Оқу-әдістемелік құралы Қарағанды 011 Әож 576. Кбж 52. 62 Е 78 Рецензенттер: Г. М. Тыкежанова



жүктеу 1,57 Mb.
бет23/25
Дата31.05.2020
өлшемі1,57 Mb.
#30733
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
МЕДИЦИНАЛЫҚ АРАХНОЭНТОМОЛОГИЯ

Көбеюі. Жәндіктер толық емес метаморфозбен дамиды. Аналығы тәулігіне 5 жұмыртқаға дейін салады. Бүкіл өмір сүру ағынында 250-ден 500 жұмыртқаға дейін салады, 15 айға дейін өмір сүреді. Жұмыртқадан имагоға дейінгі толық даму циклі 30-40 күндей болады. Қолайсыз жағдайда – 80-нен 100 күнге дейін ұзарады. Қандалалар температураның өзгеруін өте қолайсыз қабылдайды және бұл оларды өлтіруі мүмкін, −15° температурада 1 тәулік өмір сүреді, ал +49° температурадан жоғары болса, қандалалар өледі. Ересек қандала бөлме температурасы кезінде аптасына бір рет, ал ыстық кезде жиі қоректенуі мүмкін. Өсіп келе жатқан дернәсілдері келесі өсу кезеңіне өту үшін ең болмағанда бір рет қанмен қоректенуі керек. Қандаланың нимфа-лары түссіз келеді, қоректенгеннен кейін ашық қызыл түске боялады. Жұмыртқадан имагоға дейін дамуы бөлме температурасы кезінде 1,5-2 айда аяқталады, бірақ жылу 15 градустан төмен болса толықтай дамуы тоқталады. Дернәсілдері 1,5 жылға дейін, ал имагосы – жарты жылға дейін аш жүруге қабылетті. Сондықтан болар көптен бос тұрған үйлерде кенеттен қандалалар пайда болады және жаңа тұрғындарға шабуыл жасайды. Бос тұрған үйлерде қандалалар тышқандардың, кептерлердің, тауықтардың қанын соруы мүмкін.

Адамдарды шағуымен олар көп зиян келтіреді, оларды ұйқыдан және дем алудан қалдырады, сонымен қатар олардың жұмыс істеу қабылетін төмендетеді. Қандала шабуыл жасау кезінде масаға ұқсап бір жерде отырмайды, керісінше ол орнын ауыстырып, тістеген жерлерінде «жол» қалтырады. Тістеген жерлерінің ара-қашықтығы бірнеше сантиметрге дейін жетеді (сурет. 26).



Сурет 26 – Төсек қандаласының тістеген жерлері «Жолдары»
Үйлер зақымдалған болса, бір түннің ішінде 500-дей немесе одан да көп тістеуі мүмкін. Төсек қандаласының тістеген жері өте қатты қышиды және күлдіреу пайда болады. Нақты дәлелдеулер жоқ, бірақ зерттеушілер төсек қандаласы инфекциялық ауруларды тасымалдауы мүмкін дейді. Үшатомды қандалар американдық трипаносомоз – Trypanosoma cruzi немесе Шагас ауруының қоздырғышының тасымалдаушысы деп болжайды (сурет 27). Шагас ауруы алғаш рет 1909 жылы доктор Карл Шагас ашты.

Американдық қарақшы-қандала (Rhodnius prolixus), Оңтүстік және Орталық Америка тропиктік аймақтарда мекендейді. Кәдімгі екі жіңішке мұртшаларынан басқа басының жалғасы - тұмсықшасы бар (сурет 28).




Сурет 27 – Үшатомды қандала
Бұл қозғалмалы мұрын-тұмсықшасы инфрақызыл сәулеге сезімтал болып келеді. Қарақшы- қандала адамның көзінің немесе ерінінің айналасын шағады, яғни, температура жоғары болатын жерлерді. Сондықтан оны «сүйісуші қандала» деп атайды. Олардың шаққан жерлерінде бөрту, жүрек қағуы, демікпе және құсу пайда болады.

Сурет 28 – Үшатомды қандаланың жуан түмсықшасы
Негізінен Шагас ауруы нашар тұратын Оңтүстік және Орталық Американың ауыл аймақтарында таралған, әсіресе ауру балаларда және жас адамдарда кездеседі.

Қандалалардың тістеулері арнайы емді қажет етпейді. Егер қышыма қатты болса, симптомдарын жеңілдету үшін гормондық кремдерді және антигистаминді препараттарды қолданады. Екінші ретті инфекцияда қатты қышыған жерлеріне антибиотиктерді қолдануды қажет етеді.

Қандалаларды анықтау оңай емес және көп жағдайда ол дезинфекция мамандарының қызметін қажет етеді. Қандалаларды өлтіру үшін сұйық күйде, ұнтақ және иісі жоқ аэрозоль түрінде кездесетін инсектицидтерді қолданады. Оларды қандалалар табылған жерлерге жағу керек. Төсектерді инсектицидтермен өңдеу қиын болғандықтан, көбінесе төсек пен матрастарды жою керек болады.

Үшатомды қандалаларды диэлдрин, гексахлоран, гаммексан және басқа препараттарды қолдану арқылы жояды. Үйлердің жарылып кеткен қабырғаларын және саңылауларды (тесіктерді) бітеу қажет болады.



жүктеу 1,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау