Информатика
Бейіндік 10-11-сыныптарда информатиканы оқыту мақсаты қазіргі кездегі ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін және визуалды программалуды меңгеру, оқушыларды ақпараттық мәдениетке қалыптастыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, оқушылар жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды үнемі пайдалануға дағдыландыру, танымдық және зияткерлік қабілеттерін дамыту болып табылады.
Оқыту міндеттері:
қажетті нақты міндеттерді шешу үшін визуалды программалау және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, бастапқы теориялық білім мазмұның қалыптастыру;
визуалды программалау және мәтіндік, сандық, графикалық және дыбыстық ақпараттарды өңдеу бойынша ақпараттық технологиялар құралдарымен жұмыс істеуге дағдыландыру;
оқушыларда ақпараттық және коммуникациялық құзыреттілікті дамыту;
ақпараттық іс-әрекеттің этикалық және құқықтық нормаларын сақтауда жауапты қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Информатиканың бірінші сабағы, есептеуіш техника кабинетінде қауіпсіздік техниканың ережелерін және жұмыс орнын ұйымдастыруына қайталауға арналады. Интернет желісіндегі жұмыстармен байланысты тәжірибелік тапсырмаларды орындау барысында ҚР Заңнамасына сәйкес ақпараттармен бірге этикалық және құқықтық аспектілерге маңызды көңіл бөлінеді.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныптарға арналған информатика курсында есептерді шешу негізінде жүйелік және алгоритмдік ойлауды дамыту жалғасады. Практикумдардағы жұмыс бұл іс-әрекеттің тікелей жалғасы болып табылады.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптардағы информатика курсының ерекшелігі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тереңдете оқыту болып табылады.
Әр тарау соңында жобалық іс-әрекетке сағаттар қарастырылған.
Информатиканы және оның тәжірибелік қосымшаларын терең оқуға қызығушылық танытатын оқушылар үшін таңдау курстарын ұйымдастыруға сағат сандарын көбейту мектептің құзырында.
«Информатика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 10-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат; 11-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
4.3 «Жаратылыстану» білім саласы
География
Жалпы орта білім деңгейіндегі «География» оқу пәнінің мазмұны алдымен, оқушылардың бойында Жер адамзат ғаламшары ретінде екендігі туралы кешенді, жүйелі және әлеуметтік-бағдарлы түсінік қалыптастыратын, дүниетанымдық сипатымен анықталады.
Оқу пәнінің құрылымы мен мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген ерекше дидактикалық құрылым ретінде қарастырылады.
«География» оқу пәнінің мазмұны оқушылардың бойында әлемнің географиялық бейнесі жайлы біртұтас дүниетанымдық және жалпы мәдениетін қалыптастыруда, сонымен қатар жалпы білімнің тәрбиелік және дамытушылық сұрақтарын шешуде, жеке тұлғаның әлеуметтенуі мен функционалдық сауаттылығын арттыруда үлкен рөл атқарады.
География оқу пәні ретінде табиғат заңдарын, қоғамның материалдық өмірін, қазіргі әлем бейнесін тануда биология, химия, физика және басқа да білімдердің өзара тығыз пәнаралық байланысын арттыруға көмектеседі.
10-11-сыныптарда географияны оқыту екі бағытта жүзеге асырылады: қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыттары.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы оқу материалының мазмұны өскелең ұрпақтың географиялық сауаттылығын арттыру, экономикалық-географиялық мәдениетін қалыптастыру үшін қажет білім мен біліктерді қамтиды.
Қоғамдық-гуманитарлық бағытта оқытудың мақсаты оқушылардың жан-жақты экономикалық-географиялық білімді, табиғат, қоғам және экономиканың өзара байланысын түсінуге, функционалдық сауаттылықты тереңдетуге және оқушылардың бейінді-мамандық бағытын анықтауға бағытталған.
Жаратылыстану-математика бағытындағы оқу материалының мазмұны, жалпы мәдениетті қалыптастыру үшін маңызы бар білім мен біліктіліктен басқа, болашақта мамандық алу үшін білімді жалғастыруға қажетті кең көлемді білім мен біліктілікке көп көңіл бөлінеді.
Мақсаты қазіргі әлемді оқу барысында оқушылардың жан-жақты экономикалық-географиялық білім алулары, функционалдық сауаттылықты тереңдету және оқушылардың бейінді-кәсіби бағытын анықтау.
Міндеттері: алдыңғы сыныптарда оқылған жалпы географиялық заңдылықтар туралы білім, ұғымдар мен идеялардың негізінде ғаламшар табиғатының біртұтастығы туралы білім және көзқарасты одан әрі дамыту; дүниежүзі саяси картасы және дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасу кезеңдерін оқып-білу үдерісінде саяси, географиялық білімнің қалыптасуын жалғастыру; табиғат және қоғамның өзара байланысын оның қазіргі даму кезеңі негізінде, қоршаған ортаны қорғау және тиімді пайдаланудың маңызын, Қазақстан және әлем деңгейінде тұрақты даму проблемаларын географиялық тұрғыдан түсіну; әлеуметтік-экономикалық, геоэкологиялық үдерістер мен құбылыстарды сипаттау және талдау үшін ғаламдық, аймақтық және жергілікті жағдайларды үйлесімді пайдалану біліктілігін меңгерту; ғаламшар мемлекеттерінің түрлерін оқып-білу, ұлттық шаруашылықтың даму деңгейі әр түрлі елдердің ерекшеліктерін анықтау; дүние жүзінің халықтарын, дүние жүзінің шаруашылық жүйесін, олардың құрамы, құрылымы және ерекшеліктері, халықаралық байланыстар және халықаралық экономикалық ынтымақтастық туралы оқып-білу барысында оқушылардың білімін одан әрі тереңдету; толеранттылыққа, өзге ұлттарды және олардың мәдениетін сыйлауға тәрбиелеу; оқушылардың бейінді-кәсіптік бағдарларын дамыту, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға ықпал жасау; карталармен, сызбанұсқалармен, графиктермен, диаграммалармен, кестелермен, ғаламтормен, білім берудің цифрлық ресурстарымен жұмыс істеу кезінде ойлау қабілетінің одан әрі дамуына жағдай жасау, әр түрлі экономикалық-географиялық әдебиеттен қажетті материалдарды жинақтау және талдау барысында сөйлеу және көптілділік, статистикалық, картографиялық және басқа да мәліметтерді өздігінен өңдеу және түсіндіру дағдыларын меңгерту; жоғары патриоттық сезімді, Қазақстан Республикасының Конституциясын құрметтеуге, белсенді азаматтық, өмірлік ұстанымды тәрбиелеу.
«Тұрақты даму», «Жасыл экономика» ұғымдарының ғылыми-теориялық мәнін оқу, меңгеру және олардың дүниежүзілік, аймақтық, ғаламдық маңызын түсіну. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы туралы ғаламдық геоэкономикалық кеңістікте қарқынды дамып келе жатқан ел ретінде, ғылыми негізделген көзқарасты қалыптастыру және дамыту.
Бағдарламада берілген барлық практикалық іс-әрекеттер тәжірибелік дағдыларды дамытушы және қалыптастырушы болып табылады. Міндетті түрде бағаланатын практикалық жұмыстар нөмірмен белгіленген.
География пәнін оқыту арнайы жабдықталған және қажетті аспаптармен, құралдармен, географиялық карталармен, атластармен, баспа құралдарымен, аудио және бейне материалдармен, оқытудың техникалық жабдықтарымен қамтамасыз етілген кабинетте жүзеге асырылады.
География пәні бойынша сағат саны:
қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарда – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында – 34 сағат;
жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарда – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағат.
Биология
«Жалпы биологияны» 10-11-сыныптарда жалпы орта білім деңгейінде оқып білу 6-9-сыныптарда негізгі орта білім деңгейінде меңгерген материалды тереңдетіп қарастыруға бағытталған.
Оқытудың мақсаты тірі материя, оның биологиялық құрылым деңгейлері, жасушалық теорияның негізгі қағидалары, өсімдік және жануар жасушаларының құрылысы, органикалық және бейорганикалық заттардың рөлі туралы негізге алынатын түсініктерді, организмдердің жеке даму заңдылықтары туралы түсініктерді, органикалық дүниенің дамуы (эволюциясы) негізіндегі генетикалық заңдылықтар туралы білімді, адамның тұқым қуалаушылығына қоршаған орта факторларының жағымсыз әсері туралы негізге алынатын түсініктерді қалыптастыру болып табылады.
Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарда «Жалпы биология» курсын оқу пәні ретінде оқып білудің мақсаты барлық оқушыларды келесі жоғары мектепте оқуы үшін биология саласында биологиялық дайындықтың қажетті деңгейімен қамтамасыз ету: тірі материя, оның биологиялық құрылым деңгейлері туралы негізге алынатын түсініктерді қалыптастыру; оқушылардың өлі және тірі материяның жалпы белгілерін ұғынуы; жасушалық теорияның негізгі қағидалары туралы білім қалытастыру.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарда биологияны оқытудың міндеттері былайша анықталған: органикалық табиғат туралы, оның өзгергіштігі және тұқым қуалаушылығы туралы білім жүйесін қалыптастыру; жасушадағы органикалық және бейорганикалық заттардың рөлі туралы білім қалыптастыру, биологиялық заңдылықтардың білімін қалыптастыруда өзбетінше жұмыс істеуге дағдылануды дамыту;организмдердің жеке жаму заңдылықтары туралы көзқарастарын кеңейту; генетикалық есептерді, молекулалық биологияның есептерін, экологиялық есептерді шығаруда ептілік пен дағдыны дамыту; түр және оның критерийлері түсініктерінің мәнін ашып көрсету, эволюциялық ілім негіздерінің білімдерін қалыптастыру.
Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағыттағы 10-11-сыныптарда «Жалпы биология» курсын оқу пәні ретінде оқып білудің мақсаты барлық оқушыларды келесі, жоғары мектепте оқуы үшін биология саласында биологиялық дайындықтың қажетті деңгейімен қамтамасыз ету: тереңдетілген деңгейде тірі материя, оның биологиялық құрылым деңгейлері туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру; оқушылардың өлі және тірі материяның жалпы белгілерін ұғынуы; органикалық дүниедегі көбейу тәсілдерінің және жасушалардың бөліну типтерінің білімдерін қалыптастыру; жасушалық теорияның негізгі қағидаларының білімін қалытастыру; табиғатты қорғау бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының білімін қалыптастыру.
Жаратылыстану-математика бағыттағы 10-11-сыныптарда биологияны оқытудың міндеттері былайша анықталады: органикалық табиғат туралы оның өзгергіштігі және тұқым қуалаушылығы туралы білім жүйесін қалыптастыру; биологиялық заңдылықтардың білімін қалыптастыруда өзбетінше жұмыс істеуге дағдылануды дамыту; органикалық дүниенің дамуы негізінде жатқан генетикалық көзқарастарды кеңейту; қоршаған ортаны қорғау жұмыстарында және генетикалық есептерді, молекулалық биологияның есептерін, экологиялық есептерді шығаруда ептілік пен дағдыны дамыту; пәннің және экологиялық факторлардың рөлін ашып көрсету; экожүйе, биоценоз, биосфера түсініктерінің мәнін ашып көрсету; адам әрекетінің әсерін және осы әсердің нәтижесін ашып көрсету; табиғатты қорғау бойынша қазақ халқының салт-дәстүрлерін ашып көрсету; эволюциялық ілім негіздерінің білімін қалыптастыру; тұқымқуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын ашып көрсету; өзгергіштіктің негізгі заңдылықтарын ашып көрсету; селекцияның және биотехнологияның негіздерін сипаттау; биосферадағы тұрақты тепе-теңдікті сақтауға қажетті адамның антропогендік әрекетінің нәтижесін бағалау үшін биологиялық білімді қолдана білуді қалыптастыру, өздігінен білім алу уәжін қамтамасыз ету.
10-11-сыныптардағы биология курсында «Жалпы биология» бөлімін оқытумен ерекшеленеді.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптар үшін оқу материалының мазмұны болашақ ұрпақтың биологиялық сауаттылығын жетілдіруге бағытталған.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныптар үшін оқу материалының мазмұны оқушылардың биологиялық мәдениетін дамытуға, алдыңғы сыныптарда меңгерген білімдерін тереңдетуге бағытталған.
Жалпы биологияны жаратылыстану-математикалық бағыт аясында оқыту бүгінгі күнде биологиялық ғылым дамуының негізгі бағыттарын бейнелейтін жуйелі оқытуды ұйымдастыруды ойластырады. Сонымен қатар биология сабақтарында өзекті экологиялық пролблемаларды шешу де қарастырылуы тиіс.
Биология пәнінің мазмұны оқытудың бағытына байланыссыз оқушылардың дүниетанымдық принципін дамытуды және олардың өздігінен кәсіби бағытын таңдай білуін дамытуды көздейді.
Биологияны оқыту арнайы жабдықталған сынып бөлмесінде және жалпы қолданылатын оқу-көрнекілік құралдар мен жабдықтар, көрнекілік және зертханалық аспаптар мен құрылғылар, интернет ресурстар, техникалық оқыту құралдармен дұрыс жабдықталған жағдайда жүзеге асырылады.
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес биология пәні бойынша оқу жүктемесінен көлемі:
қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11- сыныптарда, аптасына – 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;
жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарда аптасына – 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.
Физика
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған «Физика» оқу пәнін оқытудың басты мақсаты – білім, білік және дағдыларды меңгеру негізінде әлемнің жаратылыстанымдық бейнесін біртұтас қабылдай алуды қалыптастыру.
Бұл мақсатқа жету келесі міндеттерді жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етіледі:
қазіргі «Жаратылыстану» білім саласындағы«Физика» оқу пәнінің маңызын түсіндіру және физика ғылымының әдістерін меңгерту негізінде ғылыми дүниетаным білімдерін меңгерту;
оқушылардың ғылыми түсініктер жүйесі негізінде сын тұрғысынан ойлауын дамыту;
оқуға жауапкершілікпен қарауға, қоршаған ортаны қорғау және табиғи қорларын ұтымды пайдаланауға дағдыландыруға; қоғам және адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін дағдыларды қалыптастыруға;
базалық білім негізінде экономикалық және саяси, әлеуметтік, мәдени қызметтерге ат салысу дағдысына тәрбиелеу.
Қазіргі қоғамға бейімделу үшін базалық деңгей негізіндегі физикалық ұғымдар мен мен заңдарды меңгеру әрбір адамның тәжірибесіне қажетті.
Жалпы білім берудің құрамды бөлігі ретіндегі физиканың гуманитарлық мәні, ол оқушыны қоршаған дүние туралы объективті білім алуға мүмкіндік беретін ғылыми таным әдістерімен қаруландырады.
Пәннің мазмұнын анықтауға ықпал ететің факторлар болып оқытудың мақсаты, оқушылардың танымдық қызығушылығы мен қабілеті болып табылады.
«Физика» пәнінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бiлiм беру мазмұнда тарихи материалдар мен айғақтарға айтарлықтай назар аударылады.
«Физика» пәнін 10-11 сыныптарда оқытқанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасындағы талаптардың ерекшелiктері, яғни оқушылардың өз бетінше жасайтын практикалық және жобалық жұмыстардың орындалуына мән беріледі.
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жобалық және iздену, зерттеушiлік іс-әрекетті ұйымдастыру арқылы ұсынылады.
Физикаға және оның қолданбалы аспектілеріне қызығушылық білдірген оқушыларға келесі қолданбалы курстар ұсынылады: «Физика және техника», «Медициналық техника», «Ғарыш физикасы», «Физика және экология», ««Биофизика», «Физика және Қазақстан энергетикасы», және т.б.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сынып физика курсының мақсаты оқушылардың әлемді диалектика-материалистiк тұрғыдан тану көзқарасын қалыптастыру.
Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу қамтамасыз етедi:
қазіргі әлемнің бiртұтас физикалық бейнесін ұсыну; физикалық құбылыстарды әр жағынан және әр түрлі жағдайда қарастыру дағдысы;
физикалық жүйені анықтау және олардың арасындағы байланыс орнату;
физикалық құбылыс немесе пән туралы білімін салыстыру және ақиқатын ашу дағдысын қалыптастыру;
физикалық құбылысты танудың теориялық және эксперименттік әдісін қолдану; физиканың заңдарын практикада қолдану;
әр түрлі қиындық деңгейіндегі сапалық есептер мен қатар, мазмұнды физиканың есептерін шығару дағдысын дамыту;
физиканың жетiстiгін адами өркениеттiң даму игiлiгіне пайдалану және табиғаттың заңдарын тану мүмкiндiгiне сену; қазіргі жаратылыстану ғылымының мазмұнының мәселелерiн талқылау кезінде оппоненттiң пiкiрiне орынды қатынас және тапсырмаларды бірлесе орындау үдерісінде ынтымақтастықтың тiлегi;
қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілік сезімі, жаратылыстану ғылымының жетiстiктерін пайдалануды бағалауға дайындық; ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы бiлiм беру мазмұнында адамзат қызметінің әр түрлі саласында қолдана алуы үшін теориялық және практикалық білімдерді органикалық үйлестіру, физикалық тәжiрибелерді орындағанда оқушылардың дағдыларын дамыту және қазiргi заманғы техникада қолданылатын физиканың ең маңызды жетiстiктерін таныстыру ескерілуі қажет. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жобалық және iздену, зерттеушiлік іс-әрекетті ұйымдастыру арқылы ұсынылады. Пән оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын жасау қабiлеттiлiктерiн дамытуға, бақылау жүргізу және эксперименттік тапсырмаларды орындау, жобалау жұмысын жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталады.
Физикаға және оның қолданбалы аспектілеріне қызығушылық білдірген оқушыларға келесі қолданбалы курстар ұсынылады: «Физика және техника», «Медициналық техника», «Физикалық есептерді компьютер көмегімен шешу», «Ғарыш физикасы», «Физика және экология», «Радиотехника және электроника негіздері», «Биофизика», «Физика және Қазақстан энергетикасы», «Физикалық процестерді компьютерлік модельдеу технологиясы», «Физикадан қиындығы жоғары есептерді шешу әдістері», «Физикадан эксперименттік есептер шешу» және т.б.
Мұғалімдерге көмек үшін дайындалған ««Жаратылыстану» білім саласы аймағы бойынша қолданбалы курстар мазмұнын жобалау және жүргізу» атты (академияның сайтынан танысуға болады (www.nao.kz)) әдістемелік құрал ұсынылады.
Физиканы оқығанда пәнішілік және пәнаралық байланыстарды, оқу процесінің логикасын, оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып бөлімдерді және тақырыптарды оқытудың сабақтастығы сақталуы қажет.
Оқытудың қолданбалы және практикалық сипатын нығайту үшін оқу уақытын төмендегідей тиімді бөлу ұсынылады (7-кесте).
7-кесте – Оқу уақыттарын бөлу
Бағыт
|
Көрсетілім, практикалық және лабораториялық жұмыстар
|
Оқушылардың білімдерiн тексеру
|
Оқу уақытының бос қорынан Оқу процессiн ұйымдастыру
|
ҚҒБ
|
10%
|
5%
|
7%
|
ЖМБ
|
25%
|
10%
|
10%
|
10-11-сыныпта мұғалiм физика кабинетіндегі оқу жабдықтары, құрылғылар және электрондық оқу құралдарының мүмкіндігіне қарай өзі практикалық және зертханалық жұмыстарды, физикалық практикумды таңдауға құқығы бар.
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес «Физика» пәні бойынша оқу жүктемесі:
қоғамдық-гуманитарлық бағыт: 10-сынып - аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат; 11-сынып - аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат.
жаратылыстану-математикалық бағыт: 10-сынып - аптасына 3 сағат, оқу жылында - 102 сағат; 11-сынып - аптасына 3 сағат, оқу жылында - 102 сағат.
Химия
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес «Химия» пәні, оқушылардың қоршаған әлем туралы базалық жаратылыстануғылыми білімдерін одан әрі дамыту, қоғамның әлеуметтік-экономикалық жетілуіндегі химия ғылымы мен технологиясының рөлін түсіну, оқу және тәжірибелік әрекеттерде химиялық білімдерін қолдану бойынша функционалдық сауаттылығын дамыту, тұтастай экология-ізгіліктілік дүниетанымға тәрбиелеуді қамтамасыз етуге міндетті.
10-11-сыныптардағы оқыту мазмұны химия ғылымы мен технологиясы дамуының қазіргі заманғы үрдісін ескеріп құрылған, тұлғалық-іс-әрекеттік бағыттылығымен және бағдарлану мен саралап жіктелуінің күшейтілуімен сипатталады.
Химия курсын оқыту жалпы, бейорганикалық және органикалық химия салаларында іргелі білім негіздерін және қоршаған дүниеге ғылыми көзқарас қалыптастыру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, химия ғылымы мен білімінің күнделікті практикалық өмірдегі, және қоғамның орнықты дамуындағы маңызын ұғындыруға бағытталады.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы оқыту мақсаты - химия бойынша оқушылардың ғылыми-теориялық білімін тереңдету, білігі мен дағдысын одан әрі дамыту, алған білімін болашақ өз кәсіби білім алуға және практикалық қызметіне қолдануға дайындау, химия өнеркәсібі мен технологиясы негіздерімен таныстыру және экологиялық мәдениетін дамыту.
Оқыту міндеттері:
химия ғылымы және технологиясы саласындағы оқушылардың іргелі және қолданбалы білімі, практикалық білігін дамыту;
күнделікті өмірде, химиялық лаборатория мен өндірісте, табиғатта болатын химиялық құбылыстарды бақылау және оларды ғылыми тұрғыда түсіндіруді игеру;
қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, заттар мен зертханалық құралдарды қолданып, химиялық тәжірибелерді жасау мен түсіндіру дағдысын жетілдіру;
эксперименттік жұмысты жүргізу барысында және өз бетінше алған білімді күнделікті өмірде қолдану мақсатында танымдық және зияткерлік қабілетін дамыту;
химияға жаратылыстану мен жалпы адамзат мәдениетінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде көзқарасын дамыту;
адамзат алдында тұрған проблемаларды шешуде химияның қоғамдық мәні мен гуманистік бағыттылығын дамыту;
оқушының химиядан алған білімі мен біліктілігін заттар мен материалдарды тұрмыста, ауыл шаруашылығында және өндірісте қауіпсіз пайдалануға, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін құбылыстардың алдын алуға қолдану.
Химия пәні мұғалімі жаратылыстану-математикалық сыныбындағы сабағына дайындалған кезде, химия материалының мазмұнындағы физика-математикалық аспекті, сондай-ақ кеңістіктік елестетуді, ойдың аналитикалық сапасын, белгілер мен сандарды абстракциялау және пайдалану қабілетін дамытатын, оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін ұйымдастыру тәсілдеріе қолданған орынды. Сонымен бірге, нақты ғылым ретінде химияның математикалық аппаратын күшейту маңызды.
Химиялық білім мазмұнының физикалық компоненті: химиялық материалды түсіндірген кезде физикалық заңдар мен теорияларды пайдалану; физикалық шамаларды қолдану және олардың арасындағы функцияналдық тәуелділікті айқындау; зерттеудің физикалық және химиялық әдістері арасындағы өзара байланысты орнатуды талап етеді.
Химиялық білім мазмұнындағы математикалық компонент: химиялық заңдар мен теорияларды негіздеуде математикалық дәлелдеу әдістерін; химиялық заңдылықтарды безендіріп көрсету үшін графиктерді; заттың қасиеттеріне молекулалардың кеңістіктік пішіні әсерін негіздеу үшін геомериялық ережелерді; химиялық есептерді шешу үшін математикалық теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесін және т.б. пайдаланып жүзеге асырылады.
Химия курсы мазмұнының биологиялық компоненті: заттардың химиялық қасиеттерін және олардың биологиялық функцияларын түсіндіру кезінде химия және биология бойынша білімдердің кірігуі; биологиялық заңдылықтарды түсіндіру кезінде химиялық теорияларды пайдалану; табиғатта және адамның ағзасындағы биологиялық үдерісті моделдеу арқылы химиялық экспериментті жүргізу; пән аралық (химия-биологиялық) мазмұнды химиялық есептерді пайдалану жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған «Химия» оқу пәнін оқытудың мақсаты әлемнің кешенді жаратылыстану-ғылыми сипаты туралы жалпы түсініктер қалыптастыру, шығармашылық және интеллектуалдық қабілетті, әмбебап коммуникациялық біліктілік пен функционалды сауаттылықты дамыту, денсаулық сақтау мен туған өлкенің табиғатын қорғауға деген экологиялық-гуманистік көзқарасты тәрбиелеу болып табылады.
Оқыту міндеттері:
химияға жаратылыстану мен жалпы адамзат мәдениетінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде көзқарасын дамыту;
қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндермен интеграциялау арқылы оқушының химиялық білімі мен зерттеу мәдениетін қалыптастыру;
күнделікті өмірде, химиялық лаборатория мен өндірісте, табиғатта болатын химиялық құбылыстарды бақылау және оларды түсіндіруді игеру;
қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, заттар мен лабораториялық құралдарды қолданып, қарапайым химиялық тәжірибелерді жасау мен түсіндіру дағдысын жетілдіру;
адамзат алдында тұрған проблемаларды шешуде химияның қоғамдық мәні мен гуманистік бағыттылығын дамыту;
оқушының химиядан алған білімі мен біліктілігін заттар мен материалдарды тұрмыста, ауыл шаруашылығында және өндірісте қауіпсіз пайдалануға, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін құбылыстардың алдын алуға қолдану.
Теориялық және практикалық мәселелерді қарастыруда оқушылардың өзіндік іс-әрекеттеріне, алған білімдері мен дағдыларын қолдана алуларына басымдық беріледі. Химиялық эксперимент оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту және қолданбалық сипаттағы жаңа білімді алуы үшін, танымдық есептерді шешуге, жоспарлау және жобалау дағдыларын меңгеруге, химияны оқуға деген қызушылықтарын арттыруға пайдаланылады.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптар үшін химиялық экспериментті таңдап алу кезінде оқушылардың танымдық қызығушылығы мен психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет – гуманитарилерде. Осыған байланысты оқушы-гуманитарилер үшін химиялық эксперимент:
оқылатын материалға қызығушылықты қалыптастыру үшін тиімді болуы;
оқылатын заттар мен химиялық үдерістер практикалық мәнділігін көрсетуі;
табиғатта болып жатқан үдерістерді моделдеу (фотосинтез кезінде оттегінің бөлінуі және оны табу) немесе экологиялық күйреуден мүмкін болатын зардаптарын ұқсату;
тарихи материал негізінде химиялық экспериментті еске түсіруі керек.
Химияны оқыту үдерісі арнайы жабдықталған кабинетте – химиялық реактивтер, зертханалық және демонстрациялық құралдар, баспа құралдары, мультимедиалық құралдар мен электрондық оқулықтар, диа-, кино- және бейнефильмдер, басқа да оқыту құралдарымен жабдықталған кабинетте жүзеге асырылады.
Сыныптан тыс жұмыстар төмендегідей түрде болуы мүмкін:
зерттеу жобаларын ұсыну және қорғау;
олимпиада, байқау, тақырыптық кештер өткізу;
элективті курстар, таңдау бойынша курстар;
химия ғылымы мен өндірісі орындарына танымдық саяхаттарды ұйымдастыру;
алыс қашықтықтан оқыту, он-лайн сабақтар, олимпиадалар, тестілеуге қатысу.
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында ұсынылады:
дидактикалық және мультимедиялық ресурстарды қолданып оқу материалын меңгеруге бағыттап оқытуды ұйымдастыру;
әртүрлі ақпарат көздерімен өздігінен жұмыс істей білуді дамыту: қосымша оқулық және анықтамалық әдебиетпен, мәліметтердің электронды базасы, каталог және картотекамен;
диаграммалар, схемалар, аналитикалық және қорыту кестесін жасау, оқу материалын суреттеу, сипаттау, салыстыра, талдай білуді қалыптастыру;
денсаулық сақтау мен экологиялық аспектіні ескеріп оқытуды өмірмен, химиялық өндіріс пен технология үдерістерімен байланысын күшейту;
зертханалық тәжірибелерді, тәжірибелік және зерттеу жобаларын, шығармашылық тапсырмаларды өздігінен орындауды ұйымдастыру. Өздігінен орындалған оқушылардың жобаларын таныстыруды, әрбір тоқсан аяғында оқу жетістіктерін бағалау түрі ретінде өткізіп тұру ұсынылады;
химиялық өнеркәсіп пен өндірістің аймақтық дамуы, химиялық ластанудан жергілікті табиғат ландшафтын қорғау мәселелерін оқыту үдерісінде пайдалану;
оқушылардың сөздік және терминологиялық қорын байыту бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізу, қажетті дәлелдеулер жүргізіп, қорытынды және қорыту жасау. Өздігінен орындалған оқушылардың жобаларын таныстыруды, әрбір тоқсан аяғында оқу жетістіктерін бағалау түрі ретінде өткізіп тұру ұсынылады.
10-11-сыныптардағы алғашқы сабақ «Техника қауіпсіздігі бойынша алғашқы нұсқаулықтар» тақырыбында өткізіледі.
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес «Химия» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
жаратылыстану-математикалық бағытында: 10-сыныпта оқу жылына 68 сағат, аптасына 2 сағаттан; 11-сыныпта оқу жылына 68 сағат, аптасына 2 сағаттан.
қоғамдық-гуманитарлық бағытында: 10-сыныпта оқу жылына 34 сағат, аптасына 1 сағаттан; 11-сыныпта оқу жылына 34 сағат, аптасына 1 сағаттан.
4.4 «Адам және қоғам» білім саласы
Қазақстан тарихы
Пәнді оқытудың мақсаты – оқушылардың өз елінің тарихын оқып білу арқылы белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру.
Оқу пәнін оқытудың міндеттері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген пәннің оқу бағдарламасында көрсетілген.
Қазақстан тарихы пәнінің негізгі оқиғалары, соның ішінде Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихының негізгі кезеңдері Қазақстанның әлемдік тарихи үдерістің құрамдас бөлігі ретінде оқытылады. Осы бағытта тарихи білім беруде Қазақстан тарихы бойынша «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде анықталған ғылыми деректерді оқу үдерісіне енгізуге ерекше назар аударылады. Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының (одан әрі – Іс-шаралар жоспары) 27-тармағын орындау мақсатында 11-сынып оқу бағдарламасы мазмұнында келесідей тақырыптармен жүзеге асырлады.
«Қазақстан – 2030» стратегиясы: барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. «Қазақстан – 2030» және «Қазақстан – 2050» бағдарламалық стратегияларының тарихи маңызы, ұзақ жылдарға арналған басым мақсаттар және жүзеге асыру стратегиялары.
Н.Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
(1 сағат), Н.Ә.Назарбаев – Ұлт көшбасшысы, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы Елбасының рөлі,
Н.Ә. Назарбаев және Еуразия идеясы.
Білім мазмұнын таңдауда тәрбие беру компонентіне ерекше назар аударум керек.
Мәтін мазмұны қазақстандық қоғамның негізгі құндылықтарына - қазақстандық патриотизм, толернаттылық, «Mәңгілік ел» патриоттық актісін жүзеге асыру аясына бағытталу керек.
Оқу материалы, көлемі және мазмұны қысқартылған нұсқада беріледі. Саяси, әлеуметтік және экономикалық құбылыстар мен процестерді оқыту арқылы оқушылардың білімін тереңдету, тарихи құбылыстарды талдау, түсіндіру және бағалау дағдыларын тереңдету көзделеді.
«Қазақстан тарихы» пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған жаңа педагогикалық әдістер мен технологиялар қолданылады. Тереңдетіп, бейінді оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамытылады, дереккөздермен жұмыс жасау дағдылары, талдау және синтездеу меңгертіледі. Пәннің негізгі мазмұнына: тапсырмалар мен қызмет түрлерін таңдау; пән міндеттерін шешу стратегиясын жасауға ықпал ету; оқушылардың зерттеулері мен зерттеу тәсілдеріне негізделген белсенді оқытуды қолдау; оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту, дағдыларды дамыту үшін жағдай жасау қосылатын болады.
Оқу жүктемесінің көлемі:
қоғамдық-гуманитарлық бағыт: 10-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат; 11-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
жаратылыстану-математикалық бағыт:
10-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат; 11-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.
Дүниежүзі тарихы
Пәнді оқытудың мақсаты – ХХ ғасырдың басы мен ХХІ ғасырдағы дүниежүзі елдері мен халықтарының саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының негізгі бағыттарын талдап-түсіндіру.
Оқу пәнін оқытудың міндеттері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген пәннің оқу бағдарламасында көрсетілген.
Қазіргі білім процесінде тарихи фактілер мен құбылыстарды түсіндіру, бағалау кезінде тарихи білімді қолдану мен қазіргі қоғам дамуындағы түрлі мәселелерді (әлеуметтік, экономикалық, экологиялық) талдау дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл адамзаттың жаһандық мәселелерін саналы түсінуіне білім негізін қалыптастырады.
Оқытудың түрлі әдістері мен технологияларын таңдау кезінде оқушылардың танымдық деңгейлерін ескеру керек. Мысалы, оқытудың құрылымдық-логикалық технологиясы қойылған дидактикалық міндеттерді кезеңдер бойынша ұйымдастыру процесі мен оларды шешу тәсілдерін таңдауды, алынған нәтижелерді диагностикалау және бағалауды қарастырады. Мұндай міндеттердің құрылымдық логикасы әртүрлі болуы мүмкін: қарапайымнан күрделіге, теориядан практикаға немесе керісінше. Жоба технологиясы – жеке тұлғаға бағытталған білім жүйесі. Бұл технология оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, бастамашылдық, шығармашылық қабілеттілігі сынды сапаларын ашуға мүмкіндік береді және оқу жобаларын ретті орындауға бағытталған. Интерактивті технология – бұл іс-әрекет арқылы және өзара әрекет арқылы оқыту, оқушылардың өз бетінше шешім қабылдау, жеке жауапкершілік сезімін, топпен және ұжыммен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастырады. Оқу курсының вариативті бөлігі мынадай таңдау курстары бойынша жүзеге асырылады: «Еуропалық қайта өрлеу», «Капитал билеген әлемде», «Өнеркәсіптің даму тарихынан», «Халықаралық сауда жолдары», «Қазіргі алып құрылыстар» т.б.
Оқу жүктемесінің көлемі:
қоғамдық-гуманитарлық бағыт: 10 сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағат; 11 сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағат.
жаратылыстану -математикалық бағыт: 10 сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат; 11 сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
Адам. Қоғам. Құқық
Пәнді оқытудың мақсаты – дүниетаным құрылымы, негізгі элементтері және тарихи түрлері, философияның адам мен қоғам өміріндегі ролі, адамның әлемге деген танымдық қатынасы, қоғамдық қарым-қатынас жүйесі мен құқықтық реттеудегі адамның орны туралы жүйелі білім қалыптастыру. Азаматтық ұстаным, өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен құрметпен қарауын тәрбиелеу.
Оқу пәнін оқытудың міндеттері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген пәннің оқу бағдарламасында көрсетілген.
«Адам. Қоғам. Құқық» пәнін оқыту үрдісінде сыни тұрғыдан ойлау, зерттеу, қарым-қатынас жасау мен IT-технологияларды қолдану дағдылары дамыйтын болады. Мәтін мазмұны коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға, басқа адамдармен қарым-қатынас жасай алып, топта диалог жүргізуге бағытталу керек.
Оқу жүктемесінің көлемі:
қоғамдық-гуманитарлық бағыт: 10-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат; 11-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
жаратылыстану-математикалық бағыт: 10-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат; 11-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
Өзін-өзі тану
Адамның жеке тұлғалық әлеуетін мақсатты түрде және кеңінен ашуға бағытталған рухани-адамгершілік білім беру ұлттық білім беру жүйесін дамытудың басты бағыты болып отыр. Жеке тұлғаның психологиялық, рухани, тәндік, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін рухани-адамгершілік тәрбие білім беру жүйесінде өзін-өзі тану пәні арқылы жүзеге асады.
Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан-дүниесін байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді. Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.
Өзін-өзі тану бойынша білім берудің негізгі мақсат-мүдделері:
адамның өзіндік бейімділіктерін ашу және оның темпераментін, мінез-құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны жеке тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;
оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;
қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға құндылықтарын, алған білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру.
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаттары:
өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;
түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешу;
өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;
адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді, қамқор болу;
өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;
жасампаздық пен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту;
өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу және оған жауапты болу;
қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
Өзін-өзі тану пәнінің құрамы мен құрылымы аталған міндеттерді орындауға бағытталып, 10-11-сыныптарға білім берудің базалық мазмұнын анықтайды.
Өзін-өзі тануды жеке міндетті пән ретінде оқыту оқу жоспарының инвариантты бөлімінде 10-11-сыныптарда аптасына 1 сағаттан, әрбір сыныпта бір жылға барлығы 34 сағаттық оқу жүктемесі көлемінде жүзеге асырылады.
4.5 «Технология» білім саласы
Технология
«Технология» пәні оқушылардың өзіндік еңбек өмірі, дайындыққа жәрдем етеді, олардың жасампаз және қайтақұрылу саласына байланысты, кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықталуы.
Оқу курсының мақсаты – техника мен технология саласында оқушылардың заманауи өндірісінде алған білімі жүйесінің нәтижелілігіне бағытталған функционалдық сауаттылығын қамсыздандыру, сонымен қатар, технологиялық ойлау қабілетін, болмысқа деген шығармашылық көзқарасын дамыту.
Мақсатқа сәйкес келесі оқыту міндеттері анықталған:
техника, технология және заманауи өндіріс негіздерінен жүйеленген білімді қалыптастыру;
құрылымдық материалдарды өңдеу технологиясы, жобалау іс-әрекеттерін іске асыру бойынша жалпы еңбектік, жалпы өндірістік және арнайы икемділіктер мен дағдыларын қалыптастыру;
технологиялық ойлау қабілетін және еңбекке деген шығармашылық көзқарасын дамыту;
оқып жүрген технологиялармен байланысты мамандықтар әлемі, еңбек нарығындағы олардың талап етілуі туралы түсініктерін қалыптастыру, өзінің өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету;
еңбек ету және кәсіби іс-әрекеті үрдісінде эстетикалық, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру;
оқушылардың Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру.
«Технология» пәнін оқыту барысында барлық төрт компоненттер кіреді азаматтардың әлеуметтік тәжірибесі: біліп тану саласының тәжірибесі (түрлі облыстағы ақиқат туралы білімі), танымал әдістер саласында тәжірибе орындау, шығармашылық саласының тәжірибесі және тәжірибе эмоциональды-құндылықтар қатынас объектілеріне және адам саласының құралдары. Бұл барлық компонентер оқу курсының мазмұнында бар.
Соған байланысты 10-11-сынып материалдарында ер балаларға келесі бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі (8-кесте):
8-кесте - 10-11-сыныптарда ер балаларға арналған бөлімдердің тақырыптары
Ауыл мектептерінде
|
Қала мектептерінде
|
1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау.
2. Ауылшаруашылық өндірісіндегі техника және технология.
3. Ағашты және ағаш материалдарды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.
4. Металды қол және механикалық өңдеу технологиясы.
5. Сәндік қолданбалы өнерінің элементерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы.
6. Электротехника және электроника негіздері.
7. Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы жөндеу жұмыстар.
8. Шығармашылық жобалау саласы.
9. Қазіргі заман өндірісі және техникалық кәсіби білім.
|
1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау.
2. Ағашты және ағаш материалдарды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.
3. Металды қол және механикалық өңдеу технологиясы.
4. Сәндік қолданбалы өнерінің элементерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы.
5. Электротехника және электроника негіздері.
6. Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы жөндеу жұмыстар.
7. Шығармашылық жобалау саласы.
8. Қазіргі заман өндірісі және техникалық кәсіби білім.
|
«Қазіргі заман өндірісі және жоғарғы білім» жаңа бөлім, оқу барысында тұлғалық қасиеттер және мамандық таңдау, қазіргі заман талабы, кәсіптік саласы, жоғарғы оқу орындары және жоғарғы білімді алып меңгеру жолдарын оқыту кіреді.
Ұйымдастыру пішіндері технологиялық дайындау оқушының дамыту деңгейі анықталу және әдістерді қолдану, олардың оқуына еңбекке, қызмет көрсету саласына дайындығы.
Сабақ өткізу барысында қазіргі заман оқыту технологияларын қолданады, пішіндер, ұйымдастыру әдістері және оқу үрдістерін қадағалау және оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары, «Технология» пәнін оқыту барысында ерекше сапалыларын іске асыру дидактикалық талаптар.
Басым әдістер жаттығу, практикалық-оқу жұмыстары, жобалау әдістері болып келеді. Жыл қортындысы бойынша ұсынылған, жасалуы және жобаларын қорғау. Жобалардың көбі – дербес. Сонымен қатар жоба топ оқушыларымен орындалуына рұқсат беріледі.
10-11-сынып оқушыларымен кәсібибағытты апталық өткізу барысында мақсатқа лайықтылық, қалыптастыруға дайындық кәсіби шешім қабылдау, тренинг сабақтар өткізу, сонымен қатар санасезімімен қажеттілік «өңдеу» негізгі және қосымша (ықтималды) варианттарды таңдау пішін жұмысқа тұру немесе білім беру саласының траекториясы, әмбебап қаблеттерінің дамуы, керекті кәсіптік мобилділік үшін және бәсекеші қаблеттілік.
ҚР «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру «Технология» пәнінің барлық бөлімдері арқылы іске асырылады, бірақ негізгі тірек «Сәндік қолданбалы өнерінің элементерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы» бөліміне жасалынады. Көркем мәдениеттік бастапқы қағидаларға, «Технология» пәнінің мазмұны мүмкіндіктері алдынала қарастырылған жалпы адамдық және ұлттық мәдени құндылықтарын қалыптастыру үшін, өзқұндылығы ретінде еңбек арасында қарастырылады, өмірсаласының негізі ретінде.
Соған байланысты 10-11-сынып материалдарында қыз балаларға келесі бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі (9-кесте).
9-кесте - 10-11-сыныптарда қыз балаларға арналған бөлімдердің тақырыптары
Ауыл мектептерінде
|
Қала мектептерінде
|
1. Тағам әзірлеу технологиясы.
2. Құрастыру, моделдеу және иық киім өнімдерін өндіру. Қазақтың халық киімін тігіп өндіру.
3. Жобаны қорғау.
|
1. Тағам әзірлеу технологиясы.
2. Құрастыру, моделдеу және иық киім өнімдерін өндіру. Қазақтың халық киімін тігіп өндіру.
3. Жобаны қорғау.
|
Қаладағы, ауылдағы және шағынжинақты мектептерінде сыныптардың толықтандыруына қарамастан ұл мен қыз топтарына бөлінуі іске асырылады.
«Технология» пәні бойынша 10-11-сыныптарында екі бағытта жүргізіледі, оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағаттан, оқу жылы ішінде әрбір сыныпта 34 сағатты құрайды.
4.6 «Дене шынықтыру» білім саласы
Дене шынықтыру
Оқу пәні ретінде дене шынықтыру жалпы білім беретін мектепте маңызды роль атқарады, жалпыадамзат мәдениеті саласында белсенді шығармашылық түрде өзін-өзі жүзеге асыруға дайын тұлға қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оқыту мақсаты:
қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру;
физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын;
салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдану.
Оқыту міндеттері:
денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және негізгі физикалық (дене) қасиеттерін дамыту;
базалық спорт түрлерінің техникалық-тактикалық іс-қимыл әдістерін жетілдіру;
өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қарау, денсаулықты сақтау мен нығайту қажеттілігін қалыптастырып тәрбиелеу;
дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы, қазіргі дамуы және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерді игеру;
тұлғаны оң қасиеттерге тәрбиелеу, оқу және жарыс әрекеттерінде ұжымдық әрекеттестік пен ынтымақтастықтың межелерін сақтау.
Оқу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім» (ақпараттық компонент), «Денені жетілдіру және шеберлік» (әрекеттік компонент).
Вариативті компонент дене шынықтыру мұғалімі оқу процесінің сан-алуан түрлерін қолдануға және оқытудың заманауи әдістері мен педагогикалық технологияларын енгізуге бағдарлайды. Вариативті компонент мектептің тұрған орны, материалдық базасы мен аймақтың орналасу ерекшеліктерін, мұғалімнің мүмкіндіктері мен оқушының қызығушылықтарын ескеру қажеттілігіне негізделгендіктен, оқу материалдарын жергілікті білім беру мекемелері ұсынады және оны дене шынықтыру мұғалімі әзірлейді.
Бағдарламалық талаптарды ескеріп, әрбір оқушының жеке мүмкіндіктері мен жыныстық даму ерекшеліктерін бағамдай отырып, мұғалім өздігінен жеке талаптар қойып (қорытынды тапсырмалар), талаптардың өзіндік шкаласын құруына және сол бойынша оқушылардың жылдық үлгерімдерін бағалауына болады. Осындай өзіндік жол дене шынықтыру мұғаліміне оқыту-үйретудің барлық кезеңдерінде оқушылардың даму деңгейлерінің жеке жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ үлгерімдерін шынайы бағалауға мүмкіндік береді.
Бағдарламаның ұйымдастыру-әдістемелік талаптары:
– мұғалім өз тәжірибесіне сүйеніп, балалармен нақты жағдайдағы жұмыс дағдысына байланысты ұсынылып отырылған бағдарламаның қай бөлімін болмасын өзінің материалдарымен толықтыруға (немесе түзетулер енгізуге) құқылы. Оқушыларға қойылатын негізгі талап қалай болса да тәжірибеде жүзеге асуы тиіс;
– қай сыныпта болмасын балалардың даярлығы мен сабақтың нақты жағдайына қарай мұғалім өз жұмысын ұйымдастырады;
– оқушылардың тактикалық ойлануын дамытуға, дене қасиеттерін тәрбиелеуге қозғалыс ойындарының әсерін есептей отырып, ең оңтайлы қозғалыс ойындарының мазмұны болуы қажет;
– оқушылардың қозғалыс ойындарын игеруін тексеру мақсатында бақылау – сынақ алу сабақтары өткізілуі тиіс;
– дене тәрбиесі сабақтарының тиімділігі екі параметр бойынша бағаланады: а) жекелеген бақылау нормативтерінің нәтижелері; ә) мұғалімнің таңдауы бойынша (Президент сынамалары нормативтерін орындау нәтижелері).
«Шаңғы дайындығы» және «Жүзу» тараулары бойынша сабақтарды толық мәнінде жүргізуге мүмкіндігі жоқ республиканың аймақтарында оларды алмастыру ұсынылады. Мектеп ұжымының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша бұл сабақтар тиісінше дала жарысымен (кросс дайындығымен) және гимнастикамен (ырғақты, атлетикалық, кәсіби-қолданбалы) алмастырылуы мүмкін.
«Дене шынықтыру» пәнін оқыту барысында оқушыларды топқа бөлу медициналық тексерістің нәтижесі көрсетілген анықтаманың негізінде іске асырылады.
«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы әдістемелік құралдар әзірлеп, орталықтың сайтына орналастырылған (www.nnpcfk.kz).
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру стандарттарының типтік жоспарына (ҚР бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 25 шілдедегі № 296 бұйрығына) сәйкес дене шынықтыру пәнінің оқу жүктемесі:
10-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты;
11-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты құрайды.
Алғашқы әскери дайындық
Алғашқы әскери дайындық меншік түрі мен ведомствалық бағыныштылығына қарамастан, барлық типтегі жалпы білім беретін мектептерде, орта арнаулы оқу орындарында (колледждерде), кәсіптік-техникалық мектептерде әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып табылады.
2014-2015 оқу жылында жалпы білім беретін мектептің 10-11- сыныптарында «Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша оқыту ҚР Үкіметінің 2012 жылдың 23 тамыз айындағы №1080 қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты мен ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде жастарды алғашқы әскери даярлауға негіз болып табылған құжаттар мыналар:
1) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» атты Қазақстан Республикасының 2012 жылдың 12 ақпандағы Заңы.
2) «Азаматтарды әскери қызметке даярлау, ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ алғашқы әскери дайындық бойынша оқу-материал базасын құру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 ақпандағы №118 қаулысы.
Алғашқы әкери даярлау теориялық және практикалық сабақтарда іске асырылады. Теориялық сабақтар оқытудың дидактикалық материалдарын, техникалық құралдар мен инновациялық әдістерді қолдана отырып әңгімелеу және сұхбаттасу түрінде өткізіледі. Практикалық сабақтар қарулану және әскери-техникалық мүлікті, құралдарды және өзге де жабдықтарды қолдана отырып оқу материалын игеруге бағытталған.
Оқу пәнінің мақсаттары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету туралы түсінігін және әскери іс негіздері бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру; оқушылардың өмірлік қабілеттері мен дағдыларының дамуын қалыптастыруға ықпал ету.
«Алғашқы әскери дайындық» оқу пәнінің міндеттері:
оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету үшін алғашқы әскери дайындықтың теориялық тиянақты білімдері негізінде, практикалық дағдыларды меңгере алатындай жағдайда даярлау;
оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметі туралы біртұтас түсінігінің өзара үйлесімді жүйесін қалыптастыру.
Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы кіріспе сабақ, әскери істің негіздері бойынша тараулар, азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздерінен тұрады. Оқу орындарын қару және өзге де әскери-техникалық құралдармен, оқу құралдарымен қамтамасыз ету оқу орнының есебінен іске асырылады.
Оқушылардың практикалық дағдылары мен біліктіліктерін шыңдау және жетілдіру, сонымен қатар әскери істі оқу-үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында оқу жылының соңында спорттық-қорғаныс сауықтыру лагерлерінде, әскери бөлім (ӘБ) базаларында (ӘБ басшылығымен келісе отырып) 10-сынып ұлдарымен 30 сағат көлеміндегі бескүндік далалық оқу жиыны өткізіледі.
Далалық оқу жиындары алғашқы әскери дайындық курсын өту бағдарламасының міндетті кезеңі болып табылады. Ол жергілікті атқару органдарымен ұйымдастырылады және білім беру мекемелерінде қарастырылған вариативті (өзгермелі) сағат есебінен қамтамасыз етіледі.
11-сынып оқушыларының АӘД пәні бойынша нормативтер мен практикалық жаттығуларды орындауларын бағалау мақсатында, оқу жылының соңында 4 сағат көлеміндегі қорытынды тексеру сабақтары (сынақ) қарастырылған.
10-сыныпта өткізілетін әскери топография сабақтарында оқушыларға басқа (бөтен) жерлерде картасыз бағдарлау, сол ауданда өзінің орналасқан орнын анықтау және азимут бойынша жүру бағытын компастың көмегімен және компассыз табуды үйренеді. Ал, 11-сыныпта оқушылар азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздері сабақтарында бейбіт уақытта және соғыс кездерінде, табиғи апаттар, ірі көлемдегі зілзалалар және жаудың қазіргі заманғы қырып-жою қаруларын қолданған кезде Қазақстан Республикасының халқын қорғау бойынша іске асырылатын іс-шаралар үйретіледі. Сонымен қатар төтенше жағдайлар пайда болған аудандарда және зақымдану ошақтарында қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жарақаттанған адамдарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету ережелерімен танысады.
Әрбір оқу орнында меншіктік түрі мен формасына қарамастан АӘД бойынша келесі оқу-материал базасы құрылады және жетілдіріліп отырады: қамтамасыз ету табеліне сәйкес көрнекі құралдар, АӘД оқытудың техникалық құралдарымен жабдықталған оқу бөлмесі, алғашқы әскери дайындық, тіршілік қауіпсіздігінің негіздері және азаматтық қорғаныс бойынша арнайы жабдықтарды сақтауға арналған бөлме, саптық дайындық бойынша сабақ өткізу алаңы, рота бойынша күндізгі кезекшінің міндеттерін іс жүзінде үйрететін орын, сақшының міндеттерін үйретуге арналған орын, тактикалық алаң, кедергілерден өту жолының кешені, ату тирі, әскери және еңбек даңқының бұрышы.
Оқу орындарын қару және өзге де әскери-техникалық құралдармен, оқу құралдарымен қамтамасыз ету оқу орнының есебінен іске асырылады.
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес АӘД пәнін оқытуға келесідей оқу жүктемесі бөлінген:
10-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына барлығы 34 сағат, қосымша далалық оқу жиынына 30 және сынаққа 4 сағат вариативті бөлімнен қарастырылған;
11-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына барлығы 34 сағат.
5 Шағын жинақты мектептерде оқыту ерекшеліктері
2014-2015 оқу жылында шағын жинақты мектептерде білім беру қызметін ұйымдастыруда жалпы білім беретін мектептер туралы нормативтік-құқықтық құжаттар, сонымен қатар «Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығы және «Шағын жинақты мектеп пен тірек мектебі (ресурстық орталық) қызметін ұйымдастыру ережесі» басшылыққа алынады.
Шағын жинақты мектепте оқу үдерісін ұйымдастыруда және оқушылар мен педагогтардың санына байланысты қызметінің ерекшеліктері бар. Сондықтан оқу-тәрбие үдерісін, оқыту түрлері мен әдістерін қажеттілікке сәйкес икемді таңдауға құқылы. Шағын жинақты мектепте параллель сыныптардың болмауы, оқушылардың санының аздығы және бір сыныптағы балалардың жас шамалары әртүрлі болуына байланысты. Шағын жинақты мектеп өзінің білім беру әрекетінде келесі ұстанымдарға:
– оқыту нәтижесінің қорытынды жетістіктеріне;
– бір-бірінен алған білімдерін үздіксіз және жүйелі беруіне;
– бірпәндік және бір тақырыптық ұстанымдарға негізделген кіріктіре оқыту сабақтарын ұйымдастыруға;
– біріктірілген сыныптар үшін дидактикалық сабақ кезеңдерін ескеру мақсатында сабақ кестесін икемді етіп құрастыруға;
– оқу үдерісі негізінде әрбір оқушы тұлғасына психологиялық-диагностикалық сараптау және оның даму динамикасының мониторингін ұйымдастыруға;
– әрбір білім алушы үшін оқытудың жеке алгоритмін анықтау, даралап және саралап оқытуға мүмкіндік жасауға;
– білім беру процесінің технологиясы мен мазмұнының икемділігін, вариативтілігін жүзеге асыруға;
– әрбір оқушының өзін-өзі көрсете білу мүмкіндігін, өздігінен білім алу қабілетін дамытуға;
жоғарғы және төменгі сыныптар оқушыларына өзіндігінше жұмыс жасауға, сабақ жоспарларын ұйымдастыруға;
білім берудің дамытушылық, шығармашылық және интерактивтік сипатына;
– шағын жинақты мектепте тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда мәдени орталықтардан шалғай орналасқандығын ескеруге;
– оқушылардың оқу барысындағы бір–біріне өзара көмектесуіне және ынтымақтастығына;
– педагогикалық процеске қатысушылардың түрлі деңгейін (түрлі жас аралығын) ескере отырып, әр түрлі тақырыптар мен тапсырмаларды (еңбекті бөлу арқылы) ұсынуына;
– әр оқушының қажеттілігін және қабілеттілігін ескере отырып оқытуға;
шағын жинақты мектеп жағдайында оқытудың ерекшеліктеріне сәйкес тиімді педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға бағытталады.
Сыныптарды бiрiктiру тәжiрибесi екi нұсқада қарастырылады: аралас және әр жастағыларды бiрiктiру. Әртүрлі жастағы оқушылары бар сыныптарды ұйымдастыру педагогикалық тұрғыдан неғұрлым тиімді, өйткенi ол балалардың ауыспалы жұптарда жұмыс iстеуіне, жоғарғы сынып оқушыларының өзiндiк жұмыстарын ұйымдастыруға, сөйтiп көбiрек көңiл бөлудi керек ететiн төменгі сынып оқушыларына сабақ түсiндiру үшiн уақыт бөлiп алуға мүмкiндiк бередi.
Мектептiң бастауыш білім деңгейінде оқушыларды сыныптық-құрамдарға бiрiктiрудiң мынадай нұсқалары болуы мүмкiн: сыныптарды біріктірудің аралас түрі: 2+3, 3+4; әртүрлі жастағы оқушыларды біріктіру: 2+4, 2+3. Сыныптарды біріктіру кезінде әр жастағыларды біріктіру оңтайлы болып табылады, себебі бұл сыныптарда оқушылардың жас ерекшеліктері мен оқу бағдарламаларының айырмашылықтары елеулі, сондықтан оларды бір сынып ішінде, бір-біріне кедергісіз бөліп оқыту мүмкіндігі жоғары.
1-сынып оқушылары жеке оқытылады. Себебі мектепке енді қадам басқан оқушылардың оқу әрекетiне бейiмделуі, талаптануы, зейінің тұрақтануы мен ынтасының артуы үшiн оларды сынып-кешеніне қоспай, жеке оқыту керек.
Екі немесе үш сыныпты бiрiктiру қажет болған жағдайда (мысалы, 2+3+4), сабақтың белгiлi бiр бөлiгiн әрбiр сыныппен жеке өткiзу үшiн жағдай жасау мақсатында сабақтың жылжымалы кестесiн қолданған дұрыс.
Мектептiң негiзгi орта және жалпы орта білім деңгейінде сыныптарды бiрiктiру әр сыныптағы оқушылар санына байланысты.
Оқушылар санының аз болуы жағдайында сыныптарды мынадай тәртiпте біріктірген дұрыс: 5+6; 6+7; 7+8. Мұндай бiрiктiруде бірпәндік ұстанымға негізделген пән ішіндегі мазмұны ұқсас тақырыптарды кіріктіре оқытуға болады. Мысалы: қазақ тілі, әдебиет, биология, тарих, география пәндері бойынша пәнішілік кiрiктiре оқыту ұсынылады.
Біріктірілген сыныптарда пәнішілік кіріктіре оқыту мұғалімдер мен оқушылар үшін төмендегідей тиімділіктерді көрсетеді:
оқушылар әртүрлі сыныпта оқығанымен, олардың назарын бір пәннің мазмұнындағы ұқсас тақырыптарға аударуға мүмкіндік жасалады;
әр оқушы білім деңгейіне қарай өзіндік жұмыс түрлерін орындайды;
өзіндік жұмыстарды оқушылардың жас ерекшелігіне қарай деңгейлеп беруге жағдай жасалады;
оқушылардың бір-біріне көмектесіп, ұжымдық қарым-қатынасқа түсуіне мүмкіндік беріледі;
оқушылардың бірін-бірі тексеру, өзін-өзі тексеру және бағалау механизмі жүзеге асырылады;
үлкен сынып оқушысы төменгі сыныптың жұмысын тексеріп бағалау арқылы өз білімін іс жүзінде қолдануына мүмкіндік туады.
Пәнішілік кіріктіре оқыту мүмкін болмаған жағдайда пәнаралық кіріктіре оқыту мүмкiндiгі бар (мысалы: әдебиет пен тарих, тарих пен география, биология мен химия, математика мен информатика).
9, 11-сыныптар бiтiрушi сыныптар болғандықтан, олардағы бала саны аз болған жағдайда да өзге сыныптармен қосып оқытылмайды.
Бастауыш шағын жинақты мектеп жағдайында балалардың бағдарламалық материалдармен ұйымдастырылатын өзiндiк жұмысына кететiн уақыт мөлшерi сақталуы керек:
жазу сабағы бойынша 2-сыныпта 20 минуттан, 3-сыныпта 25 минуттан;
математика сабағы бойынша 2-сыныпта 15 минуттан, 3-сыныпта
20 минуттан аспауы тиiс.
Шағын жинақты мектепте оқу үдерісін ұйымдастыруда тиімді педагогикалық технологиялар (деңгейлеп, саралап оқыту, ұжымдық оқыту, дидактикалық бірлікті ірілендіру, ақпараттық-коммуникациялық технология, дамыта оқыту, модульдік оқыту, сыни тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазу және т.б.) қолданылады.
Деңгейлеп оқыту оқушылардың жас және білім деңгейі ерекшеліктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар беру арқылы олардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Ұжымдық оқыту әдісі динамикалық жұптар құра отырып, оқушылар арасында танымдық қарым-қатынасын, оқушылардың бірін-бірі оқытуын ұйымдастыру болып табылады. Ұжымдық оқыту әдісі балалардың қарым-қатынасының тапшылығын азайтуға, ауылдық жерлерде оқушылардың аздығы жағдайында монологтік және диалогтік сөйлеу қабілеттерін дамытуға жағдай жасап, мұғалімнің жалпы сыныппен жұмысын азайтып, жекелей оқыту уақытын көбейтуге мүмкіндік береді.
Дидактикалық бірлікті ірілендіру (ДБІ) - ақпараттардың біртұтас игерілуін қамтамасыз ететін, мағыналық қисынды байланыстар негізінде білімдік ұғымдарды біріктіру жүйесі. Бұл технология оқу пәндері және салалас пәндер блоктарының ішіндегі материалдардың дидактикалық құрылымын құру арқылы аралас сынып сабақтарын ұтымды өткізуге мүмкіндік жасайды.
Шағын жинақты мектеп жағдайында ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану арқылы білім беру, ғылым мен мәдениет және т.б. салаларда ақпараттардың халықаралық дереккөздерін, электрондық оқу материалдарын пайдаланады, тірек мектебімен (ресурстық орталықпен) байланыс орната отырып, сессияаралық кезеңде олардың білім қорларын пайдаланады, қашықтан оқытуды жүзеге асырады.
Ауыл мектептерінде оқу процесін ұйымдастыруда жаңа педагогикалық ұжымдық оқыту әдісінің технологиясы тиімді болып табылады және әр оқушынының қабілеті бойынша объективті оқу мүмкіндігіне қол жеткізеді.
Шағын жинақты мектептерде оқушылардың білім сапасын көтеруге, бейінді және бейіналды оқытуды ұйымдастыруда білім беру құралдары мен ақпараттық-коммуникациялық технологияны енгізу және олардың мүмкіндіктерін қолдануға зор мән беріледі. Білім алушыларға пән мазмұнына бағытталаған өзара әректтесуде және нақты педагогикалық мәселелерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологияларға бағдарламалық-техникалық құралдар енгізіледі.
Әр оқушының жан-жақты дамуына жағдай жасау арқылы белсенді тұлға тәрбиелеуде дамыта оқыту технологиясының әдіс-тәсілдері кең қолданылады.
Оқу процесінде әртүрлі білім құралдарын және педагогикалық технологияларды пайдалану келесі міндеттерді шешуге:
оқушылардың білім сапасын арттыруына;
шағын жинақты мектептер жағдайында оқушылардың базалық дайындығын қамтамасыз етуіне;
әртүрлі деңгейде терең және толық пән облыстарын меңгеруіне;
таңдаған пән облыстарында типтік практикалық есептерді шешу біліктілігін және дағдырын игеруіне;
стандарты емес жағдайда біліктілікті талдау және шешім қабылдауды үйренуіне;
белгілі іс-әрекеттер түрлеріне оқушылардың қабілеттерін дамытуға;
оқу процесінде интерактивтік, электрондық, ізденушілік, ақпараттық қорларды тиімді пайдалануға;
оқыту деңгейі мен қарқынын, мазмұнын, түрін кең тандауға;
белгіленген білім саласын тереңдетіп оқытуда оқушылардың білім қажеттілігін қанағаттандыруға;
оқушылардың шығармашылық потенциалын көтеруге;
мектептің қашықта оқыту мүмкіндігін қолдануға мүмкіндік береді.
Оқыту үдерісінде мұғалім сабақта жаңа тақырыптарды түсіндіргенде үлестірмелі материалдарды саралап дайындау арқылы электрондық және ақпараттық қорларды қолдануына болады. Мұғалім сабақты түсіндіргенде визуалдық (көзбен шолу), аудио-ақпараттық қорларын енгізуге және оқушылардың өзіндік жүмыстарын ұйымдастырғанда пайдалануға болады. Компьютерлік тесттер мен тест тапсырмаларын әртүрлі бақылау және білімін бағалауды жүзеге асыруда қолданылады. Сонымен қатар мұғалім авторлық элективтік курстардың оқу-әдістемелік кешендерін жобалауда әртүрлі электрондық және ақпараттық қорларды пайдалануына болады.
Қазіргі шағын жинақты мектептін негізгі міндеттерінің бірі дамытушылық педагогикалық ортаны құру, оның негізінде оқушылардың әр түрлі жас арасында өзара қатынастарын жүзеге асыруына мүмкіндік жасау.
Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық-педагогикалық, физиологиялық - жасаралық және басқада ерекшелік ұстанымдарын ескере отырып, оқыту технологияларының бағыттарын дайындау қажет. Шағын жинақты мектептер жағдайында инновациялық білім технологияларын жасау– уақыт талабының қажеттілігі. Білім беру мақсатына жету, оның ішінде білім процесін технологиялық тұрғыда ұйымдастыру және онда ғылыми танымдық әдістерді игеру болып табылады.
Тірек мектептер (ресурстық орталықтар) ғылыми-әдістемелік орталықтардың міндеттін орындауда, олар мұғалімдерге оқу-тәрбие процесінде тек әдістемелік сүйемелдеуде және жақын орналасқан шағын жинақты мектептерге сапалы білімге қол жеткізуіне көмек көрсетеді.
Тірек мектептер (ресурстық орталықтар) базасында шағын жинақты мектеп оқушылары 3 рет (оқу жылының басында, ортасында жəне соңында) 10 күннен (сессия) білім алады, əрі онда аралық жəне қорытынды аттестаттау тапсырады.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылығы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығы бойынша «Жалпы орта білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) барлық білім ұйымдарының қызметі бойынша типтік ережелеріне» сәйкес бекітілген сессиялар кезеңдері өтілуі тиіс.
Сессияаралық кезеңде шағын жинақты мектептерде оқыту тірек мектеп мұғалімдерінің қатысуымен жəне қашықта оқыту технологияларының көмегімен жүргізіледі.
Тірек мектептердің қорларын қолдану негізінде білім сапасы, мектептердің педагогикалық өзара қарым-қатынасы, тәжірибе алмасу жүйесі дамытылады.
6 Байқоңыр қаласындағы мектептерде оқытудың ерекшеліктері
Қазіргі кезде Байқоңыр қаласының мектептері айрықша жағдайда, атап айтқанда, Ресей Федерациясының Білім министрлігіне қарасты мекемелердің басшылығымен жұмыс істеп жатыр. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын оқушылар құрамын ескере отырып, ҚР Білім және ғылым министрлігі төмендегі оқу пәндерін қазақ тілінде оқытатын мектептерде Федералдық базистік оқу жоспарының аймақтық компоненті есебінен оқытуды ұсынады:
қазақ тілі 1-11-сыныптар;
қазақ әдебиеті 5-11-сыныптар;
Қазақстан тарихы 5-11-сыныптар;
Қазақстан географиясы 8-9-сыныптар.
Жалпы білім беретін басқа оқу пәндері бойынша, мұғалімдер күнтізбелік-тақырыптық жоспарын, сабақ жоспарларын құруда, оқу материалын дайындағанда оқушылардың Қазақстан Республикасының ерекшеліктеріне байланысты танымдық-ақпараттық материалдарымен танысуына, игеруіне мүмкіндік жасаулары тиіс.
7 Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беру ұйымдарында оқытудың ерекшеліктері
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес мемлекет инклюзивті білім беруді іске асыра отырып, даму мүмкіндігі шектеулі азаматтарды білім берудің барлық деңгейлерінде дамуындағы ақаулықты түзету және әлеуметтік бейімдеу, олардың білім алуы үшін арнайы жағдайларымен қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жалпы білім беру үдерісінде балаларды біріктіру ұйымдарының қажеттілігін құруға мүмкіндік туғызатын негіздер, өзара байланыстыру ресурстары мен мерзімдері бойынша іс-шаралар кешені қарастырылған. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыратын іс-шаралар жоспарында:
- инклюзивті білім беру үшін жағдайлар туғызатын мектептер үлесін арттыру;
- даму мүмкіндігі шектеулі балалар арасында инклюзивті біліммен қамтылған балалар үлесін арттыру;
- мектептегі инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру және білім беру қызметінің сапасын көтеру көрсетілген.
Инклюзивті білім – бұл мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың жалпы білім беру үдерісіне қосылуына, яғни кедергілердің жойылуына және олардың сапалы білім алуына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік бейімделуіне бағытталған білім беру үдерісі.
Төмендегі санаттар бойынша инклюзивті білім алуға жатқызылатын балалар:
- денсаулығында ақауы бар балалар (мүмкіндігі шектеулі балалар, мүгедек балалар);
- қоғамда әлеуметтік бейімделуі қиын балалар (әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-психологиялық төменгі деңгейдегі отбасылардан шыққан девианттық мінез-құлықты балалар);
- мигранттардың, оралмандардың, босқындардың отбасыларынан шыққан балалар.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың инклюзивті сыныптарға қабылдануы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидаларының» нормативтік нұсқамаларымен айқындалған.
Жалпы білім беретін мектептердің инклюзивті сыныптарындағы оқушылардың саны білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі.
Жалпы білім беретін мектептердегі оқу үдерісінде инклюзивті оқыту жалпы білім беру бағдарламалары бойынша МЖМБС-ға сәйкес жүзеге асырылады.
Инклюзивті білім беру мынадай білім беру ұйымдарында ұйымдастырылуы мүмкін: жалпы білім беретін мектеп, шағын жинақты мектеп және тірек мектебі (ресурстық орталық), түзету мекемесіне қарасты жалпы білім беретін мектеп, кешкі мектеп, девианттық мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымы, мектеп-интернат, ерекше режимдегі балаларға арналған білім беру ұйымы және аурухана жанындағы мектеп.
Инклюзивті білім беруді іске асыру отбасының белсенді қатысуымен, коррекциялық-педагогикалық және баланың жеке қажеттіліктерін әлеуметтік қолдау мен балалардың жеке ерекшеліктерінің білім алу ортасына бейімделуі және білім алуына қатысты қажеттіліктерін, яғни білім алуға толық жағдайларды жасау жолымен жүзеге асырылады.
Сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету барысында ең әлсіз санаттағы мүмкіндігі шектеулі балалар ерекше назар аударуды қажет етеді.
Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуы және оларға психологиялық-педагогикалық, коррекциялық қолдау көрсету:
1) инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектеп сыныптарында дені сау балалармен бірге даму мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқыту (инклюзивті сыныптар).
2) жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптарда жүзеге асырылады.
Инклюзивті білім беретін арнайы сыныптар оқушылардың даму мүмкіндіктерінің бұзылу түрлері бойынша:
- есту қабілеті бұзылған балаларға арналған (ішінара естімейтін, сөйлеу қабілеті қиын, бірақ есту құралының көмегімен сөздік қорын өз бетінше жинақтау мүмкіндігін сақтайтын балалар);
- көру қабілеті бұзылған балаларға арналған (көру өткірлігі ерекше төмендеген нашар көретін 0,05 – 0,5-ке дейін оптикалық түзетілген балалар);
- ауыр тіл кемістігі бар балаларға арналған (ауызша және жазбаша сөйлеу қабілетінің тұрақты бұзылысы бар, яғни сөйлеу тілінің қарым-қатынас қызметі бұзылған балалар);
- тірек-қимыл аппаратында бұзылысы бар балаларға арналған (қимыл-қозғалысының жартылай немесе толық бұзылысы);
- психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балаларға арналған (психикалық дамуының қалыпты жағдайдан ауытқуы, яғни органикалық минималды зақымдары немесе орталық жүйке жүйесінің функционалдық кемшілігі бар, сондай-ақ ұзақ уақыт бойы әлеуметтік депривация жағдайында болған балалар);
- интеллектісі бұзылған балаларға арналған (танымдық әрекеттерінің тұрақты бұзылыстары, яғни ақыл-ой кемшілігінің жеңіл және орташа түрі) жүзеге асырылады.
Инклюзивті білім беруді іске асыратын ұйымдардағы білім беру үдерісі Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін оқу орындарында білім беру үдерісін ұйымдастыру талаптарына сәйкес ұйымдастырылады.
Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беретін ұйымдар мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:
1) барлық балалардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта деңгейлеріндегі сапалы білімге тең қолжетімділігін;
2) барлық оқушылардың білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған арнайы жағдайларды жасау;
3) «кедергісіз», қолжетімді білім алу ортасын құру;
4) психологиялық-педагогикалық тұрғыда қолдау (білім беру үдерісі жағдайында баланың дамуын қамтамасыз ететін психологиялық-педагогикалық тұрғыдағы қолдау), сонымен қатар қозғалысы шектелген мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау;
5) оқу кабинеттерін қазіргі заманғы құралдармен жабдықтау (желілік түрде әрекеттесетін байланыс және коммуникация құралдары, кең жолақты интернет, аудио- және бейнетехника, компьютерлік, мультимедиялық, интерактивтік және зияткерлік жабдықтар), оның ішінде оқушылардың жекелеген білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған көмекші техникалық жабдықтармен және бағдарламалық-техникалық тұрғыда қамтамасыз ету;
6) оқыту және түзете-дамыту үдерістерін, сондай-ақ бейімдеу және модификациялауды ұйымдастыруға арналған білім беру ресурстарын шоғырландыру және оқу материалын оқушылардың білімділік қажеттіліктеріне пайдалану;
7) оқушылардың қоғамда өмір сүруіне әлеуметтік бейімделу іс-шараларын жүзеге асыру, еңбек және басқа өмірлік дағдыларын қалыптастыруын қамтамасыз етуі тиіс.
Инклюзивті білім беретін жалпы орта мектептерде сабақ ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушыларға даралау тұрғысынан қарастырылып өткізіледі.
Тіл мен әдебиет пәндерінің мұғалімі оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу тіл кемшіліктерін ескеруі керек, сөздердің дұрыс дыбысталу деңгейінің дамуына, сөйлеу тілінің лексикалық-грамматтикалық жағына, байланыстырып сөйлеу ерекшеліктеріне назар аударуы тиіс.
Математика және жаратылыстану пәндерінің мұғалімі интеллектісі бұзылған балалардың танымдық әрекеті мен эмоциялық-ерік саласындағы ерекшеліктерді ескеруі керек, сонымен қатар, психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалардың психофизикалық ерекшеліктері тұрақты түрде назарда ұсталынуы тиіс.
Адам және қоғам білім беру саласына байланысты пәндерінің мұғалімі балаларды қоғамға бейімдеуде және олардың мінез-құлықтарын түзетудегі жақсы, оңтайлы әлеуметтендірушілік және тәрбиелік әлеуеттеріне (әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-психологиялық жағдайы төмен, оралмандар, босқындар, аз ұлттар отбасыларынан шыққан, девиантты мінез-құлықты балалар) сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балаларға көңіл бөлуі керек.
Музыка және бейнелеу өнері пәндерінің мұғалімі тірек-қимыл аппараты және сөйлеу, есту, көру бұзылыстары бар балаларды оқыту үдерісіндегі қиындықтарын, оңтайлы психологиялық-эмоциялық күйге келтіруін дамытуын, ұсақ моторикасын және танымдық іс-әрекетін белсендіруін ескеруі керек.
Технология пәнінің мұғалімі жеке тәсілдерді қолдану және жеңілдетілген тапсырмалар беру арқылы тірек-қимыл аппараты, ПДТ және интеллектісінде бұзылысы бар оқушылардың сенсорикасы (сезімталдығындағы) мен ұсақ моторикасындағы, танымдық әрекетіндегі ерекшеліктерін ескеруі тиіс.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі тірек-қимыл аппаратындағы бұзылыстарын ескеруі, жалпы және ұсақ моторикасына назар аударуы, сонымен бірге, мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған балалардың денсаулығын нығайту мен дене дамуына арналған арнайы жаттығуларды жоспарлауы керек. Сонымен қатар, сабақ өткізу кезінде есту, көру бұзылыстары бар балалардың ерекшеліктерін ескеру (анық және нақты командалар беру, әрекеттерді арнайы көрсету және т.б.) және емдік дене шынықтыруларды ұйымдастыру қажет.
Арнайы білім беру ұйымдары мен инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында оқу жылының басталуы мен ұзақтығы, каникул күндері республиканың барлық жалпы орта білім беретін мектептерінде іске асырылып жатқан оқу мерзімдеріне сәйкес бекітіледі.
Арнайы білім беру ұйымдары мен инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі оқуда қиындықтар туғызатын үйде оқытылатын оқушылардың қабілеттілігіне қарай жеке оқу жоспарлары мен жеке оқу бағдарламаларын бекітеді.
Арнайы білім беру ұйымдары мен инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында үйде оқытылатын оқушылардың дамуының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, сыныптар бойынша үйде білім алуының Типтік оқу жоспарында көрсетілген сағаттар ауқымында пәндер бойынша білім мазмұны меңгерілуі қамтамасыз етілуі тиіс.
Оқытылатын пәндер тізімі мен үйде білім алудың Типтік оқу жоспарында көрсетілген сағаттар пәндер бойынша ата-аналармен (немесе олардың орнындағы тұлғалармен) келісе отырып бөледі.
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызмет жұмысын ұйымдастыру үшін инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдары мен арнайы білім беру ұйымдарының штатында мына мамандар болуы керек: арнайы психолог, логопед, арнайы педагогтар (тифлопедагог, сурдопедагог, олигофренопедагог), емдік дене шынықтыру нұсқаушысы, әлеуметтік педагог.
Логопед, арнайы психолог, арнайы педагог т.б. мамандары жоқ жалпы білім беретін ұйымдардың инклюзивті сыныптарында оқитын мүмкіндігі шектеулі балалар психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде және оңалту орталықтарында коррекциялық -педагогикалық қолдау ала алады.
Арнайы сыныптарда білім алушылардың психофизикалық денсаулығын сақтауға бағытталған қорғаушы педагогикалық режим қамтамасыз етіледі.
Қорғаушы педагогикалық режим – бұл балаға үйреншікті және қолайлы, денсаулығын сақтауға әсер ететін баланың іс-әрекетіне бағытталған, оның тәртібін анықтайтын, барлық іс-шаралар жоспарланған режим. Қорғаушы педагогикалық режим келесі факторлар арқылы жүзеге асырылады:
- сыныптағы оқушы санының аз болуы (нормативке сәйкес);
- оқушылардың эмоцияналдық-тұлғалық дамуының ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың арнайы әдістерін қолданудың негізінде психологиялық қолайлы жағдай жасау;
- оқушылармен жеке және топтық жұмыс барысында оқу нәтижесінің мониторингі мәліметтерінің негізінде оқу іс-әрекетінің нәтижелі болуын қамтамасыз ету;
- оқу материалының күрделілігі мен көлемінің мөлшерленуіне қарай эмоциялық, психикалық, дене жүктемесін ескеру;
- психологпен арнайы релаксациялық, психотерапиялық сабақтар;
- әр сабақта емдік-түзету іс-шараларын қоса отырып динамикалық үзіліс жүргізу;
- оқушылардың еңбекке қабілеттілігін және қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып оқушының жұмыс орнын, сынып бөлмесін ерекше жабдықтау;
- температура режимін басқару, жалпы мектеп ғимаратының жарықтану талаптарын сақтау.
Мигранттар мен оралмандардың балаларына арналған психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің арнайы бағдарламасы қажетті жағдайда қолдау көрсететін қызмет мамандарымен әзірленеді. Инклюзивті білім берудің мақсаттары мен міндеттеріне тиімді жету мақсатында жалпы білім беретін мектептер оралмандарды бейімдейтін және біріктіретін орталықтармен, кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдейтін орталықтармен, арнайы білім беру ұйымдарымен, сондай-ақ ПМПК, оңалту орталықтары мен психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерімен серіктестік ұйымдастырады.
8 Оқу үдерісінде сандық білім беру ресурстарын пайдаланудың әдістемелік ұсынымдары
Ұлттық жобаны іске асыру аясында Электрондық оқытудың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ЭОАЖ) құрылды: білім беру ұйымының порталы, Ұлттық білім берудің деректер базасы (бұдан әрі - ҰБДБ), ішкі корпоративтік портал, электрондық кітапхана, білім беру ұйымдарын басқару жүйесі және электрондық оқытудың басқа да компоненттері.
Аталған Электрондық оқытудың ақпараттық жүйесі https://e.edu.kz. сайтында қолжетімді.
ЭОАЖ-дың маңызды компоненті 7511 сандық білім беру ресурстары (бұдан әрі - СБР) орналастырылған электрондық кітапхана болып табылады. Кейіннен ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша әзірленген барлық электрондық білім беру контенті, сонымен қатар әдістемелік ұсынымдар, әдістемелік құралдар, бейнесабақтар, мұғалімдердің авторлық әзірлемелері мен т.б. орналастырылатын болады.
2011 жылдан бастап ЭОЖ-ге 7511 СБР әзірленді және орналастырылды:
- қазақ тілінде оқытатын мектептердің 2-11-сыныптарына арналған қазақ тілі пәні бойынша 1159 СБР;
- 5-11-сыныптарға арналған Қазақстан тарихы бойынша 468 СБР;
- 1-6-сыныптарға арналған математика бойынша 806 СБР;
- 7-11-сыныптарға арналған алгебра бойынша 712 СБР;
- 7-11-сыныптарға арналған геометрия бойынша 600 СБР;
- 7-11-сыныптарға арналған физика бойынша 872 СБР;
- 8-11-сыныптарға арналған химия бойынша 920 СБР.
Сандық білім беру ресурсы – ЭОЖ-на қосылған, мектептерге онлайн режимінде қолжетімді, бір оқу пәнінің нақты тақырыбы бойынша әзірленген сандық форматтағы дидактикалық материалдар.
СБР міндеті – оқытушыны ауыстыру емес, қосымша оқу материалдарын ұсыну, білім мазмұнын ұсынуда жаңа мультимедиалық, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға мүмкіндік беру, оқушының назарын зерделеп отырған құбылыстың ерекшеліктеріне, оны көрнекілік арқылы көрсетуге тоғыстыруды талап ететін оқушылардың назарын оқу тақырыптарының неғұрлым маңызды аспектісіне аудару, сабақтың мазмұнын өмірмен, қоғамның қажеттіліктерімен, оқушылардың жеке өмірлік тәжірибелері және қызығушылықтарымен тығыз байланыстыруды қамтамасыз ету.
Әрбір СБР кіріктірілген кешенді ұсынады және құрамына оқу пәнінің белгілі бір тақырыбы бойынша мультимедиалық түсіндірмелердің элементтері, интерактивтік тапсырмалар мен тест тапсырмалары кіреді. СБР-дің мұндай құрылымы электрондық оқыту жүйесінде оқушылардың өз бетінше белсенді жұмысын қамтамасыз етеді, ал мұғалімге сабақтың әрбір түрі немесе кезеңінің нақты дидактикалық материалдарынан туындайтын оқытуды ұйымдастыру кезінде аталған ресурстарды пайдалануға мүмкіндік береді: жаңа тақырыпты түсіндіруде, материалды бекітуде немесе оның білімді меңгеру дәрежесін тексеру кезінде.
Кәсіби диктордың баяндаған көрнекі көрермендік образдар арқылы теориялық материалдарды анимациялық ұсыну оқушының түрлі сезім мүшелеріне әсер етуін қамтамасыз етеді, ал бұл өз кезегінде тақырыпты бейнелі түрде қабылдауға әсерін тигізуге, пәнге деген қызығушылығы арттыруға ықпал етеді. Мектеп оқушылары көрнекі анимациялар мен бейнеклиптерді көре отырып, мектеп кабинетінде көрсету мүмкін емес нәрселерді терең танып-біле келе, танысып отырған құбылыстың мән-жайына терең бойлай түседі.
Сабақта анимациялық көрнекіліктер мен бейнероликтерді қолдана отырып жаңа материалды түсіндірудің педагогикалық амалдары мынадай мүмкіндіктер береді: проблемалық жағдаяттарды құру, салыстыру; зерделеп отырған құбылыстың басты белгілерін ажырата білу, белгілі бір дерек пен құбылысқа зейінін шоғырландыру; тірек сөздерді, терминдерді дәптерге конспектілеу, мұғалімнің сұрақтарына жауап беру, бейнеролик мәтінін қайталап айтып беру; оқушылармен әңгімелесу т.б.
Интерактивтік тапсырмалар оқушыларда пәндік білім, білік пен дағдыларды қалыптастыруға арналған, сонымен қатар олардың стандарттық емес есептерді шығара алу, өмірдің әртүрлі салаларында кездесетін проблемалар мен жағдаяттарды шеше алу қабілетін жетілдіреді. Тапсырмалардың түрлі болып келуі оқыту барысында білімді тек меңгеруден сол пән бойынша құзыреттерді қалыптастыруға қарай жүріп отырады, оқушылардың өмірдегі шынайы әрекеттерге шынайылықпен қатыса алмау мүмкіндігін жақсартады. Тәжірибелер оқушының түртпе арқылы басқарып отыратын виртуалды нысандармен түрлі операциялар жасауы арқылы іске асырылады. Бірізділікпен өтілетін нысандардың өзгерулері (геометриялық фигуралардың, зат формаларының, заттардың түстері т.б. өзгеруі) оқушыларға танымдық үдерісте белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мұндай жұмыс оқушыларды шынайы өмірде мұндай тәжірибелерді жасау мүмкіндігі болмайтын жағдайттарда жаратылыстану ғылыми тәжірибелерімен таныстыруға мүмкіндік береді.
СБР-ға жаттығулар орындау, картамен жұмыс жасау, сәйкестіктерді белгілеу, сөйлемдерді толықтыру, кесте құру, сөзжұмбақ, ребус шешу т.б. тапсырмалар енгізілген. Математика, алгебра, геометрия пәндері бойынша СБР-да көптеген жағдайларда оқушыларға әрбір кездейсоқ таңдау бойынша ұсынылатын тапсырмалар базасының маңызы зор. Сол себепті, жауапты есте қалдырудың тек механикалық жаттанды түрінен оқушының саналы есте сақтауына қарай жүру логикасы қалыптасады.
Білімді бақылау автоматтандырылған тестілеу есебінен жүргізіледі, ол оқушылардың білім жетістіктерін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді. Әрбір тақырып бойынша бақылау сұрақтарының саны оқушылардың жас ерекшелігіне қарай және тестілеуге берілетін уақытқа қарай ауытқып отырады: 1-4-сыныптар үшін – 7 сұрақ, 5-9-сыныптар үшін – 10 сұрақ, 10-11-сыныптар үшін – 15 сұрақ.
Мұғалімдерге көмек ретінде сандық білім беру ресурстарын пайдалану бойынша оқу-әдістемелік құралдары әзірленді:
- электрондық оқыту жүйесімен кіріктірілген оқу үдерісінде математика, алгебра, геометрия, физика, химия пәндері бойынша сандық білім беру ресурстарын пайдалану жөніндегі оқу-әдістемелік құрал;
- пәндер бойынша сандық білім беру ресурстарын қолданушылар нұсқауы;
- ЭОЖ-де «СБР дизайнері» модулін пайдалана отырып авторлық бағдарламаларды әзірлеу жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар.
Әдістемелік ұсынымдар ҚР БҒМ сайтында (https://e.edu.kz/98) «Педагогтерге арналған нұсқау» бөліміне, сондай-ақ Ұлттық ақпараттандыру орталығының http://nci.kz сайтына орналастырылған және барлығы да ашық қолжетімді болып табылады. Оқу-әдістемелік құралдардың мақсаты – сабақтың әрбір түрі мен кезеңіндегі нақты дидактикалық міндеттерден туындайтын нақты сабақтарда СБР-ды пайдалану тәжірибесімен таныстыру. Педагогтер ұсынылатын сабақтың сценарийлерін толық не жартылай иемдене алады, ол үшін СБР материалдарын өзінің сабақ жоспарына енгізіп, сабақтың қай кезеңінде қолдануы керектігін алдын ала анықтап алады.
9 Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері
Қазіргі уақытта адамның білімділігі тек арнайы (пәндік) білімдермен анықталмайды, отандық және әлемдік мәдениетте, құндылықтардың заманауи жүйесіндегі бағыт-бағдары бар, қоғамда әлеуметтік белсенді бейімделуге, өмірлік таңдау жасауға, өздігінен білім алуға және жетілуге қабілетті тұлға ретінде жан-жақты дамуына байланысты.
Сондықтан жалпы білім беретін мектептердегі білім беру үдерісі тек нақты бір білімге, біліктіліктер мен дағдыларға ғана бағытталмай, сонымен қатар баланың әртүрлі жоспарлы дамуына, оның шығармашылық мүмкіндіктеріне, қабілеттіліктерін ашуға және адамның жеке даралығына жататын тұлғалық бастамаларына, өздігінен әрекет жасауына, қиялына, өзіндік ерекшелігіне бағытталуы қажет. Мектептің білім беру жүйесі бала тұлғасының жан-жақты дамуын, білім беруді дараландыру мен дифференциациялау проблемаларын шешуді ескермей, білім беруді транцляциялауға бағыттағанға дейін, оқушылардың өзін-өзі анықтауы және өзін-өзі іске асыруы жарияланған ұран қалпында, жеке тұлғаға бағытталған тәсіл – орындалмайтын тапсырма күйінде қалуы мүмкін.
Бүгінгі тәжірибеде адамның білімділігіне қойылатын талаптар базалық білім берумен ғана қанағаттандырылмайтынын көрсетеді. Базалық білім беру адамның бейімділіктерін, қабілеттіліктерін және қызығушылықтарын, оның әлеуметтік және кәсіби өзін-өзі тануын дамытудың негізгі факторы болып табылатын қосымша формалды емес білім беруді қажет етеді.
Республикада алғаш рет негізгі (базалық) және балаларға қосымша білім беру тең құқылы, әрбір баланың тұлғалық және жеке даралық дамуына қажет бірін-бірі өзара толықтыратын компоненттер ретінде қарастырылуда және осыған байланысты бірыңғай білім беру кеңістігін құрайды. Осы жағдайда мектеп білім алушылардың дамуындағы зияткерлік қателіктерді жеңе алады және оларды қоғамда сәтті әлеуметтендіру негізін жасай алады.
Жаңа білім беру стандарттарын енгізу жағдайында балаларға қосымша білім беруді негізгі жалпы білім беру бағдарламаларының құрылымына енгізу өзектілігі мектепте алған білімнің тәжірибелік жағын, біліктілік пен дағдыларын, білім алушылардың танымдық мотивацияларын ынталандыруға жағдай жасайтын жалпы білім берудің вариативтік құрамдас бөлігін күшейту қажеттілігімен байланысты. Қосымша білім беру жағдайында балалар өздерінің шығармашылық әлеуеттерін, заманауи қоғамға бейімделу дағдыларын дамыту және бос уақыттарын толық ұйымдастыру мүмкіндігін алады. Бала тұлғасын «жақын арадағы даму аймағы» ретінде балаларға қосымша білім беру, балалардың қалауларымен қажеттіліктерінің әрқашан ұштасатын, білім беру үдерісін жекелендіруді, мектептің, ауданның, өңірдің білім беру үдерісінде әр балаға жеке білім беру траекториясын жасап шығаруды қамтамасыз ете алады.
Қазіргі кезде жас ұрпақты тәрбиелеуде қосымша білім берудің рөлі ұлғайып келе жатыр. Олардың өмірде өздігінен дамуын қамтамасыз ететін балалардың қабілеттіліктері мен мүмкіндіктерін анықтауға және дамытуға байланысты әлеуметтік проблемаларды шешеді.
Балаларға қосымша білім беру, тұлғаны оқытудан, тәрбиелеуден және шығармашылық дамытудан басқа, әлеуметтік маңызы бар басқа да проблемалар қатарын шеше алады, олар: балалардың бос уақытын қамтуды, олардың өздігінен жетілуін және әлеуметтік бейімделуін, салауатты өмір салтын қалыптастыруды қамтамасыз етеді, бақылаусыздықтың, құқық бұзушылықтың және балалар мен жасөспірімдер арасында бейәлеуметтік көріністердің алдын алады. Балаларға қосымша білім беру негізінде таңдау бойынша сапалы білім беруді қамтамасыз етеді, балалар мен жанұялардың әлеуметтік-экономикалық проблемаларын, жалпы қоғамның сауықтыру проблемаларын шешеді.
Балаларға қосымша білім беру балаға өзінің жеке дара білім алу жолын анықтауға, өзінің қабілеттеріне сәйкес, оқу үлгеріміне қатыссыз, табысқа жету мүмкіндігін береді. Қосымша білім беруде бала сабақтың түрлерін, мазмұнын өзі таңдайды, сәтсіздіктен қорықпайды. Осының барлығы табысқа жетудегі психологиялық ахуал тудырады, бұл өз кезегінде оқу ісіне оң әсерін тигізеді.
Қосымша білім берудің міндеттерін іске асыруда, мектеп, бір жағынан, білім беру стандарттарын меңгерту қажеттілігімен, екінші жағынан, білім беруді ізгілендірудің негізі болып табылатын білім беруді жаңғыртудың маңызды принциптерінің бірі – тұлғаның еркін дамуына жағдай жасау арасындағы барлық қарама-қайшылықтарды шешеді. Гуманистік педагогика баланы жеке дара тұлға ретінде қабылдауға, оның өздігінен дамуы және өзін-зі анықтау құқығын қорғауға бағытталуымен ерекшеленеді. Қосымша білім беру саласының осы өлшемдерге ең көп жауап беретіндігі анықталды. Мектеп стандарттарын меңгеруге, пәнге бағытталған, базалық білімге қарағанда, ол өзінің мағынасына байланысты тұлағаға бағытталған болып табылады. Тек мектеп қабырғасында білім берудің екі түрінің түйісуі негізінде бөлек бір баланың, сондай-ақ барлық білім беру ұйымдарының дамуына септігін тигізе алады. Бұл жағдайды түсіну – қосымша білім беруді негізгі білім берумен тең дәрежеде қабылдау жолындағы мектеп педагогтерінің психологиялық бөгеулерді жеңу негізі.
Қосымша білім беру қызметінің негізгі мақсаты балаларға өз ойларын білдіруге, өздігінен дамуға және өзін-өзі анықтауға жағдай жасау. Бұл мақсатты іске асыру үшін білім алушыны объект ретінде қарастырмай, белсенділік, дербестік, коммуникативтілік сияқты жеке қасиеттерді дамытуда мүмкін болып табылатын оқытудың субъектісі ретінде қарастыру қажет.
Балаларға қосымша білім беру жүйесінде білім беру үдерісі нақты өзіне ғана тән сипаттамалық ерекшеліктері бар:
– негізгі оқу уақытынан бос уақытта балалармен іске асырылады, бағыт және қызмет түрлерін таңдау, жыл бойы қызмет сферасын ауыстыру мүмкіндігі болуымен ерекшеленеді;
– еркіндікпен, бастамалармен және барлық қатысушылардың белсенділігімен (балалардың, ата-аналардың, педагогтердің), қатаң реттелмеуімен және қатаң талаптардың жоқтығымен сипатталады;
– білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған танымдық қызығушылықтарын дамытады және білім алушыларға сабақтардың түрлі бағыттары мен түрлерін үйлестіру құқығын береді;
– оның барлық қатысушыларына формалдық емес жайлылық сипатта болады.
Тек білім беру үдерісіне ғана сенім артуға болмайтыны туралы айтатын уақыт туындады, қосымша білім беруді екінші кезекте қабылдау стереотипін артта қалдыру қажет және оның оқытудың, тәрбиелеудің, баланы дамытудың ортақ үдерісіне біріктіре алатын объективті мүмкіндігін түсіну қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |