Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет41/61
Дата16.02.2018
өлшемі5,03 Kb.
#9758
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   61

 
125 
құбылыстардың өзара 
байланысын зерттеу 
оның заңы 
 
Физикалық  құбылыс  және  оны  сипаттайтын  ұғымдар 
негізінде  оқушылардың  білімдерін  бір  жүйеге  келтіруді  «Ішкі 
энергияны өзгеру тәсілдері» тақырыбы арқылы көрсетуге болады: 
Сұлба 17. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Физикалық  теория  негізіндегі  білімді  қорытындылап-
қайталау  сабақтарында  оқушылар  физикалық  теорияның 
құрылымын,  таным  процесінің  циклын  көріп,  танып  біледі. 
Мысалы,  «МКТ»  тарауын  қорытындылауды  мына  кестені 
оқушыларға  толтырып  жаздырту  арқылы  физикалық  теорияның 
құрылымын, таным процесінің циклын көрсетуге болады: 
 
Кесте 11. 
Фактылар 
Болжамдар 
Теориялық 
салдарлар 
Эксперимент 
1.Оңай 
сығылады; 
2.Берілген 
көлемді 
түгелімен 
алады; 
3.Тұрған 
ыдыстың 
қабырғасына 
қысым 
түсіреді; 
4.Диффузия; 
5.Броундық 
қозғалыс. 
Идеал  газ  (m
0

υ,Р,Т,п,Ē т.б.) 
      1 
Р=―п m
0
 υ
2
 
кв.орт.
 
 
      3 
 
Р=nkT 
          m 
PV=-------RT 
          M 
T=const 
PV=const 
Бойль-Мариотт 
заңы 
P=const V ˜ T 
Гей-Люссак заңы 
V=const  P ˜ T 
Шарль заңы 
 
 
1.Штерн 
тәжірибесі 
 
2. Газ заңдарының 
дұрыстығын 
дәлелдейтін 
тәжірибелер 
Дененің ішкі энергиясының өзгертудің 
тәсілдері 
Жылу алмасу 
жұмыс 
Жылу  
өткізгіштік  
конвекция 
Сәуле шығару 


 
126 
 
Жалпы  орта  білім  беретін  мектептерде  оқытуды  ұйымдас-
тырудың  бір  түрі  экскурсия  сабақтары.  90-жылдарға  дейін 
экскурсиялар  бағдарламаға  енгізіліп,  міндетті  түрде  өткізілуге 
тиісті  болатын.  Оған  әдейі  уақыт  бөлінетін.  Қазіргі  кезде 
қолданылып жүрген альтернативті варианттағы бағдарламаларда 
оқу экскурсияларын өткізуге қатаң талап қойылмаған. Экскурсия 
сабақтарында  оқушылар  теорияның  практикада  қолданылуын 
көреді.  Сондықтанда  физикалық  білімді  қалыптастыруда  бұл 
сабақтардың орыны бөлек. Экскурсия сабақтарын ұйымдастырып 
өткізу  4  кезеңнен  тұрады:  1)  Экскурсияны  жоспарлау,  2)  Экс-
курсияға әзірлік, 3) Экскурсияны өткізу, 4) Экскурсия нәтижесін 
қорытындылау. 
Мұғалім экскурсияны жоспарлағанда  оны өткізу уақыты мен 
орнын  анықтап,  экскурсияға  алып  баратын  мекемемен  келісіп, 
мектеп  әкімшілігінен  рұхсат  алуы  керек.  Осы  кезеңде  оқушы-
ларды  экскусияның  мақсатымен,  олардың  алдарында  тұрған 
міндеттермен, экскурсияға барғанда неге көңіл аудару керектігін, 
экскурсия нәтижесі бойынша есепті қандай түрде дайындау керек 
екендігімен, қауіпсіздік ережесімен таныстырады.  
Экскурсияға  барғанда  мұғалім  оқушылардың  денсаулығы 
мен өмір қауіпсіздігі үшін жауапты. Сондықтан экскурсия кезінде 
оқушыларды  бақылап,  олардың  қауіпсіздік  ережесін  сақтауын 
қадағалау керек. 
Экскурсия  нәтижесін  қорытындылау  барысында  оқушылар 
өздеренің көріп бақылағандарын бір жүйеге келтіріп, физикалық 
білімдерімен байланыстырып, есеп береді. 
 
 
6.4. Физика сабақтарына қойылатын талаптар 
Сабақтың  құрылымына  қойылатын  талаптарда  сабақтың 
дидактикалық  және  тәрбиелік  мақсаты,  білім  жүйесіндегі  оның 
мәнін дұрыс анықтау қажеттігі туралы айтылады. Физика сабағы 
талапқа сай өтуі үшін: 
1) 
 сабақтың  типін  анықтап,  оның  құрылымын  (сабақтың 
барлық кезеңдері бір-бірімен өзара байланыста болу) ойластырып 
және негіздеу керек; 


 
127 
2) 
 әрбір  сабақты  алдыңғы  және  келесі  сабақтармен 
байланыстыру керек; 
3) 
 жаңа  материалды  оқытудың  ыңғайлы  әдістемелер 
үйлесімін таңдап алып, қолдану керек; 
4) 
 оқушылардың  білімдерін  жүйелі  және  әр  түрлі 
бақылауды  қамтамасыз  ету.  Сабақта  оқушылардың  білімін 
бақылау  әдісте-месін  (ауызша  жедел  сұрақ-жауап,  тақтаның 
алдында  сұрау,  физикалық  диктант,  т.б)  және  үй  тапсырмасын 
тексеру  әдістерін  жетілдіру  (мұғалімнің  дәптерлерді  тексеру, 
оқушылардың  бір-бірінің  есептерін  тексеруі,  тақтаның  алдында 
есептер шығару және т.б) керек; 
5) 
 оқылған материалды қайталау және пысықтау жүйесін 
ойластыру керек; 
6) 
 әірбір  сабақтың  жалғасы  және  келесі  сабаққа 
дайындық  болатындай,  үйге  берілетін  тапсырманың  көлемі 
анықтап,  оның  жоспарға  сәйкес  уақытында  берілуі,  түсінікті 
болуы  және  оқушылардың  жеке  мүмкіндігі  ескерілуі,  яғни  үй 
тапсырмасын  оқушылардың  дайындықтарына  қарай  қиындық 
деңгейі бойынша дифференциалдау қажет. 
Мұғалім  сабақтың  өту  барысын  ойлап,  оған  жақсы 
дайындалса ғана сабақ сәтті өтеді. 
Сабақты дайындау мен ұйымдастыруға қойылатын талаптар. 
1) 
 Сабақта 
оқушылардың 
денсаулығын 
қорғауды 
қамтамасыз  ету  (қауіпсіздік  техникасын,  еңбек  гигиенасын, 
бөлменің таза-лығын, жарықтану нормасын сақтау) керек. 
2) 
 Әрбір  сабаққа  дайындықты  берілген  тақырыптағы 
сабақ-тарды  жүйелі  жоспарлаудан  (алдын  ала  сабаққа  оқу 
материалын  таңдап  алу  қажет,  оны  сабаққа  қолдануға 
болатындай  көлемін  және  күрделілігін  анықтау,  сол  сияқты 
қалған жұмыс түрлерін белгілеуден) бастау керек. 
3) 
 Әрбір  сабаққа  дер  кезінде  демонстрациалық  және 
дидак-тикалық  материалдарды,  техникалық  оқу  құралдарын 
дайындау керек. 
4) 
 Барлық сабақтар жүйесінде сабақ типінің әр түрлілігін 
қамтамасыз ету керек. 
5) 
 Оқушылардың  білімінің  көп  бөлігін  мұғалімнің 
басшылығымен, бірақ өз бетінше алуына мүмкіндік жасау керек.
 
 
 


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау