Оқу-әдістемелік кеңесінің шешімімен Хаттама №1



жүктеу 412,79 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.11.2018
өлшемі412,79 Kb.
#19798


 

БЕКІТІЛГЕН 

Оқу-әдістемелік кеңесінің шешімімен 

Хаттама № 1 

2016 ж.28 қазандағы 

 

ОӘК тӛрайымы,  



э. ғ. к., профессор Идрисова Э. К. 

 

 



_____________________________ 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

КӘСІПТІК ПРАКТИКАНЫ 

ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША 

ЕРЕЖЕ 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Алматы қ. 

2016 ж. 

 

 




Кәсіптік практиканы ұйымдастыру бойынша ереже  

- 2 - 


 

 

Мазмұны 

 

Құжаттың паспорты   



Келісу парағы   

1. Жалпы ережелер   

2. Кәсіптік практиканың түрлері, мерзімі мен мазмұны  

3. Практиканы ұйымдастыру және басқару   

4. Іс-тәжірибені кәсіпорындарда – практика базаларында ұйымдастыру  

5. Кафедрадан тағайындалған  іс-тәжірибе жетекшісінің міндеттері 

6. Білім алушының  құқықтары мен міндеттері  

7. Практика ӛту нәтижелері   

8. Қорытынды ережелер   

9.  Қосымшалар 

Қосымша  1   

Қосымша  2 

Қосымша  3 

Қосымша  4 

Қосымша  5   

Қосымша  6   

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




Кәсіптік практиканы ұйымдастыру бойынша ереже  

- 3 - 


 

Құжаттың паспорты 

 

Құжаттың атауы: Ереже 



 

Қысқаша сипаттамасы: Кәсіптік тәжірибені ұйымдастыру бойынша Ереже білім 

алушылардың кәсіптік практикасының түрлерін ұйымдастыру және ӛткізуге  

қойылатын талаптарды айқындайды. 

 

 Тақырыбы: Әдістемелік қамтамасыз ету 



 

Мәртебесі:  

Бекітілген күні:  

Іс-әрекеттің аяқталу күні:  

Тексеру күні: 2017 ж. қыркүйегі 

 

Тексеруге жауапты: Академиялық қызмет жӛніндегі Проректор 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




Кәсіптік практиканы ұйымдастыру бойынша ереже  

- 4 - 


 

Келісу парағы 

 

Қаржы және технологиялар мектебінің 

деканы  

А.А. Адамбекова 

Экономика және менеджмент мектебінің 

деканы   

С. Ы. Умирзаков 

Құқық және мемлекеттік басқару 

мектебінің деканы  

А. М. Джунусов 

МБШ директорының орынбасары  

К.К. Нургалиева 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


Кәсіптік практиканы ұйымдастыру бойынша ереже  

- 5 - 


 

1. 

Жалпы ережелер 

 

1.1.Кәсіптік тәжірибе ережелері Қазақстан Республикасының «білім заңына» сәйкес № 319 



– III  ЗРК 27 шілде 2007 жылы (ӛзгертулер мен толықтырулармен) құрастырылған. 

Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпы білім беретін жоғарғы білім және ЖОО – 

нан кейінгі білім беру стандарты 23 тамыз 2012 жыл № 1080 ӛзгертулер мен 

толықтырулар бойынша.  

1.2.Қазақстан Республикасының 27 мамыр 2013жылының №499 қаулысының жоғарғы оқу 

орнының типтік ережесі .  

1.3.Ұйымдастыру  ережелері  мен  кәсіптік  тәжірибені  ӛткізу  және  тәжірибенің  негізінде 

ұйымдастыру  ережелерін  анықтау.  Қазақстан  Республикасының  білім  және  ғылым 

министрлігінің 29 қаңтар 2016 жылының №107 бұйрығы бойынша.  

1.4.Кредиттік  технологияда  оқыту  ережелері  Қазақстан  Республикасының  білім  және 

ғылым министрлігінің қаулысына сәйкес қабылданды.  

1.5.Кәсіптік тәжірибе білім бағдарламасының міндетті компеоненті болып табылады.  

1.6.Мемлекеттік  жоғарғы  білім  берудің  және  кәсіптік  техниалық  мамандықтар    жалпыға 

міндетті  стандартпен  қабылданған  ереже  бойынша  тәжірибе  бекітілген  академиялық 

күнтізбе мен жеке оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі.  

1.7.Кәсіптік  тәжірибенің  барлық  түрінің  мақсаты,  талабы  және  бағдарламасы  болады. 

Соған орай кәсіптік тәжірибенің   сәйкестендірілген негізі анықталады.  

1.8.Университет (маман орталығы және түлектермен серіктесу орталығы) тәжірибе ӛтетін 

мекемелермен тәжірибе ӛтуге 1 ай бұрын кәсіптік практиканың типтік шартына сәйкес 

келісімшартқа отырады.  

1.9.Кәсіптік  тәжірибеге  жолдамалар  оқу  орнының  басшысының  бұйрығымен  және 

тәжірибе жетекшісімен уақытты кӛрсете отырып толтырылады. 

1.10.  Оқушыларға ережеге сәйкес формада жолдама беріледі.  

1.11.  Сырттай  (кешкі)  негізде  оқитын  студенттерге  мамандығы  бойынша  жұмыс  жасап 

жүрген жағдайда оқу және ӛндірістік тәжірибеден босатылады. 

1.12.   Бұл  жағдайда  университетке  жұмыс  орнынан  анықтама  мен  мінездеме  әкелінуі 

тиіс.  

1.13.  Кәсіптік тәжірибе қорытындысы бойынша кафедраға есептеме әкелінеді. Есептеме 



жетекшімен тексеріліп, кафедра меңгерушісі сайлаған комиссия мүшелерінің алдында 

қорғалады. Қорғаудың нәтижесі баллдық рейтинг бойынша әріппен белгіленеді.  

1.14.  Бұл  қаулы  кәсіптік  тәжірибе  бағдарламасын  құрастырудағы  негізгі  құжат  болып 

есептеледі.  

    

 

 



 

 

2. Кәсіптік тәжірибенің түрлері, уақыты және мазмұны 

2.1 Кәсіптік тәжірибенің түрлері, уақыты мен мазмұны маманды даярлау бағыты мен тәжірибе 

жоспары бойынша дайындалады.  

2.2 Кәсіптік тәжірибені ӛту кезінде білім бағдарламасының талабы, анықталады. 

2.3 Тәжірибе кӛлемі оқу жоспарына сәйкес белгіленеді. Барлық кәсіптік бағдарламаныңкӛлемі 

6  кредиттен  кем  емес  және  тәжірибе  ӛтудің  аптасына  сәйкес  30сағаттан  анықталады  (5 

күндік жұмыс уақытына күніне 30 сағаттан) 

2.4 Университеттегі кәсіптік тәжірибенің негізгі түрлері:  

Ӛндірістік 

Дипломалды 

Педагогикалық  

Ғылыми зерттеу .  

2.5 Осымен қатар бакалавриат мамандықтарына 2 кредиттің кӛлемінде оқу тәжірибесі және 4 

кредиттік ӛндірістік/дипломалды тәжірибесі жоспарланады.  



Кәсіптік практиканы ұйымдастыру бойынша ереже  

- 6 - 


 

2.6  Типтік  оқу  бағдарламасы  жоқ  жағдайда  дипломалды  тәжірибені  университет 

жоспарлайды.  

2.7 Магистратура мамандықтары үшін тәжірибенің 1кредиті педагогикалық тәжірибе үшін 30 

сағатты (50 минуттан), ӛндірістік тәжірибе үшін 75 сағатты (50 минуттан) және зерттеулер 

тәжірибесі үшін 120 сағатты (50 минуттан) құрайды.  

1  кредитке  тәжірибенің  ұзақтығы  –  1  апта  –  пелагогикалық  тәжірибе  үшін,  2,5  апта 

ӛндірістік тәжірибе үшін және 4 апта зерттеулік тәжірибе үшін.  

2.8  Бакалавриаттың ӛндірістік тәжірибесі 

-  Студенттің  оқу  тәжірибесі  студенттердің  жалпыбілімді,  базалық  және  арнайы  пәндер 

бойынша  білімін  ұжымдар  мен  кафедрадағы  оқу  кабинеттерінде  бекіту  үшін 

қолданылады.  «Туризм»  мамандығы  кӛпкүндік  саяхат,  автокӛлікпен  немесе  жаяу 

саяхаттау қаланың туристік ресурстарын кӛрсету – спорттық туризм және экскурссиялық 

жұмыстың бастамасы.  

- Студенттің ӛндірістік тәжірибесі білімді игеру барысындағы теоретикалық ілімді бекіту 

мақсатында жүзеге асырылады.  

-  Дипломалды  тәжірибе  бакалавриат  студенттеріне  типтік  оқу  жоспары  жоқ  жағдайда, 

мүмкіндігінше  оқу  орны  ӛзі  дипломды  жазу  және  оны  дайындауға  жоспар  құрады. 

Дипломалды  практиканың  мазмұны  дипломдық  жобаның  (жұмыстың)  тақырыбымен 

анықталады.  Жеке  мамандықтар  бойынша  дипломалды  іс-тәжірибе  мақсаты,  міндеттері, 

мазмұны  мен  ӛтетін  уақыты  бойынша  ӛндірістік  тәжірибемен  сәйкес  келуі  мүмкін. 

Дипломалды  тәжірибесінің  аралығында  білім  алушы  тиісті  тәжірибе  базасының  кәсіби 

қызметі бойынша нақты материал жинауды, дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы 

бойынша практикалық материал жинауды  жүзеге асырады.      Практиканың нәтижелері 

дипломдық жобаны (жұмысты) жазу үшін қолданылады  

2.9. Диплом алдындағы практика қорытындысы алдын ала дипломдық жобаны қорғау кезінде 

шығарылады, жоғары оқу орны ӛзі ұйымдастыру тәртібін айқындайды. 

2.10. Магистратураның кәсіптік іс-тәжірибелік практикасы  ғылыми-педагогикалық бағыттың  

екі  түрін  қамтиды:  педагогикалық  -  білім  беру  ұйымдары  және  зерттеу  диссертациялық  

орындау  орны  бойынша  ӛткізілетін.  Магистратураның  кәсіптік  практикасы  бейіндік 

бағыттағы ӛндірістік практикаға  кіреді.  

2.11.  Педагогикалық  практика  оқытудың  практикалық  дағдылары  мен  әдістемесін 

қалыптастыру  мақсатында  жүргізіледі.  Педагогикалық  практика  теориялық  оқыту 

кезеңінде  оқу  процесінен  қол  үзбей  жүргізілуі  мүмкін.Осы  ретте  магистранттар 

бакалавриат бағдарламаларында сабақ жүргізуге тартылуы мүмкін. 

2.12.  Магистранттың  зерттеу  практикасы  жаңа  теориялық,  әдіснамалық  және  технологиялық 

жетістіктерін  танысу  мақсатында  жүргізіледі,  қазіргі  заманғы  отандық  және  шетелдік 

ғылым  әдістерімен,  ғылыми  зерттеулердің,эксперименттік  деректерді  ӛңдеу  мен 

интерпретациялау.  Зерттеу  /  ӛндірістік  практиканың  мазмұны  диссертациялық  зерттеу 

тақырыбымен анықталады. 

2.13.  Магистранттың  ӛндірістік  практикасы,  теориялық  білімдерін  бекіту  және  оқыту 

процесінде  алынған    практикалық  дағдыларды,  құзыреттері  мен  тәжірибесін  жинақтау, 

кәсіби  оқыту  мамандығы  бойынша  сондай-ақ  озық  тәжірибені  игеру  мақсатында  

ӛткізіледі. 

2.14.  Докторанттардың  кәсіптік  практикасы  және  ғылыми  тәжірибелері  ғылыми,  кәсіби 

қызметтің тәжірибелік дағдысын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.  

2.15. Докторанттардың кәсіптік практикасы : 

-  Педагогикалық    және  зерттеу  практикасы-  философия  докторлары    бағдарламасы 

бойынша  білім  алушылар  (РhD)(  кӛлемі  6  кредиттен  аспайтын  сондай-ақ  әр  түрі  3 

кредиттен қамтитын). 

-Ӛндірістік  практика-  бейінді  доктарантура  білім  алушыларына  (  кӛлемі  6  кредиттен 

аспайтын). 




Кәсіптік практиканы ұйымдастыру бойынша ереже  

- 7 - 


 

2.16. Педагогикалық практика теориялық оқыту кезеңінде оқу процесінен қол үзбей жүргізілуі 

мүмкін.  Осы  ретте  докторанттар  бакалавриат  және  магистратура    бағдарламаларында 

сабақ жүргізуге тартылуы мүмкін. 

2.17. Докторанттардың зерттеу практикасы жаңа теориялық, әдіснамалық және технологиялық 

жетістіктерін отандық және шетелдік ғылым әдістерімен танысу мақсатында жүргізіледі, 

сондай-ақ 

практикалық 

дағдысын 

бекіту, 


қазіргі 

заманғы 


ғылыми 

зерттеулердің,эксперименттік  деректерді  ӛңдеу  мен  интерпретациялау  диссертациялық 

зерттеу кезінде қолданылады. 

2.18.  Докторанттардың  ӛндірістік  практикасы,  теориялық  білімдерін  бекіту  және  оқыту 

процесінде  алынған    практикалық  дағдыларды,  құзыреттері  мен  тәжірибесін  жинақтау, 

кәсіби  оқыту  мамандығы  бойынша  сондай-ақ  озық  тәжірибені  игеру  мақсатында  

ӛткізіледі. 

2.19.  Ӛндірістік  және  зерттеу  практикасының  мазмұны  докторлық  диссертацияның 

тақырыбымен анықталады. 

 

3. Ұйымдастыру және басқару практикасы 

3.1.  іс-тәжірибенің    жалпы  оқу  -  әдістемелік  басшылығы    кафедра/білім  беру  бағдарламасы 

жасау үшін жүзеге асырылады. 

3.2.  Кәсіптік  практиканы  ӛткізу  үшін  түлек  шығарушы  кафедралар/білім  беру  бағдарламасы 

кәсіптік  практикадан  ӛту  келісілген  практика  базасы  Бағдарламасын  бекітеді.  Талқылау 

және  бекіту  кафедралар/  білім  беру  бағдарламасы  отырысында  жүргізіледі.  Күнтізбелік 

мерзімі  университеттің    Академиялық  күнтізбесімен    анықталады.  2  –ші  және  3-ші 

қосымшасында  ұсынылған  нысандар  бойынша    кәсіби  тәжірибеден  ӛтуге  жіберу  кезінде 

туралы білім алушыға кәсіптік тәжірибенің жұмыс жоспар-кестесі , кәсіптік тәжірибеден 

ӛткені туралы күнделік- есебі  беріледі .  

3.3  Кафедра  меңгерушілері/директорлар  тәжірибенің  жетекшілері  ретінде  мамандықтың 

ерекшелігін  және  тәжірибе  базасының  қызметін  білетін  профессорлар,  доценттер, 

тәжірибелі  оқытушылар  оқу  бағдарламаларын  тағайындайды.  Дипломдық  жұмыстың  

(жоба  )  ғылыми  жетекшісі    ӛндірістік  диплом  алдындағы  практикаға  әдетте  басшылық 

жасайды. 

3.4. Практика жетекшілері практика ӛтетін орынға және ұйымға оның мазмұны мен уақытылы 

мерзімде жүзеге асырылуын бақылайды. 

3.5.  Практиканың  ӛтуі  мен  практика  жүргізетін  ұйымға  жауапкершілікті  кафедралар  және 

білім  беру  бағдарламалары  түлектер  шығарушы  мансап  және  ынтымақтастық  орталығы 

алады.  


3.6.  Практика  басталғанға  дейін  бітіртуші  кафедралар  /білім  беру  бағдарламасының 

кеңейтілген  отырысы  болады.    Онда  білім  алушыларды  тәжірибенің  бағдарламасына 

сәйкес  есептік  құжаттаманы  жүргізумен  таныстырады.  Отырыс  нәтижелері  хаттамамен 

ресімделеді. 



 

4. Іс-тәжірибесін ұйымдастыру кәсіпорындарында - практика базасы 

4.1. Кәсіпорында, мекемеде немесе ұйымдарда практиканы  ұйымдастыру үшін жауапкершілік 

шартта  практиканы  жүргізудің    барлық  түрлері  кәсіпорын,  мекеме  немесе  ұйымдардың 

басшыларны жүктеледі.  

4.2. Практикамен қамтамасыз ететін орындар білім алушыларға мамандыққа сәйкес  таңдалған 

неғұрлым тиімді іс-тәжірибеден ӛтуд і ұсынады.  

4.3. Кәсіпорынның ӛндірістік іс-тәжірибе базалары: 

-тәжірибеден ӛтуші білім алушылардың  білім мен дағдыларды мамандығы бойынша алу 

үшін практика ӛту кезінде қажет шарттар жасайды. 

-  университетте  келісілген  практикадан  ӛтудің  күнтізбелік  кестесін  және  қабылданған 

жергілікті жерлерде нормалары қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғауды  сақтайды.  



Кәсіптік практиканы ұйымдастыру бойынша ереже  

- 8 - 


 

-  есептер  және  дипломдық  жұмыстарға    таңдау  материалдарын    дайындау  үшін  кӛмек 

кӛрсетеді; 

-  кәсіпорын  белгілеген  білім  алушылардың  ішкі  еңбек  тәртібі  н  сақтауын  қамтамасыз 

етеді. 

-  білім  алушы-  практиканттардың  ішкі  еңбек  тәртібінің  ережелерін  бұзғанда  міндетті 



түрде бұл туралы университетті хабардар ете отырып, жаза қолданады . 

-  Білім  алушылармен    кәсіби  практика  ӛту  кезеңінде  жазатайым  оқиғалар  үшін  23 

қарашадағы 2015 жылғы ҚР Еңбек кодексіне сәйкес толық жауапкершілікке тартылады. 

4.4.  Тәжірибе  аяқталғаннан  кейін  кәсіпорын,  мекеме,  ұйым  басшылары  әрбір  практиканттың 

практикадан ӛту туралы Күнделік-есебінде практикадан ӛту нәтижелері  туралы қысқаша 

қорытынды  құрайды.  Қорытынды,  әдетте,  практика  бағдарламасының  орындалуы, 

жұмысқа  деген  кӛзқарасын,  ішкі  тәртіпті  сақтауы,  практикалық  дағдыларды  меңгеруі, 

тәжірибе кезіндегі білімін бағалау туралы ақпаратты қамтиды.   

 

5. Кафедрадан тағайындалған іс-тәжірибе жетекшісінің міндеттері 

Университеттің  шығарушы  кафедрадан/  білім  беру  бағдарламалары  тағайындалған 

тәжірибе жетекшісі: 

5.1.  Базалық  кәсіпорындарда,  мекемелерде,  ұйымдарда  қалыпты  еңбек  және  тұрмыс 

жағдайларының қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асырады. 

5.2.  Оқу  жоспарлары  мен  бағдарламаларына  сәйкес    білім  алушылардың  практикадан  ӛту, 

практиканттардың жеке тапсырмаларды орындау мониторингін жүзеге асырады, тәжірибе 

нәтижелері  туралы есептің уақтылы және сапалы дайындалуын қадағалайды.   

5.3. Кафедра/ білім беру бағдарламасы отырысында практиканы жетілдіру, оны ұйымдастыру 

және ӛткізудегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды баяндайды.   

 

6. Білім алушының құқықтары мен міндеттері 

6.1. Білім алушы құқылы: 

-  тұрақты,  уақытша  жұмысқа  ӛз  мамандығы  бойынша  бос  орын  болған  жағдайда  ақы 

тӛленетін лауазымға қабылдануға; 

- практика бағдарламасында қарастырылмаған жұмыстарға қатыспауға. 

6.2. Практикант міндетті: 

- кәсіпорын қызметімен танысуға; 

-  практика  бағдарламасында  қарастырылған  тапсырмаларды  толық  орындауға,  қажетті 

материалдарды жинауды жүзеге асыруға; 

-  тәжірибе  бағдарламасының  әрбір  бӛлімі  бойынша  есеп  құрап,  оны  кәсіпорыннан 

тағайындалған практика жетекшісіне аптасына кем дегенде бір рет кӛрсетуге; 

- ӛндірістік кеңестер, іскерлік кездесулер, келіссӛздер ӛткізу тәжірибесін үйренуге; 

- кәсіпорынның қоғамдық ӛміріне қатысуға; 

- Университетінің имиджін қолдауға; 

- іс-тәжірибе базасының ішкі тәртіп ережелерін сақтауға;  

- тәжірибесін уақытылы аяқтап,  университетке белгіленген мерзімде келуге; 

-  практика  аяқталғаннан  кейін  үш  күндік  мерзімде  шығарушы  кафедра  /  білім  беру 

бағдарламасына практика нәтижелері туралы есеп беруге; 

-  практика  бойынша  есептерді  қабылдау  комиссиясы  алдында  есебін  қорғау  рәсімінен 

ӛтуге. 


  

7. Практикадан өту нәтижелері 

7.1. Практика аяқталғаннан кейін практикант тәжірибе нәтижелері бойынша (Қосымша 4, 5, 6) 

жазбаша  есеп  жасайды.  Практика  ӛту  туралы  есепте  білім  алушылардың  ӛздеріне, 

практика  жетекшілеріне,  сондай-ақ  Университетке  диплом  жұмысының  (жобасының) 

тақырыбын  кӛкейкестілігі  болашақ  кезеңдердің,  білім  алушылардың  жүргізген 



Кәсіптік практиканы ұйымдастыру бойынша ереже  

- 9 - 


 

зерттеулерінің,    компаниялары  үшін  –  практика  базасының  пайдалылығы  тұрғысынан  

тиімді болуы тиіс. 

 7.2.  Есепте  орындалған  жұмыстар,    практика  базасының  қысқаша  сипаттамасы  (бір  беттен 

аспайтын)  мәліметтер  қамтылуы  тиіс:  қызметтің  негізгі  түрлері  және  жұмыс  әдістері 

(негізгі  ӛнімдер  немесе  қызметтер,  клиенттердің  негізгі  топтары,  сату  кӛлемі, 

корпоративтік этика және т. б.); компания персоналын таңдау, іріктеу және жалдау рәсімін 

сипаттау және т.б.. 

7.3.  Білім  алушылардың  практикан  ӛту  кезінде  жүзеге  асырылған  іс-әрекетінің  негізгі 

бағыттарының тізімі (бестен кӛп емес),  1-кестеде кӛрсетілген нысанға сәйкес. 

 

Кесте 1 


Қызметінің негізгі бағыттары (орындалатын жұмыстар тізбесі) 

Қызметінің сипаттамасы 

Осы 

қызмет 


барысында  

қандай  жаңа  білім  немесе 

дағды қалыптасты 

Осы  жаңа  білім  мен  дағды 

қалай 

кӛрініс 


тапты 

(мысалы, 

сауатты 

презентация ұсынылды) 

 

 



 

 



... 

 

 



 

 



 

 7.4.  Кәсіпорынның  ағымдағы  кезеңіндегі  іс-шараларының  тізбесі,  кәсіпорын    тап  болуы  

мүмкін негізгі проблемалар тізімі. Компания шешетін маңызды мәселелер мен дипломдық 

жұмыс  (жоба)  /  магистрлік  /  докторлық  диссертацияның  бӛлігі  бола  алатын  жауаптар, 

әрбір мәселенің/проблеманың қысқаша сипаттамасы. 

7.5.  Дипломдық  жұмыс  (жоба)  /  магистрлік  /  докторлық  диссертацияның  тақырыбы  ретінде  

жоғарыда  келтірілген  тізімдегі  мәселенің  қайсысы  таңдалып  алынғанын  түсіндіру. 

Сондай-ақ, дипломдық жұмыс (жоба) / магистрлік / докторлық диссертацияның тақырыбы 

барлық білім алушылар үшін диплом жұмыстарының тақырыбын бекіту туралы мектеп / 

факультеттің  шешімі  шығарылғаннан  кейін  ӛзгергендігі  туралы  ақпарат.  Бұл  бӛлімге 

сондай-ақ  компания  тарапынан  тағайындалған  практика  жетекшісімен  компания  үшін 

тақырыпты  талдаудың  ӛзектілігі  негізделген  дипломдық  жұмыс  (жоба)  /  магистрлік  / 

докторлық диссертация тақырыбын таңдауға қатысты сұхбаттың қысқаша баяндалған түрі 

кіреді.      

7.6. Алынған (жиналған) тәжірибесі: білім алушы әрі қарай осы компаниямен ынтымақтасуды 

ұсына  ма.  Егер  "иә"  болса,  онда  кімді  жіберуге  болады,  осы  практикадан  олар  ӛзі  үшін 

қандай білім мен дағдыны меңгеріп шығады.  

7.7.  Есепке    қолы  және  мӛрімен  куәландырылған  кәсіпорыннан  тағайындалған  жетекшінің 

практиканттың жұмысы туралы қысқаша қорытындысы кӛрініс тапқан Күнделік тіркеледі.  

7.8. Есеп кӛлемі барлық қосымшаларымен 10-12 беттен аспауы тиіс, кӛптеген мамандықтарға  

5-8  бет  компьютерлік  мәтін  жеткілікті.  Есепті  рәсімдеу  бойынша  талаптар  4,  5,  6 

Қосымшаларда келтірілген. 

7.9.  Практика  аяқталған  соң  білім  алушы  практика  базасы  жетекшісінің  оң  қорытындысын 

алғаннан  кейін  комиссия  алдында  аттестатталады  (есебін  қорғайды),  баллдық  жүйе 

бойынша баға қою арқылы. 

7.10.  Практика  қорытындыларын  кафедра  отырысында  талқылау  ұсынылады.  Практиканың 

жалпы қорытындысы мектеп/факультет Кеңесінде мүмкіндігінше   

практика базалары ӛкілдерінің қатысуымен шығарылады.  

 

8. Қорытынды ережелер 

8.1.  Осы  Ереже  Университеттің  Оқу-әдістемелік  кеңесімен  бекітіледі.  Осы  Ереженің 

қолданылу мерзімі шектелмейді.  



Кәсіптік практиканы ұйымдастыру бойынша ереже  

- 10 - 


 

8.2. Ережелерді келесі тексеру күні – 2017 жылғы 30 қыркүйек. Тексеруді жүргізуге жауапты  

- Мансап және түлектермен ынтымақтастық жұмыстарын жүргізу Орталығының Басшысы. 

 

 



Әзірлеушілер: Дальке Н.В.  

  ОӘБ бастығы 

 

 

 



Құжат айналымы бӛлімі  

тексеру туралы белгі:                             Турысжанов О. Б.  

                                                                  Құжат айналымы Бӛлімінің бастығы 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




Кәсіптік практиканы ұйымдастыру бойынша ереже  

- 11 - 


 

9. Қосымшалар 

 

Қосымша 1 



 

 

Жолдама 



 

Ӛндірісте қалады  

_____________________________________________________________________ 

_____________________________________________________________________ 

(негізі) 

"_______" ___________________20___ж. 

білім алушы__________________________________________________________ 

тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) 

кәсіптік практикадан ӛту үшін жіберіледі _________________ 

_____________________________________________________________________ 

_____________________________________________________________________ 

_____________________________________________________________________ 

(кәсіпорынның атауы) 

Практика мерзімі ___ ____________________ 20____ж. 

Практиканың аяқталу мерзімі ___ ________________ 20____ж. 

Оқу орнының басшысы_______________________ 

М. О._______________________ 

(қолы) 


_____________________________________________________________________ 

--------------------------------------- 

Оқу орнына қайтады  

Келгені және кеткені туралы белгі  

Білім алушы________________________________________________________ 

тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) 

кәсіптік тәжірибеден ӛту үшін_____________________________ 

_____________________________________________________________________ 

(кәсіби тәжірибе атауы) 

Келді                                                                     Кетті 

______________________________________ ______________________________ 

"______"_________________20____ж."______"______________20____ ж. 

Мӛр қолы Мӛр қолы 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


Кәсіптік практиканы ұйымдастыру бойынша ереже  

- 12 - 


 

Қосымша 2 

 

"Бекітемін" 



Кафедра меңгерушісі / ПБ-нің Директоры 

"________________" 

___________________________________ 

____________Т.А.Ә. 

"______" ___________________ 20_____ж. 

 

"Келісілді" 



Кәсіптік практика жетекшісі 

(ұйымның, кәсіпорынның, мекеменің) 

_____________________________________ 

______________ Т.А.Ә. 

"______" __________________ 20_____ж. 

 

 



Кәсіптік практиканың жұмыс жоспар-кестесі  

(практика түрін кӛрсету: оқу, ӛндірістік, диплом алдындағы, педагогикалық және т. б.) 

 

Мамандығы бойынша: ____________________________________________________ 



_____________________________________________________________________ 

Білім алушының__________________________________________курс__________ 

тегі, аты, әкесінің аты  

_____________________________________________________________________ 

(оқу орнының атауы) 

 

№ 



р/с 

Кәсіби практика 

бағдарламасына сәйкес 

орындалуы (оқып-үйрену) 

тиіс жұмыстардың тізбесі 

Кәсіби практика бағдарламасын 

орындау мерзімі 

Ескерту 


1. 

 

басталуы 



аяқталуы  

 

 



2. 

 

 



 

 

3. 



 

 

 



 

 

 



  

 

 



Қолы______________________________________________________________ 

(кәсіби практиканың оқу орны тағайындаған жетекшісі) 

"______" __________________20___ж. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


Кәсіптік практиканы ұйымдастыру бойынша ереже  

- 13 - 


 

3-қосымша 

 

Кәсіби практикадан өткені туралы күнделік-есеп  

 

Білім алушы 



_____________________________________________________________________ 

тегі, аты, әкесінің аты 

 

№ 

р/с 



Практикадан ӛту 

аптасының нӛмірі 

Кәсіби практика 

бағдарламасына 

сәйкес 

орындалған 



(оқып-үйрену)   

жұмыстардың  

атауы 

 Кәсіби практиканың 



жекелеген 

тақырыптарын, 

жұмыстарын орындау 

мерзімі 


кәсіби 

тәжірибе 

жетекшісінің 

Қолы 


1. 

1 апта 


 

басталуы 

аяқталуы  

 

2. 



2 апта  

 

 



 

 

3. 



3 апта 

 

 



 

 

4. 



4 апта 

 

 



 

 

5. 



5 апта 

 

 



 

 

6. 



6-апта 

 

 



 

 

7. 



7 апта 

 

 



 

 

8. 



8 апта 

 

 



 

 

9. 



9 апта 

 

 



 

 

10.  10 апта 



 

 

 



 

 

 1. Орындалған (зерттелген) процестердің, рәсімдердің, әдістердің және т. б. 



сипаттамасы 

_____________________________________________________________________ 

_____________________________________________________________________ 

  

Білім алушының қолы ____________ 



"_____" ___________________20 ___ж. 

 

_____________________________________________________________________ 



(кәсіби тәжірибенің тікелей басшысы) 

"_____" ___________________20 ___ж. 

 

2. Білім алушы практикантты кӛтермелеу және жазалау  



_____________________________________________________________________ 

_____________________________________________________________________ 

 

3. Кәсіби практика жетекшісінң (кәсіпорын, ұйым, мекемеден) қорытындысы  



_____________________________________________________________________ 

_____________________________________________________________________ 

_____________________________________________________________________ 

 Кәсіби практика жетекшісінң (кәсіпорын, ұйым, мекемеден) қолы 

____________________________________________ 

"______"_________________20____ж. 

 

М. О. 



Кәсіптік практиканы ұйымдастыру бойынша ереже  

- 14 - 


 

 

 Қосымша 4  



 Есептің негізгі беті 

 

НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІ 



 

МЕКТЕП/ФАКУЛЬТЕТ ______________ 

КАФЕДРАСЫ / ПБ ______________ 

 

 



 

 

 



практикадан (түрі) ӛткені туралы  

ЕСЕП 


 

"____________________________________________________ 

(тәжірибе базасының атауы, мекен-жайы, тел., e-mail) 

Бағыты бойынша ____________________________________________________ 

(мансап орталығының; кафедралар; ӛз бетінше) 

 

 



 

_____________________(мамандық атауы) 

мамандығы бойынша __ курс 

студентінің (магистранттың/докторанттың)  

 ____________________________ 

(Аты-Жөні) 

Байланыс: электронды мекенжайы, ұялы телефон нөмірі 

Кафедра тағайындаған тәжірибе жетекшісі  

_______________________ 

(ғылыми дәрежесі, лауазымы, аты-жөні) 

Компаниядан тағайындалған тәжірибе жетекшісі  

_______________________ 

электрондық мекен-жайы, ұялы телефон нөмірі) 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


Кәсіптік практиканы ұйымдастыру бойынша ереже  

- 15 - 


 

Қосымша 5 



Есеп беру үлгісі 

 

1. Компанияның қысқаша сипаттамасы (бір беттен) 

"Global  Finance"  (бұдан  әрі  -  GFC)  корпорациясы  1998  жылы  құрылған. 

Компанияның атауы әлемдік мағынаға ие, алайда компания ӛз қызметін Қазақстанда ғана 

жүргізеді.  Корпорация  (www.compare.financial.products.kz)  веб-сайтты  басқарады,  онда 

қаржы  ӛнімдерін  ұсынатын  банктер  мен  сақтандыру  компанияларының  кӛрсеткіштеріне  

салыстырмалы талдау  жүргізіледі.  Мысалы, егер сіз  6 айға депозит таңдауды  қаласаңыз, 

осы  веб-сайт  пайыздық  және  басқа  да  ерекше  жағдайларды    кӛрсете  отырып,  Қазақстан 

банктері  ұсынатын  барлық  депозиттер  тізімін  береді.  Осындай  салыстырмалы  талдау   

автокредит беру, сондай-ақ медициналық сақтандыру үшін де қолжетімді. Клиенттер бұл 

веб-сайтты пайдаланады, ӛйткені оны пайдалану оңай және ол қол жетімді, уақтылы және 

дәл ақпаратты бір жерде табуға  болады. Осылайша, клиенттер дұрыс шешім қабылдауға 

және меншікті қаражатын үнемдей алады. Корпорацияның бизнес моделі ӛте қарапайым, 

егер  клиент  ақпаратты  GFC  сайтынан  (интернет-сілтемелерді  пайдаланды  немесе 

кӛрсетілген  телефон  нӛміріне  жүгінді),  олар  серіктес-банк  немесе  қаржы  компаниялары 

жүргізген әрбір транзакция/мәміледен 5-10% алады.  200 000 аса жаңа пайдаланушылар ай 

сайын GFC веб-сайтына кіреді, оның 30000 оның клиенттері болады, яғни, GFC сайтына 

кіргеннен  кейін  мәміле  жүргізеді.  Клиенттердің  саны  ӛте тез  ӛсіп  келе  жатыр,  компания 

ӛте табысты және қазір Орталық Азия елдерінде бизнесті кеңейтуді жоспарлап отыр.  

Жедел  ӛсуіне  байланысты  корпорация  жаңа  қызметкерлерді      белсенді  жұмысқа 

қабылдайды.  Олар  қаржы  ӛнімдері  туралы  базалық  білімі  бар  сату  саласындағы 

кәсіпқойларды  жұмысқа  қабылдайды.  Үміткерлерге  қойылатын  негізгі  талаптар: 

банктермен 

және 


сақтандыру 

компанияларымен 

қалыптасқан 

байланыс, 

презентацияларды  қызықты  және  кәсіби  түрде  ӛткізу,  қазақ  және  орыс  тілдерін  еркін 

меңгерген,  ағылшын  тілін  жақсы  білетін,  интернет-қызмет  нарығын  білу,  басқа  қалалар 

мен елдерге іс-сапарларға шығуға  дайындығы.  

Мен  жаңа  қызметкерлерді  жұмысқа  қабылдауға  жауапты  тұлғамен  әңгімелестім,   

оның  есімі  Ирина  Иванова,  ол  үміткерлердің  арасында  қатаң  іріктеу  жүргізеді,  және 

бұрын  кәсіби  спортпен  айналысқандарды  таңдауға  тырысады,  (ӛйткені  ол  кәсіби 

спортшылардың құзіреттілігі сату саласындағы жақсы маманға қойылатын талаптарға сай 

деп  есептейдікім).  Оның  электрондық  мекен-жайы  және  телефоны:  ScarySusan@gfc.kz, 

+777 111 222 333. 

 

2. Іс-әрекеттінің негізгі бағыттарының тізімі: 

Жұмыс сипаттамасы 

Осы жұмыс түрін орындауда 

қандай жаңа білім немесе 

дағдылар қалыптасты   

Осы білім немесе дағдылар 

кӛрінді (мысалы, табысты 

орындалды) 

Маған мұндай қаржылық 

қызмет Орталық Азияның 

басқа елдерінде 

қарастырылғандығы туралы 

талдау жасау тапсырылды. 

Бұл "үстел басындағы 

зерттеу" еді. 

Мен жақсы аналитикалық 

есептер жазуды және 

қызықты презентациялар 

жасауды үйрендім. Мен екі 

басқа тәжірибеден 

ӛтушілермен жұмыс 

жасадым, сондай-ақ 

командада жұмыс істеуді 

және жұмысты үлестіруді 

үйрендім. 

Біз GFC басшылығы үшін 

нарықты талдау нәтижелері 

бойынша презентация  

ӛткіздік, олар риза болып, 

біздің презентацияны 

толықтырды. Біздің 

талдаудың негізінде олар 

Ӛзбекстанда және 

Қырғызстанда маркетингтік 

науқанды іске қосу туралы 

шешім қабылдады 

Мен GFC клиенттеріне 

келісім-шарттар мен басқа 

Бұл мен айналысқым келген 

жұмыс емес болатын, мен 

Мен жұмысымды тиімді 

орындадым және 



Кәсіптік практиканы ұйымдастыру бойынша ереже  

- 16 - 


 

да құжаттарды жеткізу 

бойынша курьер  ретінде 

жұмыс істедім.  Бұл ретте 

мен қоғамдық кӛлікті 

пайдаландым. 

білімнің ӛте маңызды болып 

табылатыны, ал білімі 

жоқтар осындай қарапайым 

жұмысты орындайтынын 

және аз ақша табатынын 

түсіндім. Бұл мені практика 

кезінде барынша белсенді 

болуға және жақсы диплом 

жұмысын жазуға 

ынталандырды. 

құжаттарды уақытында 

жеткізіп отырдым. Түскі 

үзіліс кезінде мен 

жоспарларымды 

корпорацияның HR 

менеджерімен талқыладым, 

Ирина Ивановаға менің 

ӛршіл жоспарларым әсер 

етті, ол маған ЖОО аяқтаған 

соң хабарлас деді. 

 

3.  Компания мәселелерінің қысқаша сипаттамасы  

GFC  екі  негізгі  проблемаларға  тап  болады:  (1)  бәсекелестер  олардың  табысын  

байқаған, сондықтан мұндай қызмет кӛрсетуді ұсынатын жаңа веб-сайттар іске қосылды. 

Осы  себеппен  GFC  қабілетті  болып  қалу  үшін  жаңа  функционал  қосып,  веб-сайтты 

жақсарту керек. (2) GFC Орталық Азияның басқа елдерінде бизнесті кеңейту жолында кӛп 

кедергілерге  тап  болады,  атап  айтсақ,  заңға  байланысты  кедергілер,  сату  бойынша 

байланыстың және білікті персоналдың болмауы. 

Маңызды  мәселелердің  бірі  Орталық  Азия  елдерінде  банк  жүйесі,  сақтандыру 

жүйесі,  тұтынушылық  несиелеу  және  заңда  тұтынушылардың  құқықтарын  қорғауда  

қандай  айырмашылықтар  барын  түсіну  болып  табылады.  Мұндай  талдау  GFC  басқа 

елдерде бизнесті кеңейтуге кӛмектеседі.  

GFC тап болған басқа мәселе - бәсекелестердің іс-қимылын қадағалау. Яғни, олар  

бәсекелестері  туралы    ақпарат  жинау  үшін  "үстел  басында  зерттеулер"  ӛткізуге,  "құпия 

сатып алушылар" жіберуге мүдделі.    

GFC  сондай-ақ  веб-қаржылық  қызмет  кӛрсету  саласындағы  технологиялық 

әзірлемелерді  мониторингтен  ӛткізуге  мүдделі,  ӛйткені  Google  немесе  Apple  қаржы 

қызметтері GFC қолданыстағы бизнес моделінің қатал бәсекелестері болуы мүмкін.    

 

4.  Таңдалған  диплом  жұмысы  тақырыбының  себептері  мен  өзектілігін 

түсіндіру көрсетілген проблемаларды шешу, компания үшін пайдалылығы аясында   

(бұрын кафедра бекіткен дипломдық жұмысының тақырыбы өзгертілген бе). 

GFC тап болған мәселелердің ішінен мен ОА басқа елдеріндегі заңнамалық базаны 

талдауды  таңдадым.  GFC  менеджері,  Джеймс  Бигбосс,  менен  нәтижелерді  дейін  (күні 

кӛрсетілсін)  күтеді,  егер,  менің  есебім  оны  қанағаттандырса,  ол  маған  жұмыс  ұсына 

алады. Университет бекіткен менің диплом жұмысымның тақырыбы басқа болатын, мен 

оны ӛзгерту үшін кафедраға жолығуым керек.  

Бұл  тақырып  жеткілікті  дәрежеде  кӛлемді,  сондықтан  мен  осы  жоба  бойынша 

менімен жұмыс істеуге басқа бір немесе екі студентті шақыра аламын, және жұмысымыз 

табысты болса, олар да жұмысқа орналаса алады.  

5.  Алынған  практикалық  тәжірибе  және  компаниямен  одан  әрі  ынтымақтастық 

жасау бойынша ұсынымдар 

GFC  ӛте  табысты  және    болашағы  бар  компания.  Олардың  қаржылық  ақпарат 

жинау  үшін  заманауи  технологиялары  бар  және  олар  шетелде  бизнесті  кеңейтуді  

жоспарлауда.  Осылайша,  менің  ойымша,  GFC  ынтымақтастықты  нығайту  қажет. 

Менеджерлер  студенттермен  жақсы  жұмыс  істейді,  жаңа  идеяларды  талқылауға  дайын, 

мұнда кӛп нәрсені үйрендім.  Джеймс пен Иринаға мен және менің зерттеуім  ұнады, мен 

ӛзім  туралы  жақсы  әсер  қалдырдым,  және  олар  болашақта  басқа  да  студенттерді  

қабылдауға мүдделі болады. Мен GFC ынтымақтастықты жалғастыруды ұсынамын. 

 

Қолы 

 

 




Кәсіптік практиканы ұйымдастыру бойынша ереже  

- 17 - 


 

Қосымша 6 

 

Кәсіби практика туралы есепті рәсімдеуге қойылатын талаптар 

 

Есеп  беру  баспа  түрінде  компьютер  және  принтерді  қолдана  отырып,  4А  форматтағы  ақ 

парақтың  бір  бетінде  бірінші  интервал  арқылы  жасалуы  тиіс.  Қаріп-  Times  New  Roman, 

қалыпты, кегль-14. Барлық жұмыс бойынша біркелкі тығыздық, кереғарлық пен суреттің 

біркелкі анықтығын сақтай білу керек.  

Есеп  беру  мәтінін  келесі  жиек  шамасын  ескереотырып  басу  керек:  сол  жағы-  30  мм, 

жоғарғы жағы-  20  мм,  оң жағы- 10  мм және астыңғы жағы- 25 мм.  Абзацты шегініс- 10 

мм. 


Белгілі терминдерде, формулаларда, терминдерде, әртүрлі қаріп гарнитурасын пайдалана 

отырып, ерекше кӛрсетілген компьютерлік мүмкіндіктерді қолдануға рұқсат етіледі.  

Суретпен  бейнелеуді  рәсімдеуге,  кестелерге,  басып  шығаруға  және  де  жасалу  жолына 

қарамастан,  басып  шығарылған  мәтіннің  сапасы  айқын  кӛшірменің  талаптарын 

қанағаттандыруы тиіс. Бӛлімдердің атауын абзацты шегіністен бас әріппен соңына нүкте 

қоймай,  астын  сызбастан  жазу  керек.  Барлық  мәтін  арқылы  тура  белгілеуді  пайдалана 

отырып,  беттерді  араб  қаріпі  арқылы  белгілеу  керек.  Беттің  нӛмірін  парақтың  тӛменгі 

жағына, ортасына нүктесіз қояды. 



Суретпен сипаттау және кестелер, бӛлек беттерде орналаса отырып, есеп берудің жалпы 

беттік белгіленуіне қосады. А3 форматындагы суретпен сипаттау және кестелерді бір бет 

деп есептейді.  

Есеп берудің бӛлімдері араб қарпімен, нүктесіз және абзацты шегініс арқылы белгіленіп, 

реттік нӛмірлерге ие болуы тиіс.  

Есеп беру беттері мен қосымшаның белгіленуі тура болуы керек. 

Суретпен  сипаттау  (сызбалар,  карталар,  графикалар,  кестелер,  диаграммалар, 

фотосуреттер)  есеп  беруде  бірінші  рет  атап  ӛтіліп  немесе  келесі  бетте  мәтіннен  кейін 

тұруы тиіс. Суретпен сипаттау компьютермен әрі түрлі түсті болып орындалуына болады. 

Есеп беруде барлық суретпен сипаттауларға сілтеулер кӛрсетілуі тиіс.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Сурет 1.Ӛндірістік құрылым ЖШС «Счастливый молочник» 

 

Кестені жақсы кӛрнекілік пен салыстырудың ыңғайлы болуы үшін пайдаланады. Кестенің 



атауы  оның  берілгенін  кӛрсете  отырып,  қысқа  әрі  нақты  болуы  тиіс.  Пайдаланылған 

дереккӛздеріне арналған сілтемелер шаршы жақшада болуы керек. 

Материалдар мен шикізат 

қоймасы 


Цех және аумақ қосалқысы 

Инжинерлік қамсыздандырудың 

қызметтері (энетгетиканың, 

транспорттың, техникалық 

қауіпсіздіктің) 

Ӛндірудің негізісі 

(цехтің және 

ӛндіру аумағының 

Дайын ӛнімдер 



қоймасы, 

дүкендер 




Кәсіптік практиканы ұйымдастыру бойынша ереже  

- 18 - 


 

Кестелерді,  кестелерге  қарамастан  араб  қарпімен,  тура  белгімен  белгіленуі  тиіс.  Кестені 

безендіру үлгісі:  

 

Кесте 1 



Қосылған бағаны инновациялық енгізу арқылы үлкейту  

п/п 


Инновация түрлері 

Қосылған бағаның 

ӛсуі  % 

Жаңа ӛнім алудың технологиясы  



17 

Электромагниттік және химиялық күшейтудің 



технологиясы  

30 


«Де- Смет» фирмасының желісінде экстракциондық 

майдың ӛндірілу технололгиясы 

33 


Түйіршіктелген күнжараның техникасы мен 

технологиясы 

20 


Ескерту- дереккӛз (3, с. 42) 

 

Формула  мен  теңестіру  мәтінде  бӛлек  жолға  бӛлініп  жазылады.  Әрбір  формуланың 

немесе теңестірудің  жоғарғы және тӛменгі бӛлігінде кем дегенде бір бос жол қалуы шарт. 

Егер  де  теңестіру  бір  жолға  симайтын  болса,  ол  теңдік  белгісі  (=),    қосу  (+),  азайту  (-), 

кӛбейту  (*),  бӛлу  (/)    немесе  басқа  да  математикалық  белгілерден  кейін  қойылуы  тиіс, 

бұған  қоса  белгілер  келесі  жолда  қайталанады.  Белгілер  мен  сандық  коэфиценттерге 

анықтаманы  сол  формулада  берілген  ретілік  арқылы  тӛменгі  жағына  жазу  керек.  Әрбір 

белгілер  мен  сандық  коэфиценттердің  мағынасын  жаңа  жолдан  беріп  отыру  қажет. 

Түсіндірменің бірінші жолын «қайда» деген сӛзбен, қос нүктесіз бастайды. 

Формулалардың  реттік  нӛмірлерінің  сілтемелерін  мәтінде  жақша  арқылы  беріледі. 

Формулалардың белгіленуі бӛлім бойынша рұқсат етіледі.  

Дереккӛздер жайлы мәліметті есеп беру мәтініндегі дереккӛздерінің сілтемелерінің пайда 

болу тәртібі арқылы қойып, нүктесіз араб қарпімен белгілеп, абзацты шегініс арқылы басу 

керек.  


Қосымшаны есеп берудің жалғасы ретінде, оның келесі беттерінде рәсімдейді. Есеп беру 

мәтінінде барлық қосымшаға сілтеме берілуі тиіс. Қосымшаны мәтінге сілтеменің тәртібі 

ретінде  орнаастырады.  Әрбір  қосымшаны  жаңа  жолдан,  «Қосымша»  деген  сӛзді 

жоғарыдан, ортасына қарай кӛрсете отырып жазу керек. Қосымшаны мәтінге байланысты 

симметриялы, бас әріппен жазылған, тақырыпаты болуы керек. Егер есеп беруде бір ғана 

қосыма  болса,  оны  белгілемеуге  болады.  Қосымша  есеп  берудің  басқа  бӛлімдерімен 



бірдей белгіленуі қажет. 

жүктеу 412,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау