Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы



жүктеу 3,26 Mb.
бет5/20
Дата06.01.2018
өлшемі3,26 Mb.
#7132
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Пән: Биологиялық химия

Пән коды: BH - 3204


Мамандық: 5В110300 «Фармация»
Оқу сағатының көлемі (кредиттің): 180 сағат (4 кредит)
Курсы және оқу семестрі: 3, V- VI

2013-2014 оқу жылы


Силлабус биохимия, биология және микробиология кафедрасында биологиялық химия пәнінің жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылған.

Кафедра мәжілісінде қаралды және талқыланды, хаттама №

« » 2013ж

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к.: Есіркепов М.М.



7. Оқытушылар туралы мәлімет:



Аты-жөні

Дәрежесі

Ғылыми бағыты

Жетістіктері

1.

Юлдашев А.Ю.

профессор

«Фосфорорганические соединения в медицине»

98 ғылыми басылым



Денсаулық сақтау үздігі

2.

Кенжебеков П.К.

профессор

«Исследование химического состава летучих арома-образующих соединений в некоторых мясных продуктах», 30 ғылыми басылым, 1 оқу құралы

Денсаулық сақтау үздігі,

1 оқулықтың авторы





3.

Аблаева З.Ю.

доцент

«Микроэлементоздар», 37 ғылыми басылым




4.

Сулеймен Р.Н.

аға оқытушы

«Экологизация курса биологической химии для студентов медицинских вузов».

Денсаулық сақтау үздігі

5.

Мамбеткулова А.С.

доцент м.а.

«Биохимические особенности и маркирование ценных признаков различных популяций солодки уральской Юго-Востока Казахстана»

15 ғылыми басылым






6.

Ордабекова А.Б.

аға оқытушы

«Бауырдың улы зақымдануын және тотығу процесстерін сантовитпен қалпына келтіру (коррекциялау)»

18 ғылыми басылым, 1 оқу-әдістемелік құралы






7.

Асилбекова Г.К.

оқытушы

«Микроэлементоздар» 5 ғылыми басылым, 1 оқу-әдістемелік құралы





8. Байланыс ақпараты:

Кафедраның орналасқан жері: Әл Фараби алаңы 1, бас оқу ғимараты, 4-қабат, (421 , 424, 425, 432 ауд.) сымт. 408222 (132).

Биологиялық химия пәнінен зертханалық сабақтар арнайы зертханалық приборлар және құрал-жабдықтармен, компьютерлік техникамен жабдықталған ОҚМФА-сының клиникалық зертханалық орталығының биохимиялық зертханасында өткізіледі. Тәжірибелік және СӨЖ сабақтары кафедра оқу бөлмелерінде өткізіледі.

9 Пәннің саясаты


  • Студенттерге қойылатын талаптар:

  1. Кафедра аумағында көрсетілген талаптарды бұлжытпай орындау қатаң түрде талап етіледі

  2. Түзілген кестеге сәйкес, міндетті түрде дәріс, тәжірибелік-зертханалық сабақтарға қатысу;

  3. Сабаққа кешікпеу;

  4. Сабаққа арнайы киімді кию (халат, қалпақ);

  5. Сабақты себепсіз жібермеу, ауырған жағдайда денсаулығын анықтайтын анықтаманы көрсету;

  6. Жіберілген сабақтар оқытушының кестесі бойынша қабылданады;

  7. Оқу процесіне белсенді араласу;

  8. Академия ішкі тәртібіне бағыну және орындау;

  9. Үй тапсырмалары мен СӨЖ жұмыстарын кесте бойынша дер кезінде және нақты орындау;

  10. Дәріске қатыспаған және берілген тапсырмаларды орындалмаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі;

  11. Оқытушымен және курстастармен байсалды, ашық және сабырлы ара қатынас сақтау;

  12. Кафедра мүлкіне ұқыппен қарау;

  13. Кафедрадағы ғылыми үйірмеге белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болған жағдайда қорытынды балға кафедра шешімімен 5 балл қосылып беріледі.

  14. Дәріс сабақтарын себепсіз жібергені үшін әр келмеген сабағынан 0,66%-дан кемітіледі.


2. Бағдарлама:

1. Кіріспе

Фармация мамандығының студенттеріне арналған биологиялық химия пәнінің негізгі мазмұны – биохимиялық процестерді молекулалық деңгейде оқып үйрену, оның негізінде тірі организмдердің тіршілігі, метаболизм ерекшеліктері және оның адам ағзасы мен тініндегі реттелуі; сондай - ақ, ауруларды диагностикалаудың биохимиялық принциптері және дәрілердің ферменттік айналымын құрайды.

Қазіргі биохимия іргелі медициналық - биологиялық ғылым, өйткені, ол фармацевттің болашақ кәсіби қызметінде адам организмдегі қалыпты және патологиялық көрсеткіштерді сипаттау үшін қажет, молекулалық процестерді түсінуге, дәрілердің, улардың әсерлерін және фармакотерапияның принциптерін түсінуге мүмкіндік береді.

Бағдарлама статикалық, динамикалық және функциялық биохимиялар бөлімдерінен тұрады, және де «Фармация» мамандығы бойынша оқитын студенттердің білімін жетілдіруге қажетті сұрақтарды қарастырады (клиникалық және фармацевтикалық биохимия).



2. Пәннің мақсаты:

  • адам ағзалары мен тіндерінде өтетін негізгі метаболизмдік процестердің молекулалық механизмдері мен реттелуі және олардың ерекшеліктері жөнінде біртұтас көзқарас қалыптастыру;

  • алған білімдерін фармацевтің ары қарай жұмысында пайдалана білуге үйрету.

3. Оқыту мақсаттары:

  • фармацевт дайындау барысында биохимияның рөлі туралы түсінік

қалыптастыру;

  • тірі организмдердегі нәруыздардың, көмірсулардың, липидтердің, басқа да биологиялық белсенді қосылыстардың химиялық құрылысы, қасиеттері мен биологиялық функциялары туралы білім беру;

  • метаболизмдік процестер реттелуінің, заттек алмасуының және энергия трансформациялануының биохимиялық заңдылықтары туралы түсінік қалыптастыру;

  • организмдегі ең маңызды ағзалар мен тіндердің молекулалық құрылысы және олардың метаболизмдік ерекшеліктері туралы түсінік беру;

  • дәрілер метаболизмі мен аурулар диагностикасындағы ғылыми, клиникалық мәселелерді қазіргі негізгі биохимиялық тұрғыдан шешу жолдары туралы түсінік беру.

4 Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі: Студент

білу керек:

  • биохимия пәнінің мәні мен міндеттерін;

  • фармацевттің кәсіби қызметіндегі биохимияның маңызын;

  • биохимиялық анализдер жасау әдістерін;

  • метаболизмдік процестердің реттелуі мен ағымының молекулалық

механизмдерін;

  • биомембраналардың құрылымы мен функциясын;

  • тамақтану биохимиясы мен биоэнергетиканың негізгі ережелерін;

  • нәрлі заттектердің метаболизм жолдарын;

  • адам организміндегі биологиялық сұйықтықтардың қалыпты және

патология жағдайындағы негізгі биохимиялық константаларын;

  • заттек алмасуының реттелу негіздерін және осы процестегі

витаминдердің, гормондардың рөлін;

  • молекулалық аурулардың пайда болу механизмдері мен

диагностикасының принциптерін;

  • ферменттердің әсерімен дәрілердің өзгерістерге ұшырау жолдарын;

істей алу керек:

  • қазіргі заманғы приборларды қолданып, биохимиялық анализдер жасауды;

  • метаболизм карталарын және арнайы анықтама материалын қолдануды;

  • биохимиялық процестердің бұзылу ерекшеліктерін алдын – ала болжауды және биологиялық белсенді заттектердің жетіспеушілігі кезінде бұзылған процестерді реттеуді;

  • ферменттердің құрылысының өзгеруіне байланысты метаболизмнің бұзылуын болжауды;

  • биохимиялық анализдердің нәтижелерін талдауды және берілген дәрілік препараттардың ферменттің әсерімен өзгерістерге ұшырау деңгейін несептегі ксенобиотиктер бойынша анықтауды;

дағдыларды меңгеру керек:

  • нәруыздар, көмірсулар және липидтер алмасуының аралық өнімдерін адам организмнің биологиялық сұйықтықтарында анықтаy әдістерін;

  • адам организмі биологиялық сұйықтықтарындағы ферменттер

белсенділігін анықтау әдістерін.

5. Реквизитке дейінгі: бейорганикалық химия, аналитикалық химия, органикалық химия, генетика негіздерімен молекулалық биология, физика, анатомия негіздерімен физиология, микробиология.

6. Реквизиттен кейінгі: токсикологиялық химия, фармацевтикалық химия, фармакогнозия.

7. Пәннің қысқаша мазмұны:

Биохимияға кіріспе. Нәруыздардың құрылысы мен функциясы. Ферменттер. Заттек алмасуға кіріспе. Тағамдану биохимиясы. Биоэнергетика. Көмірсулардың алмасуы. Липидтердің алмасуы. Амин қышқылдарының және нәруыздардың алмасуы. Гормондар биохимиясы. Тіндер мен мүшелер биохимиясы.



8 Тақырыптық жоспары:

Дәрістің тақырыптық жоспары



Тақырыптары

Өткізу түрі

Ұзақтылығы

(сағат

пен)

1 кредит







1

Биохимияға кіріспе. Нәруыздардың құрылысы мен функциясы

жалпы шолу

2

2

Ферменттер. Әсер ету механизмі және кинетикасы. Изоферменттер. Ферменттердің белсенділігінің реттелуі.

жалпы шолу

1

3.

Заттек алмасуға кіріспе. Тағамдану биохимиясы. Биологиялық мембрананың құрылысы мен функциясы.

жалпы шолу

1







Барлығы:

4 сағат




2 кредит







1

Биоэнергетика.

жалпы шолу

2

2

Көмірсулардың алмасуы.

жалпы

шолу


2







Барлығы: 4 сағат




3 кредит







1.

Липидтердің алмасуы.

жалпы шолу

1

2.

Амин қышқылдарының және нәруыздардың алмасуы.

жалпы шолу

2

3.

Нуклеотидтердің алмасуы. Көмірсулардың, майлардың және ақуыздардың алмасуының өзара байланысы.

жалпы шолу

1







Барлығы:

4 сағат




4 кредит







1.

Гормондар биохимиясы. Тіндер мен мүшелер биохимиясы.

жалпы шолу

2

2.

Клиникалық биохимияға кіріспе. Фармацевтикалық биохимия.

жалпы шолу

1







Барлығы: 3 сағат







Жиыны: 15 сағат

жүктеу 3,26 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау