Оқу-әдістемелік материалдар



жүктеу 7,56 Mb.
бет12/65
Дата05.01.2018
өлшемі7,56 Mb.
#7076
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   65
2. Тыныштық потенциалы.

Жануарлар мен адамдардың клеткаларында, тканінде биоэлектрлік потенциалдар пайда болады дедік. Бұл биоэлектрлік потенциалдар тыныштық потенциалы, әсер потенциалы, постинаптикалық және генераторлық болып бөлінеді. Тыныштық потенциалын мембраналық тыныштық потенциалы деп те атайды. Тірі клетканың тыныштық күйінде тұрғанда оның (клетканың) ішіндегі зат пен сыртындағы ерітіндінің арасында потенциалдар айырмасы пайда болады. Оны тыныштық потенциалы деп атайды. Тыныштық потенциалының шамасы 50-100 В тең. Бұл потенциал мембрананың бетіне жиналады. Мембрананың ішкі беті сыртқы бетіне қарағанда теріс зарядталады. Тыныштық потенциалының пайда болуы мембрана арқылы калий иондарының өзіне байланысты болады. Протоплазмадағы калий концентрациясы клетка сыртындағы сұйық ішіндегі концентрацияға қарағанда елу есе көп болады да, мембрана арқылы сыртқа оң зарядталған калий иондары шығады. Сөйтіп мембрананың ішкі беті теріс зарядталады. Тыныштық потенциалы Нернст формуласымен анықталады.

Егер клетканың белгілі бір әдіспен тітіркендірсек, ол қозады. Бұл кезде клетканың физикалық, химияық, функциялық өзгеріске ұшырайды. Қозған кезде клетка мембранасының электрлік күйі өзгеріске түседі. Клетканың қозған жері оның қозбаған жеріне қарағанда теріс зарядталады. Олай болса, қозған жердегі иондар қозғалысқа түсіп басқа жерге орын ауыстырады деген сөз. Клеткаға әсер ететін тітіркендіргіштер алдымен тыныштық потенциалының төмендеуіне әкеліп соқтырады. Тыныштық потенциалы төменгі шегіне жеткеннен кейін әсер потенциалының активті (белсенді) кезеңі басталады. Әсер потенциалы нерв (жүйке) тамырларымен немесе бұлшық ет тарамдарымен өте үлкен жылдамдықпен таралады. Әсер ету ұзақтығы 2 миллисекундқа тең болады.



3. Тірі жүйелерде электрлік потенциалдардың айырмашылықтарын тіркеп алу әдістемелері.

Клетканың ішкі және сыртқы беттеріндегі потенциалдарды өлшеу үшін өте нәзік әдіс қажет. Потенциалдарды өлшеу үшін микроэлектродтық әдіс деген қолданылады. Шыныдан жасалған диаметрі 0,5-1 мкм (микрометр) () пипетканың іші хлорлы калий ерітіндісімен толтырылады. Клетканың ішінде калий иондары болатын ерітінді алынады. Екінші жағынан бұл ерітінді электродтың өз потенциалын өте аз мөлшерде туғызады. Пипетканың ұшының диаметрі 0,5 мкм болса, онда оның өз кедергісі 10-30 мОм болады. Микроэлектродтың өз потенциалы болады. Алайды бұл потенциал тірі тканьнің потенциалдар айырмасын дәл өлшеуге онша кедергі жасамайды. Микроэлектродты жануарлар тканіне енгізу микроманипулятордың көмегімен іске асады. Бұл микроманипулятор үш шприцтен тұрады. Оның біреуі микроэлектродқа жалғанады. Екінші электрод клетканың сыртқы бетіне жапсырылады. Сөйтіп дененің іші мен сыртындағы потенциалдар айырымы өлшенеді. Организмдегі әртүрлі клеткалар, тканьдер қызмет атқарады. Олардың электр активтілігі электр өрісінің пайда болуына мүмкіндік жасайды. Потенциалдар айырмасының уақыт бойынша өзгеруін электрограмма дейді. Бұл электрограмманы дененің қай органы шығарып тұруына байланысты әр түрлі атайды. Жүректін биопотенциалдарының уақыт бойынша өзгеруін электрокардиограмма (ЭКГ), бұлшық ет потенциалының уақыт бойынша өзгеруін электромиграмма (ЭМГ), ал ми қабының биопотенциалының уақыт бойынша өзгеруін электроэнцефалограмма (ЭЭГ) делінеді.

Жүрек – дипольдің электр моменті уақыт бойынша өзгеріп отырады, олай болса, тарамдарда кернеудің уақыт бойынша байланысы өрнектеледі. Электрокардиограмманы жазып алып, жүректің жұмысын тексеруге болады.


жүктеу 7,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау