Биттердің медициналық маңызы
Биттердің тістеуінен және сілекейлерінің әсерінен тері қазаруы мүмкін, содан соң бүртиіп ісі (папула) пайда болады. Тістегеннен кейін, әсіресе түнге қарай қышуы жоғарылайды. Адамдардың тістегендегі сезімталдығы әртүрлі. Педикулездің негізгі белгілері (симптомдары): 1) қышу, кейбір адамдарда, аллергия; 2) биттердің жаппай шаққан жерлерінің терісі қатаяды және жен-діктердің сілекейінің теріге әсері; 3) меланодермия – ұлпаға қанқұйылуына байланысты терідегі пигментация және сілекейдің әсерінен шақырылатын қабыну процесі; 4) колтун – басты тарау кезінде пайда болатын сирек кезде-сетін құбылыс, шаштары шатасады. Тарау кезінде екінші терілік аурулардың пайда болуына ықпал жасайды: дерматиттердің, экземалардың және т.б. Кейде, қатты биттеп кеткен кезде субфебрилді температура және лимфа түйіндерінде ісіну пайда болады. Адамдағы үш биттің қоздырғыштарды тасымалдаудағы маңызы әртүрлі.
Бас биті бөртпе және қайтымды сүзек қоздырғыштарын тасымалдауы мүмкін деп қарастырады. Бірақ, бұл түрдің ролі соңынан дейін анықталған жоқ. Белгілі болғандай, бас битінің Провачека риккесияларымен зақымдалуы киім битіне қарағанда тәжірибиеде шамамен 30% құрайды. Шап битінің ауру қоздырғыштарын тасымалдауға қатысатыны дәлелденген жоқ. Бұл жәндіктер адамдарды тістеп, тері ауруларының пайда болуын қамтамсыз етеді. Осы жәндіктермен шақырылатын блефарит (қабақтың қабынуы) жағдайы белгілі.
Киім биті – эпидемиялық бөртпе сүзегінің, волындық қалтыраманың және қайтымды сүзек қоздырғыштарының негізгі тасымалдаушысы. Киім биті (дамудың барлық фазалары) бөртпе сүзегімен ауыратын адамның қанын сорған кезде немесе риккетсия уақытында Брилля ауруымен, яғни уақыт ағымында, қоздырғыш ауру қанында қалтырама кезеңінде болса, Провачека риккетсий – бөртпе сүзегінің қоздырғыштарымен зақымдалады. Провачека риккетсийі биттің ішегіне түседі, ішек эпителийінің жасушаларында көбейеді және оны зақымдайды. Инфицирленген бит 12-13 күні ауырады және 15-18 күні өледі. Биттердің өлу себебі, олардың ішектерінің қабырғасының бұзы-луы болып табылады. Провачека риккетсииі ішек саңлауына енеді және фе-кал арқылы сыртқа шығады. Адам ағзасына шырыштар немесе терідегі жара-лар (қышыма) арқылы, сығылған биттің бөлінулерімен денеге езген кезде жұғады. Құрғақ риккетсия экскременттерінде 3 айға дейін сақталады. Бөртпе сүзек қоздырғышы биттерде жұмыртқа арқылы ұрпағына трансовариалды берілмейді. Биттердегі оптималды температура +37°С-ге дейін, дене темпе-ратурасының жоғарылауынан биттер лихорадты ауру адамнан кетеді, осылай бөртпе сүзегі қоздырғыштарының таралуына себебін тигізеді (сурет 9).
Сурет 9 – Бөртпе сүзегі
Достарыңызбен бөлісу: |