ОқУ-Әдістемелік кешені


Лекция 4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау



жүктеу 415,5 Kb.
бет2/4
Дата15.04.2020
өлшемі415,5 Kb.
#29451
1   2   3   4

Лекция 4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау

жүйесі.
Лекцияның мазмұны

1 Стандарттаудың құқықтық негіздері

2 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесінің құрылымы.
Лекцияның қысқаша конспекті

Стандарттаудың құқықтық негіздері.
Стандарттаудың құқықтық негіздері алғашқы рет 1993 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы «Стандарттау және сертификаттау туралы» Заңында бекітілген болатын.

1999 жылы бұл Заң Қазақстанның дамуы және нарықтың реформа жүргізуге байланысты қайта құрылып, жаңа «Стандарттау туралы» Заңы қабылданған. Бұл заңға 10.06.2003 ж. өзгерістер мен толықтырулар негізілген.

2004 ж. қараша айында қабылданған Қахақстан Республикасы «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес «Стандарттау тыралы» Заңының күші жойылды. Кейбір баптары ғана уақытша күшінде қалды.

«Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңы Қазақстан Республикасында өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестедің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құқықтық негіздерін белгілейді.

Сонымен бірге бұл Заң өнімге, көрсетілетін қызметке, өнімнің өмірлік циклінің процестеріне (процестерге) қойылатын міндетті және ерікті талаптарды айқындау, белгілеу, қолдану және орындау, олардың сәйкестігін растау, аккредиттеу және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.

ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңы реттейді:



  • техникалық реттеу облысындағы негізгі ұғымдарды;

  • ҚР техникалық реттеу туралы заңнамасын;

  • осы заңның қолданылу саласын;

  • техникалық реттеудің негізгі мақсаттары мен принциптерін;

  • Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымын;

  • ҚР Үкіметінің техникалық реттеу саласындағы құзіретін;

  • Уәкілетті органның құзыреті;

  • Мемлекеттік органдардың техникалық реттеу саласындағы құзіретін;

  • Мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестерді;

  • стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құзыретін;

  • сәйкестікті растау жөніндегі органдарды;

  • техникалық реттеу саласындағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін;

  • сәйкестікті растау, стандарттау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы- аудиторлардың құзреті;

  • техникалық реттеу саласындағы нормативтік- құқықтық актілерін;

  • стандарттаудың жалпы ережелерін;

  • сәйкестікті растауды;

  • техникалық реттеу саласындағы нормативтік- құқықтық актілерде белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды;

  • мемлекеттік органдардың, олардың лауазымды адамдарының, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын сақтамағаны үшін жауаптылығын.

Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен өзге де ноормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік стандарттау жүйесінің құрылымын құрайды:

  1. техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган, оның территориялық бөлімшелері және бағынысындағы кәсіпорындар;

  2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдары, олардың стандарттау облысындағы компетенциясы шегінде;

  3. жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер, сарапшы- аудиторлар;

  4. Қазақстан Республикасы стандарттарының мемлекеттік қоры.

Қазақстан Республикасында стандарттау жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік басқару техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының индустрия және сауда Министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі Қомитетке (ары қарай Техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитет) жүктелген.

Техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитет атқару үкіметінің салааралық үйлестіруді, сондай-ақ стандарттау, метрология, сәйкестікті растау және аккредиттеу облысында реттеуді жүзеге асырушы мемлекеттік органы болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес Техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитет тікелей немесе оның бағынысындағы ұйымдар арқылы стандарттау саласында төмендегі негізгі функцияларды орындайды:


  1. мемлекеттік стандарттарды және техникалық- экономикалық ақпараттың жіктеуіштерін әзірлеудің, келісудің, есепке алудың, бекітудің, сараптаудың, өзгертудің, жоюдың және қолданысқа енгізудің тәртібін белгілейді;

  2. техникалық реттеу саласындағы нормативтік актілермен үйлестірілген стандарттарды талдауды және әзірлеуді ұйымдастырады;

  3. халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды, шет мемлекеттердің техникалық- экономикалық ақпараттың жіктеуіштерін, стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттау жөніндегі ережелері мен ұсынымдарын Қазақстан Республикасының аумағындаесепке алу және қолдану тәртібін белгілейді;

  4. мемлекеттік, халықаралық және өңірлік стандарттардың, шет мемлекеттер стандарттарының ресми басылымдарын, стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі ережелер мен ұсынымдарды басып шығару туралы ақпаратты жариялайды;

  5. мемлекеттік стандарттаудың жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу тәртібін белгілейді;

  6. стандарттау жөніндегі ноормативтік құжаттардың мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі аудармаларын растауды ұйымдастырады.

Стандарттау жөніндегі жұмыстарға мемлекеттік басқару органдары, заңды және жеке тұлғалар қатысуы мүмкін. Мемлекеттік басқару органдары, заңды және жеке тұлғалар өз құзіреті шегінде стандарттау облысында жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді және осы жұмыстарды орындау үшін тиісті стандарттау жөніндегі бөлімшелер мен қызметтер құруы мүмкін. Стандарттау жөніндегі жұмыстарды стандарттау жөніндегі сарапшы- аудиторлар атқарады. Стандарттау жөніндегі сарапшы- аудиторлар техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитет тағайындаған тәртіп бойынша аттестациядан өтуі керек.

Кәсіпорындар және мекемелердің стандарттау жөніндегі қызметтер өз құзыреті шегінде стандарттау облысында ұйымдастыру- әдістемелік және ғылыми- техникалық басқаруды жүзеге асырады. Бұл мақсатта олар ғылыми- зерттеу, тәжірибелік- конструкторлық және басқа өнімді, көрсетілетін қызметтерді, өндірістік процестерді, оның ішінде өндірісті басқару процестерін стандарттау және унификациялау жөніндегі жұмыстарды орындайды. Бұл жұмыстар нәтижелері сапа жүйесін және экологиялық басқару жүйесін енгізу арқылы іске қосылады.


Бақылау сұрақтары:

1 Стандарттаудың құқықтық негізі болып қай заң табылады?

2 ҚР стандарттау жүйесінің құрылымдық элементтерін атап беріңіңз

3 Техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органның стандарртау облысындағы функцияларын атап беріңіз


Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Под общей редакцией К.А. Тазабекова. - Алматы, 2003. - 450 с.

2 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации и метрологии - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 711 с.
Лекция 5. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар.
Лекцияның мазмұны

1 Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың түрлері

2 Мемлекетаралық стандарттар

3 ҚР Мемлекеттік стандарттарын әзірлеу кезеңдері

4 Әртүрлі стандарттардың сипаттамалары
Лекцияның қысқаша конспекті

Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың түрлері.

Стандарттау жұмыстарын жүзеге асыру барысында стандарттау объектілеріне тиісті ноормалар, талаптар, ережелер, сипаттар қалыптастырылады. Аталғандар (талаптар және т.б.) нормативтік құжат түрінде өңделеді.

ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға жатады:

1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары

2 Қазқстан Республикасының техникалық- экономикалық ақпаратының мемлекеттік жіктеуіштері

3 Қазақстан Республикасындағы ұйымдар стандарттары және стандарттау жөніндегі ұсынымдар

4 Халықаралық, өңірлік стандарттарды, шет мемлекеттерінің ұлттық стандарттары мен стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын қолдану
Мемлекетаралық стандарттар.
Мемлекетаралық стандарттар (ГОСТ) ТМД мемлекттерінің стандарттау жөніндегі мемлекетаралық техникалық комитеттермен (МТК) әзірленеді және міндетті және/ немесе ұсынылатын талаптарды тағайындауы мүмкін.

Мемлекетаралық стандарттарды стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңес (МГС), ал құрылыс саласында арнайы стандарттау, техникалық ноормалау және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық ғылыми- техникалық Комиссия қабылдайды.

Мемлекетаралық стандарттар қабылдаудан өткеннен кейін стандарттар жөніндегі Бюрода тіркеледі. Бюро Минск (Беларусь Республикасы) қаласында орналасқан.

Қазақстан Республикасы аумағында ГОСТ-тар Комитеттің бұйрығы бойынша енгізіледі. Бұйрықта әр стандарт үшін оны Қазақстан Республикасында мемлекеттік стааандарт ретінде енгізу датасы тағайындалады және оған қайшы келетін (немесе оны қайталайтын) мемлекетаралық немесе ҚР мемлекеттік стандартының күші жойылады.

Қазақтың стандарттау және сертификаттау институты (Комитет уәкілет берген орган) Мемлекетаралық Кеңестің стандарттау жөніндегі Бюросынан тіркелген стандарттарды және оларды енгізу туралы ақпрат алады, ГОСТ-тарды көбейтеді (баспадан басып шығарады) және Қазақстан Республикасында олармен заңды және жеке тұлғаларды қамтамасыз етеді.
ҚР Мемлекеттік стандарттарын әзірлеу кезеңдері.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарттарын мемлекеттік басқару органдары, заңды тұлғалар, стандарттау жөніндегі комитеттер әзірлейді. Стандарттарды әзірлеуге өнімнің технологиясын әзірлеуші, шығарушы және тұтынушылардың өкілдері, ғылыми- техникалық және инженерлік қоғамдар, тұтынушылар қоғамдарының өкілдері, Комитеттің мамандары шақырылуы мүмкін.

Стандартты әзірлеуді жоспарлау және ұйымдастыру кезінде ұйымдастыру- әдістемелік бірегейлікке жету мақсатында, сондай- ақ стандартты әзірлеу бойынша жұмыстардың орындалуын талдау және бақылау үшін стандартты әзірлеудің төмендегі 6 кезеңдері тағайындалған.

1-кезең – стандартты әзірлеуді ұйымдастыру және техникалық тапсырма әзірлеу;

2-кезең – стандарттың жобасын (I- редакциярын) әзірлеу және оны пікір алмасуға жіберу;

3-кезең – түскен пікірлерді өңдеу, стандарт жобасының соңғы (II- және келесі) редакциясын (редакцияларын) әзірлеу;

4-кезең – стандарт жобасын дайындау, келісу және бекітуге жіберу;

5-кезең – стандарт жобасын қарастыру, оны бекіту және тіркеу;

6-кезең – стандартты баспадан басып шығару.
Әртүрлі стандарттардың сипаттамалары.

Стандарттау объектлерінің ерекшеліктеріне және тағайындалатын талаптардың мазмұнына байланысты стандарттардың төмендегі түрлері әзірленеді:

- негізін қалаушы стандарттар;

- өнімдер мен көрсетілетін қызметтер стандарттары;

- бақылау (сынау, өлшеу, талдау) әдістерінің стандарттары;

- процестер стандарттары.


Негізін қалаушы стандарттар тағайындайды:

- белгілі әрекеттер саласы үшін жалпы ұйымдастыру- әдістемелік жағдайларды;

- өнімді, процестерді (жұмыстарды) және көрсетілетін қызметтерді әзірлеу және пайдалану процестерінде әртүрлі ғылым, техника және өнімдердің өзара байланысын, техникалық бірегейлігін және өзара түсінушілігін қамтамасыз ететін жалпы талаптар, нормалар мен ережелерді;

- басқа да жалпы жехникалық талаптарды.

Кең мағынада алғанда негізін қалаушы стандарттардың объектілері болып мемлекеттік және салааралық маңызы бар объектілер: мемлекеттік стандарттау жүйесі, мемлекеттік сертификаттау жүйесі, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі, конструкторлық құжаттардың бірдей жүйесі (ЕСКД), өлшем бірліктері, салааралық маңызы бар терминдер мен анықтамалар (сапаны басқару, сенімділік, буып түю) және т.б. табылады.

Тар мағынада қарастырғанда негізін қалаушы стандарт нақты жүйенің стандарттар комплекстерінде жалпы ережелерді анықтаушы стандарт болып табылады. Мысалы: ҚР СТ 1.0 – 2000 «ҚР Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Негізгі ережелер».

Негізін қалаушы стандарттарды былай бөлуге болады:

а) ұйымдастыру-әдістемелік стандарттар. Бұлар белгілі салады жұмыстарды жүргізу жәніндегі жалпы ұйымдастыру- эдістемелік ережелерді тағайындайды. Мысалы: ҚР СТ 1.2 – 2000 «ҚР Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу тәртібі»; СТ РК 1081 – 2002 «Тағамдық өнімдердіге технологиялық ңұсқаулар мен рецептуралар әзірлеу тәртібі. Негізгі жағдайдар».



  • б) жалпа техникалық стндарттар.

Өнімнің (көрсетілетін қызметтің) стандарты біртекті өнімдер (көрсетілетін қызметтер) топтарына немесе нақты өнімге (көрсетілетін қызметке) талаптар тағайындайды.

Өнімге төмендегі стандарттар түрлері әзірленеді:

а) жалпы техникалық шарттар стандарты - біртекті өнімдер (көрсетілетін қызметтер) топтарына талаптар тағайындайды (мысалы, СТ РК 1061 – 2002 «Продукты кислоиолочные. Общие технические условия», СТ РК 1040 – 2001 «Условия транспортные по пассажирским перевозкам. Общие технические условия»;

б) техникалық шарттар стандарттары – нақты өнімге (көрсетілетін қызметке) талаптар тағайындайды. Мысалы, СТ РК 982 – 95 «Кефир. Технические условия», СТ РК 1095 – 2002 «Волокно хлопковое. Технические условия».

Аталған стандарттар, мысалы өнім стандарттары, әдетте, төмендегі бөлімдерден құралады:


  • жіктелуі;

  • негізгі параметрлегі және/ немесе өлшемдері;

  • техникалық (жалпы техникалық) талаптар;

  • қабылдау ережелері;

  • маркалау, буып- түю, тасымалдау, сақтау;

в) жалпы техникалық талаптар стандарттары – жалпы техникалық шарттар стандартының бір ғана бөлімінен құралатын тар арнаулы стандарттар (мысалы, СТ РК 37 – 98 «Вышивка машинная и ручная. Общие технические требования»;

г) техникалық талаптар стандарттары - техникалық шарттар стандартының бір ғана бөлімінен құралатын тар арнаулы стандарттар (мысалы, ГОСТ 20902 – 95 «Столы обеденные школьные. Функциональные размеры»; ГОСТ 20809 – 75 «Патроны охотничьи. Типы и основные размеры»).



Бақылау әдістерінің стандарттары өнімді, көрсетілетін қызметті әзірлеу, сертификаттау, пайдалану кезінде сынақ, өлшеу, талдау жүргізу әдістерін тағайындайды (мысалы СТ РК 1049 – 2001 «Премиксы. Методы анализа»).

Стандарттарда тағайындалатын бақылау әдістері объективті, дәл, нәтижелердің ұдайы қайталануын қамтамасыз ететіндей болуы керек.

Әр әдіс үшін оны жүзеге асырудың ерекшеліктеріне қарай мыналарды тағайындайды:


  • сынау құралдарын, көмекші құралғыларды, реактивтерді, материалдарды;

  • сынақ жүргізуге дайындалу тәртібін;

  • сынақ жүргізу тәртібін;

  • сынақ нәтижесін өңдеу тәртібін;

  • сынақ нәтижесін көрсету тәртібін;

  • сынақтың жіберілетін қателігін.

Стандарттың аарналуы тар болуы мүмкін – бір ғана сапа көрсеткішін тексеру (мысалы. таза жүн және жартылай жүннен жасалған материалдардың буды өткізгіш қабілетін анықтау әдісінің стандарты), немесе арналуы кең – көрсеткіштер комплексін тексеру болуы мүмкін (жібек және жартылай жібектен тігілген даналап саналатын өнімдерді сынау әдістерінің стандарты).

Сертификаттау тәжірибесі аралас түрлі стандарттарды - өнім мен бақылау әдістерінің стандарттарын, атап айтқанда, өнімге (көрсетілетін қызметке) қауіпсіздік талаптар мен қауіпсіздікті бақылау әдістерінің стандарттарын әзірлеудің қажеттілігін білдіріп отыр (мысалы ГОСТ 25779 – 90 «Игрушки. Общие требования к безопасности и методы контроля»).


Процестер (жұмыстар) стандарттары өнімнің (көрсетілетін қызметтің) өмірлік циклының жеке кезеңдерінде әртүрлі жұмыстарды орындау әдістеріне (тәсілдеріне, амалдарына, режимдеріне, нормаларына) талаптар тағайындайды. (Өнімнің өмірлік циклының негізгі кезеңдері: әзірлеу, шығару, сақтау, тасымалдау, қолдану, утилизациялау). Мысалы ГОСТ 26907 – 86 «Сахар. Условия длительного хранения», ГОСТ 7995 – 79 «Мясо. Разделка говядины для розничной торговли», СТ РК 1155 – 2002 «Ртутьсодержащие приборы и изделия. Вакуум- термическая утилизация».

Процестер (жұмыстар) стандарттарына технологиялық операцияларды жүргізу кезінде адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған ортаны қорғаауға талаптарын енгізуі керек.

Қазіргі күні сапа менеджменті жүйелері шегінде басқару процестерінің - құжаттарды сатып алуды, кадрлерді дайындауды және т.б. басқару процестерінің стандарттары үлкен маңыз алып отыр. Басқару процестері – сапа жүйесі жұмыс кәсіпорындардың фирмалық стандарттарының типтік объектілері болып табылады.
Бақылау сұрақтары:

1 Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың қандай түрлері тағайындалған?

2 ҚР Мемлекеттік стандарттарын әзірлеу кезендерін айтып беріңіз

3 Стандарттардың қандай түрлері кездеседі?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Под общей редакцией К.А. Тазабекова. - Алматы, 2003. - 450 с.

2 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации и метрологии - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 711 с.
Лекция 6. Қазақстан Республикасы Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйесі (МӨЖ)

Лекцияның мазмұны



1 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйенің негізгі міндеттері мен объектілері

2 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйенің құрылымы



Лекцияның қысқаша конспекті
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйе – Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі субъектілерді, нормаларды, құралдарды және әрекет (қызмет) түрлерін басқару жөніндегі мемлекеттік жүйе болып табылады.

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйені құруға себеп болған мыналар:

- біріншіден, өлшеулер адамзат әрекетінің ең массовый жаппай жүргізілетін «өнімі» болып табылады, және оларға сұраныс жылдан жылға ұлғайып келеді;

- екіншіден, өлшеулер адамзаттың өте маңызды әрекеті болып табылады және олардың сапасына (яғни дәлдігіне) қойылатын талаптар үнемі өсіп келеді;

- үшіншіден, халықаралық ынтымақтастың дамуы (сауда, ғарышты игеру жөніндегі бірлескен бағдарламаларды әзірлеу, медицина, қоршаған ортаны қорғау) өлшеу нәтижелеріне өзара сенімділікті талап етеді.

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйенің негізгі мақсаты - өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешу үшін құқықтық, нормативтік, ұйымдастыру, техникалық және экономикалық жағдайлар жасау болып табылады.

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйенің негізгі міндеттері:

- өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі әрекеттерді басқарудың оңтайлы принциптерін зерттеп дайындау;

  • шама бірліктерінің эталондар базасын құру және жетілдіру;

- метрология облысында негізгі түсініктер, терминдер мен анықтамаларды тағайындау;

- өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік базаны құру және жетілдіру;

- метрология облысындағы ережелер, нормалар мен талаптарды халықаралық, мемлекетаралық, аумақтық ұлттық ережелер, нормалар және талаптармен гармонизациялау;

  • өлшеулер облысын ақпаратпен қамтамасыз ету.

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйенің объектілері болып табылады:

  • шама бірліктері;

  • шама бірліктерінің эталондары;

  • өлшем құралдары;

- өлшем құралдарына, әдістеріне және нәтижелеріне қойылатын талаптар;

  • өлшеулерді орындау өдістемелері;

  • нормативтік құжаттар.

Шама бірліктері. Қазақстан Республикасы аумағында Халықаралық SI бірліктер жүйесі қолданылуға рұқсат етілген. ҚР техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитеттің шешімі бойынша SI жүйесініне кірмейтін шама бірліктерін қолдану рұқсат етілуі мүмкін.

Шама бірліктерінің Мемлекттік эталондары өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйенің техникалық негізін құрайды. Мемлекеттік эталондар шама бірліктерін ұдайы қайталау және сақтау үшін арналады және Қазақстан Республикасы территориясында шама бірлігінің мөлшерін басқа өлшеу құралдарына беру мақсатында бастапқы құрал ретінде қолданылады.

Өлшеу құралдары бірліктері Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген шамаларды анықтау үшін қолданылады және өздеріне қойылатын талаптарға және қолдану жағдайларына сай болуы керек.

Өлшеулерді орындау әдістемелері мемлекеттік метрологиялық қадағалау сфераларында қолданылатын жағдайда міндетті түрде аттестациядан өтуі және өлшем бірлігін қамтамасыз етужөніндегі мемлекеттік жүйенің тізілімінде тіркелуі керек. Өлшеулерді орындау әдістемелерін әзірлеуші және аттестациядан өткізуші метрологиялық қызметтер бекітілген тәртіп бойынша ҚР техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитетінде аккредиттелген болуы керек.

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйенің Қазақстан Республикасы аумағында міндетті түрде қолдануға жататын нормативтік құжаттары ҚР техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитетімен бекітіледі.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі ҚР мемлекеттік жүйесінің құрылымы
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі ҚР мемлекеттік жүйесі ұйымдық, техникалық және нормативтік негіздердің жиынтығы болып табылады.

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі ҚР мемлекеттік жүйесінің ұйымдық негізі болып Қазақстан Республикасының Метрологиялық қызметі табылады.

Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйені мемлекеттік басқару Қазақстан Республикасы техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органға - Қазақстан Республикасы техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитетке (ҚР Мемстандартына) жүктелген.

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету үшін ҚР Мемстандарты төмендегі функциялар атқарады:



  1. өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты

қалыптастырады және іске асырады;

  1. Қазақстан Республикасы метрологиялық қызметінің жұмысын

үйлестіруді жүзеге асырады;

  1. қолдануға рұқсат етілген шама бірліктерін белгілейді;

  2. метрология саласында іргелі зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады;

  3. шама бірліктерініңмемлекеттік эталондарын жасау, бекіту, сақтау

және қолдану ережелерін белгілейді. Қазақстан Республикасы шама бірліктерінің эталондық базасын жетілдіреді;

  1. өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды

әзірлеу мен бекіту тәртібін белгілейді;

  1. өлшем құралдарына, әдістеріне және нәтижелеріне қойылатын

жалпы метрологиялық талаптарды айқындайды;

  1. өлшем құралдарын қолдану, өндіру және жөндеу тәртібін белгілейді;

  2. өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйенің тізілімін

жүргізеді;

  1. мемлекеттік метрологиялық қадағалауды ұйымдастырады және

өткізеді;

  1. метрология жөніндегі халықаралық және аймақтық ұйымдарда

Қазақстан Республикасының атынын өкіл болады;

  1. өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында кадрларды кәсіби

даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастырады.

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі ҚР Мемлекеттік жүйесінің техникалық негізін құрайды:

  • шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары және Қазақстан

Республикасы Метрология қызметінде қолданылатын шама бірліктерінің эталондар жүйесі;

  • өлшеу құралдары, оның ішінде республика территориясында

қолданылатын заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарртық үлгілері;

  • физикалық тұрақтылар және заттар мен материалдардың қасиеттері

туралы стандарттық анықтамалық мәліметтер.

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі ҚР Мемлекеттік жүйесінің нормативтік негізі төмендегілерді реттейді:

  • шама бірліктерін;

  • шамалардың мемлекеттік эталондарын және мемлекеттік

салыстырып тексеру схемаларын;

  • өлшеу құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу әдістері

мен құралдарын;

  • өлшеу құралдарының нормаланатын сипаттамаларының

номенклатурасын;

  • өлшеу дәлдігі нормаларын;

  • өлшеу нәтижелерін және өлшеудің дәлдік көрсеткіштерін выражать

ету және представлять ету формаларын;

  • өлшеу жүргізу әдістемелерін;

  • заттар мен материалдардың құрамы және қасиеттерінің стандарттық

үлгілеріне қойылатын талаптарды;

  • өлшеу құралдарын сынау, метрологиялық аттестациялау,

салыстырып тексеру және калибрлеу, нормативтік құжаттарды, жобалық, констркутролық және технологиялық құжаттарды метрологиялық сараптамадан өткізу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу тәртібін;

  • метрология саласындағы терминдер мен анықтамаларды.

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі ҚР Мемлекеттік жүйесінің нормативтік құжаттары мынадай екі түрге бөлінеді:

  • негізін қалаушы құжаттар (жалпы талаптар, ережелер мен нормаларды

тағайындайды);

  • жеке өлшеу түріне талаптар ережелер және нормаларды реттеуші

құжаттар.
Бақылау сұрақтары:

1 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйенің негізгі міндеттерін атап беріңіз

2 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйенің объектілерін атап беріңіз

3 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйенің негіздерін атап беріңіз

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңы (2000 жылдың 7 маусымы № 53-11 ( 09.06.2004 ж. өзгерістер мен толықтырулармен)

2 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Под общей редакцией К.А. Тазабекова. - Алматы, 2003. - 450 с.



Лекция 7. Физикалық шамаларды өлшеу. Өлшеу түрлері және принциптері
Лекцияның мазмұны

1 Физикалық шама және оны өлшеу

2 Өлшеу түрлері

3 Өлшеу принциптері


Лекцияның қысқаша конспекті
Физикалық шама. – физикалық объекттің сапа жағынан көптеген физикалық объектілерге ортақ, ал сандық жағынан олардың әрқайсысы үшін өзіне тән болып табылатын қасиеті.

Өзіне тән қасиеті дегенде біз бұл қасиет бір объект үшін басқа объектілерге қарағанда бірнеше есе көп немесе аз болуы мүмкүндігін айтамыз. Физикалық шама мысалдары ретінде тығыздық, балқу температурасы, жарықтың сыну корсеткішін және тағы басқаларды келтіруге болады.



Физикалық шаманың бірлігі – мөлшері бекітілген, сандық мәні шартты түрде 1-ге тең тағайындалған физикалық шама.

Өлшеу – физикалық шаманың мәнін тәжірибелік жолмен арнайы техникалық құралдың көмегімен табу.

Өлшеуді жүзеге асыру үшін мыналардың болуы қажет:



  • физикалық шаманың;

  • өлшеу әдісінің;

  • өлшеу құралының;

  • оператордың;

  • өлшеуді жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлардың.

Өлшеуді жүзеге асырудың мақсаты – физикалық шаманың мәнін қолдануғы ыңғайлы түрде алу.

Физикалық шама мөлшерімен, мәнімен, сандық мәнімен, шынайы және іс жүзіндегі мәндерімен сипатталады.

Физикалық шаманың мөлшері – нақты материалдық объект, жүйе, құбылыс немесе процеске тән физикалық шаманың сандық белгісі.

Физикалық шаманың мәні – физикалық шаманың мөлшерін олл үшін қабылданған бірліктің бірнеше саны түрінде беру (25 кВт).

Физикалық шаманың сандық мәні – шама мәніне кіретін сан.

Шаманың мөлшері және мәні арасында айырмашылық бар. Шаманың мөлшерін осы шаманың кез келген бірлігімен сандық мәні арқылы көрсетуге болады. Сандық мән таңдалған бірлікке байланысты өзгереді, ал физикалық шаманың мөлшері бірқалыпты болады.



Физикалық шаманы оның шынайы мәнімен сипаттайды. Шынайы мән объекттің тиісті қасиетін сапалық және сандық жағанан идеалды түрде көрсетеді.

Іс жүзіндегі мән деп физикалық шаманың эксперимент арқылы табылған және шынайы мәнге соншалықты жақын - оны шынайы мәннің орнына қолдануға болады.

Өлшеу түрлері.

Физикалық шаманың сандық мәнін табу әдісі бойынша барлық өлшеулер 4 негізгі түрге бөлінеді: тура өлшеу, жанама өлшеу, жиынтық өлшеу және бірге өлшеу.

Тура өлшеу кезінде физикалық шаманың мәні тікелей тәжірибелік мәліметтерден алынады (мысалы, салмақты таразымен, бөлшек ұзындығын микрометрмен өлшеу).

Жанама өлшеу – физикалық шаманың мәнін өлшенетін шамамен функционалды байланыстағы басқа физикалық шаманы тура өлшеу нәтижесінің негізінде анықтау.

Жанама өлшеу мына жағдайларда жүргізіледі:



  • өлшенетін шаманың мәнін тура өлшеуге қарағанда жанама өлшеу арқылы табу жеңілге түседі;

  • шаманы тура өлшеу мүмкүн емес;

  • жанама өлшеу тура өлшегенге қарағанда төмендірек қателік береді.

Жанама өлшеудің теңдеуі:



мұндағы: y – ізделетін шама, тура өлшеу арқылы табылған х1, х2, хn аргументтердің функциясы болып табылады.

Жанама өлшеу мысалдары: металдың қаттылығын (НВ) диаметрі (D) белгілі болат шарикті белгілі салмақпен (Р) басып, ойылған жердің тереңдігін (h) алу арқылы мына формула бойынша табу:

Жиынтық өлшеу – бірнеше аты бір шаманы бір уақытта өлшеу. Өлшенетін шаманың мәнін тура өлшеу жолымен алынған теңдеулер жүйесін шешу арқылы табады.

Мысалы, наборға кіретін әр гирянің массасын олардың біреуінің белгілі массасы бойынша және гирялардың әртүрлі сочетаниесінің массаларын тура салыстыру нәтижесінде табу.



Бірге өлшеу - екі немесе бірнеше аттары басқа шамаларды олардың арасындағы функционалдық тәуелділікті табу үшін бір уақытта өлшеу. Мысалы, дененің ұзындығының температурадан тәуелділігін табу, қайнау және балқу температурасының қысымнан тәуелділігін табу және т.б.

Өлшеулерді былай жіктеуге болады:

а) дәлдікті сипаттау бойынша – бір дәлдікті (белгілі шаманы дәлдігі бірдей өлшеу құралдармен біркелкі жағдайда өлшеу қатары (көп есе өлшеу)) және бір дәлдікті емес (белгілі шаманы бірнеше дәлдігі әртүрлі өлшеу құралдармен және (немесе) бірнеше әртүрлі жағдайда өлшеу қатары);

б) қатардағы өлшеулер саны бойынша (қатар жүргізілген өлшеу саны бойынша) – бір есе және көп есе өлшеу;

в) өлшенетін шаманың өзгеру-өзгермеуіне байланысты – статикалық (уақыт ішінде өзгермейтін физикалық шаманы өлшеу, мысалы, бөлшектің ұзындығын қалыпты температурада немесе жер учаскесінің өлшемдерін өлшеу) және динамикалық (уақыт ішінде өзгеретін физикалық шаманы өлшеу, мысалы ауыспалы электр тогының кернеуін өлшеу, қонып келе жатқан ұшақ пен жер арасындағы қашықтықты өлшеу).

г) өлшеу нетижесін білдіру түрі бойынша – абсолют өлшеу (шаманы тура өлшеу және (немесе) физикалық тұрақтылардың мәнін қолдануда негізделген өлтеулер, мысалы, күшті (F) өлшеу массаны тура өлшеу және физикалық тұрақтыны (g) қолдануда негізделеді) және салыстырмалы өлшеу (шаманы өзі сияқты (бір атты) бірлік ролін атқаратын шамамен салыстыру).

Өлшеу принциптері.

Өлшеу принцибі - өлшеу негізіне қойылатын құбылыс немесе эффект.

Кейбір өлшеулер негізіне қойылатын принциптерді қарастырайық.

Егер әртүрлі материалдан жасалған екі электродтың спайкаланған жерін қыздыратын болсақ, онда электр қозғалтқыш күш пайда болады. Бұл құбылыс температураны жоғарғы дәлдікпен өлшеу негізіне қойылған (термопара).

Электр өткізгіш және жартылай өткізгіштерді қыздыратын болсақ, олардың сопротивлениесі өзгереді. Бұл құбылыс та температураны жоғарғы дәлдікпен өлшеуге мүмкүндік береді, әсіресе платина қолданған кезде.

Кейбір материалдарды созу несесе қысу кезінде олардың электр сопротивлениесі өзгереді. Бұл құбылыс аз мөлшердегі дене деформациясын, сондай-ақ жоғары және өте жоғары қысымдарды өлшеу үшін қолданылады.

Метал және жартылай өткізгіштің шекарасында сәуле түскен кезде электр қозғалтқыш күш пайда болады (фотоэффект). Фотоэффект құбылысында көптеген өлшеу құралдарында қолданылатын фотоэлементтердің жұмысы негізделген.

Дене шығаратын жарықтың қарқыны температурадан тәуелді, ал соңғысы (температура) өз кезегінде денені қыздырушы токтың күшінен тәуелді болып табылады. Бұл құбылыс температураны контактсыз өлшеу әдісінің негізіне қойылған (оптикалық пирометр).
Бақылау сұрақтары:

1 Физикалық шама деген не?

2 Өлшеу жүргізу үшін қандай элементтердің болуы керек?

3 Өлшеу түрлерін атап беріңіз

4 Өлшеу принциптерін атап беріңіз
Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Под общей редакцией К.А. Тазабекова. - Алматы, 2003. - 450 с.

2 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации и метрологии - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 711 с.


жүктеу 415,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау