Ұсақтағыштардың түрлері. Жақты ұсақтағыш.
Жақты ұсақтағышта (6.3-сурет) материал жылжымайтын (1) және жылжымалы (2) жақтар арасында қысу арқылы ұсақталады. Әксцентрикті біліктің (3) айналуы арқылы жылжымалы жақ (2) жылжымайтын жаққа (1) жақындайды (жұмысшы жүріс) немесе одан алыстайды (бос жүріс). Жұмыс жүрісі кезінде материал үсақталады, ал бос жүріс кезінде үсақталған материал төмен қарай ауырлың күштің әсерінен шығарылады. Қозғалатын жаққа (2) қозғалыс әксцентрикті білікпен 3 жалғанған шатунмен (4) беріледі. Шатун (4) алдыңғы (5) және артқы (б) плиталармен бекітіледі. Жетек (7)және сертіппе (8) қозғалыс жүрісінде керіліп, бос жүріске жәрдем береді.
Сыңалардың (9) өзара орнын ауыстыру арқылы ұсақтау дәрежесін яғни ұсақталған материал шығатын тесіктің енін реттеуге болады.
6.4 -суретте жақты ұсақтағыштың жалпы көрінісі келтірілген.
Ұсақтағыштың корпусының алдыңғы қабырғасы болат құймасынан жасалған қозғалмайтын жақ. Жақтардың беті бұдыр бетті болат плиталарымен қапталады. Бүл болат плиталар тез тозатын болғандықтан, оларды тозуға төзімді материалдардан (марганецті немесе хромды құйма болаттан) алмалы-салмалы етіп жасайды.
Үсақтағыштағы ұсақтайтын күш керуші плиталар (3) арқылы беріледі. Артқы керуші плита қатты майдаланбайтын заттар түскенде ұсақтағышты сынудан сақтап қалады. Бүл плита қаттылығы төмен материалдан жасалынып, Ү-сақтағышқа қатты металды материал түскенде сынады да, кейін оны алмастырады. Материал жүктелетін тесіктің ені сыңалар (5) көмегімен реттеледі. Үсатқышқа қозғалыс электр қозғатқыштан қайысты беріліс және маховик (б) арқылы беріледі.
Артықшылықтары; құрылымының қарапайымдылығы және сенімділі; кең көлемде қолданылуы; қызметі оңай және ыңғайлы.
б.З-сурет. Жақты ұсақтағыштың тәсімі:
1-қозғалмайтын жақ; 2-қозғалмалы жақ; 3-әксцентрикті білік; 4- шатун; 5-алдыңғы плита;
6.4-сурегр.Нақты ұсақтағыштың жалпы көрініс:
1-корпус; 2-алмастырылатын плиталар; 3-керуші плиталар;
б-артқы плита;7-жетек;8-серіппе; 4-ішпек; 5-реттеу сыналары; 9-реттеу сыналары. 6 – маховик
6.5-сурет.Конусты ұсақтағыштың тәсімі:
1-сыртк;ы қозғалмайтын конус; 2-ү.сақталатын материал; 3-ішкі қозғалатын конус.
Достарыңызбен бөлісу: |