Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет39/61
Дата16.02.2018
өлшемі5,03 Kb.
#9758
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   61

 
119 
4.Үй  тапсырмасы-физика  сабағының  міндетті  компаненті. 
Физиканы  оқып  меңгеру  оқушылардың  үй  тапсырмасын 
орындамай  жүзеге  асуы  мүмкін  емес.  Үй  тапсырмасын  үнемі 
сабақтың  аяғында  беру  міндетті  емес.  Оны  сабақтың  басында 
немесе жаңа материалды қарастырғаннан кейін де беруге болады.  
Сабақ  кезеңдерін  мұғалім  әртүрлі  факторларға  (сабақ 
мақсаттары, оқу материалының мазмұны, оқушылардың ақыл-ой 
дамуының  деңгейі  және  т.б.)  байланысты  жоспарлап  ұйым-
дастырады. 
«Өзектендіру» сөзінің мағынасы білімді өзекті ету керектігін, 
берілген  сабаққа  қажетті  екендігін  білдіреді.  Білімді  өзектендіру 
оқушының  сабаққа  психологиялық    дайындығын  болжамдап, 
меңгерілетін  тақырыпқа  қызығушылықты  туғызу,  эмоционалды 
дайындау.  Бұл  кезеңде  мұғалім  сыныптың  дайындығының 
дәрежесін  және  жекелеген  оқушылардың  жаңа  материалды 
қабылдауға әзірлігін тексереді. 
Сабақтың  ең  тиімді  кезеңі,  оқушылардың  жұмыс  істеу 
қабілеті  мен  белсенділігі  жоғары  болатын  кезең,  сабақтың 
бастапқы  20-30  минуты.  Сондықтан  оқушылардағы  бар  білімді 
өзектендіру кезеңін 5-10 минуттан асырмай фронтальды сұраған 
дұрыс.  Ауызша  сұрау  оқушылардың  физикалық  тілдерінің 
дамуына да әсер етеді. 
Жеке немесе франтальды сұрауды мұғалім әр түрлі әдістерді 
және әр түрлі құралдарды қолданып, ұйымдастырып өткізеді. Кең 
тараған  әдіс  оқулықпен  жұмыс  (мәтінмен,  анықтамалық  мате-
риалдармен, тапсырмалар мен сұрақтар, графиктер мен суреттер), 
үлестірмелі  дидактикалық  материалдармен  жұмыс  және  т.б. 
Оқушылардың  білімдерін  өзектендірудің  бір  әдісі  –  физикалық 
есептерді  шығару.  Есептерге  талдау  жасау  барысында  мұғалім 
оқушылардың  білімді  меңгеру  деңгейін  және  олардың  жаңа 
материалды  қабылдауға  әзірлігін  тексереді.  Кейбір  мұғалімдер 
сабақтың бұл кезеңінде қысқа уақытты практикалық жұмыстарды 
орындату арқылы оқушылардың қажетті білімдерін еске түсіртіп, 
жаңа білімді беруге әзірлейді. 
Жаңа  материалды  игерту  сабағы  құрылымның  екінші 
компаненті-оқушыларда  жаңа  білімдер  мен  іскеліктерді  қалып-
тастыру.  Бұл  сабақтың  маңызды  кезеңі  болып  табылады.  Бұл 
кезең  оқушылардан  үлкен  ақыл-ой  қызметін  талап  етеді.  Олар 
жаңа  материалды  қабылдап,  оны  ұғынып,  білімнің  жекелеген 


 
120 
элементтері  арасындағы  өзара  байланыс  пен  логикасын  көріп, 
мұғалім көрсеткен тәжірибелердің ролін түсінулері қажет. 
Мұалімнің  жаңа  материалды  берудегі  қолданған  әдістеріне 
байланысты  оқушылар  өз  бетімен  ізденуге,  шығармашылық 
проблемаларды шешуге қатысады.  
Ең  алдымен,  мұғалім  оқушылардың  қабылдауға  тиісті 
білімнің  элементтерін  анықтайды.  Бұлар  фактілер,  ұғымдар, 
физикалық  шамалар,  заңдар,  іс-әрекеттің  жүзеге  асу  жолдары 
және  т.б.  Жаңа  білім  элементтерін  енгізу  үшін  түсіндіру 
процесінде  көрсетілімдік  тәжірибелер,  математикалық  аппарат, 
тарихи анықтамалар қолданылады. Оқушылар оқу материалының 
басты  білім  элементтерін  айыра  білу  үшін  сабақтың  құрылымы 
нақты,  белгілі  бір  жүйеде  құрылуы  керек.  Оқу  материалының 
логикасы  мен  құрылымын  анықтап  жасау  мұғалімнің  сабаққа 
дайындық жұмысындағы екінші қадамы. 
Мұғалімнің  келесі  міндеті-жаңадан  оқытылатын  материал-
дың  көрнекілік  бейнесін  жасау.  Тәжірибе  көрсеткендей  кейде       
7-8-сынып  оқушыларының  дәптерлерінде  сабақ  өткен  күннің 
жады  мен  тақырыптан  басқа  ештеңе  болмайды.  Оқулықтағы 
тақырып  мәтініндегі  анықтамаларды  жаздырудың  қажеттігі  жоқ. 
Оқу  материалының  мазмұны  сұлбалар  мен  кестелер  арқылы 
берілсе, онда ол оқу материалдың көрнекілік бейнесін көрсетеді. 
Мұғалімнің  тақтаға  жазған  оқу  материалының  бейнесін 
оқушылар  дәптерлеріне  жазуға  тиісті.  Осылайша,  көрнекілік 
бейнелерді пайдалану оқушылардың материалды түсінуіне, білім 
элементтері  арасындағы  логикалық  байланысты  көруге,  еске 
сақтауға  мүмкіндік  береді.  Мысалы:  «Заттың  құрлысы» 
тақырыбын  қарастырғанда  оқушылар  заттар  ұсақ  бөлшектерден 
тұратындығы туралы білім элементін саналы түрде меңгеруі үшін 
әуелі  әр  түрлі  күйдегі  денелердің  көлемдерінің  өзгеруін 
көрсететін  тәжірибелерді  (шар,  сұйықтың  көлемінің  ұлғаюы, 
газдың  көлемінің  ұлғаюы)көрсетіп,  оларды  талдағаннан  кейін 
беріп тұрған білімді сұлба арқылы көрсетуге болады: 
Сұлба 15. 
  
 
 
     
 
 
Қатты дене 
Сұйық 
Газ 
Денелердің көлемдері өзгеруі мүмкін 


 
121 
 
 
 
 
 
Сонымен  сабақтың  «көрнекілік  бейнесін»  қолдану  оқу 
материалын көрнекті және түсінікті етеді. 
Жаңа    материалды  игеру  сабағы  құрылымының  үшінші 
компаненті-іскерліктер  мен  дағдыларды  қалыптастыру.  Бұл 
кезеңде  мұғалім  қарастырылған  оқу  материалын  қорытындылап, 
оқушыларды  оқулық  мәтінімен  жұмыстандырып  ,  сандық  және 
сапалық  есептерді  шығартып,  қысқа  уақыттық  практикалық 
жұмыстар  және  т.б.  ұйымдастырады.  Сабақтың  бұл  кезеңінде 
қандай  әдістер  мен  оқыту  құралдарын  қолдануы  мұғалімнің 
шеберлігіне байланысты. 
Жаңа  білімді  қалыптастыру  сабағының  төртінші  құрамдас 
бөлімі-үй  тапсырмасын  беру.  Үй  тапсырмасы,  оқушының  өз 
бетімен  жұмысы  -  оқу-тәрбие  процесінің  қажетті  бөлігі.  Үй 
тапсырмасын  орындау  оқушыларда  жалпы  оқу  іскерліктерін 
қалыптастырып,  жауапкершіліке,  табандылыққа,  уақытын  және 
өзінің іс-ірекеттерін дұрыс жоспарлауға тәрбиелейді.  Мұғалім үй 
тапсырмаларының  көлемін  ғана  анықтамай,  сипатын  да  ойлас-
тырған жөн. Үй тапсырмасын бергенде оқушылардың қызығушы-
лықтары  мен  олардың  жеке  бастарының  ерекшеліктерін  ескеру 
керек. Үй тапсырмаларын жоспарлауда мұғалім ескеруге тиісті:  
-  оқушылардың  үй  тапсырмасын  орындаудағы  іс-әрекетінің 
түрі мен сипатына сәйкес әр түрлі болуы керек; 
- үй тапсырмасы мүмкіндігінше саралануы керек; 

Үй  тапсырмасының  орындалынуы  міндетті  түрде 
тексерілуі(әр түрлі әдістерді қолданып)керек. 
  Сонымен үйге берілетін тапсырманы жоспарлап, дайындап, 
әзірлеу -физика сабағының құрамдас бөлігі. 
Үй  тапсырмасын  әр  түрлі  түрде  беруге  болады.  Мысалы: 
жаңа  білімді  қалыптастыру  сабағында  үйге  берілетін  тапсырма 
оқулықтағы  параграф  мәтінімен  жұмыс  істеу  болады. 
Оқушыларға үйге мынадай параграф беріледі демей мұғалім сол 
мәтінмен жұмыс ітеудің жоспарын бергені дұрыс. Яғни: 
- параграфтағы мәтіннің жоспарын құру; 
Барлық заттар араларында бос кеңістігі 
бар ұсақ бөлшектерден тұрады 
болжам 


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау