Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж


 Факультатив сабақтарының мақсаты, маңызы



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет42/61
Дата16.02.2018
өлшемі5,03 Kb.
#9758
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   61

 
128 
6.5. Факультатив сабақтарының мақсаты, маңызы. 
Факультатив курсының мазмұны және өткізу әдістері 
Оқушылардың физика-математикалық, жаратылыстану, гума-
нитарлық  ғылымдар  бойынша  білімдерін  тереңдететін  оқушы-
лардың  қабілеттерін  жан-жақты  дамытып  және  қызығушылық-
тарын  қанағаттандыру  мақсатында  факультатив  сабақтары 
мектептерде  1966  жылдан  бастап  енгізілген.  Ол  кезде 
мектептерде білім беру жүйесі де, мектептердің өздері де бірдей 
болатын.  Сондықтан  факультатив  сабақтар  сол  кездегі  саралап 
оқытудың жалғыз формасы болды.  
Қазіргі  кезеңде  факультатив  сабақтары  мектептегі  саралап 
оқытудың  басқа  формаларымен  қатар  жүреді  (деңгейлік  және 
бағдарлы  саралау).  Оларға  берілетін  уақыт  базистік  оқу 
жоспарының  вариативтік  бөліміне  енгізілген:  факультатив 
сабақтарға  оқушылар  өз  қалаулары  бойынша  курсты  таңдап 
қатысады.  
Факультатив сабақтарының маңызы: 
- оқушылардың қабілеттерін дамыту; 
- қызығушылықтарын қанағаттандыру; 
- оқушылардың шығармашылық қабілетерін дамыту; 
- оқушылардың білімдерінің сапасын арттыру; 
-оқушыларды  қазіргі  кезеңдегі  ғылым  мен  техниканың 
жетістіктерімен таныстыру; 
-  оқушыларда  жалпы  оқу  біліктерін  қалыптастыру  (баян-
дамаларды  әзірлеп  баяндау,  рефераттар  жазу,  топпен  жұмыс 
істеу, ақпаратпен жұмыс істеу); 
- оқушыларға кәсіби бағдар беру. 
Факультатив курстарының жүйесі үш топтан тұрады; 
1)  Жоғары  деңгейдегі  курстар.  Бұл  курс  негізгі  физика  
курсымен  тығыз  байланысты.  Оның  мақсаты  –  оқушылардың 
сабақтарда алған білімдерін тереңдету.Бұл курстар оқушылардың 
теориялық  білімдері  мен  экспериметальдық  іскерліктерін 
байланыстырып, толықтырады. 
2)  Қолданбалы  физика  курсы.  Мақсаты  оқушыларды  физика 
ғылымының  жетістіктерін  практикада  қолдану  әдістерімен 
таныстырып,  олардың  техника  мен  технологияға  қызығушы-
лықтарын тәрбиелеп дамыту. Факультатив курсының бұл түрінде 
оқушылар  ғылыми-техникалық  прогрестің  басты  бағыттарының 


 
129 
физикалық  негіздерімен  (механикаландыру,  автоматтандыру, 
аспап  жасаудың,  энергетика)  негіздерімен,  физика-техникалық 
зерттеулерді  жүргізу  мен  өлшеу  әдістерімен  танысып,  физика-
техникалық модельдер мен конструкцияларды құрып жинақтауға 
үйренеді.  
3)  Арнайы  курстар.  Бұларда  оқушылардың  ғылыми  дүние-
танымдық  көзқарастарын  қалыптастыруда  маңызды  роль 
атқаратын  физика  мен  астрономияның  кейбір  тараулары 
қарастырылады.  
Бұл  курстың  мақсаты  –  негізгі  физика  курсының  бағдарла-
масында  жоқ  кейбір  маңызды  тақырыптардың  орнын  толтыру. 
Арнайы  курстарға  пәнаралық  факультативтер  де  жатады. 
Олардың мақсаты – бірнеше жаратылыстану және гуманитарлық 
пәндерден  алған  оқушылардың  табиғат  пен  қоғам  туралы 
білімдерін интеграциялау.  
Кейбір  факультатив  курстары  1  жыл  бойы  оқытылса, 
кейбірулерін  2-3  жыл  бойы  оқиды.  Егер  факультатив  курсы 
бірнеше  жыл  бойы  оқытылса,  оның  әр  жылдағы  бағдарламасы 
автономды болып, оқушы кез-келген жылда қалауы бойынша бұл 
курсқа қатыса алады.  
Факультатив  сабақтарына  қатынасатын  оқушылар  саны    10 
адамнан  кем  болмауы  керек.  Шағын  жинақталған  метептерде 
факультативтік  сабақтарға  қатынасатын  оқушылар  әр  сыныптан 
жинақталуы мүмкін. 
 Факультатив  сабақтары  арнайы  жасалған  бағдарламалар 
бойынша  өткізіледі.  Кейбір  факультатив  курстарының  бағдарла-
малары Білім Министрімен бекітіліп, бағдарламалар жиынтығына 
енгізілген.  Мектеп  әкімшілігі  бекіткен  мұғалімнің  өзі  жасаған 
бағдарлама бойынша да факультатив сабақтарды өткізуге болады. 
Физикадан факультатив курстарының мазмұнын таңдап тағайын-
даудың  негізінде  О.Ф.Кабардин  көрсеткендей  ұстанымдар 
жатады: 
- факультативтің негізгі курспен байланысы; 
-  факультатив  курстарының  мазмұнында  фундаментальді 
физикалық  заңдар  мен  принциптердің  (сақталу  заңдары, 
сәйкестік пен симметрия принциптері т.б.) болуы;  
- пәнаралық байланыстың жүзеге асуы; 
- политехнизм принципінің жүзеге асуы жатады.                 


 
130 
Жоғарғы деңгейдегі факультатив курстарының бағдарламасы 
мазмұны  жағынан  негізгі  физика  курсының  бағдарламасымен 
сәйкестенген  болуы  керек.  Бұл  сабақта  қаралатын  физикалық 
заңдар  мен  құбылыстарды  тереңірек  қарауға  мүмкіндік  береді. 
Осы  факультативтік  сабақтарды  жоспарлау  негізгі  курстық 
сабақтарды жоспарлаумен параллель жүзеге асады.  
Мысалы  жоғарғы  деңгейдегі  факультатив  курстарының  маз-
мұны  (8-сынып)  «Жылулық,  электрлік,  жарық  құбылыстары»,         
(9-сынып) «Механика», (10-сыныптың физикадан факультативтік 
курсы)  «Молекулалық  физика»,  «Электродинамика»,  (11-сынып-
тың  физикадан  факультативтік  курсы)  «Электродинамика» 
(жалғасы), «Тербелістер», «Толқындар», «Кванттар». 
8-сыныптың факультатив сабақтарында оқушылардың жылу-
лық,  электрлік,  жарық  құбылыстары  туралы  білімдері  толықты-
рылып тереңдетіледі. Молекулалардың өлшемдерін, массаларын, 
жылдамдықтарын,  концентрациясын  анықтайтын  тәжірибелер 
қарастырылады. МКТ негізінде капиллярлық құбылыстар түсінді-
ріледі.  Жылулық  ұлғаю  және  оны  техникада  ескеру  қарасты-
рылады.  «Атмосфера  физикасы»  тақырыбын  қарастырудың 
білімділік  құндылығы  оқушылардың  физика  мен  географиядан 
алған білімдері интеграцияланады.  
«Электр  тогы»,  «Электромагниттік  құбылыстар»  тақырып-
тарын  қарастырғанда  негізінен  қолданбалы  мәселелер:  электро-
лиз,  оның  қолданылуы;  электр  өлшеуіш  құралдар,  электрмаг-
ниттік  реле,  айнымалы  токты  алу,  трансформатор  т.б. 
қарастырылады.  
«Оптика»  тарауы  бойынша  фотометрия  элементтері,  жарық-
тың  сыну  заңдары,  линзалардың  формулалары,  ақ  жарықтың 
спектрлерге жіктелуі сияқты мәселелер қарастырылады. 
9-сыныптың факультативтік курстарының мақсаты  – оқушы-
ның  механика  тарауы  бойынша  алған  білімдерін  тереңдетіп, 
қашықтықты  және  уақытты  өлшеудің  әртүрлі  практикалық 
әдістерімен  таныстыру.  Кинематикада  зейін  қозғалысты  график-
тік  бейнелеуге,  классикалық  жылдамдықтарды  қосу  заңдылық-
тарының  қолдану  шегі  мен  жарықтың  жылдамдықтарының 
шектігі мен инварианттылығын талдауға бөлінеді. 
«Динамика»  тарауын  қарастырғанда  негізгі  материалдармен 
қатар  инерциалдық  емес  санақ  жүйесіндегі  денелердің 
қозғалысы,  центрден  тепкіш  механизмдер  қарастырылады.  Бұл 


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау