Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 015 жылғы желтоқсандағы



жүктеу 3,73 Mb.
бет9/15
Дата20.11.2018
өлшемі3,73 Mb.
#21982
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

Мәдениет

Облыста 745 мәдениет және өнер мекемелері халыққа тұрақты мәдени қызмет жасап келеді. Оның ішінде: 268 клуб мекемелері, 435 кітапхана, 12 мұражай, 8 кәсіби театр, 11 демалыс саябағы, 2 кинотеатр, 1 концерттік ұйым, 1 кинобейне орталығы, 1 облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы, 1 қалалық мәдениет және өнер орталығы, 1 «Өркен» ойын-сауық орталығы, 2 сурет галереясы, 1 зоопарк және 1 тарихи-мәдени мұраны сақтау, қолдану мен қалпына келтіру орталығы.

Облыстық клуб мекемелерiнде 908 құрылым жұмыс iстеуде, оның «Халықтық» атағы бар көркемөнерпаздар ұжымдардың саны 37-ге жеткен.



Мәдениет мекемелерінің қызметі. 2009 жылы аумақта 215 концерт, 11283 мәдени iс-шаралар өткiзiлiп, ал 2440 қойылым қойылып, оның ішінде 43 жаңа.

Жалпы көрермендердің саны 4 миллионға жуық адамды құрады.

2 видеофильм, 2 ғылыми-көпшілік кітап, 2 фотоальбом, 2 ғылыми-анықтамалық кітап жарыққа шықты.

Облыстық кітапханалардың кітап қоры 6 536 535 дананы құрайды, оның ішінде мемлекеттік тілдегісі 2 507 мың дана, 2009 жылы алынғаны 129 412 дана.



Мұражайлардың 122 614 экспонат қоры бар, көрермендердің саны 130 мыңға жуық адамды құрайды.

Тарихи-мәдени мұраларды қорғау, сақтау және пайдалану саласы бойынша облыс бойынша 1130 нысан қорғауға алынған, оның ішінде археологиялық ескеркіштер саны – 1012 болса, архитектуралық ескеркіштер саны -118.

23 республикалық және 2 облыстық маңызы бар ескерткіштеріне реставрациялық жұмыстар жүргізілді.

2012 жылы аумақта 120 концерт, 11000 мәдени iс-шаралар өткiзiлiп, ал 2401 қойылым қойылып, оның ішінде 42 жаңа. Жалпы көрермендердің саны 4 миллионға жуық адамды құрады.

2010-2012 жж. «Қазыналы Оңтүстік» көптомдығы 130 дана, 2013 ж. - 72 том, 2014 жылы - 238 том кітап жарыққа шықты.

Облыста 756 мәдениет және өнер мекемелері халыққа тұрақты мәдени қызмет жасап келеді. Оның ішінде: 268 клуб мекемелері, 428 кітапхана, 25 мұражай, 8 кәсіби театр, 12 демалыс саябағы, 2 кинотеатр, 1 концерттік ұйым, 1 Түркістан сарайы, 1 цирк, көрме орталығы, 1 әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы, 1 кинобейне орталығы, 1 облыстық мәдениет және халық шығармашыл ығы орталығы, 1 қалалық мәдениет және өнер орталығы, 1 «Өркен» ойын-сауық орталығы, 2 сурет галереясы, 1 зоопарк және 1 тарихи-мәдени мұраны сақтау, қолдану мен қалпына келтіру орталығы.

Облыстық кітапханалардың кітап қоры 6 944 535 дананы құрайды, оның ішінде мемлекеттік тілдегісі 2 507 мың дана, 2014 жылы алынғаны 306 001 дана.



Мұражайлардың 154 183 экспонат қоры бар, көрермендердің саны 244 892 мыңға жуық адамды құрайды.

Тарихи-мәдени мұраларды қорғау, сақтау және пайдалану саласы бойынша облыс бойынша 1249 нысан қорғауға алынған, оның ішінде археологиялық ескеркіштер саны – 1031 болса, архитектуралық ескеркіштер саны -218.

33 республикалық және 1 халықаралық маңызы бар ескерткіштеріне реставрациялық жұмыстар жүргізілді.

«Қазыналы Оңтүстік» көптомдығының 2010-2012 жылы 130 томы, 2013 жылы 72 томы, 2014 жылы 88 томы жарыққа шығып, қазіргі таңда 290 том.


Архивтік сала

Оңтүстік Қазақстан облысында мұрағат ісі мен құжаттама жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасына сәйкес мұрағаттарды материалдық-техникалық жағынан жарақтандыру едәуір жақсарды.

ОҚО Ұлттық мұрағат қоры Өзбекстан Республикасының Орталық мұрағаттарынан әкелінген, тарихи құндылығы бар құжаттармен 446 сақтау бірлігіне көбейді. Оның ішінде «1864-1936 жылдардағы Оңтүстік Қазақстан облысының тарихы бойынша Өзбекстан мұрағаттарынан әкелінген құжаттар» коллекциясы 293 сақтау бірлігіне, ал «Түркістандағы қазақ ұлттық интеллигенциясының өмірі мен қызметі туралы» құжаттар коллекциясы 83 сақтау бірлігіне артты.

«Мәдени мұра» республикалық бағдарламасы аясында шетел мұрағаттарынан өңіріміздің тарихына қатысты құжаттарды іздестіру және олардың көшірмелерін әкелу жұмысы жалғасын табуда. 2013 жылы Өзбекстан Республикасының Орталық кітапханаларында арнайы жұмысшы тобы құжат ісдестіру жұмыстарын жүргізіп, 2142 парақтан тұратын құжаттардың көшірмелері әкелінді. 2014 жылы Өзбекстан Республикасынан 30 істен тұратын құжат көшірмесі әкелінді.

Жеке құрам бойынша құжаттардың орналасқан жері туралы картотекаларды толтыру үшін мәліметтер жинақтау жұмыстары жүргізілуде.

2013 жылдың 1 қаңтарына ОҚО бойынша 1413998 сақтау бірлігі мемлекеттік мұрағаттарға қабылданды. Оның ішінде 538558 с.б. жеке құрам құжаттары, 2013 жылы 861479 с.б. басқару құжаттары, 2013 жылы - 13691 с.б., фотоқұжаттар. 2011 жылмен салыстырғанда құжат қабылдау көлемі 4083 с.б. өскен.

2014 жылдың 1 қаңтарына 1476131 сақтау бірлігі мемлекеттік мұрағаттарға қабылданды. Оның ішінде 2014 жылы 549125 с.б. жеке құрам құжаттары, 2014 жылы 871605 с.б. басқару құжаттары, 2014 жылы - 28754 с.б, фотоқұжаттар. 2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен салыстырғанда құжат қабылдау көлемі 22235 с.б. өскен.

2015 жылдың 1 қаңтарына ОҚО бойынша 1500390 сақтау бірлігі мемлекеттік мұрағаттарға қабылданды. Оның ішінде 559907 с.б. жеке құрам құжаттары, 883623 с.б. басқару құжаттары, 29371 с.б., фотоқұжаттар. 2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен салыстырғанда құжат қабылдау көлемі 24259 с.б. өскен.

2013 жылы жеке және заңды тұлғалардан 30732 сұраным келіп түсті, оның ішінде Халыққа қызмет көрсету Орталықтары арқылы 20797 сұраным қабылданды. Қабылданған сұранымдардың 30087-і (98%-ы) қанағаттанарлық нәтижемен орындалды. Алыс және жақын шетелдерден келген 3856 сұранымның 3233-іне (84%-на) оң нәтижелі жауаптар жіберілді.

2014 жылы жеке және заңды тұлғалардан 26394 сұраным келіп түсті, оның ішінде Халыққа қызмет көрсету Орталықтары арқылы 19205 сұраным қабылданды. Қабылданған сұранымдардың 22356-і (85%-ы) қанағаттанарлық нәтижемен орындалды. Алыс және жақын шетелдерден келген 2251 сұранымның 1897-іне (84%-на) оң нәтижелі жауаптар жіберілді.

2013 жылы 30 млн. теңгеге мұрағат құжаттарын электронды жүйеге көшіруге арналған техника сатып алынды. 2013 жылдың қазан айынан бастап 2014 жылдың 1 тамызына дейінгі аралықта барлығы 707 істің 103142 парағы сканерленіп, сандық таңбаға көшірілді. Халыққа мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрінің (мұрағаттық анықтамалар беру) сапасын жақсарту мақсатында Е-әкімдік жүйесі енгізілді.

Шымкент қалалық мұрағаты ғимаратының құрылысы үшін облыстық бюджеттен 525,0 мың теңге (2014 жылға – 418,052 мың теңге, 2015 жылға – 103,0 мың теңге) бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізіледі.


Тілдерді дамыту

Оңтүстік Қазақстан облысының тіл саясаты мемлекеттік тілдің ұлт бірлігінің негізгі факторы ретінде кеңінен қолданылуын қамтамасыз етуге жағдай жасауға, өңірдің лингвистикалық капиталын сақтауға бағытталған.

Облыста Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік тілді оқыту орталығы бар. Ол орталықта 9456 облыс тұрғыны мен мемлекеттік қызметкер оқытылды.

Тіл үйрету базасын қамтамасыз ету мақсатында «Ономастикалық анықтағыш» анықтамалығы (1000 дана) мен «Көпсалалы электронды сөздік» көпсалалы электронды сөздігі (800 дана), «Ісқағазының мемлекеттік тілдегі стандарттық үлгілері», «Ісқағаз жүргізуде жиі қолданылатын сөз тіркестері» мен өзге ұлт өкілдеріне арналған әдістемелік құралдар әзірленіп, шығарылды.

Тұрақты түрде мемлекеттік тілде ісқағаз жүргізуге мониторинг жүргізіледі.

2009 жылы мемлекеттік тілде ісқағаз жүргізу көрсеткіші 90,2%-ға жетті.

Өңіріміздегі лингвистикалық капиталды сақтау мақсатында 20 этномәдени орталық жанындағы 11 жексенбілік мектепте облыста тұратын этностардың тілдері оқытылады. Бұл мектептерде 300 тыңдаушы өз ана тілдерін (татар, неміс, иран, корей, еврей, грек, грузин, түрік, поляк, ұйғыр, күрді) оқып-үйренуде.

Елбасы өз Жолдауында мемлекеттік тілді 2017 жылға қарай 80 %-ға, 2020 жылға 95 %-ға, ал ағылшын тілін 20 %-ға жеткізу тапсырылған.

2012 жылы мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 88,4%, 2014 жылы - 89,2%, орыс тілін 2012 жылы - 60,4 %, 2014 жылы - 63,5 %, ағылшын тілін 2012 жылы - 6,4 %, 2014 жылы - 7,0 % меңгерген.

2013 жылы тіл оқыту орталықтарында 3467 адам тіл оқып үйренді. Оның ішінде, 1654-і мемлекеттік тілді, 634-і орыс тілін, 1179-ы ағылшын тілін оқып шықты.

Облысымызда ақысыз тілдерді оқыту мемлекеттік орталықтары ашылды. Ақырында, оның саны 15 бірлікке дейін өсті.

2014 жылы 9 айында тіл үйренушілер саны 2912-ге жетті (мемлекеттік тілді 1212 адам, орыс тілін 696, ағылшын тілді 1004 адам). Облыстағы мемлекеттік қызметшілердің 96%-ы қазақ, 4%-ы өзге ұлт өкілдерін құрайды. Олардың 99%-ы мемлекеттік тілде еркін іс-қағаз құжаттарын жүргізе алады. Ал, 76%-ы орыс тілін, 2%-ы ағылшын тілін еркін меңгерген.

2014 жылдың қорытындысымен тіл үйренушілер саны 6006-ға жетті (мемлекеттік тілді 2673 адам, орыс тілін 1318, ағылшын тілді 2015 адам).

Облыс әкімдігінің салиқалы саясаты арқасында облыста тұратын өзге этностардың ана тілін сақтап қалу – басты құндылықтардың бірі болғандықтан, оларға тілдерін оқып-үйренуіне толық жағдай жасалған.

Облыста 747 қазақ, 60 өзбек, 3 тәжік, 9 орыс, 128 қазақ-орыс, 50 қазақ-өзбек, 5 қазақ-тәжік, 17 қазақ-орыс-өзбек, 1 орыс-өзбек, 2 қазақ-өзбек-тәжік мектеп бар.



Орыс, өзбек драма театрлары, 118 қазақ, 27 орыс тілінде, 7 өзбек тілінде, 63 қазақ-орыс, 1 қазақ-өзбек, 1 қазақ-түрік, 12 қазақ-орыс-өзбек, 8 қазақ-орыс-ағылшын тілдерінде газет, журналдар, радио, телеарналар, агенттіктер жұмыс жүргізеді.

Ішкі саясат

Жастар саясаты

2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 14―29 жасындағы жастар саны 701,1 мың адамды құрайды, немесе облыс халқының 30,6 %, 2013 жылы 773,4 мыңнан астамын құрап, 28,9 % болды. Оның ішінде ауыл жастары 473,3 мың болса, 300,1 мыңнан астамы - қала жастары. Бұл көрсеткіш республикадағы кейбір облыстың тұрғындарымен салыстырғанда 1,5 есеге көп.

Жастардың қоғамдық өміріндегі негізгі рол атқаратын және жастардың мәселесін шешетін 52 қоғамдық жастар бірлестіктері тіркелген. Кеңестік орган статусын иеленген облыс әкімі жанындағы облыстық жастар істері жөніндегі Кеңес, «Жастар орталығы» МКҚК және облыстық жастар ресурстық орталығы қоғамдық бірлестікпен мемлекет арасындағы қарым қатынасты реттейді.

Облыстық Әділет департаментінде тіркелген 78 жастар қоғамдық ұйымдары бар. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес 2013 жылдан бастап барлық деңгейдегі аудан, қала әкімдіктері жанындағы Кеңеске аудан, қала әкімдері төрағалық етуде. Сонымен қатар 2013 жылы барлық деңгейдегі Кеңестің 52 отырысы өткізілсе, онда 205 тапсырма беріліп, бүгінгі таңда 200 тапсырма толығымен орындалып, 5 тапсырма 2014 жылдың І-ші тоқсанында толығымен орындалды.

Облыста 2008-2010 жылдарға арналған жастар саясаты жөніндегі өңірлік бағдарламасы аясында мемлекеттік жастар саясаты белсенді жүзеге асырылуда, нәтижесінде жастардың дамуына және әлеуметтік қалыптасуына, шығармашылық потенциалын жүзеге асыруға қажетті саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық жағдай және кепілдіктер жасалған, жастар арасында патриоттық деңгейдің жоғарлағаны байқалады.

Оқушыларды және студент жастарын жазғы демалыс кезінде уақытша жұмыспен қамту мақсатында студенттік құрылыс отрядының облыстық штаб жұмысы ұйымдастырылды. 2009 жылы СҚО жалпы студенттер саны 730 адамды құрады, «Жасыл ел» отрядында 3180 адам астам жұмыс істеді.

Нашақорлық, токсикомания және алкоголизм проблемаларын алдын алу және күресу мақсатында облыста 10 балалар-жасөспірім клубтары құрылып, 3500 адам қамтылған, оның ішінде аз қамтылған және қолайсыз отбасылардан 2800 адам.

Оқушылар, студенттер және аспиранттар арасында талантты жастарды таңдау мақсатында қоғамдық, техникалық және гуманитарлық ғылымдыр бойынша үздік ғылыми жұмыстарға байқаулар, олимпиадалар өткізіліп тұрады. «Жас Қазақстандық» атты облыс әкімінің премиясы айқындалған.

Жастар проблемасын шешуге бағыталған жобаларды жүзеге асыру және оларды қоғамдық өмірге тарту мақсатында, жыл сайын жастардың әлеуметтік жобаларының байқауы өткізіліп тұрады.

Облыста «Студент», «Жастар дауысы», «Молодежка» қосымша басылымдар және «Үркер», «На самом деле», «Час без родителей», «Жас толқын» т.б. телевизиялық бағдарламалар көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 маусымдағы № 603 қаулысымен «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілген болатын. Аталмыш тұжырымдаманың 3 кезеңнен тұратын іс-шаралар жоспары негізгі 10 бағыт бойынша жұмыс жасалды.

Қол жетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету бағыты бойынша бүгінгі таңда облысымызда 11 жоғары оқу орны мен 92 арнаулы орта оқу орындары бар. Жоғары оқу орындарында барлығы 71 942 студент білім алса, арнаулы орта оқу орындарында білім алатын студенттердің саны 77 094  мыңнан асып отыр.

Облыста 2013 жылы жоғары оқу орындарын аяқтап, жұмысқа орналасқан студенттер туралы мәліметтер базасы жинақталып, сараптама жұмыстар жүргізілді. Сараптама нәтижесінде 10 жоғары оқу орнын (Оңтүстік Қазақстан фармацевтика академиясынан басқа) 2013 жылы 20 398 студент бітірсе, соның ішінде 14 527- сі жұмысқа орналасқан.

Жоғары оқу орындарында білім алатын студенттердің өзекті мәселелерінің бірі – жатақхана мәселесі. Яғни облысымыздағы 9 жоғары оқу орнында 22 жатақхана бар. Облыстағы 71 мыңнан астам студенттің 6000-нан астамы жатақханада тұрса, қалғандары пәтер жалдап, туыстарының үйлерінде тұруда. Облыстағы жатақханалардың жеткіліксіздігі туралы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы жастар ісі кеңесінде бірнеше рет көтеріліп, Білім және ғылым министрлігіне ұсыныстар берілді.



Салауатты өмір салтын қалыптастыру

Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны жыл сайын артуда. 2010 жылы дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны 296 352 адамды немесе 12 % құраса, 2011 жылы бұл көрсеткіш 379 218 адамды немесе 14,5 % құраса, 2012 жылдың қорытындысы бойынша дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде шұғылданатындардың саны 427 602 адам қамытылып, облыстағы барлық жастағы халықтың қамтылуы 16 %-ға жетіп отыр. Ал, 2013 жылдың қорытындысы бойынша жалпы шұғылданушылар саны 6,5 % құрап отыр. Жыл соңында 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарға сәйкес 18 % жету жоспарланған.

Жоспар бойынша 14 аудан, қалаларда 186 ауыл округінің 2000 астам жастарының тікелей қатысуымен «Ауылдың болашағы – жастардың қолында!» марафоны аясында «Спорт бізді біріктіреді» ауыл жастарының волейбол және шахматтан спорттық сайысы өтті. Қорытындысы Шымкентте облыстық жарыспен ұйымдастырылып, қорытындыланды.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында «Жастар практикасына» 2014 жылдың 1 қаңтарына 1651 кәсіпорынмен келісім-шарттар жасалып, оларға жастар практикасына жұмыссыз жүрген 7242 оқу бітіруші түлек жас маман жіберілді, (оның ішінде ауылдық жерлерден 3320 адам). Жұмыс мерзімінің аяқталғаннан кейін тұрақты жұмыс орнына орналасқан 4960 адам, яғни 68,4 % қамтылды.

Аталған бағдарлама бойынша биыл кәсіби оқуға 1658 жас азамат жолданған (оның ішіндегі ауылдық жерлерден 953 адамның немесе 57,5 % жастар құрайды) Сонымен қатар, әлеуметтік жұмыс орындарына 2953 нысаналы топтағы жас азаматтар жолданған (оның ішінде ауылдық жерлерден 1494 адам).

2013 жылдың мамыр – желтоқсан айлары аралығында «Жастар шағын және орта бизнесте!» жобасы аясында «SHYMKENT START UP» үздік бизнес жобалар конкурстарын өткізілді. Конкурс қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласы, қызмет көрсету, жеңіл және тамақ өнеркәсібі салалары бойынша үздік бизнес жобаларға 250 000 теңгеден 1 000 000 теңге көлемінде сыйақы берілді. Жастар арасында кәсіпкерлікті насихаттау мақсатында мотивациалық ақпараттық брошюралар, буклеттер, әдістемелік құралдар таратылды.

2013 жылдың қыркүйек айында жастардың үздік бизнес жобаларын қолдау мақсатында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымен бірлесе отырып «ОҚО Коворкинг орталығы» жастар бизнес инкубаторы жұмысы ұйымдастрылды. «ОҚО Коворкинг орталығы» жастар бизнес инкубаторы базасында жұмыс жасауға «Shymkent technologies» компаниясы, «Алтын-ғасыр» дизайн компаниясы, «Otau home services» клинигтік компаниясы, «Sulu models» агенттігі, «Оңтүстік аударма» агенттігінде 52 жас жұмыспен қамтылды.

Облыстың аудан, қалаларында және оқу орындарындағы жастармен 6 жоба аясында «Жастарға ой толғаймын», «Тәрбие тал бесіктен», «Жастық самғау бал кеші», «Ізгілікпен махаббат байқауы», «Отан – отбасынан басталады», «Ұлттық Дельфий ойындары» тақырыптарында 70-ке жуық іс-шаралар мен байқаулар ұйымдастырылып, оған 20 мыңға жуық жастар қамтылды.

Жастар ұйымдарының белсенді тарта отырып, жастар ортасында жалпы адамзаттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған 12 бейнероликтер әзірленіп жергілікті телеарналарда көрсетілімі ұйымдастырылды. Сонымен қатар 120 баннер дайындалып аудан, қалаларда ілінді. Сондай ақ, азаматтарды патриоттық тәрбиелеу жөніндегі 6000 дана әдістемелік құралдар шығартылып аудан, қалалардың жастар орталықтарына таратылды.

Сонымен қатар аудан, қалалардағы ауыл жастарына қолдау көрсету аясында олардың белсенділіктерін арттыру, талантты, дарынды, шығармашыл жастардың өнерін шыңдау мақсатында «Жастар Отанға» саяси лагері, жоғары оқу орындары арасында «Студенттік көктем» фестивалі, түрлі этнос жастарының «Достық лагері» мен «Бірлігіміз жарасқан» этно-керуені сияқты бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

2014 жылғы облыстық статистиканың мәліметі бойынша 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны 773,4 мыңнан астамын құрап отыр, облыс халқының 28,9 %. Оның ішінде ауыл жастары 473,3 мың болса, 300,1 мыңнан астамы қала жастары.

Облысымыздың барлық аудан, қалаларда "Жастар орталығы" мемлекеттік коммуналдық мекемелері құрылып, материалдық-техникалық базамен толық қамтамасыз етілген.

2013 жылы облыстағы аудан, қаланың барлық ауылдық округтерінде бір штаттық қызметкерден берілді, қазіргі танда жастар жұмысымен 238 маман бар.

Жастарды отансүйгіштік, туған елінің патриоты болуға, жастардың белсендігін арттыру мен талантты, дарынды жастарға қолдау көрсету мақсатында 21 бағытта арнайы жоба жүзеге асырылып, 9 айдың нәтижесі бойынша 120 дан астам іс-шаралар өткізіліп оған 12 мыңға жуық жастар қатыстырылды.

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 2013 жылы 173 088,8 мың теңге, 2014 жылы 190 000,0 мың теңге, сонымен қатар, жергілікті бюджеттен 2013 жылы 151 086 ,0 мың теңге, 2014 жылы 230 000,0 мың теңге бөлінген.

2014 жылы 458 студентті демалыс айларында құрылыс нысандарына жұмысқа тарту мәселесі бойынша қазіргі таңда облыстық бірнеше мердігер компаниялармен келісімге келіп, студент құрылыс жасақтары тиісті компанияларда жұмыстар атқаруда.

«Жасыл Ел» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2014 жылы «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының республикалық штабынан Оңтүстік Қазақстан облысына 857 жасқа квота бөлініп және жұмыс жасайтын әр бір жас тегін жұмыс киімімен (күртеше, жейде, беисболка, аяқ киім) қамтамасыз етілді.

Бүгінгі таңда облыстық статистика депарментінің 2015 жылғы 25 ақпандағы мәліметіне сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысында 772003 жас азамат мекен етеді. Оның ішінде: ерлер – 391631, әйелдер – 380372, қалалық жерде – 297356, ауылдық жерде - 474647 көрсеткіштерін көрсетіп отыр.

Ал 2013 жылы 773,4 мыңнан астамын құрап, 28,9 % болды. Оның ішінде ауыл жастары 473,3 мың болса, 300,1 мыңнан астамы - қала жастары.

Облыс бойынша 11 жоғары және 92 орта арнаулы оқу орындары (42-і мемлекеттік, 50-і жекеменшік) бар. Оқу орындарында білім алып жатқан жастардың жалпы саны 66 мыңнан астам (күндізгі бөлім – 45654, сыртқы және кешкі бөлімдерде – 20445). Грантта оқитындар саны – 14521. Өзге облыстан келген жастар саны – 992.

Жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар бойынша атқарылған жұмыстар:

«Жұмыспен қамту – 2020».

2015 жылдың 1 қаңтарына жұмыспен қамту жөнінде уәкілетті органдарына жұмыс іздеп келген 35,0 мың жас мамандар жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, жастар қатарынан 26 пилоттық жоба негізінде 3,4 мың адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Облыс бойынша 2015 жылдың 1 қаңтарына 1066 кәсіпорынмен келісім-шарттар жасалып, оларға жастар практикасына жұмыссыз жүрген 3541 оқу бітіруші түлек жас маман жіберілді.

Атап айтқанда:

- білім саласында - 112 адам;

- денсаулық сақтау саласында - 769 адам;

- ауыл шаруашылық саласында - 88 адам;

- өнеркәсіп саласында - 160 адам;

- салық пен құқық қорғау салаларында - 224 адам;

- экономиканың басқа да салаларында - 1173 адам.

Сонымен қатар, әлеуметтік жұмыс орындарына 3841 нысаналы топтағы азаматтар жолданған, оның ішінде 1356-і жастар.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 27 жәрмеңке өткізіліп, нәтижесінде 968 жас мамандар жұмыспен қамтылды.


«Дипломмен ауылға».

2014 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы 801 жас ауылдық жерлерде жұмысқа орналасып, оларға республикалық бюджеттен 103 742,0 мың теңге біржолғы көтермелеу жәрдемақы берілсе, 298 жас маманға тұрғын үй алу үшін 807 512,0 мың теңге несие берілді.



«Жасыл ел» және «Студенттік құрылыс жасақтары».

2014 жылы облысымызда 847 жас мамыр-қыркүйек айлары арасында кезең кезеңімен көгалдандыру, көріктендіру жұмыстарына тартылып жұмыс атқарып, 35-37 мың теңге көлемінде ал, студенттік құрылыс жасақтары 9 құрылыс компаниясына 458 жас тартылып, орташа айлық жалақысы 50-60 мың теңгені құрады.

2015 жылы «Жасыл ел» бағдарламасына 1000 жасты, ал «Студенттік құрылыс жасақтарына» 500 жуық жастарды тарту жоспарлануда.

«Серпін» бағдарламасы.

«Мәңгілік ел жастары - индустрияға» әлеуметтік жобасы аясында  педагогикалық мамандықтар бойынша 7 жоғары оқу орны үшін арнайы 1050 грант, 23 колледжде білім алушылар үшін 35 мамандық бойынша 1000 грант бөлініп, Оңтүстік Қазақстан облысынан жоғары оқу орындарына 540, арнаулы орта оку орындарына 326 оқуға түсті.


Қаржы көлемі.

2014 жылы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 137 млн. теңге қаралып, 21 жоба бойынша жүзеге асырылса, 2015 жылы 33 жобаны жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 92 млн. теңге қаржы бөлінді.



Үкіметтік емес ұйымдар.

Бүгінгі таңда облыстық әділет департаментінің 2015 жылғы 2 ақпанындағы берген мәліметіне сәйкес облыс бойынша 71 жастар қоғамдық бірлестіктері және 6 республикалық жастар ұйымдарының филиалдары жұмыс жасауда. Оның ішінде 20 жастар қоғамдық бірлестіктері белсенді түрде қызметтер атқаруда.

2014 жылы аталған ұйымдармен «Жастар ауылға», «Тәрбие тал бесіктен», «Болашаққа айқын жол!» тақырыбында түрлі салалардағы жұмысшы жастарға қолдау көрсету, «Жас қыран» жастар жобасы, «Жасыл желек жайқалсын», жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және студент жастар арасында «Таза сессия», «Бірлігіміз жарасқан» жастардың достық жобасы, «Отан отбасынан басталады» ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттау, «Мәдени мұра» жастардың тарихи-мәдени жобасы, «Облыстық жас ғалымдар форумы», сонымен қатар, жастарды әскери-патриоттыққа баулу жобалары бойынша жұмыстар жүргізілді.
Жастармен жұмыс жүргізу.

2010 жылдан бері облыстық «Жастар орталығы» МКМ (26 қызметкер), 2011 жылдан бастап барлық аудан, қалаларда «Жастар орталықтары» МКМ (212 қызметкер) жұмыс істейді.

Облыс әкімдігі жанындағы жастармен жұмыс жүргізу жөніндегі Кеңеске 2012 жылдан бастап облыс әкімі төрағалық етсе, Кеңес құрамында облыстық мәслихат депутаттары, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының басшылары,жастар қоғамдық бірлестіктерінің төрағалары, БАҚ өкілдері барлығы 23 мүшеден тұрады. Сонымен қатар барлық аудан, қала әкімдері Кеңеске төрағалық етуде. Кеңес отырысы Ережеге сәйкес тоқсан сайын тұрақты түрде өткізілуде.
Ақпараттық насихат жұмыстары.

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ресми http://www.jastar-uko.gov.kz/ сайты 2014 жылдан бастап жұмыс істеуде. Сайтта Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдаулары мен Мемлекеттік рәміздер, Мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысын насихаттайтын арнайы мақалалар тұрақты түрде жаңартылып шығарылуда. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу конкурсы тәсілімен «ОҚО еңбек биржасы» жобасы аясында www.enbek-око.kz сайты ашылып, жастардың жұмысқа орналасуына қажетті барлық қажетті мәліметтер енгізілді.



«Жастар дауысы» газеті.

Республикалық ақпараттық-танымдық «Жастар дауысы» газеті 2003 жылдан бастап жарыққа шығып келеді. Газеттің меншік иесі «ГАБА-Ү» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Құрылтайшысы Оңтүстік Қазақстан облыстық жастар конгесі. Газеттің бас редакторы – Дадабаев Алмас Исаұлы. Газет 8 беттен тұрады, таралымы 5000 данамен айына 2 рет, А3 форматында шығады. Газетте облыс көлемінде жастардың қатысуымен өткізілген барлық іс-шаралар мен жастарға қажетті ақпараттық танымдық материалдар мен мағұлматтар тұрақты түрде шығарылуда.



«Аймақ» байқауы.

2014 жылдың тамыз айынан бастап Республикалық деңгейде «ВАймаке» атты жастар ресурстық орталықтарының қызметін жандандыруға, аумақтардағы жастарға арналған мүмкіндіктерді көрсетуге бағытталған жастар ресурстық орталықтарының байқауы талабына сай ресурстық орталықтар жастар саясатына қатысты кез-келген тақырыпта атқарылған жұмыстар туралы фоторепортаж (сапасы өте жоғары, 7 суреттен кем емес), видеорепортаж (mpeg4 форматта, сухбаттар), іс-шара туралы толық, сапалы мәліметтерді 2 аптада 1 рет электронды түрде.

Облыстық «Жастар орталығы» МКМ және Созақ аудандық «Жастар орталығы» КММ жеке команда ретінде қатысып, байқаудың дауыс беру нәтижесі бойынша Ақмола облысы жастар ресурстық орталығы-5279, Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының жастар ресурстық орталығы-5255 дауыс көрсеткішіне ие болды. Жеңімпаздар 15 қараша күні Астана қаласында өткізілген DREAM TEAM - 2020 Коворкинг Multispace Astana жастар конференциясының аясында марапатталды. Конкурс жеңімпаздары естелік сыйлыққа ие болса, барлық қатысушыларға арнайы дипломдар табысталды.

Сонымен қатар жергілікті «Қазақстан Шымкент» телеарнасынан аптасына екі рет «Жастық жанары» жастар бағдарламасы, Отырар телеарнасынан «Жалындаған жаспыз», «Жас толқын», «Жастар уақыты», бағдарламалары көрсетілсе, «Тоқтама kz» сайты тек жастарға қажетті материалдарды тұрақты түрде жариялап отырады.



Бұқаралық ақпарат құралдары

Облыста 2012 жылы - 433, 2014 жылы - 240 БАҚ тіркелген, оның ішінде әрекет етіп тұрған – 194, оның ішінде 2012 жылы - 181 немесе 93 %, 2014 жылы - 220 немесе 91,6 % - баспа басылымдар (2012 ж. 170-газет, 11-журнал, 2014 ж. 182-газет, 38-журнал), электрондық БАҚ – 2012 ж. 13 немесе 7 %, 2014 ж. 20 немесе 8,3 % (2012 ж. 8, 2014 жылы 10 телекенал, 3 радио, 2 кабелдік теледидардың операторлары, 2014 жылы 7 – интернет ресурс).

Тематикалық бағыт бойынша ақпараттық бағыттағы БАҚ үлесі жоғары –2012 жылы 41,9%, 2014 жылы - 46,7 %, қоғамдық саяси бағытта 2012 жылы 22,6%, 2014 жылы - 53,3 %. 90% мемлекеттік емес БАҚ.

Басылымдардың және телевизиялық бағдарламалардың сапасы және деңгейінің жоғарылағаны байқалады.

Интернет сайты бар БАҚ саны өсуде.

Басылымдардың тираждары да өсуде (қоғамдық саяси бағыттағы басылымдардың саны 5 мыңнан 36 мың экземплярға дейін барады).

«Қазтелерадио» инфрақұрылымы облыс аймағын «Хабар»-92,7 %, «Қазақстан» - 98,9 %, «Евразия» -78 %, «Қазақстан-Шымкент» -78,6 % қамтиды.

Кабелдік теледидарда кең тараған, қазіргі таңда ол 2 операторлармен ұсынылған.

2012 жылдан бастап облыс көлемінде жұмыс жүргізіп жатқан бұқаралық ақпарат құралдарының саны 235. Оның 95 % баспа (192-і газет, 31-і журнал) 5 % электронды БАҚ (9-ы телеарна, 3-уі радио, 4 кабельді оператор).
Спорт

Облыс көлемінде 2009 жылы - 61 мемлекеттік спорт мекемелері қызмет атқаруда, оның ішінде 35 БЖСМ, 17 ОРДБЖСМ, 2 ЖСШМ, Б.Саттарханов атындағы дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернаты, 4 МКҚК және «Ордабасы» кәсіби футбол командасы» акционерлік қоғамы жұмыстар жүргізуде.

2013 жылы облыста 76 мемлекеттік меншіктегі спорт мекемелері мен кәсіпорындары жұмыс атқарды. Оның ішінде: 18 облыстық, 48 қалалық және аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері мен 8 облыстық және 1 аудандық мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындары мен 1 акционерлік қоғамы.

2014 жылы облыста 80 мемлекеттік меншіктегі спорт мекемелері мен кәсіпорындары жұмыс атқаруда. Оның ішінде: 18 облыстық, 52 қалалық және аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері мен 8 облыстық және 1 аудандық мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мен 1 акционерлік қоғам «Мамандандырылған футбол клубы «Ордабасы» жұмыс атқаруда.

2009 жылы облыс көлемінде спорт нысандарының жалпы саны - 3529 бірлікті құрап, оның ішінде 21 стадион, 1 спорт сарайы, 1 оқу-жаттығу орталығы, 27 спорт кешені, 18 жүзу бассейні оның ішінде, 2 жабық бассейн, 16 ашық бассейін жұмыс жасайды. Ал, облыстың ауыл-аймақтарында барлық спорт нысандарының саны 2772 бірлікті құрап отыр.

2013 жылдың қорытындысымен облыс көлемінде спорт нысандарының жалпы саны - 4932 бірлік тіркелген. Оның ішінде: 27 - жүзу бассейні, спорт залдары – 846, спорттық манеждер – 11, ашық ату тирі – 203, қарапайым спорт алаңдары – 3608, ипподром – 2, хоккей корттары – 1, ату алаңы – 1, теннис корттары – 34 және ыңғайластырылған залдар -137.

2014 жылдың қорытындысымен облыс көлемінде спорт нысандарының жалпы саны - 5023 бірлік тіркелген. Оның ішінде: 28 - жүзу бассейні, спорт залдары – 879, спорттық манеждер – 12, ашық ату тирі – 204, қарапайым спорт алаңдары – 3656, ипподром – 3, хоккей корттары – 1, ату алаңы – 1, теннис корттары – 34 және ыңғайластырылған залдар - 140.

Облыс бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатындардың 2009 жылы жалпы саны 176 837 адам немесе жалпы тұрғындардың 9,9% құрады. 2012 жылдың қорытындысымен 427 602 мың адам 16 %-ға жетсе, 2013 жылы 488321 мың адам 18 %-ға дене шынықтыру және спортпен шұғылданған, 2014 жылдың қорытындысы бойынша жалпы шұғылданушылар саны 556133 адамды құрап, 20% жетіп отыр.

Облыстың спорт мектептерінде спортпен айналысушылар спорттың 49 түрімен шұғылданады, оның ішінде 27 олимпиадалық спорт түрімен 28 212 адам шұғылданады, ал, олимпиядалық емес спорт түрімен 7 610 адам шұғылданады. Облыс бойынша 2013 жылы спорттың 58 түрі дамуда: 35 - олимпиадалық, олимпиядалық емес – 23.

Спорт түрлерінен облысымыздың 638 спортшысы Қазақстан Республикасының ұлттық командасының құрамына еніп, оның ішінде: 254 – ересектер, 201 - жастар, 183 - жасөспірімдер құрамасына енген. 924 спортшы 1-ші санатты, 1126 спорт шеберіне үміткерлер, 110 – спорт шеберлері, 20 халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады.

Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктерінде 2009 жылы облыс спортшылары 259 алтын, 224 күміс және 269 қола медаль жеңіп алған (2008 жылы, 247 алтын, 208 күміс және 271 қола медаль).

2009 жылы Азия чемпионаттары мен біріншіліктерінде облыс спортшылары 55 алтын, 24 күміс және 27 қола медаль жеңіп алды (2008 жылы, 51 алтын, 23 күміс және 26 қола медаль).

2012 жылы облыс спортшылары спорттың 52 түрі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып, барлығы 1086 медаль жеңіп алған. Оның ішінде: 367 алтын, 348 күміс, 310 қола медальдарына қол жеткізді.

2013 жылдың қортындысымен Азия чемпионаттарында облыс спортшылары, 34–алтын, 20 – күміс және 23 – қола медальге қол жеткізді (2012 жылы 13 алтын,7 күміс, 10 қола) осы уақыт арасында өткен Әлем чемпионаттарында облыс спортшылары, 9 - алтын, 9 - күміс және 13- қола медальге ие болды.(2012 жылы 15 алтын, 4 күміс,12 қола).

Сонымен қатар, Азия чемпионаттарында облыс спортшылары 13 алтын, 7 күміс және 10 қола медальге, Әлем чемпионаттары мен Кубоктарында 15 алтын, 4 күміс және 12 қола медальге ие болды.

2013 жылы 713 медальге қол жеткізіп отыр. Оның ішінде: Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктерінде 221 алтын, 213 күміс, 228 қола, Азия чемпионаттарында облыс спортшылары 19 алтын, 11 күміс және 13 қола медальге, Әлем чемпионаттары мен Кубоктарында 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медальге ие болып отыр. Облыс спортшылары 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 26 медальге көбейген.

2014 жылы облыстың спорт мектептерінде спорттың 59 түрімен 52848 спортшы шұғылданады. 2014 жылы Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктерінде 388 алтын, 374 күміс, 337 қола, Азия чемпионаттарында облыс спортшылары 37 алтын, 24 күміс және 27 қола медальге, Әлем чемпионаттары мен Кубоктарында 13 алтын, 9 күміс және 13 қола медальге ие болып отыр. 2011 жылмен салыстырғанда 2014 жылы 12643 спортшыға көбейді.

Жалпы әлеуметтік саланың негізгі проблемалары:

- облыс ауыл тұрғындарының қалаға көшуі;

- орта кәсіптік білім беру мекемелеріне мұғалімдердің жетіспеушілігі;

- дәрiгерлiк қызыметкерлердің бiлiктiлiк деңгейiнің жеткiлiксiздігі;

- медицина мекемелерiндще құрал- жабдықтардың жеткiлiксiздігі;

- Шымкент қаласында нәрестелiк өлiм-жiтiмнiң көрсеткiштерiнiң өсуi;

- халықтың мәдени белсенділігінң жеткіліксіздігі;

- әлеуметтік салада бюджет қаражатын қолдану тиімділігінің төмендігі.
2.2.3. Инфрақұрылым кешені

Құрылыс

Облыс бойынша құрылыс жұмыстарының (қызмет көрсету) көлемі 2009 жылы 124114,8 млн.теңгені құрады, 2003 жыл деңгейінен 19 есеге өскен. Бұл көрсеткіш 2012 жылы 170 648 млн.теңгені құрады, 2011 жылмен салыстырғанда 121,8 % -ды құраса, 2013 жылы 179 654,7 млн.теңге, 2012 жылмен салыстырғанда 100,9 % -ды құрады. 2014 жылы 120077,4 млн.теңге, 2013 жылмен салыстырғанда 102,3 % жоғарғы көрсеткішті құраған.

Құрылыс жұмыстарының көлемінің өсуі Созақ (2,2 есеге), Төлеби (1,9 есеге), Отырар (1,3 есеге), Шардара (1,5 есеге), 2013 жылы Созақ (110 %), Шардара (110 %), Түлкібас (103 %) аудандарында байқалуда.

2014 жылдың қорытындысымен құрылыс жұмыстарының көлемінің өсуі (ҚЖК өсуі) 187614,9 млн. теңгені құрап, ҚЖФКИ 2013 жылмен салыстырғанда 99,3 % -ды құрады. ҚЖК төмен болуы инфляция деңгейінің (105,2%) өсуімен байланысты.

Облыстағы құрылыс қызметін 2009 жылы - 1416 ұйым, 2013 жылы - 538 ұйым (2003 жылы 266 ұйым) іске асырған, құрылыс саласында 9,4 мың адам, 2013 жылы 21 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылған, орташа айлық жалақы 2003 жылмен салыстырғанда екі есеге өскен. Облыста 5180 оқушыға арналған жалпы білім беру мекемелері, 5216 мың шаршы метр тұрғын үй, 2013 жылы облыста барлығы 402,7 мың шаршы метр тұрғын үй ғимараттары, соның ішінде 103,6 мың шаршы метр мемлекеттік меншіктегісі, 266,1 мың шаршы метрі жеке тұрғын үйлер және 33 мың шаршы метрі коммерциялық тұрғын үйлер қолданысқа берілген.

2014 жылы барлығы 405,027 мың шаршы метр тұрғын үй ғимараттары, соның ішінде 41,711 мың шаршы метрі мемлекеттік бюджет есебінен, 323,657 мың шаршы метрі жеке тұрғын үйлер, 31,095 мың шаршы метрі коммерциялық тұрғын үйлер және 8,564 мың шаршы метрі басқа көздер арқылы тұрғын үйлер қолданысқа берілді.

2014 жылы тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға тапсыру жоспары 457,3 мың шаршы метр, 2014 жылдың қорытындысымен 405,027 мың шаршы метрді құрап отыр (-52,273 мың шаршы метр).

Себебі, «ҚИК» АҚ арқылы 2014 жылы жоспарланған уақытында 15 тұрғын үй ғимараты (56,2 мың ш.м., 1080 пәтер) пайдалануға тапсырылмады.

Аумақтық-әкімшілік бөліктерде құрылыстардың негізгі көлемі Шымкент қаласында жүргізілген (47,5 %). Құрылыс жүргізу көлемі бойынша екінші орын Арыс қаласының (17,7%), 2013 жылы екінші орын Түркістан қаласының (12,1 %), үшінші орын Сайрам ауданының (12 %) еншісіне түсті. Ал қалған 12 аумақтық-әкімшілік бөліктер еншісіне құрылыс көлемінің барлығы 49 % түсті. 2014 жылы құрылыстың негізгі көлемі Шымкент қаласында жүргізілген (37,5%), Сайрам ауданы (8,3%), Түркістанда (7,8%), Созақ ауданында (7,8%).

2009 жылы облыстағы барлық құрылыс инвестицияларының 46,1 % үлесі Шымкент қаласына тиген. Құрылыстағы инвестициялық үлесі бойынша екінші орында 12,6 % үлесімен Арыс қаласы болды. Ал, Бәйдібек ауданының құрылыс инвеcтициясындағы үлесі тек 1,2 % құрады.

2013 жылы меншікті нысан бойынша тұрғын үй құрылысына жұмсалған инвестициялар көлемі 15 641,6 млн. теңгені құрады. Аудандар мен қалалар бөлінісінде инвестициялардың Шымкент, Түркістан қалаларының және Созақ ауданының үлесіне тиеді. Шымкент қаласында тұрғын үй құрылысына 6 867,1 млн. теңге, Түркістан қаласында 1 294,8 млн. теңге және Созақ ауданында 1 627,6 млн. теңге инвестициялар салынды. Облыстағы құрылыс дамуының маңызды көрсеткіші толық және әкімшілік-аумақтық бөліктердегі тұрғын үйлерді пайдалануға беру болып табылады.

2014 жылы тұрғын үй құрылысына жұмсалған инвестиция көлемі 26120,5 млн. теңгені құрады. Аудандар мен қалалар кесіндісінде Шымкент қаласы бойынша 15 967 млн. теңге, Түркістан қаласында – 1 821,1 млн. теңге, Созақ ауданында – 1 167,8 млн. теңге инвестиция салынды.

2003 - 2009 жылдар аралығында тұрғын үйлерді пайдалануға беру 94 %, 2011-2013 жылдар аралығында 176 %-ға өскен, 2011 жылы - 609,3 мың, 2013 жылы - 174 мың шаршы метрді құраған.

Облыстағы құрылысты жүргізудің әркелкілігі сондай-ақ аумақтық-әкімшілік бөліктерде де байқалуда. Егер Шымкент қаласындағы тұрғын үйлерді пайдануға енгізу 2003 жыл мен 2009 жыл аралығында 47 %, Сарыағаш ауданында бұл көрсеткіш 2,3 есеге, Арыс қаласында 1,9 есеге, Ордабасы ауданында шамамен 0,9 есеге төмендеген. Созақ және Төлеби аудандарында тұрғын үйлерді пайланауға енгізу 2 есеге, Кентау қаласында шамамен 1,8 есеге, ал, 2013 жылы Түркістан қаласында 4 есеге, Арыс қаласында 54 %, Бәйдібек ауданында 74 % өскен.

2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы облыс бойынша тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға тапсыру 100,6%-ы, Шымкент қаласы бойынша - 101,8%-ды, Арыс қаласы бойынша-101,2%-ды, Түркістан қаласы бойынша - 128,4%, Қазығұрт ауданы бойынша – 117,1% құрады.

Құрылыс саласында негізгі проблемалары:


  • құрылыс материалдарын өндіретін өнідірістер жабдықталуының техникалық деңгейінің төмендігі:

  • өндірісті техникалық жағынан қайта жарақтандыру мен жаңарту үшін құрылыс кәсіпорындарының айналым қаражаттарының жеткіліксіздігі;

  • өнімдерді өндірудің өзіндік құнының жоғарылығы;

  • нормативті-ақпараттық қамтамасыз ету дамуының әлсіздігі:

  • импортты алмастырғыш пен экспортқа бағытталған жаңа өндірісті дамытуға инвестициялардың жетіспеушілігі;

  • инженерлік құрамдағы және жұмысшы мамндардың білікті кадрларының жетіспеушілігі;

  • құрылыс материалдарына маусымдық сұраныс;

  • саланың материалдық-техникалық базасының деңгейі заманауи талаптарға сәйкес келмейтіндігі, басым кәсіпорындардың негізгі қорының тозуы 60-70 пайызды құрайтындығы;

  • ескірген технология, экологиялық талаптарды сақтамай, энергия қуатын жоғары деңгейде пайдаланатындығы;

  • құрылыс материалдары өндірісіндегі өнімдердің жекелеген түрлерінің бәсекеге қабілетсіздігі;

  • мемлекеттік сатып алу жөніндегі тендерлердің бұлыңғырлығы болып табылады.


Проблемаларды шешу жолдары:

- ТМД елдерінде құрылыста кеңінен қолденылатын сұйық резіңке (изоляциялық материал), жылуизоляциялық және конструкциялы-жылуизоляциялық арасы қуыс «Гростек» материалын, жылу сақтайтын гранула түріндегі «Гростек» төсегіш материалын, «Пенетрон» құрғақ құрылыс қоспасын, «Изолат» изоляциялық материалын, «Сэндвич-үйлер» (каркасты үйлер) және алынбас қалып (опалубка) және т.б. жаңа материалдар мен технологияларды құрылыс саласында қолдану;

- қаланың өндірісті-коммуналды аумақтарында шағын кәсіпкерліктің өндірісті бағыттағы нысандарын орналастыру үшін мамандандырылған аумақтар бөлу;

- заманауи сәулетті-эстетикалық, технологиялық және функционалдық талаптарға жауап беретін, мамандандырылған аумақтарды кешенді жобалауды қамтамасыз ету;

- нысандардың жаңа түрлерін, соның ішінде көпфункционалды іскерлік орталықтарды жобалауды және құрылысын салуды тәжірибеге ендіру.


Электроэнергетика

Электрэнергетика облыс экономикасының базалық саласы болып табылады. Энергияның ішкі көздері аймақтың электроэнергиясына деген жалпы тапшылығының 45 %-47 % қамтамасыз етеді.



Электр және жылу энергиясын өндірудің динамикасы

Атауы

Өлшем бірлігі


2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.


2014 ж

2014 ж

2010 ж.%

Электр энергия

млрд. кВт. Сағ.

1,32

1,38

1,23

1,34

85,4

Жылу энергия

млн. Гкал

1,2

1,4

1,5

128,3

128,3

Өнеркәсіп өндірісінің жылдан жылға артуымен экономиканың нақты секторының және облыс тұрғындарының электр энергиясына қажеттілігін толығымен қанағаттандыруда. Стансалар өндіретін электр энергияның көлемі келесі таблицада көрсетілген.



Стансалар өндіретін электр энергияның көлемі


Электрстанциялар


2008 жылы

2009 жылы

2010 жылы

2011 жылы

2012 жылы

2013 жылы

2014 жылы

Өсуі, %

«Шардара СЭС» АҚ


627,5

627,5

670,5

495,7

569,3

464,5

565,1

82,1

«3-Энергоорталық» АҚ

683,3

753,4

867,9

824,4

804,8

741,7

755,2

98,2

«Келесгидрострой» АҚ

4,8

4,8

3,2

3,2

5,0

5,2

5,2

100

Барлығы:

1315,6

1385,7

1541,6

1323,3

1 379,1

1211,4

1325,58

91,3

Әр түрлі иеліктегі 3 электр стансасында электр энергиясы өндіріледі.



Оңтүстік Қазақстан облысындағы электр стансалар


Электрстансалар

Белгіленген қуаты

«Шардара СЭС» АҚ

100

«3-Энергоорталық» АҚ

160

«Келесгидрострой» АҚ

1,32

Барлығы:

261,32

жүктеу 3,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау