ОқУ-Әдістемелік кешенің ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Меторизм - іш кебу. Мильгия –



жүктеу 1,06 Mb.
бет2/5
Дата19.11.2018
өлшемі1,06 Mb.
#21339
1   2   3   4   5

Меторизм - іш кебу.

Мильгия – бұлшық ет ауруы.

Миелит – жұлынның қабынуы.

Миосклероз – бұлшық еттердің қатайып өзгеруі.

Моноплегия – дененің бір жағының сал болуы.

Мутиляция - мүшенің шіріген жансыз жерінің жанды жерінен бөлінуі.

Некроз (гр. nekros — өлі, шірік, өлі еттену) - тірі организмдегі клетка мен тіндердің өлуі.[1] Қан және жұқпалы ауруларға шалдыгу, жарақаттану, күю т. б. себептерден ауыз шырышты қабығы, қызыл иек шеті, ерін мен ұрт үстері некрозға ұшырайды. 

Нефроз (Nephrosis - бүйрек ауруы) - Бүйрек өзекшелері эпителиінің дистрофиясы басым ауру. Оның ең ауыр түрі некрозды нефроз.

Неврома (Neuroma - жүйке ісігі) - Нерв талшықтарынан немесе ганглий клеткаларынан тұратын ісік.

Невроз – орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылудан болатын ару.

Нейтропения қандағы нейтрофильдер анының кемуі.

Неоартроз – жаңа буын.

Неотения – мүшелердің өсу қасиетінің тоқталуы.

Нефрогидроз – бүйрек шемені.

Нефролит – бүйрек тасы.

Нефропиелит – бүйрек түбегінің қабынуы.нефроптоз – бүйректің төмендеуі.

Нимфомания – ұрғшы малдардың қалыптан ты жыныстық қозуы.(бие, сиыр шршқада байқалады).

Остеодистрофия-бұл зат алмасу процесінін, бұзылуынан ішкі ағзалардың жеткіліксіз қоректенуінен және қалқан бездерінің ауруға шалдығуынан болады. Ол организмдеминералды тұздардың азаюынан сүйек қаттылығының нашарлауына соқтырады.

Остеомаляция —фосфор - кальций алмасуының бұзылуына байланысты сүйек тканінің жұмсаруы.

Остеопороз— организмдегі фосфор-кальций алмасуының бұзылуынан болатын пародоит және бет, жақ сүйек ауруында кездесетін тканьдерінің сиреуі.

Остеома-сүйек тінінде жетілген ісік.

Обтурация – ішек, тамыр т.б қуыстардың бітелуі.

Одонит – тістің қабынуы.

Олигемия – оргнизмде жалпы қан мөлшерінің кемуі.

Олигопноэ – тыныс алудың баяулауы.

Ортопноэ – ауыр ентігу.

Остеит – сүйектің қабынуы.

Остеобласт – сүйек құраушы жасушалар.

Остеоплазия – сүйек тінінің даму процессінің бұзылуы.

Остеодистрофия - мал организмінде фосфор кальций және витамин алмасудың бұзылуынан болатын сүйектегі созылмалы ауру.

Панкардит – жүректің барлық қабаттарының қабынуы.

Плегафония - кеңірдекті нұқу.

Панмастит – емшек шелінің іріңдеп қабынуы.

Перикардит-жүрек қабының қабынуы.

Перитонит (лат. perіtoneum — іш перде) — іш қуысын және онда орналасқан органдарды жауып тұратын сірі қабатының жедел немесе созылмалы қабынуы.

Паракератоз— эпидермис клеткаларының мүйізгектену процесінің бұзылуы. Бұл жағдайда клеткалардың ядросы сақталып, түйіршекті қабаты жойылады.

Парабиоз – өмір мен өлім арасындағы жағдай.

Парапарез – шала сему.

Патокинез - пайда болған патологиялық үрдістің дамуы, клиникалық формасы мен анатомиялық өзгерістері.

Перигастрит – қарынның сірі қабығының қабынуы.

Плевра – көкіректің ішкі бетін астарлап тұратын сірі қабық.

Пневмосклероз – альвеолалардың кенересіндегі және бронхтар маңйындағы дәнекер тіндердің қатаюы, соның салдарынан өкпе қызметінің шектелуі.

Падагра – сирақ саусақтарының буынына несеп қышқылы тұздарының жиналуы.

Пойкилоцит - бұрыс пішінді эритроциттер.

Полидипия – шөліркеу.

Полицитемия – қандар эритроциттердің көбеюі.

Постит – күпек қабының қабынуы.

Рабдомиома – көлденең-жолақ бұлшық ет тінінде пайда болатын қатерсіз ісік.

Рентгеноскопия – рентген сәулесімен мүшені тексеру.

Репарация – патологиялық процесс орнында тіндердің қалпына келуі.

Ретинит – көздің тор қабығының қбынуы.

Руминит – қарынның кілегей қабығы мен кенереінің қабыны.

Сфигмограф – қозғалысты жазу үшін, сфигмотонограф – қысымды өлшеу.

Семиотика – ауру белгілері (симптомдары) және белгілі бір ауруға жатпайтын бірнеше ауру белгілерінің қатар кездесуі (синдромдары) туралы ғылым.

Сидероз – темір ұшқындарының тін мен мүшелерде қабатталуы..

Скиология – көзбен зерттеу ғылымы.

Ступор (қатып қалу) мылқау ж/е мелшиіп қалуды айтады.

Сопор- терең ұйқыға кету, ми қызметі бузылып, үнемі ұйқыға кету.

Саливация – сілекей ағу.

Силикоз – малдың ұзақ уақыт бойы кремнезем тозаңын жұтудан болатын өкпе ауруы; пневмокониоздың бір түрі .

Симбиоз селбесу.

Симптом – ауру белгісі (патологиялық және компенсаторлық).

Синдром – белгілі бір ауруға жатпайтын бірнеше ауру белгілерінің қатар кездесуі.

Синостоз – сүйектердің қатайған шеміршек арқылы жіктесіп бірігуі.

Спленит – талқтың жіті және созылмлы қабынуы.

Стаз – іркілу, (түтікті органда қанның (гемостаз), нәжістің (копростаз), т.б.

Тендинит – сіңірдің қабынуы.

Тератома – төлдің іште дамуындағы кемістіктен болатын ісік.

Термоплегия – ыстық өту.

Тетания – жүйке жүйесін қоздырып, құрыстыратын ауру белгісі.

Тремор – дірілдеу, қалтырау.

Тромб – ұйыған қан.

Тромбопатия – қанның жеткіліксіз ұюы.

Тумор – ісік (жаңа өсін, бластома).

Уролит – несеп тастары.

Уроцистит – қуықтың кілігей қбығының қабынуы.

Фибография (вена пульсін жазу) – флебограф аспабы арқылы көк қан тамырының соғуын жазу.

Флатуленция : қарында немесе ішекте газдың көп мөлшерде жиналуы; газдың көп мөлшерде шығуы.

Физиологиялық өлім - табиғи өлім, қартаю құбылыстары нәтижесінде пайда болады.

Регенерация-жануарларда түгелдей не жарым-жартылай алып тасталынған, зақымданған не жойылған органның немесе оның бөлігінің (тіннің, ұлпаның) қайтадан қалпына келуі.

Рабдомиома (көне грекше: rhabdomyoma – ісік). Көлденең бұлшық еттің, қатерсіз ісігі. Тіл етінде өте жиі кездеседі, пайда болған соң ауырмай дамып, үлкейетін дерт.

Флюктуация – патологиялық орында (абсцесс, гематома, бурсит т.б) сұйықтың жингалу белгісі.

Халикоздар – жылқы өпесі мен бауырында кездеетін әк тұзды талшықтан құралған түйіршіктер.

Хилурия – лимфаның несеппен бөлінуі. Хилус – сөл, шырын: ішектің лимфа тамырларындағы сұйықтық, ммй тмшылары көп лимфа.

Химостаз – жынның онекі елі ішекте, кейде ащы ішекте ірілуінен болатын түйнеу.

Цианоз- көгеру атау ретінде алынады.

Цирроз – созылмлы ауру салдарынан мүше жаушаларының бүрісуі, органның деформациялнуы.

Чейн-Стокстық тыныс алу –жұлынға қан құйылғнда, уремияд (несеп зәрінің денеге жайылы), уланғанда, петехия қызбасында байқалатын патологиялық тыныс алу. Тыныс ритмі әртүрлі болды.

Штамм - бағана: морфологиялық және биологиялық қасиеттері, генетикасы біркелкі болып келетін микроб себіндіі.

Эзостоздар – жарақттың, сүйек ауруларының слдарынан сүйек үстінде өсіндер пайда болу.

Экламисия – буаз малдатөлдер алдында, сондай-ақ төлдегеннен кейін болтын тлықсу.

Эктазия – белгілі бір түтік тәрізді орган қуысының қалпынан анағұрлым ұлғаюы.

Эктопия – ішкі органның немесе тіннің қалыптан тыс ауытқуы.экхимоз – қанталау.ұрылудан, соғылудан жұмсақ тіннің шамалы қанталауы.

Эмеиз – құсу.

Эмпиема –іріңді қуыс. Табиғи қуыстарға жиналу.

Эмфизема – альвеолалардың кеңеюі.

Эндемия – белгілі бір жерде кейбір аурудың тұрақты түрде кездесуі.

Энтералгия - ішектің түйілуі

Эпителиома – эпителийде болатын ііктердің жалпы ты.

Этиология – аурудың ебептері және ипйда болуы туралы ғылым.

Эупноз – біркелкі жеңіл тыныс алу.

Эксудация-бір жерге сұйықтықтың жиналып,сол жердің ісінуі.

Эксудатты қабыну-бір жерге сұйықтықтың жиналып сол жер ісініп ол жерде қабыну процесінің пайда болуы.

Эндокардит-Жүректің ішкі қабының қабынуы (Endocarditis – эндокардит). Өтуі боййынша жіті (endocarditis acuta) және созылмалы (endocarditis chronica), орналасуы бойынша – қақпақшалардағы және қабырғалардағы, аурудың сипаты бойынша – сүйелді (endocarditis verrucosa) және жаралы (endocarditis ulceroan) түрлерге бөлінеді.

Энцефалит (грек. enkephalos – ми) – ауру тарататын микроорганизмдердің салдарынан мидың қабынуы.


2.ДӘРІСТЕР
5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған

«Жануарлардың ішкі ауруларын клиникалық балаумен»

ІІІ пәнінен №1 Дәріс
Модуль 1 Гастроэнтерит ауруы
Тақырыбы: Гастроэнтериттер. / ұлтабары мен ішектерінің қабаттаса қабынуы/.

Жоспары:



  1. Ауруды ғылыми негізде тану.

  2. Күйіс қайыратын малдардың төлдерінің ас қорыту жүйесінің анатомо- физиологиялық ерекшелктері.

  3. Бұзаулардың ұлтабары мен ішектерінің қабаттаса қабынуы.

  4. Бұзаулардағы жұқпалы емес ас қорыту жолдарының ауруларын анықтау тәсілдері және арнайы ветеринариялық іс шаралар


Гастроэнтериттер

Ішек-қарын қабықтарының қабынуы. Бұл ауру ішек пен қарынның тек қана кілегейлі қабығының ғана ауруы емес, онан да терең орналасқан қабаттарының қабынуымен сипатталады. Қарынның ащы және тоқ ішектердің барлық қабаттарының жарақаттануы гестроэнтероклит деп аталады.

Қабынудың түріне қарай катаральді, гемарагиялық, крупозды, дефтериялық болып бөлінеді. Бірақ олардың әрқайссын жеке-жеке тек өлексені тексергенде ғана ажыратуға болады. Бұл ауру бұзаулар мен торайларда сүтке қосымша басқа да тамақтар жей бастаған уақытта жиі кездеседі.

Себебі: Торайлар, қозылар және құлындар ерте баста аналық сүтіне жарымағандықтан қосымша тамақпен қоректенуге мәжбүр болуы. Қарыны аш малдың қосымша тамақты қомағайлана , ерте бастан пайдалануы ауруға шалдығуының бірден бір себебі. Бұл ауру аналық малды жиі жиі бұзылыған азықпен, ал жас төлдерді толық әзірленбеген азықпен қоректендіргенде пайда болады. Желіні қабынған аналық малдың сүтімен немесе бұзылған көк сүтпен төлдерді тамақтандырғанда өз әсерін тигізеді.Тіпті рационның құрамы өзгергенде де бұл аурудың болатынын байқауға болады. Ішек қарынның қабынуы әсіресе диспепсиямен қатты ауырып жазылған төлдердің арасында жиі кездеседі. Оған ондай ауруды дұрыстап емдемеу немесе емдеу жұмысын аяғына дейін жеткізбеу себеп болады.

Дамуы. Ас қорыту процесінің бұзылуының және ішектегі микрофлораның өзгеруінің салдарынан пайда болған немесе тамақпен бірге түскен улы заттар қарын мен ішектің кілегейлі қабығына өз әісерін тигізеді. Осының салдарынан қарын мен ішектің секреция және жиырылғыштық қызметтері бұзылады да, ол зат алмаудың өзгеруіне әкеп соғады. Қабыну реакциясы біліне бастайды; оның күшеюіне байланысты ауру малдың жалпы жағдайы да ауырлай түседі. Ішек қабырғасының сіңір қызметі бұзылып, оның кілегей қабығының тосқауылдық рөлі нашарлайды.Улы заттың ішектен қанға сіңіп, организмнің жалпы улану процессі басталады. Осыдан барып ішкі ағзалар мен нерв жүйесінің қызметтері бұзылады. Организмде зат алмасудың бұзылуының жалпы белгілері білінеді. /арықтау, терінің сыртқы қабығының өзгеруі гиповитоминоздың белгілері, тәбеттің өзгеруі т.б/ жүрек жұмысы мен қан айналу процессі қанталап, оттегінің жетіспеушілігінен пайда болатын белгілер анықталады.

Өлекседегі өзгерістер. Өлексе өте арық. Жүннің сырты қылшығы былғанған. Қарында /ұлтабарда/ толық алмаспаған иісі сасық тамақтың қалдығы және қоюланған жалқаяқ. Қарынның ұлтабар қабырғасы қалыңдаған, кілегей қабығы жиырылған, ісінген, әрбір жерлерінде қызарған, қан құйылған бөліктері бар. Ішектің іш қабығындағы өзгерістер әр түрлі болып келеді.

Катаральды гастроэнторитте ащы ішектің қабырғасы қалыңдаған, кілегейлі қабығы жиырылған, жалқақпен қапталған әр жерлері қызарған.

Геморрагиялық түрінде кілегей қабықтың ісінуі ғана ұлғая түсіп, түрі ақшыл қызылдан қара қошқылға айналып, көлемі жағынан әр түрлі көптеген қан құйылған жерлері байқалады.

Фибринозды түрінде ащы ішектің кілегейлі қабығы болбыр болып, бетінде фибрин пленкасы болады. Ал кілегей қабықпен біте байланысқан ұсақ бөлшектер кездессе ол дифтериялық түрінің белгісі. Егер ішектің кілегейлі қабығында формасы мен көлемі әр түрлі жаралар кездессе, ондай қабынуы жаралы қабыну деп атайды.

Шажырқайдың лимфа түйнектерінің инфильтрациясы құрсақ көк етінің висцеральды бөлігінің қызарғаны, кейде оның қабырғасының бетінде фибринді планканы байқауға болады.

Бауырдың көлемі үлкейген, балшық түстес, быжырланған, кескен кездегі суреті белгісіз болып келеді. Көкбауыр ісінген. Бүйрек пен жүрек еттерінде дегенеративтік өзгерістер байқалады.



Белгілері ауру жедел және созылмалы түрлерінде кездеседі. Мал әлсіреген t 40⁰ С-ке көтерілген. Егер өзгеріс тек қана қарында болса, онда қатпар пайда болады да, ол ішек жарақаттанған болса тұрақты іш өту болып – жалқаяқ, қан, фибрин пленкасы араласқан су бөлінді. Ішек микрофлорасы бұзылып малдың парқы солып не қампиып тұрады. Ішек-қарынның түйнегіне ұқсаған аурудың белгілері де уақ-уақ болып тұрады. Организм улануы басталады, сусызданады. Лейкоцит артады, тұтқырлығы жоғарлайды, ұюы жылдамдайды.

Зәр шығару азайуы, оның құрамынан белокты, ақ қан түйіршіктерін, бүйрекке тән эпителий клеткаларын табуға болады. Реакциясы қышқыл болып келеді.Аурудың созылмалы түрінде аурудың бұл белгілері біліне қоймайды. Ауруды дер кезінде емдеуге болады. Кейде зоогигиеналық жағдай дұрыс болса өкпе қабынуына мешел, тері аурулары т.б ауруларымен асқына түсуі мүмкін.



Анықтау. Аналық мал мен төлдің күтімі, азық құрамы, ауру белгілері, өлекседегі өзгерістерге көңіл аудару керек.

Саралау. Колибактериоз, сальмонеллез, стрептококкоз, пастереллез және басқа аурулардан лабораториялық зерттеулер арқылы ажыратуға болады.

Емі. Себептерін жою. Малды жартылай не толық ашықтыру керек, бірақ жылы таза суды үнемі береді. Торайларды6-18 сағ; қозы-6-8 сағат -18 сағат; бұзау 18-24 сағат ашықтырады. Шөп қайнатпасын, шайды беруге болады. Іш өткізетін дәрілер/орта тұздар, клизма, майлар/. Қарынды зондпен жуу. Күріш, зығыр, дәкі, сұлы не арпадан, картоп немесе крахмал дайындаған кілегейлі қайнатпалар береді. Микробтарға қарсы дәрілер қолданылады. Жүрек жұмысын қалпына келтіру үшін кофейн, комфари майын, наперстянка препараттарын жібереді.

Ішектегі микрофлораны жақсарту үшін ацидофильді препараттар (БК және ПАБК) ацидофильді сүт, ашытылған сүт.



Сақтандыру шаралары. Себептердің алдын алу. Зоогигиеналық, азық рационы т.б

Ас қорыту жүйесінің аурулары:



  • Жынның мес, тақия, жалбыршақ қарындарында кідірілуі мирофлора құрамын өзгертеді.

  • Улы заттар зат алмасуды бұзып ацидозды дамытады.

  • Организмнің улануы айқындала бастағанда мал жабығады.

  • Қанның морфологиялық құрамы қалыпты болады, регенеративті ығысқан түрде нейтрофильді лейкоцитоз жағына өзгереді.


Емі. Микробиалды үрдістерді қалыптастыру,

  • Улануды азайту

  • Мес қарынды 1% натрий сульфат немесе гидрокорбанат ерітіндісімен жуып-шаю 30/40 литр

  • Тері астына КРС 0,001-0,003 карбохалин; МРС 0,002-0,0004 пилокарпин гидрохлоратын КРС-0,05-0,4, МРС 0,01-0,04 прозерин немесе физостетмин салицилатын

Холинэргиялық дәрілерді беруге- мес қарындағы бығып тығызданып қалған жынды жуып – шаю 5% натрий немесе мангий сульфат ерітінділерін КРС 400-700 г, МРС 40-80 г, беру арқылы сұйылтады.

/Инфузория саны азайып, Гр+ бактерия түрі азаяды.

- Эмбринальдық жетілу

- Төлдер қоректенуіндегі қателіктер

- Қанда қоюланады, әсіресе капилярлардағы қан айналысы бұзылуы, ұлпаларда гипоксия дамиды. Эозонофильдер жоғалады, нейртрофилльдер көбейеді.

- Токсикалық диспепсия/

Организімнен бөлінген судың орнын толтыру үшін физиологиялық ерітіндіні беру керек.

Ас қорыту процеснің қалыпты жағдайға келіп, су мен тұз алмасуының қалыптасуын, ішектегі микрофлораның қызметін түзеу.



«Гастроэнтерит» асқазан мен ішектердің бір уақытта, кілегей қабығы, кілегей қабығы асты, кей жағдайда бұлшық етті қабығы мен серозды қабаттарының қатар қабынуымен сипатталатын ауруды айтады. Сипатына қарай крупозды, дифтеритті, кілегейлі – мембраналы, геморрагиялық, флегмонозды, іріңді және басқа формаларын ажыратады.

Гастроэнтерит барлық жануарларда кездеседі, жиірек төлдерде, ірі жануарлардан жылқы жиі ауырады, сирек шошқа мен ірі қара малы ауырады. Гастроэнтерит өтуіне қарай жіті және созылмалы түрлерге бөлінеді.



Кейінгі гастроэнтериттер ішектердің бітелулерінде жиі кездеседі (химостаз, капростаз, обтурация, инвагинация, ішектердің тромбозы).

К.И. Вертинский дәлелдеуі бойынша, саңырауқұлақтар организмге түскеннен кейін асқорыту жүйесінің кілегейлі қабығын және басқа да безді органдардың қызметтерін бұзады. Ішектердің эпителийлерінің зақымдануы, алмасу қызметін атқарушы, ішекке токсиндердің келуін жылдамдатады. Микробтар мен белоктардың қан айналысына өтіп лимфа жүйесіне өтуіне қолайлы жағдай туады, дене температурасы көтеріледі. Токсиндердің организмде көбеюі қанның азаюына, нәтижесінде жүрек жұмысының, газ алмасуының, зат алмасуының нашарлауына, ұлпалардың трофикалық қаблетінің бұзылуына, соңында патологиялық процесстің дамуына әкеп соғады. [4,6]

Формасында қалың пленкалар немесе кілегей қабықтың бөліктері кездеседі, ал іріңді және флегмонозды формаларында – ірің, кілегей қабық бөлшектері, қан, және өлі еттенген ұлпалар кездеседі.

Өтуі және болжамдары. Гастроэнтерит шошқалар мен жылқыларда өте жылдам дамып, алғашқы үшінші күні летальды көрініс алады. Көп жағдайда ауру 7 – 15 күнге созылады. Гастроэнтерит гепатитпен, нефрозды нефритпен немесе миокардитпен дамыса көбінесе жануардың өлімімен аяқталады. Жіті гастроэнтерит кейде созылмалы гастроэнтериттке ауысады.

Диагноз. Аурудың кенеттен пайда болуы және жылдам дамуы, іш өту, шаншу құблысы, жалпы әлсіздік, жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуы, және т.б. белгілері, катаральды асқазан қабынуы, жүйке жүйесі тарапынан ешқандай өзгеріссіз өтетін, жүрек – қан тамырлар жүйесінің және басқа органдардың қызметтерінің бұзылуларынсыз өтетін жай дамитын түріне қарағанда диагноз қою оңайырақ.

Дифференциальды диагноз. Екінші реттік гастроэнтеритті сібір жарасынан, пастереллезден, шошқа обасынан, сиыр обасынан, ит обасынан ажырату керек. Бұл аурулардан негізгі белгілеріне қарап, эпизоотологиялық факторлары мен зерттеу нәтижелеріне қарап ажыратамыз. Улануға күдік туған жағдайда азығы мен нәжәсін улы заттарға қарсы тексереміз.

Емі. Ауру жануарларды жалпы табыннан бөліп алып, жеке ұстайды. Алғашқы тәулікте ашықтырып ұстау қажет. Суды шектемейді. Асқазандағы улы заттарды шығару үшін тері астына апоморфин жібіреді. Жылқылардың асқазанын міндетті түрде 0,85% натрий хлориді ерітіндісімен жуу керек. Ішектерді улы заттардан тазарту үшін ішке магний сульфатының 4% ерітіндісін береді, жылқыларға 200 – 400 г, ірі қараға 300 – 700 г, шошқаға 25 – 50 г мөлшерінде немесе ірі жануарларға күнбағыс, зығыр майларын беруге болады.

Асқазан мен ішектердің кілегейлі қабықтарының қабынуларында зығыр дәнінің, күріш, арпа, бидай ұнының қайнатпаларын, глюкоза, ихтиол, салол немесе бензофтолды қосып берген, 2 – 3 тауық жұмыртқасын 1 л суға араластырып бергеннің де нәтижесі жақсы. Қайнатпаны ірі жануарларға 1,5 – 2,5 л, ұсақ жануарларға 100 – 400 мл мөлшерінде, күніне 3 – 5 реттен береді.

Егер гастроэнтериттің геморрагиялық формасы дамыса ішке 10% - ды кальций хлорид ерітіндісін береді. Тері астына немесе ішке күнделікті С витаминін еңгізеді,

Дозасы: ірі жануарларға 0,5 – 2,0, ұсақ жануарларға 0,02 – 0,05 мөлшерінде. Гастроэнтерит гепатитпен байқалса ішке немесе бұлшық етке викасол тағайындайды. Сульфаниламидтер мен антибиотиктерді кеңінен пайдаланады (фталазол, синтомицин, биоветин т.б.). Іштің өтуіне қарсы еммен тамырының қайнатпасын, танальбинді ішке тағайындайды. Жіті энтеритте диеталық азықтар маңызды роль атқарады.

Ауырсынғанды басу үшін қарын аймағына жылулық басу керек, электрожылытқыш қолдануға болады, ұсақ жануарларда соллюкс лампасын қолдануға болады. Геморрагиялық гастроэнтеритте жылулық қолдануға болмайды. Қысқа мерзімді ауырсынғандықты басу үшін қарын аймағына платифилин, атропин немесе анальгин жібереді.

Жүрек жұмысының нашарлауына қарсы камфора майын тағайындайды, кофеин препаратын, наперстян немесе строфант қолданылады. Қан қысымы төмендесе тері астына эфедрин немесе адреналин жібереді.

Интоксикациямен күресу үшін венаға глюкоза ерітіндісін, натрий гидрокорбанатын, 5 - 10% натрий хлор ерітіндісін қолданады.

Формасында қалың пленкалар немесе кілегей қабықтың бөліктері кездеседі, ал іріңді және флегмонозды формаларында – ірің, кілегей қабық бөлшектері, қан, және өлі еттенген ұлпалар кездеседі.



Өтуі және болжамдары. Гастроэнтерит шошқалар мен жылқыларда өте жылдам дамып, алғашқы үшінші күні летальды көрініс алады. Көп жағдайда ауру 7 – 15 күнге созылады. Гастроэнтерит гепатитпен, нефрозды нефритпен немесе миокардитпен дамыса көбінесе жануардың өлімімен аяқталады. Жіті гастроэнтерит кейде созылмалы гастроэнтериттке ауысады.

Диагноз. Аурудың кенеттен пайда болуы және жылдам дамуы, іш өту, шаншу құблысы, жалпы әлсіздік, жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуы, және т.б. белгілері, катаральды асқазан қабынуы, жүйке жүйесі тарапынан ешқандай өзгеріссіз өтетін, жүрек – қан тамырлар жүйесінің және басқа органдардың қызметтерінің бұзылулурынсыз өтетін жай дамитын түріне қарағанда диагноз қою оңайырақ.

Дифференциальды диагноз. Екінші реттік гастроэнтеритті сібір жарасынан, пастереллезден, шошқа обасынан, сиыр обаснан, ит обаснан ажырату керек. Бұл аурулардан негізгі белгілеріне қарап, эпизоотологиялық факторлары мен зерттеу нәтижелеріне қарап ажыратамыз. Улануға күдік туған жағдайда азығы мен нәжісін улы заттарға қарсы тексереміз.

Емі. Ауру жануарларды жалпы табыннан бөліп алып, жеке ұстайды. Алғашқы тәулікте ашықтырып ұстау қажет. Суды шектемейді. Асқазандағы улы заттарды шығару үшін тері астына апоморфин жібіреді. Жылқылардың асқазанын міндетті түрде 0,85% натрий хлориді ерітіндісімен жуу керек. Ішектерді улы заттаран тазарту үшін ішке магний сульфатының 4% ерітіндісін береді, жылқыларға 200 – 400 г, ірі қараға 300 – 700 г, шошқаға 25 – 50 г мөлшерінде немесе ірі жануарларға күнбағыс, зығыр майларын беруге болады.

Асқазан мен ішектердің кілегейлі қабықтарының қабынуларында зығыр дәнінің, күріш, арпа, бидай ұнының қайнатпаларын, глюкоза, ихтиол, салол немесе бензофтолды қосып берген, 2 – 3 тауық жұмыртқасын 1 л суға араластырып бергеннің де нәтижесі жақсы. Қайнатпаны ірі жануарларға 1,5 – 2,5 л, ұсақ жануарларға 100 – 400 мл мөлшерінде, күніне 3 – 5 реттен береді.

Егер гастроэнтериттің геморрагиялық формасы дамыса ішке 10% - ды кальций хлорид ерітіндісін береді. Тері астына немесе ішке күнделікті С витаминін еңгізеді, дозасы: ірі жануарларға 0,5 – 2,0, ұсақ жануарларға 0,02 – 0,05 мөлшерінде. Гастроэнтерит гепатитпен байқалса ішке немесе бұлшық етке викасол тағайындайды. Сульфаниламидтер мен антибиотиктерді кеңінен пайдаланады (фталазол, синтомицин, биоветин т.б.). Іштің өтуіне қарсы еммен тамырының қайнатпасын, танальбинді ішке тағайындайды. Жіті энтеритте диеталық азықтар маңызды роль атқарады.

Ауырсынғанды басу үшін қарын аймағына жылулық басу керек, электрожылытқыш қолдануға болады, ұсақ жануарларда соллюкс лампасын қолдануға болады. Геморрагиялық гастроэнтеритте жылулық қолдануға болмайды. Қысқа мерзімді ауырсынғандықты басу үшін қарын аймағына платифилин, атропин немесе анальгин жібереді.

Жүрек жұмысының нашарлауына қарсы камфора майын тағайындайды, кофеин препаратын, наперстян немесе строфант қолданылады. Қан қысымы төмендесе тері астына эфедрин немесе адреналин жібереді.

Интоксикациямен күресу үшін венаға глюкоза ерітіндісін, натрий гидрокорбанатын, 5 - 10% натрий хлор ерітіндісін қолданады.

Ірі қара малында шіру процесстерін тоқтату үшін сумен ихтиол немесе креолин (15,0-20,0гр); нафталин немесе формальдегит ерітіндісі (15,0-25,0гр), скипидар (20,0-30,0гр) араластырып және тимпанол, (1-2литр) сүт т.б. ішке беруге болады. Хлоралгидраттың 10%-дық ерітіндісімен тамыр ішіне егкенде жақсы нәтиже береді. Месқарындағы газды жою үшін зонд қолданған және қарынды жуу, уқалау қолданылып жасалынады. Болмаған жағдайда руминоцентез – месқарынды тесу қолданылады. Алдыңғы қарыншақтардың қызметін жоғарлату үшін руминаторлық заттар, ал шектер мен қарынды ішіндегі заттардан босату үшін – іш өткізетін заттар тағайындалады.

Ветеринария ғылымы жануарлардың жұқпалы емес ішкі аурулардың туындау себептерін, өту ерекшеліктерін зерттей келе оған қарсы іс шараларды үнемі жетілдіруде.

Ауруды ғылыми негізде тану және емдеу үшін организмнің анатомиялық және физиологиялық құрылысы малдардың жасына байланысты өзгеріп отыратындығын нақты түсінуі қажет.

Жалпы ауруға тән құбылыстарды ғылыми сілтемелер арқылы дейектеме берер болсақ, И.В.Давыдовский пікірінше жануардың сыртқы ортаға қалыптасып үлгермеуі және өз микроорганизмінен инфекциялық үрдіске ұшырауы болады. Бұндай жағдайда колитәрізді бактериялар қалыпты жағдайға қарағанда 24 есе көп болады екен. Сонымен қатар Н.М.Носков., И.Н.Докторова пікрінше гастроэнтеритте зат алмасу өте күрделі бұзылады және негізгі үрдістің ассимилияциясы әлсірейді. Қан қоюланады және көлемі азаяды да организмнен шыққан сұйықпен қоса хлор және натрий көптеп бөлінеді. Ацидоз және гипогликемия пайда болады. Сондай-ақ, А.М.Смирнов., Н.М.Носков.пікірінше қанда альбумин азаяды да бета-глобулин артып, нейтрофилия немесе лимфоцитоз туындайды. Дене қызуы төмендеп шырышты қабықтар бозарады. Көп жағдайда – эозинофил болмайды, нейтрофил және гемоглобин жоғарлауы болады.гипопротеинемия, альфа-глобулин жоғары болады. Гамма-глобулин өте төмен болады.

С.И.Плященко, В.Т.Сидоров (1987), И.Н.Никитченко және әріптестері (1988) деректерінше организімнің күйзелістік жағдайында лейкоцитарлық формуладағы лимфоциттің нейтрофилге қатынасы өзгеріп, лимфоцит мөлшерінің жоғарылауы байқалады екен.

Р.В.Петров (1983) анықтамасы бойынша қан сары суындағы жалпы белок, организмнің табиғи қорғаныстық қасиетінде маңызы зор.



Жалау – бұл бұзаулар үшін өзара денесін сылау болып табылады. Бұл ретте бұзаудың ас қорыту безі, зат алмасуы, ағзаның барлық жүйесі жақсы жұмыс істейді. Мұндай бұзаулар тез тұрып кетіп, ертерек ему рефлексі мен тәбетін жақсы көрсете алады. Оларда ас қорытудың бұзылулары мен басқа аурулар сирек кездеседі.

Сиырдың төлденуі 20-30 минуттан 3 сағатқа дейін созылады. Төлдің жатырда жатуы жоғарғы позицияда болса, төлдеу процесіне араласпаса да болады. Төлдету кезінде патологиялық қиын жағдайлар болса, білікті көмек көрсетілуі керек. Сол үшін төлдету бөлімінде жақсы оқыған, арнайы әдістерді, ережелерді білетін қызмет көрсету персоналдарын тәуліктік кезекшілікке қояды. Бұзаулағаннан кейін сиырға 20-30 минуттан кейін бір шелек жылы біраз тұз қосылған су беріледі.



Сиыр жаңа туған төлімен оның толығымен қалыптасуы үшін өжіреде 24-48 сағат болуы керек. Тәулігіне 3-4 рет емізу үшін машиналы сауылмалы аппараты құрылады.

Бұзаулар туғанда қан құрамында иммунды ағзасы болмайды. Ол ірі қара малдарда уыз сүтімен антиағзалар беріледі.

Бірінші-екінші сауым уыз сүтін ұтымды пайдалану үшін сірке суын, пропионды және құмырсқа қышқылын құйып ашытады немесе қатырады. Ашыту кезінде алғашқы екі сауым уыз сүтіне яғни 10 литр уыз сүтіне 0,5 литр айран қосып бір тәулік ұстайды. Қышқылдығы жоғары уыз сүтін 50С температурада сақтауға болады.

Жаңа туған бұзауларда, әсіресе гипотрофик-бұзауларда ас қорыту жүйесі шектеулі болғандықтан уыз сүтінде сақталған липазалар, протеологиялық және амилологиялық ферменттер барлық қызметті өтейді.

Денсаулығы жақсы бұзауларды алу үшін буаздық кезінде профилактикалардан өткізіп, кәсіби мамандардың көмегімен кез келген ауруды емдеу керек. Жатырдағы төлге зияны тимеуі үшін қатты әсерлі, улы дәрілер берілмейді.

Жоғарыда көрсетілген талаптарды сақтағанда ене-төл-уыз сүті жүйесінің көрсеткіші жоғарлай түседі. Жаңа туған бұзаулардың өміршеңдігі, ауруларға қарсы тұруы артады. Ал сапасы төмен уыз сүті теріс нәтиже береді [26].
Ішкі жұқпалы емес аурулар басқа ауруларға қарағанда өте кең тараған. Бұл аурулардың ерекшеліктері олардың қатарына көптеген клиникалық сау, бірақта организмдегі зат алмасу деңгейі бұзылған малдар да жатады. Ондай малдарға да емдік көмек көрсетуге тура келеді.

Ас қорыту жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктер күйіс қайыратын малдардың төлдерінде толығырақ зерттелген. Оған себеп, күйіс қайыратын малдардың төлдерінің арасында олар туа салысымен, ең бірінші ас қорыту жүйесінің әртүрлі ауруларға шалдығуы жиі кездеседі.



Жаңа туған төлдерде уыз алдыңғы қарыншаға түспей, бірден өңеш науасы арқылы ұлтабарға түседі. Оларда өңеш науасының еттері жақ өңештің жалғасы ретінде түтікше пайда болады. Сондықтан да қабылдаған ас месқарынға түспей бірден ұлтабарға барады [11].

Жаңа туған 7-10 күндік төлдердің ұлтабарының көлемі олардың мес қарны мен тақия қарнын бірге алғандағы көлеміне екі есе артық болатын көрінеді. Олардың үш айлық жасында, төлдердің қатаң азықтарды қабылдауларынан байланысты, Месқарны ұлғая келіп, ұлтабардан бірнеше есе үлкен болып шығады. Міне, сондықтанда, төлдердің бірінші күнгі жастарында оларға уызды, сүтті уақытында, дұрыстап беру өте қажет. Еміздік арқылы сорған кезде ауыз қуысының, тілдің, жұтқыншақтың рецепторлары қозып,өңеш науасына дұрыс қалыптасуына әсер етеді де, қабылдаған ас ұлтабарға түсіп дұрыс қорытылады.

Ал асығыс, көп мөлшерде азықты берген кезде, өңеш науасы қалыптасып үлгермегендіктен уыз, не сүттің кейбір бөлігі әлі қалыптасып үлгермеген, қызмет бабы жоқ месқарынға түсіп, онда шіріп, әртүрлі ауруларың пайда болуына бірден-бір себеп болады. Уызды, не сүтті аздап, асықпай берудің тағы бір пайдасы ол азық ауыз қуысы бездерінің сілекеймен жақсы араласып, ұлтабарда пайда болатын фермент-химозиннің әсеріне толық бапталады да, одан пайда болған қослыстарды организм өз қажетіне пайдаланады.



жүктеу 1,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау