Астыңғы созылған белдіктер 2 немесе 1 сорттан жасалуы керек, қысылған және қатаңдық қабырғалары – 2 немесе 3.
Қабырғалы желім фанерлі арқалықтарды белдік және қабырғалардың бірге жұмыс істеуін ескеріп иілуге есептейді.
Екі жаққа қиғашталған өзгермелі қималы арқалықтарда максималды ию кернеуі ортасында емес тіректен Х арақашықтықта орналасады:
Мұндағы γ=hоп/li , hоп – белдік өстерінің арасындағы тіректегі қима биіктігі,
l – арқалық аралығы,
i – үстіңгі белдіктің көлбеулігі.
Бұл қимадағы ию моменті . Геометриялық сипаттамалары серпімділік модульдарымен анықталады (Eg) және (Еф).
Нәтижесінде қиманың келтірілген геометриялық сипаттамалары анықталады
Қабырғалы желім фанерлі арқалықтарды есептегенде келесілер тексеріледі.
1. Белдіктегі нормальді кернеулерді анықтағанда максималды ию моменті бойынша анықталады:
- созылған белдік үшін
,
- қысылған белдік үшін
,
φ – бойлық иілу коэффициенті,
- фанерлі қабырға үшін
,
mф – қиғаш тоғысу жеріндегі фанераның кедергісінің әлсіреуін ескеретін коэффициент, (кәдімгі фанера үшін m=0.6, бакелизденген үшін 0.8)
2. Фанераның анизотроптығын ескергендегі қабырғаларды нормальді және түйісу кернеулерінің бірге әсер еткендегі беріктікке тексеру, яғни белдіктің қабырғамен түйісу жерін тексеру.
,
σр – басты кернеулер,
σст, τст – сол қабаттағы қабырғаның нормальді және түйісу кернеулері,
Rфα – фанераның α бұрышымен созылуға есептік кедергісі, СНиП кестесі арқылы анықталады.
α – басты кернеудің арқалық өсіне бағытталған бұрышы, келесі тәуелділікен анықталады .
3. Қабырғалардың белдікке желімделетін жеріндегі шпонның жаншылуға тексерілуі
(0.6 МПа)
Sn – арқалық өсіне қатысты белдіктің статикалық моменті,
Σbш – Қабырғалардың белдікке желімделетін тігістерінің суммарлы ені, Σbш=nhn (hn – белдік биіктігі, n – тік тігістердің саны)
Rфск – фанераның жаншылуға есептік кедергісі.
4. Нейтралды өс бойынша тірек маңайындағы фанерлі қабырғаны кесілуге есептеу
Sпрф – Арқалық өсі бойынша қима жартысының фанераға келтірілген статикалық моменті,
Σδф – фанерлі қабырғалардың суммарлық қалындығы.
5. Қабырғаны жергілікті орнықтылыққа тексеру (тірек маңайындағы панельдің ортасында тексеріледі)
Талшықтардың арқалық бойымен бағытталған кездегі қабырғаның орнықтылығын қамтамасыз ету үшін hст/δ≤50 болуы керек, мұнда hст – тірек панелінің ортасындағы қабырғаның биіктігі, δ – қабырға қалындығы.
Егер hст/δ>50 болса, жергілікті орнықтылыққа тексерілу жүргізілу қажет.
Орнықтылыққа есептеу келесі формуламен жүргізіледі:
Мұнда Кu, Кδ – СНиП сұлбалары бойынша анықталатын коэффициенттер,
hст – полкалардың ішкі қырлары арасындағы қабырға биіктігі, hрасч= hст а≥ hст болғанда.
hрасч= а егер а< hст, а – қабырғалар арасы.
Сурет 14 – Қатаңдық қабырғаларының орналасуы
Достарыңызбен бөлісу: |