Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет43/61
Дата16.02.2018
өлшемі5,03 Kb.
#9758
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   61

 
131 
сыныпта  «Қатты  денелердің  айналмалы  қозғалысы»  тақырыбын 
қарастырғанда  айналмалы  қозғалыстың  кинематикалық  және 
динамикалық  сипаттамалары 
-инерция  моменті  ұғымы  мен 
айналмалы қозғалыстың динамикасының теңдеуі 
беріледі.  
10-сыныптың  факультативтік  курстарында  молекулалық 
физика  модельдерінің  қолданылу  шегі,  молекулалардың 
жылдамдықтары  бойынша  жіктелуі  (Максвелл),  статистикалық 
және термодинамикалық әдістер қарастырылады.  
«Термодинамика» тарауы бойынша жылу сиымдылық ұғымы 
тереңірек  қарастырылып,  газдардың  жылу  сиымдылығының 
оның  күйінің  өзгеру  процесіне  тәуелділігі,  қайтымсыз  процесс 
туралы  түсінік,  термодинамиканың  ІІ  заңы  және  оның  статис-
тикалық мағынасы, жылу двигателінің жұмыс істеу принциптері 
қарастырылады.  «Электродинамика»  тарауында  Остроградский-
Гаусс  теоремасы,  сегнетоэлектриктер,  пьезоэлектрлік  эффект, 
жартылай  өткізгіштің  қолданылуы  сияқты  мәселелер  қарасты-
рылады. Электрлік шамаларды және магниттік шамаларды өлшеу 
әдістеріне көңіл бөлінеді.  
11-сыныптың  факультативтік  курсында  электромагниттік 
тербелістер  туралы  білімдері  гормониялық  емес  тербелістерді 
қарастыру  арқылы  тереңдетіледі.  Политехникалық  білім  берудің 
мақсаты  оқушыларды  үш  фазалы  токты  алу,  үш  фазалы  токтың 
асинхронды  двигателі  мен  үш  фазалы  электр  энергиясын 
тасымалдау  жүйесін  қарастыруда  жүзеге  асырылады.  Жарықтың 
толқындық қасиеттерін қарастырғанда Френель зонасы, Гюйгенс-
Френель принциптері туралы түсінік беріледі.  
«Кванттар» тақырыбы бойынша материаның корпускулалық-
толқындық  қасиеттерін  дәлелдейтін  фотонның  нақты  өмір 
сүретінін дәлелдейтін материалдар қарастырылады.  
 «Қолданбалы  физика»  факультативтік  курстарында  уақыт-
тың  көбі  практикада  кеңінен  қолданылатын  механизм-дердің, 
машиналардың, автоматтық қондырғылардың жұмыс істеулерінің 
физикалық  принциптерін  қарастыратын  практикалық  сабақтарға 
бөлінеді.  Мысалы:  (7-8  сынып)  «Физикалық  шамалар  және 
оларды өлшеу». Курстың міндеттері: 
-  оқушыларды  физикалық  шама,  өлшеуіш  құралдар,  өлшеу 
әдістері,  өлшеу  қателіктері,  экспериментальдық  зерттеу  деген 
сияқты ұғымдармен таныстыру; 
)
(I
)
(
IB
M


 
132 
-  өлшеу  құралдарын  қолдануға  үйретіп,  өлшеу  дәлдігі 
ұғымын қалыптастыру; 
-  оқушыларды  экспериментальдық  алған  білімдері  негізінде 
экспериментік  зерттеудің  зерттеу  мақсатына  сәйкестігі  туралы 
қорытынды жасауға үйрету; 
- техникадағы өлшеулердің ролін көрсетіп, жанама өлшеулер 
туралы түсінік беру; 
-  еңбек  ету  қауіпсіздік  ережелерімен  таныстырып,  оларды 
орындауға үйрету; 
Оқушылар  тәжірибелік  (демонстрациялық,  зертханалық) 
зерттеулер  жүргізу  арқылы  экспериментті  жоспарлау,  нәтижесін 
кесте,  график,  диаграмма  түрінде  көрсету  сияқты  эксперимент-
тальдық біліктерді меңгереді. 
Курс  теориялық  және  практикалық  бөлімдерден  тұрады.  Тео-
риялық  бөлімінде  экспериментальдық  физикалық  зерттеулердің 
әдістері  мен  принциптері  туралы  қажетті  білімдер,  құралдардың 
құрылысының  негізінде  жатқан  физикалық  принциптер  туралы 
мәліметтер  беріледі.  Практикалық  бөлімі  фронтальдық  зертха-
налық, практикумдық жұмыстардан және экскурсиядан тұрады.  
Факультатив сабақтарында оқытудың әртүрлі әдістері қолда-
нылады: лекция, семинарлар, конференциялар, практикалық, есеп 
шығару,  фронтальды  зертханалық  жұмыстар,  физикалық 
практикум, экскурсиялар. 
Факультативтік сабақтардағы оқыту формалары: 
Дәрістер  әдетте,  теориялық  сұрақтар  бойынша  оқылады. 
Дәрістерде  негізгі,  түйінді  материал  оқылып,  ол  кейін  семинар 
және  практикалық  сабақтарда  талқыланады.  Дәрістер  безендіру-
лермен,  тақтаға  жазулармен,  көрсету  эксперименттермен 
сүйемелденеді. 
Семинар  сабақтары  теориялық  сұрақтарды  талқылауға, 
оларды  едәуір  терең  пысықтауға  арналады.  Оқушыларға  алдын-
ала  семинар  сабағының  жоспары  беріледі,  оған  оқушылар 
міндетті  түрде  дайындалуы  тиіс  сұрақтар  енеді.  Семинарда 
талқыланатын  әрбір  сұрақ  бойынша  міндетті  түрдегі  және 
қосымша әдебиеттер көрсетіледі. Семинар сабақтарында тақырып 
бойынша  оқушылар  шағын  хабарлама  жасап,  соның  маңайында 
пікір-талас  болады.  Семинарға  әзірлік  барысында  оқушылар 
әдебиеттермен  жұмыстанып,  жасайтын  хабарламаларының 
жоспарын  құрып,  өз  ойларын  тиянақты,  жүйелі  түрде  баяндауға 


 
133 
әзірленеді.  Семинарларға  қатынасу  барысында  оқушылар  өз 
ойларын  дұрыс  физикалық  тілмен  жеткізуге,  пікір  таласқа 
қатысуға,  өзінің  және  жолдастарының  жұмыстарына  сыни 
тұрғыдан  қарап  бағалау  дағдыларын  меңгереді.  Баяндау 
барысында  әр  түрлі  көрнекіліктерді  қолданып,  тәжірибелер 
көрсеткен оқушылардың қызығушылығын туғызады. 
Факультативтік  сабақтардың  ерекше  түрлерінің  бірі  -
физикалық  есептерді  шығару  практикумы.  Ол  9  сыныптан 
бастап  ірі  тақырыптар  бойынша  есептерді  шығару  сабақтары 
түрінде  өткізіледі.  Есептерді  шығару  практикумы  ірі  тақырып 
бойынша алған білімдерін біріктіріп қолданылуымен  физиканың 
негізгі  курсында  есептерді  шығару  сабақтарынан  ерекшеленеді. 
Осы  практикумның  сабақтарында  зерттеушілік  мақсаттағы 
күрделі  есептерді,  берілгені  толық  емес  немесе  артық  мәнді 
берілген  есептерді  шығарту  арқылы  оқушылардың  өз  бетімен 
жұмыстануына,  шығармашылық  қабілеттерін  дамытуға  жағдай 
жасалынады.  
Факультативтік  курстар  бағдарламасы  сабақтардың  фрон-
тальдық  зертханалық  жұмыстар  және  зертханалық  практикум 
сияқты формаларын қарастырады.  
Фронтальдық зертханалық жұмыстар  теориялық  материалды 
тереңдетеді,  оқушыларда  бастапқы  эксперименттік  іскерліктерді 
қалыптастырады. Фронтальдық зертханалық жұмыстарға әртүрлі 
өлшеулерді  орындаумен,  аспаптарды  құрастырумен,  зерттеу 
жұмыстарымен байланысты жұмыстар енгізіледі.  
Зертханалық  жұмыстың  басқа  формасы  физикалық  практи-
кум  болып  табылады.  Оны  жүргізу  оқытуды  жекелендіруге, 
оқушылардың  бейімдері  мен  қызығушылықтарын  есепке  алуға 
үлкен  мүмкіндіктер  береді.  Практикумға  оқушылардың  іс 
әрекеттерінің сипаты бойынша, олардың іс әрекеттерін басқаруға 
байланысты  деңгейі  күрделі  әртүрлі  жұмыстарды  енгізуге 
болады.  Егер  оқушы  физиканың  қандай  да  бір  болмасын 
тарауына  қызығушылық  танытып  отырса,  онда  оған  өз 
қызығушылығы  саласы  бойынша  эксперименттік  жұмыспен 
айналысуға мүмкіндік беруге болады. 
 
Білімді пысықтау мен бақылауға арналған сұрақтар 
1. 
 Мектепте 
физиканы 
оқыту 
үдерісін 
ұйымдастырудың формасы қандай? 


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау