ОқУ-Әдістемелік кешен «Қағаз пластикасы» 5В012000 – «Кәсіптік білім» мамандығына



жүктеу 6,37 Mb.
бет8/21
Дата25.11.2017
өлшемі6,37 Mb.
#1590
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21

Бақылау сұрақтары: .

1. Оригами техникасы, қағаз бүктеудін негізгі формалары.

2. Оригами тарихы.

3. Оригами және қазіргі заман.


Ұсынылатын әдебиеттер:

Цветы оригами для любимой мамы. Л.В. Иванова, М., 2005г.



3.Тақырып:

Қағазадн жалпақ декоративті формаларды кесу, қиық бұйымдар.

Сабақ мақсаты:

Студенттерді қиық бұйымдарды жасау негіздерімен тәсілдерімен таныстыру.



Әдістемелік ұсыныстар:

Адам қолдары қарапайым материалдардан ғажайып нәрселерді жасай алады.Мысалы, түрлі-түсті қағаздан керемет қиық картиналар жасауға болады.

Қиық сурет жасау үшін келесі нәрселер керек: түрлі-түсті картон, түрлі-түсті қағаз, калька,канцеляриялық пышақ, цангалықпышақ, шарнирдегі цангалық пышақ, кесу үшін төсеуіш, қатты және жұмсақ қарандаштар, өткәр қайшы, тескәш, фигуралық тескіш, желім,скотч,екіжақты скотч,ілу үшін жіп, моншақ, ұсақ моншақ, страздар.

Нәзік суреттердің варианттары:

Екіжақты суреттер. Мұндай суреттерді үйде терезеге жіппен іліп қояды. Беттік және ішкі жағы бірдей болады, бірақ айна-қатесіз орындалады.

Горизонтальді суреттер. Оларды екіжақты скотчка жапсырып қоюға болады.

«Әйнектей». Мұндай суреттерде фон жоқ, олар қиылып витраж секілді терезеге жапсырылады.

Терезелік алқалар. Бірнеше екіжақты суреттер бір жіпке ілініп терезеге.ілінеді.Жіпті қосымша үлкен моншақтармен және жіңішке лентадан жасалған бантиктармен әшекейлеуге болады.

Қабарғалы суреттер.Қиылған суреттер, әдетте, суреттін контуры бойынша кесілген, фонға желімденіп жапсырылады.Егерде оны үлкен көлемді фонға жапсырса, ондай суретті қабырғаға орнатуға болады.



Ашық хаттар,шақырулар және т.б.Кішігірім қиылған суреттермен құттықтау ашық хаттарын немесе шақыру билеттерін әшекейлеуге болады. Мұндай композиция дәстүрлі ашық хатты ерекшебезендіреді.
Орындау тәртібі:

Қағазды таңдау. Қиылған суреттерді жасау үшін қатты қағазды қолданған жөн – түрлі-түсті картон, өйткені жұқа қағаздар канцелярилық пышақпен кескен кездеоңай жыртылады. Ұсақ детальдар үшін түрлі-түсті қағаздар келеді. Әрбір композиция үшін негізгі суретке, фонға, безендіру детальдарымен үйлесетін түстерді таңдау қажет.

Суретті көшіру. Қиық суретті жасау үшін шаблон қажет.Одан сурет калькаға түсіріледі.Содан кейін кальканы аударып картон бетіне салу керек. Содан соңсурет кескінін, кескінді картонға түсіру үшін, қатты қарандашпен немесе қаламсаппен айналдыраып шығарады.

Өрнекті қиып алу. Ішкі детальдарды канцеляр пышағымен қиып алу керек.Неғұрлым өрнек ұсақ болса, соғұрлым пышақтын жүзі өткір болу керек.Алдымен ең ұсақ детальдар цангалық пышақпен қиылып алынады, содан соң –ішкі үлкен детальдар қиылады. Жіңішке сызықтарды, мысалы, бөлетін сызықтарды, жұмыстын аяғында тағыда 1-2 мм цангалық пышақпен қиып тастауға болады. Дәлірек кесу үшін шарнирі бар цангалық пышақты қолдану керек.Аяғында сыртқы кескін жіңішке қайшымен қиылады. Иілістерді қиған кезде бір қолмен қағазды бұрып басқа қолмен қияды. Міндетті түрде кесуге арналған төсеуіште жұмыс істеу керек.

Желімдеу. Сұйық желім қағазды аз былғайды, сондықтан соны қолданған жақсы. Желімдеу кезде желім шектен тыс шықпау үшін шетінен кішкене бос орын қалдырылады. Ілініп тұрған екіжақты суретте екі жағы да бірдей, сондықтан айна-қатез сурет түрінде қиылған формалар фонға екіжақты қағазбен желімденеді.

Бұйымды безендіру. Кейбір бұйымдарда ұсақ гүлдер қажет. Оларды қолмен қиып алуға немесе фигуралық тескішпен жасауға болады. Кей кезде балалардын моншақтарында әртүрлі фигуралар, мысалы, гүлдер түрінде болады. Құс көзін, гүлдердін ортасын ұсақ моншақтан жасауға болады.Кейбір бұйымдарда түрлі-түсті бұйымдар да қолданылады.



Қиылған суреттер адам фантазиясына үлкен еркіндік береді: әртүрлі суреттерден бастап нәзік суреттердін саналуан варианттарын қолдануға дейін.






жүктеу 6,37 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау