Ең бірінші тең таралған бірлік жүктеу күштерін және эпюраларын анықтау дұрыс болады (q1=1), содан барып k=q/q1 коэффициентін ескеріп нағыз жүктеулерден болатын күштерді анықтау қажет (мұндағы q – нағыз жүктеу, q1 – бірлік жүктеу).
Нәтижесінде негізгі және қосымша жүктеу үйлесімімен қимадағы есептік күштер табылады:
а) есептік тұрақты және уақытша бүкіл аралықта;
б) тұрақты бүкіл аралықта, уақытша – аралық ортасында;
в) а және б сұлбалары бойынша, жел үйлесімімен.
Конструкцияларды есептегенде СНиП «Нагрузки и воздействия» -ны қолдану керек.
Қазіргі заманда құрылыста тек қана желім рамаларын қолданатындықтан әрі қарай тек қана олар туралы әңгіме жүреді.
Қималарды тексеру
Ең көп кернеуленген қималар нормальді кернеулер бойынша M және N эпюраларына назар аударсақ рамалар үшін карниз түйіндері болып табылады, ал қиғаш тіреуіштері бар рамалар үшін тіреуіш басындағы қима болып табылады.
1. Үш топсалы рамаларының элементтерін қысылып иілетін элементтерді есептеу ережесімен жасалады, есептік ұзындығы өс сызығы бойынша рама жартысының жартысы болып табылады.
2. Жазық форманың орнықтылығын келесі формуламен анықтау қажет:
Сурет 17 – Майысып желімденген раманың қисық сызықты аймағы
Майысып желімденген раманың қисық сызықты аймағы h/r≥1/7 болғанда (h – қима биіктігі, r – қисықтық радиусы) келесі формуламен есептеу қажет
Бұл жерде ішкі қыры бойынша кернеуді есептегенде, есептік кедергі моментін krb коэффициентіне көбейту керек.
Рама түйіндерін есептеу
Зауытта жасалатын рамалар үшін тірек және атша түйіндерін есептеу қажет. Топсалы тіректі түйіндер сан алуан болуы мүмкін.
Тірек түйіндерінің бірнеше түрлерін келтірейік:
Сурет 18 – Тірек түйіндерінің түрлері
Тірек түйіндерінің барлық түрлері үшін бойлық қысу күші N тіреу үшін. Бұл кезде тексеруді мына формуламен тексереді:
Көлденең күш Q іргетасқа болт арқылы берілуі мүмкін. Бұл кезде болт саны есептеледі.
Басқа жағдайда көлденең күш ағаш брус арқылы немесе тік болатты бет арқылы беріледі. Бұл жағдайда
Атша түйіні ағаш жапқышы арқылы болтпен жасалады, сонымен қатар басқа да варианттар болуы мүмкін (мысалы, көлденең күш үлкен болғанда), металл бұйымдарын қолданады.
Сурет 19 – Атша түйін
Достарыңызбен бөлісу: |