Оѕтїстік ќазаќстан мемлекеттік фармацевтика академиясы


Иллюстрациялық материалдар



жүктеу 7,98 Mb.
бет66/126
Дата21.11.2018
өлшемі7,98 Mb.
#22622
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   126
4. Иллюстрациялық материалдар: Виртуалды қондырғылар. Негізгі аппараттар бейнеленген плакаттар.
5. Әдебиет:

Негізгі:

  1. Промышленная технология лекарств, Том 1. Под ред. Чуешова В.И. – Х.: МТК-Книга, Издательства НФАУ, 2002 – 560 с.

  2. Касаткин А.Г. Основные процессы и аппараты химической технологии.9-е изд. - М.: Химия, 1973

  3. Плаксин Ю.М., Малахов Н.Н., Ларин В.А. Процессы и аппараты пищевых производств. – М.: КолосС, 2008. – 760 с.

  4. Ақбердиев Ә.С. Тамақ өндірісінің процестері және аппараттары, Алматы; 1998 ж.

  5. Кавецкий Г.Д. Процессы и аппараты пищевой технологии. - М.: Колос, 2000.

Қосымша:

  1. Романков П.Г., Курочкина М.И. Гидромеханические процессы химической технологии.3-е изд. - Л.: Химия,.

  2. Фармацевтическая технология. Под ред. И.И. Краснюка и Г.В. Михайловой–Москва, Академия – 2006 г.

  3. Баскаков. Теплотехника – М.: Высшая школа 1986


6. БАҚЫЛАУ сұрақтар (кері байланысы):

  1. Жұмыс істеу принципіне байланысты жылуалмастыру аппараттары қалай жіктеледі?

  2. Жылутасымалдағыштардың өзара қозғалу бағыттарына байланысты жылуалмастыру аппараттары қалай жіктеледі?

  3. Жылуалмастыру аппараттарының жылу балансын түзіңіз.

  4. Жылуалмастыру аппараттарының жылуалмасу теңдеуін жазыңыз.

  5. Жылуалмастыру аппараттарының орташа температура тегеуріні қалай анықталады.

  6. Жылуалмастыру аппараттарын есептеудің әдістемесін түсіндіріңіз.

1. Тақырыбы 10: Буландыру.
2. Мақсаты: Студенттерді бір және көпкорпусты буландыру аппараттары жұмысының теориялық негіздерімен таныстыру.
3. ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ:

  1. Біркорпусты буландыру қондырғылары.

  2. Көпкорпусты буландыру қондырғылары.

Ұшпайтын заттар ертінділерін қайнатып, еріткіштің (судың) бір бөлігін буға айналдыру арқылы ертінділерді қоюландыру (концентрациясын жоғарылату) процесі буландыру деп аталады.

Буландыру процесінде бу ертіндінің барлық көлемінен, ал булану процесінде қайнау температурасынан төмен кез келгеи температурада ерітінді бетінен бөлінін шығады.

Буландыру аппараттарында ысытатын жылутасымалдағыш ретінде көбінесе су буы қолданылады. Мұндай буды ысытатын немесе біріншілей бу, ал ерітіндінің қайнағанында пайда болған буды екіншілей бу деп атайды. Ысытатын немесе біріншілей бу ретінде бу генераторларының, бу трубиналарының аралығынан алынған немесе пайдаланған буларды қолданады.

Буландыру процесі вакуумда, атмосфералық немесе жоғары қысымдарда өткізіледі.

Вакуумда өткізілетін буландыру процесінің атмосфералық қысымдағыға қарағанда бірнеше артықшылықтары бар: процесті көп төмен температурада өткізуге, яғни аппаратты ысыту үшін төмен қысымды буды пайдалануға болады; жоғары температураларда ыдырап кетуі мүмкін болатын заттардың ерітінділерін қоюландыруға болады; ысытатын бу мен ерітіндінің қайнау темепратураларының айырмасы / пайдалы температуралар айырмасы / көп болады, яғни аппараттың өлшемі мен жылу алмасу беті азаяды; буландыру аппаратынан шыққан екіншілей буды ысытатын бу ретінде пайдалану мүмкіндігі туады.

Вакуумдағы буландыру процестерінің кемшіліктері: қосымша құрылғылар-конденсаторлар, тамшыұстағыштар және вакуум-насостар керек, яғни қондырғы қымбаттайды сонымен бірге шығын көбейеді.

Атмосфералық қысымдағы буландыруда екіншілей бу пайдаланбай, атмосфераға шығарылады. Буландырудың бұл тәсілі өте қарапайым, бірақ экономикалық тиімсіз болып саналады.

Атмосфералық қысымнан жоғары қысымда буландыру ерітіндінің қайнау температурасын көбейтеді және пайда болған екіншілей буды қайтадан буландыру процесінде немесе басқа жылутехникалық мақсаттар үшін пайдалануға болады. Басқа мақсаттар үшін ажыратылатын екіншілей будын бөлігін экстра бу деп атайды.

Ерітіндінің қоюлануында оның физикалық қасиеттері: қайнау температурасы, жылу өткізгіштік, жылу сыйымдылық, тұтқырлық, температура өткізгіштік және т.б. өзгереді. Концентрация жоғарылағанда ерітіндінің жылу өткізгіштігі, жылу сыйымдылығы және температура өткізгіштігі төмендейді де, тұтқырлығы артады. Бұл кезде аппараттың жылу бетінен қайнайтын ерітіндіге берілетін жылу шарты төмендейді. Бұл жағдай буландыру аппараттарын есептеуде, жобалауда және пайдалануда ескерілуі қажет.

Атмосфералық қысымдағы, ал кейбір кезде вакуумдағы буландыру процесі бір буландыру аппаратында (бір корпусты буландыру қондырғылары) өткізіледі. Бұл жағдайда ысытатын (біріншілей) будың жылуы бір рет қана пайдаланып, ал екіншілей будың жылуы пайдаланбайды.

Фармацевтика өнеркәсіптерінде бірнеше аппараттан немесе корпустан құрылған көпкорпусты буландыру қондырғылары жиі кездеседі. Бұл қондырғыларда ысытатын бумен тек бірінші корпус қана ысытылады, ал кейінгі корпустарды ысыту үшін алдындағы аппараттардан (соңғысынан басқа) шыққан екіншілей бу жылуы қолданылады. Демек, көп корпусты буландыру кондырғыларындағы ысытатын будың мөлшері дәл сондай өнімді біркорпусты қондырғыға қарағанда едәуір аз болады.




Бір корпусты буландыру қондырғылары

Материалдық баланс

Буландыруға концентрациясы XH болатын Gн кг/с алғашқы ерітінді беріледі, одан концентрацисы Хк болатын Gк кг/с буландырылған ерітінді алынып кетеді

. Егео буландыру аппаратында w кг/с еріткіш (су) буландырылатын болса, материалдық баланс былай өрнектеледі:



GH = GK + W (1)

Құрғақ зат бойынша материалдық баланс:



(2)

(2) теңдеуден аппараттың буландырылған ерітінді Gк бойынша өнімділігі :



(3)

Буланған су бойынша:



(4)


жүктеу 7,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау