгізуімде, карточка колданылған болып шықты.
Мен «Арман» сауда орталығына барып сұрауымда, олар ақшамды қайтарудан бас тартты.
Осындай жағдайлардың қазіргі кезде көп өріс алуына
байланысты, заң жүзінде шара колдануыңызды сұраймын.
06.11.2008 ж. қолы Б. Мелисова
|
10
СЕНІМХАТ
Сенімхат – белгілі бір адамның өз өкілеттігі мен құқын екінші бір адамға берілгенін жазбаша растайтын құжат.
Құрылымы:
- кұжат аты;
- жазылған жері мен куні;
- сенімхат беруші мен сенімхат алушының аты-жөні, тегі; мекен-жайы;
жеке куәлігін берген мекеме атауы мен №;
- негізгі мәтіні;
- ұйым мөрі басылған, жазылғандарды растайтын жазба.
СЕНІМХАТ
Алматы қаласы 20.01.2007 ж.
Мен, азамат Жұбанов Қайрат мекенжайым: Алматы каласы, Әуезов көшесі, 16-үй, 25-пәтер, Қазакстан Республикасының ІІМ 1995 жылғы 12 наурызда берген жеке куәлігімнің № 645782131, Алматы каласы, Абай даңғылы 56-үй, 45-пәтерде тұратын азамат Ержанов Асылбектің, Қазақстан Республикасынын ІІМ 1998 жылғы 14 карапіада берген жеке куәлігінің № 925168111, Алматы қаласы, Гагарин даңғылы, 34 мекенжайындағы үйімді сату ісін жүргізуге сенім білдіремін.
Бұл үшін азамат Ержанов Асылбекті менін атымнан мәміле жасауға; анықтамалар мен кұжаттар алуға; менің орныма қол қоюға өкілетті етемін.
Сенімхат 2001 жыддың 20 сәуіріне дейін берілген
2001 жылғы 20 кантар колы Қ. Жұбанов
Осы сенімхатты 2001 жылғы 20 каңтарда мен, Бижанова Назгүл, Алматы қаласындағы лизензия № 001911 «Сенім» нотариалдық кеңсенің нотариусы, куәландырдым. Сенімхатқа менің кқтысуым кезінде азамат Жұбанов Қайрат қол койды.
Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, кұкықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхат мәтіні дауыстап окылды, № 22 тізбеге тіркелді. Мемлекеттік салық алынды: 300(үш жүз) тенге.
Нотариус М. О
|
11
-
СЕНІМХАТ
Көкшетау қаласы 02.05.2007 ж.
Мен, Мерей Сұлтанқызы Шәріпова, Меруерт Досжанқызы Ескендіроваға (Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ағылшын бөлімінін 11-топ басшысы) менің ақпан айындағы шәкіртақымды алуына сенім білдіремін.
қолы М. С. Шәріпова
М. С. Шәріпованың қолын растаймын
Декан орынбасары: қолы А. Н. Самойленко
М.О.
|
ҚОЛХАТ
Қолхат - белгілі бір іс-әрекетті растайтын, адамдардың мекемеден немесе жеке адамнан ақша не құнды заттар алғандығын, не бергендігін растайтын жазба құжат.
Қолхаттың құрылымы:
— кұжаттын аты;
— колхат беретін адамның қызметі, аты-жөні, тегі;
— ақшаның немесе құнды заттардың аты мен күны;
— жазылған мерзімі, колхат берушінің қолы, аты-жөні, тегі.
ҚОЛХАТ
Мен, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік
университетінің қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы Арман Көкенүлы Жүнісов, университеттегі компьютер бюросынан құны
135 000 (жүз отыз бес мың) теңге тұратын «Реntium-ІҮ»
компьютерін екі күнге алдым.
Уақытында қайтаруға міндеттенемін. Егер компьютерге
нұсқан келтірілетін болса, шығынын өтеуге кепілдік беремін.
08.05.2007 ж. колы А. К. Жүнісов
|
12
-
ҚОЛХАТ
Мен, «Әйгерім» әмбебап дүкенінің бөлім меңгерушісі Майра Сейташқызы Есентемірова, азаматша Меруерт Алтайкызы Балабаты-ровадан нақ сондай басқа сервизге айырбастап беру үшін кұны 800
(сегіз жүз) теңге тұратын «Хош иіс» кәдесыйлық кофе сервизін қабылдап алдым.
Уақытында ауыстырып беруге міндеттенемін. Егер нақ осын-
дай «Хош иіс» кәдесыйлық кофе сервизі болмаса, осы қабылдап
алған сервизді нұсқан келтірмей қайтарып беруге кепілдік беремін.
07.06.2007 ж. ҚОЛЫ М. С. Есентемірова
|
ТҮСІНІКТЕМЕ
Түсініктеме — мекеме басшысының атына жазылып, белгілі бір келеңсіз жағдайға байланысты түсінік берілетін кұжат.
Түсініктеменің кұрылымы:
- мекеменің аты;
- мекеме басшысының кызметі, аты-жөні, тегі;
- кұжат аты;
- мәтін тақырыбы;
- мәтіні;
- түсінік берушінің қызметі, қолы, аты-жөні, тегі.
13
Е. Букетов атындағы Қарағанды университеті
оку бөлімінің басшысы
М. Н. Сахароваға
ТҮСІНІКТЕМЕ
11 -топта сабақтын болмауы туралы
Филология факультетінің орыс бөлімі 1-курсында 10.03.2007 ж.
2, 3 пар ағылшын тілі сабағы болмаған себебі, 1-курс студенттері дене мәдениетінен тест тапсыруға деканат тарапынан босатылған.
Өтілмеген ағылшын тілі сабағы — сәрсенбі 1-пар (12.10.00), бейсенбі 2-парда (12.10.00) өткізілетін болып келісілген болатын.
Ағылшын тілі кафедрасының
аға окытушысы қолы М. И. Насырова
-
Ш. Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік
университеті филология факультетінін деканы,
ф.ғ.к., доцент М.С.Сәбитоваға
ТҮСІНІКТЕМЕ
Сабаққа қатыспағандық туралы
Менің 1-наурыздан 10-наурызға дейін сабақта болмау себебім ауруханада емделдім.
Дәрігердің анықтамасын қоса тапсырып отырмын.
11.03.2007 ж. қолы А. С. Назимова
|
14
ІСКЕРЛІК ІС-ҚАҒАЗДАРЫНЫҢ ҮЛГІЛЕРІ
РЕЗЮМЕ__(функциональды_қ_)_Арайлы_м_Қ_ұ_рманқызы_Есентемірова'>РЕЗЮМЕ
Резюме - талапкердің өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі туралы қысқаша жазылған құжат.
Құрылымы:
- кұжат аты;
- талапкер туралы мәлімет (аты-жөні, тегі, туған күні мен жылы,
туган жері);
- мекен-жайы; телефоны;
- мамандығы;
- автордың үміттеніп отырған вакансиясы;
- үміткердін оқыған оқу орны, жұмыс орны, аткарған кызметі;
- қоғамдық, кәсіптік т. б. жұмыстары туралы қосымша мәлімет
(шет тілдері, түрлі курстар, шетел сапарлары т. б.);
- үміттенген вакансияға қатысты жеке бастың кейбір касиеттері,
икемдігі;
- кепілдеме (егер болса);
- мерзімі; қолы, аты-жөні, тегі.
РЕЗЮМЕ
(функциональдық)
Арайлым Құрманқызы Есентемірова
1972 жылы 1 -қантарда Сергеев ауданында тудым.
Мекен-жайым: Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 1-үй, 2-пәтер.
Үй телефоны: 25-28-79
Жұмыс телефоны: 25-51-73
Мамандығым: тілші, әдебиетші.
Бағыт: жоғары оку орнының оқытушысы, мемлекеттік аппарат
қызметкері, аудармашы.
Білім мен қызметі туралы мәлімет: Ш. Ш. Уәлиханов атындағы
Көкшетау педагогикалык институтының студенті - 1989-1994 жж.
Көкшетау университетінің филология факультетінің оқытушысы
1994-2000 жж.
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің казіргі
қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасының ізденушісі -
1998ж.
Негізгі мәліметтер:
Қазақ тілінің грамматикасы, контекст мәселелерімен айналысып, зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Республика, қала, жоғары оқу орын-дары көлемінде өткен конференцияларда баяндама жасадым.
Жоғары оку орнында істеген тәжірибем бар. Қоғамдык жұмыстарға белсене араластым.
Қосымша мәліметтер:
Ана тілім - казақ тілі. Ағылшын және түрік тілін жақсы білемін. Көпшілікпен жұмыс істегенді ұнатамын. Тапсырған іске жауапкершілікпен қараймын. Компьютермен жұмыс істей аламын.
Кепілдеме туралы мәлімет:
Көкшетау университетінің казақ тілі кафедрасының меңгерушісі
берген кепілдеме косымша беріліп отыр.
24.03.09 ж. қолы А. Қ. Есентемірова
|
15
РЕЗЮМЕ
(хронологиялык)
Райхан Қазтайқызы Қазтаева
1970 жылы 22-наурызда Көкшетауда тудым.
Мекен-жайым: Көкшетау каласы, «Жайлау» ықшамауданы
25-үй, 4-пәтер.
Үй телефоны: 26-03-24
Жұмыс телефоны: 25-26-32
Мамандығым: гинеколог-дәрігер.
Бағыт: Жоғары оку орнының окытушысы, мемлекеттік аппарат қызметкері, дәрігер.
Білімі мен қызметі туралы мәлімет.
Көкшетау қалапық ауруханасының меңгерушісі, дәрігер –
2000-1996 жж.
Көкшетау қаласындагы орталық емхананың дәрігері — 1986-1991жж.
Ақмола медициналык институты, студент - 1981-1985 жж.
Көкшетау қаласындағы № 1 орта мектебі, тәрбиеші - 1980 ж.
Негізгі мәліметтер.
Гинекологиялык аурулар және оны емдеу жолдары мәселесімен айналысып, зертгеу жұмыстарын жүргіздім. Ресей, Өзбекстан және Қазақстан Республикасы көлеміндегі ғылыми конференцияларға қатысып, баяндама жасадым.
Қосымша мәліметтер.
Ана тілім - казақ тілі. Ағылшын, неміс, түрік тілдерін жақсы білемін. Көпшілікпен жұмыс істей аламын. Ұйымдастырушылық қабілетім бар
05.05.2007 ж. қолы Р. Қ. Қазтаева
|
16
Достарыңызбен бөлісу: |