Аналық махаббат. Тең дәрежелілер арасындағы махаббаттың формалары болып табылатын ағалық және жыныстық махаббатқа қарама қарсы аналық махаббат бар. Негізінен ана мен бала арасындағы байланыс өзінің табиғаты жағынан тең дәрежеде емес, өйткені бала әрдайым көмекті қажет етеді де, ал ана әрдайым сол көмекті беріп отырады. Өзінің альтуристік және шексіз сипаттағы ана махаббаты – махаббаттың ең жоғарғы түрі болып табылады және бүкіл эмоционалдық байланыстардың ішіндегі ең қасиетті сезім болып табылады. Шынымен де аналық махаббаттың ең жоғарғы жетістігі ол ананың сәбиіне деген махаббаты емес, оның өсіп келе жатқан ұрпаққа деген махаббаты болып табылады. Трансценденциялануға деген қажеттілік ол адамның өзінің санасының түпкірінде жатқан негізгі қажеттіліктерінің бірі болып табылады. Ол осы жарық дүниедегі өзінің роліне қанағаттанбағандықтан, өзін кубоктан қалай болса солай лақтырылып тасталған ойынның тасы ретінде қабылдай алмайды. Ол өзінің енжар ролінің шеңберінінен асып шығып, өзін жасампаз ретінде сезінгісі келеді. Осы әлем мен адамның жаратылысынан қанағат алуға қол жеткізудің көптеген жолдары бар, осындай қол жеткізудің аса жеңіл әрі табиғи жолы ол – аналық қамқорлық пен оның жасампаздығына деген махаббат. Өйткені ана бала арқылы өзінің шеңберінен асып шығады. Балада ол өз өзінің шеңберінен шығады, ананың махаббаты оның өміріне мән мен мағына береді. (Бала тудыру арқылы трансценденциялануға деген өзінің қажеттілігін қанағаттандырудағы еркектің қабілетсіздігінің өзінде оның өзінің қолынан туғандары мен идеяларының шеңберінен асып шығуға деген қажеттілік жатыр). Бірақ бала өсуі керек. Бала ананың ыстық алақаны мен ыстық ұясынан шығып тәуелсіз тұлғаға айналады. Аналық махаббаттың негізгі мәні ол баланың өсуіне қамқорлық жасау, өз аяғынан тік тұрып кетіп өз алдына өмір сүруіне жағдай жасайды. Жыныстық махаббаттан аналық махаббаттың ең басты ерекшелігі нақ осыда. Жыныстық махаббатта бір біріне қарама қарсы екі адамның бір тұтастықққа бірігуі көрініс береді. Ал аналық махаббатта бір тұтастық пен бірлікте болған екі адам бір бірінен ажыратыла бастайды. Анасы баласының өзінен ажырап бөлектене бастағанына көніп қана қоймай, сонымен бірге оны қалыпты жағдай деп қабылдап бұған өзі көмектесіп жағдай жасауы керек. Нақ осы қиын кезеңде аналық махаббат өте қиын да күрделі жағдайға душар болады. Өйткені бұл жағдай анадан өзінің сүйікті адамының бақытынан басқа қолындағы бар нәрсесін беруді, барлығын құрбан қылуды, бірақ бұдан мұның еш қайтарымын күтпеу қабілеттілігін, бар жан тәнімен берілуді және адалдықты талап етеді. Нақ осы кезеңде көптеген аналар аналық махаббаттың осындай күйкісіне шыдай алмай, қабілетсіздік танытады. Өсіп келе жатқан балаға деген ананың махаббаты алуды емес, тек беруді ғана көздеген, ешқашан баладан қайтарымды күтпейтін шынайы, таза да пәк махаббат және бұл - махаббат атаулының ішіндегі ең күрделі формаларының бірі. Егер әйел өз күйеуін, бүкіл адамзатты өз баласын, басқа адамдарды сияқты жалпы жақсы көруге қабілетті болса ғана шынайы ана бола алады. Ол егер де әйелде жалпы адамзатқа деген осындай махаббат болмаса, онда ол бала өсем дегенге дейін, жас сәбиге ғана нәзіктік танытқан ана бола алады. Шынайы ана - баласы өзінен алыстап жыраққа кетсе де ол оны жақсы көруін жалғастыра бермек.
Ағалық махаббат. Ағалық махаббат бұл махаббаттың барлық түрлерінің негізінде жатқан махаббаттың фундаментальды түрі. Ағалық махаббат ол жауапкершілік сезімінен, басқаға әрдайым көмектесуден, оған мейірімділік танытып, қамқор болудан көрініс табады. Әлсіздерге, кедейлерге көмек көрсетіп, мейірбандық таныту бұл ағалық махаббаттың бастамасы болып табылады. Тек өзіңнің ағайындарың мен жақындарыңа ғана көмектесіп мейірімділік таныту да бар, бірақ ол шынайы ағалық махаббат емес. Бұл адамдыққа жатпайды. Өйткені жан-жануарлардың өзі балаларын ғана жақсы көріп оған қамқорлық танытады. Мысалы, дәрменсіздер өзінің қожасын жақсы көреді, өйткені оның өмірі қожайынының қолында. Бала өзінің ата анасын жақсы көреді, өйткені олар оған керек. Бірақ та шынайы махаббатта ешқандай мақсат болмайды. Алдына ешқандай мақсат қоймағандарға ғана шынайы махаббат ашыла бастайды. Ағалық махаббат бұл тең дәрежедегілер арасындағы махаббат, бірақ тең дәрежелілер де әрдайым тең болмайды. Апа, сіңлілер мен ағалар арасындағы махаббат – бұл да ерекше феномен. Балалар алғаш рет ойнағаннан бастап біреуі үлкен аға немесе үлкен апа болып жатады. Өйткені, отбасындағы жасы үлкен балалар ата анамен бірге кішкентайларға қамқорлық танытып, оларға әлеуметтік жағынан қолдау көрсетеді.
Еркек пен әйел арасындағы махаббат. Егер де аналық махаббат пен ағалық махббатта таңдау жоқ болса, немесе ана өз балаларының барлығын жақсы көруге немесе аға өз інілерінің барлығын жақсы көруге негізделсе, онда жыныстық махаббат бұлардан өзгеше. Мұндай махаббат терең дифференциацияланған, мұндағы махаббат таңдауға негізделген, адам бір ғана жалғыз адаммен тұтастықта болып, бас қосып бірігуге құмартады. Э. Фроммның пікірінше, махаббатқа қарағанда жыныстық құмарлық тек дене құмарлығымен, жалғыздық алдындағы қорқыныш сезімімен, біреудің жүрегін жаулап алумен ғана шектеледі.
Махаббат ол кездейсоқтан пайда болмайды. Ол адамның бүкіл ішкі әлемінің біртіндеп өзгеріске ұшырап, қайта жандануы жаңа бір күй кешуі. Стендаль махаббат сезімінің пайда болуын былай суреттеп береді:
1) Таң қалу
2) Ғашық адам сүйіктісінің сұлулығына сүйсініп оны құшағына алып сүюді армандайды.
З) Ғашық адамына деген үміт оты оянады.
4) Махаббат оянады.
Жақсы көру дегеніміз – ләззат сезіміне бөлену. Адам өз ғашығын барлық сезім органдарымен сезіне бастайды.
5) Алғашқы кристаллдану процесі басталады.
Адам өзінің сүйікті ғашығын қуаныш пен ләззатқа бөлеуі үшін, барлық құрбандықтарға дайын бола бастайды және мұны ол қуанышпен іске асырады.
Кристалдану – бұл ойдың ерекше бір қызметі.
6) Күмәнның тууы.
Ғашық адам өзіне жақын тұрған бақытқа күмәндана бастайды; ол өзіне жылт етіп көрінген үміттің өзіне күмәнмен қарай бастайды. Ол өзін өмірдің басқа да қуаныштарына бөлегісі келеді де кейін оны жоғалтып та алады. Осыдан ол бақытсыздық сезіміне бөленіп, осы сезімнен кейін ол ойға шомады.
7) Екінші кристаллдану процесі.
Екінші кристаллдану процесі басталғанда ғашық адам «ол да мені жақсы көреді» деген ойға келеді.
Ғашық адам үш түрлі ойдың арасында ойланып толғана бастайды:
1. Оған ешкім тең келмейді.
2. Ол мені сүйеді.
3. Оның сүйетіндігінің дәлелдеріне қалай көз жеткізуге болады? Махаббаттың ұзақтығы екінші кристаллдану процесінде анықталады, осы кезде ғашық адамыңның жауабын ала аласың немесе ала алмайсың. Екінші кристаллдану процесі тез беріле салатын махаббат жағдайында өтпейді.
Сонымен бірге мына жағдайды ескеру керек. Өзінің табиғаты жағынан әйелдер еркектерге қарағанда сезімтал келеді. Әйелдердің өмірінде сезімнің алатын орны ерекше. Көптеген әйелдер үшін сүюден гөрі сүйікті болу өте маңызды. Өйткені бұл қасиет әйелдердің психологиялық табиғатының өзінде жатыр. Ал ер адамдар болса сүйікті болудан гөрі сүюді қалайды.
Бекітуге арналған сұрақтар:
Махаббат философиясының ерекшелігі
Махаббатқа қазіргі қоғам тұрғысынан философиялық шолу
№18 Дәріс тақырыбы: Дін философиясы.
Дәріс жоспары:
1. Дін ұғымы, мазмұны.
2. Діннің анықтамасы.
3. Дін филосоиясының негізгі категориялары.
Адамзат тарихында діннің көптеген түрлері бар. Олардың барлығы адамның толықсыздығынан, толықсыздығынан туындайды және жоғарғы құндылыққа жетуге, толығуға жолдар ұсынады. Дін дүниені түсінудегі және қоғамның, индивидтің жоғарлауында, өмірдің, универсумның мағынасын мойындаудағы адамдардың бірліктерін бекітудегі ең бір қажетті форма. Гегель дін - біздің санамыздың саласы, онда дүниенің барлық құпиялары шешілген, терең ойдың барлық қарсылықтары жоққа шығарылған, ол мәңгі ақиқат, мәңгі тыныштық, мәңгі бейбітшілік саласы; онда барлық халықтар өздерінің жетістіктерін және өмірлерінің рахатын көрген деп жазады. (Гегель Г. В. Ф. Философия религии. В 2 т.: Т. 1. М., 1976. С. 205).
Дін байланыстың қайта қалпына келуі және қайта өндірілуі ретінде
Дін ұғымы (лат. religio) лига сөзінен шығады, яғни байланыс, бірлік; лига сөзінің аналогы болып санскриттегі йога сөзі табылады (бағытталу, күш салу). Байланыс ұғымы шарттасқан, бірлескен, үздіксіз, бүтіндік, қауымдастық, т.б. мағынаны білдіруі мүмкін. Практикада дін ретінде әрбір байланыс түсіндірілмейді, онда рухани байланыс бірінші. Байланыс ішкі және сыртқы, кездейсоқ және қажетті, мәнсіз және мәнді, материалды және материалды емес болады.
Байланыс феноменінде үш аспектіні көрсетуге болады: материалды, энергетикалық, ақпараттық. Дінді ерекше байланыс деп айтқанда оның ішкі, қажетті, мәнді, заңды, материалды емес ақпараттық-энергетикалық бірлігін көрсетеді; сонымен бірге діни энергия (күш) өмірлік белсендік, рухани күштердің бостандығын түсіндіреді. Дін рухани байланыс бола отыра өзінің материалдық белгілерімен, символдарымен, әлеуметтік ұйымдарымен қосымша жүреді. Сондықтан діннің ең бір жалпы сипаттамасы жалпы байланыс ұғымын керек етеді, бірақ негізгі болып тұрақты рухани байланыс табылады.
Адамның руханилығы болмысқа, абсолютке космостық және қоғамның биіктеріне үнемі ұмтылу болып табылады.
Діннің анықтамасының көптігі
Діннің дефинициясы жоғарғы күшке сенімі ретінде нақты емес. Діннің құдайға немесе құдайларға сенімі ретіндегі анықтамасы да тар болып табылады. Дін, сенім және конфессия. Мысалы Құдайдың барына сену, бірақ онымен байланысты іздемеу. Эпикур құдайлардың барына күманданбаған, оларды мойындаған, сонымен бірге құдайлар адамдардың істеріне араласпаған және көп адамдар мен құдайлардың арасында байланыс болмаған деп түсіндіреді. Сонымен қоса болмыстың толықтығына сену (эмпирикалық Мен ішіндегі абсолютті Мен, әлеуметтік София, Құдай) діннің эгоцентрлік, социоцентрлік немесе космоцентрлік діннің дүниені түсіндірудегі ортақ ядросы болып табылады.
Дінге берілген анықтамалар әлі күнге дейін қанағаттандырмайды. Тындаушы келесі бұрын және қазіргі кездегі берілген анықтамалар туралы ойлануы мүмкін: дін шексіздіктен адамдардың тәуелділік сезімі ретінде (Ф.Шлейермахер); табиғат туралы алғашқы мифтердің символикасы (М.Мюллер); көрінбейтін рухани мәндерге сенім (Э.Б.Тайлор); құдіреттік сенім (Дж. Хаксли); сенуші адамдардың мінез құлқын қайта жасауға мүмкіндігі бар ақиқаттар жүйесі (А.Н.Уайтхед); тағдырға сену (Д.Б.Пратт); және адамдардың діни таралған формулаларының соңы ғана емес.
Діннің қарсылық мәні. Осы әрбір дефинициялардың авторлары діни құбылыс саласына интуитивті жататын фактілерді жинақтаған. Олардың әрбірін қате деп есептейтін логикалық негіздемелер жоқ. Бірақ, діннің мәнінің шынайы қарсылықтары оның ешқайсысына келмейді. Мән ішкі мүмкіншіліктердің және қатынастардың жиынтығы ретінде үнемі қозғалыста; оның әрбір компоненттері өзінің сол және басқа кезеңінде шешуші болып табылуы мүмкін.
Адамзаттың дамуының кейбір тарихи кезеңдерінде қоғамдық прогреске қарсы діннің сипаттары көрсетіледі, ол ғылыми атеизмді маңызын жоғарлатады және сипаттайды. Бірақ толғымен діннің мәні бұл сипаттарға сайып келмейді. Дін әлеуметтік жатсынуды міндеттеп асып өту, ол ондай жатсынудың өнімі емес.
Әлемдік діни әдебиеттердің анализі діни руханилықтың құдіретті объектіге сенуіне байланысты сенушілерді бір біріне жақындастыруға бағытталған.
Осы мағынасында ол жеке және ұйымдық махаббатқа, сүйіспеншілікке жақын. «Құдай ол махаббат, сүйіспеншілік», бұл пікір сенушілердің арасында көп тараған. Л. Фейербах махаббатта себепсіз жаратушы бастаманы қарастыруға тырысты: Сүйіспеншілік, Махаббат ол Құдай. Шынымен, сакральды объектіге діни махаббат, сүйіспеншілік жалғыз сенушілер арасында таралады (немесе мен ішіндегі абсолютке). Басқа сенімдегілермен күресте діни адамдар абсолютке және өздерінің шіркеулеріне деген махаббатты қолдауда көптеген күш жұмсайды. Махаббат амбивалентті және ол қарама қарсы сезімге де айналуы мүмкін.Махаббаттың, сенімнің, үміттің бір біріне өтуі діни жандылықтың және руханилықтың динамикасын сипаттайды.
Теология ұғымы
Теология ( грек. theos Құдай және logos сөз; Құдай туралы ілім) а) діни мағынада құдайылық ашылудың зерделі ақиқатын методологиялық тұрғыда жасау (Дж. Ф. ван Акерен); б) атеистік мағынада абсолютті шындық туралы ілімді рациональді-жүйелілік тұрғыда түсіндіру, қорғау, сонымен бірге сенушілердің өмірінің сипаттары мен нормаларын ұқсас тұрғыда негіздеу.
Құдай ұғымы
Құдай болмыстың толықтығы. Құдай(жалпы арий. baha дарынды, жекеленген) жеке Мендерден жоғары тұрған және жетіспеушіліктері жоқ абсолютті тұлға, жоғарғы мән. Құдай ол жоғарғы, мәңгі, барлығында, жетелеуші барлығын тудырушы мән, өлмейтін рух. Дүниенің бірінші шындығы және соңгғ мақсаты.
Құдай Тұлға ретінде. Құдай тек қана алғашқы мән ретінде түсіндірілмейді, сонымен біргеекі негізгі қатынаста болатын Тұлға ретінде түсіндіріледі: Біріншіден, Өзіне деген қатынасында; екіншіден, Өзінің туындыларына қатынасында. Құдай Өзіне құбылыс ретінде абсолютті Тұлға болып табылады. Христиандар Құдайдың абсолютті тұлғалығын Үштік ретінде сипаттайды: Құдай жалғыз және бір, бірақ үш сипатта болады. Құдай-Әке, Құдай –Ұл және Құдіретті Рух – бірлікті құрастыратын үш тұлға, сол уақытта да Олар мағынасы бір Тұлға. Құдайдың бірінші мәні және Оның тіршілік етуі Өзіне деген қатынасы ажырамас бірлікте дәл келеді. Бірақ соңғы тұжырымды барлық теологтар құптамайды.
Құдайдың шығармашылық процесі теологияда үш негізгі модельдермен – ілімдермен берілген: пантеизммен, панентеизммен және и теизммен.
Пантеизм (грек. pan барлығы және theos құдай; құдай барлығында) Құдайды екінші табиғатқа, физикалық дүниеге араластырады. Пантеист терминін 1705 ж. Ағылшын философы Дж.Толандом енгізген, ал пантеизм терминін оның қарсыласы 1709 ж. Нидерланд теологы Й. Фай енгізді. Пантеизм сөзімен белгіленген ілім сонау шығыс діндерінде, мысалы индуизмде қарастырылған. Батыс Европада пантеизмнің өрлеуі 16 – 17 ғ. басына жатқызылады. Осылай деп, табиғат ол заттардағы Құдай; физикалық дүниенің жалғыз және жеке мәні деп Дж. Бруно есептеген.
Эманация. Неоплатондықтар жасампаздықты мәнді ашуы ретінде эманации ұғымында негідеген. Құдай дүниені өзінен тудыра отырып, дүниеге ауысуы. Эманация ( көне лат. emanatio ағу, шығу(истечение)) бір нәрседен екінші нәрсенің шығуын түсіндіретін философиялық ұғым. Оның көмегімен субстанцияның өзінің атрибуттары мен модустарында көрінуін, сонымен бірге мәннің құбылысқа ауысуын түсіндіреді.
Панентеизм. Пантеиз және теизм арасындағы идея панентеизма (грек. pan en theos барлығы құдайда). Осы ілімге байланысты жаратылған дүние толығымен Құдайда болады, бірақ құдай дүниеде толығымен араласпайды, Құдай сонымен бірге дүниенің шегінен шығатын және дүниеге трансцендентті. Графикалық түрде оны былай сипаттауға болады: үлкен шеңберде (Құдай) кіші шеңбер (дүние) табылады, кіші шеңбер өзінің әрбір нүктесінде үлкен шеңберден шықпайды. Панентеизмге байланысты, Құдайдың тұлғалылық болмысы бар.
Теизм. Теизмда Құдай өзінің тудырған дүниесінен бөлек шексіз Болмыс және Абсолютті Тұлға ретінде түсіндіріледі. Дүние Құдайдан шықпайды және оның ішінде болмайды, бірақта ол ештеңеден пайда болады, ex nihilo, ешқандай алғы шартсыз болады. Құдайдың тудырған табиғатына трансцентенттігіне байланысты Оның туындылары әрқашанда жаңа, яғни ешқашан болмағанды тудырады. Құдай дүниені Сөзімен (Логоспен), Абсолютті Тілегімен немесе Абсолютті Еркімен тудырады. Теизм көбіне иудаизмге, христиандыққа және исламға тән.
Деизм. Теизмнен деизмді ажырата білу керек ( лат. deus құдай), ол Қайта өрлеу дәуірінде көп тараған. Деизмнің негізін қалаушы лорд Чербериге (ХVII в.)байланысты Құдай дүниені тудырып, оның әрі қарай дамуында және физикалық заңдылықтарына араласпайды.Көрнекті деистер Толанд, Вольтер, Лейбниц болған. Деизм жаратуды бір актімен шектесе, теизм Құдайдың дүниені өзінің жоспары бойынша тудырады.
Атеизм (atheism құдайсыз) Құдайға тұлға ретінде сенімді терістеу және сыни анализ, сонымен бірге басқа да құдайларға, жоғарғы күштерге сенімді терістеу. Бұл сын философиялық, ғылыми немесе тарихи-ғылыми сипатта болуы мүмкін. Атеистік концепция өзінің сынаған діни ілімдеріне мағыналық құрылымына және ойлау образына ұқсас. Сондықтан абстрактілі атеим мүлдем жоқ, бірақ әрбір атеизм нақты бір дінге(өзі терістейтін) байланысты болады. Осы тұрғыда оны сол сынаған дініне байланысты атау дұрысырақ: христиандық атеизм, мұсылмандық атеизм, иудейлік атеизм және т.б. Қазір атеизмді еркін ойлаумен, діни индифферентизммен, антиклерикализммен дұрыс емес араластырады.
Атеизм Құдай өмір сүреді және Оның болмысын дәлелдеуге болады дейтін монотеизмге қарсы.
Агностицизм (грек. agnostos танымға жатпайтын), адамның дүниені шынайы тану мүмкіндігіне күмән келтіретін философиялық ілім. Осы пззицияны белгілеу үшін ағылшын ойшылы Т.Гексли 1869 ж. агностицизм терминін енгізді.
Иерархия. Шіркеу иерархия бойынша өзінің мүшелерінің мінез-құлқын бақылап отырады және конфессионалды жағдайлар мен дәстүрлерді сақтайды, өндейді және жеткізеді. Шіркеулік иерархия (грек. hieros қасиетті және arche билік, яғни қасиетті билік) төменнен жоғары қарай бағыныштылық тәртібіне байланысты шіркеулік шендердің жиынтығы; христиан шіркеуіндегі қасиетті үш сатының жалпы атауы: епископ, пресвитер және диакон. Согласно М. Веберге байланысты христиан шіркеуі Христостың харизматикалық тобынан және оның шәкірттерінен тарихи пайда болған. Ұстаздың өлімінен кейін харизма біртіндеп көпшіленеді, сенім дәстүрге айналады, қаумдастық үлкейеді, көпшілікке ауысады және рахаттың тәжірибесін жоғалтады. Догматизация, конфессионализацияның және ұйымдардың қажеттігі шіркеуді тудырады.
Шіркеу және секта.
Вебер шіркеуді сектадан универсалдылық критерийлері бойынша айырады. Шіркеу жалпылыққа жақындайды, ол өзін дүниеге қарсы қоймайды, оның мәдениетін мойындайды, сакральды және прфанды құндылықтар арасындағы қайшылықты жоюға ұмтылады. Оған сол канондық территорияда туылған адамның қатыстылығы міндетті түрде. Шіркеу өзінің құрамына сенуші адамды туылғаннан бастап оның еркіне қарамастан енгізеді. Сонымен қатар шіркеуде қатаң бағаланатын мүшелік жоқ. Шіркеу бюрократиялық ұйымның бір түрі, священник административті түрде бекітіледі.
Шіркеуге секта қарама-қарсы тұрады (лат. secta ойлар образы, іс әрекет образы, ілім, мектеп, бағыт). Секта сенушілердің аз және жабық тобы, олар өз еріктерімен ұйымдасады және де олар саналы түрде шешім қабылдайды. Секта аскетизмді жақтайды, дүниелік тәртіптерді сынайды, барлық мүшелердің теңдігін қолдайды; рухани қайта жаңғыруға ұмтылады. Сектаны харизмалық лидер басқарады.
Конфессионализм. Сенушілердің өздерінің шіркеулеріне қатынасы тең, қатаң және либералды болуы мүмкін. Конфессионализм (көңіл ақтарылу) ойлардың және мінез-құлықтың қатаң образы суреттелінеді, ол өз шіркеуінің барлық догмаларға, бекітулерге жауап береді. Конфессионализмнің ортодоксальдығы және консервативтілігі либерализмге қарама-қарсы, ол кейде дін саласында модернизм немесе индифферентизм формасына көшеді. Шіркеуден тыс және конфессионализмнен тыс дінилік ол діннің бір түрі болып табылады. Қазіргі кезде ол дүниеде көп тараған.
Шіркеу және мемлекет
Шіркеу мен мемлекеттің тепе-теңсіздігі мен қажеттілігімен айырмашылығы біріншіден христиан дінінде жақсы дамыған. Онда қоғамдық қажеттілік діни және саяси сферада анық көрсетілген. Сонымен бірге шіркеу мен мемлекет халықтан заңға бағынуды бірдей талап етеді. Бұл христиан дүниесіндегі екі саланың бастапқы бөлінуі адам бостандығын нақтылаған батыс демократиясының пайда болуына әкелді.
Шіркеу мен мемлекет байланысының түрлері. Мемлекет пен шіркеу арасындағы байланыс әрбір қоғамда өзгеше. Ол теократия, мемлекеттік шіркеу түрлерінде болуы мүмкін.
Теократия (грек. theos құдай, cratos билік) 1) барлық адамзаттың үстінен Құдайдың билігі; 2) мемлекеттік басқару түрі, онда билікті шіркеу басшысы жүргізеді. Теократияда екінші мағынада мемлекеттік билік және басқарушы дін бөлінбейтін бірлікте (Көне Египеттегі абыздық билік, араб халифаттары, Рим папасының билігі т.б.). Мемлекеттік шіркеу жоғарғы билікке бағынады, материалды және рухани тұрғыда мемлекетпен қолданады. (Византиядағы православие шіркеуі, патшалық Ресей, Ұлыбританиядағы ағылшын шіркеуі және т.б). Жоғарғы (светское) мемлекетте ар-ұждан бостандығы принципі бар: азамат әрбір дінді және атеизмді қолдауына құқы бар; шіркеу автономды, ме,млекеттен бөлек, ал мемлекет оның жұмыстарына араласпайды.(АҚШ, қазіргі Қазақстан және т.б.). 20 ғасырда социалистік елдерде мемлекеттік атеизм болған, азаматтарға атеистік сенім негізделген.
Идеология және дін.
Идеология - әлеуметтік немесе саяси ілімнің түрі, онда практикалық элементтер теориялық сияқты қажетті болған. Бұл дүниені түсіндіріп қана қоймай және де шындыққа деген адамдардың қатынасын түсіндіретін, дүниені өзгертетін идеялар (құқықтық, саяси, діни, философиялық т.б.) жүйесі. Идеологияны идеялар жүйесі деп қана анықтамай, сол және басқа мәдениетке өмірлік қажеттігін анықтайтын идеалдар жүйесі деп анықтауға болады.Идеология және дін ақиқат және жүріс-тұрыс мәселесіне қатынасында тоталитарлы. Сонымен бірге шындықтың діни сипаттамасы құдайылық дүниені суреттейді, және идеологиядан айырмашылығы осы дүниеге көңіл аударады. Дін әділетті қоғам идеясын қалыптастырады, бірақ өз бетімен саяси практикалық бағдарламаны өз бетінше жасай алмайды. Дінде сенім мен құдайға құлшылық ету бірінші орында. Ол индивидтің жанына құтқару мақсатында бағытталған, ал идеология үлкен әлеуметтік топтарға бағытталады. Діндердің бастамасында пайғамбарлар тұрады, ал идеология рационалды тұжырымдарға сүйенеді.
Нақты идеологиялық элементтер тек кейбір қазіргі кездегі діни қозғалыстарға тән.
Сакральдік. Сакральділік ұғымы
Сакральдік (лат. sacrum қасиетті) культке жатқызылатынның барлығы, құнды идеалдарға бас ұру. Сакраментальді – қасиеттенген, қасиетті. Қасиетті деп танылған заттар құрметке және де барлық мүмкін жағдайлармен қорғалады. Сенімнің, үміттің, махаббаттың қасиетті тепе-теңдігі ретінде адамның жүрегі табылады. Культтік затқа деген қасиетті қатынастың сақталуы біріншіден сенушінің ар-ұжданымен негізделеді. Ол қасиеттіні өзінің өмірінен жоғары қояды. Сондықтан да қасиеттіні қорлаған жағдайда сеуші адам ойланбай қорғайды, оның жолында ол өз өмірін қиюға дейін барады. Сакральдік теологияда Құдайға бағыну болып табылады.
Сакральды қатынастың жоғарғы сатысы – қасиеттілік, өзін өзін-өзі жақсы көруден босату және абсолюттіге деген сүйіспеншілігін көрсету. Әрбір дінилік сакрализациямен байланысты, бірақ әрбір сенуші адам тәжірибеде қасиетті бола алмайды.Қасиетті адамдар көп емес, олардың іс әрекеттері қарапайым адамдарға жол көрсетеді. Сакральды қатынастың деңгейлері: фанатизм, индифферентизм. Сакральді сезім бүтін, толық, ал күдік уы ол үшін қауіпті.
Сакрализация діннің ерекше функциясы. Қоғамдағы интеграциялық процестердің дамуы мен сақталуы үшін тек дін жауапты емес, оған мифология, философия, өнер, мораль, ғылым және т.б. әсер етеді.
Бірақта сана мен рухтың бұл формаларының ешқайсысы фундаментальды құндылықтарды сакральдамайды. Егер дін мифті қарастырмаса, онда миф сакральді емес. Философия мәселелерді шешпейінше өмір сүреді, Өнер өзінің туындыларындағы шындыққа сенімді қажет етпейді, бірақ дін өнерді дінге ауыстырып, Негізгі құндылықтарды сакральдау процедурасы дінді басқа дүниеге қатынас формаларынан және қоғамдық институттардан айырады.
Дюркгеймнің діннің дефинициясына қатынасын толықтыра отырып, дінді қалыптасқан сакральды байланыстарды іздеу ретінде анықтауға болады. Бұл анықтама дінді басқа қоғамдық рух формаларынан айыруға мүмкіндік береді: негізгі құндылықтарды сакральдау процедурасы дінді философиядан, өнерден, мифтен, моральдан, ғылымнан айырып көрсетеді.
Эзотеризм. Сакральдік құпиялылықпен қатар қойылған.Бұ тұрғыда ол эзотеризм ұғымымен ашылады, ол әрбіреулерге берілмейді, ол нақты емес, жасырын, анық емес. Көне Грек философиясында эзотериялық ілім ретінде ұстаздың айтқандары оның ерекше ізбасарларына берілуі. Мысалы, Платон арқылы александрлық жаңа пифагоршылдарға жеткен пифагорлық ақиқат, олар өздерінің мақсаты ретінде ізбасардың рухы мен жанын зерделенбеген даналықпен толықтыру.
Әрбір діни ілімде эзотериялық және экзотериялық жақтары бар. Сонымен қатар эзотеризм діни сипатта болуы міндетті емес. Эзотеризм рухтың мынадай қабілеттерімен сенім, намыс, мистикалық түсінумен болмыстың мәндерін тануда пара-пар.
Достарыңызбен бөлісу: |