Бақылау сұрақтары
1. Хабарларды жіберетін және қабылдайтын сервер үшін пошталық хатамаларды атаңыз.
2.Пошталық программалармен жұмыс кезінде ақпаратты қорғаудың қандай әдістері қарастырылады?
3.Қарапайым пошта мен электронды поштаның артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңдар. MS Outlook және Internet Explorer программаларын пайдаланатын пошталық серверлер бір бірінен қалай ажыратылады? Өзіңізге электронды пошта адресін ойлап табыңыз, ол DNS нақты синтаксисін пайдалануы керек.
4. Кез-келген серверде пошталық жәшік құрыңыз және кез-келген абонентке хабар жіберіңіз.
Зертханалық жұмыс жасалғаннан кейін қорғалу қажет. Максималды бал сұрақтарға толық жауап берген және тапсырманы уақытында жасап тапсырған студентке қойылады.
Зертханалық жұмыс №7
Іnternet желісіндегі ресурстарға өту технологиясы
(тапсырма атауы)
Мақсаты: Ғаламдық Іnternet желісіндегі жұмыс сонымен қатар электрондық поштаның телекомуникация пакеттері және Іnternet-Explorer броузер- программамен жұмыс технологиясы үшін тәжірибеде компьютерлерді келтіру технологиясын ұғу.
Тапсырма 1. INTERNET іздеу.
Іздеу барысында іздеу тізбегін жазып отырыңыздар(сұраныс қалыптастыруын, табылған ресурстардың мөлшерін)
Барлық табылған ресурстарға бейнебет жасап, ал аса қызықтысын жергілікті ресурс ретінде сақтаңдар.
1. Қапшықталған және ізделінетін индекстелінген жүйелер арасындағы айырмашылықты қалыптастырыңдар Осы және басқа жүйелер бойынша мысалдар келтіріңдер.
2. Жүйедегі әңгімелесу кезінде желіде арнайы белгілер көмегімен өз көңіл-күйіңіздібілдіру мүмкіндігі бар, ағылшынша олар smileys(“рожицы” орысша). Екі әртүрлі іздеу жүйелерінен (мысалы, Яndex және Rambler) осы белгілер тізімін тауып, табылған құжаттардың сапасы мен санын салыстырыңыз.
3.Яndex www.yandex.ru іздеу машинасының URL жүктеңіз.Осы іздеу жүйесінің сұрау тілі синтаксисімен танысыңыз(КӨМЕК батырмасы).Іздеу машинасынан құжаттар тізімін (берілген құжаттардың мөлшерін тиімдете отырып, сұрауларға сәцкес қалыптысуды жазыңыз) алу үшін,сұрау тілніңі қандай құралдарымен қолдануға болады:
Александр Блок ақынның өмір жылдары;
Ішкі жану двигателіндегі цилиндрлер блогінің әсер ету принципін жазыңыз;
Солтүстік-Атлантикалық блогына кіретін елдер тізімі;
«Бродит в туманном сияньи Мороз» жолдары бар өлеңінің толық мәтіні
Париж орталық бөлігінің картасы(немесе сызбасы);
Белгілі бір сөз кездесетін құжатты қалай алып тастауға болады;
Құжаттарды іздеу нәтижесін сұрыптау ретіне қалай әсер етуге болады;
Тізімдегі бірінші 10-15құжаттар үшін нақты бір сұрау бойынша іздеу нәтижесінің реттелуін (ранжирование) түсіндіріңіз;
4.АПОРТ (aport.ru) іздеу серверінің сұрау тілімен танысыңыз. Яndex және АПОРТ тілдерін салыстыра отырып бірнеше айырмашылықты табыңыз.
5.Өздерінің "Internet сары беттерін" қалыптастырыңдар. Нақты бір тақрыпқа байланысты 10 әртүрлі ресурсты тауып, әрбір ресурсты қысқаша түрде бейнелеңіз. Бұл жазбаларды Word форматында сақтаңдар.
Іздеуге арналған тақырыптар мен тематикалар (бұл өте маңызды тақырыптар емес, олар өз қалауынша таңдалуы мүмкін!):
a) Аквариумдық балықтың нақты бір түрін қалай күтуге болады?
b) Адамды жоғары температура әсерінен қорғау
c) Бағалы қағаздарды қорғаудың аса нәтижелі тәсілдері
d) Ресейдегі Самараға ең жақын Интернет-провайдрлар
e) Киото (Япония), Самара және Мальдив аралдарындағы ауарайы болжамдары мен бүгінгі ауарайы .
f) Нерлидегі Покров шіркеуі қайда орналасқан, және қашан салынған?
g) Мәскеудегі Ресей Мемлекеттік Гуманитарлық жатаханасының мекен- жайы
h) Ресейдің лизингтік компаниялары
i) Мамандардың аңықтамасын келтіріңдер:
архивариус, архивист;
библиограф, библиотекарь;
ботаник, бионик;
бухгалтер, бухгалтер-аудитор, бухгалтер-претензионист, бухгалтер-экономист.
j) Мәскеуге Лонданнан Аэрофлот рейстерінің ұшу кестесі
k) Бүгінгі таңдағы Ресей теннисшілері Евгения Кафельникова мен Анна Курникованың Әлемдік рейтінгтері.
l) Сіздің көзқарасыңыз бойынша Web-беттерін құру оқулықтарының ең жақсысын табыңыз. Оқулықты іздеу барысында іздеу әдісін аймақтарда("аймақ" аты Title) қолданыңыз.
m) Микропроцессорлар аймағындағы соңғы жасалымдар туралы желіден мәліметтер алыңыз.
n) Принтерлердің соңғы жасалымдары туралы желіден мәліметтер алыңыз.
Тапсырма 2. Internet Explorer интерфейсі
1. Windows жұмыс үстелінен Internet Explorer қосымшасын жүктеңіз. Экранға үндемес режимінде Microsoft-ың бастапқы беті жүктеледі. Егер ол пайда болмаса, адрестік панельде мысалы, http://quazer.ssea.ru/teach/ адресін теріңіз, экранда экономикалық информатика кафедрасы өңдеген Internet оқулық кешен көрінеді.
2. Internet туралы оқулықтың мазмұнын қарап шығыңыз және сізге керек ақпараттың жолын есте сақтаңыз.
3. меню пунктілерінің, стандартты құралдар панелінің, адрестік панелдің маңызын (қысқаша ) суреттеп айтыңыздар. Осы немесе басқа панелді қалай алып тастауға немесе қосуға болады? Бетті ашу уақытын қалай азайтуға болады ?
Адрестік жол
Web-тің ағымдағы бетінің адресін қамтиды. Интернеттің әрбір бетінің URL деп аталатын өзінің жеке адресі бар. Web-тің жаңа бетіне өту үшін URL адрес алаңына осы беттің адресін енгізу және Өту (Перейти) батырмасын немесе Enter пернесін басу
Файл жүйелік менюі келесі командаларды орындауға рұқсат етеді :
Құру (Создать) бұл команда бірнеше пунктен тұрады, оларды таңдаудан кейін сіз келесі объектілерді құра алаcыз:
Терезе (Окно) Internet Explorer шолушысы көшірмесін іске қосады
Хабар (Сообщение) электронды хабар құрып, кейіннен оны жіберуге мүмкіндік беретін Хабар редакторын іске қосады.
Хат (Письмо) Интернетке қосылуды орнатады және Outlook Express пошталық бағдарламасын іске қосады
Контакт Адрестік кітап арнайы сервисті бағдарламасын жібереді
Интернетте шақырулар (Вызовы по Интернет) Интернетке қосылуды орнатады және Microsoft NetMeeting бағдарламасын жібереді
Ашу (Открыть) бұл команданы таңдағанда Ашу диалогтық терезесі көрінеді, осы жерде сіз кез келген глобальды немесе жергілікті ресурстарды оның URL-ін енгізіп немесе Шолу батырмасы көмегімен керекті файлды таңдай отырып аша алаcыздар.
Правка жүйелік менюі келесідей редакциялаудың стандартты командаларын пайдалануға мүмкіндік береді: Көшірмелеу (Копировать), Кесіп алу (Вырезать), Қою (Вставить), Барлығын ерекшелеу (Выделить все).
Құралдар панелі
Internet Explorer-дің құралдар панелі сіздің дисплейіңіздің мөлшеріне, қолданылған рұқсатқа және сіздің жеке қалауыңызға байланысты баптала алады. Сонымен қатар, сіз құралдар панелі бөлімін тіпті алып тастай алаcыз, ол үшін Вид менюінің Toolbars (Панели) опциясындағы жалаушаны өшіру қажет. Сіз экраныңыздың кеңістігін осы панелдің үш бөлімі (батырмалар панелі,адрестердің ашылушы панелі және сілтемелердің панелі) арасында қайта бөле алаcыз.
Сонымен қатар, сіз құралдар панелін өздігіңізше конфигурацялай және онда қандай батырмалар мен командалар орналасу керектігін таңдай алаcыз. Ол үшін Панель менюінде Customize (Анықтау) командасын таңдаңыз, осыдан кейін Customize Toolbar (Құралдар панелін баптау) диалогты терезесі көрінеді.
4. Internet Explorer адрестік панелі арқылы FTP қолданбасын пайдаланып, ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті барлық процедураны қолдана отырып, ftp.ssea.ru серверінен қандай да болмасын бір файлды өз локалды дискініңзге көшірмелеңіз.
5. Internet Explorer ақпарат іздеуде қандай іздеу серверлерін ұсынады? Кезекпен 2-3 осындай серверді жүктеңіз. Ақпаратты оқу үшін тіл қалай таңдалады.
6. Ақпарат іздеу барысында (таңдалған қапшық) табылған қандай да бір WWW- ресурсқа "закладка" жасаңыздар. Қажет болмай қалған закладканы қалай жоюға болады?
7. Сілтеме панелге Internet оқулығының бірінші пункте көрсетілген адресін жазыңыз.
8. Internet Explorer-де Internet аймағында ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналаған қандай құралдары қолданылады? Ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етуді баптау күйлерін көрсетіңіздер
Қауіпсіздік
Интернеттен файлдарды көшіру операциясы вирус жұқтыру немесе «трояндық» программалардан зардап шегу қауіпін тудырады. Бірақ, әдетте браузерлерде орнатылған вирусқа қарсы құралдар болмаса да оның қауіпсіздік параметрлерін лайықты күйге келтіре отырып файлдарды көшірмелеуге тиым салуға болады .
Microsoft Internet Explorer браузеріне бұл күйге келтіру жұмысы Терезені жүктеу (Download) бөлімде орындалады.
Қауіпсіздік ережелері
Netscape Communicator браузері файлдарды көшірмелеуге тиым сала алмайды. Бұл жағдай ерекше мәнге ие емес екенін атап өткен жөн. Файлдарды көшірмелеуге тиым салу - интернеттен зиянды бағдарламаларды алудан немесе вирустан қорғаудың ең жақсы тәсіл емес. Интернетке қосылған компьютерлерде мұндай қорғаныс орнату үшін сізге арнайы вирусқа қарсы бағдарламалар орнату керек.
9. Internet уақытша файлдарын жаңарту күйлерін қалай баптауға болады?
Құралдар панеліндегі Обновить (Жаңарту) батырмасын таңдау арқылы.
10. Прокси - сервер арқылы Internet-ке қосылу күйлерін баптауды қарап шығыңыз. Прокси - сервер ұғымын түсіндіріңіз.
Прокси - сервер ұғымы
Прокси - сервер – клиенттер мен серверлер арасында деректермен алмасуда делдал қызметін атқарады. Ол берілетін деректер тобын бақылайды, әртүрлі ресурстарға немесе серверлерге қатынас құруға тиым салады, сонымен қатар Web ең жиі қарастырылатын беттерін уақытша жадыда сақтайды. Соңғы мүмкіншілік пайдаланушылар жағынан беттерге қатынас құруды жылдамдатады, өйткені ертерек көрілген беттерді Интернеттен қайта жүктеуді қажет етпейді.
Жергілікті желіні баптау терезесін ашу керек. Бұл жерде прокси - сервер адресін және оның портының нөмірін орнатуға, сонымен қатар жергілікті адрестерге прокси - серверді қолдануға тиым салғаннан кейінгі орнатуларға арналған панельдер бар. Қосымша батырмасы прокси-серверлердің қосымша баптау терезесін ашады.
11. PING және TRACERT диагностикалық утилиттерінің жұмысын түсіндіріңіз.
PING Утилитасы UNIX операциялық жүйесімен мен бірге туындаған. Ол қазір Microsoft Windows 98, Microsoft Windows NT және Microsoft Windows 2000 операциялық жүйелерінің құрамына кіреді.Бұл утилит құралдарының көмегімен IP хаттамасының деректер пакеттері адресі сізге белгілі Интернеттің кез-келген түйінне дұрыс жеткізілуін тексеруге болады.
PING Утилитын қарапайым диагноздық құрал ретінде пайдалануыға болады, яғни операциялық жүйенің және қосудың желілік компонентін тексеруге, сонымен қатар алысталған түйіндердің жауап қату уақытын анықтауға болады.
PING Утилиты Интернет түйінін тек қана жауап қату уақытын білуге рұқсат етеді . Ал, пакеттер сіздердің компьютеріңізден кез-келген берілген түйінге дейінгі жолдыға келсек онда оны TRACERT утилиты жеңіл анықтайды.
Бақылау сұрақтары
1. Internet-тегі компьютердің бөлінген және динамикалық түрде генерацияланатын IP адрестері арасындағы айырмашылықты көрсетіңіздер.
Сіз проваидермен келісім-шарт жасаған кезіңізде сізге IP-адрес бөлінеді. Тұрақты IP-адресті ерекше жағдайдағы пайдаланушылар иеленеді. Мысалы, өз Интернет - серверін ұйымдастыруды ойлаған пайдаланушы.
Көбіміз провайдер сервері тағайындайтын әдеттегі ұсынылып жүрген өзгеретін IP-адреспен әбден қанағаттанамыз.
Сізді өзгеретін IP-адрес әбден қанағаттандырады. Ал, егер сіз өз ДК-іңіз негізінде интернет – сервер құрғыңыз келсе, провайдерден тұрақты IP-адрес сұраңыз.
2. Барлық деңгейлердің хаттамадарының қасиеттерінің суреттей отырып Internet-тің желілік моделін бейнелеп беріңіз.
3. Сенімді хаттама ұғымының анықтамасын беріңіз. TCP/IP стегінің қандай хаттамалары сенімді болып келеді?
4. Пакеттердің коммутациясы және каналдардың коммутациясы арасындағы айырмашылық.
Пакетер коммутациясында транзиттік түйінде буферлік жады қолданылады. Егер деректер беретін арна бос болмаса онда пакеттер буферлік жадыда уақытша сақталады.
6. Желідегі деректерді маршруттау: маршруттаудың түрлері және әдістері , оның орындалуы. Каналдардың коммутациясы немесе хабарлардың коммутациясы бар желілердің ерекшеліктері.
Хабарларды коммутациялау пакеттерді коммутациялау тәсіліне ұқсас болып келеді, бірақ хабар үлкен блоктарға бөлінеді. Бұл блоктар арқылы арна болмаса уақытша транзиттік түйінің дискісінде сақталады.
7. Жергілікті желідегі бөлек компьютер және жұмыс станциясының глобальды желіге қосылу құрылымын суреттеңіз.
8. Internet-те екі рет адрестеу жүйесі не үшін қолданылады, бұл қандай жүйе? IP-адрестің және домен адресінің құрылымы.
9. (URL) ресурсының әмбебап идентификаторы: URL синтаксисы, URL ресурстарының әр түріне үлгі келтіру.
URL (Uniform Resource Locator)- бұл ресурстардың әмбебап көрсеткіші .
Жалпы түрде URL адресі келесі түрде беріледі:
:
Қол жеткізу схемасы қолданылатын қосымша, қолданылатын ресурс типі (WWW - бет, файл, меню және т.б.) және ресурсқа қол жеткізу механизмі туралы ақпарат қамтуы тиіс. Қол жеткізудің ең кең тараған схемалары болып келесілер табылады:
http - HTML форматындағы Web - бетті
ftp - FTP файлдық серверінің мазмұны
gopher Gopher типті сервердін мазмұны
Қосымша тапсырмалар.
1.Өз компьютеріңіздің IP-адресін көрсетіңіз.
2.Сіздің компьютерде қандай желілік адаптер орнатылғанын көрсетіңіз. Оны қалай баптауға болады?
Зертханалық жұмыс жасалғаннан кейін қорғалу қажет. Максималды бал сұрақтарға толық жауап берген және тапсырманы уақытында жасап тапсырған студентке қойылады.
Зертханалық жұмыс №8
Компьютерлік желідегі ақпаратты қорғау
(тапсырма атауы)
Антивирус программалармен жұмыс істеу. Компьютерде орнатылған антивирустық программасымен желідегі компьютерлерді вирусқа тексеріп шыгу.
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫН ОРЫНДАУҒА
(СӨЖ) АРНАЛҒАН НҰСҚАУ
Студенттердің өздік жұмыстары ұйымдастырылған оқыту формасы, яғни педагогикалық шарттардың жүйесі, студенттердің оқу қызметін бөгде біреудің көмегінсіз білім мен біліктілікті меңгеруді қамтамасыз ету.
Өздік жұмыс негізгі қызметтерді орындайды:
білімді меңгеруге көмектеседі, болашақ маманның кәсіптік біліктілікті пен дағдыны қалыптастырады;
өздік білімнің қажеттілігін тәрбиелейді, жеке тұлғаның шығармашылық және танымдық қабілетін максималды дамытады;
ғылыми зерттеу жұмыстарын оятады.
Студенттердің өздік жұмыстарына келесі өздік жұмыстардың түрлері енеді:
тәжірибелік және сарамандық жұмыстарда тапсырмаларды өздігімен орындау;
өздік жұмыстың орындалу графигіне сәйкес оқу материалдарын өңдеу;
рефераттар, баяндамалар жазу;
Студенттердің өздік жұмыстарының жоспарлануы
СӨЖ – ді жоспарлау әр пән бойынша барлық тапсырмалар түрлерін орындау уақытына сәйкес жүргізіледі.
СӨЖ графигіне міндетті түрде орындалатын өздік жұмыстар енгізіледі.
Аудиториядан тыс жоспарланған сағат көлемі уақыттың жалпы лимит есебі негізінде анықталады, бірақ оқу аптасының аудиториялық және аудиториядан тыс оқу жұмыстарын қосқандағы 54 сағатынан аспау керек.
СӨЖ графигін оқытушы бақылайды.
Реферат тақырыптары:
№
|
Тақырыптары
|
1
|
Дүниежүзілік интернет желісінің қалыптастыру тарихы
|
2
|
Қазіргі заманғы интернет статистикасы
|
3
|
Интернет құрылымы
|
4
|
Байланыс каналы мен интернетке кіру әдістері
|
5
|
Модемдер мен хаттамалардың алмасуы
|
6
|
Сандық технологиялардың интернетке кіруін қамтамасыздандыру
|
7
|
Интернет желісінің программалық қамтамасыздануы: сервердің операциялық жүйесі
|
8
|
Интернет желісінің программалық қамтамасыздануы: сервердің программалық қамсыздануы
|
9
|
Интернет желісінің серверлері мен хаттамалары
|
10
|
Электрондық пошта хабарламаларының стандартты дамуының кодталуы
|
11
|
Usernet жүйесінің телекоференциясы
|
12
|
Электрондық поштаның клиенттік программасымен жұмысы. Оларды қолданудағы ерекшеліктері мен конфигурациясы
|
13
|
Web- беттерін көру үшін клиенттік программалар және олардың конфигурациясы
|
14
|
HTML негіздері және оның дамуы
|
15
|
Web – беттерінің интерактивті элементтері мен скриптары
|
16
|
Web – беттерін безендірудегі графикалық форматтар
|
17
|
Web – беттерін жетілдіру құралдары
|
18
|
Web – дизайнның элементтері
|
19
|
Іздеу сайттары және интернетте ақпаратты іздеу технологиясы
|
20
|
Интернет желісіндегі білім алатын ресурстар
|
21
|
Интернет желісінің жаңа түрлері
|
22
|
Интернет желісіндегі электрондық коммерция және жарнама
|
23
|
Интернеттегі ақпаратты қорғау мәселелері
|
24
|
Интернеттегі авторлық құқық
|
25
|
Жергілікті желідегі операциялық жүйенің дамуы
|
26
|
Желідегі қосымша клиент – серверінің архитектурасы
|
27
|
Жергілікті желідегі ақпаратты қорғау және басқару
|
28
|
Біркелкі бөлінген жүйелердің түрлері
|
29
|
Желілік программалық қамтамасыз етудің құрылу принциптері
|
30
|
Компьютерлік желінің типтік топологиялары
|
31
|
Компьютерлік желідегі комутациялық әдістері
|
32
|
Ethernet технологиясы
|
33
|
Token Ring технологиясы
|
34
|
FDDI технологиясы
|
35
|
Қайталағыштар және концентраторлар
|
36
|
Вирт жергілікті желілердің технологиясы
|
37
|
Маршутизаторлардың классификациясы және негізгі сипаттамалары
|
38
|
IP – адресінің кластары
|
39
|
TCP/IP утилиттері
|
40
|
Желілік операциялық жүйелер
|
ОСӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ ТАҚЫРЫПТАРЫ ТІЗІМІ
1 - тапсырма
Кіріспе
(тапсырма атауы)
Ұсынылған әдебиеттерді пайдалана отырып, олардан дәптерге қысқаша конспект жасап келесі сұрақтарға жауаптарды дайындап келіңіздер:
Желілердің даму тарихы.
Компьютерлік желілерді қолдану тиімділігі.
Желілік технологиялар.
Желілік өзара әрекеттесудің қажеттілігі.
Желілердің жіктелуі.
Сұрау барысында студентер арасында пікірлесу ұйымдастырылады. Максималды бал конспектісінде ұсынылған слайдтар мен әдебиеттерден мәліметтер келтірілген әрі қойылған сұраққа толық жауап берген және тапсырманы уақытында тапсырған студентке қойылады.
2 - тапсырма
Компьютерлік желілерді кұру негіздері
(тапсырма атауы)
Ұсынылған слайдтар (файлдар атаулары history_seti_kz және clas_seti_kz) мен әдебиеттерді пайдалана отырып, олардан дәптерге қысқаша конспект жасап келесі сұрақтарға жауаптарды дайындап келіңіздер:
Негізгі тұсініктер.
Желінің элементтерінің топологиялық жіктелуі.
Топологиялар түрлері, сипаттамалары.
Физикалык және логикалық топологиялар.
Жіберу ортасына қатынас құру әдістері.
Сұрау барысында студентер арасында пікірлесу ұйымдастырылады. Максималды бал конспектісінде ұсынылған слайдтар мен әдебиеттерден мәліметтер келтірілген әрі қойылған сұраққа толық жауап берген және тапсырманы уақытында тапсырған студентке қойылады.
3 - тапсырма
Желілік программалық қамтама
(тапсырма атауы)
Ұсынылған слайдтар (файлдар атаулары history_seti_kz және clas_seti_kz) мен әдебиеттерді пайдалана отырып, олардан дәптерге қысқаша конспект жасап келесі сұрақтарға жауаптарды дайындап келіңіздер:
Бір рангтық компьютерлік желілердің операциялық жүйелері.
Бөлініп алынған сервердің желілілік операциялык жүйелері.
Желіні басқару және талдау құралдар кешені.
Сұрау барысында студентер арасында пікірлесу ұйымдастырылады. Максималды бал конспектісінде ұсынылған слайдтар мен әдебиеттерден мәліметтер келтірілген әрі қойылған сұраққа толық жауап берген және тапсырманы уақытында тапсырған студентке қойылады.
4 - тапсырма
Желілік шешімдерді стандарттау
(тапсырма атауы)
Ұсынылған әдебиеттерді пайдалана отырып, олардан дәптерге қысқаша конспект жасап келесі сұрақтарға жауаптарды дайындап келіңіздер:
Стандарттар бұлағы.
Ашық тораптардың өзара қатынас құруды ұйымдастырудың базалық модельдері (OSI моделі). «Ашық желі» түсінігі.
Функциональдік деңгей түсінігі.
Физикалық, канаддық, желілік, транспорттық, сеанстық және қолданбалы деңгейлердің негізгі функциялары.
«Интерфейс», «Хаттама» түсініктері.
«Коммуникациялық хатгамалар түсінігі».
Коммуникациялық хаттамадардың стандартты стегі.
Стек OSI. Стек ТСР/ІР. Стек ІРХ/SРХ. Стек NETBIOS/SМВ. Стек SNА. Стек DЕСnet. Стек ІЕЕЕ 8О2.х.
Сұрау барысында студентер арасында пікірлесу ұйымдастырылады. Максималды бал конспектісінде ұсынылған әдебиеттерден мәліметтер келтірілген әрі қойылған сұраққа толық жауап берген және тапсырманы уақытында тапсырған студентке қойылады.
5 - тапсырма
Компьютерлік желілердің аппараттық құралдары
(тапсырма атауы)
Ұсынылған әдебиеттерді пайдалана отырып, олардан дәптерге қысқаша конспект жасап келесі сұрақтарға жауаптарды дайындап келіңіздер:
Коммуникациялық күралдардың қазіргі компьютерлік желілердегі ролі.
Коммуникациялық кұралдардың негізгі түрлерінің функциональды аттары, байланыс желілері.
Желілік адаптерлар, қайталағыштар мен конденсаторлар, көпірлер мен конденсаторлар, маршрутизаторлар, шлюздар. Есептегіш желілер мысалдары.
Коммуникациялық құралдарға қойылатын талаптар: өнімділік, сенімділік, қауіпсіздык, кеңейтілгіштік және масштабтылығы, бір желіде әртүрлі графика түрлерін қодану, баскарушылық, үйлесілімдігі.
Коммуникациялық құралдардың ОSІ модель деңгейіне функциональді сай келуі.
Сұрау барысында студентер арасында пікірлесу ұйымдастырылады. Максималды бал конспектісінде ұсынылған әдебиеттерден мәліметтер келтірілген әрі қойылған сұраққа толық жауап берген және тапсырманы уақытында тапсырған студентке қойылады.
6 - тапсырма
Жергілікті (локальді) желілерді құру мен жұмыс атқару технологиялары
(тапсырма атауы)
Ұсынылған слайд (файл атауы local_seti) пен әдебиеттерді пайдалана отырып, олардан дәптерге қысқаша конспект жасап келесі сұрақтарға жауаптарды дайындап келіңіздер:
ЖЖлардың жіктелуі.
Жергілікті желілерді құру мақсатында активті және пассивті құрадарды таңдау.
Серверге, жұмыс станциясына және түгел желіге қойылатын талаптар.
Ethernet технологиясы.
СSМА/СD қатынас құру әдісі.
Ethernet кадр форматтарының мінездемелері.
10ВАSЕ-5,-2,-Т,-Ғ стандарттары.
Ғаst стандарттары.
Ethernet стандарттары.
Gigabit Ethernet стандарттары.
Жергілікті желілердің басқа технологиялары.
Tolken Ring стандарты.
FDDI және СDDІ стандарттары.
10VG-АnyLAN стандарты.
ARCnet және TCNS стандарттары.
Tolken Bus және Loсаl Таlk стандарттары.
Сұрау барысында студентер арасында пікірлесу ұйымдастырылады. Максималды бал конспектісінде ұсынылған әдебиеттерден мәліметтер келтірілген әрі қойылған сұраққа толық жауап берген және тапсырманы уақытында тапсырған студентке қойылады.
7 - тапсырма
Ауқымды (глобальді) желілерді құру және жұмыс атқару технологиясы.
(тапсырма атауы)
Ұсынылған әдебиеттерді пайдалана отырып, олардан дәптерге қысқаша конспект жасап келесі сұрақтарға жауаптарды дайындап келіңіздер:
Ауқымды желілерді құру функциялары мен құралдардың жалпы сипаттамасы.
Ауқымды желілік құрылымы.
Ауқымды желілердің түрлері: бөлініп алынған каналдар, ауқымды желілерде каналдардың және пакеттердің коммутациясы.
Телефондық желілер және оларды акпарат тасымаддау үшін қолдану.
Аналогтық коммутациялық және бөлініп алынған линиялар.
Бөлініп алынған цифрлық линиялар. S0 NET/SDН технологиялары.
ІР-телефония. XDSL технологиялары. ISDN желілері.
Х.25. желілері. Frame Relay желілері.
TDM технологиялары. АТМ желілері.
Сұрау барысында студентер арасында пікірлесу ұйымдастырылады. Максималды бал конспектісінде ұсынылған әдебиеттерден мәліметтер келтірілген әрі қойылған сұраққа толық жауап берген және тапсырманы уақытында тапсырған студентке қойылады.
8 - тапсырма
Іnternet
(тапсырма атауы)
Ұсынылған слайд (файл атауы internet_kz) пен әдебиеттерді пайдалана отырып, олардан дәптерге қысқаша конспект жасап келесі сұрақтарға жауаптарды дайындап келіңіздер:
Іnternet қызметтері.
Іnternet маршруттау және адрестеу.
Іnternetте тапсыруларды басқару. Жеке компьютерді қосу.
Ұйымның аймақтық желісіне және Іnternet-ке тікелей қосылу.
TCP/ІP хаттамаы.
Іnternet-ке қосылудың әдістері.
Сұрау барысында студентер арасында пікірлесу ұйымдастырылады. Максималды бал конспектісінде ұсынылған әдебиеттерден мәліметтер келтірілген әрі қойылған сұраққа толық жауап берген және тапсырманы уақытында тапсырған студентке қойылады.
9 - тапсырма
Web-парақтарын қарайтын программалар-броузерлер мен web-серверлер
(тапсырма атауы)
Ұсынылған әдебиеттерді пайдалана отырып, олардан дәптерге қысқаша конспект жасап келесі сұрақтарға жауаптарды дайындап келіңіздер:
Іnternet Explorer интерфейсінің элементтері.
Құралдар панелі мен меню бұйрықтары.
Адрестерді қолдану арқылы ақпараттарды іздестіру мен оны шығарып алу.
Қоғамдық іздестіру машиналары.
Сұрау барысында студентер арасында пікірлесу ұйымдастырылады. Максималды бал конспектісінде ұсынылған әдебиеттерден мәліметтер келтірілген әрі қойылған сұраққа толық жауап берген және тапсырманы уақытында тапсырған студентке қойылады.
10 - тапсырма
Компьютерлік желілердегі (КЖ) ақпаратты қорғау
(тапсырма атауы)
Ұсынылған әдебиеттерді пайдалана отырып, олардан дәптерге қысқаша конспект жасап келесі сұрақтарға жауаптарды дайындап келіңіздер:
Компьютерлік вирустарды жіктеу, вирустардың белсендірілуі, ортаға жұғу тәсілдері.
Вирустардың бүлдіру әрекеттері.
КЖде жұмыс істеуде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Клиет – сервер, ДББЖ архитектурасын қорғау.
Сұрау барысында студентер арасында пікірлесу ұйымдастырылады. Максималды бал конспектісінде ұсынылған әдебиеттерден мәліметтер келтірілген әрі қойылған сұраққа толық жауап берген және тапсырманы уақытында тапсырған студентке қойылады.
11 - тапсырма
Қазіргі интернет технологиялар кешені
(тапсырма атауы)
Ұсынылған әдебиеттерді пайдалана отырып, олардан дәптерге қысқаша конспект жасап келесі сұрақтарға жауаптарды дайындап келіңіздер:
Электронды почта.
E-maіl программалық жабдықтары.
E-maіl-де адрестеу.
Почталық серверлер.
Хабарламаларды қабылдау мен жіберу.
Телеконференциялар мен жаңалықтар.
Хабарландырудың электронды тақтасы.
Желілік технологаяларды дамыту тенденциялары мен перспективалары.
Сұрау барысында студентер арасында пікірлесу ұйымдастырылады. Максималды бал конспектісінде ұсынылған әдебиеттерден мәліметтер келтірілген әрі қойылған сұраққа толық жауап берген және тапсырманы уақытында тапсырған студентке қойылады.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
OSI моделі негізінде арналар және дестелер коммутациясы
Желі құрылымы негізінде арналар және дестелер коммутациясы
Желінің стандартизациясы және ондағы компьютерлердің функциональды ролі.
Желі құру барысындағы коммутациялау мен мультиплексирлеулердің маңыздылығы мен еркешеліктері.
Есептеу техникасының бастапқы кездегі дамуы және компьютерлерді байланыстыру мәселелері.
Есептеу техникасының қазіргі кездегі дамуы және желілердің ролі.
Аппараттық адресация.
Алыс қашықтықтан байланыс.
Кабельдік жүйелер.
Локальды асинхронды байланыс.
Жіберу ортасы.
Локальдық желілердің қазіргі технологиясы және желілер топологиясы.
Фреймдер дестесі және қателерді табу.
Үлестірілген желілердегі маршрутизация.
Хаттамалар және хаттамалардың көп деңгейлік ұйымдастырылуы.
Жергілікті желілерді кеңейту.
Цифрлық алыс қашықтықтан байланыс.
OSI моделінің төменгі деңгейлерінің хаттамалары.
OSI моделінің жоғарғы деңгейлерінің хаттамалары.
Ескі стандартты желілер.
Жылдам және сымсыз желілер.
Жергілікті желілердегі ақпаратты қорғау.
Ethernet/Fast Ethernet желілерінің алгоритмдері.
Ethernet стандартты сегменттері.
Fast Ethernet стандартты сегменттері.
Ethernet және Fast Ethernet құрылғылары.
Ethernet және Fast Ethernet желілері конфигурацияларын таңдау.
Желіні жобалаудың бастапқы этаптары және әдістемелері.
Құнын есептеп таңдау, кабельдік жүйелерді талдау, желі оптимизациясы және отладкасы.
Шеннон формуласы және модем қолданылатын тасымалдау линиялары типтері.
Модем құрылымы, модуляция әдістері, модемдерге арналған стандарттар және программалық құралдар.
Рұқсаттың абоненттік желілері.
Ethernet технологиясы.
Жоғары деңгейлі топтық тракт құрылуы. Плезиохронды сандық иерархия.
SDH-желісі.
АТМ желісін тұрғызуының негізгі қағидалары.
АТМ қалыптасу деңгейлері.
Трафикті басқару.
Сымсыз желілердің құрылуы және ұйымдастыру.
IEEE 802.11 архитектурасы, стандарттары және ұйымдастыру ерекшеліктері мен режимдері.
WiMAX сымсыз технологиясы.
Сымсыз желілердің қауіпсіздік қатері мен қауіп төнуі, қауіпсіздік хаттамалары.
Тасымалданатын деректердің құпиялылығы және бүтінділік технологиялары.
Антенналар.
Байланыс жүйелердің сандық «Дыбыс-шу» қатынасы. Антенна-фидерлі тракт және сыртқы антенналары бар радио жүйелердің құрылуы.
Жаңа телекоммуникациондық технологияларға.
Желідегі дауысты кодалау алгоритмдері мен ерекшеліктері.
Желідегі деректерді қысу алгоритмдері.
Желідегі қателерді табу және дұрыстау алгоритмдері.
Желідегі бейнемен жұмыс алгоритмдері.
mpeg-4, -7, -21 стандарты.
Деректерді тасымалдау арнасын қарау.
Мобильді телекоммуникациялар.
Оптикалық байланыс арналары.
Деректерді тасымалдау желілері.
Реттерді өңдеу және ұйымдастыру әдістері.
Желілік деңгейлер.
ISDN және ATM интегрирленген желілер.
frame relay, fibre channel, hippi хаттамалары.
SDN/SONET синхронды арнасы, CAN технологиялық желісі, IEEE 802.17 хаттамалары және SMDS коммутацияланған мультимегабитті ақпаратты қызметі.
Ethernet желілері
Желілерді модельдеу, желі сенімділігі және желілік драйверлер.
Интернет процедуралары.
Электрондық пошта хаттамалары.
Интернеттегі іздестіру жүйелері.
Желілік диагностика, MIB - басқарылатын деректер базасы.
Сокеттер.
DNS хаттамалар.
Маршрутты анықтайтын хаттамалар.
ЕМТИХАНҒА АРНАЛҒАН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ МЕН ЖАУАПТАРЫ
«Компьютерлік желілер»
1.Компьютерді желіге қосу құралы
тышқан;
сканер;
модем;
монитор;
дұрыс жауабы жоқ.
2. Мәліметтерді тасымалдау ... анықталады
бір минуттағы сөздер санымен;
бір секундтағы ақпараттың бит санымен;
бір секундтағы файл санымен;
екі минуттағы сөздер санымен;
бір минуттағы ақпараттың бит санымен.
3. Ақпарат 2,5 Кбайт/с жылдамдығымен жіберіледі. 20 минут ішінде ақпараттың қандай көлемі жіберіледі.
3000 Кбайт;
100 Кбайт;
1 Кбайт;
200 Кбайт;
дұрыс жауабы жоқ.
4.Желілік хаттама – ол
желіге қосылған туралы келісім-шарт;
компьютерлер арасында ақпаратпен алмасу ережелері;
компьютерлер арасындағы ақпаратты жіберуді ұйымдастыратын арнайы программа;
қажетті құрылғылар тізімі;
дұрыс жауабы жоқ.
5. Компьютерлік желі ұсынатын қызмет ... тәуелді болады.
қосылу типінен;
модем сипаттамасынан;
байланыс жолы сапасынан;
жоғары аталғанның бәрі дұрыс;
дұрыс жауабы жоқ.
6.Провайдер – ол ...
желі бойынша транзитті байланысты ұсынатын компьютер;
желіге қосылу программасы;
желілік қызмет көрсететін фирма;
компьютерлік желі бойынша маман;
дұрыс жауабы жоқ.
7 Мбайттты ақпаратты компьютерден компьютерге жіберу үшін ... пайдаланған жөн
компьютерлік желіні;
дискетаны;
винчестерді;
курьерды;
дұрыс жауабы жоқ.
8. Файлдық архиві бар Интернет серверлері ... мүмкіндік береді.
қажетті файлдарды жүктеуге;
электрондық поштаны алуға;
телеконференцияларда қатысуға;
барлық аталған;
дұрыс жауабы жоқ.
9.Электрондық пошта ... жіберуге мүмкіндік береді.
тек хабарламаларды ғана;
тек файлдарды ғана;
хабарламалар және қосымша графикалық файлдар;
хабарламалар және кез келген қосымша файлдар;
дұрыс жауабы жоқ.
10. Магистралды оптоволоконды жолы бойынша ақпаратты жіберу жылдамдығы әдетте ... кем емес.
28,8 бит/с;
56,6 Кбит/с;
100 Кбит/с;
1 Мбит/с;
2 Мбит/с.
11. Домен - ол ...
ақпараттың өлшем бірлігі;
желідегі пайдаланушының компьютерінің адресін анықтайтын адрес бөлігі;
компьютерлер арасындағы байланысты ұйымдастыратын программаның аты;
компьютерлер арасындағы байланысты ұйымдастыратын құрылғының аты;
дұрыс жауабы жоқ.
12. Адрестердің қайсысы екінші деңгейдің доменіне сәйкес келеді?
www.fizika.ru;
nterweb.spb.ru/present;
www.junior.ru/nikolaeva;
www.junior.ru/nikolaeva/word.htm;
Дұрыс жауабы жоқ.
13. Желіде web-беттерін жіберу үшін ... хаттамасы пайдаланылады.
www;
http;
ftp;
dns;
дұрыс жауабы жоқ.
14. Қазіргі кезде бүкіл әлемде серверлер саны ... жуық.
400 мыңға;
4 млн;
40 млн;
400 млн;
Дұрыс жауабы жоқ.
15. HTML (Hyper Text Markup Language) ... болып табылады.
Web-беттерді көріп шығу құралы;
программалау тілі трансляторы;
Интернет сервері;
Web-беттерді құрудың құралы;
Дұрыс жауабы жоқ.
16. Әмбебап көрсеткіште (URL) fttp://ftp.psu.ru/public/bat.exe серверінің атын көрсет.
bat.exe;
ftp.psu.ru/public;
ftp.psu.ru;
public/bat.exe;
дұрыс жауабы жоқ.
17. Интернет желісіндегі электрондық поштаның адресі user_name@int.glasnet.ru берілген. Осы адрестің иесінің атын табыңыз.
Ru
int.glasnet.ru
user_name
glasnet.ru
дұрыс жауабы жоқ.
18. Келесі байланыс жолдардың қайсысы ауқымды желілерде ғана пайдаланылады: 1-қос бұралмалы сымдар, 2-коммутацияланған байланыс жолдары, 3-коаксиалды кабель, 4-спутник байланыс жолдары.
1
2
2,4
3
Барлығы.
19. WEB-бетіндегі гиперсілтемелер ... өтуге қамтамасыз етеді.
Интернеттің кез келген серверіндегі кезкелген WEB-бетіне
Регион ішіндегі кезкелген WEB-бетіне
Берілген сервердің кезкелген WEB-бетіне
Берілген WEB-бетінің ішінде
Дұрыс жауабы жоқ.
20. Төменде берілген тегтер қалай аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |