ПОӘК 042-05-14-5-05.01.20.31/03-2011
|
__________2011 жылғы
№ 2 басылым
|
41 беттің -шісі
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3-деңгейлі СМЖ құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-05-14-5-05.01.20.31.03.2013.
|
Қазіргі қазақ тілінің негіздері пәнінің оқу-әдістемелік материалдары ПОӘК-і
|
_______2013 жылғы
№ 2 басылым
|
5В050200 «Бастауышты оқытудың педагогикасы және әдістемесі» мамандығына арналған
«Қазіргі қазақ тілінің негіздері» пәнінің
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
СЕМЕЙ
2013
Мазмұны
1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Тәжірибелік және лабораториялық сабақтар
4 Курстық жұмыс (жоба)
5 СӨЖ
ГЛОССАРИЙ
1.1 Фонетика (грек.»дыбыс»)- тіл дыбыстары туралы, тілдегі дыбыстық ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерттейтін тіл білімінің саласы.
1.2 Лексика (грек.»сөздік қор»)-тіл білімінің сөз және оның мағынасын зерттейтін бір саласы.
1.3 Лексикология (грек. лексика, логос)-тілдік сөздік құрамы мен оның тарихи даму заңдылықтары, қызметін зерттейтін тіл білімінің саласы.
1.4 Лексикография (грек. «сөздік» «ілім»)-тіл білімінің сөздіктер жасайтын және оларды зерттейтін бір саласы.
1.5 Морфология - сөз құрылымы, сөз табы туралы ғылым.
1.6 Грамматика (грек. «жазу, жазу өнері»)-тілдегі сөздердің өзгеру тәсілдері мен құралдарын, сөз тіркестерін, олардың сөйлемге құралу заңдарын зерттейтін тіл білімінің саласы.
1.7 Грамматикалық мағына - сөздің лексикалық мағынасына үстеме мағына, сөздердің түрлі-түрлі қарым-қатынасын білдіретін қосалқы мағыналар.
1.8 Грамматикалық форма - грамматикалық мағына туғызушы тілдік құралдар.
1.9 Морфема дегеніміз-сөздің ары карай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық бөлшегі. Құрамына қарай морфемалар үшке бөлінеді: түбір морфема, негіз морфема, аффикстік морфема.
1.10 Аффикстік морфемалар - префикс, постфикстер, инфикс, интерфикс, трансфикс, конфикс.
1.11 Түбір сөз - сөздің өз алдына тұрып мағына бере алатын, әрі қарай бөлшектеуге келмейтің түпкі мағыналы бөлшегі.
1.12 Синтетикалық тәсіл – жұрнақтар арқылы жаңа сөз жасау;
1.13 Туынды сөздер – тілден көлемді орын алатын сөздер. Туынды сөздердің түрлері мыналар: туынды түбір, күрделі сөздер: біріккен сөз, қос сөз, тіркесті сөз.
1.14 Туынды түбір – туынды сөздердің ішіндегі ең көп тараған түрі ол сөзжасамның синтетикалық тәсілі арқылы жасалады.
1.15 Күрделі сөз - сөзжасамның аналитикалық тәсілі арқылы жасалатын сөздер тобы. Күрделі сөз деп кемінде екі я онан көп дара сөзден құралып, ритм, ырғақ жағынан бір ұдай, лексика-семантикалық жағынан бір бүтін тұлға болады.
1.16 Кіріккен сөз - компоненттерінің я біреуі, я екеуі де бірдей әуелгі өз мағыналарынан айрылып (дилексикаланып), тұтасымен тұрып басқа бір жалпы мағына білдіретін және сонымен бірге сол компоненттері фонетикалық жағынан әр қилы өзгерістерге ұшырап, бір-бірімен белгілі дәрежеде әрі үндесіп, әрі ықшамдалып құралған күрделі сөз.
1.17 Біріккен сөз - компоненттері мағына жағынан да, форма жағынан да өзгерістерге ұшырамай-ақ, өзара бірігіп, жинақталған біртұтас лексика-семантикалық мағына білдіретін күрделі сөз.
1.18 Синтагматикалық деривация – бірнеше түп негіз арқылы жасалған сөздердің мағынасы.
1.19 Агглютинативті тілдер (жалғамалы тілдер)- агглютинативті тілдерге түркі, банту тілдері жатады.
1.20 Адвербиалдану - (Лат. - үстеу, қар) сөздің үстеулер тобына өтуі
1.21 Адъективация -(Лат. – сын есім) – сөздің сын есімдер тобына өтуі.
1.22 Күрделі сөз - сөзжасамның аналитикалық тәсілі арқылы жасалатын сөздер тобы. Күрделі сөз деп кемінде екі я онан көп дара сөзден құралып, ритм, ырғақ жағынан бір ұдай, лексика-семантикалық жағынан бір бүтін тұлға болады.
1.23 Синтагматикалық деривация – бірнеше түп негіз арқылы жасалған сөздердің мағынасы.
1.24 Грамматикалық тұлға дегеніміз грамматикалық мағынаның қалыпты (стандартты) көрінісін, үлгісін білдіретін тіддік белгі.
1.25 Етістіктің шақтары - іс-әрекеттің, қимылдың мезгілге, уақытқа байланыстылығын көрсететін етістікке тән категорияны
1.26 Рай категориясы - етістіктің іс-әрекетті орындаушымен, уақытпен байланысты жаққа, шаққа түрленуі.
1.27 Одағай сөздер – сөз табына жататын толық мағынасы жоқ сөздер, тек адамның қорқу, қуану, шаттану, ренжу, өкіну сияқты көңіл – күйін, сезімін білдіреді
1.28 Еліктеуіш сөздер - табиғатта кездесетін құбылыстар мен айналаны қоршаған заттардың бір – бірімен қақтығысунан пайда болған дыбыстарға, жан – жануардың шығаратын әр қиылы дыбыстарына еліктеуден туындайтын сөздер.
1.29 Шылау сөздер – толық лексикалық мағынасы жоқ, тек сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып тұратын немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздер
1.30 Синтаксис (грек. «құрастыру»)- сөз тіркесі сөйлем мүшелерін, сөйлем түрлерін қарастыратын тіл білімінің саласы.
2 ДӘРІСТЕР
1-дәріс. Фонетика-тіл ғылымының бір саласы. Зерттелуі. Фонетиканың бүгінгі жай-күйі.
Дәрістің мазмұны:
1.Фонетика – тіл ғылымының бір саласы. Зерттелуі
2.Фонетиканың бүгінгі жай-күйі
3. Тілдің дыбыстық жүйесі
Фонетика - тіл дыбыстарының ерекшеліктері мен зандылықтары, процестер, сәйкестіктер туралы ілім. Қазіргі фонетика дыбыстың төрт қырын жеке қарастырады, олар: Қызметтік, артикуляциялық акустикалық, перцептивті қырлары. Фонетика анатомия, физика, психология, физиология пәндерімен байланысты болады. Қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтарын А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, Ғ.Мұсабаев, Ж.Аралбаева, Ә.Жүнісбеков, С.Мырзабеков және т.б. зерттеді. Фонеманы зерттейтін ілім - фонология деп аталады. Фонема - тілдегі дыбыстық қатарды қүрайтын бірлік.фонеманың қазіргі түсінігін және фонология теориясын Бодуэн де Куртенэ XIX г. 70-80 жылдары жасаған.
Қазақ тілінің фонетист ғалымы Ә.Жүнісбеков фонема ұғымының түркі тілдерінің табиғатына аса үйлесімді еместігін айтып, түркі тілдері үшін «сингармема» деген атаудың лайықтығын дәлелдейді. Бұл түркі тілдеріндегі сингорманизм заңдылығымен үйлес. Сингармонизм зандылығын С. Мырзабеков көп зерттеді. Фонетикалық процестер: ассимиляция, диссимиляция, диереза, редукция, элизия және т.б. фонетикалық кұбылыстар: просодиялық фонетикалық құбылыстар, анлауттағы фонетикалық кұбылыстар. инлауттағы фонетикалық құбылыстар, ауслауттағы фонетикалық құбылыстар.
Бақылау сұрақтары:
Фонетика – тіл ғылымының бір саласы. Зерттелуі
Фонетиканың бүгінгі жай-күйі
Латын әліппиіне көшу туралы өз ойыңыз
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. – Алматы: Қазақ университеті, 1993.
2. Бейсенбаева К. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. – Алматы, 1993.
3. Болғанбаев Ә., Белбаева М. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988.
4. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы, 1994.
5. Айғабылов А. Қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1956.
6. Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1976.
2-дәріс. Лексикологияның зерттеу объектісі. Лексикологияның тіл білімінің басқа салаларымен байналысы.
Дәрістің мазмұны:
1.Лексикологияның зерттеу объектісі
2.Лексикологияның салалары.
3.Лексикологияның тіл білімінің басқа салаларымен байналысы.
Бір тілде қанша сөз болса, солардың тұтас жиынтығын тіл ғылымында лексика (гр.lexikos) немесе сөздік құрам деп атайды. Сөздердің лексикалық жүйеде алатын орнын, шығу төркінін, қолданылу қабілетін күнделікті қарым-қатынастағы көрінісін, сан қилы стильдік мәні мен сипатын тексеретін ғылымды лексикология (гректің lexikos - сөздік + logos - ілім сөздерінен) дейді. Қазақ тілінің лексикологиясы – қазақ тілінің сөздік құрамын (лексикасын) тексеретін ғылым. Бүгінгі қазақ тілі сөз байлығы жағынан дамыған тілдердің қатарына жатады. Қазақ тілінің сөздік құрамы халқымыздың басынан кешірген бүкіл өмірінің, шаруашылығы мен кәсібінің, материалдық байлығы мен рухани қазынасының айнасы, куәсі іспеттес, замандар бойы біртіндеп қалыптасқан, ұзақ дамуының жемісі. Сондықтан лексиканы зерттеу сөздік құрамды тұтас бір бүтін жүйе деп қарауды міндеттейді. Яғни, лексикология жекелеген сөздердің тобын емес, тілдің қалыптасқан лексикалық жүйесін қарастырады.
Лексикология ғылымы сөз ұғымымен үйлесіп, сәйкесіп отыратын тұрақты сөз тіркестерін зерттейтін фразеологияны да (гр. Phrases - сөйлемше + logos – ілім) төл объекті ретінде қарастырады.
Тілдің қаншалықты дамып жетілгендігі сөздік құрамдағы сөдердің санымен ғана емес, мәнімен (көп мағыналығымен) де өлшенеді. Бұл жағынан лексикология сөздердің мағыналық құрылымын зерттейтін семасиология (гр semasia – мән, мағына + logos – ілім сөздерінен) ғылымымен тікелей байланысты. Семасиологияның мәні әсіресе түсіндірме сөздіктерді жасағанда айқын байқалады. Мұнда сөздің негізгі, туынды және ауыс мағыналары даму тұрғысынан сараланып талданады.
Лексикология мәселелерін жан-жақты, терең түсіну үшін, тіл білімінің оған шектес басқа салаларымен қандай байланысы бар екенін ашып қарастырудың зор мәні бар.
Ана тілімізде сөз байлығының басынан кешкен ұзақ тарихы бар. Сөздердің қалыптасуына, өзгеруі мен дамуына тарихи заңдылықтарын тарихи лексикология тексереді. Тарихи лексикологияның бір саласы – этимология. Этимология (гр. Etymon – шындық + logos – ілім) сөздердің шығу төркінін, олардың ең, алғашқы түр-тұрпаты мен мағынасын анықтайды. Сол арқылы қазақ халқының бұрынғы замандағы өмірінен мәлімет алуымызға болады.ана тілі лексиканың даму, өзгеру заңдылықтарын туыстас тілдердің лексикасымен тарихи тұрғыда салыстыра зерттегендет ғана дұрыс, білуімізге болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Лексикологияның зерттеу нысанын атаңыз.
2. Лексикологияның салаларын атаңыз.
3. Лексикологияның тіл білімінің өзге салаларымен байланысы қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Болғанбаев Ә., Белбаева М. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988.
2. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы, 1994.
3. Айғабылов А. Қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1956.
4. Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1976.
5. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.
3-дәріс. Сөз мағынасының өзгеру себептерi. Сөздердiң мағыналық қатысына қарай жiктелуi. Омонимдер. Синонимдер. Антонимдер. Табу, эвфемизм. Дисфемизм.
Дәрістің мазмұны:
1. Сөз мағынасының өзгеру себептерi.
2. Ауыспалы мағынаны тудыратын тәсiлдер
3. Метонимия жасалу жолдары.
4.Сөздердiң мағыналық қатысына қарай жiктелуi.
5.Омонимдер. Синонимдер. Антонимдер.
6. Табу, эвфемизм. Дисфемизм.
Семасиология – сөздің мағынасын, мағынаның өзгерісін зерттейтін ғылым. Кейбіреулер мұны семантика деп те атайды. Семачсиология туралы әртүрлі көзқарастар болды. Ішіндегі ең бастыларының бірі – батыс елдерінде туған структурализм (структуралық лингвистика) – сөздің дыбыстық формасны тексерудің қажеті жоқ, өйткені ол тілден аулаққа кетіп, философияға, психологияға апарады дейді. Стуктурализмді жаңалап, кеңес тіл біліміне енгізуге болады деген пікір де аз болған жоқ.
Сөйтіп, семасиология сөздің мағынасын, оның дамуын зерттегенде мағынаның тұрақты екенін, бірақ сөздің қатып қалған мағынасы жоқ, өйткені догмалық тұрақтану дегеннің сөз мағынасында болмайтынын, сөйтіп сөз мағынасы тек сөйлем ішінде ғана көрініп, айқындалатынын ескереді.
Сөз тілдің, оның сөздік құрамының заттар мен құбылыстарды, олардың қасиеттерін, шындық өмірдегі қатынастарын атап білдіретін негізгі единицасы (сөз бірлігі), дербес бөлшегі болып табылады. Әр тілдегі сөздердің лексикалық бірлік болу сипаты, олардың құрылымдық еркешеліктері сол тілдің фонетикалық, семантикалық, грамматикалық белгілері арқылы анықталады.
Біріншіден, сөз біткеннің бәрі де тілдегі дыбыстардан жасалады, дыбыссыз сөз жоқ. Сөз – дыбыстық құрылымның жиынтығы, сол арқылы жарыққа шығады. Мысалы, адамның, жан-жануардың көру мүшесін атап білдіретін көз деген сөз к, ө, з фонемаларының бізге белгеілі жүйеде тіркесіп берілу арқылы жасалып тұр. Сөйтіп, сөзді жасайтын дыбыстар оның материалдық жамылғысы, сыртқы көрінісі болып табылады.
Екіншіден, сөз дыбыстық құрылымнан жасала отырып, зат, құдылыс, іс-қимыл жайында жалпыға түсінікті, қоғамдық дәрежеде қалыптасып, қауым таныған ұғымды (мағынаны) білдіреді. Мысалы, мал, қол, үй деген сөздер жеке тұрып-ақ нақты заттардың ұғымын білдіріп тұр. сөздің дыбысталуы оның материалдық сыртқы көрінісі болып табылса, ал ұғымды білдіріп мағынаға ие болуы оның ішкі мазмұнын білдіреді. Мағынасыз сөз жоқ.
Үшіншіден, сөз грамматикалық тұрғыдан қарағанда сөз таптарына тікелей қатысады, соларға телулі. Сөз таптарында біртұтас сөз тұлғаларын жасап, грамматикалық бірлік бола алады. Бұл - оның сөз тіркесінен өзгешеліген көрсетеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Сөз мағынасының өзгеру себептерi.
2. Сөз мағынасы өзгеруiнiң, жаңа маңына иеленуiнiң сыртқы (немесе экстралингвистикалық) және iшкi (немесе лингвистикалық) себептерi болатындығы.
3. Ауыспалы мағынаны тудыратын тәсiлдер.
4. Сөз мағынасының функционалды семантика заңы бойынша да өзгеретiндiгi.
5. Метонимия жасалу жолдары. Бүтiннiң орнына бөлшектi, жалпының орнына жалпыны, Үлкеннiң орнына кiшiнi немесе керiсiнше қолданудың негiзiнде сөз мағынасының ауысуы.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Болғанбаев Ә., Белбаева М. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988.
2. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы, 1994.
3. Айғабылов А. Қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1956.
4. Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1976.
5. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.
4-дәріс. Фразеологизмдер туралы түсiнiк. Фразеологизмдердiң зерттелу тарихы. Фразеологизм және ұйытқы сөздер. Фразеологизмдердiң семантикалық категориялары.
Дәрістің мазмұны:
1. Фразеологизмдер туралы түсiнiк.
2. Фразеологизмдердiң зерттелу тарихы.
3. Фразеологизм және ұйытқы сөздер.
4. Фразеологизмдердiң семантикалық категориялары.
Фразеология деген термин негізінен екі түрлі мағынада қолданылады. Бірінші мағынасы тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін тіл білімінің саласы деген ұғымда қолданылады. Екіншісі – бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы дегенді білдіреді. Фразеология жеріне жеткізіп зерттеліп біткен деп айтуға болмайды. Мұның шешілмеген даулы мәселелері өте көп. Сондықтан да соңғы жылдарға дейін мұны жеке пән ретінде арнайы зерттеушілер тым аз болды. Көбінесе лексикалық қор ретінде сөз байлығы деген топқа жатқызып, лексиканың көлемінде тексерумен шектеліп келгендігі мәлім. Соңғы 30-40 жыл көлемінде түркі тілдерінде фразеология проблемалары әжептәуір зерттеліп, бірқатар еңбектер жарық көрді. Әсіресе, академик І.Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» атты көлемді еңбеігн тек қазақ тілінде ғана емес, бүкіл түркітануға қосылған елеулі үлес деп қарауға болады. Автор аталған сөздіктің «Қазақ тілінің фразеологизмдері» туралы бөлімінде қазақ тіліндегі фразеологизмдердің теориялық мәселелерін жан-жақты қарастырып, біраз ілгері дамытқан. Қазақ тілінің фразеологиясын зерттеушілердің қай-қайсысы да –бұл еңбекке соқпай өте алмайды.
Фразеологизмдердің өз алдына дербес лингвистика саласы екендігін танытатын негізінен үш түрлі басты белгісі бар: 1) даяр қалпында жұмсалу белгісі; 2) мағына тұтастығы; 3) тіркес тиянақтылығы.
Осы үш белгіні түсіну үшін әрқайсысын жеке-жеке қарастырады. Фразеологизмдердің даяр қалпында жұмсалу белгісі еркін сөз тіркесімен салыстырғанда айқын байқалады. Фразеологизмдер бір бүтін сөз бірлігі ретінде қолданылуы жағынан лексикалық сөз бірлігіне, яғни жеке сөзге ұқсайды. Фразеологизмдердің өзіндік екінші белгісі – мағына тұтастығы. Фразеологизм біткеннің барлығында белгілі бір меншікті мағынасы болады. Ол мағына тұрақты тіркесті құрастырушы сыңарлардың мағыналарына сәйкеспейді, оларға тәуелсіз өмір сүреді. Тіркес тиянақтылығы да фразеологизмдердің ең негізгі белгілерінің біріне жатады. Тиянақты сөз тізбегіндегі сөздер әркімнің қалауынша емес, қалыптасқан белгілі жүйемен орналасқан. Жоғарыда аталған үш белгі арқылы фразеологизмдер тілдің өзге категорияларынан оқшауланып, өзіндік бітім бейнесімен дербес өмір сүреді. Бақылау сұрақтары:
1. Фразеологизмдер туралы түсiнiк. Фразеологизмдер құрамындағы сөз- компоненттердiң фразеологиялық мағына жасаудағы рөлi мен олардың өзiндiк ерекшелiктерi.
2. Фразеологизмдердiң зерттелу тарихы. В. Виноградов, Н. Шанский, М.Молотков т.б. зерттеу еңбектерi. Түркi және қазақ фразеологизмдерiнiң зерттелуi, қазiргi тiл бiлiмiндегi зерттеу бағыттарына шолу. I.Кеңесбаев, Ә. Қайдаров, М. Копыленко мектептерiнiң қалыптасуы.
3. Фразеологизмдердің тiлдiк бiрлiк ретiнде тоғысуы. Фразеологиялық тiркестер деп тану үшiн қойылатын талаптар. Фразеологизмдердiң түрлерi. Фразеологизмдердi кең және тар мағынада түсiну.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Болғанбаев Ә., Белбаева М. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988.
2. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы, 1994.
3. Айғабылов А. Қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1956.
4. Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1976.
5. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.
5-дәріс. Грамматиканың зерттеу нысаны. Грамматика және оның салалары. Морфология пәні және зерттеу объектісі.
Дәрістің мазмұны:
1.Грамматиканың зерттеу нысаны
2.Грамматика және оның салалары.
3.Морфология пәні және зерттеу объектісі.
Морфология – сөздерді жеке – жеке қарастырмайды, оларды белгілі топқа бөліп, сол топтардың әрқайсысына ортақ грамматикалық белгілерін және өзіне тән ерекшеліктерін анықтап, сол жөнінде анықтама жасайды.
Синтаксис – сөздердің тірексін, сөйлем заңдылықтарын жүйелеп, сол жөнінде анықтамалар жасайды.
Морфология - сөз және оның грамматикалық көрсеткіштері туралы ілім. Морфология бөлімінің объектілірі ғылыми тұрғыдан жан - жақты зерттеліп, нақтыланған.
Морфология – грамматиканың көп қолданылатын және оның барлық саласымен ұштасты, оларды қолдануға дәнекері сияқты қызмет атқаратын ең бір тармақты саласы. Соныдқтан да біз мектебіміздегі тәжірибелі мұғалімдеріміз оқушыларға қазақ тілінің грамматикасын жақсы білгізу үшін, тіліміздің морфология бөлімін жақсы білгізуге ерекше ғылыми, пратикалық мән береді. Егер оқушылар морфологияның ғылыми негізгі мен оның өзіне тән белгілерін жақсы білсе, олар қазақ тілі грамматикасының басқа салаларын да жақсы білітін болады.
Морфология бөлімі негізінен мынадай 2 салаға бөлінеді:
Сөз құрамы
Сөз таптары
Бақылау сұрақтары:
1. Тілдің грамматикалық құрылысы дегеніміз не?
2. Морфологияның зерттеу нысанына не жатады?
3. Синтаксистің зерттеу нысанын айтыңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002.
2. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. – Астана: Елорда, 2000.
3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. /морфология/.А.,1991.
4. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А.,1981.
5. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық құрылысы мен мағынасы. А.,1979.
6-дәріс. Грамматикалық мағына туралы түсінік. Грамматикалық форма. Грамматикалық категория.
Дәрістің мазмұны:
1.Грамматикалық мағына туралы түсінік.
2.Грамматикалық форма
3.Грамматикалық категория
Грамматикалық мағына дегеніміз тілде қалыпты сипаты бар (стандартты) сөздер тобы мен сөз тұлғаларына, синтак-систік қүрылымдарға тән жинақты, дерексіз тіддік мағына. Морфология саласында сөз таптарының жалпы мағыналары болсын, сөз тұлғалары мен сөз тобының жеке мағыналары болсын, морфологиялық категорйялар деңгейіне сай бір-бірінен өзгеше болып келеді. Синтаксие саласында граммати-калық мағына предикативтіліктен, сондай-ақ сөз тіркестері мен сөйлем компоненттерінің әр түрлі қатынасын білдіретін дерексіз грамматикалық құрылымдардан көрінеді. Грамматикалық мағына сөзге немесе сөздердің белгілі бір топтарына ғана тән дерексіздігі әлсіз, лексикалық мағыналардан өзгеше.
Грамматикалық мағыналар жүйесі болмыстағы заттар мен құбылыстардың және олардың өзара байланыстары қатынастары туралы ұғымдардың дерексізденуі арқылы калыптасады.
Тілдің грамматикалық механизмі морфемалардан немесе сөздерден жасалмайды, "грамматикалық категория" дец аталатын тіл бірліктерінен (единицаларынан) жасалады. Тідцік грамматикалық механизмін грамматикалық категорияларға қарап білуге болады. Грамматикалық категориялар сөз топтарын, сөз формаларының тобын, сөйлеу позициялары мен сөйлеу конструкцияларын біріктіріп отырады. Сөздер мен сөз формаларынан жасалған грамматикалық категориялар жүйесі морфологияға, ал, сөйлеу позициялары мен сөйлеу конструкцияларынан жасалған грамматикалық категориялар синтаксиске тән. Әрбір синтаксистік категорияның граммати-калық мағынасы морфологиялық категорияның грамматика-лық мағынасына қарағанда жалпы, жинақты болып келеді. Грамматикалық категориялар ішкі қүрылымы жағынан біркелкі емес, жай немесе күрделі болуы мүмкін. Сөздердің лексика-грамматикалық үлкен топтарын білдіретін сөз таптары грамматикалық категориялардың ірі, күрделі түрлері болып табылса, ал, солардың қүрамына кіріп, соларды жасайтын түрлері шағын жай категориялар болып есептеледі. Мысалы, зат есім категориясының қүрамындағы септік, жіктік, көптік, тәуелдік, тек (род); етістік категориясының қүрамындағы жақ, шақ, рай, етіс, есімше, көсемше шағын категориялар болып табылады.
Тілдерде грамматикалық категориялардың мөлшері біркелкі емес. Мысалы, орыс тіліндегі вид, род категориялары қазақ тілінде жоқ. Грамматикалық категориялар үғымына байланысты әлем тілдері бір-біріңен: 1) грамматикалық категориялардың саны мен құрамына қарай, 2) белгілі бір грамматикалық категорияның әр түрлі қүрамда кездесуіне қарай (мысалы, септік жалғаулары орыс тілінде — 6, қазақ тілінде - 7, эстон тілінде - 14), 3) грамматикалық категория-лардың сөз таптарына қатысына қарай жіктеледі. Грамматикалық тұлға дегеніміз грамматикалық мағынаның қалыпты (стандартты) көрінісін, үлгісін білдіретін тіддік белгі. Грамматикалық мағынаны білдіретін граммати-калық түлғалар суффикстер (оның ішінде нөлдік), дыбыстық алмасулар ("ішкі флексия"), қайталау, көмекші сөздер, сөздердің орын тәртібі, интонация, екпін т.б. арқылы көрінеді. Сөздері түрленетін тілдердергі грамматикалық (морфология-лық) түлғаларға сөз таптарындағы сөздердің үнемі өзгеріп отыруы да жатады.
Бақылау сұрақтары:
1.Грамматикалық мағынаның берілу жолдарын айтыңыз.
2. Грамматикалық тәсілдерге мысал келтіріңіз.
3. Грамматикалық форма дегеніміз не?
4. Грамматикалық категория дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002.
2. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. – Астана: Елорда, 2000.
3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. /морфология/.А.,1991.
4. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А.,1981.
5. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық құрылысы мен мағынасы. А.,1979.
7-дәріс. Сөздер тобының лексика-грамматикалық сипаты. Зат есімнің грамматикалық категориялары. Сан есім, сын есімнің түрлері, шырайлары.
Дәрістің мазмұны:
1.Сөздер тобының лексика-грамматикалық сипаты.
2.Сөздерді топтастыру принциптері.
3.Сөз таптырының үш принципке сәйкестігі
Тілдің грамматикалық механизмі морфемалардан немесе сөздерден жасалмайды, "грамматикалық категория" деп аталатын тіл бірліктерінен (единицаларынан) жасалады. Тілдің грамматикалық механизмін грамматикалық категорияларға қарап білуге болады. Грамматикалық категориялар сөз топтарын, сөз формаларының тобын, сөйлеу позициялары мен сөйлеу конструкцияларын біріктіріп отырады. Сөздер мен сөз формаларынан жасалған грамматикалық категориялар жүйесі морфологияға, ал, сөйлеу позициялары мен сөйлеу конструкцияларынан жасалған грамматикалық категориялар синтаксиске тән. Әрбір синтаксистік категорияның граммати-калық мағынасы морфологиялық категорияның грамматика-лық мағынасына қарағанда жалпы, жинақты болып келеді. Грамматикалық категориялар ішкі қүрылымы жағынан біркелкі емес, жай немесе күрделі болуы мүмкін. Сөздердің лексика-грамматикалық үлкен топтарын білдіретін сөз таптары грамматикалық категориялардың ірі, күрделі түрлері болып табылса, ал, солардың қүрамына кіріп, соларды жасайтын түрлері шағын жай категориялар болып есептеледі. Мысалы, зат есім категориясының құрамындағы септік, жіктік, көптік, тәуелдік, тек (род); етістік категориясының құрамындағы жақ, шақ, рай, етіс, есімше, көсемше шағын категориялар болып табылады.
Заттың түсін, сапасын, белгісін, күйін, салмағын, көлемін, иісін т.б. қасиеттерін білдіретін сөз табын сын есім дейміз. Негізгі сын есімдерге түбір сын есімдер жатады.Сын есімнің туынды түріне сын есімдердің бірігуі қосарлануы, зат есім мен сын есімдердің тіркесуі арқылы және сын есімге, басқа сөз таптарына түрлі жұрнақтар қосылуы арқылы жасалған сөздер жатады.
Бақылау сұрақтары:
1. Грамматикалық категориялардың сөз таптарына қатысы туралы айтып беріңіз.
2. Сөздер тобының лексика-грамматикалық сипаты дегеніміз не?
3. Сөздерді топтастыру принциптерін атаңыз.
4. Сөз таптырының үш принципке сәйкестігі туралы талдап көрсетіңіз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002.
2. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. – Астана: Елорда, 2000.
3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. /морфология/.А.,1991.
4. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А.,1981.
5. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық құрылысы мен мағынасы. А.,1979.
8-дәріс. Есімдік. Есімдіктің түрлері. Етістіктің түрлері, етістіктің шақтары, райлары.
Дәрістің мазмұны:
1.Есімдіктің өзіндік мағынасы, морфологиялық белгілері, синтаксистік қызметі.
2.Есімдіктің құрылымдық ерекшеліктері
3.Есімдіктің мағыналық топтары
4.Етістіктердің лексикалық ерекшеліктері
5.Етістіктің грамматикалық категориялары
6.Етіс категориясы
Мөлшер: сонша, осынша, әжептәуір, бірталай, қыруар т.б. Сұрақтары: қанша? Қаншалық? Қаншама?
Сын-қимыл: әрең, әзер, тез, шапшаң, үнемі, кенеттен т.б.Сұрақтары: қалайша? Қайтіп? Кімше? Қалай?
Мақсат: әдейі, әдейілеп, жорта, қасақана.Сұрақтары: неліктен? Не үшін? Не мақсатпен?
Себеп-салдар: басқа, бекерге, жоққа, амалсыздан, шарасыздан.Сұрақтары: не себепті? Неге? Қалай?
Күшейткіш: өте, орасан, мүлде, тіпті, тым, аса, кілең.Сұрақтары: қалай? (қандай?)
Өздік есімдігі - өз деген бір ғана сөзден және оның тәуелденген түрлерінен тұрады. Мысалы: Менің өзім, баланың өзі, өз ісім т.б.
Жалпылау есімдігі – жалпылау, жинақтау мағыналарын білдіретін есімдіктер: бәрі, барлық, бар, барша, бүкіл, күллі, түгел т.б.
Болымсыздық есімдігі – болымсыздық мағынаны білдіретін есімдіктер. Ештеңе, ештеме, ешкім, ешбір, ешқашан, ешқандай, ешқайда т.б.
Белгісіздік есімдігі – заттың сындық белгісін, сан мөлшерді белгісіз етіп, жорамалдап, тұспалдап көрсету: кейбіреу, біреу, әркім, әлдекім, әлдене, бірнеше, әлдеқайда т.б.
Етістік сөйлемде не болымды, не болымсыз түрде қолданылады. Түбір етістіктер болымды етістік болып саналады: кел, сөйле, тында, кет т.б. Болымсыз етістіктер –ма (-ме, -ба, -ба, -бе, -па) –пе жұрнақтарының етістікке жалғануы арқылы және жоқ, емес көмекшілерінің етістікке тіркесуі арқылы жасалады: кел – ме, сөйле – ме, тыңда – ма, кет – пе, барған емес, айтқан жоқ т.б.
Тұйық етістік қимылдың, іс - әрекеттің атын білдіреді, -у жұрнағы жалғану арқылы жасалады: сұра – у, келме – у, айт – ут.б.
Етістік сөйлемде не болымды, не болымсыз түрде қолданылады. Түбір етістіктер болымды етістік болып саналады: кел, сөйле, тында, кет т.б. Болымсыз етістіктер –ма (-ме, -ба, -ба, -бе, -па) –пе жұрнақтарының етістікке жалғануы арқылы және жоқ, емес көмекшілерінің етістікке тіркесуі арқылы жасалады: кел – ме, сөйле – ме, тыңда – ма, кет – пе, барған емес, айтқан жоқ т.б. Біраз ғалымдар бір-бірімен салыстыруға, біріне-бірін қарсы қоя қарауға болатын, өзара байланыста, шарттық кңтынаста түратын бір тектес элементтер бар жердің бәрінде де жүйе бар дегенді айтады.
Бақылау сұрақтары:
1. Есімдіктің арнайы түрлену парадигмасы бар ма?
2. Есімдік жалпылық мәнде қолданылады дегенді қалай түсінесіз?
3. Есімдіктің қандай мағыналық түрлері бар?
4. Етіс жұрнақтарының қабаттаса қолданылуына мысал келтіріңіз
5.Шартты рай формасындағы етістіктің жіктелуіне мысал келтіріңіз
6.Рай жасаушы формаларды атаңыз
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002.
2. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. – Астана: Елорда, 2000.
3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. /морфология/.А.,1991.
4. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А.,1981.
5. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық құрылысы мен мағынасы. А.,1979.
9-дәріс. Етіс категориялары. Үстеу. Үстеудің мағыналық түрлері.
Дәрістің мазмұны:
1. Етіс категориялары
2. Үстеудің жалпы сипаттамасы
3. Үстеудің мағыналық түрлері
Етістіктің ерекше грамматикалық категориясының бірі - етіс. Істің істеушісіне және істелген затқа қатынасына байланысты мағыналық және тұлғалық жақтан құбылуын етіс деп атайды. Етістің 5 түрі бар: 1) негізгі етіс; 2) өздік етіс; 3) өзгелік етіс; 4) ортақ етіс; 5) ырықсыз етіс.
Түбір етістіктің де, басқа сөз табынан жасалған туынды етістіктің де алғашқы тура қалпында айтылған түрін негізгі етіс деп атайды. Бұл етістің басқа түрін жасауға негіз болады. Мысалы: ал, алу, айт, жуын, жуыну т.б.
Іс-әрекеттің сол іс-әрекетті орындаушының өзіне жұмсалуын білдіретін етістіктің түрін өздік етіс деп тайды. Іс-әрекет істеушінің өзіне арналады. Демек, қимылды, іс-әрекетті іске асырушы, екі субъект болады: бірі - сол қимылды орындатушы, екіншісі - қимылды тікелей орындаушы. Өздік етіс етістіктің түбіріне -ын, -ін, -н жұрнағы қосылу арқылы жасалады. Мысалы: жу-ын, ки-ін, мақта-н.
Іс-қимылдың басқа біреу арқылы орындалатынын білдіретін етістің түрін өзгелік етіс деп атайды. өзгелік етісті жасайтын жұрнақтар әр түрлі: -қыз, -кіз, -ғыз, -гіз, -ыз, -із, -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір, -т. Мысалы: айт-қыз, жет-кіз, отыр-ғыз, ем-із, киін-дір, ас-ыр, боса-т, ки-гіз т.б.
Іс-қимылды орындаушының екі немесе бірнешеу екендігін білдіріп, іс-қимылдың бірлесе немесе бір-біріне бағыттала орындалатындығын көрсететін етістің түрін ортақ етіс деп атайды. Мысалы: жаз-ыс, жина-с, хабарла-с т.б.
Іс-әрекеттің атқарушысы, қимыл иесі арнайы аталмай, қимыл өздігінен істелетіндігі көрініп тұрса, ондай етісті ырықсыз етіс деп атайды. Ырықсыз етіс -ыл, -іл, -л жұрнақтары арқылы, кейде түбір –л дыбысына ақталса -ын, -ін, -н жұрнақтары арқылы сабақты етістіктен жасалады. Ырықсыз етіс тек сабақты етістіктен жасалады, өзі жалғанған сабақты етістікті салт етістікке айналдырады. Мысалы: үй сал-ын-ды, бөлме тазала-н-ды, машина көр-ін-ді.
Бақылау сұрақтары:
1. Етіс категориялары
2. Үстеудің жалпы сипаттамасы
3. Үстеудің мағыналық түрлері
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002.
2. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. – Астана: Елорда, 2000.
3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. /морфология/.А.,1991.
4. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А.,1981.
5. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық құрылысы мен мағынасы. А.,1979.
10-дәріс. Шылау сөздер. Септеуліктер, демеуліктер, жалғаулықтар.
Дәрістің мазмұны:
1.Шылаулардың лексикалық ерекшеліктері
2.Шылау сөздердің түрлері
3.Жалғаулықтарға тән грамматикалық сипат
4.Септеулік шылаулар
5.Демеулік шылаулар
Шылау сөздер – толық лексикалық мағынасы жоқ, тек сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып тұратын немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздер.Шылау сөздер мағыналарына, қызметіне қарай 3 топқа бөлінеді: септеулік, демеулік, жалғаулық шылаулар.
Септеулік шылаулар өзі тіркесетін сөздің белгілі бір септік жалғауында тұруын қажет етеді.Септеулік шылаулар: үшін, шейін, кейін, бұрын, арқылы, бірге, қатар, жөнінде т.б
Жалғаулық шылаулар сөзбен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады: және, мен, бен, пен, бірақ, ал, алайда, не, немесе, өйткені, себебі т.б
Демеулік шылаулар –сөйлемге күшейту, тежеу, шектеу, сұрау, болжалдық, күмән сияқты қосымша мағына үстейді.Олар: -ма,-ме, -ба,-бе,-па,-пе,-қана,-ақ,-ау,-мыс,-міс т.б
Бақылау сұрақтары:
1. Шылаулардың грамматикалық мағыналары қандай?
2. Жалғаулықты шылаулар қандай қызмет атқарады?
3. Септеулікті шылаулар қандай қызмет атқарады?
4. Демеулікті шылаулар қандай қызмет атқарады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002.
2. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. – Астана: Елорда, 2000.
3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. /морфология/.А.,1991.
4. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А.,1981.
5. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық құрылысы мен мағынасы. А.,1979.
11-дәріс. Одағай. Одағайдың түрлері. Еліктеу сөздер. Еліктеуіш, бейнелеуіш сөздер. Жаттығу жұмыстары.
Дәрістің мазмұны:
1.Одағайлардың лексика-грамматикалық сипаты
2.Одағайлардың мағыналық түрлері
3.Одағайлардың сөйлемде қолданылуы
4.Еліктеу сөздер туралы түсінік.
5.Еліктеу сөздердің семантикалық сипаты, синтаксистік қызметі.
Одағай сөздер – сөз табына жататын толық мағынасы жоқ сөздер, тек адамның қорқу, қуану, шаттану, ренжу, өкіну сияқты көңіл – күйін, сезімін білдіреді. Мысалы: алақай, бәрекелді, аһ, паһ – паһ, оһо, уһ, әттең, мәссаған, тәйт, тек т. б. Еліктеу сөздер – лексикалық тұлғалық жағынан өзгеше сөз табы. Олардың айналадағы дыбыстар мен қимылдарға еліктеуден жасалатындығы. Еліктеу сөздердің түрлері: еліктеуіш сөздер. Бейнелеуіш сөздер. Дара және күрделі еліктеу сөздер.
Бақылау сұрақтары:
1. Одағайлардың қандай мағыналық топтары бар?
2. Одағайлардың сөйлемде қолданылу ерекшелігін атаңыз.
3. Көңіл күй одағайларына мысал келтіріңіз
4. Шақыру одағайларының мағыналық ерекшелігі қандай?
5.Еліктеу сөздер туралы түсінік.
6. Еліктеу сөздердің семантикалық сипаты, синтаксистік қызметі
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002.
2. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. – Астана: Елорда, 2000.
3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. /морфология/.А.,1991.
4. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А.,1981.
5. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық құрылысы мен мағынасы. А.,1979.
12-дәріс. Синтаксис туралы жалпы түсінік. Синтаксистік тұлғалар. Сөз тіркесінің байланысу формалары.
Дәрістің мазмұны:
1. Сөз тіркесінің байланысу формалары. Матасу,қабысу жайлы көзқарастар
2. Матаса байланысқан сөз тіркестерінің бірінші сыңарының түлғасы.
3. Қабысу. Ол туралы көзқарастар. Қабысу сөздердің орын тәртібі арқылы жасалатындығы, оның көріністері
4. Жанасу. Жанасудың өзіндік белгілері.
Матасу туралы түркологиялық көзқарастар, қиысумен ара қатынасы, ілік және барыс, табыс т.б. жалғаулы сөздердің басыңқы сөзбен тіркесіндегі ерекшеліктері туралы. Матаса байланысқан сөз тіркестерінің бірінші сыңарының түлғасы. Ілік жалғауының ашық түрі екендігі, олардың орны, бағыныңқы сыңарда қолданылатын сөз таптары:
- Есімдер, етістік, үстеу.
- Негізгі сөздер мен көмекші сөздер, олардың түрлері.
- Тұрақты тіркестер.
- Бар, жоқ сөздері.
Қабысу. Ол туралы көзқарастар. Қабысу сөздердің орын тәртібі арқылы жасалатындығы, оның көріністері:
- сөздердің орын тәртібі арқылы, жақсы тілек;
- негізгі сөздер мен көмекші сөзді түйдекті тіркестерге кейбір жұрнақтардың жалғануы арқылы, үйдің қасындағы бау;
- көнеленген септік жалғаулы үстеулер арқылы, зорға түсіндіру;
- септік жалғауларының түсірілуі арқылы, кітап оқу;
- тұрақты тіркестер арқылы.
Қабысудың бағыныңқы сыңарлары: есімді сөз тіркестері: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, есімше, қимыл есімі, үстеу, негізгі сөз бен көмекші сөздер, түрақты тіркестер; етістікті сөз тіркестері: үстеу, көсемше, еліктеуіш сөздер, сын есім, сан есім, зат есім, түрақты тіркестер ондай сөздердіц тіркесу қабілеті, мағыналық байланысу. Қабысудың басыңқы сыңарына қарай есімді, етістікті және ортақ басыңқы түрлері, ондай кездегі сөз таптарының ара қатынасы.
Жанасу. Жанасудың өзіндік объектілері. Жанасуда бағыныңқы сыңардын, алшақ, іргелес тұруына қарай шылаулы меңгерумен ара қатынасы, жанасу терминінің мәні, жанасудың құрамы. Бағыныңқы мен басыңқыны жанастыратын дәнекерлер, түрлері: жанасудың етістікті, кейде есімді, құрама түрлері:
- негізгі сөз бен көсемше тұлғалы көмекші етістік;
- негізгі сөз және шылау;
- негізгі сөз және модаль сөздер;
Бақылау сұрақтары:
1.Матасу, қабысу формаларына мысалдар келтіріңіз
2.Матаса байланысқан сөз тіркестерінің бірінші сыңарының түлғасын мысалдар арқылы көрсетіңіз
3.Қабысу мен жанасу формаларына мысалдар келтіріңіз
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аманжолов А.С. Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы. 1940.
2. Аманжолов А.С., Сауранбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. II бөлім.
Синтаксис. 1 басылуы. 1939.
3.Аманжолов А.С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы.
II бөлім. Синтаксис.1971.
4. Аманжолов А.С. Сөйлем мүшелерін таптастыру мәселелері. - "Тіл
мәселелері". Мақалалар жинағы ІІ-кітап, Алматы, 1936.
5.Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998.
13-дәріс. Сөйлем мүшелерінің түрлері.
Дәрістің мазмұны:
1. Сөйлем мүшелерінің түрлері
2. Сөйлем мүшелері туралы козқарастар.
3.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің зерттелуі
4. Бастауыш пен баяндауыштың негізгі қасиеттері
Сөйлем мүшелері туралы жалпы түсінік. Сөйлем мүшелерінің атаулары туралы. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері, олар туралы көзқарастар. Тұрлаулы сөйлем мүшелерінің кайсысының басым екендігі, бастауыш пен баяндауыштың арасындағы катынас - предикативтік туралы, оның көріністері.
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері туралы көзқарастар. Тұрлаусыз мүшелерге қатысты сөздердің тұлғалық, мағыналық ерекшеліктері, олардың, түрлері мен бір-бірінен айырмашылығы, сұраулары мен мағыналарындағы өзара ұқсастық пен айырмашылық.
Бастауыш, оның зерттелуі. Бастауыштың негізгі қасиеттері. Бастауыштық топ, оның көрінісі. Бастауыштың сөйлемдегі орны. Бастауыштық тұлға: нольдік, көптік, тәуелдік жалғаулы түрлері мен септік жалғаулы сөз бен көмекші сөзді топтар. Бастауыштың сұраулары. Бастауыштың түрлері. Бастауыштағы жақтык, көрініс. Бастауыштың жасалу жолдары, семантикасы. Негізгі сөздердіц бастауыш қызметінде жүмсалуы, ерекшеліктері. а) зат есім иен есімдік. ә) заттану арқылы: сын есім, сан есім, есімше, есімдіктер, үстеу. Негізгі сөздер мен көмекші сөздердің түйдектелуі арқылы жасалған бастауыштар, түрлері, олардың тұлғалық ерекшеліктері.
Бастауыштың құрамы. Дара, күрделі, үйірлі бастауыштар. Бастауыш аясының, кеңеюі. Бастауыштың басқа сөйлем мүшелеріне ауысу процессі. Баяндауыш, оның зерттелуі, бастауышқа қатысы. Баяндауыштың негізгі қасиеттері. Баяндауыштық топ. Баяндауыштық тұлғалар.
Етістікті баяндауыштардың тұлғалық ерекшеліктері: бұйрық рай, жіктік жалғауы, есімше формасы, шартты рай, қимыл есімі, негізгі етістіктер мен көмекші етістіктер, көнеленген баяндауыштық. Есімді баяндауыштардың тұлғалық ерекшеліктері: нольдік форма. Септік жалғауы, көптік жалғаулы, жіктік жалғаулы түрлері. Құрама баяндауыштар. Баяндауыштың сұраулары, жасалу жолдары, семантикасы. Негізгі сөзді баяндауыштар. Негізгі сөздер мен көмекші сөздердің баяндауыш қызметінде жүмсалуы. Баяндауыштың құрамы: дара, күрделі түрлері. Етістікті, есімді, құрама, үстеулі, еліктеуіш, модаль сөзді және бар, жоқ сөзді.
Бақылау сұрақтары:
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері туралы көзқарастарды конспектілеңіз
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері туралы көзқарастар конспектілеңіз
Бастауыш пен баяндауыштың негізгі қасиеттеріне сипаттама беріңіз
Бастауыш пен баяндауыштың жасалу жолдарын көрсетіңіз
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аманжолов А.С. Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы. 1940.
2. Аманжолов А.С., Сауранбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. II бөлім.
Синтаксис. 1 басылуы. 1939.
3.Аманжолов А.С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы.
II бөлім. Синтаксис.1971.
4. Аманжолов А.С. Сөйлем мүшелерін таптастыру мәселелері. - "Тіл
мәселелері". Мақалалар жинағы ІІ-кітап, Алматы, 1936.
5.Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998.
14-дәріс. Жай сөйлем туралы түсінік. Жай сөйлемнің түрлері.
Дәрістің мазмұны:
Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуі
Тұрлаусыз мүшелердің қатысу, қатыспауына қарай жалаң, жайылма сөйлемдер.
Атаулы сөйлемдер қолданысы
Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуі. Хабарлы сөйлем, оның есімді, етістікті түрлері, олардың тарихи қалыптасу жолдары. Сұраулы сөйлем, олардың жасалуы, сұраулы сөйлемді жасаудағы интонацияның орны. Лепті сөйлем. Бұйрықты сөйлем, олардың бір-бірінен айырмашылыктары, жасалу жолдары.
Тұрлаусыз мүшелердің қатысу, қатыспауына қарай жалаң, жайылма сейлемдер. Бастауыштың қатысу, қатыспауына қарай жақты, жақсыз сөйлемдер. Белгісіз жакты және жалпылама жақты сөйлемдер. Тұрлаулы не тұрлаусыз мүшелерінің қатысуына қарай толымды, толымсыз сөйлемдер. Атаулы сөйлем, оның өзіндік ерекшеліктері Бақылау сұрақтары:
1.Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуін нақты мысалдармен дәлелдеңіз
2.Тұрлаусыз мүшелердің қатысу, қатыспауына қарай жалаң, жайылма сөйлемдерге мысалдар жазыңыз
3.Атаулы сөйлемдерге мысалдар жазыңыз
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі /синтаксис/. А., 1972.
2. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Жай сөйлем синтаксисі. А., 1991.
3. Әміров Р. Жай сөйлем синтаксисі. А., 1983.
4. Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі. А., 1992.
5. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. А., 1997.
6. Есенов Қ. Құрмалас сөйлем синтаксисі. А., 1995.
7. Жақыпов Ж. Сөйлеу синтаксисінің сипаттары. Қ., 1998.
8. Қордабаев Т.Р. Қазіргі қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдердің синтаксисі. А., 1995.
9. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. – А., 1996.
15-дәріс. Құрмалас сөйлем туралы сипаттама. Құрмалас сөйлемнің даму жолдары, түрлері. Құрмалас сөйлем синтаксисінің зерттелуі.
Дәрістің мазмұны:
1. Құрмалас сөйлем туралы жалпы сипаттама.
2.Құрмалас сөйлемнің даму жолдары.
3.Құрмалас сөйлем синтаксисінің зерттелуі.
4. Салалас, сабақтас, аралас құрмалас сөйлемдердің жалпы сипаттамасы және айырым белгілері.
Құрмалас сөйлем - синтаксистік тұлға, оның грамматикалық, семантикалық сипаты. Құрмалас сөйлемнің формасы. Құрмалас сөйлем жүйесіндегі предикативтік. Құрмалас сөйлемнің компоненттерін байланыстыратын, тұтастыратын тіл амалдары. Құрмалас сөйлемнің компоненттерін байланыстырудағы жалғаулықтардың, септеуліктердің, анафористік сөздердің, орын тәртібінің, блин, морфологиялық тұлғалардың т.б. жұмсалу сипаттары. Құрмалас сөйлемді бір синтаксистік тұлға ретінде тұтастыруда, оның грамматикалық түрлерін саралауда интонацияның атқаратын рөлі. Құрмалас сөйлем компоненттерінің баяндауыш мүшелерінің үйлесу сипаты.
Құрмалас сөйлемдердің салалас, сабақтас болып топтасу принципі. Түркологияда, қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемдердің түрлерін ажырату принцибінің айқындалуы. Бұл принциптің тіл-тілдердің құрылыс ерекшеліктеріне сай көрінуі. Құрмалас сөйлем құрлысы мен пікірдің қарым-қатынасы және құрмалас сөйлемнің тілге тән тұлға ретінде ерекшеленуі. Құрмалас сөйлем жүйесі мен жай сөйлем жүйесінің құрылымдық, функционалдық қарым-қатынасы.
Құрмалас сөйлем – синтаксистің үлкен бір саласы. Тіліміздегі жай сөйлемдер мен оның күрделенген түрлері де бір предикаттық қатынастың негізінде құрылса, құрмалас сөйлемдер ең кем дегенде екі предикаттық қатынастың негізінде құрылады.
Қазақ тілі құрмалас сөйлем жүйесін зерттеуге арналған алғашқы еңбектер, олардың мазмұны. А.Байтұрсынұлының құрмалас сөйлемдер құрылысын зерттеуге арналған еңбектері. С.Жиенбаевтың құрмалас сөйлемдердің грамматикалық типтерін тануға арналған еңбегі. С.Аманжоловтың, С.Сауранбаевтың қазақ тілі синтаксисін оның қатарында құрмалас сөйлемсинтаксисін зерттеуі, негізгі еңбектері.
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ тілі құрмалас сөйлем жүйесін зерттеуге арналған алғашқы еңбектерге шолу жасаңыз
2. Құрмалас сөйлемнің даму жолдарын баяндаңыз
3. Құрмалас сөйлем синтаксисінің түркі тіл білімі мен орыс тіл білімінде зерттелуі жайын салыстырып көріңіз
4. Салалас, сабақтас және аралас құрмалас сөйлемдердің түрлері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі /синтаксис/. А., 1972.
2. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Жай сөйлем синтаксисі. А., 1991.
3. Әміров Р. Жай сөйлем синтаксисі. А., 1983.
4. Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі. А., 1992.
5. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. А., 1997.
6. Есенов Қ. Құрмалас сөйлем синтаксисі. А., 1995.
7. Жақыпов Ж. Сөйлеу синтаксисінің сипаттары. Қ., 1998.
8. Қордабаев Т.Р. Қазіргі қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдердің синтаксисі. А., 1995.
9. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. – А., 1996.
3 СЕМИНАР САБАҚТАРЫ
1-семинар. Фонетика-тіл ғылымының бір саласы. Зерттелуі. Фонетиканың бүгінгі жай-күйі.
Сабақтың мазмұны:
1.Фонетика – тіл ғылымының бір саласы. Зерттелуі
2.Фонетиканың бүгінгі жай-күйі
3. Тілдің дыбыстық жүйесі
Сабақтың мақсаты: Қазіргі фонетика дыбыстың төрт қырын жеке қарастырады, олардың ерекшелігін ажырату деңгейін бақылау.
Бақылау сұрақтары:
Фонетика – тіл ғылымының бір саласы. Зерттелуі
Фонетиканың бүгінгі жай-күйі
Латын әліппиіне көшу туралы өз ойыңыз
Әдістемелік нұсқаулық: Қазақ тілінің фонетист ғалымы Ә.Жүнісбеков фонема ұғымының түркі тілдерінің табиғатына аса үйлесімді еместігін айтып, түркі тілдері үшін «сингармема» деген атаудың лайықтығын дәлелдейді. Бұл түркі тілдеріндегі сингорманизм заңдылығымен үйлес. Сингармонизм зандылығын С. Мырзабеков көп зерттеді. Фонетикалық процестер: ассимиляция, диссимиляция, диереза, редукция, элизия және т.б. фонетикалық кұбылыстар: просодиялық фонетикалық құбылыстар, анлауттағы фонетикалық кұбылыстар. инлауттағы фонетикалық құбылыстар, ауслауттағы фонетикалық құбылыстар жайында кеңінен тоқталу.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. – Алматы: Қазақ университеті, 1993.
2. Бейсенбаева К. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. – Алматы, 1993.
3. Болғанбаев Ә., Белбаева М. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988.
4. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы, 1994.
5. Айғабылов А. Қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1956.
6. Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1976.
2-семинар. Ұғым. Сөз мағынасы. Семасиология, оның негізгі заңдары туралы түсінік.
Сабақтың мазмұны:
1. Сөзге тән белгілер
2. Сөз типтері.
3.Ұғым мен мағынаның айырмашылығы
4. Көп мағыналылық
5. Сөз мағыналары, кеңею мен тарылуы, бөлшектің бүтінге ауысу заңы.
6. Сөздің ауыс мағынасы және жасалу тәсілдері.
Сабақтың мақсаты: Сөздің анықтамасына тоқталып, негізгі белгілері мен нұсқалары, типтері туралы теориялық ұғым қалыптастыру.Ұғым мен мағына,сөз және олардың ара қатынасы мен сөз мағынасының түрлерін ажырата білуге дағдыландыру. Семасиологияның зерттеу объектісі туралы алған білімдерін толықтыру және оның негізгі заңдары қарастыратын мәселелерін ажырату, меңгерту.
Бақылау сұрақтары:
1.Қазақ тілінің генеологиялық жіктемесі.
Қазақ тілі - ұлт тілі, ұлттық әдеби тіл және мемлекеттік тіл.
Қазақ тіл білімінің зерттелу тарихына шолу. Конспект
Лексикологияның мақсаты, зерттеу обьектісі.
Тіл білімінің лексикологиямен шектес салалары.
Әдістемелік нұсқаулық: Жұмысты орындау барысында тақырыпты ашу үшін, жұмысты жүйелі орындау үшін көрсетілген мәселелер жайлы мәліметтер мен әдебиеттерді оқып қарулану керек. Қазақ тіл білімінде семасиология ғылымының зерттеу аясы, зерттелу жайында толық мәлімет беру. Тақырып бойынша ұсынылатын әдебиеттерді пайдалана отырып ғалымдардың негізгі теорияларын сараптау және салыстырмалы түрде талдау.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Болғанбаев Ә., Белбаева М. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988.
2. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы, 1994.
3. Айғабылов А. Қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1956.
4. Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1976.
5. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.
3-семинар. Сөздің көп мағыналылығы және жасалу жолдары. Синонимдер, синонимдік қатар, оның түрлері. Антонимдердің ерекшеліктері.
Сабақтың мазмұны:
Омонимдер, жасалу жолдары
Омофондар
Омографтар
Синонимдердің лексика-семантикалық сипаты
Синонимдердің жасалуы. Синонимдік қатар.
Антонимдер. Олардың лексика-семантикалық сипаты
Сабақтың мақсаты: Сөздің көп мағыналығы, омонимдер және түрлері, олардың көп мағыналы сөздерден айырмашылығын, пайда болу жолдары, стилистикалық мәні мен зерттелу жайын меңгерту. Синоним сөздердің түрлері, олардың стильдік қызметі, пайда болу жолдары туралы білімдерін іс жүзінде қолдана білу, іскерліктерін дамыту. Антонимдік құбылыстың тіліміздегі орны, оның стильдік қызметі туралы білімдерін тиянақтау.
Бақылау сұрақтары:
Омонимдердің стилистикалық мәні, зерттелу жайы. Аханов К. Қазақ тіліндегі омонимдер. Конспект жасау.
Лексикалық антонимдердің стилистикалық мәнін поэзия тілінен алынған мысалдар негізінде дәлелдеу.
Омофондар, омографтар, омоформаларға мысалдар келтіру.
4.Мына сөздердің омонимдік мағыналарын анықтау
Аз, ана, ара, арба, арна, айыр, бау, бақ, без, біз, бу, бар, дақ, делбе, еле, ем, ен, ер, ерін, ерік, ес, ет, жалын, жара, жас, жат, жау, жек, жең, жирен, жөн, жыр, көп, көрік, косо, қош, күл, лақ, мал, мақта, мін, мен, нан, ой, ор, от, он, піс, сай, сан, сана.
5.Омонимдердің түрлерін ажырату.
Лексикалық омоним. (бір сөз табынан). Дәрі І. Дәрі ІІ (оқ-дәрі)
Әр сөз табынан лексика-грамматикалық омоним.
ұста І ұста ІІ жала І жала ІІ
Аралас омоним. Ат – зат есім, ат – етістік.
Сөздердің әрқайсысын омоним болатындай етіп сөйлем құрау, түрін ажырату.
Асау, жақ, жарық, қырық, саз, сый, түс, қал, шаш, қорық, жан.
6. Мына сөз, сөз тіркестерінің қайсысы омофон, қайсысы омограф? Ажырату. Көмбе-көнбе. Көрші-көрші. Тұщы-тұзшы. Оқушымыз-оқушымыз. Қосшы-қошшы. Том ба? – тон ба? Ала ғой-ала қой. Қалада-қала да. Қара ат-қарат. Ортақ ой – орта ғой. Бала-ақ – балақ. Сары ала – сарала. Баспа – тас па. Қара ала – қарала. Бөлме, алма, тартпа, кеспе, сүзбе, көрме.
Әдістемелік нұсқаулық: Көп мағыналыққа ғана тән белгілерді саралату. Көп мағынаның түрлеріне талдау. Тілдегі синонимдер мен антонимдердің пайда болу жолдары, типтері. Синоним сөздердің лексика-семантикалық ерекшеліктері, зерттелу жайы.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Болғанбаев Ә., Белбаева М. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988.
2. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы, 1994.
3. Айғабылов А. Қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1956.
4. Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1976.
5. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.
4-семинар. Кәсіби сөздер, диалект сөздер, тұрмыстық сөздер. Бейнелі сөздер, жаргон, арго, варваризмдер.
Сабақтың мазмұны:
Кәсіби сөздер
Диалект сөздер
тұрмыстық сөздер
Бейнелі сөздер
Жаргон, арго
Варваризмдер
Сабақтың мақсаты: Арнаулы лексика мен диалектілік лексиканың айырмашылықтарын ажырата отырып, сөздіктермен жұмыс жасау. Сөйлеу тілінің лексикасының өзіндік ерекшеліктерін, бейнелі сөздер, жаргон, арго, варваризмдерді ажырату.
Бақылау сұрақтары:
Кез-келген мәтіннен арнаулы сөздерді тауып,олардың терминдік мағынасын жалпыхалықтық қолданыстағы сөздер мен терминдердің семалық құрылысындағы ұқсастықтар мен өзгешелікерін саралай отырып жазыңыз.
Қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктер. Конспект жасау.
Берілген сөздердің әдеби тілдегі вариантын анықтаңыз:
Кемшіл –
Баспақ –
Тақау –
Дүз-
Тыраш –
Көпей –
Ұрық –
Құман –
4.Сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлері. Конспект жасау.
5.Тұрмыстық сөйлеу тілі, варваризмдердің көркем шығарма тіліндегі көрінісіне мысалдар келтіру.
6.Тыңдаушыға ерекше әсер қалдыруда варваризмдердің қолданысы.
Әдістемелік нұсқаулық: Қолдану аясы тар лексиканың түрлеріне шолу. Фонетикалық, грамматикалық, лексикалық ерекшеліктері
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Болғанбаев Ә., Белбаева М. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988.
2. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы, 1994.
3. Айғабылов А. Қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1956.
4. Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1976.
5. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.
5-семинар. Фразеологияның ұлттық мәдени ерекшеліктерін айқындау ауыспалы мағынаның, метафорлы тіркестердің фразеологизмге өту амалдары.
Сабақтың мазмұны:
1. Қазақ фразеологизмдерінің ұлттық мәдени көрінісі
2.Фразеологимдердің лексика семантикалық табиғаты
3. Қазақ фразеологизмдеріндегі синонимия құбылысы
Сабақтың мақсаты: Фразеологияның ұлттық мәдени ерекшеліктерін айқындау ауыспалы мағынаның, метафорлы тіркестердің фразеологизмге өту амалдарын меңгерту.
Бақылау сұрақтары:
Тұрақты тіркестер құрамындағы мағынасы күңгірттенген компоненттер. Конспект жасау.
Ауыспалы мағынаның, метафорлы тіркестердің фразеологизмге өту амалдарын мысалдар арқылы дәлелдеу.
Әдістемелік нұсқаулық: Фразеологизмдердің ұлттық-мәдени ерекшеліктерін айқындауда адамдардың дүниені, яғни әлем суретін ондағы түрлі құбылыстарды қабылдау әрекетіндегі образдылық.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Болғанбаев Ә., Белбаева М. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988.
2. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы, 1994.
3. Айғабылов А. Қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1956.
4. Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1976.
5. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.
6-семинар. Грамматика және оның салалары. Тілдің грамматикалық құрылысы. Грамматикалық мағына мен грамматикалық форма; грамматикалық категория.
Сабақтың мазмұны:
Морфологияның зерттелу тарихы, зерттеу объектісі.
Морфологияның тіл білімінің басқа салаларымен байланысы.
Сөз және оның морфологиялық құрылымы.
Грамматика және оның салалары.
5. Негізгі түбір және туынды түбір.
Біріккен сөз
Қос сөз
Қысқарған сөз
Достарыңызбен бөлісу: |