Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы


Русская литература в школах с нерусским языком обучения



жүктеу 2,12 Mb.
бет4/4
Дата14.05.2018
өлшемі2,12 Mb.
#12368
1   2   3   4

Русская литература в школах с нерусским языком обучения

Учебный предмет «Русская литература» входит в образовательную область «Язык и литература» и преподается как обязательный предмет в средней школе. Основной целью обучения предмета «Русская литература» является приобщение учащихся к сокровищницам русской литературы как части мировой культуры путем изучения классических произведений во взаимосвязи с другими видами искусства и раскрытия русско-казахских литературных связей; овладение методикой анализа художественных произведений на русском языке.

Задачами обучения предмету в области предметных результатов являются: формирование знаний об общих тенденциях развития русской литературы, связи литературного произведения с эпохой его написания; сообщение биографических данных и сведений о творческой деятельности писателей-классиков русской и казахской литературы; формирование представления о художественном произведении с точки зрения его идейной, историко-литературоведческой, нравственно-этической основы; формирование у учащихся комплекса умений и навыков анализа художественного произведения с использованием теоретико-литературных и эстетических понятий; развитие умений соотносить оригинал и перевод художественного произведения, сопоставлять произведения русской, казахской и других национальных литератур, выявлять их взаимосвязь в контексте диалога культур, определять их национально-культурное своеобразие; развитие способности высказывать оценку о прочитанном с использованием философских, культурологических и литературоведческих материалов; совершенствование устной и письменной речи на основе лучших образцов художественного слова.

Большое внимание в 10-11 классах уделяется вопросам взаимосвязанного изучения родной и русской литератур на основе разработанного принципа общности и национального своеобразия. Такой подход позволяет, не отчуждая нерусских учащихся от родной литературы и культуры, приобщить их к высоким нравственным и эстетическим ценностям русской литературы. Приобретенный в процессе изучения родной литературы духовный опыт учащихся расширяется и обогащается благодаря знакомству с лучшими произведениями русской литературной классики.

В 10-11 классах изучается систематический курс русской литературы на хронологической (историко-литературной) основе, который распределен между двумя годами обучения: в 10 классе изучается русская литература
19 века, в 11 – русская литература XX века.

В 10 классе читательские интересы учащихся сконцентрированы на понимании и интерпретации объемных и сложных произведений русской классической литературы. Это, прежде всего, романы второй половины 19 века (И.С.Тургенева, Ф.М.Достоевского, М.Е.Салтыкова-Щедрина, Л.Н.Толстого), а также повести и рассказы писателей 19 века – начала 20 века (А.С.Пушкина, Н.В.Гоголя, А.П.Чехова, А.И.Куприна), лирика (А.С.Пушкина, М.Ю.Лермонтова, Ф.И.Тютчева, А.А.Фета, Н.А.Некрасова), поэмы А.С.Пушкина, Н.А.Некрасова, пьесы А.Н.Островского и А.П.Чехова.

В 11 классе полностью завершается курс изучения литературы. Помимо усвоения учащимися новых знаний и совершенствования уже выработанных умений и навыков, осуществляется подведение итогов по изучению и осмыслению основных особенностей литературы как вида искусства и ее эстетической, духовной и нравственной роли в истории русской, родной и мировой культуры.

На уровне общего среднего образования осуществляется профильное обучение, которое реализуется по двум направлениям: естественно-математическому и общественно-гуманитарному.

В 10-11 классах общественно-гуманитарного направления особое внимание уделяется монографическим и обзорным темам, сочетание которых дает возможность не только познакомить учащихся с выдающимися произведениями, но и показать место этих произведений в общем развитии литературы и определить их значение для прошлого и настоящего. В центре каждой монографической темы – изучение одного или нескольких произведений писателя, которые обязательно прочитываются учащимися. Аналитическая работа опирается на непосредственное эмоциональное восприятие художественного текста.

В то же время изучение русской литературы в 10-11 классах общественно-гуманитарного направления должно способствовать совершенствованию русской речи учащихся. Необходимо учитывать то, что предлагаемый курс является курсом повышенного уровня сложности и рассчитывается на учащихся, которые планируют в дальнейшем овладеть профессиональными специальностями, связанными с изучением общественных и гуманитарных наук – отсюда и внимание к таким профориентационным моментам, которые связаны с культурой работы с художественным текстом, с техникой оформления результатов своих наблюдений за различными формами владения устной и письменной речью, приемами исследовательской деятельности.

В 10-11 классах естественно-математического направления для текстуального изучения в курсе русской литературы выделяются лишь отдельные, главным образом вершинные, произведения писателей, изучаемых монографически. При рассмотрении монографических тем учащиеся знакомятся с основными фактами жизни и творчества писателя, получают представление о его личности и особенностях творчества. С повествованием о жизненном и творческом пути писателя органически связывается рассказ о произведениях, в которых содержится необходимый комментарий. Для систематизации и пополнения историко-литературных знаний учащимся предлагается несколько обзорных тем, которые преподносятся кратко.

Учащийся средней школы по окончании ее должен:

- владеть запасом базовых терминов по теории литературы;

- читать разножанровые литературные тексты;

- использовать разнообразные способы литературоведческой интерпретации художественных произведений;

- владеть основами целостного и комплексного анализа текста и различными формами письменной рефлексии;

- выявлять эстетическое своеобразие и этнокультурную специфику различных литератур.

Количество часов в неделюпо литературе составляет:

общественно-гуманитарное направление:

- в 10 классе 2 часа в неделю, общее количество – 68 часов; из них на: чтение и изучение – 58 часов, внеклассное чтение – 4 часа, развитие речи –


6 часов;

- в 11 классе 1 час в неделю, общее количество – 34 часа; из них на: чтение и изучение – 28 часов, внеклассное чтение – 4 часа, развитие речи – 2 часа;



естественно-математическое направление:

- в 10,11 классах 1 час в неделю, общее количество – 34 часа; из них на: чтение и изучение – 30 часов, внеклассное чтение – 2 часа, развитие речи –


2 часа.

Для учащихся 10-11 классов большое значение имеет внеклассная работа по литературе, которая представляет собой сложную многообразную систему. Она складывается из следующих видов работы:

- повседневной (руководство внеклассным чтением);

- эпизодической (читательские конференции, литературные и поэтические вечера, экскурсии);

- циклической (работа кружков, объединений, клубов, музеев и др.).

Внеклассная работа может быть индивидуальной, групповой и массовой. Для внеклассных занятий характерны свои особые формы работы, встречи с поэтами-земляками; занятия-концерты, на которых звучат стихи в исполнении учеников, экскурсии в лес, литературно-краеведческие экскурсии, экскурсии по памятным местам родного края; уроки внеклассного чтения.

В результате процесса информатизации среднего образования Республики Казахстан многие общеобразовательные школы получили возможность использовать компьютерную коммуникацию и новые информационные технологии как в учебном процессе, так и во внеурочной и внеклассной работе с учащимися.

Использование компьютеров и телекоммуникаций во внеклассной работе позволяет не только активизировать познавательную деятельность учащихся, но и развивать творческие и коммуникативные способности школьников, их кругозор, культуру, самосознание.

Виды работ учащихся с применением новых информационных технологий таковы:

- составление докладов, выступлений, рефератов с использованием электронных энциклопедий и Internet-источников;

- подготовка различных текстов, таблиц, рисунков, творческих работ;

- подготовка коллективных проектов, их презентаций;

- выпуск школьных и классных газет в электронном и печатном вариантах;

- участие в научно-практических конференциях учащихся с демонстрацией выступлений в форме презентаций;

- участие в Интернет-олимпиадах, конкурсах по литературе.
Шетел тілі

Үздіксіздік және сабақтастық ұстанымдарына сәйкес 10-11-сыныптарда шет тілдерін оқыту мәдениетаралық-қатысымдық құзыреттілікті және оның құрамдас бөліктерін: лексикалық және грамматикалық минимумды кеңейтуге, тілдік, сөйлеу дағдыларын жетілдіруге, бейімделу және әлеуметтік-мәдени біліктерін әрі қарай дамытуға бағытталған.

Оқуды аяқтағанда, оқушылардың келесідей тілді меңгерудің жалпы еуропалық деңгейіне жету жоспарланған:

10-сынып – В1 («Қалыптасқан игерім 1»);

11-сынып – В1+ («Қалыптасқан игерім 1.2»).

Шет тілін тәрбиелік, танымдық және басқа ұлттық мәдениетпен және оны жеткізушілермен өзара әрекет ету құралы ретінде оқу болашақта бәсекеге қабілетті маман даярлау үшін оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, болашақта шет тілін меңгеру дағдысының артуын ілгерілетуге бағытталған. Орта мектептің жоғары сынып оқушыларына шет тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері осылайша шарттасады.

«Шет тілі» оқу пәнін оқытудың мақсаттары оқушылардың коммуникативтік құзыреттерін жетілдіруден және өзінің мәдениетін әлемдік масштабта кеңінен насихаттай алатын, болашақ мамандығында шет тілін тәжірибе жүзінде қолдана алатын көпмәдениетті, көптілді тұлғаны қалыптастырудан тұрады.

10-11-сыныптарға арналған «Шет тілі» оқу пәнін оқытудың міндеттеріне:



  • дағдылар мен шеберлікті дамыту және жетілдіру, нақты коммуникативтік міндеттерді шешуге арналған тілдік материалды пайдалану;

  • оқушыларды ауызша хабарламалар, жоба ашылымдарын құруға дайындау;

  • оқушыны әртүрлі ақпарат көзінен алынған кәсіби маңызы бар ақпаратты алу, талдау, жалпылау және жіктеуге үйрету;

  • шеттілдік сөзді тыңдап қабылдау қабілетін дамыту, әртүрлі жанрлардағы аутенттік аудио, бейнемәтндердің негізгі мазмұнын түсіну, тыңдалған/көргеніне қатысты өз ойын айта білу;

  • әртүрлі стильдегі аутенттік мазмұндағы мәтіндерді оқу және түсіну шеберліктерін дамыту, оқыған мәтінге өз пікірін айту;

  • жеке, іскерлік хат алмасуды жүргізу дағдысын жетілдіру, түйіндеме толтыру, берілген тақырпқа эссе жазу;

  • IELTS, TOEFL сияқты халықаралық талаптарға сай келетін тест тапсырмадарын орындау дағдысын қалыптастыру;

  • өз құрдастарымен, мұғалімімен, басқа тілде сөйлеушімен қарым-қатынас жасау кезінде әлеуметтік мәдени материалды пайдалану;

  • заманауи ақпараттық технологияларды, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалауды пайдалана отырып, оқушыларды жеке жұмыс жасауға жұмылдыру.

  • жеке-бағдарлы, құзыреттік, жүйелік, лингво-мәдени және проблемалық тәсідер негізінде шеттілдік білім беруді жүзеге асыру.

  • жеке, іскерлік хат алмасу, түйіндеме жазу, берілген тақырыпқа эссе жазу дағдыларын жетілдіру.

Нақты бейіндік бағытталуға білім беру мазмұнын қайтақұрылымдау, яғни жалпы білім беретін тақырыптамаларды қысқарту және оқушының болашақ мамандығына бағытталған аутенттік оқу материалдарын енгізу, бейіндік бағыттағы мәтіндік материал негізінде сөздік қорды байыту арқылы коммуникативтік құзыретті жетілдіру арқылы қол жеткізіледі.

Таңдалған бағыт бойынша оқу материалының мазмұны, көлемі мен сипаты анықталады. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарда шет тілін меңгеру пәнді тереңдетіп оқуға бағытталған. Оқыту барысында оқушылардың белсенділігі мен интерактивтілігін дамытуға, оқушылардың ақпаратты іздеу, жүйелеу, талдау іскерліктерін қалыптастыратын ақпараттық-ізденушілік, ақпараттық-анықтамалық бағдарлама құралдарын пайдалана отырып, өз бетімен жұмыс істеу қабілетін жетілдіруге, оқу материалының кәсіптік бағытталғанына, функционалдық сауаттылығына ерекше мән беріледі. Сол себептен оқыту міндеттеріне көркем мәтінді саралау кезіндегі талдау және зерттеу қабілеттерін дамытуды да жатқызады.

Түпнұсқалық материалдарды қолдану таңдалған бейінінің ерекшеліктері жайлы қарапайым білімдерін қалыптастыруға, болашақ мамандықты меңгеруде, ғылыми-техникалық прогреске қатысуда, таңдалған бейіндік бағыт аясында жалпы ой-өрісін кеңейтуде шет тілінің маңызын жете түсінуге мүмкіндік береді. Шет тіліне оқытудың бейіндік бағытталған тәсілі тілді болашақ кәсіптік қызметте қолдану мақсатымен әрі қарай жоғары оқу орнында білім алу үшін жеткілікті негіз құруға мүмкіндік туғызады.

Бейіндік білім беру сатысында өзге тілді білімді жаңарту мен жетілдіру келесідей мақсаттарға бағытталуы мүмкін:



  • қолданыстағы типтік бағдарламалар мен оқу материалдарындағы пәнді оқытудың мақсатын, мазмұны мен технологиясын бірізге түсіру;

  • өзге тілді бейіндік оқытудың вариативтік бағдарламаларын әзірлеу;

  • білім мазмұнының пәндік жағының тұлғалық және бейіндік бағытталуын күшейту;

  • деңгейлік дифференциялау технологиясын, ақпараттық-коммуникациялық технологияны, жобалау және зерттеу қызметтерін қолдану. Шет тілі бойынша сағат саны:

қоғамдық-гуманитарлық бағыт:

10-11 сыныптарда – аптасына 4 сағаттан, жылына жалпы сағат саны – әр сыныпта 136 сағатты құрайды;



жаратылыстану-математикалық бағыт:

10-11 сыныптарда аптасына 2 сағаттан, жылына жалпы сағат саны – әр сыныпта 68 сағатты құрайды.


3.2 «Математика және информатика» білім саласы
Математика

Жалпы орта білім деңгейіндематематиканыоқыту келесі мақсаттарға жетуге бағытталған: салалас пәндер мен қолданбалы есептерді шығару және сипаттау үшін математикалық модельдерді құрастыру мен зерттеу; математикалық материалдар бойынша есептерді шығару алгоритмдерін өздігінен құру және орындау; практикалық сипаттағы есептеулерді орындау; математикалық формулаларды қолдану және жеке жағдайларды жалпылау негізінде математикалық формулаларды өздігінен құру.

10-11-сыныптарда алгебра және анализ бастамалары курсын оқытуға сағат санының көбеюіоқу жылының басында 10-сыныпта 7-9-сыныптардағы алгебра курсында және 11-сыныпта 10-сыныптағы алгебра және анализ бастамалары курсында игерілген математикалық білімдерін қайталауға, тереңдетуге және жүйелеуге уақыт бөлуге мүмкіндік берді. 10-сыныптың екі бағыты бойынша алгебра және анализ бастамаларының оқу бағдарламаларында бірдей тақырыптарды беру арқылы оқушылардың ҰБТ-ге дайындауда математикалық материал мазмұнын меңгеруге бірдей жағдай жасау қамтамасыз етілді.

Оқу жүктемесіне сағат санының қосылуы математикалық материалдың мазмұнын беру ретін жетілдіруге, оқу бағдарламасындағы материалды игеруге көп уақыт бөлуге мүмкіндік берді.


Алгебра және анализ бастамалары

Алгебра және анализ бастамалары курсымен орта мектептегі алгебраны оқыту аяқталады. Берілген курс анализ бастамаларына қатысты ұғымдарды, тұжырымдар мен әдістерді мазмұндық ашумен,олардың тәжірибелік маңыздылығын айқындаумен сипатталады.

Алгебра және анализ бастамаларын игеру оқушылардың ой-өрісін, логикалық пайымдау, дәлелдеулер жүргізу, практикалық есептерді шығару барысында математикалық білімдерін қолдану біліктігін дамытуға бағытталған; математикалық оқу қызметіне оқушыларды қатыстыруға, олардың математикалық материалды түсінуіне бағытталған жұмыстардың белсенді түрлерін көбейтуді көздейді. Сонымен қатар математиканы оқытудың бір құрамдас бөлігі ретінде визуальды оқытуды күшейту мақсатында ақпараттық технологияларды қолдануға көңіл бөлінеді.

Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы10-11-сыныптардың «Алгебра және анализ бастамалары»пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың табиғат құбылыстарын түсінуге, қоршаған ортаның нысаналарын және саралас пәндерді игеруге қажетті математикалық ұғымдармен және олардың қасиеттерімен таныстыру.



Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарда математика курсын оқытудың ерекшелігі – адамның жалпы мәдени дамуына бағыттау, математика заңдарымен таныстыру және қазіргі өмірде еркін бағдар алуға қажетті адам қызметімен байланысты математикалық білім мен біліктілікті қалыптастыру болып табылады. Берілген курс үшін көптеген дәлелдеулері бар теориялық деректер берілмейді, теоремалардың қатаң түрде дәлелдеулері өте аз мөлшерде, негізінен, нақтылы пайымдаулардың үлгілері ретінде беріледі, түсіндірулер көрнекіліктермен негізделеді, жаттығулардың күрделілігі қарапайым деңгейімен шектеледі. Курстың кейбір дәстүрлі бөлімдері жалпыланған түрде (дәлелдеулерсіз, түсініктер деңгейінде) оқытылады.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы және математика тереңдетіліп оқытылатын сыныптарда тарихи мәліметтерді қарастырудың маңызы зор. Әсіресе тілдерді тереңдетіп оқытатын сыныптарда математикалық терминдердің шығуы мен дамуына ерекше назар аударылғаны жөн.



Жаратылыстану-математика бағытындағы сыныптарда математика пәнін оқыту математикадан білімі мен біліктілігінің белгілі деңгейін талап ететін мамандық бойынша оқу орнында оқушының оқуын жалғастыру мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

Жаратылыстану-математика бағыты бойынша математикадан білім беру мазмұны оқушылардың бойында қоршаған әлем туралы біртұтас түсініктің қалыптасуына, оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін жалпы ғылыми біліктерді меңгеруіне бағытталған. Кейбір нақты математикалық жағдаяттардың математикалық моделін интерпретациялауда және құрастыруда қалыптасатын біліктілік жаратылыстану-математикалық бағытта шынайы үдерістер мен құбылыстарды, теориялық мәселелерді зерттеуде және қолданбалы есептер шығаруда қолданылады. Математиканы оқытуда қалыптасқан теориялық сұрақтар мен есептерді шешудің зерттеу аппараты жаратылыстану-математика пәндерін оқыту үшін үлкен рөл атқарады.

10-11-сыныптардағы алгебра және анализ бастамалары пәнінің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыттары бойынша сағат саны: аптасына 3 сағаттан, әрбір сыныпта оқу жылында 102 сағатты құрайды.


Геометрия

Геометрия – бізді қоршаған әлемдегі кеңістіктік формаларды модельдеп қана қоймай, олардың қасиеттерінің арасындағы логикалық байланыстарды орнататын математиканың бөлімі.

Жалпы орта білім беру деңгейіндегі геометрия курсының мазмұны кеңістіктегі геометриялық фигураларды және олардың қасиеттерін, геометриялық шамаларды өлшеуді оқып білуді қарастырады.

10-11-сыныптарда геометрия курсын оқып білу интеллектуалды дамыған тұлғаны тәрбиелеуде логикалық ойлауды одан әрі дамыту; тұрақты кеңістіктік түсініктерді және кеңістіктік елестерді дамыту; кеңістіктік фигураларды кескіндеу дағдыларын дамыту; геометриялық білім негізінде практикалық және математикалық іс-әрекеттер дағдыларын дамыту; бейнелік ойлауды дамыту; функционалдық сауаттылықты дамыту; графикалық сауаттылықты, эстетикалық талғамды дамыту; геометрия тарихымен және оның ғылыми-техникалық прогрестің дамуына әсерін таныстыру арқылы тұлғаның мәдениетін тәрбиелеумақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.

Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11-сыныптарда геометрия курсын оқу пәні ретіндеоқытудың мақсатыбарлық оқушыларды одан әрі жоғары мектепте оқуын жалғастыруы үшін геометрия аймағындағы математикалық дайындықтың қажетті деңгейімен қамтамасыз ету; оқушыларға сабақтас пәндерді оқып білуге қажетті геометриялық білім мен біліктер жүйесін меңгерту болып табылады.

Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11-сыныптарда геометрияны оқытудың міндеттері: болашақ практикалық қызметіне қажетті негізгі стереометриялық деректер мен әдістер туралы білім жүйесін қалыптастыру; дедукциялық ойлау (тура әдіс, қарсы ұйғару әдісі) дағдыларын дамыту; жазық және кеңістіктік фигуралардың қасиеттері туралы теориялық білім қорын кеңейту; кеңістіктік фигуралардың кескіндерін салу біліктігі мен дағдыларын дамыту; күрделілігі әртүрлі суреттердегі геометриялық фигураларды танып білу, есептерді шешу кезінде қосымша салулар мен көмекші сызбаларды пайдалану біліктігі мен дағдыларын дамыту; нақтылы объектіні бір немесе бірнеше геометриялық фигуралар түрінде бере білу біліктігі мен дағдыларын дамыту; есептеуге және дәлелдеуге арналған геометриялық есептерді шешу біліктігі мен дағдыларын дамыту; геометриялық есептерді шешуде алгебраны және тригонометрияны қолдану біліктігі мен дағдыларын дамыту; практикалық мазмұнды есептерді шешуде геометриялық әдістерді қолдану біліктігі мен дағдыларын қалыптастыру.

Жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарда геометрия курсын оқу пәні ретіндеоқытудың мақсаты – барлық оқушыларды одан әрі математика облыстарында білім алуын жалғастыруы мен өздігінен әрекет етуі үшін, сонымен қатар болашақ кәсіби қызметі үшін геометрия аймағындағы математикалық дайындықтың қажетті деңгейімен қамтамасыз ету.
Жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарда геометрияны оқытудың міндеттері: кеңістіктік фигуралардың қасиеттері туралы білім жүйесін қалыптастыру; кеңістіктік фигуралардың қасиеттерін оқу барысында формалды-логикалық ойлау дағдыларын дамыту; кеңістіктік фигуралардың кескіндерін және осы кескіндерде қосымша салуларды салу біліктігі мен дағдыларын дамыту; сызбалардағы кескіндері бойынша жазық және кеңістіктік геометриялық фигураларды танып білу біліктігі мен дағдыларын дамыту; кеңістіктік фигуралардың симметриялары туралы тұрақты түсініктерін қалыптастыру; геометриялық шамаларды өлшеу туралы білім жүйесін қалыптастыру; есептеуге және дәлелдеуге арналған геометриялық есептерді шешу біліктігі мен дағдыларын дамыту; геометриялық есептерді шешуде алгебраны және тригонометрияны қолдану біліктігі мен дағдыларын дамыту; нақтылы объектіні бір немесе бірнеше геометриялық фигуралар түрінде бере білу біліктігін дамыту; практикалық мазмұнды есептерді шешуде геометриялық әдістерді қолдану біліктігі мен дағдыларын қалыптастыру; жазық және кеңістіктік геометриялық фигуралардың қасиеттері мен геометриялық шамаларды табу туралы ғылыми ақпараттарды жинақтай, талдай, өңдей және пайдалана білу біліктігін дамыту; жүргізілген зерттеулерді безендіру, түсіндіру және дәлелдеу үшін геометриялық модельдер мен көрнекі құралдарды түсіне және пайдалана білу біліктігін дамыту.

10-11-сыныптардағы геометрия курсында кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтардың өзара орналасуы, екіжақты бұрыштардың геометриялық модельдерде (призма, пирамида, дұрыс көпжақтар және т.б.) қарастырылуы көрнекіліктермен баяндалуы қажет. Бұл «Геометрия» пәнін анағұрлым көрнекті етуге және стереометрияның теоремалары мен қасиеттерін иллюстрациялауға мүмкіндік береді. Кеңістіктегі фигуралардың жазықтықтағы кескіндеріне және олардың жазықтықпен қималарына назар аударған жөн. Есептерді шығару барысында оқушылар қандай формуланы пайдалану керектігін, яғни геометриялық фигураның оның өлшемімен байланысын анықтап алуы керек. Кейін есептің шартына байланысты немесе формулаға қажетті ішкі параметрлерінің барлық мәндерін тауып, формула бойынша есептеу жүзеге асырылады.

Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы геометрия курсында оқушылар кеңістіктік геометриялық фигуралармен (екіжақты бұрыш, жартыкеңістік, көпжақтар, айналу денелері) және олардың қасиеттерімен танысады. Оқушылар кеңістіктегі геометриялық фигуралардың өзара орналасуын; геометриялық шамаларды (екіжақты бұрыштарды, беттің ауданын, геометриялық дененің көлемін) өлшеуді; көпжақтардың, айналу денелерінің және олардың жазықтықпен қималарының кескіндерін салуды; кеңістіктегі нүктелердің және векторлардың координаталарын оқып біледі. Бұл бағытта геометриялық білім мазмұнындағы көптеген теориялық деректер дәлелдеулерсіз қарастырылып, теоремалар мен қасиеттердің дәлелдеулері көрнекілік түсініктер негізінде берілуі және қарапайым деңгейдегі жаттығулармен шектелуі тиіс. Жекелеген тараулар түсініктермен, дәлелдеулерсіз және күрделі өзгеріссіз оқытылуы қажет.

Жаратылыстану-математикалық бағытындағы геометрия курсында оқушылар кеңістіктік геометриялық фигуралармен (екіжақты бұрыш, жартыкеңістік, көпжақтар, айналу денелері) және олардың қасиеттерімен танысады. Оқушылар кеңістіктегі геометриялық фигуралардың өзара орналасуын; кеңістіктік фигуралардың теңдігін; дөңес фигураларды; геометриялық шамаларды (екіжақты бұрыштарды, беттің ауданын, геометриялық дененің көлемін) өлшеуді; көпжақтардың, айналу денелерінің және олардың жазықтықпен қималарының кескіндерін салуды; кеңістіктегі нүктелердің және векторлардың координаталарын; кеңістіктік геометриялық фигуралардың теңдеулермен және теңсіздіктермен берілуін; геометриялық фигураның симметрияларын (центрлік симметрияны, түзуге және жазықтыққа қатысты симметрияларды) оқып біледі. Бұл бағытта оқушылардың бойында математикалық мәдениеттің қалыптасуына, әр оқушының интеллектуалдық дамуына және олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға көңіл бөлу қажет. Сонымен қатар, кеңістіктік фигураларды салуға және денелердің беттерінің ауданы мен көлемін табуға арналған қолданбалы есептерді қарастыру ерекше орын алуы тиіс.

«Геометрия» пәні бойынша сағат саны:

қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша: 10-11 сыныптарда – аптасына
1 сағаттан, әр сыныпта оқу жылында 34 сағатты құрайды;

жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша: 10-11 сыныптарда – аптасына 2 сағаттан, әр сыныпта оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Информатика

«Информатика» оқу пәні «Математика және информатика» білім саласына енеді.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттардағы 10-11 сыныптар үшін информатика пәнінен жаңа оқу бағдарламасы әзірленді. Оқу бағдарламаны әзірлеу қажеттілігі біріншіден, информатика пәні 5-сыныптан бастап оқытылады (бұрын оқытылу 7-сыныптан басталды), яғни базалық мазмұнды толығымен қайта қарастыру қажет. Екіншіден, заман талабына сай ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың тез дамуына байланысты, осыған орай информатика курсында алгоритмдеу және программалау саласына негізгі орта буынан көп көңіл бөлген дұрыс.

Информатиканың бірінші сабағы, есептеуіш техника кабинетінде қауіпсіздік техниканың ережелерін және жұмыс орнын ұйымдастыруына қайталауға арналады. Интернет желісіндегі жұмыстармен байланысты тәжірибелік тапсырмаларды орындау барысында ҚР Заңнамасына сәйкес ақпараттармен бірге этикалық және құқықтық аспектілерге маңызды көңіл бөлінеді.

Профильді 10-11 сыныптарда информатиканы оқыту мақсаты қазіргі кездегі ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін және визуалды программалуды меңгеру, оқушыларды ақпараттық мәдениетке қалыптастыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, оқушылар жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды үнемі пайдалануға дағдыландыру, танымдық және зияткерлік қабілеттерін дамыту болып табылады.



Оқыту міндеттері:

    1. қажетті нақты міндеттерді шешу үшін визуалды программалау және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, бастапқы теориялық білім мазмұның қалыптастыру;

    2. визуалды программалау және мәтіндік, сандық, графикалық және дыбыстық ақпараттарды өңдеу бойынша ақпараттық технологиялар құралдарымен жұмыс істеуге дағдыландыру;

    3. оқушыларда ақпараттық және коммуникациялық құзыреттілікті дамыту;

    4. ақпараттық іс-әрекеттің этикалық және құқықтық нормаларын сақтауда жауапты қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныптарға арналған информатика курсында есептерді шешу негізінде жүйелік және алгоритмдік ойлауды дамыту жалғасады. Практикумдардағы жұмыс бұл іс-әрекеттің тікелей жалғасы болып табылады.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптардағы информатика курсының ерекшелігі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тереңдете оқыту болып табылады.

Әр тарау соңында жобалық іс-әрекетке сағаттар қарастырылған.

Информатиканы және оның тәжірибелік қосымшаларын терең оқуға қызығушылық танытатын оқушылар үшін таңдау курстарын ұйымдастыруға сағат сандарын көбейту мектептің құзырында.

«Информатика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

10 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат,

11 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.


3.3 «Жаратылыстану» білім саласы
География

Жалпы орта білім деңгейіндегі «География» оқу пәнінің мазмұны алдымен, оқушылардың бойында Жер адамзат ғаламшары ретінде екендігі туралы кешенді, жүйелі және әлеуметтік-бағдарлы түсінік қалыптастыратын, дүниетанымдық сипатымен анықталады.

Жалпы орта білім деңгейінде «География» оқу пәнінің құрылымы мен мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген ерекше дидактикалық құрылым ретінде қарастырылады.

«География» оқу пәнінің мазмұны оқушылардың бойында әлемнің географиялық бейнесі жайлы біртұтас дүниетанымдық және жалпы мәдениетін қалыптастыруда, сонымен қатар жалпы білімнің тәрбиелік және дамытушылық сұрақтарын шешуде, жеке тұлғаның әлеуметтенуі мен функционалдық сауаттылығын арттыруда үлкен рөл атқарады.

География оқу пәні ретінде табиғат заңдарын, қоғамның материалдық өмірін, қазіргі әлем бейнесін тануда биология, химия, физика және басқа да білімдердің өзара тығыз пәнаралық байланысын арттыруға көмектеседі.

10-11-сыныптарда географияны оқыту екі бағытта жүзеге асырылады: қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыттары.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы оқу материалының мазмұны өскелең ұрпақтың географиялық сауаттылығын арттыру, экономикалық-географиялық мәдениетін қалыптастыру үшін қажет білім мен біліктерді қамтиды.

Қоғамдық-гуманитарлық бағытта оқытудың мақсатыоқушылардың жан-жақты экономикалық-географиялық білімді, табиғат, қоғам және экономиканың өзара байланысын түсінуге, функционалдық сауаттылықты тереңдетуге және оқушылардың бейінді-мамандық бағытын анықтауға бағытталған.

Жаратылыстану-математикабағытындағы оқу материалының мазмұны, жалпы мәдениетті қалыптастыру үшін маңызы бар білім мен біліктіліктен басқа, болашақта мамандық алу үшін білімді жалғастыруға қажетті кең көлемді білім мен біліктілікке көп көңіл бөлінеді.

Мақсатықазіргі әлемді оқу барысында оқушылардың жан-жақты экономикалық-географиялық білім алулары, функционалдық сауаттылықты тереңдету және оқушылардың бейінді-кәсіби бағытын анықтау.

Міндеттері:алдыңғы сыныптарда оқылған жалпы географиялық заңдылықтар туралы білім, ұғымдар мен идеялардың негізінде ғаламшар табиғатының біртұтастығы туралы білім және көзқарасты одан әрі дамыту; дүниежүзі саяси картасы және дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасу кезеңдерін оқып-білу үдерісінде саяси, географиялық білімнің қалыптасуын жалғастыру;табиғат және қоғамның өзара байланысын оның қазіргі даму кезеңі негізінде, қоршаған ортаны қорғау және тиімді пайдаланудың маңызын, Қазақстан және әлем деңгейінде тұрақты даму проблемаларын географиялық тұрғыдан түсіну; әлеуметтік-экономикалық, геоэкологиялық үдерістер мен құбылыстарды сипаттау және талдау үшін ғаламдық, аймақтық және жергілікті жағдайларды үйлесімді пайдалану біліктілігін меңгерту;ғаламшар мемлекеттерінің түрлерін оқып-білу, ұлттық шаруашылықтың даму деңгейі әр түрлі елдердің ерекшеліктерін анықтау;дүние жүзінің халықтарын, дүниежүзінің шаруашылық жүйесін, олардың құрамы, құрылымы және ерекшеліктері, халықаралық байланыстар және халықаралық экономикалық ынтымақтастық туралы оқып-білу барысында оқушылардың білімін одан әрі тереңдету;толеранттылыққа, өзге ұлттарды және олардың мәдениетін сыйлауға тәрбиелеу; оқушылардың бейінді-кәсіптік бағдарларын дамыту, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға ықпал жасау; карталармен, сызбанұсқалармен, графиктермен, диаграммалармен, кестелермен, ғаламтормен, білім берудің цифрлық ресурстарымен жұмыс істеу кезінде ойлау қабілетінің одан әрі дамуына жағдай жасау, әр түрлі экономикалық-географиялық әдебиеттен қажетті материалдарды жинақтау және талдау барысында сөйлеу және көптілділік, статистикалық, картографиялық және басқа да мәліметтерді өздігінен өңдеу және түсіндіру дағдыларын меңгерту;жоғары патриоттық сезімді, Қазақстан Республикасының Конституциясын құрметтеуге, белсенді азаматтық, өмірлік ұстанымды тәрбиелеу.

Бағдарламада берілген барлық практикалық іс-әрекеттер тәжірибелік дағдыларды дамытушы және қалыптастырушы болып табылады. Міндетті түрде бағаланатын практикалық жұмыстар нөмірмен белгіленген.

География пәнін оқыту арнайы жабдықталған және қажетті аспаптармен, құралдармен, географиялық карталармен, атластармен, баспа құралдарымен, аудио және бейне материалдармен, оқытудың техникалық жабдықтарымен қамтамасыз етілген кабинетте жүзеге асырылады.

Географияпәні бойынша сағат саны:



  • қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарда – аптасына
    1 сағаттан, оқу жылында – 34 сағат;

  • жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарда – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағат.


Биология

Жалпы биологияны» 10-11-сыныптарда жалпы орта білім деңгейінде оқып білу 6-9 сыныптарда негізгі орта білім деңгейінде меңгерген материалды тереңдетіп қарастыруға бағытталған.

Оқытудың мақсаты тірі материя, оның биологиялық құрылым деңгейлері, жасушалық теорияның негізгі қағидалары , өсімдік және жануар жасушаларының құрылысы, органикалық және бейорганикалық заттардың рөлі туралы негізге алынатын түсініктерді, организмдердің жеке даму заңдылықтары туралы түсініктерді, органикалық дүниенің дамуы (эволюциясы) негізіндегі генетикалық заңдылықтар туралы білімді, адамның тұқым қуалаушылығына қоршаған орта факторларының жағымсыз әсері туралы негізге алынатын түсініктерді қалыптастыру болып табылады.

Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық- гуманитарлық бағытындағы


10-11 сыныптарында «Жалпы биология» курсын оқу пәні ретінде оқып білудің мақсаты барлық оқушыларды келесі жоғары мектепте оқуы үшін биология саласында биологиялық дайындықтың қажетті деңгейімен қамтамасыз ету: тірі материя, оның биологиялық құрылым деңгейлері туралы негізге алынатын түсініктерді қалыптастыру; оқушылардың өлі және тірі материяның жалпы белгілерін ұғынуы; жасушалық теорияның негізгі қағидалары туралы білім қалытастыру.

Қоғамдық- гуманитарлық бағытындағы 10-11- сыныптарда биологияны оқытудың міндеттері былайша анықталған: органикалық табиғат туралы, оның өзгергіштігі және тұқым қуалаушылығы туралы білім жүйесін қалыптастыру; жасушадағы органикалық және бейорганикалық заттардың рөлі туралы білім қалыптастыру, биологиялық заңдылықтардың білімін қалыптастыруда өзбетінше жұмыс істеуге дағдылануды дамыту;организмдердің жеке жаму заңдылықтары туралы көзқарастарын кеңейту; генетикалық есептерді, молекулалық биологияның есептерін, экологиялық есептерді шығаруда ептілік пен дағдыны дамыту; түр және оның критерийлері түсініктерінің мәнін ашып көрсету,эволюциялық ілім негіздерінің білімдерін қалыптастыру.

Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-11 сыныптарында «Жалпы биология» курсын оқу пәні ретінде оқып білудің мақсаты барлық оқушыларды келесі, жоғары мектепте оқуы үшін биология саласында биологиялық дайындықтың қажетті деңгейімен қамтамасыз ету: тереңдетілген деңгейде тірі материя, оның биологиялық құрылым деңгейлері туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру; оқушылардың өлі және тірі материяның жалпы белгілерін ұғынуы; органикалық дүниедегі көбейу тәсілдерінің және жасушалардың бөліну типтерінің білімдерін қалыптастыру; жасушалық теорияның негізгі қағидаларының білімін қалытастыру; табиғатты қорғау бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының білімін қалыптастыру.

Жаратылыстану-математика бағытындағы 10-11- сыныптарда биологияны оқытудың міндеттері былайша анықталады: органикалық табиғат туралы оның өзгергіштігі және тұқым қуалаушылығы туралы білім жүйесін қалыптастыру; биологиялық заңдылықтардың білімін қалыптастыруда өзбетінше жұмыс істеуге дағдылануды дамыту; органикалық дүниенің дамуы негізінде жатқан генетикалық көзқарастарды кеңейту; қоршаған ортаны қорғау жұмыстарында және генетикалық есептерді, молекулалық биологияның есептерін, экологиялық есептерді шығаруда ептілік пен дағдыны дамыту; пәннің және экологиялық факторлардың рөлін ашып көрсету; экожүйе, биоценоз, биосфера түсініктерінің мәнін ашып көрсету; адам әрекетінің әсерін және осы әсердің нәтижесін ашып көрсету; табиғатты қорғау бойынша қазақ халқының салт-дәстүрлерін ашып көрсету; эволюциялық ілім негіздерінің білімін қалыптастыру; тұқымқуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын ашып көрсету; өзгергіштіктің негізгі заңдылықтарын ашып көрсету; селекцияның және биотехнологияның негіздерін сипаттау; биосферадағы тұрақты тепе-теңдікті сақтауға қажетті адамның антропогендік әрекетінің нәтижесін бағалау үшін биологиялық білімді қолдана білуді қалыптастыру, өздігінен білім алу уәжін қамтамасыз ету;

Биологияны 10-11- сыныптарда оқытудың ерекшелігі жалпы биология бөлімін оқыту болып табылады

Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы сыныптар үшін оқу материалының мазмұны болашақ ұрпақтың биологиялық сауаттылығын жетілдіруге бағытталған.

Жаратылыстану-математикалық бағытындағы сыныптар үшін оқу материалының мазмұны оқушылардың биологиялық мәдениетін дамытуға, алдыңғы сыныптарда меңгерген білімдерін тереңдетуге бағытталған.

Жалпы биологияны жаратылыстану-математикалық бағытының шегінде оқыту бүгінгі күнде биологиялық ғылым дамуының негізгі бағыттарын бейнелейтін жуйелі оқытуды ұйымдастыруды ойластырады. Сонымен қатар биология сабақтарында өзекті экологиялық пролблемаларды шешу де қарастырылуы тиіс.

Биология пәнінің мазмұны оқытудың бағытына байланыссыз оқушылардың дүниетанымдық принципін дамытуды және олардың өзбеттерінше кәсіби бағытын таңдай білуін дамытуды көздейді.

Биологияны оқыту арнайы жабдықталған сынып бөлмесінде және жалпы қолданылатын оқу-көрнекілік құралдар мен жабдықтар, көрнекілік және зертханалық аспаптар мен құрылғылар, интернет ресурстар, техникалық оқыту құралдармен дұрыс жабдықталған жағдайда жүзеге асырылады.

Биология пәні бойынша сағат саны:

қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11- сыныптарында, аптасына –


1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарында аптасына – 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.


Физика

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған «Физика» оқу пәнін оқытудың басты мақсаты – білім, білік және әдістерді меңгеру негізінде әлемнің жаратылыстанымдық бейнесін біртұтас қабылдай алуды қалыптастыру.

Бұл мақсатқа жету келесі міндеттерді жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етіледі:


  • қазіргі «Жаратылыстану» білім саласындағы«Физика» оқу пәнінің маңызын түсіндіру және физика ғылымының әдістерін меңгерту негізінде ғылыми дүниетаным білімдерін меңгерту;

  • оқушылардың ғылыми түсініктер жүйесі негізінде сын тұрғысынан ойлауын дамыту;

  • оқуға жауапкершілікпен қарауға, қоршаған ортаны қорғау және табиғи қорларын ұтымды пайдаланауға дағдыландыруға; қоғам және адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін дағдыларды қалыптастыруға;

  • базалық білім негізінде экономикалық және саяси, әлеуметтік, мәдени қызметтерге ат салысу дағдысына тәрбиелеу.

Қазіргі қоғамға бейімделу үшін базалық деңгей негізіндегі физикалық ұғымдар мен мен заңдарды меңгеру әрбір адамның тәжірибесіне қажетті.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған «Физика» пәнінің мазмұнын таңдаған кезде, оқыту нәтижесі қазіргі заманғы әлемнің физикалық бейнесі туралы түсінігін қалыптастыруға ықпал етіп қоймай, сонымен қатар оқушының физика ғылымның даму жолдары мен кезеңдері жайлы, философиялық идеялар және ғылыми ақиқатқа деген философиялық көзқарасты қабылдауы ескеріледі.

Жалпы білім берудің құрамды бөлігі ретіндегі физиканың гуманитарлық мәні, ол оқушыны қоршаған дүние туралы объективті білім алуға мүмкіндік беретін ғылыми таным әдістерімен қаруландырады.

Пәннің мазмұнын анықтауға ықпал ететің факторлар болып оқытудың мақсаты, оқушылардың танымдық қызығушылығы мен қабілеті табылады.

«Физика» пәнінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бiлiм беру мазмұнда тарихи материалдар мен айғақтарға айтарлықтай назар аударылады.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сынып физика курсының мақсаты оқушылардың әлемді диалектика-материалистiк тұрғыдан тану көзқарасын қалыптастыру.

Осы мақсатқа жету үшін мынандайміндеттердішешу қамтамасыз етедi:


  • қазіргі әлемнің бiртұтас физикалық бейнесін ұсыну; физикалық құбылыстарды әр жағынан және әр түрлі жағдайда қарастыру дағдысы;

  • физикалық жүйені анықтау және олардың арасындағы байланыс орнату;

  • физикалық құбылыс немесе пән туралы білімін салыстыру және ақиқатын ашу дағдысын қалыптастыру;

  • физикалық құбылысты танудың теориялық және эксперименттік әдісін қолдану; физиканың заңдарын практикада қолдану ;

  • әр түрлі қиындық деңгейіндегі сапалық есептер мен қатар, мазмұнды физиканың есептерін шығару дағдысын дамыту;

  • физиканың жетiстiгін адами өркениеттiң даму игiлiгіне пайдалану және табиғаттың заңдарын тану мүмкiндiгiне сену; қазіргі жаратылыстану ғылымының мазмұнының мәселелерiн талқылау кезінде оппоненттiң пiкiрiне орынды қатынас және тапсырмаларды бірлесе орындау үдерісінде ынтымақтастықтың тiлегi;

  • қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілік сезімі, жаратылыстану ғылымының жетiстiктерін пайдалануды бағалауға дайындық; ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы бiлiм беру мазмұнында адамзат қызметінің әр түрлі саласында қолдана алуы үшін теориялық және практикалық білімдерді органикалық үйлестіру, физикалық тәжiрибелерді орындағанда оқушылардың дағдыларын дамыту және қазiргi заманғы техникада қолданылатын физиканың ең маңызды жетiстiктерін таныстыру ескерілуі қажет.

Сонымен бiрге, пән оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын жасау қабiлеттiлiктерiн дамытуға, бақылау жүргізу және эксперименттік тапсырмаларды орындау, жобалау жұмысын жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталады.

Физиканы оқығанда пәнішілік және пәнаралық байланыстарды, оқу процесінің логикасын, оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып бөлімдерді және тақырыптарды оқытудың сабақтастығы сақталуы қажет.

Оқытудың қолданбалы және практикалық сипатын нығайту үшін оқу уақытын төмендегідей тиімді бөлу ұсынылады.




Бағыт

Көрсетілім, практикалық және лабораториялық жұмыстар

Оқушылардың білімдерiн тексеру

Оқу уақытының бос қорынан Оқу процессiн ұйымдастыру

ҚҒБ

10%

5%

7%

ЖМБ

25%

10%

10%

Практикаға бағытталған жұмыстардың түрі және көлемі.



Бағыт

ҚГБ

ЖМБ

Сынып

10

11

10

11

лабораториялық жұмыс

3

6

13

6

практикалық жұмыс

3




17

20

бақылау жұмысы

2

2

5

4

физикалық практикум







4

10

Пән бойынша оқу жүктемесі:

қоғамдық-гуманитарлық бағыт:

10-сынып - аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат.

11-сынып - аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат.

жаратылыстану-математикалық бағыт:

10-сынып - аптасына 3 сағат, оқу жылында - 102 сағат.

11-сынып - аптасына 3 сағат, оқу жылында - 102 сағат.


Химия

10-11-сыныптардағы химия пәнінің мазмұны химия ғылымы мен технологиясының заманауи үрдістерін ескере отырып құрылған, сонымен қатар оның барлық компоненттерінің дамытушылық және тәрбиелік әлеуетін күшейту үшін тұлғалық-әрекеттік бағыттылығымен сипатталады.

Химия курсын оқып-үйрену жалпы, бейорганикалық және органикалық химия мен қоршаған ортаға ғылыми көзқарасты, білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға, оқушылардың химия ғылымы мен тәжірибесінің қазіргі қоғамдық өмірдегі орнын сезіне білуіне бағытталған.

Өңірлік компоненттер есепке алынған химия технологиясы туралы оқу материалдарын енгізу оқытудың практикаға бейімділігін қамтамасыз етеді, оқушыларды химия саласындағы мамандықтарға бағыттайды. Экология мәселелері, химиялық қалдықтармен қоршаған ортаны ластаудан сақтау, адам денсаулығы мен қауіпсіздігі сақтау, тиімділігі жоғары және экологиялық қауіпсіз өндіріс пен қайта өңдеу технологияларын меңгеру оқу материалының компоненттері болып табылады.

Химияны оқыту екі бағытта жүзеге асырылады. Олар: жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы оқыту мақсаты-химия бойынша оқушылардың ғылыми-теориялық білімін тереңдету, білігі мен дағдысын одан әрі дамыту, алған білімін болашақ өз кәсіби білім алуға және практикалық қызметіне қолдануға дайындау, химия өнеркәсібі мен технологиясы негіздерімен таныстыру және экологиялық мәдениетін дамыту.

Оқыту міндеттері:

1) химия ғылымы және технологиясы саласындағы оқушылардың іргелі және қолданбалы білімі ,практикалық білігін дамыту;

2) күнделікті өмірде, химиялық лаборатория мен өндірісте, табиғатта болатын химиялық құбылыстарды бақылау және оларды ғылыми тұрғыда түсіндіруді игеру;

3) қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, заттар мен зертханалық құралдарды қолданып, химиялық тәжірибелерді жасау мен түсіндіру дағдысын жетілдіру;

4) эксперименттік жұмысты жүргізу барысында және өз бетінше алған білімді күнделікті өмірде қолдану мақсатында танымдық және зияткерлік қабілетін дамыту;

5) химияға жаратылыстану мен жалпы адамзат мәдениетінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде көзқарасын дамыту;

6) адамзат алдында тұрған проблемаларды шешуде химияның қоғамдық мәні мен гуманистік бағыттылығын дамыту;

7) оқушының химиядан алған білімі мен біліктілігін заттар мен материалдарды тұрмыста, ауыл шаруашылығында және өндірісте қауіпсіз пайдалануға, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін құбылыстардың алдын алуға қолдану.

10-11-сыныптардағы алғашқы сабақ «Техника қауіпсіздігі бойынша алғашқы нұсқаулықтар» тақырыбында өткізіледі.

«Химия» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

10-сыныпта оқу жылына 68 сағат, аптасына 2 сағаттан;

11-сыныпта оқу жылына 68 сағат, аптасына 2 сағаттан.

Таңдау курстарын өткізу үшін мұғалім өз тарапынан белгіленген тәртіп бойынша бекітілетін оқу жоспарын, бағдарламасын әзірлейді.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған «Химия» оқу пәнін оқытудың мақсаты әлемнің кешенді жаратылыстану-ғылыми сипаты туралы жалпы түсініктер қалыптастыру, шығармашылық және интеллектуалдық қабілетті, әмбебап коммуникациялық біліктілік пен функционалды сауаттылықты дамыту, денсаулық сақтау мен туған өлкенің табиғатын қорғауға деген экологиялық-гуманистік көзқарасты тәрбиелеу болып табылады.

Оқыту міндеттері:


  1. химияға жаратылыстану мен жалпы адамзат мәдениетінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде көзқарасын дамыту;

  2. қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндермен интеграциялау арқылы оқушының химиялық білімі мен зерттеу мәдениетін қалыптастыру;

3) күнделікті өмірде, химиялық лаборатория мен өндірісте, табиғатта болатын химиялық құбылыстарды бақылау және оларды түсіндіруді игеру;

4) қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, заттар мен лабораториялық құралдарды қолданып, қарапайым химиялық тәжірибелерді жасау мен түсіндіру дағдысын жетілдіру;

5) адамзат алдында тұрған проблемаларды шешуде химияның қоғамдық мәні мен гуманистік бағыттылығын дамыту;

6) оқушының химиядан алған білімі мен біліктілігін заттар мен материалдарды тұрмыста, ауыл шаруашылығында және өндірісте қауіпсіз пайдалануға, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін құбылыстардың алдын алуға қолдану.

Химияны жүйелік-іс-әрекеттік тұрғыдан дамыта оқыту кезінде пәндермен байланысы ескерілді.

Теориялық және практикалық мәселелерді қарастыруда оқушылардың өзіндік іс-әрекеттеріне, алған білімдері мен дағдыларын қолдана алуларына басымдық беріледі. Химиялық эксперимент оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту және қолданбалық сипаттағы жаңа білімді алуы үшін, танымдыұ есептерді шешуге, жоспарлау және жобалау дағдыларын меңгеруге, химияны оқуға деген қызушылықтарын арттыруға пайдаланылады.

Химияны оқыту үдерісі арнайы жабдықталған кабинетте – химиялық реактивтер, зертханалық және демонстрациялық құралдар, баспа құралдары, мультимедиалық құралдар мен электрондық оқулықтар, диа-, кино- және бейнефильмдер, басқа да оқыту құралдарымен жабдықталған кабинетте жүзеге асырылады. Сыныптан тыс жұмыстар төмендегідей түрде болуы мүмкін:


  • зерттеу жобаларын ұсыну және қорғау;

  • олимпиада, байқау, тақырыптық кештер өткізу;

  • элективті курстар, таңдау бойынша курстар;

  • химия ғылымы мен өндірісі орындарына танымдық саяхаттарды ұйымдастыру;

  • алыс қашықтықтан оқыту, он-лайн сабақтар, олимпиадалар , тестілеуге қатысу.

Қоғамдық-гуманитарлық бағытта «Химия» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

10-сыныпта оқу жылына 34 сағат, аптасына 1 сағаттан;

11-сыныпта оқу жылына 34 сағат, аптасына 1 сағаттан.
3.4 «Адам және қоғам» білім саласы
Қазақстан тарихы

Пәнді оқытудың мақсаты – оқушылардың өз елінің тарихын оқып білу арқылы белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру.

Пәнді оқытудың міндеттері:


  1. әлемдік тарихи үдерістің құрамдас бөлігі ретінде Қазақстанда адамзат қоғамының даму тарихы туралы білімін қалыптастыру;

  2. оқушылардың тарихи білімдерді қорытындылап, себеп-салдарлық байланыс орнатып, тарихи оқиғалар, құбылыстарды дербес талдай білу, қоғамдық құбылыстарға өзіндік көзқарастарын білдіру, күнделікті өмірде білімін қолдана білу дағдыларын дамыту;

  3. тарихи деректермен жұмыс жасай білу және тарихи білімдерін шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырмалы талдау арқылы ой елегінен өткізуге дағдыландыру;

  4. жас жеткіншектердің Отаны мен халық алдында жауапкершілікті сезінетін азаматтық позициясын қалыптастыру;

  5. еліне қызмет етуге дайын отансүйгіш, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін және Қазақстанда өмір сүріп жатқан халықтардың тарихы мен мәдениетін құрметтейтін белсенді азамат тәрбиелеу;

  6. қазақстандық діл (менталитет) негізінде тұлғаның әлеуметтенуіне ықпал ету.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихының негізгі кезеңдері оқытылады.

Осы бағытта тарихи білім беруде Қазақстан тарихы бойынша «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде анықталған ғылыми деректерді оқу үдерісіне енгізуге ерекше назар аударылады.

Оқу материалы, көлемі және мазмұны қысқартылған нұсқада беріледі. Саяси, әлеуметтік және экономикалық құбылыстар мен процестерді оқыту арқылы оқушылардың білімін тереңдету, тарихи құбылыстарды талдау, түсіндіру және бағалау дағдыларын тереңдету көзделеді.

«Қазақстан тарихы» пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған жаңа педагогикалық әдістер мен технологиялар қолданылады. Тереңдетіп, бейінді оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамытылады, дереккөздермен жұмыс жасау дағдылары, талдау және синтездеу меңгертіледі.

Оқу жүктемесінің көлемі:

қоғамдық-гуманитарлық бағыт:



  1. 10 сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

  2. 11 сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат

жаратылыстану-математикалық бағыт:

  1. 10 сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

  2. 11 сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.


Дүниежүзі тарихы

Пәндіоқытудың мақсаты – ХХғ. басы мен ХХІ ғасырдағы дүниежүзі елдері мен халықтарының саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының негізгі бағыттарын талдап-түсіндіру.

Оқытудың міндеттері:


    1. дүниежүзінің әртүрлі аймақтарында индус­три­­алдық және постиндустриалдық қоғамдардың қалыптасуындағы ортақ белгілер мен ерекшеліктерді ашатын жүйелі білім беру;

    2. оқушыларға дүниежүзінің ХХ – ХХІ ғасырлардағы дамуының альтернативтік мүмкіншіліктерін көрсету;

    3. көпұлтты империялардың қалыптасу, даму және күйреу тарихын, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуын түсіндіру;

    4. қазіргі замандағы халықаралық қатынастардың дамуының сипаты мен ерекшеліктерін ашу;

    5. дүниежүзі халықтары тарихының өзара байланыстылығы мен өзара әрекеттестілігін қарастыра отырып, оқушыларды толеранттылық пен халықтардың өзара түсіністігі рухында тәрбиелеу;

    6. отар және тәуелді елдердегі азаттық қозғалысының сипатын, кезеңдерін және жаңа формаларын көрсету;

    7. оқушылардың гуманитарлық мәдениетін дамыту, олардың ұлттық және әлемдік мәдени мұра құндылықтарын түсінуіне көмектесу.

Қазіргі білім процесінде тарихи фактілер мен құбылыстарды түсіндіру, бағалау кезінде тарихи білімді қолдану мен қазіргі қоғам дамуындағы түрлі мәселелерді (әлеуметтік, экономикалық, экологиялық) талдау дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл адамзаттың жаһандық мәселелерін саналы түсінуіне білім негізін қалыптастырады.

Оқытудың түрлі әдістері мен технологияларын таңдау кезінде оқушылардың танымдық деңгейлерін ескеру керек. Мысалы, оқытудың құрылымдық-логикалық технологиясы қойылған дидактикалық міндеттерді кезеңдер бойынша ұйымдастыру процесі мен оларды шешу тәсілдерін таңдауды, алынған нәтижелерді диагностикалау және бағалауды қарастырады. Мұндай міндеттердің құрылымдық логикасы әртүрлі болуы мүмкін: қарапайымнан күрделіге, теориядан практикаға немесе керісінше. Жоба технологиясы – жеке тұлғаға бағытталған білім жүйесі. Бұл технология оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, бастамашылдық, шығармашылық қабілеттілігі сынды сапаларын ашуға мүмкіндік береді және оқу жобаларын ретті орындауға бағытталған. Интерактивті технология – бұл іс-әрекет арқылы және өзара әрекет арқылы оқыту, оқушылардың өз бетінше шешім қабылдау, жеке жауапкершілік сезімін, топпен және ұжыммен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастырады.

Оқу курсының вариативті бөлігі мынадай таңдау курстары бойынша жүзеге асырылады: «Еуропалық қайта өрлеу», «Капитал билеген әлемде», «Өнеркәсіптің даму тарихынан», «Халықаралық сауда жолдары», «Қазіргі алып құрылыстар» т.б.

Оқу жүктемесінің көлемі:

қоғамдық-гуманитарлық бағыт:

10 сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағат;

11 сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағат.

жаратылыс-математикалық бағыт:

10 сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

11 сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.


Адам. Қоғам. Құқық

Пәнді оқытудың мақсаты – дүниетаным құрылымы, негізгі элементтері және тарихи түрлері, философияның адам мен қоғам өміріндегі ролі, адамның әлемге деген танымдық қатынасы, қоғамдық қарым-қатынас жүйесі мен құқықтық реттеудегі адамның орны туралы жүйелі білім қалыптастыру. Азаматтық ұстаным, өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен құрметпен қарауын тәрбиелеу.

Пәнді оқытудың міндеттері:


  1. оқушылардың қоғамдық даму заңдылығы мен ұғымын қалыптастыру;

  2. ақыл-ой мәдениеті ретінде философия түсінігін, философиялық сұрақтар мен жауаптардың ерекшеліктерін түсіндіру;

  3. әлемді сезімдік және рационалдық тану арасындағы байланыстарды, діни және ғылыми таным мен философия, антропология арасындағы байланыстарды анықтау;

  4. адам құндылығы, құқығы мен бостандығы туралы білім беру, оларға баға бере білуге үйрету;

  5. жоғарғы моралдық сапаларды, белсенді азаматтық ұстанымдар мен патриоттық сезімді, адам мен табиғатқа деген философиялық көзқарасты қалыптастыру;

  6. этникалық және тұлғааралық қатынастарда төзімділікті сақтауға тәрбиелеу;

  7. қоғамдық дамудың заңдарын білу негізінде құқықтық және саяси мәдениетке тәрбиелеу;

  8. заң ілімдері, экономикалық теория, саясаттану, әлеуметтану негіздері, жеке және көпшілік құқықтың заңнамалық нормалары туралы білім беру;

  9. ғылыми және құқықтық терминологияны қолдана білуге үйрету;

  10. оқушылардың сыни тұрғыда ойлай білуін дамыту;

  11. зерттеу әдістерінің көмегімен барлық мәселелерді шеше білу қабілетін қалыптастыру.

Оқу жүктемесінің көлемі:

қоғамдық-гуманитарлық бағыт:

10 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

11 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат

жаратылыстану-математикалық бағыт:

10 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

11 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
Өзін-өзі тану

Адамның жеке тұлғалық әлеуетін мақсатты түрде және кеңінен ашуға бағытталған рухани-адамгершілік білім беру ұлттық білім беру жүйесін дамытудың басты бағыты болып отыр. Жеке тұлғаның психологиялық, рухани, тәндік, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін рухани-адамгершілік тәрбие білім беру жүйесінде өзін-өзі тану пәні арқылы жүзеге асады.

Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан-дүниесін байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді. Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.

Өзін-өзі тану бойынша білім берудің негізгі мақсат-мүдделері:



  1. адамның өзіндік бейімділіктерін ашу және оның темпераментін, мінез-құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны жеке тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;

  2. оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;

  3. қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға құндылықтарын, алған білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаттары:

  1. өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;

  2. түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешу;

  3. өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;

  4. адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді, қамқор болу;

  5. өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;

  6. жасампаздық пен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту;

  7. өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу және оған жауапты болу;

  8. қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.

Өзін-өзі тану пәнінің құрамы мен құрылымы аталған міндеттерді орындауға бағытталып, 10-11-сыныптарға білім берудің базалық мазмұнын анықтайды.

Өзін-өзі тануды жеке міндетті пән ретінде оқыту оқу жоспарының инвариантты бөлімінде 10-11-сыныптарда аптасына 1 сағаттан, әрбір сыныпта бір жылға барлығы 34 сағаттық оқу жүктемесі көлемінде жүзеге асырылады.


3.5 «Технология» білім саласы
Технология

Бағдарламаның мазмұны оқушының жеке тұлғасы, отбасы және қоғамның қажеттіліктерін, қазіргі заманғы педагогикалық ғылымының жетістіктерін ескере отырып белгіленген.

Оқу курсының мақсаты – техника мен технология саласында оқушылардың заманауи өндірісінде алған білімі жүйесінің нәтижелілігіне бағытталған функционалдық сауаттылығын қамтамасыздандыру, сонымен қатар, технологиялық ойлау қабілетін, болмысқа деген шығармашылық көзқарасын дамыту.

Мақсатқа сәйкес келесі оқыту міндеттері анықталған:

- техника, технология және заманауи өндіріс негіздерінен жүйеленген білімді қалыптастыру;

- құрылымдық материалдарды өңдеу технологиясы, жобалау іс-әрекеттерін іске асыру бойынша жалпы еңбектік, жалпы өндірістік және арнайы икемділіктер мен дағдыларын қалыптастыру;

- технологиялық ойлау қабілетін және еңбекке деген шығармашылық көзқарасын дамыту;

- оқып жүрген технологиялармен байланысты мамандықтар әлемі, еңбек нарығындағы олардың талап етілуі туралы түсініктерін қалыптастыру, өзінің өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету;

- еңбек ету және кәсіби іс-әрекеті үрдісінде эстетикалық, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру;

- оқушылардың Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру.

«Технология» пәнін оқыту барысында барлық төрт компоненттер кіреді азаматтардың әлеуметтік тәжірбиесі: біліп тану саласының тәжірбиесі (түрлі облыс ақиқат туралы білімі), танымал әдістер саласының тәжірбие барысында орындау, шығармашылық саласының тәжірбиесі және тәжірбие эмоциональды-құндылықтар қатынас объектілеріне және адам саласының құралдарымен. Бұл барлық компонентер оқу курсының мазмұнында бар.

Соған байланысты 10-11 сынып ұлдарға келесі бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі:




Ауыл мектептерінде

Қала мектептерінде

1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау

2. Ауылшаруашылық өндірісіндегітехника және технология

3. Ағашты және ағаш материалдарды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы

4. Металды қол және механикалық өңдеу технологиясы

5. Сәндік қолданбалы өнерінің элементтерімен көркем материалдардыөңдеу технологиясы.

6. Электротехника және электрониканегіздері

7. Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы жөндеу жұмыстар

8. Шығармашылық жобалау саласы

9. Қазіргі заман өндірісі және техникалық кәсіби білім


1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау

2. Ағашты және ағаш материалдарды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы

3. Металды қол және механикалық өңдеу технологиясы

4. Сәндік қолданбалы өнерінің элементтерімен көркем материалдардыөңдеу технологиясы.

5. Электротехника және электрониканегіздері

6. Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы жөндеу жұмыстар

7. Шығармашылық жобалау саласы

8. Қазіргі заман өндірісі және техникалық кәсіби білім


«Қазіргі заман өндірісі және техникалық кәсіби білім» жаңа бөлім, оқу барысында тұлғалық қасиеттер және мамандық таңдау, қазіргі заман талабы, кәсіптік саласы, жоғарғы оқу орындары және жоғарғы білімді алып меңгеру жолдарын оқыту кіреді.

Ұйымдастыру пішіндері технологиялық дайындау оқушының дамыту деңгейі анықталу және әдістерді қолдану, олардың оқуына еңбекке, қызмет көрсету саласына дайындығы.

Сабақ өткізу барысында қазіргі заман оқыту технологияларын қолданады, пішіндер, ұйымдастыру әдістері және оқу үрдістерін қадағалау және оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары, «Технология» пәнін оқыту барысында ерекше сапалыларын іске асыру дидактикалық талаптар.

Басым әдістер жаттығу, практикалық-оқу жұмыстары, жобалау әдістері болып келеді. Жыл қортындысы бойынша ұсынылған, жасалуы және жобаларын қорғау. Жобалардың көбі – дербес. Сонымен қатар жоба топ оқушыларымен орындалуына рұқсат беріледі.

10-11 сынып оқушыларымен кәсібибағытты апта өткізу барысында мақсатқа лайықтылық, қалыптастыруға дайындық кәсіби шешім қабылдау, тренинг сабақтар өткізу, сонымен қатар санасезімімен қажеттілік «өңдеу» негізгі және қосымша (ықтималды) варианттарды таңдау пішін жұмысқа тұру немесе білім беру саласының траекториясы, әмбебап қаблеттерінің дамуы, керекті кәсіптік мобилділік үшін және бәсекеші қаблеттілік.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру ҚР «Мәдени мұра» барлық бөлімдері арқылы іске асырылады, бірақ негізгі тірек «Сәндік қолданбалы өнерінің элементтерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы» бөліміне жасалынады.

Көркем мәдениеттің бастапқы қағидаларға, «Технология» пәнінің мазмұны мүмкіндіктері алдынала қарастырылған жалпы адамдық және ұлттық мәдени құндылықтарын қалыптастыру үшін, өзқұндылығы ретінде еңбек арасында қарастырылады, өмір саласының негізі ретінде.

Соған байланысты 10-11 сыныптарындағы қыз балаларға келесі бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі:


Ауыл мектептерінде

Қала мектептерінде

1. Тағам әзірлеу технологиясы

2. Құрастыру, моделдеу және иық, бел өнімдерін өндіру. Қазақтың халық киімін тігіп өндіру

3. Жобаны қорғау


1. Тағам әзірлеу технологиясы

2. Құрастыру, моделдеу және иық, бел өнімдерін өндіру. Қазақтың халық киімін тігіп өндіру

3. Жобаны қорғау

Қаладағы, ауылдағы және шағынжинақты мектептерінде сыныптардың толықтандыруына қарамастан ұл мен қыз топтарына бөлінуі іске асырылады.

«Технология» пәні 10-11 сыныптарында екі бағытта жүргізіледі, сағаттың саныжылына 34 сағатты құрайды, аптасына 1 сағат.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар арқылы оқыту нәтижелері айқындалып, оқушыларды негізгі мектеп курсы бойынша жағымды (ойдағыдай, дұрыс) аттестациялануының міндетті шарты болып табылады.

Оқушылардың дайындық деңгейі үш аспектілері ескеріле отырып: пәндік, тұлғалық, жүйелі іс-әрекет нәтижелеріне қарай бағаланады.
3.6 «Дене шынықтыру» білім саласы
Дене шынықтыру

Оқу пәні ретінде дене шынықтыру жалпы білім беретін мектепте маңызды роль атқарады, жалпыадамзат мәдениеті саласында белсенді шығармашылық түрде өзін-өзі жүзеге асыруға дайын тұлға қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Оқыту мақсаты:

- қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру;

- физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын;

- салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдану.

Оқыту міндеттері:

- денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және негізгі физикалық (дене) қасиеттерін дамыту;

- базалық спорт түрлерінің техника-тактикалық іс-қимыл әдістерін жетілдіру;

- өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қарау, денсаулықты сақтау мен нығайту қажеттілігін қалыптастырып тәрбиелеу;

- дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы, қазіргі дамуы және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерді игеру;

- тұлғаны оң қасиеттерге тәрбиелеу, оқу және жарыс әрекеттерінде ұжымдық әрекеттестік пен ынтымақтастықтың межелерін сақтау.

Оқу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім» (ақпараттық компонент), «Денені жетілдіру және шеберлік» (әрекеттік компонент).

Бағдарламалық талаптарды ескеріп, әрбір оқушының жеке мүмкіндіктері мен жыныстық даму ерекшеліктерін бағамдай отырып, мұғалім өздігінен жеке талаптар қойып (қорытынды тапсырмалар), талаптардың өзіндік шкаласын құруына және сол бойынша оқушылардың жылдық үлгерімдерін бағалауына болады. Осындай өзіндік жол дене шынықтыру мұғаліміне оқыту-үйретудің барлық кезеңдерінде оқушылардың даму деңгейлерінің жеке жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ үлгерімдерін шынайы бағалауға мүмкіндік береді.

Бағдарламаның ұйымдастыру-әдістемелік талаптары:

– мұғалім өз тәжірибесіне сүйеніп, балалармен нақты жағдайдағы жұмыс дағдысына байланысты ұсынылып отырылған бағдарламаның қай бөлімін болмасын өзінің материалдарымен толықтыруға (немесе түзетулер енгізуге) құқылы. Оқушыларға қойылатын негізгі талап қалай болса да тәжірибеде жүзеге асуы тиіс;

– қай сыныпта болмасын балалардың даярлығы мен сабақтың нақты жағдайына қарай мұғалім өз жұмысын ұйымдастырады;

– оқушылардың тактикалық ойлануын дамытуға, дене қасиеттерін тәрбиелеуге қозғалыс ойындарының әсерін есептей отырып, ең оңтайлы қозғалыс ойындарының мазмұны болуы қажет;

– оқушылардың қозғалыс ойындарын игеруін тексеру мақсатында бақылау - сынақ алу сабақтары өткізілуі тиіс;

– дене тәрбиесі сабақтарының тиімділігі екі параметр бойынша бағаланады: а) жекелеген бақылау нормативтерінің нәтижелері; ә) мұғалімнің таңдауы бойынша (Президент сынамалары нормативтерін орындау нәтижелері).

«Шаңғы дайындығы» және «Жүзу» тараулары бойынша сабақтарды толық мәнінде жүргізуге мүмкіндігі жоқ республиканың аймақтарында оларды алмастыру ұсынылады. Мектеп ұжымының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша бұл сабақтар тиісінше дала жарысымен (кросс дайындығымен) және гимнастикамен (ырғақты, атлетикалық, кәсіби-қолданбалы) алмастырылуы мүмкін.

Оқушылардың денсаулығын нығайту мақсатында оқу жылында «Денсаулық күнін» 3-4 рет өткізу ұсынылады.

Типтік оқу жоспарына сәйкес пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

10-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты;

11-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
Алғашқы әскери дайындық

Алғашқы әскери дайындық меншік түрі мен ведомствалық бағыныштылығына қарамастан, барлық типтегі жалпы білім беретін мектептерде, орта арнаулы оқу орындарында (колледждерде), кәсіптік-техникалық мектептерде әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып табылады.

Алғашқы әскери даярлау теориялық және практикалық сабақтарда іске асырылады. Теориялық сабақтар оқытудың дидактикалық материалдарын, техникалық құралдар мен инновациялық әдістерді қолдана отырып әңгімелеу және сұхбаттасу түрінде өткізіледі. Практикалық сабақтар қарулану және әскери-техникалық мүлікті, құралдарды және өзге де жабдықтарды қолдана отырып оқу материалын игеруге бағытталған.

Оқу пәнінің мақсаттары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету туралы түсінігін және әскери іс негіздері бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру; оқушылардың өмірлік қабілеттері мен дағдыларының дамуын қалыптастыруға ықпал ету.

Оқу пәнінің негізгі міндеттері:

• оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету үшін алғашқы әскери дайындықтың теориялық тиянақты білімдері негізінде, практикалық дағдыларды меңгере алатындай жағдайда даярлау;

• оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметі туралы біртұтас түсінігінің өзара үйлесімді жүйесін қалыптастыру.

Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы кіріспе сабақ, әскери істің негіздері бойынша тараулар, азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздерінен тұрады.

Оқушылардың практикалық дағдылары мен біліктіліктерін шыңдау және жетілдіру, сонымен қатар әскери істі оқу-үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында оқу жылының соңында спорттық-қорғаныс сауықтыру лагерлерінде, әскери бөлім (ӘБ) базаларында (ӘБ басшылығымен келісе отырып) 10-сынып ұлдарымен 30 сағат көлеміндегі бескүндік далалық оқу жиыны өткізіледі. Далалық оқу жиындары алғашқы әскери дайындық курсын өту бағдарламасының міндетті кезеңі болып табылады. Ол жергілікті атқару органдарымен ұйымдастырылады.

11-сынып оқушыларының АӘД пәні бойынша нормативтер мен практикалық жаттығуларды орындауларын бағалау мақсатында, оқу жылының соңында 4 сағат көлеміндегі қорытынды тексеру сабақтары (сынақ) қарастырылған.

10-сыныпта өткізілетін әскери топография сабақтарында оқушыларға басқа (бөтен) жерлерде картасыз бағдарлау, сол ауданда өзінің орналасқан орнын анықтау және азимут бойынша жүру бағытын компастың көмегімен және компассыз табуды үйренеді. Ал, 11-сыныпта оқушылар азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздері сабақтарында бейбіт уақытта және соғыс кездерінде, табиғи апаттар, ірі көлемдегі зілзалалар және жаудың қазіргі заманғы қырып-жою қаруларын қолданған кезде Қазақстан Республикасының халқын қорғау бойынша іске асырылатын іс-шаралар үйретіледі. Сонымен қатар төтенше жағдайлар пайда болған аудандарда және зақымдану ошақтарында қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жарақаттанған адамдарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету ережелерімен танысады.

Әрбір оқу орнында алғашқы әскери дайындықты оқытудың оқу жылына есептелген күнтізбе-тақырыптық жоспары құрылады. Сонымен қатар әрбір оқу орнында меншіктік түрі мен формасына қарамастан АӘД бойынша келесі оқу-материал базасы құрылады және жетілдіріліп отырады: қамтамасыз ету табеліне сәйкес көрнекі құралдармен және АӘД оқытудың техникалық құралдарымен жабдықталған оқу бөлмесі; алғашқы әскери дайындық, тіршілік қауіпсіздігінің негіздері және азаматтық қорғаныс бойынша арнайы жабдықтарды сақтауға арналған бөлме; саптық дайындық бойынша сабақ өткізу алаңы; рота бойынша күндізгі кезекшінің міндеттерін іс жүзінде үйрететін орын; сақшының міндеттерін үйретуге арналған орын; тактикалық алаң; кедергілерден өту жолының кешені; ату тирі; әскери және еңбек даңқының бұрышы.

Оқу орындарын қару және өзге де әскери-техникалық құралдармен, оқу құралдарымен қамтамасыз ету оқу орнының есебінен іске асырылады.

Типтік оқу жоспарына сәйкес алғашқы әскери дайындық пәнінің оқу жүктемесі:

10-сыныпта – аптасына 1 сағат инварианттық компонент есебінен және
1 сағат вариативтік компонент есебінен, оқу жылында 68 сағатты;

11-сыныпта – аптасына 1 сағат инварианттық компонент есебінен және


1 сағат вариативтік компонент есебінен, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

4 Шағын жинақты мектептерде оқыту ерекшеліктері
2013-2014 оқу жылында шағын жинақты мектеп оқыту үдерісін ұйымдастыруда Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, жалпы білім беретін мектептер туралы нормативтік құжаттарды және «Шағын жинақты мектеп және тірек мектебі (ресурстық орталық) қызметін ұйымдастыру Ережесін» басшылыққа алады.

Шағын жинақты мектеп параллель сыныптардың болмауы, сыныптар санының аз болуы және бір сыныптағы оқушылардың жас шамалары әртүрлі болуына байланысты өз қызметін ұйымдастыру формалары мен әдістерін таңдауына құқылы.



Шағын жинақты мектептің қызметін ұйымдастыруда мынадай қағидалар ескеріледі:

  • біріктірілген сыныптарда бірпәндік, біртақырыптық ұстанымдарға негізделген кіріктіре оқытуды ұйымдастыру;

  • біріктірілген сыныптардағы сабақтың дидактикалық кезеңдерін тиімді үйлестіретін икемді сабақ кестесін құру;

  • кіші және жоғары сынып оқушыларымен өздігінен жұмыстарды өткізуге мүмкіндік беретіндей сабақ жоспарларын ұйымдастыру;

  • оқу үдерісін әрбір оқушы тұлғасына психодиагностикалық сараптау, оның даму динамикасына байқау жасау, соның негізінде тиісті түзетулер енгізу арқылы ұйымдастыру;

  • әрбір білім алушы үшін оқытудың өзіндік траекториясын белгілеп, даралап және саралап оқытуға жағдай жасау;

  • білім беру процесінің технологиясы мен мазмұнының икемділігін, вариативтілігін жүзеге асыру;

  • әрбір оқушының өзін-өзі көрсете білу, өздігінен білім алу қабілетін дамыту;

  • білім берудің дамытушылық, шығармашылық және инновациялық сипаты;

  • шағын жинақты мектептің мәдени орталықтардан шалғай орналасқандығын ескере отырып, мектептегі тәрбиелеу және дамыту жұмыстарын басты назарға алу;

  • шағын жинақты мектеп жағдайында оқытудың ерекшеліктеріне сәйкес тиімді педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану.

Сыныптарды бiрiктiру тәжiрибесi екi нұсқада қарастырылады: аралас және әр жастағыларды бiрiктiру. Әртүрлі жастағы оқушылары бар сыныптарды ұйымдастыру педагогикалық тұрғыдан неғұрлым тиімді, өйткенi ол балалардың ауыспалы жұптарда жұмыс iстеуіне, жоғарғы сынып оқушыларының өзiндiк жұмыстарын ұйымдастыруға, сөйтiп көбiрек көңiл бөлудi керек ететiн төменгі сынып оқушыларына сабақ түсiндiру үшiн уақыт бөлiп алуға мүмкiндiк бередi.

Мектептiң бастауыш білім деңгейінде оқушыларды сыныптық-құрамдарға бiрiктiрудiң мынадай нұсқалары болуы мүмкiн: сыныптарды біріктірудің аралас түрі: 2+3, 3+4; әртүрлі жастағы оқушыларды біріктіру: 2+4, 1+3. Сыныптарды біріктіру кезінде әр жастағыларды біріктіру оңтайлы болып табылады, себебі бұл сыныптарда оқушылардың жас ерекшеліктері мен оқу бағдарламаларының айырмашылықтары елеулі, сондықтан оларды бір сынып ішінде, бір-біріне кедергісіз бөліп оқыту мүмкіндігі жоғары.

1-сынып оқушылары жеке оқытылады. Себебі мектепке енді қадам басқан оқушылардың оқу әрекетiне бейiмделуі, талаптануы, зейіні тұрақтануы мен ынтасының артуы үшiн оларды сынып-кешеніне қоспай, жеке оқыту керек.

Екі немесе үш сыныпты бiрiктiру қажет болған жағдайда (мысалы, 2+3+4), сабақтың белгiлi бiр бөлiгiн әрбiр сыныппен жеке өткiзу үшiн жағдай жасау мақсатында сабақтың жылжымалы кестесiн қолданған дұрыс.

Мектептiң негiзгi орта және жалпы орта білім деңгейінде сыныптарды бiрiктiру әр сыныптағы оқушылар санына байланысты. Оқушылар санының аз болуы жағдайында сыныптарды мынадай тәртiпте біріктірген дұрыс: 5+6; 6+7; 7+8, 6+8. Мұндай бiрiктiруде бірпәндік ұстанымға негізделген пән ішіндегі мазмұны ұқсас тақырыптарды кіріктіре оқытуға болады. Мысалы: қазақ тілі, әдебиет, биология, тарих, география пәндері бойынша пәнішілік кiрiктiре оқыту ұсынылады.

Біріктірілген сыныптарда пәнішілік кіріктіре оқыту мұғалімдер мен оқушылар үшін төмендегідей тиімділіктерді көрсетеді:



  • оқушылар әртүрлі сыныпта оқығанымен, олардың назарын бір пәннің мазмұнындағы ұқсас тақырыптарға аударуға мүмкіндік жасалады;

  • әр оқушы білім деңгейіне қарай өзіндік жұмыс түрлерін орындайды;

  • өзіндік жұмыстарды оқушылардың жас ерекшелігіне қарай деңгейлеп беруге жағдай жасалады;

  • оқушылардың бір-біріне көмектесіп, ұжымдық қарым-қатынасқа түсуіне мүмкіндік беріледі;

  • оқушылардың бірін-бірі тексеруін, өзін-өзі тексеруін және бағалауын жүзеге асырылады;

  • үлкен сынып оқушысы төменгі сыныптың жұмысын тексеріп бағалау арқылы өз білімін іс жүзінде қолдануына мүмкіндік туады.

Пәнішілік кіріктіре оқыту мүмкін болмаған жағдайда пәнаралық кіріктіре оқыту мүмкiндiгі бар (мысалы: әдебиет пен тарих, тарих пен география, биология мен химия, математика мен информатика).

9, 11-сыныптар бiтiрушi сыныптар болғандықтан, олардағы бала саны аз болған жағдайда да өзге сыныптармен қосып оқытылмайды.

Бастауыш шағын жинақты мектеп жағдайында балалардың бағдарламалық материалдармен ұйымдастырылатын өзiндiк жұмысына кететiн уақыт мөлшерi сақталуы керек:


  • жазу сабағы бойынша 2-сыныпта 20 минуттан, 3-сыныпта 25 минуттан;

  • математика сабағы бойынша 2-сыныпта 15 минуттан, 3-сыныпта
    20 минуттан аспауы тиiс.

Шағын жинақты мектепте оқу үдерісін ұйымдастыруда тиімді педагогикалық технологиялар (деңгейлеп, саралап оқыту, ұжымдық оқыту, дидактикалық бірлікті ірілендіру, дамыта оқыту, модульдік оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технология және т.б.) қолданылады.

Деңгейлеп оқыту оқушылардың жас және білім деңгейі ерекшеліктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар беру арқылы олардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ұжымдық оқыту әдісі динамикалық жұптар құра отырып, оқушылар арасында танымдық қарым-қатынасын, оқушылардың бірін-бірі оқытуын ұйымдастыру болып табылады. Ұжымдық оқыту әдісі балалардың қарым-қатынасы тапшылығын азайтуға, ауылдық жерлерде оқушылардың аздығы жағдайында оқушылардың монологтік және диалогтік сөйлеу қабілеттерін дамытуға жағдай жасап, мұғалімнің жалпы сыныппен жұмысын азайтып, жекелей оқыту уақытын көбейтуге мүмкіндік береді.

Дидактикалық бірлікті ірілендіру (ДБІ) - ақпараттардың біртұтас игерілуін қамтамасыз ететін, мағыналық қисынды байланыстар негізінде білімдік ұғымдарды біріктіру жүйесі. Бұл технология оқу пәндері және салалас пәндер блоктарының ішіндегі материалдардың дидактикалық құрылымын құру арқылы аралас сынып сабақтарын ұтымды өткізуге мүмкіндік жасайды.

Дамыта оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін кең қолдану - әр оқушының жан-жақты дамуына жағдай жасау арқылы белсенді тұлға тәрбиелеу.

Шағын жинақты мектеп жағдайында ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану арқылы білім беру, ғылым мен мәдениет және т.б. салаларда ақпараттардың халықаралық дереккөздерін, электрондық оқу материалдарын пайдаланады, тірек мектебімен (ресурстық орталықпен) байланыс орната отырып, сессияаралық кезеңде олардың білім қорларын пайдаланады, қашықтан оқытуды жүзеге асырады.

Жақын орналасқан шағын жинақты мектептерді біріктіретін, білім беру ұйымы болып табылатын тірек мектептер (ресурстық орталықтар) оқушылардың сапалы білімге қол жеткізуіне жағдай туғызады. Тірек мектептер (ресурстық орталықтар) базасында шағын жинақты мектеп оқушылары үш рет (оқу жылының басында, ортасында жəне соңында) он күннен (сессия) білім алады əрі онда аралық жəне қорытынды аттестаттау тапсырады. Сессияаралық кезеңде шағын жинақты мектептерде оқыту тірек мектеп мұғалімдерінің қатысуымен жəне қашықта оқыту технологияларының көмегімен жүргізіледі. Тірек мектептердің қорларын қолдану негізінде білім сапасы, мектептердің педагогикалық өзара қарым-қатынасы, тәжірибе алмасу жүйесі дамытылады.

5 Байқоңыр қаласындағы мектептерде оқытудың ерекшеліктері
Қазіргі кезде Байқоңыр қаласының мектептері айрықша жағдайда, атап айтқанда, Ресей Федерациясының Білім министрлігіне қарасты мекемелердің басшылығымен жұмыс істеп жатыр. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын оқушылар құрамын ескере отырып, ҚР Білім және ғылым министрлігі төмендегі оқу пәндерін қазақ тілінде оқытатын мектептерде Федералдық базистік оқу жоспарының аймақтық компоненті есебінен оқытуды ұсынады:


  • қазақ тілі 1-11-сыныптар;

  • қазақ әдебиеті 5-11-сыныптар;

  • Қазақстан тарихы 5-11-сыныптар;

  • Қазақстан географиясы 8-9-сыныптар.

Жалпы білім беретін басқа оқу пәндері бойынша, мұғалімдер күнтізбелік-тақырыптық жоспарын, сабақ жоспарларын құруда, оқу материалын дайындағанда оқушылардың Қазақстан Республикасының ерекшеліктеріне байланысты танымдық-ақпараттық материалдарымен танысуына, игеруіне мүмкіндік жасаулары тиіс.
Мазмұны


Кіріспе ………………………………………………………………………..

3

1 Бастауыш білім беру деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері ........

7

1.1

1.2


1.3

1.4


1.5

1.6


1.7

«Тіл және әдебиет» білім саласы ……………….................................

«Математика» білім саласы ……………….........................................

«Жаратылыстану» білім саласы ………………..................................

«Адам және қоғам» білім саласы ………………................................

«Өнер» білім саласы ……………….....................................................

«Технология» білім саласы ………………..........................................

«Дене шынықтыру» білім саласы ………………................................


7

22

25



26

28

30



31

2 Негізгі орта білім деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері …..........

32

2.1

2.2


2.3

2.4


2.5

2.6


2.7

«Тіл және әдебиет» білім саласы ………………................................

«Математика және информатика» білім саласы ………………........

«Жаратылыстану» білім саласы ………………..................................

«Адам және қоғам» білім саласы ………………................................

«Өнер» білім саласы ……………….....................................................

«Технология» білім саласы ………………..........................................

«Дене шынықтыру» білім саласы ………………................................


32

44

50



61

67

70



74

3 Жалпы орта білім деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері ……......

76

3.1

3.2


3.3

3.4


3.5

3.6


«Тіл және әдебиет» білім саласы ……………….................................

«Математика және информатика» білім саласы ………………........

«Жаратылыстану» білім саласы ………………..................................

«Адам және қоғам» білім саласы ………………................................

«Технология» білім саласы ………………..........................................

«Дене шынықтыру» білім саласы ………………................................



76

89

95



102

106


109

4 Шағын жинақты мектептерде оқыту ерекшеліктері ………………........

112

5 Байқоңыр қаласындағы мектептерде оқытудың ерекшеліктері ……......

115



жүктеу 2,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау