ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы



жүктеу 236,28 Kb.
Дата25.11.2017
өлшемі236,28 Kb.
#1922
түріЖұмыс бағдарламасы

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Медициналық биофизика, информатика және математика кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Оқу-әдістемелік және тәрбие

жұмыстары жөніндегі проректор

__________________________

(аты-жөні, тегі)

«_____» _______________ 20__ж.
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Пән: Информатика
Пән коды: Inf 1102
Мамандық: 5B110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау»

5B110100 «Мейіргер ісі»

Оқу сағатының көлемі (кредит) ……….135 (3)

Курс............................................................... 1

Семестр......................................................... 1

2014 жыл
«Медициналық биофизика, информатика және математика» кафедрасының «Информатика» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы ҚР МЖМБС 6.08.086-2012 және ҚР МЖМБС 6.08.087-2012 негізінде құрастырылды.
Жұмыс бағдарламасы «Медициналық биофизика, информатика және математика» кафедрасының мәжілісінде талқыланды.
Хаттама № ___ «____» _____________20___ж.

Кафедра меңгерушісі, профессор Құдабаев Қ.Ж.

«____» ____20___ж. Жүйелік әдістемелік комиссиясында талқыланды.
Хаттама №___

Төрайымы Амандықова С.Х.

«____» _____ 20___ ж. Әдістемелік Кеңесте бекітілді.
Хаттама № ___
2. Бағдарлама:

2.1 Кіріспе

Денсаулық сақтау саласын кең көлемде ақпараттандыруға байланысты медицина ғылымында информатика және ақпараттандыру негіздерін білетін, сондай-ақ жаңа компьютерік технологиялардан хабары бар болашақ медицина мамандарын дайындау қажеттігі туындады.


2.2 Пәннің мақсаты:

Студенттерді информатика дамуындағы негізгі тенденцияларды қамтитын теориялық және тәжірибелік мағлұматтармен таныстыру, қазіргі заманғы бағдарламалау тілдерін қолдануда, математикалық және сандық үлгілеуде, ғылыми-техникалық есептердің тиімді алгоритмдерін құруда, пәндік салада қазіргі заманғы бағдарламалық құралдарды қолдануда студенттердің білім мен дағды алуын қамтамасыз ету, сондай-ақ компьютерлік графика, деректер базасын жобалау негіздерімен, желілік технологиялардың негізгі концепцияларымен таныстыру.


2.3 Оқытудың міндеттері:

  • заманауи компьютерлік бағдарламаларды кәсіби іс-әрекетінде қолдана білу қабілетін қалыптастыру;

  • медико-биологиялық есептерді алгоритмдеу мен бағдарламалық білімі мен біліктілігін қалыптастыру;

  • осы заманғы ақпараттық технология мүмкіндіктерін және олардың келешектегі дамуын үйрету;

  • Қазақстан Республикасының “Электрондық үкімет” бағдарламасын құрудың мақсаты мен міндеттерін, мемлекеттік органдарда заманауи ақпараттандырудың жағдайын талдау, бағдарламаны жүзеге асыру механизмі мен бағыттарын таныстыру;

  • компьютердің және компьютерлік желілердің аппараттық және бағдарламалық жабдықтау қалып-күйі мен келешектегі дамуын үйрету.


2.4. Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі


Дескрипторлар

ОҚМФА дайындаған мамандықтың компетенциялары

Пәнді оқытудың нәтижесі

(ЖМББС) Концепция бойынша оқытудың нәтижесі



Зерттеп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса алғанда, сол сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу

Жаратылыстану және арнаулы ғылымдар аясындағы құзірет

Информатика пәнінің оқыту мақсатын, міндеттерін, анықтамасын және оның кәсіби қызметте қолданысын бере алады.

Р2

Компьютерлік терминдерді меңгерген.

Компьютерлік және ақпараттық құзірет

Кәсіби қызмет саласындағы маманға қажет болатын ақпаратты өңдеуді және сақтауды, жинақтаудың компьютерлік әдісін, сонымен қатар медициналық және фармацевтикалық ақпаратты көрсететін және өңдейтін қолданбалы бағдарламалар пакетін қолдану негізін сипаттайды. Қолданбалы және нысанды-бағыттаушы бағдарламалар арасындағы, аппараттық жабдықтаудың кезеңдерінің арасындағы айырмашылықтарын анықтайды. Медициналық,биологиялық және фармацевтикалық мазмұнды есептерді шешуде қарапайым алгоритмдерді құрудың жалпы принциптерін сипаттайды.

«Денсаулық қорғаушысы» құзіреті

Ақпараттың мемлекеттік қордың дамуының заманауи деңгейінде ғаламтордан медициналық және фармацевтикалық ақпараттарды іздеу, алу мен жіберу мүмкіндіктерін пайдалануды қалыптастырады (ҚР Электрондық үкіметінің порталы-e.gov.kz, нормативті-құқықтық құжаттар,).

Р10

Қәсіпкерліктің құзіреті

Дәрілік заттардың номенклатурасы мен қызметкерлер туралы ақпараттарды өңдеу үшін, материалдардың шығының есептеуді жүргізу үшін арналған кейбір қолданбалы бағдарламаларды біледі.



Осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу.

Компьютерлік және ақпараттық құзірет

Word, Excel, Access бағдарламаларымен жұмыс істеуде алған білімдерін тәжірибеде қолданады. Әртүрлі медициналық тақырыптарда жобалық көрмелерді жасайды және қолданады. Медициналық және фармацевтикалық ақпараттарды алу және жіберу үшін ғаламтордың мүмкіндіктерін пайдаланады. Медициналық және ақпараттарды ақпараттарды алу және жіберу үшін жергілікті және ауқымды желінің мүмкіндіктерін пайдаланады.

«Коммуникативті дағдылар» құзіреті

Іздеу және өңдеу үдерісінде алынған ақпаратты басқа қолданушыларға жеткізе біледі.



Дәйектемелер құрастыру және зерттеп отырған саласындағы мәселелерді шешу.

Жаратылыстану және арнаулы ғылымдар аясындағы құзіреті

Медицина қызметкерлерінің жұмыстарын ұйымдастыруда виртуальды лабораторияларды, электронды оқыту материалдарын, мақсатқа лайықты көрмелерді қолдану туралы өз ойларын жеткізу.

Р2

Компьютерлік және ақпараттық құзірет

Әр түрлі медициналық және фармацевтикалық ақпараттардың түрлерін ұсынатын және өңдейтін қолданбалы бағдарламаларды таңдайды және бағалайды.

Арнайы қолданбалы бағдарламалармен жабдықталған компьютерлермен тиімді жұмыс істеуді ұйымдастыруға ұсыныс түрінде жеке қорытындыны қалыптастыра алады.



D.

Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру

Компьютерлік және ақпараттық құзірет

Инновациялық компьютерлік жүйелерді қолдану, олардың маңызын бағалау, жеке пікір жасау, көрме, жоба, реферат түрінде безендіру және оларды тәжірибелік сабақтарға, өзіндік жұмыстарға, студенттер үйірмесіне, студенттік ғылыми конференцияларына қолдануға қабілетті.

«Ғылыми зерттеулердегі дағдылар» құзыреті

E.

Ақпаратты, идеяларды, мәселелерді және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді

«Коммуникативті дағдылар» құзыреті



Студенттерге, оқытушыларға, емтихан қабылдаушыларға өз білімін және медициналық, биологиялық және фармацевтикалық ақпаратты өңдеу кезіндегі біліктілігі, халықтың денсаулығы туралы ақпарат жинау және талдау, алынған нәтижелермен байқалған фактілерді түсіндіруге қабілетті.

«Ғылыми зерттеулердегі дағдылар» құзыреті



Көпсалалы G-Global платформасында өз ойларымен бөлісуге қабілетті.




Өздігінен оқуды әрі қарай жалғастыру бейімділігі




Медициналық биостатистика (келесі сұрақтар бойынша біліктілікті дамыту: студенттерді медициналық және фармацевтикалық ақпараттың сын сараптамасын жасауға үйрету, электронды деректер базасын және Интернет жүйесіндегі кәсіби медициналық және фармацевтикалық ақпаратты іздеу негізін, медицинада модельдеу және медицинаның статистика негізін үйрету)

Р3

Ескерту:

Р2 – Кәсіптік қызмет аясында информациялық технологияларды қолдануды біледі, заманауи техникамен жұмыс істеу дағдыларына ие.

Р3 – Күнділікті кәсіби іс әрекеттерінде және магистратурада оқуын жалғастыруда жаң білімге ия болу дағдыларын меңгерген.

Р10 – Заманауи ақпараттық ағындарға қалыптаса алады және әлемдік экономикадағы үдерістер мен динамикалық өзгеретін жағдайларға бейімделеді.


2.5 Реквизитке дейінгі:

Медициналық жоғары оқу орындарында оқытылатын «Информатика» пәні мектептегі «Информатика», «Математика», «Физика» сабақтарында алған білімдеріне сүйенеді.


2.6 Реквизиттен кейінгі:

Берілген бағдарлама компьютерлік технологияны қолданатын барлық пәндердің негізі болады.


2.7 Тақырыптық жоспар: тақырып, өткізу түрі, сабақтың ұзақтылығы (тәжірибелік, өзіндік жұмыс)
Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары




Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сабақтың ұзақ-тылығы

(сағат түрінде)

1 КРЕДИТ

1.

Информатика ғылым мен техноло-гияның бірлігі ретінде. Қазіргі информатиканың құрылымы. Ақпарат, оның түрлері мен қасиеттері.

Техникалық қауіпсіздік ережесі.



семинар,

көрме


3

2.

Компьютердің құрылысы.

Деректерді тасымалдаушылар. Дерек-термен операция жасау.



электрондық оқыту,

көрме


3

3.

Вирусқа қарсы бағдарламалар. Деректерді мұрағаттау.

электрондық оқыту,

көрме


3

4.

Компьютерлік желілер. Желілік және телекомуникациялық технологиялар.

Жергілікті желі.



семинар,

электрондық оқыту



3

5.

Интернет. Интернет браузерлерінде жұмыс істеу. Электрондық пошта. Хаттарға файлдарды тіркеу.

электрондық оқыту,

жаттығу,


дидактикалық

ойындар


3

2 кредит

1.

Амалдық жүйелер. Файл және қалталармен жұмыс істеу.

семинар,

электрондық оқыту



3

2.

Wіndows амалдық жүйесі. Стандартты бағдарламалармен жұмыс. Каль-кулятор, Word Pad мәтіндік редакторы, Блакнот, Paіnt графикалық редакторы

электрондық оқыту,

жаттығу



3

3.

MS WORD мәтіндік редакторы. Құжат құру, ашу және сақтау. Мәтінмен жұмыс. Мәтінмен жұмыс, пішіндеу, өңдеу

электрондық оқыту,

жаттығу,


дидактикалық ойындар

3

4.

Суреттерді кірістіру. Кестелерді әзрлеу және безендіру. Құжаттарды басып шығару.

жаттығу, тест

3

5.

Microcoft Word редакторында формуламен және графикалық нысандармен жұмыс.

WORD ART редакторында жұмыс істеу



жаттығу, тест

3

3 кредит

1.

MS Excel электрондық кестесі. Негізгі ұғымдар. Деректерді енгізу және өңдеу.

MS Excel электрондық кестесінде функция шеберімен жұмыс. Функцияларды табуляциялау.



электрондық оқыту,

жаттығу,


дидактикалық ойындар

3

2.

MS Excel электрондық кестесінде есептеулер мен диаграммаларды құрастыру.

жаттығу, тест

3

3.

MS Access мәліметтер қорын басқару жүйесі. Конструктор режимін қолдану. Дәрігерлер үшін мәліметтер қорын дайындау.

жаттығу, тест

3

4.

MS POWER POINТ бағдарламасы. Көрмелерді әзірлеу.

жаттығу, тест

3

5.

MS POWER POІNT бағдарламасында мәтіннен және графиктік нысандардан тұратын көрме жасау.

электрондық оқыту,

жаттығу


3

Барлығы:

45 сағат



Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары




Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сағат саны

1.

Алгоритмдер (түрлері, қасиеттері, берілу тәсілдері). Алгоритмдік құрылым. Сызықты, тармақталған, циклді алгоритмнің құрылымы.

жеке тапсырма

3

2.

Бейсик тілінде бағдарламалаудың негізгі конструкциялары. Тапсырмаларды шешу және шешімдерді іздеу стратегиясы.

жеке тапсырма

3

3.

Алыс қашықтықтағы ЭЕМ арасындағы берілгендер. Әлемдік компьютерлік желілер және коммуникация құрылғылары.

жеке тапсырма

3

4.

Outlook Express бағдарламасы. Контакты, Календарь, Заметки және тағы басқа бумалармен жұмыс.

жеке тапсырма

3

5.

HTML-де Web парақтарды дайындау және безендіру.

жеке тапсырма

3

6.

«Е-Learning» электрондық оқыту негіздері. Электрондық оқыту әдістері. «Е-Learning» ортасында қашықтықтан оқыту курстарын құрудың қазіргі технологиясы.

жеке тапсырма

3

7.

Wев-қосымшаларды әзірлеу технологиясы

жеке тапсырма

3

8.

Adobe Photoshop графиктік редакторында жұмыс. Суреттерге фотомонтаж жасау.

жеке тапсырма

3

9.

Adobe Photoshop графиктік редакторында мәтіндік эффектілермен жұмыс.

жеке тапсырма

3

10.

Компьютердің медицина мен биологияда қолданылуы

жеке тапсырма

3

11.

MS Excel электрондық кестесі. Автоқосынды. Автотолтыру. Сұрыптау және сүзгілеу.

жеке тапсырма

3

12.

MS Access мәліметтер қорын басқару жүйесі. Сұраныс (Запрос). Сұранысты конструктордың көмегімен даярлау. Қалыптарды басқару элементтері. Қалыптармен жұмыс істеу. Есеп дайындау. Баспаға шығару.

жеке тапсырма

3

13.

Компьютердің жады құрылғысы.

жеке тапсырма

3

14.

Ақпаратты сақтауға арналған техникалық құрылғылар.

жеке тапсырма

3

15.

Ақпарттық қауіпсіздік және оның құрамдас бөліктері.

жеке тапсырма

3

16.

Ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдісі.

жеке тапсырма

3

17.

Компьютердің логикалық элементтері.

жеке тапсырма

3

18.

Ақпараттық коммуникациялық технология.

жеке тапсырма

3

19.

Машинаны ұйымдастыру: фон Нейман принципі, басқарушы құрылғы, команда жүйелері мен команда типтері.

жеке тапсырма

3

20.

Енгізу/шығару және үзу. Енгізу-шығару құрылғысы.

жеке тапсырма

3

21.

Тьюринг машинасы және Пост машинасы.

жеке тапсырма

3

22.

MS POWER POINТ бағдарламасында гиперсілтемемен ойындар жасау және дайын фильмдерді енгізу.

жеке тапсырма

3

23.

Буль алгебрасы.

жеке тапсырма

3

24.

Графалар мен тармақтар.

жеке тапсырма

3

25.

Бизнес-прцесстерді құру және талдау технологиясы.

жеке тапсырма

3

26.

«Электрондық үкімет» инфрақұрылымы.

Денсаулық сақтау саласындағы электрондық қызметтер



жеке тапсырма

3

27.

COREL DRAW векторлық графикасымен жұмыс

жеке тапсырма

3

28.

«Компьютердің құрылысы. Алгоритм. Бағдарламалау. Амалдық жүйе. Интернет» тақырыптары бойынша аралық бақылау

тесттік тапсырма


3

29.

«Қолданбалы бағдарламалар. Графиктік редакторлар» тақырыптары бойынша аралық бақылау

тесттік тапсырма

3

30.

Қорытынды сабақ.

тесттік тапсырма

3




Барлығы:

90 сағат


*Жеке тапсырмалардың түрлері: реферат, глоссарий, тест, сөзжұмбақ, көрме, эссе.
2.8 Оқыту мен сабақ берудің әдістері:
Курсты тиімді оқыту төмендегі сабақ беру мен оқыту әдістеріне сүйенеді:

  • семинар

  • шағын топтар

  • пікірталас

  • жұптасып жұмыс істеу

  • сұхбат

  • өзіндік жұмыс

  • жаттығу

  • электрондық оқыту

  • жеке іздену

  • тест

  • көрме

  • дидактикалық ойын




  • Тәжірибелік сабақ: семинар, сұхбат, электрондық оқыту, жеке іздену, дидактикалық ойындар, шағын топтармен жұмыс, жұптасып жұмыс істеу, жаттығу, көрме, пікірталас, тест.

  • Оқытушының жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы - тақырып бойынша туындаған барлық сұрақтарға кеңес алу, жоспарда ерекшеленген тақырыпты өз бетінше меңгеру, көрме мен рефераттар дайындау, оқулықтармен, кестелермен жұмыс, тесттік тапсырмаларды орындау, электронды оқыту, бағдарламаларымен жұмыс, аралық бақылау.

  • Студенттің өзіндік жұмысы - оқулықтармен және ғылыми әдебиеттермен жұмыс, тапсырмалар мен жаттығуларды орындау, тақырыпқа байланысты жеке тапсырманы дайындау және қорғау.



2.9 Білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау әдістері:

Информатика пәнін оқытуды аяқтағанда студенттердің білімі мен дағдысын бағалау үшін бағалаудың рейтингті және бағалардың жинақталған жүйесі қолданылады. Аудиторияда студент пәннің күрделілігіне қарай бөлінген тақырыптарға, тапсырмалардың және тәжірибелік жұмыстарды орындағанына қарай бағаланады. Сабақтың тақырыбы, сабаққа қатысты тапсырмалар мен өзіндік жұмыстың тапсырмалары студентке алдын-ала беріледі, осылардың орындалуы жоғары баға алуларына мүмкіндік береді.



  • Ағымдық бақылау – бұл білім алушылардың оқу жетістіктерін жүйелі түрде тексеріп отыру, оны оқытушы пәннің силабусына сәйкес күнделікті сабақ үстінде жүргізіп отырады. Студенттердің үлгерімін ағымдық бақылау барысында оқу жетістіктері әрбір орындаған тапсырмасы 100 балдық шкала бойынша бағаланады (ағымдық сабақтарда тест тапсырмаларын орындау, ауызша және жазбаша сұрақтарға жауап беру, жаттығулар орындау, модульмен жұмыс орындау, көрмелер дайындау, т.б.) және студенттер үлгерімін ағымдық бақылаудың қорытындысы академиялық кезең бойына жинаған орта балымен есептеледі.

  • Аралық бақылау – бұл бір оқу пәнңі шеңберінде бір академиялық кезеңде кемінде екі рет ОЖСӨЖ уақытында (теориялық оқытудың 7-8 және 14-15 апталары) жүргізіледі. Ол өтілген тәжірибелік сабақ және СӨЖ тақырыптары бойынша коллоквиум түрінде жүргізіледі.

  • Қорытынды бақылау: (емтихан) тест түрінде жүргізіледі.


Қосымша материалдармен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету:

  • Құрал-жабдықтар: компьютерлер, мультимедиялық проектор, экран, интерактивті тақта.

  • Қосымша материалдар: тақырыпқа сәйкес көрмелер, стендтер, электронды оқулықтар, үлестірмелі кеспелер.



2.10 Ұсынылатын әдебиет:

Қазақ тілінде:

  • Негізгі:

  1. Құдабаев Қ.Ж. Информатика: оқу құралы.-Алматы: ЖШС «Эверо», 2012.-216б

  2. Көксеген Ә.Е. Алгоритмдеу және программалау тілдері:оқулық /Ә.Е. Көксеген, Ә.О.Сейфуллина; ҚР БҒМ.-Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011.-192б

  3. Изтлеуов М.К., Беккужина А.И., Жалимбетова Н.К.. Информатика: дәрігерлерге арналған оқулық. Ақтөбе, 2005.

  4. Байжұманов М. Қ., Жапсарбаева Л. Қ. Информатика: оқу құралы. -1-бас. - Астана: ТОО «Эверо», 2004.

  5. Сейітқұлов О. Алгоритмдеу және Basic тілінде программалау технологиясы: монография. –Шымкент: Б.ж., 2000.

  6. Камардинов О. Есептеуіш техника және программалау: оқулық. –Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1997.

  7. Шәріпбаев А. Информатика: оқу құралы. –Алматы: Қазақ ун-ті, 1992




  • Қосымша:

  1. Аяжанов Қ.С. Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау: оқулық. –Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011.-376б

  2. Е.Қ.Балапанов, Б.Бөрiбаев, А.Дәулетқұлов. Информатикадан 30 сабақ: оқулық. - Алматы, ЖТИ, 2004.

  3. Информатика терминдерінің түсіндірме сөздігі: әдістемелік құрал.-Алматы: Б.ж,.2004

  4. Алдашов С.А.Информатика мен есептеуіш техника терминдерінің орысша - қазақша сөздігі:сөздік.-Алматы: Рауан, 1993.

  5. Информатика және есептеуіш техника негіздері: арнайы курс: Мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал/Ж.Амантұрлыұлы.-Алматы: Рауан, 1993.




  • Электронды ресурстар:

  1. Беркінбаев К.М. Информатика [Электронный ресурс]:оқулық.-электрон. Тестовые дан. (16,5мб).-Алматы: Б.и.,2012.-1эл.опт.диск (CD-ROM)

  2. Хакимова Т.Компьютерлік өңдеуді автоматтандыруда инновациялық технологияларлы пайдалану [Электронный ресурс]:оқу құралы. –электрон.тестовые дан. (123мб).-Алматы: Нұр-пресс,2007.- эл.опт.диск (CD-ROM)


Орыс тілінде:

  • Негізгі:

  1. Изтлеуов М.К., Беккужина А.И., Жалимбетова Н.К.. Информатика: учеб.для врачей.-1-е изд.- Ақтобе, 2005

  2. Информатика. Базовый курс: 300 лучших учебников для высшей школы / под ред. С.В. Симоновича. - СПб.: Питер, 2007.

  3. Балапанов Е.К., Борибаев Б. Новые информационные технологий: 30 уроков по информатике. Алматы, 2001.

  4. Информатика / [Н.В. Макарова, Л.А.Матвеев, В.Л.Бройдо и др.]; Под ред. Н.в. Макаровой.- 3-е перераб. изд.- М., 2003. – 765.

  5. Леонтьев Ю. Offіce.М., 2000. Краткий курс. –СПб.: Питер, 2001 г.




  • Қосымша:

  1. Гралла, Престон Windows Vista. Настольная книга пользователя и админстратора: руководство . - СПб.: Питер, 2008. - 656 с.

  2. Информатика. Базовый курс : 300 лучших учебников для высшей школы/ под ред. С. В. Симоновича. -СПб.: Питер , 2007.

  3. Медицинская информатика : учеб. пособие / В. И. Чернов [и др.]. - Ростов н/Д : Феникс ; Воронеж : Воронежская гос. мед. акад., 2007. - 320 с.

  4. Матросов, A. HTML 4. 0.: научное издание . - СПб.: БХВ-Петербург, 2007.

  5. Microsoft WINDOWS ХР: руководство админстратора / А. Андреев [и др.]; под общ. ред. А. Чекмарева. - СПб.: БХВ-Петербург, 2007.

  6. Microsoft Access 2003. Шаг за шагом [Текст]: учеб. пособие / пер. с англ. - М.: ЭКОМ Паблишерз, 2007. - 431 с. + пршг. эл. опт. диск (CD-ROM).

  7. Петров, М. Photoshop CS2. Для профессионалов : научное издание . - СПб. Литер , 2006.

  8. Гладкийй, A. Excel. Трюки и эффекты : монография . - СПб.: Питер , 2006.

  9. Толковый словарь по информатике : методичекое пособие. -Алматы: ИНТ, 2004.

  10. Шлыкова, О. В. Культура мультимедиа : учебное пособие для студентов вузов . - М.: ФАИР-Пресс, 2004

  11. Гельман В. Я. Медицинская информатика: Практикум. -2-е изд. испр.. -СПб.Питер, 2002

  12. Гельман, В. Я. Медицинская информатика: практикум . - СПб.: Питер, 2001. - 480 с.




  • Электронды ресурстар:

  1. Хакимова, Т. Практикум по курсу " Основы информатики" [Электронный ресурс]: учеб. пособие / Т. Хакимова. - Электрон, текстовые дан. (123 МБ). - Алматы : Нур-пресс, 2007. - 133 эл. опт. диск (CD-ROM)

  2. Жангисина, Г. Д. Теория и методика компьютерного моделирования для задач базы данных и глобальной сети [Электронный ресурс] : учеб. пособие . - Электрон, текстовые дан. (680 Мб). - Алматы : Н±р-пресс, 2007. - 110 эл. опт. диск (CD-ROM).

  3. Левин, В. И. Популярная энциклопедия информатики и компьютера. Вып. 2 [Электронный ресурс]: энциклопедия . - Электрон, текстовые дан. (41,3 Мб). - М.: ИД "Равновесие", 2006. - эл. опт. диск (CD-ROM).

  4. Энциклопедия Персонального компьютера и Интернета Кирилла и Мефодия. На 7 CD. CD 7. Полезные утилиты [Электронный ресурс]: энциклопедия. - Электрон, дан. (483 Мб). - М.: Кирилл и Мефодий, 2003. - 1 эл. опт. диск (CD-ROM).

  5. Изучаем Excel 2003 [Электронный ресурс]: практический курс. - Электрон, текстовые дан. (198 Мб). - М.: Кирилл и Мефодий, 2004. - 1 эл. опт. диск (CD-ROM).

  6. "Мультимедиа технологии и Дистанционное обучение", 2004. - 1 эл. опт. диск (CD-ROM)

  7. Практический курс Access 2000 [Электронный ресурс] : практикум. - Электрон, текстовые дан. (624 Мб). - М.: Кирилл и Мефодий, 2000.

  8. Med + Internet' 2003 [Электронный ресурс] : электронный каталог медицинских internet -сайтов. - Электрон, текстовые дан. (24,4 Мб). - М., 2003. - 1 эл. опт. диск (CD-ROM).

  9. Аветисян, Р. Д. Теоретические основы информатики [Электронный ресурс]: учебное пособие . - Электрон, текстовые дан. (11,6 Мб). - М., 2003. - 1 эл. опт. диск (CD-ROM).

  10. Практический курс Windows ХР. Версия 20 [Электронный ресурс] : практикум. -Электрон, текстовые дан. (500 Мб). - М. : Кирилл и Мефодий, 2002. - 1 эл. опт. диск (CD-ROM}.

  11. Практический курс CORELDRAW 9.0 [Электронный ресурс]: практикум. - Электрон, текстовые дан. (637 Мб). - М.: Кирилл и Мефодий, 2001. - 1 эл. опт. диск (CD-ROM).

  12. Практический курс ACCESS 2000 [Электронный ресурс]: практикум. - Электрон, текстовые дан. (624 Мб). - М.: Кирилл и Мефодий, 2001. - 1 эл. опт. диск (CD-ROM).

  13. Изучаем Word 2003 [Электронный ресурс]: практический курс. - Электрон, дан. (188 Мб). - М.; Кирилл и Мефодий, 2003. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).

  14. Как работать ... в интернете 2.0 [Электронный ресурс]: самоучитель. - Электрон, текстовые дан. (604 Мб). - М.: МедиаХауз, 2005. - эл. опт. диск (CD-ROM).

  15. Обучение Microsoft PowerPointXP [Мультимедиа]: самоучитель. - Электрон, текстовые дан. (623 Мб). - М.: Изд-во "Media", 2000. - эл. опт. диск (CD-ROM). - (Работаем, учимся, смотрим).




    • Ағылшын тілінде:

  1. Carr, Karen Simulated and Virtual Realities; elements of Perception. - Edited by. - London : Taylor & Francis Ltd, 1995. - 238 p.

  2. Evans, Jonathan St. Thinking & Reasoning. Volume 1 : монография / Jonathan St. Evans. -Editor. - Hove : Psychology Press, 1996. - 396 p.-1 экз. Перевод заглавия: Обдумывание и обоснование. Вычислительная техника

  3. Ellis, Stephen R. Pictorial communication in virtual and real environments : монография / Stephen R. Ellis, Mary K. Kaiser, Arthur J. Grunwald. - Second edition. - Bristol: Taylor& Francis, 1995. - Перевод заглавия: Общение посредством знаков в виртуальном и действительном окружении. Вычислительная техника

  4. Advances in Separation Processes / Institution of Chemical Engineers. - London: Philadelphia, 1990.-218 p.- Перевод заглавия: Продвижение вперед в разделении процессов. Вычислительная техника

жүктеу 236,28 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау