31
неғұрлым тиімді болатын мынадай құрамы анықталды: оқулық,
әдістемелік, есептер мен жаттығулар жинағы, дидактикалық
материалдар. Бұл кешенді дайындау барысында келесі ұстаным-
дар басшылыққа алынды: оның әлеументтік тиімділігі, практи-
калық бағдарлығы, оқытудың дамытушылық қызыметін күшей-
туі, пәнге
қызығушылықты арттыруы, ақпараттық толымдылығы.
2001-2002 жылдарда «Физика» пәні бойынша 1998 жылы
жарияланған Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік
стандартын өңдеп, жетілдіру бағытында жұмыстар жүргізілді.
Бұл өңделген стандарттың 1998 жылғы стандарттан басты
айырмашылығы сол, мұнда базалық білім мазмұны іргелі
теориялар төңірегінде топтастырылды, ал алдынғы құжатта ол
бес мазмұндық желімен берілген болатын.
Стандартта берілген базалық білім негізгі мектепке арналған
«Физика және астрономия» байқау оқулықтарында жүзеге
асырылды. Қазақ және орыс тілдерінде дайындалған бұл «Физика
және астрономия» оқулықтар (Р.Башаров, Д.Қазақбаев, У.Тоқбер-
генова, 7 сынып; Б.Дүйенбаев, Ғ.Ғ.Байжасарова, А. Медетбекова
8 сынып), оны оқытуға арналған әдістемелік ұсыныстар «Ата-
мұра» және «Мектеп» баспаларынан жарыққа шығып, 2000 жыл-
дан бастап республикадағы трек мектептерде байқаудан өткізілді.
Бұл оқулықтарды тәжірибелік байқаудан өткізу және олардың
қортындыларын жинақтау үшін жадынама дайындалып, оқулық-
тармен бірге таратылды. Осы оқулықтарға трек мектептерден
келіп түскен ұсыныс-пікірлер негізінде жаңа буын оқулықта-
рының теориялық және әдістемелік аппаратын жетілдіру
бағытында жұмыстар жүргізілді. 2003-2004 оқу жылынан бастап
7 сыныпқа арналған «Физика және астрономия» оқулығының
қазақша және орысша нұсқаулары жаппай мектептерге енгізілді.
2002 жылы жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелері
бойынша «Физикалық білімнің жаңарған мазмұны» (мақала,
Д.Қазақбаева), «Жалпы білім беретін негізгі мектепке арналған
«Физика және астрономия» оқулықтарының ерекшеліктері»
(мақала, Д.Қазақбаева), қазақша және орыс тіліндегі 7-9 сынып-
тарға арналған «Физика және астрономия» пәннің оқыту бойын-
ша әдістемелік ұсыныстар (Р.Башарова, Д.Қазақбаева, У.Тоқ-
бергенова) сияқты ғылыми мақалалар мен әдістемелік құралдар
дайындалып, жарияланды.
32
2003 жылдан бастап лабораторияда «Жаратылыстану-
математика цикліндегі пәндерді оқытудың сапасын күтілетін
нәтиже тұрғысында жетілдірудің ғылыми-әдістемелік негіздері»
тақырыбындағы зерттеу жұмысы жүргізілді.
Білімді пысықтау мен бақылауға арналған сұрақтар
1.
Физиканы оқыту әдістемесі курсының негізгі мақсаты
және міндеттерін ашып көрсетіңіз?
2.
Физикалық білім берудің мақсаты неге байланысты?
3.
Әдістемелік жүйенің құрылымы қандай?
4.
Оқыту технологиясы деген ұғымды қалай түсінесіз?
5.
Жалпыға міндетті білім беру стандартының мәнін
ашып көрсетіңіз.
6.
Базистік оқу жоспарындағы инвариантты және
вариативті бөліктердің мәнін ашып көрсетіңіз.
7.
Педагогикалық зерттеудің кезеңдеріне сипаттама
беріңіз?
ІІ тарау
МЕКТЕПТЕ ФИЗИКАНЫ О
Қ ЫТУДЫ
Ң
НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ