Желілік қосу терезесінде желілік адаптердің драйверін қайта орнатуға немесе драйвердің жаңа версиясын орнатуға болады. Ол үшін Баптау (Configure) батырмасын басыңыз. Желілік адаптер қасиетінің жаңа сұхбат терезесінде Драйвер вкладкасына өтіңіз және Жаңарту (Update Driver) батырмасын басыңыз. Осы кезде Жаңа драйверді орнату шебері іске қосылады. Драйверлері бар директорияға көрсетілген жолды пайдалана отырып орнату шебері желілік адаптердің драйверін инсталяциялайды. Құрылғыларды жаңарту шебері терезесінде болдырмау батырмасын басыңыз.
|
Достарыңызбен бөлісу: |