Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2016 жылғы
«14» наурыз
№ 57 қаулысына
2-қосымша
«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру
мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі-Басқарма) ұсынылады.
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы (бұдан әрі - оператор) жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандару шеңберінде субсидиялау мәселелері бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі орынбасарының төрағалығымен өтетін комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірме;
2) өтініштерді мақұлдаған жағдайда кепіл берушінің/сақтандыру ұйымының есеп шотына субсидия қаражатын аудару.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға Басқарма және Оператор арасындағы операторлық қызмет бойынша тәртіпті белгілейтін, операторлық қызметті ұсыну талаптарындағы операторлық қызметтің төлем сомасы, сондай - ақ тараптардың жауапкершілігі мен өзге де талаптары көрсетілген шарт болып табылады.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және олардың орындалу дәйектілігі, оның ішінде барлық рәсімдердің өту кезеңдері:
5.1. Агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі-АӨК) субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру шеңберінде субсидиялау тәртібі:
1) оператор операторлық қызметтер көрсету жөніндегі шарт күшіне енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында және облыс әкімдігінің интернет-ресурстарында АӨК субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру кезінде кепілдік бойынша комиссияның бір бөлігін субсидиялау бойынша бағдарламаның басталғаны туралы хабарландыруды орналастырады; 2) көрсетілетін қызметті алушы кредит алуға кредиторға (кредитор - екінші деңгейдегі банктер, «ҚазАгро», ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының еншілес ұйымдары, сондай-ақ банк қызметтерін жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар кредиттік ұйымдар) жүгінеді; 3) кредитор ішкі рәсімдерге сәйкес қарыз алушының өтінішін қарайды, оның ұсынған құжаттары мен қарыз алушының қаржылық жағдайын талдайды, содан кейін кредитті беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім шығарады. Субсидиялауға сыйақы мөлшерлемесі теңгемен жылдық 14 (он төрт) пайыздан аспайтын кредиттерді кепілдендіру жатады. Бұрын алынған кредиттер бойынша кепілдік бойынша комиссияның бір бөлігін субсидиялауға жол берілмейді; 4) кредитор кредит беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға кредит беруге келісу не беруден бас тарту, кредиттің шарттары туралы, кепілдік құны мөлшерінің есебі және әлеуетті кепіл берушіге қойылатын талаптар туралы хат жолдайды; 5) көрсетілетін қызметті алушы күнтізбелік 30 күн ішінде кредитордың талаптарына сәйкес келетін кепіл берушіні (кепіл беруші – банктік қызметті жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар қаржы институттары, қаржы ұйымдары, сондай-ақ өңірлердің әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары) табады; 6) кредитор кепіл берушіден құжаттардың толық топтамасын алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті алушы мен кепіл берушіні жазбаша хабардар етеді; 7) кепіл беруші мақұлдағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы 5 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 9-1/1018 бұйрығымен бекітілген «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартының (бұдан әрі-Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса отырып, субсидия беру туралы өтінішті жолдайды; 8) оператор көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №9-1/71 бұйрығымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларының (бұдан әрі-Қағида) 10-тармағында көрсетілген іс-шараларды жүзеге асырады; 9) субсидиялауды жүзеге асыру үшін Басқарма Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен бекітілетін, құрамында Комиссия төрағасы, мүшелері және хатшыcы бар Комиссия құрады. Оператор 5 жұмыс күні ішінде Комиссия мүшелерінің қолдарын жинайды және қол қойылғаннан кейін Комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені кредитор мен кепіл берушіге жолдайды; 10) басқарма оң шешімі бар Комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде Қағидалардың шарттарына сәйкес кепіл бойынша комиссияны субсидиялау тәртібі мен шарттары туралы кепіл берушімен шарт жасасады; 11) кепіл беруші Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген шартқа қол қойғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы кредитінің бір бөлігін кепілдендіру шартына қол қояды және оны кредиторға жібереді; 12) кредитор кепіл берушіден кепілдендіру шартын алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде оған қол қояды және оны көрсетілетін қызметті алушыға қол қою үшін береді; 13) көрсетілетін қызметті алушы кепілдендіру шартына қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы өздігінен және бір мезгілде кепіл берушіге төлейтін кепілдік бойынша комиссияның субсидияланбайтын бөлігін төлеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы кепілдендіру шартына қол қойғаннан кейін кредитор 5 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушымен қарыз шартын жасасады және көрсетілетін қызметті алушыға кредитті нақты беруді жүзеге асырады; 14) көрсетілетін қызметті алушыға кредит берілгеннен кейін кредитор 5 жұмыс күні ішінде кредитор растаған қарыз шартының, ақша аудару туралы төлем тапсырмасының көшермелерін кепіл берушіге жолдайды; 15) кепіл беруші кредит берілгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде операторға Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға кредит беру және оның кепілдендіру комиссиясын ішінара төлеу туралы мәліметтерін Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген құжаттарымен қоса жолдайды; 16) оператор 3 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және Басқармаға тиісті хат жолдайды. Басқарма оператордан хат алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде кепіл берушінің шотына субсидия аударуды жүзеге асырады. 5.2. АӨК қарыздарын сақтандыру шеңберінде субсидиялау тәртібі:
1) оператор операторлық қызметтер көрсету жөніндегі шарт күшіне енгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында және облыс әкімдігінің интернет-ресурстарында АӨК субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру кезінде кепілдік бойынша комиссияның бір бөлігін субсидиялау бойынша бағдарламаның басталғаны туралы хабарландыруды орналастырады;
2) көрсетілетін қызметті алушы кредит алуға кредиторға жүгінеді;
3) кредитор 5 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды, ол ұсынған құжаттар мен көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жағдайын талдайды, содан кейін кредитті беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім шығарады. Субсидиялауға сыйақы мөлшерлемесі теңгемен жылдық 14 (он төрт) пайыздан аспайтын кредиттерді сақтандыру жатады. Бұрын алынған кредиттер бойынша сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін субсидиялауға жол берілмейді;
4) кредитор кредит беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдағаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде сақтандыру ұйымы мен көрсетілетін қызметті алушыға кредит беруге келісу не беруден бас тарту, кредиттің шарттары, сақтандыру өтемімен қамтамасыз етілуге тиіс сақтандыру сомасының есебі туралы тиісті хаттарды жолдайды;
5) көрсетілетін қызметті алушы кредитордан хат алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде сақтандыру ұйымына жүгінеді және талап етілетін құжаттарды ұсынады;
6) сақтандыру ұйымы 5 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды және көрсетілетін қызметті алушы кредитінің бір бөлігін сақтандыруға келісу не бас тарту туралы шешім қабылдайды. Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған және/немесе қосымша ақпарат беру қажеттілігі туындаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға 5 жұмыс күні ішінде анықталған ескертулерді түзеу және/немесе қосымша ақпарат беру үшін қосымша уақыт беріледі. Сақтандыру ұйымы үшін құжаттарды қарау мерзімі қайтадан басталады;
7) сақтандыру ұйымы көрсетілетін қызметті алушы кредитінің бір бөлігін сақтандыру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, сақтандыру ұйымы 5 жұмыс күні ішінде операторға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса отырып, хат жолдайды;
8) оператор сақтандыру ұйымынан құжаттарды алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде Қағиданың 33-тармағында көрсетілген іс-шараларды жүзеге асырады;
9) субсидиялауды жүзеге асыру үшін Басқарма Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен бекітілетін, құрамында Комиссия төрағасы, мүшелері және хатшы бар Комиссия құрады. Оператор 5 жұмыс күні ішінде Комиссия мүшелерінің қолдарын жинайды және қол қойылғаннан кейін Комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені кредитор мен сақтандыру ұйымына жолдайды;
10) басқарма оң шешімі бар Комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде Қағидалардың шарттарына сәйкес сақтандыруды субсидиялаудың тәртібі мен шарттары туралы сақтандыру ұйымымен шарт жасасады;
11) сақтандыру ұйымы Қағидалардың 40-тармағында көрсетілген шартқа қол қойғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде сақтандыру шартына қол қояды және оны көрсетілетін қызметті алушыға қол қоюға жолдайды;
12) көрсетілетін қызметті алушы сақтандыру шартына қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы өздігінен және бір мезгілде сақтандыру ұйымына төлейтін сақтандыру сыйлықақысының субсидияланбайтын бөлігін төлеуді жүзеге асырады. Кредитор сақтандыру ұйымынан сақтандыру шартын алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде оған қол қояды және 5 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушымен қарыз шартын жасасады және көрсетілетін қызметті алушыға кредитті нақты беруді жүзеге асырады;
13) көрсетілетін қызметті алушыға кредит берілгеннен кейін кредитор 5 жұмыс күні ішінде кредитор растаған қарыз шартының, ақша аудару туралы төлем тапсырмасының көшірмелерін сақтандыру ұйымына жолдайды;
14) сақтандыру ұйымы 5 жұмыс күні ішінде операторға Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушыларға кредит беру және сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін ішінара төлеуі туралы мәліметтерді Қағидалардың 45-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса жолдайды;
15) оператор 3 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және Басқармаға тиісті хат жолдайды. Басқарма оператордан хат алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде сақтандыру ұйымының шотына субсидия аударуды жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) басқарма;
2) комиссия;
3) оператор;
4) гарант;
5) кредитор;
6) сақтандыру ұйымы.
7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің орындалу мерзімі көрсетілген сипаттама осы регламенттің 2-бөлімінің 5-тармағында келтірілген.
4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің қосымшасында бейнеленген.
«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын
кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде
субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің
регламентіне қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
1. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру шеңберінде субсидиялау тәртібі
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
Оператор
|
Көрсетілетін қызметті алушы
|
Кредитор
|
Кредитор
|
Көрсетілетін қызметті алушы
|
Кредитор
|
Операторлық қызметтер көрсету жөніндегі шарт күшіне енгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында және облыс әкімдігінің интернет-ресурстарында АӨК субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру кезінде кепілдік бойынша комиссияның бір бөлігін субсидиялау бойынша бағдарламаның басталғаны туралы хабарландыруды орналастырады
|
Кредит алуға кредиторға жүгінеді
|
Ішкі рәсімдерге сәйкес қарыз алушының өтінішін қарайды, оның ұсынған құжаттары мен қарыз алушының қаржылық жағдайын талдайды, содан кейін кредитті беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім шығарады
|
Кредит беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға кредит беруге келісу не беруден бас тарту, кредиттің шарттары туралы, кепілдік құны мөлшерінің есебі және әлеуетті кепіл берушіге қойылатын талаптар туралы хат жолдайды
|
Күнтізбелік 30 күн ішінде кредитордың талаптарына сәйкес келетін кепіл берушіні табады
|
Кепіл берушіден құжаттардың толық топтамасын алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті алушы мен кепіл берушіні жазбаша хабардар етеді
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
Көрсетілетін қызметті алушы
|
Оператор
|
Комиссия және оператор
|
Басқарма
|
Кепіл беруші
|
Кредитор
|
Кепіл беруші мақұлдағаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса отырып, субсидия беру туралы өтінішті жолдайды
|
Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген іс-шараларды жүзеге асырады
|
Субсидиялауды жүзеге асыру үшін Басқарма Комиссия құрады. Оператор 5 жұмыс күні ішінде Комиссия мүшелерінің қолдарын жинайды және қол қойылғаннан кейін Комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені кредитор мен кепіл берушіге жолдайды
|
Оң шешімі бар Комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде Қағидалардың шарттарына сәйкес кепіл бойынша комиссияны субсидиялау тәртібі мен шарттары туралы кепіл берушімен шарт жасасады
|
Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген шартқа қол қойғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы кредитінің бір бөлігін кепілдендіру шартына қол қояды және оны кредиторға жібереді
|
Кепіл берушіден кепілдендіру шартын алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде оған қол қояды және оны көрсетілетін қызметті алушыға қол қою үшін береді
|
13
|
14
|
15
|
16
|
Көрсетілетін қызметті алушы және кредитор
|
Кредитор
|
Кепіл беруші
|
Оператор
|
Көрсетілетін қызметті алушы кепілдендіру шартына қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы өздігінен және бір мезгілде кепіл берушіге төлейтін кепілдік бойынша комиссияның субсидияланбайтын бөлігін төлеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы кепілдендіру шартына қол қойғаннан кейін кредитор 5 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушымен қарыз шартын жасасады және көрсетілетін қызметті алушыға кредитті нақты беруді жүзеге асырады
|
Көрсетілетін қызметті алушыға кредит берілгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде кредитор растаған қарыз шартының, ақша аудару туралы төлем тапсырмасының көшермелерін кепіл берушіге жолдайды
|
Кредит берілгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде операторға Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға кредит беру және оның кепілдендіру комиссиясын ішінара төлеу туралы мәліметтерін Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген құжаттарымен қоса жолдайды
|
3 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және Басқармаға тиісті хат жолдайды. Басқарма оператордан хат алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде кепіл берушінің шотына субсидия аударуды жүзеге асырады
|
2. Агроөнеркәсіптік кешен қарыздарын сақтандыру шеңберінде субсидиялау тәртібі
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
Оператор
|
Көрсетілетін қызметті алушы
|
Кредитор
|
Кредитор
|
Көрсетілетін қызметті алушы
|
Сақтандыру ұйымы
|
Операторлық қызметтер көрсету жөніндегі шарт күшіне енгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында және облыс әкімдігінің интернет-ресурстарында АӨК субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру кезінде кепілдік бойынша комиссияның бір бөлігін субсидиялау бойынша бағдарламаның басталғаны туралы хабарландыруды орналастырады
|
Кредит алуға кредиторға жүгінеді
|
5 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды, ол ұсынған құжаттар мен көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жағдайын талдайды, содан кейін кредитті беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім шығарады
|
Кредит беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдағаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде сақтандыру ұйымы мен көрсетілетін қызметті алушыға кредит беруге келісу не беруден бас тарту, кредиттің шарттары, сақтандыру өтемімен қамтамасыз етілуге тиіс сақтандыру сомасының есебі туралы тиісті хаттарды жолдайды
|
Кредитордан хат алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде сақтандыру ұйымына жүгінеді және талап етілетін құжаттарды ұсынады
|
5 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды және көрсетілетін қызметті алушы кредитінің бір бөлігін сақтандыруға келісу не бас тарту туралы шешім қабылдайды. Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған және/немесе қосымша ақпарат беру қажеттілігі туындаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға 5 жұмыс күні ішінде анықталған ескертулерді түзеу және/немесе қосымша ақпарат беру үшін қосымша уақыт беріледі. Сақтандыру ұйымы үшін құжаттарды қарау мерзімі қайтадан басталады
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
Сақтандыру ұйымы
|
Оператор
|
Комиссия және оператор
|
Басқарма
|
Сақтандыру ұйымы
|
Көрсетілетін қызметті алушы және кредитор
|
Көрсетілетін қызметті алушы кредитінің бір бөлігін сақтандыру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, сақтандыру ұйымы 5 жұмыс күні ішінде операторға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса отырып, хат жолдайды
|
Сақтан дыру ұйымынан құжаттарды алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде Қағиданың 33-тармағында көрсетілген іс-шараларды жүзеге асырады
|
Субсидиялауды жүзеге асыру үшін Басқарма Комиссия құрады. Оператор 5 жұмыс күні ішінде Комиссия мүшелерінің қолдарын жинайды және қол қойылғаннан кейін Комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені кредитор мен сақтандыру ұйымына жолдайды
|
Оң шешімі бар Комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде Қағидалардың шарттарына сәйкес сақтандыруды субсидиялаудың тәртібі мен шарттары туралы сақтандыру ұйымымен шарт жасасады
|
Қағидалар дың 40-тармағында көрсетілген шартқа қол қойғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде сақтандыру шартына қол қояды және оны көрсетілетін қызметті алушыға қол қоюға жолдайды
|
Көрсетілетін қызметті алушы сақтандыру шартына қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы өздігінен және бір мезгілде сақтандыру ұйымына төлейтін сақтандыру сыйлықақысының субсидияланбайтын бөлігін төлеуді жүзеге асырады. Кредитор сақтандыру ұйымынан сақтандыру шартын алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде оған қол қояды және 5 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушымен қарыз шартын жасасады және көрсетілетін қызметті алушыға кредитті нақты беруді жүзеге асырады
|
13
|
14
|
15
|
Кредитор
|
Сақтандыру ұйымы
|
Оператор
|
Көрсетілетін қызметті алушыға кредит берілгеннен кейін кредитор 5 жұмыс күні ішінде кредитор растаған қарыз шартының, ақша аудару туралы төлем тапсырмасының көшірмелерін сақтандыру ұйымына жолдайды
|
5 жұмыс күні ішінде операторға Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушыларға кредит беру және сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін ішінара төлеуі туралы мәліметтерді Қағидалардың 45-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса жолдайды
|
3 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және Басқармаға тиісті хат жолдайды. Басқарма оператордан хат алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде сақтандыру ұйымының шотына субсидия аударуды жүзеге асырады
|
Достарыңызбен бөлісу: |