350
1
№4 зертханалық жұмыс. Əр түрлі қағаздағы қуыстық
(поры) өлшемін табу
2
2
Ом жəне Кирхгофф заңдарын техникада қолдану
1
3
Электрмагниттерді өндірісте қолдану. Токтың магниттік
қасиеттері. Электромагниттер жəне оларды өндірістік мал
шаруашылығында қолдану. Электромагниттік индукция. Холла
эффектісі.
1
4
Оптика жəне оны техникада қолдану.
1
5
Радиоактивті заттарды техникада қолдану.
Радиоизотоптарды сұйық деңгейін анықтау үшін қолдану.
Өздігінен жарқырайтын бояулар мен материалдар. Радиоактивті
изотоптарды тозуды бақылау үшін жəне тозуды көрсеткіш
ретінде қолдану. Гамма дефектоскопия.
1
6
Есептер шығару
1
7
Оқушылар өз тақырыптары бойынша жобаларын
қорғайды.
2
8
Қорытынды кеш
2
Үйірменің оқыту нəтижесінде мектеп бітіруші оқушылар физика пəнінен
логикалық, сапалық жəне сандық есептер шығаруда, экспериментальдық
тəжірибелерді орындауда, заңдылықтарды орындауда, ауызша емтихан
тапсыруда, оқу жүйесін сырттай бақылауда (ОЖСБ) өздерінің терең
білімділігін, саналылығын көтереді. Сыныптан тыс оқытудың қай жұмысы
болмасын оқушыларға тəрбие берелік үлесі мол.
Пайдаланған əдебиеттер тізімі
1. Орехов В.П., Усова А.В. Физиканы оқыту методикасы. – Алматы:
Мектеп, 1978.-392 б.
2. А. Түсіпов, Қ. Түсіпов «Теориялық жəне қолданбалы механика».
Алматы, 2014. – 736 бет
3. М. Немеребаев Материалдар кедергісі: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК
«Дəуір», 2011. - 272 бет.
4.Үмбеталиев Н.А., Сүйеубаев Ж.С. Көлік техникасында пайдаланатын
отын, майлағыш заттар жəне техникалық сұйық материалдары бойынша
практикум. - Алматы 2012 ж. – 110 бет.
Шагиахметова Л.М.
1
, Əділбекова М.Б.
2
1.Ғылыми жетекшісі, аға оқытушы, жаратылыстану ғылымдарының
магистрі
351
2.Студент 4 курста, физика-математика жəне жалпы техникалық пəндер
кафедрасы, мамандықтың «Кəсіптік оқыту»
МЕКТЕП
БАҒДАРЛАМАСЫНДА
АҒАШТЫ
КҮЙДІРІП
ӨҢДЕУ
БӨЛІМДЕРІНІҢ
ДИДАКТИКАЛЫҚ
САРАПТАМАСЫ
Технология – математика, физика, химия, биологиядан ғылыми білімдерді
синтездейтін жəне олардың өндірісте, желіде, ауыл шаруашылығында, көлік
жүйесінде жəне адам қызметінің тағы да басқа бағыттарында қолданылатын
біріктірілген білім беру саласы.
Бағадарламаға тиісті оқу-материалының базасының негізіндеоқушылардың
шығармашылық дамыту мен негізгі (яғни ең таралған жəне перспективті)
технологияларды қосатын «Технология» біріктірілген оқу саласын енгізу,
жастардың жалпы еңбек пен бірен-саран арнайы білім мен икемділіктерге ие
болуға мүмкіндік береді, сонымен қатар интеллектуалды, физикалық, этика
жəне эстетикалық дамуы мен өмірдің əлеуметтік-экономикалық шарттарына
бейімделуді қамтамасыз етеді.
Технология, бағдарлама бойынша орыс тіліндегі жалпы білім беру
мектептерінің бесінші-жетінші сыныптары үшін пəнді 34 сағат көлемінде,
жетісіне 1 сағат жүргізу қарастырылған. Ауыл мектептерінде бесінші
сыныптағы ұл балалар үшін сəндік-қолданбалы өнер элементі бар
материалдарды көркем өңдеуіне 18 сағат қана бөлінген. Оның ішінде 6 сағаты
теорияға, 12 сағаты тəжірибе үшін. Қала мектептерінде бесінші сынып ұлдары
үшін 22 сағат қана бөлінген. Оның ішінде теорияға 8 сағат, тəжірибеге 14 сағат.
Алтыншы сынып ұл балалары үшін ауыл мектептерінде 18 сағат бөлінген,
6 сағаты теория, 12 сағаты тəжірибе үшін. Ал қала мектептерінде 20 сағат
бөлінген. Теорияға 8 сағат, ал тəжірибе үшін 12 сағат.
Сəндік-қолданбалы элементі бар материалды еөркем өңдеу үшін ауыл
мектебінің 7 сынып ұл балалары үшін 20 сағат бөлінген, оның ішінде 8 сағаты
теорияға, 12 сағаты тəжірибе үшін. Қала мектептерінде 18 сағат, 4 сағаты
теорияға, 14 сағаты тəжірибеге арналған[1].
Бесінші сыныпта ағашты көркем өңдеуді үйрену кезінде бағдарламада
келесі бөлімдер қарастырылады:
x
Ағашқа көркем ою салудың дамуы мен оның түрлері жайлы
мағлұмат;Оқушылардың жұмыс орны. Құрал-саймандар;
x Ағаш – көркем жұмыс жасайтын материал. Кесілген материалды таңдау
жəне оны құрғату, сақтау;
x Ағашты көркем өңдеу технологиясы. Көркем графика. Ою салу.
Трафарет жасау;
x Материалдарды өңдеу негіздері: кесу, сүргілеу, белгілеу, қайрау,тегістеу.
Тілгіш құралдармен қауіпсіз жұмыс жасау туралы негізгі мағлұматтар. Жұмыс
киім формасы. Оқушылардың жеке гигиенасы. Ағашты көркем өңдеудің басты
кезеңінде кескішті жүргізу техникасымен олардың түрлері;
x Ағашқа геометриялық ою салу технологиясы.
352
Осының ішінде тəжірибелік жұмысқа кіретіні: ағашты алғаш өңдеу, өрнек
үшін тақтай бетін дұрыс белгілеу. Пышақпен жəне қашаумен тік, фигуралық,
пішінді, жəне геометриялық ою салу кезінде технологиясының тəсілдерін
еңбекпен өтеу. Геометриялық пішіндегі өсімдік жəне жануарлар əлеміндегі, тік
бұрыш, үшбұрыш, ромб өрнектерін графикалық орындау. Оюларды тізгіндеп
қатар салу. Ағашқа қарапайым ою сызығын салу, тазарту; Табиғи материалмен
жұмыс жасау.
Металлмен жұмыс жасау кезінде 5 сынып бағдарламасында келесі
бөлімдер қарастырылады:
x Қазақстан халқының чекан өнері. Жалпақ бедерлі чеканкада
қолданылатын мыс, алюминия, қорытпа тəріздес жалпақ материалдардың
қасиеттері.
x Чекан оюындағы ырғақтық, симметрия, пішін кереғары, жарық пен
көлеңкенің үйлесімділігі. Жұмсақ сым мен моншақтан сырғалар жасау
технологиясы.
x Теміршебер жəне арнайы құралдар, олардың функциялары,
экономикалық, эстетикалық қасиеттері. Құралдардың сақталуы.
x Жұмыстың қауіпсіздік ережелері. Оқушылардың жеке гигиенасы.
Соның ішінде тəжірибелік жұмысқа кіретіні: жұмыс орнын, құрал-
саймандарды дайындау. Жұмсақ сым мен қаңылтырды дайындау. Чекан жəне
заргер жұмыстарының қарапайым түрлерін орындау. Чеканка элементтері: тік
сызық, үшбұрыш, төрт бұрыш жəне т.б. Түйе мойын оюы, жалпақ бедерлі
чеканканың өсімдік тектес оюлары. Геометриялық пішінмен өсімдік
оюларынан жеңіл композицияларды орындау.
Алтыншы сыныпта ағашты көркем өңдеуді өткенде бағдарламада келесі
бөлімдер қарастырылады:
x Қазақ халқының жəне Қазақстан Республикасының басқа да
халықтарының қолданбалы өнер түрлері жайлы мағлұмат. Туған
жераумағындағы ағашты көркем өңдеу туралы мағлұматтар жəне тəн
ерекшеліктері.
x Ағашты көркем өңдеу үшін материалдың түрлілігі. Ағаш текстурасының
мəні, ағаш сапасы. Материалдарды өңдеу. Пішінді оюдың техникасы. Желім
жəне ағаштың тетіктерін желімдеу. Желім материалдары. Жұмыстың
қауіпсіздік ережелері.
Соның ішінде тəжірибелік жұмысқа кіретіні: пішінді ою түрінде түйе
мойын оюын нақты орындау жұмыстары. Ағаштан жəне терден əртүрлі пішінді
қолдан жасалған бұйымдар, білезік, розеткалар жасау. Табиғи материалмен
жұмыс жасау.
Алтыншы сыныпта металлмен жұмыс жасауда бағдарламада келесі
бөлімдер қарастырылады:
x Түрлі-түсті жалпақ материалдардың физикалық қасиеттері: жездер, болат,
жəне олардың қорытындылары.
353
x Чеканка үшін құралдардың əртүрлілігі; олардың жиынтығы. Құралдардың
пішіні жəне олармен жұмыс жасау. Білезіктің қарапайым түрлерін жасау
технологиясы.
x Пластикалық өзгерістік (деформация) қасиетін өзгеретін тегістіктердің
ерекшеліктерін ескере отырып, материалдарды таңдау, жұмыстың қауіпсіздік
ережелері.
x Чекан жұмыстарын орындау үшін жез жапырақтарын жағу. Болат, жалпақ
металлдарды шығару. Қыздырып өңдеу.
Бұйымдарды көркем құрастыру ерекшеліктері мен қағидалары.
Соның ішінде тəжірибелік жұмысқа кіретіні: объектіні таңдау. Қарапайым
чекан оюымен сəулеттендіру (білезік жəне жыртылмалы күнтізбе үшін
тақтайшалар). Сурет жобасы мен эскиз жасау. Металл таңдау. Чеканка үшін
металлды дайындау бойынша технологиялық іс-шара қолдану. Белгілеу, кесу,
түзету, жиектерін кесу. Металл бетіне суретті көшіру. Металлда пішінді
орындау. Қолжетімді тəсілмен реңктеу. Қарапайымпішіндегі əшекейлер жасау:
білезіктер. тұмар, ер жəне əйел белбеулері үшін тоғалар.
Жетінші сыныпта ағашты көркем өңдеуді өткенде бағадарламада келесі
бөлімдер қарастырылады:
x Ағашты өңдейтін жоңғыш білдек. Жоңғыш бұрғылау, ұштағыш
білдектерде қауіпсіз жұмыс жасау техникасы. Ағаш тетіктерін біріктірудің
қарапайым техникасы. Ұлттық халық стиліндегі ағаш жиһазы: сандық, кебене
жəне т.б. Оюлап өрнектеудің түрлері: сандық,кебеже, төсек ағаш.
Əшекейленген қабатты реңктеу əдістері, күйдіру əдістері.
Соның ішінде тəжірибелік жұмысқа кіретіні: геометриялық жəне өсіммдік
тектес оюларды қолдана отырып, пішінді өрнек салу əдісімен табақшалар
жасау. Қарапайым ағаш кəдесыйларын жасау. Сандық пен кебежнің беткі
жағын пішінді оюлармен эскиздерін жасау.
Жетінші сыныпта металлмен жұмыс жасағанда бағдарламада келесі
бөлімдер қарастырылады:
x Əшекей жасау үшін материалдар мен құралдар. Материал қасиеттері.
Қолдан жасалған құралдармен жұмыс жасау əдістері. Əшекей жасау
технологиясы.
Жұмыс орны жəне реактивтер мен құралдармен жұмыс жасау қауіпсіздік
техникасы. Оқушылардың жеке гигиенасы [2].
Соның ішінде тəжірибелік жұмысқа кіретіні: қарапайым оюы бар
бұйымдардың эскиздерін жасау. Жұқа қаңылтыр, жұқалтыр, мыс сымынан
жасалған дайындықтарды жасау. Өрнектелген тік бұрышты пішіндегі білезіктер
мен кəдесыйлар жасау.
Материалдарды көркем өңдеу бөлімінде келесі өңдеу түрлеріне назар
аударылады: теріні өңдеу, көркем мүсіндеу, тоқыма. Əр сыныптар үшін оқу
тақырыптары, экскурсиялар, тəжірибелік жұмыстар жəне т.б. жасалынған.
Күйдіру сияқты, ағашты көркем өңдеудің тартымды тəсіліне бір сағатта
бөлінбеген. Ағашты көркем өңдеудің бұл түрі сыныптан тыс сабақтарда
оқытылуы мүмкін [3].
354
Пайдаланған əдебиеттер:
1.
Программы по технологии для 5-7 классов общеобразовательной
школы с русским языком обучения.-Алматы: РОНД, 2003.-36с.
2.
Занятия по трудовому обучению: 6-7 кл.: Пособие для учителя.
Г.Б.Волошин и др.; Под ред. Д.А.Тхоржевского.М., 2000.-88 с.
3.
Кочетов А.И. Трудовое воспитание школьников. –Минск, 1991.-75с.
Касымова А.Г.
1
, Байзақова Н.М.
2
1.Ғылыми жетекшісі, физика-математика ғылымдарының кандидаты,
доцент
2. Студент 4 курста, физика-математика жəне жалпы техникалық пəндер
кафедрасы, мамандықтың «Физика»
ФИЗИКА САБАҒЫНДА АССОСАЦИЯНЫ ҚОЛДАНУ
Қазіргі мектептің оқыту үрдісінде білім берудің тенденциялары мен даму
бағыттарын қамтамасыз ететін 50 - ден аса педагогикалық технологиялар
қолданыс табуда.
Осы жаңа педагогикалық технологиялардың ішінде сын тұрғысынан
ойлауды дамыту технологиясының орны ерекше. Бұл технологияны жарыққа
шығарған американдық педагогтарДж. Стил, К. Мередит, Ч. Темпл, С. Уолтер.
Олардың пікірінше оқу міндетті түрде белсенді болуы керек. Оқушының əр
нəрседен бір мəн табуға мүдделі жəне білуге құмарлығы болса ғана белсенділік
пайда болады.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы əдісінің бірі - ассоциация.
Ассоциация жасауда оқушылар топтасып жұмыс жасайды. Сабақтың алғашқы
этапында ассоциация əдісін қолдану өте тиімді.
Ассоциация əдісін оқушылардың қолдануы. Оқушылардың тақырып
бойынша өздері бұрын қандай мəлімет білетіндерін анықтау үшін қолданылады
[1, 90 б.].
Ассоциация – бұл жеке анықтамалар, фактілер, заттар, құбылыстар,
арасындағы өзара байланыс, соның нəтижесінде бір ұғымды еске алу сонымен
тіркесетін басқа ұғымды еске түсіреді. Ассоциациялар əр түрлі белгілер: түс,
дəм, пішін, дыбысталу, əрекет, тағайындалу, сан бойынша пайда бола алады.
Ассоциация əдісін сабақтарда қолдану оқушылардың шығармашылық
белсенділігінің жəне қисынды ойлауының дамуына септігін тигізеді, есте
сақтап қалу механизмдерін жетілдіреді, сөздік қорын молайтады. Көбінесе,
неге бұл немесе басқа бейне басқа туралы түсінік тудыратынын саналы
Достарыңызбен бөлісу: |