Дәріс № 9
Аркалар. Жалпы сипаттамасы. Сұлбалары, конструкциялары және есептеу.
Аркалар рамалық конструкциялар сияқты керілетін конструкцияларға жатады, яғни тірек реакциясының көлденең құраушысы бар.
Аркалар әртүрлі ғимараттардың негізгі көтергіш конструкциялары болып табылады. Оларды өндірістік, ауылшаруашылық және қоғамдық ғимараттардың жабындарында қолданады, аралықтары 12-70м. Шет елдерде 100 м-ге дейін аралықтары бар арқалар бар.
Статикалық сұлбасына қарай аркалар үш топсалы және екі топсалы болып келеді:
Сурет 1 – Үш және екі топсалы аркалар
Тірек түріне қарай тартқышы бар, яғни керілуді қабылдайтын және тартқышы жоқ, яғни керілу тіректерге берілетін болып бөлінеді.
Сурет 2 – Тартқышы бар және тартқышы жоқ аркалар.
Достарыңызбен бөлісу: |