042-18-24.73/01-2016
|
№ 1 басылым 08.09.2016ж.
|
беттің беті
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМЖ құжаты
|
ПОӘК
|
042-18-24.73/01-2016
|
«Жануарлардың ішкі ауруларын клиникалық балаумен»
ІІІ пәнінің студенттерге арналған оқу әдістемелік бағдарлама кешені
|
№ 1 басылым
«08» 09 2016ж
|
5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған
«Жануарлардың ішкі ауруларын клиникалық балаумен»
ІІІ пәнінен
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
Семей
2016
1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ
Құрастырушы:
Біләлов Е.Е., ветеринария ғылымдарының кандидаты Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасының доцент м.а «26» 08 2016ж
Тойкина Г.Н. ветеринария ғылымдарының кандитаты, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасының профессоры м.а. «26» 08 2016ж
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасының отырысында «29» 08 2016 жыл, №1 хаттама.
Кафедра меңгерушісі, доцент м.а. С.Тусупов
2.2 Аграрлық факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында
«01» 09 2016 жыл, № 1 хаттама
Төрайымы А. Тлеубаева
3. БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында шығаруға мақұлданған және ұсынылған. « 08» 09 2016 жыл, №1 хаттама
ОӘК төрайымы, ОӘЖ проректоры Г. Искакова
АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ
Мазмұны
1.ГЛОССАРИЙ
2.ДӘРІСТЕР
3. ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАР
4. БІЛІМ АЛУШЫЛЫАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ
Глоссарий
Анамнез - ауру жайлы мәлімет (ауырған малды емдеу, сауықтыру мақсатында алдын ала жиналатын мәліметтер.
Анамнестикалық реакция – иммундалған немесе инфекциялық аурудан жазылып, антителаны сақтау қабілетін жоғалтқан организмде болатын реакция.
Аритмия – жүрек ырғағының бұзылуы.
Абиотикалық факторлар – сыртқы ортадағы бейорганикалық факторлардың организмге әсер етуі.
Анафилаксия – организмнің бөгде белокты ерекше сезінуі. Анафилаксияның дамуы кезегімен үш процесстен тұрады: а) сенсибилизация (әзірлік); б) анафилактикалық талықсу (шешілу) және в) десенсибилизация
Абсцесс – іріңдік бітеу жара. Абсцесс (abscess), терінің терең қабатында немесе ішкі органдарда жұқпалы бактериялар тудырған қандағы лейкоцит ұлпаларының бұзылуы салдарынан пайда болатын ірің. Ағзалар мен тканьдерде қабыну салдарынан іріңнің шоғырланып жиналуы.
Авитаминоз – жануарлар оргнизміндегі витаминдердік ұзақ уақыт жетіспеуінен болатын дерт.
Агалактия – сүт шықпау.
Агаммаглобулинемия – қан сары суында гаммаглобулиндердің болмауы немес жеткіліксіздігі.
Агония (Agonia - күрес)- жанталас, жантәсілім, агония. Мидың жоғарғы бөліктерінің, әсіресе мидың жарты шарлары қыртысының қызметі терең бұзылуымен қатар сопақша ми орталықтарының қозуы тән өлер алдында болатын ақырғы (терминальды) сәт.
Адаптация – бейімделу.
Адинамия - бүкіл организмнің немесе жеке органның ерекше әлсіздігі.
Адреналин – бүйрек үсті безінің гормоны, ол организмде зат алмасуды күшейтіп, қан қысымын арттырады.
Азотурия – азотты заттардың несеппен көбірек бөлінуі.
Аклиматизация – жерсіндіру, бейімделу.
Алкалоз – организмде қышқыл-сілті тепе-теңдігі бұзылып, сілті катиондары мөлшерінің көбеюі.
Анабиоз (гр. anabіosіs – жандану, қайта тірілу) – қолайсыз жағдайда организмнің тіршілік қабілетінің уақытша жойылып, не мүлдем әлсіреп кету құбылысы немесе эволюциялық даму жолында организмнің тіршілік ортасына физиологиялық бейімделуі; уақытша күй, мұнда өміршендік процесстердің баяулатылғандығы соншалық тіршіліктің барлық құбылыстары толығымен байқалмайды.
Акобальтоз - күйістілердің созылмалы ауруы, жылқы мен шошқаларда жие кездеседі, асқорытудың бұзылуымен сипатталатын (іш өту, жалау), анемия және кахексиямен жалғасатын.
Альбинизм - реңсіздік (лат. albus — ақ) — организмнің өзіне тән түсінің жоғалуы. Альбинизм — рецессивті генге байланысты тұқым қуалайтын белгі. Бұл ген гомозигота кезінде меланин, хлорофилл пигменттері синтезін тежейді.
Альтеративтік қабыну турлі химиялық заттардың және бактериялардың уының әсерінен дамиды. Кейде ол организмнің сезімталдығы артуының жедел типін бейнелеуі мүмкін.
Алиментарлық дистрофия - арықтау, аштық, жеткіліксіз азықтанғаннан немесе азық құрамында нәрлі заттардың жетіспеуінен болады, зат алмасудың бұзылуымен сипатталады, фермонтопатия, организмде атрофия және дистроция процесінің дамуымен, мал салмақ тастауымен және арықтауымен сипатталады.
Алиментарлық анемия - бұл жануарлар мен адамдардың ауруы, қан аздық болады, бойдың өсуі бұзылады және ауыл шаруашылық төлдердің өсуі бұзылады.
Алиментарлық остеодистрофия - ересек жануарлардың созылмалы сүйек матасының зақымдалуымен сипатталады.
Актиома - тамырларда немесе клеткалық элементтерде дамитың ісік.
Ангиосаркома . Қан жүйесі аркылы тарайтын қан тамырының қатерлі ісігі.
Атрофия (грек, atropheo; а — жоқ; trophe — қоректік зат, тамақ) — қоректік заттың келмеуіне немесе жетіспеушілігіне байланысты дене мүшелері мөлшерінің кішірейіп әлсізденуі. Атрофия көбіне мүшелерді қоректендіретін қан жөне лимфа тамырлары қызметін реттейтін жүйкелердің зақымдануы нәтижесіңде өрбиді.
Аденома. Негізінде біртекті безді эпителийден құрылатын залалсыз ісік. Әдетте құлақ тұсындағы сілекей бездері ауырады.
Анемия - бозару атау ретінде алынады.
Апноэ – тыныс орталығындағы тітіркендіргіштің жетіміздігінен малда тыныс алудың уақытша тоқтауы.
Апатия (селқостық), немесе енжарлық, көніл-сіздік.
Атаксия жүріс тұрысының өзгеруі.
Аффинитет – әртүрлі жасушалар мен тіндердің организмге түскен немесе сонда пайда болатын белгілі бір химиялық элементтерді сіңіру және байланыстыру қабілеті.
Базофилдер – цитоплазма түйіршіктері қара-күлгін түске боялатын түйіршікті лейкоциттер тобының бірі.
Барорецепторлар – қуыс органдар (ішек, тамыр т.б) кенересінің механикалық созылуын қабылдайтын, оның ішіндегі сұйыққа қысым түсіретін интерорецепторлар.
Билирубин – өт пигменті, негізінен бауыр, талақ және емдік жасушаларында гемоглобин ыдырағанда түзіледі.
Биопсия – микроскоп арқылы зерттеу мақсатында тірі мал денесінен тін не ағзасынан зерттеуге кішкене ет кесіп алу.
Биологиялық өлім өмірлік маңызды функциялар біржола тынатын, организм тіршілігінің тоқтауын білдіреді.
Бұлшық ет ағаруы - ішек-асқазан, тыныс алу жолдарының, буындарының қабынуы немесе зақымдануы, тері аурулары, жүрек және сүйек бұлшық еттерінің ағаруымен сипатталады. Көбінесе төлдерде кездеседі.
Бластома (Вlastoma — өркеннан өскен ісік) — бластома. Пісіп жетілмеген клеткаларды реттелуге көнбейтін, тоқтаусыз кобею негізін құрайтын қатерлі ісік.
Бүйрек инфарктісі – жаңа туған 7 күндік жануарларда болады, кейін жоғалып кетеді.
Меланоз (МеIаn - қара қоңыр - патологиялық күй) - Мүшелер мен тканьдерде меланин пигментінің түйінді немесе жайылма жиналуы.
Миокардит - жүрек бұлшық етінің абынуы
Мастит (грек. mastos — емшек) — сүт безінің қабынуы.
Менингит — бұл көп таралған дерттiң бiрi, өте қатерлі ми ауруы.
Миелома (плазмоцитома) - плазмалык торшалардың бүкіл организмге таралуы.
Мукоидты ісіп - кебу - коллогенді талшықтардың ісіп кебуімен сипатталады,фибрильді құрылым жуылады.
Метаплазия (Меtарlаsіа - өзгерту) — Тканнің бір түрінің екінші тектес түріне ауысуы. Мысалы, трахея мен бронхтардың призма тәрізді эпителиінің көп қабатты жайпақ эпителийге ауысуы.
Ваканттық гиперемия – барометрлік қысымның төмендеуі салдарынан қанның едәуір құйылуы, соның әсерінен тамырларды қан кернеп, тамырдың жарылуы және қан ағуы.
Ваканттық гипертрофия – мүшенің негізгі тіндік элементтері семген (трофия) кезінде дәнекер тіннің көбеюі. Мысалы, бұлшық еттегі май және талшықты дәнекер тіннің көбеюі.
Гидропиялық (сулы вакуольді) дистрофия жасуша цитоплазмасындасүйықтыкден толған вакуольдердің пайда болуымен сипатталады.
Габитус – мал денесінің сыртқы тұрпаты.
Гастрит – қарынның кілегей қабығының қабынуы.
Гастроэнтерит – қарын мен ішектің қабынуы.
Гемагглютинация – бактериялардың, токсиндердің және басқа да әсерден эритроциттердің желімделуі және тұнба түзуі.
Гематома – қан тамырларының жарақаттануынан қан құйылып жиналуы.
Гематурия – несеппен бірге қанның бөлінуі.
Гемиплегия – ми тамырларының бітелуі, онда қанның құйылуы мен ұйып қалуынан дененің бір жақ жартысындағы бұлшық еттерінің парличке шалдығуы.
Гемосидероз – тіндер мен органдар құрамында темір бар пигменттің – гемосдериннің (гемоглобиннің ыдырауының ақырғы өнімі) бөлінуі.
Гемоторакс – кеуде қуысына қанның құйылуы.
Гепатит – бауырдың дәнекер тінді стромаларының қабынуы;
Гепатоз – бауырда зат алмасудан болатын (белоктық, амилоидтық, углеводтық және майлық, сондай-ақ улы гепатодистрофия) ауру.
Гиалиноз – тінде немесе жасушада белок – гиалин түзілетін белоктық дистрофия түрі.
Гидремия – қандғы плазма еебінен оның жалпы көлемінің көбейіп, қанның сұйылуы.
Гиперергия – организм реактивтілігінің кенеттен көтерілуі, жалпы және жергілікті реакцияның аллергенге сезімталдығының күшеюі мен жиілеуі.
Гипоксия – оттегі жетіспеушілік, тіндерде оттегі мөлшерінің кемуі.
Гипосаливация – сілекей безінің фунциясы бұзылудан сілекей бөлінудің кемуі.
Гликемия – қанда глюкозаның болуы.
Глюкоген – бауыр мен бұлшық етте глюкозадан түзілетін мал крахмалы.
Гломерулонефрит – бүйректің қабынуы, нефриттің бір түрі.
Госсипол – мақта дәнінде болатын фенол тектес пигмент, активті антиоксидант, клетка, тамыр және нерв уы.
Гиперемия ауырғанда қызаруы - гиперемия немесе геморрагиялар атау ретінде алынады.
Ганглиома - ганглиозды клеткадан тұратын ісік.
Гипостаз - өлексенің тамырларында және ішкі органдарда қанның жиналық қалуы.
Глиома - неврология тор элементтерінің ісігі.
Глюкопротеид - құрамында күрделі углеводтар бар, күрделі ақуыздар
Гиперемия - қан айналым жүйесінің бір жерінде қанның толып, тұрып қалуы.
Гипертрофия - жануарлардың денесіндегі мөлшерлі органдарының немесе оның бөлімшелерінің көлемі артуы.
Гиперплазия - клеткалар санының немесе клеткаішілік ультрақұрылымдар санының көбею
Гемморагиялық қабыну - бұл қабыну түрі күрлеті септикалық індеттерде дамиды ( сібір жарасы, шошқа тілмесі, пастереллез, шошқа обасы және т.б), сондай - ақ қатты әсер ететін улардан (мышьяк, сурьма) және басқада улармен.
Гемангиома - ісіктің жалпы атауы,
Ірің(руоп) – денедегі қабынған жерлерде пайда болатын сары күрең немесе жасылдау түсті қою сұйықтық.
Іріңді қабынуларды көптеген патогенді және шартты- патогенді бактериялар, әсіресе көптеген жедел және жеделдеу іріңдеудерді кокктар (барлық іріңді аурулардың 70-80%) тудырады.
Гидроторакс - емізулі шеменнің айналасы
Гепатоз (Hepatosis - бауыр сыркаты)- Негізінен гепатоцит ішіндегі зат алмасудың бұзылуын (гепатоцит дистрофиясы) құрайтын бауыр ауруларының жалпы аты.
Гепатит (сары ауру) — бауырды зақымдайтын вирустық инфекция.
Гиповитаминоз А - бұл жануарлардың созылмалы ауруы, организмде А витаминнің жеткіліктісздігі немесе мүлдем болмауынан болады.
Гиповитаминоз В - бұл ауру орназмде ватимин В1 ( тиамин) жеткіліксіз болғанда пайда боалыд.
Гиповитаминоз РР - жануарлар мен адамдардың созылмалы ауруы, тері және оның туындыларының зақымдалуымен, жүйке жүйесі және асқазан ішек жолдарының зақымдалуымен сипатталады.
Гиповитаминоз С - созылмалы ауру, гемморагиялық диатезбен сипатталады.
Гиповитаминоз Д - Д дәруменінің жетіспеушілігі мен күннің ультра күлгін сәулелерінің жеткіліксіз мөлшерде болуы салдарынан пайда болатын ауру. Рахит ауруы кезінде минералды зат алмасу процесі мен сүйектің түзілуі бұзылады
Гиповитаминоз К - сирек кездесетін ауру, гемморагиялық диатез, анемия және тері асты клеткаларының үйып қалуымен сипатталады.
Лейкодерма - Меланин түзілуінің жергілікті бұзылысы салдарынан теріде түссіз аймақтардың пайда болуы, себептері алуан түрлі
Липома - Май тканінен тұратын қатерсіз ісік
Лейомиома – асқазанның қатерсіз ісігі
Лимфангиома - Лимфа тамырларынан дамитын қатерсіз ісік.
Лейкоз лейкемия (грек. leukos — ақ) — қан түзетін органдар жүйесінің қатерлі ісіктері. Ісік жілік майындағы клеткалардың тоқтаусыз өсуімен және сол жердегі қалыпты қан жасалу процесінің бұзылуымен сипатталады
Лимфасаркома – лимфаретикулярлы жабынның қатерлі ісігі.
Дистрофия - Зат алмасуының бұзылуына байланысты туындайтын жасушалар мен тіндердегі сапасы мен саны жағынан өзгерген зат алмасу өнімдері пайда болуы және жинақталуымен сипатталатын дерттік үрдіс.
Дивертикулдар тоқ ішектің бұлшықет қабатындағы дистрофиялық өзгерістер салдарынан, оның моторикасының бұзылысынан және дәнекер тінінің туа және жүре пайда болған әлсіздігінен , ішек қабырғаларындағы тамырлық өзгерістерге байланысты туындайды
Декальцификация — ұлпа, ағза немесе организмде кальцийдің кемуі.
Диспротеиноз – белок алмасуының бұзылуы.
Дегидратация – жасуша аралық қуыстан сұйықтың шығуы, құрғау.
Диспноэ - демігу– тыныс алудың типі мен ырғағы, тереңдігі, жиілігі өзгеруімен жүретін қиындаған дем алумен сипатталады.
Диспепсия - жаңа туған төлдердің асқорыту және зат алмасу процестерінің өте жіті түрде бұзылуы салдарынан организмнің сусызданып, улануымен сипатталатын ауру.
Декомпенсция – ауру әсерінен организмде қалпына келу жағдайының бұзылуы.
Дефекация – ішектен нәжістің шығарылуының күрделі рефлекторлық актісі.
Дизурия – қуықтан несеп бөлінудің қиындауы. Несеп-жыныс мүшелерінің ауруынан және жүйке жүйесі (жұлын) зақымднуынан болатын сырқат.
Диурез – организмде несеп түзілу және бөліну үрдісі.
Дифтериялық қабыну – өлі ет пайда болып, кілегей қабығы қбынтын фибриозды қабынудың бір түрі.
Инфаркт - тіннің немесе органның бір бөлігінің қан айналымының бұзылуына байланысты некрозға ұшырауы.
Идиоинкразия – организмнің әртүрлі заттарғ ерекше сезімталдығы.
Импедан – мал оргнизмінің айнымалы электр тоғына жалпы қарсылығы.
Индиканурия – индиканның (индоксинді зиянсыздандыртын зат) несептен шамадан тыс бөлінуі. Белокты азықтарды тым көп бергенде, қарын жынының қышқылдығы кемігенде, сары ауруда притонитте байқалады.
Ихтиопатология – балықтар аурулрын зерттейтін ветеринария саласы.
Инспираторлы демігу – қиындаған дем алумен атау ретінде алынады
Қабыну деп ағзаның эволюция барысынада толық дамыған, патогенді әсерлерді жоюға және зақымдалған ағзалардың, тіндердің, жасушалардың құрылымдық өзгерістерін қайта қалыптастыруға бағытталған, қан айналымының ерекше бұзылуымен, қан тамырлары өткізгіштігінің асып кетуімен және жасушалардың пролиферациясымен (көбею) сипатталатын жергелікті реакциясын айтады.
Крепитация – дем алу кезінде естілетін бір текті ұқсас сытырлаған дыбыстар.
Каротин(лат.carota- сәбіз) – каротин. Қызғылт-сарғыш пигмент.
Каталепсия – бұлшық еттің қозғалы фукциясының бұзылуы.
Кахексия көтерем болу, жүдеу, арықтау.
Клизма – тік ішек арқылы ұйық жібер.
Коагулянт – қанды ұйытуға ықпал ететін зат.
Кома – талма.
Коллапс – орталық жүйке жүйесінің күйзелуінен, қан қысымының күрт төмендеуінен, қан айналысының кемуінен және зат алмасудың бұзылуынан жүрек жұмысының нашарлауы.
Крупозды пневмония көбіне жылқы, шошқа және ірі қарада болатын өкпенің жіті қабынуы.
Ксантоматоз – сары ісіктің денеге жайылуы.
Канкроид - эпителий тканьдерінің қатерлі ісігі – рак
Клиникалық өлім - Тіршіліктің негізгі қызметтерінің тоқталуы
Кетоз – организмде зат алсамасуыдың және энергия жиналудың бұзылуы,
Лапротомия – емдеу және диагностикалық мақсатта құрсақты жару.
Ларингостеноз –көмейдің трылуы не бітеліп қалуы.
Лизуха – жемір болу.
Лихорадка – қызба.
Макродентоз – тістің шамадан тыс өсуі.
Миокард инфарктысы – жүрек бұлшық етінің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуынан онда өлі еттену (некроз) ошағының пайда болуы.
Медиаторлар (делдал) - жүйке ұштарынн бөлінетін және бір жүйке жасушасынан екіншісіне немесе жүйке ұштарынан жұмыс мүшелеріне қозуды немесе тежеуді беретін химиялық заттар (ацетилхолин, норадреналин, гистамин, адреналин, дофамин, серотонин, октонамин, аспарагин және глутамин қышқылдары, бірқатар амин қышқылдары).
Майлы дистрофия - Зат алмасуының бұзылуына байланысты, белоктардың липотроптық факторларының жетіспеушілігі нәтижесінде фосфолипидтер мен липопротеидтердің түзілуі бұзылып, бауырда көп мөлшерде бейтарап майлар жиналады.
Түйіршікті дистрофия - цитоплазмада табиғаты белок болып келген өте көп түйіршіктердің пайда болуымен сипатталады. Дистрофияның бұл түрі дистротейноздардың ішінде ең жиі байқалады. Түйіршікті дистрофия әсіресе бауырда, бүйректерде және жүректе айқын көрініс береді.
Достарыңызбен бөлісу: |