Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы



жүктеу 1,82 Mb.
бет1/8
Дата14.11.2018
өлшемі1,82 Mb.
#19447
  1   2   3   4   5   6   7   8

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы




2015-2016 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН ҰЙЫМДАРЫНДА ҒЫЛЫМ

НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ
Әдістемелік нұсқау хат

Астана


2015
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2015 жылғы 18 мамырдағы № 4 хаттама).

2015-2016 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 226 б.

Жинаққа жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң мектепалды даярлық және 1-11-сыныптарында оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша материалдар енгiзiлген. Жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң басшылары мен пән мұғалiмдерiне, бiлiм саласы қызметкерлерiне арналған.

© Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық

білім академиясы, 2015



Кіріспе
Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарында оқыту үдерісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген мектепке дейінгі және орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС 1.4.002-2012) негізінде, ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 және 2012 жылғы
20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары және мектепалды даярлық сыныптарына арналған оқу бағдарламалары («Біз мектепке барамыз», 2010 ж.) мен ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.

Ақпараттық кеңістікті кеңейту және әлемдік қоғамдастыққа кіру жағдайында адамзат ресурстарының қалыптасуындағы білім беру рөлінің өсуі еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің өлшемдері ретінде мектептің білім беру жүйесін жаңа талаптар бойынша жоспарлауы үшін маңызды.

Бүгінгі күні білім беру саласы «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басым бағыттарының бірі болып танылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіргізу туралы міндет қойған болатын. Бұл мәселені жүзеге асыруда білім беру жүйесін жетілдіру айтарлықтай рөл атқарады.

Оқыту сапасын арттыруда білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының ең үздік білім ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету; оқушылардың алған білімдері тез өзгеретін әлемде табысқа жеткізетіндігінен қанағаттану; жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру қажет.

Білім беру сапасының деңгейі халықаралық PISA, TIMSS және PIRLS салыстырмалы зерттеулері арқылы анықталады. Оқушылардың халықаралық салыстырмалы зерттеулерінің білім және білік сапасының көрсеткіші де функционалдық сауаттылық болып табылады. Қазақстандық оқушылардың осы зерттеулерге қатысу нәтижесі функционалдық сауаттылықтың қажетті деңгейде қалыптаспағанын көрсетіп отыр.

Сонымен қатар, 2014 жылы Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының (бұдан әрі – ЭЫДҰ) жүргізген зерттеулерінің қорытындысына көңіл бөлген жөн. ЭЫДҰ пікірінше, қолданыстағы орта білім берудің оқу бағдарламасын қайта қарап, толық талдау жүргізу қажет, өйткені аталған бағдарлама оқушыларға функционалдық және математикалық сауаттылықтың төменгі деңгейіне де жетуге мүмкіндік бермейді, жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларының дамуына ықпал етпейді. Осы оқу бағдарламасы аясында академиялық пәндердің көп екендігін, теорияға тым басымдық берілгендігін ескеруіміз қажет, осындай басқа да кемшіліктер бағдарламаны неғұрлым күрделірек және үлгермеуші оқушыларға қолжетімсіз етеді.

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарында қазақстандық жалпы білім беретін мектептердің PISA (15 жасар оқушылардың математикалық және ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын, сонымен бірге әртүрлі типтегі мәтіндерді түсінуін салыстырмалы бағалау), TIMSS (4-ші және 8-сынып оқушылардың математикалық және ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын салыстырмалы бағалау) және PIRLS (мәтінді оқу және түсіну сапасын зерделеу) халықаралық салыстырмалы зерттеулеріндегі нәтижесін жақсарту қажеттілігі көрсетілген.

Осыған орай, Қазақстандағы мектептегі білім беру жүйесі балалардың дағдыларын дамытуда әртүрлі оқу және өмірлік жағдаяттар, тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастар білімін қолдануға бағытталуы тиіс.



Мұғалімдерге көмек ретінде PISA, TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың математикалық, жаратылыстану-ғылыми және оқу сауаттылықтарын дамыту бойынша әдістемелік құралдар әзірленді және олар Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының (бұдан әрі – Академия) сайтында (www.nao.kz) орналастырылған. Мұнда әдістемелік ұсыныстар мен оқушылардың білім жетістігін анықтау бойынша халықаралық зерттеулерде қолданылған тапсырмалар енгізілген.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарына сәйкес оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау (бұдан әрі – ОЖСБ) аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығы бағаланады. Функционалдық сауаттылықты тексеруге арналған тест тапсырмалары алғаш рет 2014 жылы ОЖСБ тапсырмаларына қосылды.

Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, тұлғаның мектепте алған білімі, білігі мен дағдысын адамзат қызметінің әртүрлі саласында, сонымен бірге тұлғааралық қатынастар мен әлеуметтік байланыстарда кездесетін тіршілік міндеттерін жан-жақты шеше білу қабілеті ретінде түсіндіріледі.

Қазақстан Республикасында оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау аясында функционалдық сауаттылықтың мынадай түрлері бағаланады: оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі); математикалық сауаттылық; жаратылыстану ғылыми сауаттылық (физика, химия, биология, география).

Оқу сауаттылығы – оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білуі және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалана білу, қоғам өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері.

Математикалық сауаттылық – әлемдегі математиканың рөлін айқындау және түсіне білу, математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей білу және қызығушылығы бар, ойлы азаматқа тән қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттері.

Жаратылыстану ғылыми сауаттылық – жаратылыстану ғылымындағы білімін қолдана білу, қоршаған ортаны және адамзат енгізген өзгерістерді түсіну үшін, табиғи-ғылыми мәселелерге қатысты және ғылыми дәлелдермен негізделген сұрақтарды анықтап тану және негізделген қорытынды жасай білу қабілеттері.

Функционалдық сауаттылық әр мектеп пәнінің негізінде қалыптасады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оның қалыптасуын тексеру құралы шығармашылық сипаттағы тапсырмалар (зерттеу жұмыстарына бейімделген тапсырмалар; экономикалық, тарихи мазмұндағы тапсырмалар; тәжірбиеге бағытталған тапсырмалар т.б.) болып табылады.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығының қалыптасуын тексеруге арналған тапсырмалардың үлгілері ОЖСБ мен ҰБТ-ға дайындық оқу-әдістемелік құралдарында қамтылған.

Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына, оның психологиялық, рухани, физиологиялық, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін «Өзін-өзі тану» пәні функционалды тұрғыдан маңызды пәндердің бірі болып табылады. Бұл пәнді оқыту «Адамның үйлесімді дамуы» институты (Алматы, «Бөбек» ҰҒПББСО) дайындаған, ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарына арналған оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. «Өзін-өзі тану» пәнін біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша арнайы курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді.

«Өзін-өзі тану» пәнін оқыту білім берудің мектепке дейінгі деңгейінен басталады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде баланың жеке әлеуметтік қалыптасуының маңызды кезеңі болып табылады. 5-6 жастағы балалардың мектепалды даярлығы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің аяқтаушы буыны болып табылады, бұл бастауыш білім беруді алу үшін баланың бастапқы мүмкіндіктерін теңестіреді.

2014-2015 оқу жылынан бастап республиканың 24 білім беру ұйымындағы оқу және тәрбие үдерісіне рухани-адамгершілік білім беретін «Өзін-өзі тану» бағдарламасының тереңдетілген кіріктірілген моделін енгізу жүзеге асырылады деп күтілуде.

Рухани-адамгершілік білім беретін «Өзін-өзі тану» бағдарламасын басқа білім салаларымен, тұтас тәрбие үдерісімен, қосымша білім берумен тереңдете кіріктіру идеясы білім беру үдерісін ерекше формада құруды талап етеді, ол білім беру ұйымдарының жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген баланың жеке тұлғасын тәрбиелеуде біртұтас рухани-адамгершілік кеңістік құруды керек етеді.

Рухани-адамгершілік білім беретін «Өзін-өзі тану» бағдарламасының терең кіріктірілген моделінің оқу және тәрбие үдерісіне енгізудің эксперименттік алаңы болған білім беру ұйымдарында (1-қосымша), төменде анықталған педагогикалық шарттар сақталуы керек:

– сенімділік қалыптасуы керек, шабытты шығармашылық, өзіндік зерттеулерге, өзіндік даму мен өзіндік жетілдірулерге мүмкіндік беретін жағдайлар болуы керек;

– рухани-адамгершілік білім беретін «Өзін-өзі тану» бағдарламасының мектептің біртұтас педагогикалық үдерісіне кірігуін жүзеге асыру;

– өскелең ұрпақтың білім алуы мен тәрбиелену үдерісінде қолданылатын барлық әдістер мен тәсілдердің тек оң және ізгілікті болуын көздеу керек.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 17 сәуірдегі тапсырмасын жүзеге асыру және ҚР МЖМБС 1.4.002-2012 сәйкес 2015-2016 оқу жылында «Шетел тілі» пәні бастауыш мектептің 1-3-сыныптарында оқытылады.

Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында тілді меңгерудің жалпыеуропалық үлгісіне сәйкес шет тілін және оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін білім беру ұйымдарында қазақ тілін деңгейлеп меңгертуді жүзеге асыру жалғасады. Бұл жүйенің ерекшелігі – оқыту тілінің тапсырылған деңгейі.

«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 1-4-сыныптарда дүниетану оқу курсының аясында: 1-3-сыныптарда жылдық оқу жүктемесі 6 сағаттан, 4-сыныпта 10 сағаттан бастауыш сынып мұғалімінің оқытуымен іске асырылады; 5-9-сыныптарда дене шынықтыру оқу курсының аясында 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімінің оқытуымен іске асырылады; 10-11-сыныптарда алғашқы әскери дайындық оқу курсының аясында 25 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларының оқытуымен іске асырылады. «Өмір қауіпсіздігінің негіздерін» оқыту сабақтары міндетті болып табылады және оқу үдерісі кезінде жүргізіледі.

Оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында «Экономика және қаржылық сауаттылық негіздері» курсының мазмұны 4-сыныпта «Дүниетану» оқу пәнімен, 5-11-сыныптарда «Технология» оқу пәнімен кіріктіріліп оқытылады. Қосымша оқушылардың экономикалық сауаттылығын арттыру үшін «Дана Жол» қолданбалы экономика орталығымен әзірленген «Қолданбалы экономика» білім беру бағдарламасы бойынша факультативтік курсын ұйымдастыруға болады.

Бейіндік оқыту жалпы орта білім деңгейінде: қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары бойынша жүзеге асырылады. Бір немесе екі бағытты таңдау оқушылардың қажеттілігі мен ата-аналардың сұраныстарын ескере отырып мектеппен жүргізіледі. Саралап оқытуды жүзеге асыру мен екі бағыт арқылы оқушылардың танымдық қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында кәсіби-бағдарланған тәсілді жүзеге асыру аясында бейіндік пәндерді тереңдетіп оқыту енгізіледі.

ҚР МЖМБС 1.4.002-2012 сәйкес қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда сынып толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда шағын жинақты мектептерде – білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда жүзеге асырылады:

1) оқыту қазақ тілді емес 1-11-сыныптардағы қазақ тілі;

2) оқыту қазақ тілді емес 5-11-сыныптардағы қазақ әдебиеті;

3) оқыту қазақ, ұйғыр, тәжік және өзбек тілдерінде жүргізілетін
3-11-сыныптардағы орыс тілі;

4) 1-11-сыныптардағы шетел тілі;

5) 5-11-сыныптардағы информатика;

6) бейінді пәндер (жергілікті атқарушы органның құзыреттілігіне кіреді);

7) 5-11- сыныптардағы дене шынықтыру сабақтарын өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту.

5-11-сыныптардағы «Технология» пәні сынып толымдылығына қарамастан ұл және қыз балалар топтарына бөлінеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бағытындағы «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында әзірленіп, ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары бойынша «Өлкетану» (7-сынып), «Абайтану» (9-11-сыныптар) таңдау курстарын оқыту ұсынылады.

Вариативті компоненттен 9-сыныптар үшін міндетті түрде «Дінтану негіздері» курсын оқытуға 1 сағат апталық жүктеме беріледі. «Дінтану негіздері» курсын тарих немесе біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша арнайы курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді.

Білім беру салалары бойынша қолданбалы курстардың мазмұнын жобалау мен өткізу бойынша мұғалімдерге көмек ретінде әдістемелік құралдар әзірленіп, Академия сайтына (www.nao.kz) орналастырылды.

Мектеп және оқушы компоненті пәндері бойынша білім алушылардың оқу жетістігін ағымдық бағалау, сондай-ақ емтихан және ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізілмейді.

Білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі сыныптағы және сыныптан тыс (факультативті, жеке және үйірме сабақтары) оқу жұмыстарының барлық түрлерін қоса алғанда, 1-сыныпта – 24 сағаттан,
2-сыныпта – 25 сағаттан, 3-сыныпта – 29 сағаттан, 4-сыныпта – 29 сағаттан,
5-сыныпта – 32 сағаттан, 6-сыныпта – 33 сағаттан, 7-сыныпта – 34 сағаттан,
8-сыныпта – 36 сағаттан, 9-сыныпта – 38 сағаттан, 10-сыныпта – 39 сағаттан, 11-сыныпта – 39 сағаттан аспауы тиіс.

Үй тапсырмасы – мұғалімнің сабақтан кейін оқушының өз бетімен орындауына арналған тапсырмасы. Үй тапсырмасы оқушының сабақта меңгерген жаңа материалды ұмытпауының алдын алады, ойын жинақтауына мүмкіндік береді.

Үй тапсырмасы білімін өз бетінше бекітуге, сабақта алған білімін қорытуға негізделген және оқушылардың оқу материалын меңгеруіне жағдай жасайды. Үй тапсырмасын шығармашылықпен, ынтамен орындайтын оқушы міндетті түрде танымның жаңа деңгейіне көтеріледі, ол оқушының зерттеушілік қабілетін дамытуға, белгілі бір мәселені терең түсінуге ықпал етеді. Үй тапсырмасын үйде орындау оқушының үнемі өз бетімен түрлі қиындықтағы тапсырмаларды орындауына, шығармашылық қабілетін дамытуына дағдылануы үшін қажет. Бұл оқушыны белгілі бір тәртіпке, өз уақытын жоспарлауға және өзіне деген сенімділікке үйретеді.

Үй тапсырмасының негізгі түрлері төмендегідей:



  1. материалды оқулық бойынша меңгеру;

  2. әртүрлі жазба және практикалық жұмыстарды (жаттығулар) орындау;

  3. шығарма және басқа да шығармашылық жұмыстарды орындау;

  4. әртүрлі сызбалар мен диаграммаларды дайындау;

  5. биология пәнінен гербарий дайындау, табиғат құбылыстарын бақылау, сонымен қатар химия, физика және т.б. пәндерден түрлі тәжірибелік жұмыстар жүргізу.

Үй тапсырмасының тиімділігін арттыруға арналған және оқушылардың терең білім алуына мүмкіндік беретін дидактикалық әдістер:

  • оқу жұмысы үдерісінде жаңа материалды меңгерту кезінде оқушылардың үй тапсырмасын дұрыс орындауына назар аударту алғышарт болып табылады;

  • үй тапсырмасы тек репродуктивті (түсіндірмелі) әрекетке негізделмей, оқушылардан ойлауды және шығармашылықты талап ететін тапсырмаларға негізделуі тиіс;

  • үй тапсырмасын мүмкіндігінше саралап беру және пәнді терең меңгеруге талпынатын, қабілетті оқушылар үшін қиындығы жоғары қосымша тапсырмалар беру;

  • үй тапсырмасын орындаудың тиімді тәсілін ұсыну;

  • оқушыларды меңгерген материалды белсенді қолдануға және оны сапалы меңгеруде өзін-өзі бақылауды үйрету.

Кез келген сабақтың дидактикалық құрылымында үй тапсырмасын беру кезеңі болады. Ол төмендегі көрсетілген әрекеттерден тұрады:

1) әр оқушының ерекшелігін ескере отырып, үй тапсырмасы туралы ақпарат беру;

2) оқушыларға үй тапсырмасының, жекелеген жұмыстардың мақсатын, мазмұнын және орындалу тәсілдерін түсіндіру (егжей-тегжейлі нұсқаулық беру);

3) берілген тапсырманы орындау мерзімі туралы ақпарат беру.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №179 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес «Пән оқытушысы сынып журналына деректерді енгізіп, үй тапсырмаларын орындау мүмкіндігін ескере отырып, оқушыларға үй тапсырмаларын береді. Үй тапсырмаларын орындау үшін ұсынылатын уақыт (астрономиялық сағатпен): 2-3-сыныптарда – 1,5 сағаттан асырмау, 4-5-сыныптарда – 2 сағаттан асырмау, 6-8-сыныптарда – 2,5 сағаттан асырмау, 9-11 сыныптарда – 3 сағаттан асырмау керек.

«Жалпы білім беретін оқу орындарында 2015-2016 оқу жылының басталуы туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы


8 маусымдағы № 364 бұйрығына сәйкес:

1. Оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында – 32 оқу аптасын, 1-сыныптарда – 33 оқу аптасын, 2-11 сыныптарда – 34 оқу аптасын құрайды.

2. Оқу жылы барысындағы каникулдар:

1) 1-11-сыныптарда: күзгі каникул – 8 күн (2015 жылғы 4-11 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 10 күн (2015 жылғы 30 желтоқсан – 2016 жылғы


8 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 12 күн (2016 жылғы 21 наурыз – 1 сәуірді қоса алғанда);

2) мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул – 8 күн (2015 жылғы 4-11 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 14 күн (2015 жылғы 28 желтоқсан – 2016 жылғы 10 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 15 күн (2016 жылғы 21 наурыз – 4 сәуірді қоса алғанда);

3) мектепалды даярлық сыныптары мен 1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2016 жылғы 1-7 ақпанды қоса алғанда) мерзімінде белгіленеді.

Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10 және 11 сыныптарға арналған оқу басылымдарының тізбесі «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының


2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы
10 желтоқсандағы № 515 бұйрығымен, ал 1, 7 және 8 сыныптарға арналған оқу басылымдарының тізбесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 18 қарашадағы № 460 бұйрығымен анықталған.

Қолданыстағы үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес 2013 жылы 2-сынып пен 9-сыныптар үшін және 5-сынып үшін «Информатика», 1-сынып үшін «Ағылшын тілі» оқулықтары, 2014 жылы 3-сынып пен 10-сынып үшін және


2-сынып үшін «Ағылшын тілі», 6-сынып үшін «Информатика» оқулықтары, биылғы жылы 4-6-сыныптар мен 11-сыныптар және 3-сынып үшін «Ағылшын тілі», 7-сынып үшін «Информатика» оқулықтары қайтадан баспадан шықты.

Әр оқушыны оқулықтармен қамтамасыз ету үшін мұғалімдер, ата-аналар, мектеп кітапханашылары, үкіметтік емес ұйымдар, жергілікті атқарушы органдар, меценаттар жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке - оқулықпен» республикалық акциясын өткізуге қатысулары керек (2-қосымша).

Сондай-ақ, заманауи қоғамның ақпараттандыру жағдайында пән мұғалімдері АКТ-құзыреттілігін біліп, қосымша ресурстарды пайдалана отырып, соның ішінде интернет және пән бойынша ақпаратты табу мен өңдеу білігін қалыптастыруы керек.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің, оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау, мемлекеттік аттестаттау мен талапкерлерді кешенді тестілеудің тест тапсырмаларының базасын қалыптастыру ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген оқулықтардың материалдары негізінде іске асады. Сондықтан ұлттық емтихандарға және мониторингілеуге дайындық кезінде оқушылар ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген оқулықтарға сүйенуі тиіс.

Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламалары негізінде өздігінен әзірлейді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы


03 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары Академия сайтына (www.nao.kz) орналастырылды.

Оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін жалпы орта білім беретін мектептерде аударма оқулықтар немесе оқушылар мен ата-аналардың қалауымен қазақ тіліндегі оқулықтар қолданылады.

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұлттық тілде оқытылатын мектептерде оқу пәндерін көптілде оқыту бойынша мұғалімдерге көмек ретінде келесі құралдар әзірледі және олар Академияның сайтында (www.nao.kz) орналастырылды:

1) ұлттық тілде оқытылатын мектептерде көптілді оқытудың озық тәжірибесін тарату бойынша әдістемелік ұсынымдар. Әдістемелік ұсынымда қазақстандық мектептерде көптілділікті дамыту жолдары қарастырылған, ұлттық мектептерде екі тілде (мектептің оқыту тілінде және мемлекеттік тілде) қатар пәндерді оқыту ұсынылған;

2) ұлттық тілде оқытылатын мектептерде «Матеметика», «География», «Физика», «Биология» пәндерін көптілді оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар. Әдістемелік ұсынымда жалпы білім беретін мектептердегі сабақта көптілді оқытуды ұйымдастыру мен пайдалану бойынша практикалық ұсынымдар, сабақты жүргізудің типтері мен формалары, әдістемелік тәсілдердің жиынтығы көрсетілген. Пәнді көптілді оқытудың дидактикалық тәсілдері суреттелген, пән бойынша оқушылардың тілдік құзыретін және функционалды сауаттылығын дамытудағы жұмыстың мазмұны, әдістері және нысандары бойынша ұсыныстар берілген;

3) ғылым негіздері бойынша ұлттық мектептерге арналған терминологиялық сөздік. Әдістемелік құралда терминологиялық сөздікті әзірлеудің әдістемелік негіздері ашылып, қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдеріндегі оқу әдебиеттерін оқып білуде көмек болатын кең таралымды және жиі қолданыстағы пәндік терминдердің жиынтығы берілген. Сөздікте ұлттық тілде оқытатын мектептерде тілдік пәндердің бірыңғай тақырыптық минимумы көрсетілген және ғылым негіздері бойынша көрсетілген тілдерде шамамен 11500 термин мен сөз тіркестері жинақталған.

Жалпы білім беру мектептерінің әкімшілігіне оқыту үдерісін және мектепішілік бақылауды тиімді ұйымдастыру үшін нормативтер ұсынылады (1-кесте).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидаларының» 18-тармағына сәйкес ата-аналардың немесе өзге де заңды өкiлдердiң мүдделерiн ескере отырып, жергiлiктi білім берудi басқару органдарымен келісім бойынша білім беру ұйымдарында даму мүмкіндігі шектеулі балалармен дені сау балалардың бірлесіп оқитын сыныптары (бір сыныпта даму мүмкіндігі шектеулі екі баладан артық оқытылмауы тиіс) немесе арнайы білім беру ұйымдарының үлгілік қағидаларында көрсетілген толымдылыққа сәйкес бұзушылық түрлері бойынша арнайы сыныптар ашылуы мүмкiн.


1-кесте – Оқу үдерісі мен мектепішілік бақылауды ұйымдастыруды жүзеге асыру нормативтері




Бақылау нысанасы

Нормасы

1

Сабақтарға және сыныптан тыс іс-шараларға қатысу және оларды талдау

Аптасына 3-4 сабақ (директордың орынбасарлары үшін);

Аптасына 3 сабақ (мектеп директорлары үшін).



2

Сынып журналдарын тексеру

Айына 1 рет, жылына 8-10 рет

3

Оқушылардың күнделіктерін тексеру

Айына 1 рет, жылына 8-10 рет

4

Пәндер бойынша оқу бағдарламалары-ның орындалуын тексеру

Тоқсанына 1 рет, жылына 4 рет

5

Оқушылардың жеке іс құжаттарын тексеру

Жылына 2 рет

6

Пәндер бойынша тақырыптық және күнтізбелік жоспарларды тексеру

Жылына 1-2 рет


Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабы 5-тармағына сәйкес денсаулық жағдайына қарай ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдарға бара алмайтын азаматтар үшін үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда тегін жеке оқыту ұйымдастырылады.

Даму мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың білім алуы, даму бұзушылықтарының түзетілуі және әлеуметтік бейімделуі үшін жағдай жасалады.



Білім беру ұйымдары оқу үдерісін қашықтықтан білім беру технологиялары (бұдан әрі – ҚБТ) бойынша өз бетінше іске асыра алады.

Оқу үдерісін ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығымен бекітілген «Қашықтықтан білім беру технологиялар бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары» (бұдан әрі – Қағидалар) бойынша жүзеге асады.

Қағидалар бойынша ҚБТ барлық білім беру деңгейлерінде мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар оның ішінде мүгедек балалар, I және II топтағы мүгедектер болып табылатын білім алушылар үшін қолданылады. ҚБТ бойынша оқуға ниет білдірген білім алушылар еркін нысанды білім беру ұйымы басшысының атына растаушы құжаттарды ұсына отырып оқуда ҚБТ-ын пайдалану мүмкіндігі туралы уәждемелі негіздемелері бар өтініш жазады. Мүгедек балалар ҚБТ бойынша оқу процесіне қатысу мүмкіндігі туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация ұсынымдарын береді. Жалпы білім беру ұйымдарында ҚБТ бойынша оқыту бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің оқу жоспарлары бойынша жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңына сәйкес экстернат – білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі және жергілікті атқарушы орган негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді.

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау», «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» және «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың төлнұсқаларын беру» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары» бойынша жүзеге асады.

«12 жылдық жалпы орта білім беру құрылымы мен мазмұнына жетілдіру бойынша эксперимент өткізу туралы» Ережелер туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 1 тамыздағы № 593 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі №132 бұйрығына сәйкес 2015-2016 оқу жылында 12 жылдық білім беруге көшу бойынша эксперименттік сыныптардағы оқушыларды оқытудың одан арғы траекториясы анықталды.

Осы бұйрыққа сәйкес 10-шы эксперименттік сыныптың оқушылары 2014-2015 оқу жылында негізгі мектепті аяқтағаннан кейін 11 жылдық мектептің 11-сыныбына көшіріледі немесе ата-аналарының өтініші мен педагогикалық кеңестің шешімі негізінде 11 жылдық мектептің сәйкесінше 10-сыныбына көшірілуі мүмкін.

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында экономиканың тұрақты өсуі үшін сапалы білім беруге қол жеткізуді қамтамасыз ету жолында білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адам капиталын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері мұғалімдерінің біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламасы бойынша оқуға педагог кадрларды белсенді тарту болып табылады.

Бағдарламаны іске асырудың тұжырымдамалық негіздері мен деңгейлік қағидаттары оқып шыққан сертификатталған педагог кадрларға коучинг пен менторинг үдерісі арқылы оқытудың тәжірибесін өзгертуге, желілік педагогикалық қоғамдастық қызметі ХХI ғасырда оқушылардың сын тұрғысынан ойлау, өзін-өзі ынталандыру, өзін-өзі реттеу, оқи білу дағдыларын белсенді әрі табысты қолдануға дайындығын қалыптастыруға ықпал ететін қажетті білім ортасын құруға мүмкіндік береді.

Үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша оқып шыққан мұғалімдер:


  • жоспарлау үдерісін, бағалау жүйесі мен рефлексиялауды жетілдіруі, жеті модуль тақырыбында кіріктірілген тізбекті сабақтар серияларын іске асыруға тиіс.

Екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша оқып шыққан мұғалімдер:

  • менторинг мен коучинг арқылы мектепте әріптестерінің жұмыс тәжірибесін жетілдіруі, мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығын ұйымдастыруы, сынып аясында жоспарлауды және іс-әрекеттегі зерттеу жүргізуі тиіс.

Бірінші (жетік) деңгей бағдарламасы бойынша оқып шыққан мұғалімдер:

  • мектепте және оның сыртындағы мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығын, соның ішінде коучинг пен менторинг үдерісін жүзеге асыратын мектеп мұғалімдері тобын ұйымдастыруы;

  • білім беру саласында мұғалімдердің зерттеу жүргізу әдістерін түсіндіруді дамытуы; мектеп көлемінде іс-әрекеттегі зерттеуді жоспарлауы және өткізуі тиіс.

Сертификатталған педагог кадрлардың ынтымақтастығын, сондай-ақ деңгейлік бағдарлама бойынша оқудан өтпеген мұғалімдерді үдеріске тартуды қамтамасыз ету үшін желілік ұйымдастырушы ретінде бекітілген, желілік қоғамдастықты құруда көшбасшылық функцияларды іске асыратын ұжым, Қазақстан Республикасының орта білім беру мазмұнын жаңартуды қолдаушы мектептер (жетекші мектеп) арқылы бағдарлама идеяларының орындалуы жүзеге асырылады.

Бағдарламаның түйінді идеяларын бақылап отыру және жүзеге асырылуын мониторингілеу үшін жалпы білім беретін ұйымдардың басшылығы (директор, оның орынбасарлары) оқытудан өткен мұғалімдермен практикалық іс-шаралардың кешенін іске асыруы тиіс:



(Бағдарламаның үшінші (базалық) деңгейі бойынша оқып шыққан мұғалімдерде)

  • бағдарламаның 7 модулін қолданудың, сабақтарға қатысу арқылы оқытуда инновациялық тәсілдерді қолданудың тиімділігін бақылау;

  • сол мұғалімнен білім алатын оқушылардың білім сапасына мониторинг жүргізу.

(Бағдарламаның екінші (негізгі) деңгейі бойынша оқып шыққан мұғалімдерде)

  • бағдарламаның 7 модулін қолданудың, сабақтарға қатысу арқылы оқытуда инновациялық тәсілдерді қолданудың тиімділігін бақылау;

  • сол мұғалімнен білім алатын оқушылардың білім сапасына мониторинг жүргізу;

  • мұғалімнің өзі зерттеуін іске қосу барысында қызметінің нәтижелілігін қадағалау;

  • әріптестерін оқытудың әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілгенін анықтау (жоспарлау, кесте құрастыру);

  • бағдарламаның үшінші (базалық) деңгейі бойынша әріптестер тобының оқытуының табыстылығына талдау жүргізу (6-10 адам);

  • әріптестеріне коучинг және мониторингті меңгертудегі мұғалімнің жұмысына бақылау жүргізу.

(Бағдарламаның бірінші (жетік) деңгейі бойынша оқып шыққан мұғалімдерде)

  • бағдарламаның 7 модулін қолданудың, сабақтарға қатысу арқылы оқытуда инновациялық тәсілдерді қолданудың тиімділігін бақылау;

  • сол мұғалімнен білім алатын оқушылардың білім сапасына мониторинг жүргізу;

  • мұғалімнің өзі зерттеуін іске қосу барысында қызметінің нәтижелілігін қадағалау;

  • әріптестерін оқытудың әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілгенін анықтау (жоспарлау, кесте құрастыру);

  • бағдарламаның екінші (негізгі) деңгейі бойынша әріптестер тобының оқытуының табыстылығына талдау жүргізу (6-10 адам);

  • әріптестеріне коучинг және мониторингті меңгертудегі мұғалімнің жұмысына бақылау жүргізу;

  • мұғалімдердің кәсіби қауымдастығының мектепте және одан тыс жерлерде ұйымына, қызмет етуіне бақылау жасау;

  • деңгейлік курстардан өткен мұғалімдердің түсініктері бойынша талдау жасау, білім беру саласындағы зерттеулердің әдістерін түсінуі және жоспар құру мен мектеп көлемінде зерттеу жүргізуі бойынша нақты практикалық әрекеттер жасау қабілетіне талдау жасау.

Білім беру қызметін ұйымдастыру кезінде жалпы білім беру ұйымдары басшылыққа алатын Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық құжаттарының тізімі осы әдістемелік-нұсқау хаттың 3-қосымшасында көрсетілген. Құжаттар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сайтындағы (http://www.adilet.gov.kz) «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйе» (http://adilet.zan.kz) блогында орналастырылған.


жүктеу 1,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау