8. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин (6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру
Сұрау арқылы білімін тексеру 15 мин (16%)
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 40 мин (44%)
Тұрғын үй маңызды әлеуметтік – гигиеналық мәселе болып саналады. Тұрғын үйде адам өзінің өмірінің көп уақытын өткізеді, сондықтан тұрғын үй адамның денсаулығына, көңіл - күйіне, жұмыс қабілеттілігіне әсер етеді. Үй адамды қоршаған орта факторларының теріс әсерінен: ыстық, суық, қар, жаңбырдан қорғану үшін, жұмыс істеуге және дем алуға оңтайлы жағдай жасау үшін қажет.
Әлеуметтік және ғылыми – техникалық дамудың өркендеуін байланысты адамдардың тұрғын үйге деген талаптары өсті.
Микроклимат
Үйде даладағы микроклиматтық жағдайға қарамастан тұрақты климат болу керек, оны микроклимат деп атайды, ол адамға жақсы жағдай тудырады.
Тұрғын бөлме микроклиматы дегеніміз, ол сол бөлменің:
температурасы;
ылғалдылығы;
ауа жылдамдығы;
бөлменің ішкі қабырғасының температурасы.
Микроклимат адам ағзасына үлкен әсер етеді. Ол сол жердегі өмір сүретін адамдардың дұрыс өсіп жетілуіне, физикалық көрсеткіштерінің дұрыс жетілуіне, денсаулығын сақтауға және күшейтуге, өмірде болып жатқан барлық процестердің қалыпты жағдайда өтуіне әсерін тигізеді.
Егер тұрғын үйдің микроклиматы нашар болса, адамға қолайсыз жағдай (дискомфорт) туындатады. Ол адамның өзін нашар сезінуіне, жұмыс қабілетінің төмендеуіне, ағзада әр түрлі патологиялық аурулардың туындауына әкеліп соқтырады. Мысалы, тұрғын үй салқын болса, адам суықтап ауырып қалуы мүмкін.
Адам тұрғын үйде өзін жақсы сезіну үшін ең алдымен жылулық қолайлы жағдай (комфорт) болуы керек, бұл кезде жылу субъективті түрде жақсы сезіледі. Адамның денесінің температурасы бір қалыпты болуы үшін, сыртқы температура өзгерсе де, адамды қоршаған бөлме температурасы бір қалыпты болуы керек. Қоршаған ортада температураның төмендеуі немесе жоғарылауы адам ағзасында жылу алмасудың бұзылуын туындатады. Ағзада жылу алмасуды реттеген кезде негізгі рөлді жылу беру анықтайды, ол үш жолмен жүргізіледі:
адам денесіне жақын ауаның жылуы (конвекция);
температураның арасында айырмашылық болғандықтан (радиация) адам денесі жылуының оны қоршаған заттарға өтуі;
адамның терісінен ылғалдың шығуымен (тер бөлініп шығу) жылу бөлінумен байланысты.
Конвекция арқылы жылу беру тек қоршаған орта температурасы адам денесінің температурасынан төмен жағдайда ғана жүреді.
Жылу берудің негізгі жолы – радиациялы түрде жылу беру, яғни жылуды қоршаған заттарға беру, ол бөлмеде жылу режимі жақсы сақталғанына ғана байланысты емес, оның ішкі қабырғаларының, еденнің, терезенің де температурасына байланысты.
Егер бөлме температурасы, қоршаған заттар температурасынан жоғары болса, ол кезде жылу конвекция және радиация түрінде берілмейді, бұл кезде жылу тек жылу бөлу (терлеу) арқылы шығарылады. Егер адам көп терлесе, бұл кезде жылу бөлу көбірек болады, терді бөліп шығару деңгейі қоршаған орта ауасының ылғалмен қаныққанына және ауа жылдамдығына байланысты болады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы аз болса, онда жылу бөлу жоғары болады. Ыстық климаттық жағдайда тер шығару арқылы жылу беру негізгі болып саналады, кейде жылуды реттеу механизмінің жалғыз жолы болып табылады.
Жылулық қолайлы жағдай жылу алмасуды реттеген кезде қиындықтардан сақтайды.
Бөлме температурасы әр түрлі жолмен жылу бөлуді және адам ағзасында жылу өндіруді қажет етпейтін болуы керек. Біздің климаттық жағдайда тұрғын бөлменің температурасы нормада 18 - 20˚С болу керек.
Радиация жолымен жылу бөлуді азайту үшін бөлмелердің ішкі қабырғаларының температурасы жеткілікті болу керек. Қабырғалардың температурасы төмендеген сайын радиация жолымен жылу беру артады. Бөлменің ауасының температурасымен ішкі қабырғаларының температурасының арасындағы айырмашылық 6˚С -ден көп болмауы керек.
Микроклиматқа температурадан басқа ауа ылғалдылығы да әсер етеді.
Бөлмеде ауа ылғалдылығы нормада 40- 60 % болуы керек.
Қоршаған ауаға жылу беру мөлшері ауа жылдамдығына байланысты.
Ауа жылдамдығы өскен сайын конвекция жолымен жылу бөлу өседі. Тұрғын бөлмеде жайлы жағдай жасалу үшін көптеген шаралар қолданылады:
1) жоспарлы;
2) сан-техникалық шаралар.
Салқындаудан қорғанудың негізгі шараларына мыналар жатады:
жүйелі жылыландыру;
бөлмелердің дұрыс орналасуы;
жылу ұстайтын қоршаулар орнату, кіретін есікті, терезелерді, едендерді жылыландыру.
Күн ыстық кездерде бөлме ысып кетпес үшін мынандай шаралар жүргізілу керек:
тұрғын үйді дұрыс жобалау, бөлмені желдетуге жағдай жасау;
бөлменің бағытының дұрыс болуы, бөлме қызып кетпейтіндей болып орналасу керек;
верандаларда, тераскілерде күннен қорғайтын қондырғылар орнату керек;
көгалдандыру;
ашық түсті сырмен сырлау;
бөлмелердің ауа алмасуы тиімді жұмыс істеуі тиіс
Инсоляция- дегеніміз күннің адамға тікелей әсері етуі. Адам ағзасына күн сәулесі тікелей әсер еткенде адамның тамырының соғуы жақсы болады, күре тамырдың ең жоғарғы және ең төменгі қысымы қалыпты жағдайда болады, қанның соғу мөлшері артады, қанның құрамындағы холестерин азаяды, ұлпа арқылы дем алу, негізгі зат алмасу артады.
Инсоляция балалар ағзасы үшін өте үлкен рөл атқарады. Күн сәулесінің ультракүлгін бөлігі адам ағзасына мешел ауруының туындауына қарсы және бактериоцидтік әсер етеді. Күн көзі баланың иммунды белсенділігін көтереді. Адам ағзасына күн сәулесі жақсы әсер ету үшін бөлмеге кемінде 3- 4 сағат күн көзі тура түсуі керек.
Тұрғын үйлерде микроклиматтық жағдай нашарлаған кезде, мысалы, ылғалдың мөлшерден тыс көп болуы бөлмелерде жылу алмасу процесінің бұзылуына әкеліп соқтырады. Мұндай кезде бөлме температурасы нормада болса да, адам бөлмеде жаурап жүреді. Қабырғалар зәк болған кезде, оның температурасы бөлме температурасынан суық болады, оған жақындағанда адам жылуды көбірек бөліп шығарады. Мұндай бөлмеде тұратын адамдардың ағзасы тез суықтағыш болады, мұндай жерде тұратын адамдар арасында ревматизммен ауру қаупі артады.
Бөлмелерде ылғал әр түрлі себептерден пайда болады. Бір жағдайларда ол ғимаратты салып жатқан кездегі ақауларға байланысты болады. Мысалы, топырақтың ылғалынан қабырғалары нашар қорғалған кезде, ылғал қабырғалардың тесіктері арқылы жоғары көтеріледі, ол бөлмеде зәк пайда болады. Егер қабырғаның жылу ұстайтын қасиеті төмен болса (жұқа қабырғалар), ондай қабырғаларда қоршаған ауадан су булары жиналады. Мұндай себептен пайда болған ылғал қыста болады, сырттағы ауа температурасы төмендеген сайын, ондай ылғал көбейе түседі. Ылғал көбіне тұрғын үйді дұрыс қолданбағандықтан болады, мысалы, бір бөлмеде тамақ жасап, кір жуып, ол бөлмені желдетпеген кезде.
Егер жаңадан сыланған үйдің қабырғаларының сылағы кеппей жатып адамдар кіріп тұрып алса, бұл кезде ылғал барлық қабатта болады. Сондықтан ең алдымен ылғалдың себебін анықтау керек, содан кейін ғана оны жою үшін шаралар ұсыну керек. Егер ылғал тұрғын бөлмеде гидроизоляция болмағандықтан болса, ондай ылғал дақ түрінде бөлменің төменгі жағында, 1,5- 2 м биіктікте орналасады. Мұндай ылғал көп қабатты үйдің 1 қабатында, жертөледе болуы мүмкін. Бұл кезде зәк қабырғаның барлық жеріне тарайды.
Мұндай ылғалдан мүлдем құтылу өте қиын, оны азайту үшін бөлмені жиі-жиі желдетіп тұру керек, қабырғаларды қалыңдату керек, яғни қосымша штукатурлеу жұмысын жүргізген жөн.
Тұрғын үйді тексергенде зәк барлық бөлмесінде болмаса, онда ол ылғал тұрғын үйді дұрыс қолданбағандықтан пайда болғаны. Мысалы, бөлмені жылыландыру дұрыс болмаған жағдайда, бөлмеде жиі кір жуылып, тамақ дайындалса немесе бөлмеде адамдар көп тұратын болса, ылғалдың бұл түрін жоюға болады. Ол үшін бөлмені жиі-жиі желдету керек.
Тұрғын үй жоспарлауда жерлерді 4 ауданға, 16 ауданшаға бөледі. Біздің еліміз 3 және 4 ауданға жатады. «Тұрғын үйлер. Жобалау нормалары» ҚНменЕ (СНиП) құрылыс нормасы мен ережесіне сай жобалану керек. Осы ҚНменЕ-де аудандардың физикалық - географиялық сипаттамасы және орташа айлық ауа температуралары: қаңтар мен шілде айларының, ауаның орташа жылдамдығы қысқы үш айда, айлық орташа ауаның салыстырмалы ылғалдылығы – маусым айындағы, геологиялық жағдайлар мен табиғи–климаттық факторлар, тұрғын үйге қойылатын талаптар туралы жазылған.
Әр үй салынатын жер өзінің белгілі климатымен, яғни сол жердің көп жылдық ауа райы режимімен ерекшеленеді.
Тұрғын үйлерді жобалау сол жердің физикалық - географиялық сипаттамасына сай, ҚНменЕ –де көрсетілгендей жасалу керек, яғни тұрғын үйдің жылу ұстағыштығы, желден және қызып кетуден қорғау. Жыл мезгілінің әр кезінде бір жерде метеорологиялық жағдайлардың үлкен ауытқуы байқалады: температура, ылғалдылық, ауа жылдамдығы, күн радиациясының қарқындылығы.
Тұрғын үйдің ішінің гигиеналық жағдайы оны қоршаған ортаға байланысты болады. Сондықтан үйдің аумағына қойылатын талаптарды қатаң сақтаған дұрыс. Үй салуға жер таңдаған кезде ол жер келесі талаптарға сай болу керек: ол жерге күн сәулесі жақсы түсетін, ауа алмасуы жақсы, шу көзінен және атмосфералық ауаны ластаушылар көзінен, өндірістік мекемелерден, темір жолдан, автокөліктің магистральді жолдарынан алыс орналасу керек, мөлшері жеткілікті болу керек: үйді дұрыс орналастыру үшін, балалар ойнайтын жер, ересектер дем алатын және жасыл өсімдіктер егілетін жер қарастырылу керек. Ол жердің топырағы таза болуы керек. Егер ол жер бұрын басқа мақсатта қолданылған болса, ол жердің топырағы тазаланып, таза топырақ әкеліп төгілу керек, топырақты залалсыздандыру жұмысы жүргізілу тиіс.
Ол жердің жер асты суының биіктігі де өте маңызды болып саналады. Жер асты суының биіктігі 2 метрден кем болмау керек, өйткені қар, жаңбыр жауған кезде, жер асты суы көтеріліп, үйде ылғалдың пайда болу қаупі туындайды.
Үй салатын жерге су құбыры мен канализация жүйесі жақын орналасу керек. Автокөлік келетін жол болу керек.
Тұрғын үйлерді және қоғамдық ғимараттарды жылыландыру
Жылыландыру дегеніміз даладағы температураның өзгерісіне қарамастан бөлмені біркелкі температурамен қамтамасыз ету. Бөлмеде біркелкі температура болу белгілі бір жағдайлармен анықталады: жылыландыру жүйесі, отынның сапасы, жылыландырудың жеткіліктілігі және реттілігі.
Бөлме температурасы нормада қысқы уақытта 180-290С аралығында болу керек. Бөлмеде тәулік бойы температураның ауытқуы болмау керек. Адам өзін жақсы сезіну үшін, егер ауаның температурасының айырмашылығы бөлменің әр нүктесінде еденнен 10 см биіктікте және 1,5 м биіктікте 30С көп емес, ал сыртқы қабырғадан 25 см қашықтықта температура айырмашылығы 50С – ден көп болмау керек.
Мұндай жайлы жағдайды тек орталықтандырылған жылыландыру жүйесі ғана қамтамасыз ете алады, сондықтан тұрғын үйдің орталықтандырылған жылыландыру жүйесімен қамтамасыз етілгені дұрыс. Қоғамдық ғимараттар мен тұрғын үйлерде орталықтандырылған жылыту жүйесінің сулы түрі кеңінен қолданылады.
Орталықтандырылған сулы жылыту жүйесі қазандықтан, құбырлардан және қыздырғыш құралдан тұрады. Оны іске қосар алдын жүйені суға толтырады. Қазандықта су қажет температураға дейін қыздырылады да трубалар арқылы қыздыру құралдарына жеткізіледі. Қызған су қыздырғыш құралдарында салқындап, кері қайтаратын құбырлармен айналымға түседі. Су қызған кезде оның көлемі ұлғаяды, сондықтан жүйеде кеңейткіш ыдыстар орнатылады, ол жерде судың артық мөлшері сақталады. Орталықтандырылған сулы жылыландыру жүйесінің жоғарғы және төменгі таралу түрлері болады. Жоғарғы таралу түрінде қыздырылған су жоғары жаққа беріледі, магистральді құбырлар бұл жағдайда үйдің төбесінде орналасады, магистральді құбырлардан төмен қарай су тіреулер арқылы түседі. Ал қайтарма құбырлар төменге шығады.
Төменгі тарату түрінде тіреулер, ыстық суды тарататын құбырлар жертөледе орналасады. Гигиеналық көзқарастан екі жүйе де бірдей.
Бөлмелерде қыздырғыш құралдар сыртқы қабырғаның төменгі жағында, терезенің астында орнатылады. Ол терезеден кірген суық ауаның ағынын жылытады. Ол оңай жуылып, оңай тазаланатын болу керек. Жылыту қондырғыларының температурасы 800С - ден көп болмау керек, температура одан жоғарыласа, адам күйіп қалу қаупі туады және жылыту қондырғысына қонған шаңның жануы мүмкін. Осы себептен тұрғын үйлерде булы жылыландыру қолданылмайды, өйткені қыздыру құралдарында булы жылыландыру кезінде температура 1000С және одан да жоғары болады.
Гигиеналық көзқарастан орталықтандырылған сулы жылыландырудың артықшылықтары көп: тәуліктің әр кезінде бөлмеде біркелкі температура сақталады, өрт шығу және түтінмен улану қаупі жоқ, адамның от жағуға, күл шығаруға уақыты кетпейді, үйді ластамайды. Жылыту қондырғыларынан жылу конвекция жолымен беріледі.
Қазіргі кезде тұрғын үйлерде жылыландырудың сәулелі түрі кеңінен қолданылып жүр. Жылыландырудың бұл түрінде қызған су қабырғалардың арасына орнатылған трубалар арқылы жүріп, бөлмені жылытады. Үйдің төбесінде орнатылған жылыландыру қондырғысының температурасы 28-300С, қабырғалардікі - 40-450С, жертөленікі – 25-270С. Сәулелі жылыландырудың орталықтандырылған сулы жылыландырудан артықшылықтары да бар: адам ағзасы өзінің бойынан жылу шығаруы төмендейді, бөлменің көлденең және тік бағыттарында температура біркелкі болады. Жылыту құралдары қабырға арасында орналасқандықтан, оларға шаң жиналмайды. Үлкен көп қабатты үйлерді жылумен қамтамсыз ету казандықтардан немесе жылу орталықтарынан жүргізіледі. Қазіргі кезде тұрғын үйлерді ыстық сумен қамту да қарастырылған.
Сулы, булы жылыландырумен қатар қазіргі кезде ауамен жылыту кеңінен қолданылып жүр. Мұндай жүйеде сыртқы ауа жылу қабылдағыш арқылы жылыту камерасына, яғни жылыту құралы - калориферге түседі, ол жерде жылыған ауа каналдар арқылы бөлмелерге беріледі, ал бөлмедегі салқындатылған ауа сору каналдары және сору шахталары арқылы сыртқа шығарылады. Бұл жүйеде таза ауа бөлмелерге ұйымдастырылған күйде түседі, ол бөлмеде ауа алмасуға жақсы әсер етеді. Бұл жүйені қолданғанда бөлмеге түсетін ауа ластанған болмау керек, ол үшін ауа соратын шахтаны шаңның, газдардың түсуінен қорғау керек. Каналдың ішкі қабырғасы тегіс болу керек. Тұрғын үйлерде ауамен жылытуды қолдану тиімді емес, өйткені мұндай жүйеде бөлмеге қатты қыздырылған ауа беріледі, ол адам ағзасында болатын жылу алмасу процесіне теріс әсерін тигізуі мүмкін. Орталықтандырылған инженерлік жүйе жоқ жерлерде (орталықтандырылған жылыту жүйесі) құрылыс нормасы мен ережесіне сай бір және екі қабаттық тұрғын үйлер салып, жылыландырудың жергілікті түрін орнатуға болады. Жылыландырудың бұл түрі көбіне ауылды жерлерде қолданылады.
Жергілікті жылыландыру түріне – пеш жатады. Онымен бір немесе бірнеше бөлмені жылытуға болады. Пештің сыртқы қабырғасының температурасы 800С жоғары болмау керек. Сыртқы қабырғасы тегіс, шаң жиналмайтын болу керек.
Пештің кемшіліктеріне мыналар жатады: бөлменің күлмен ластануы, бөлмедегі тәуліктік температураның тәулік бойы ауытқуы, отынның толық жанбауынан бөлменің ішіне түтіннің шығуы, соның салдарынан адамдарда улану қаупінің болуы, өрт шығу қаупінің болуы, күл шығарғанда бөлменің ластануы, от жағуға адамдардың уақытының кетуі жатады.
Адам түтінмен уланған кезде мынадай белгілер байқалады: бас айналу, бастың ауыруы, жүрек айнып, адамның құсуы, қалтырау. Егер улану ауыр түрде болса, адам өліп кетуі де мүмкін.
Қазіргі кезде жеке тұрғын үйлерде жергілікті, пәтерлі жылыландыру кеңінен қолданылып жүр, бұл кезде орталықтандырылған сумен жылыту жүйесінің принциптері мен элементтері қолданылады. Бұл кезде қазандықтан қыздырылған су жылыту қондырғыларына жеткізіледі, ал пештің өзі көмекші бөлмеде жеке орналасады және оның кіретін есігі бөлек болады. Гигиеналық жағынан мұндай жүйе тиімді болып саналады.
11. Жаңа тақырыпты бекіту. 20 мин (22%)
Тұрғын үйлерді жобалауға қойылатын гигиеналық талаптар қандай?
Микроклимат дегеніміз не?
Тұрғын үйдің микроклиматына қойылатын гигиеналық талаптар қандай?
Тұрғын үйлерді жылыландыруға қойылатын талаптар қандай?
Тұрғын үйлерді жылыландырудың қандай түрлері бар?
Жылулық қолайлы жағдай дегеніміз не?
Инсоляция дегеніміз не?
Тұрғын үйлерді жарықтандыруға қойылатын талаптар?
Тұрғын үйлерді жарықтандырудың қандай түрлері бар?
12. Сабақты қорытындылау 5 мин (6%)
- оқушылардың білім деңгейін бағалау
- келесі сабақтың тақырыбын хабарлау
13. Үйге тапсырма беру 5 мин (6%)
6-тақырып
1. Сабақтың тақырыбы: Тамақтану гигиенасы. Дұрыс тамақтану. Балансты тамақтану. Ақуыз, майдың, көмірсулардың, дәрумендердің, минералдық заттардың маңызы.
2. Сағат саны:2 сағат
3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, сабақ
4. Сабақтың мақсаты:
- оқыту: оқушыларға тамақтану гигенасы, дұрыс тамақтану, балансты тамақтану, және ақуыздың, майдың, көмірсулардың, дәрумендердің, минералдық заттардың адам ағасына тигізетін әсерін және пайдсын, зиянын сонымен қатар басқада қасиеттерімен таныстыру және оқыту.
- тәрбиелік: берілген тапсырмаларды дұрыс және сауатты орындау
- дамыту: білім берудің жаңа әдістерін қолдану және оқытудың тәжрибелік дағдыларын дамыту
5. Оқыту әдісі: тақырыпты түсіндіру және сұрау
6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы
- көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кеспе, тест тапсырмалары
- оқыту орыны: оқу бөлмесі
7. Әдебиеттер:
негізгі
1. У.И. Кенесариев, Р.М.Балмахаева, Ж.Д. Бекмагаметова, К.К. Тогузбаева, Н.Ж. Жакашов.<<Гигиена>> Алматы 2009
3. ҚР « Халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы » туралы №361 заңы, 04.12.2002 ж.
3. Алтынбеков Б.Е., Бөлешов М.Ә.,Торгаутов Б.К., « Балалар мен жасөспірімдер
гигиенасы», Шымкент, 2000 ж.
4. Шарманов Т.Ш. - «Экономика здавоохранения и перспективы
государственной службы охраны здоровья в Казахстане», Алматы-Женева-
Вашингтон, 2000 ж.
5. Габович Р.Д.- « Гигиена», Мәскеу, « Медицина», 1990 ж.
қосымша
1. Шарманов Т.Ш. – « От здорового образа жизни к долголетию без болезней»
2. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. - « Тағам гигиенасы », Шымкент, 2009 ж.
3. Көшімбаева С.А. - « Ауыз судың сапасын нормалаудың гигиеналық
негіздері», Алматы, 2002 ж.
4. Неменко Б.А. - « Коммуналдық гигиена », Алматы, 2005 ж.
5. Момынов Т.А., Рақышев А. - Медициналық орысша – қазақша сөздік,
Алматы, 1999 ж.
6.Подунова Л.Г. - « Руководство к практическим занятиям по методам
санитарно- гигиенических исследваний » Москва, « Медицина» 1990
8. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин (6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру
Өткен тақырыптардан ауызша сұрау 15 мин (16%)
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 40 мин (44%)
Тамақтану – ағзаның маңызды физиологиялық сұранысы, ол негізгі функцияларды: өсу, жетілу және жұмыс қабілетінің белсенділігін арттыруды қолдауға және қамтамасыз етуге бағытталады. Тиімді тамақтану - деп ағзаның энергетикалық, пластикалық және басқа да сұранысын қанағаттандыратын, зат алмасудың қажет деңгейін қамтамасыз ететін тамақтануды айтамыз. Тиімді тамақтану ағзаның жағдайын нормада ұстап және жұмыс қабілеттілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуі қажет. Тиімді тамақтанудың негізгі элементтері болып мыналар саналады: үйлесімді тамақтану және тамақтану режимі. Тиімді тамақтану – тәуліктік тамақ тағамдарының калория мөлшерінің тәуліктік энергия жоғалту мөлшеріне қатынасы. Бұл қатынастың өзгеруі ағзада әр түрлі өзгерістер тудырады. Мысалы, тағамдық рационда үнемі калориясы аз тағамдарды қолданғанда адам азады, жұмыс қабілеті нашарлайды, әр түрлі жұқпалы ауруға қарсы тұру қабілеті төмендейді, ал керісінше тағамдық рационда үнемі калориясы көп тағамдарды қолданғанда адам семіреді, денесін май басады, соның салдарынан әр түрлі аурулар пайда болады. Әсіресе калориясы жоғары тағамдарды қолдану гиподинамия, бұлшық еттерге күш түспеген кезде, яғни адам аз қозғалатын жұмыс атқарса өте қауіпті болып саналады. Бұл кезде адам ағзасына тамақ арқылы көп энергия түседі, ал энергия жұмсауы аз болады, энергияның артық мөлшері ағзада майға айналады да, адам семіреді. Қорыта айтқанда, қолданылатын тамақ тағамдарының калориясы ағзаның физиологиялық сұранысына сай болу керек, ал рационның калориясы – ағзаның тәуліктік энергия жоғалтуына сай болу керек.
Үйлесімді тамақтану
Адам ағзасының тамақтық заттарға деген қажеттілігі және өзара ара қатынасы үйлесімді тамақтану ілімінде жинақталған. Осы ілім бойынша тағам дұрыс сіңуі үшін және адам ағзасы дұрыс өмір сүруі үшін, ағзада уақытылы барлық тамақтық заттармен қамтамасыз ету керек және тамақтық заттар өзара дұрыс арақатынаста болуы керек.
Сондықтан да үйлесімді тамақтану деп адамның тамағының құрамындағы барлық тамақтық, биологиялық белсенді заттардың ең тиімді арақатынаста болуы және олар адам ағзасына ең жоғарғы пайдалы әсерін тигізуін айтамыз.
Үйлесімді тамақтану тамақтық заттар мен биологиялық белсенді заттар саны мен сапа жағынан да тиімді байланыста болуы керек, олар ақуыз, май, көмірсу, витаминдер мен минералды элементтер.
Әсіресе ауыстырылмайтын эссенциалды заттар, олар адам ағзасында түзілмейді немесе аз түзілетін, немесе өте жай түзілетін заттар тепе- теңдігіне өте үлкен көңіл бөлінеді.
Адамның тағамдарының құрамындағы ауыстырылмайтын бөліктеріне 8-10 ауыстырылмайтын амин қышқылдары, 3-5 жартылай қанықпаған май қышқылдары (ЖҚМҚ), барлық витаминдер, көптеген минералды элементтер жатады. Сонымен қатар ауыстырылмайтын заттарға кейбір табиғи физиологиялық өте жоғары белсенді заттар жиынтығы: фосфолипидтер, ақуыз - лецетин жиынтығы, глюкопротеидтер, фосфопротеидтер және т.б. тағам құрамындағы кешенді қосылыстар және адамның мерзімдік тамақ мөлшеріндегі үлесі.
Ал алмастырылатын тағамдық заттарға майлар мен көмірсулар жатады. Тамақпен алмастырылмайтын тамақтық заттардың күнделікті түсіп отыруы аса қажет екені белгілі. Сонымен қатар алмастырылатын тамақтық заттардың ағзаға күнделікті түсіп отыруы өте қажет, өйткені бұл заттар жеткіліксіз болса, олардың түзілуіне басқа қоректік заттар жұмсалады да, зат алмасу процесі бұзылады. Ересек адамға қажетті алмастырылмайтын тағамдық заттар саны 50-ден аса.
Тамақ ішу тәртібі
Тамақ ішу тәртібі – тиімді тамақтанудың маңызды бір бөлігі. Тамақ ішу тәртібіне күнделікті адам неше рет тамақ ішу керектігі, тамақ ішу арасындағы уақыт, тамақ ішу мезгілі, тағамдардың калориясы бойынша әр мезгілге бөлінуі жатады. Ең тиімдісі күніне 4 мезгіл тамақтану. Ал жұмыс жағдайында және оқу кезінде күніне 3 рет тамақтануға да болады.
Дастархан басына тамақ ішуге күн сайын үнемі бір мезгілде отырудың маңызы зор. Таңертеңгі немесе түскі астың уақытын өткізіп жіберуге, олардың орнын кейін толтырамын деуге болмайды. Тамақты кеңірдектен шығара тойып ішуге, асығыс ішуге де болмайды. Тамақ ішу тәртібі бұзылған жағдайда адам ағзасында әр түрлі ішек-асқазан аурулары пайда болады.
Сонымен қатар әр тамақ ішу сәті 20-30 минуттан кем болмауы керек. Тағамды өте жай, асықпай шайнау керек. Ауыздағы тағам сілекеймен толық араласып болғанша шайнау керек. Әр тамақ ішу мезгілі арасындағы уақыт 5 сағаттан аспау керек. Тағамды белгілі бір уақытта ішудің өте маңызы зор. Ас қорыту органдары белгілі бір уақытта тағам қабылдауға дайын болады. Асқазанда асқорыту сөлі бөлінеді.
Күніне 4 рет тамақтанған кезде тағамның калориясына қарай төмендегідей бөлінеді:
1 таңертеңгі ас - 18 %, 2 таңертеңгі ас - 12 %, түскі ас - 45 %, кешкі ас - 25 %
немесе, таңертеңгі ас - 25 %, түскі ас - 40 %, түстен кейінгі ас - 10 %, кешкі ас - 25 %.
Ал егер күніне 3 рет тамақтану болса:
таңертеңгі ас - 30 %, түскі ас - 45 %, кешкі ас - 25 %
Бірақ, қандай да болмасын тамақ ішу тәртібінде соңғы тамақ ішу мезгілі мен ұйықтау арасында 2,5 - 3 сағат болуы керек, өйткені асқорыту жүйесі де бір мезгіл демалуы керек.
Сөл бөлетін мүшелердің тынымсыз жұмыс істеуі олардың сөлінің құрамының нашарлауына және дұрыс бөлінбеуіне себеп болады. Ас қорыту бездерінің дұрыс жұмыс жасауы үшін, олар тәулігіне 8-10 сағат түнгі уақытта демалуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |