Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік Фармацевтика академиясы Техникалық және кәсіби білім беру факультеті «Гигиена-1, дене шынықтыру және валеология»


Судың физиологиялық және гигиеналық маңызы



жүктеу 1,03 Mb.
бет2/6
Дата29.05.2018
өлшемі1,03 Mb.
#18243
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

Судың физиологиялық және гигиеналық маңызы

Су адамның денсаулығы мен өмір сүру жағдайына әсер ететін қоршаған ортаның маңызды элементтерінің бірі. Су адам ағзасында үлкен рөл атқарады: ағзадағы барлық физикалық - химиялық процесс судың қатысуымен жүреді, су барлық зат алмасу, тотығу, гидролиз процестеріне қатысады. Су ағзаға керек қоректік заттарды тасымалдап, ағзаға керек еместерін ағзадан шығаруға қатысады.

Қалыпты жағдайда адам ағзасында ішкі ортаның осмотикалық қысымының тұрақтылығы сақталады, ол ағзаға су мен тұздардың түсуімен және шығарылуымен анықталады.

Қоршаған ортаның қалыпты температурасында және ылғалдылығында ересек адамның тәуліктік су балансы 2,2 - 2,8 л-ді құрайды. Адам ағзасы тәулігіне 1,5 л - ге жуық суды кіші дәрет арқылы, 400-600 мл тері қабаты, 350-400 мл тыныс алу кезінде, 100-150 мл нәжіс арқылы шығарады. Жоғалтқан судың орнын адам тәулігіне 1,5 л –ін сұйық ішумен ( шай, кофе, сусындар және т.б.), 600-900 мл-ін тамақ тағамдарымен толықтырады, ағзадағы тотығу процестерінің әсерінен 300 - 400 мл су пайда болады.

Қоршаған орта температурасы көтерілген кезде және ауыр дене жұмысы кезінде ағзаның суды жоғалтуы артады.

Мысалы, ыстық климат жағдайында, дене еңбегін атқарған кезде адамның суға деген сұранысы 5 л және одан да көбірек болуы мүмкін.

Ағзаға су жеткіліксіз мөлшерде түскенде адам шөлдейді және оған физиологиялық реакция береді, яғни су ішеді. Осылай ағзада су балансы және электролиттік тепе-теңдік тұрақты деңгейде болады. Егер ағза жоғалтқан судың орнын толтырып тұрмаса, ағзаның өмірлік маңызды мүшелердің жұмысы бұзылуы мүмкін.

Адамға су тек ішу үшін ғана емес, оның көп мөлшері санитарлық және шаруашылық – тұрмыстық мақсатта да қажет: яғни жеке бас гигиенасын сақтау үшін, кір жуу, үй – жайын таза ұстау үшін қажет. Су қоғамдық орындарды таза ұстау (мектептер, балабақшалар және т.б.), емдеу-сауықтыру орындарында жуып- тазалау жұмыстарын жүргізу үшін өте қажет.

Қазіргі кездегі қалаларға су орталықтандырылған канализация орнату үшін, орталықтандырылған жылыландыру жүйесін орнату, жасыл өсімдіктерді суару, көшелерді жуу үшін және көпшілікті сауықтыратын орындарда (жүзу бассейндері және т.б.) қажет.

Өндірістік мекемелер өзінің өндірістік қажетіне өте көп мөлшерде су жұмсайды.



Судың бір адамға қажет мөлшері дегеніміз - адамның суға физиологиялық сұранысын толық қамтамасыз ететін және гигиеналық, шаруашылық-тұрмыстық, өндірістік мақсатқа қажет су мөлшері.

Судың сапасының үлкен гигиеналық маңызы бар. Судың сапасы оның органолептикалық қасиетімен, химиялық құрамымен, эпидемиологиялық және радиациялық қауіпсіздігімен анықталады.

Судың органолептикалық қасиеті мөлдірлігімен, дәмімен және иісімен сипатталады. Судың химиялық (минералдық) құрамы 85%-ға дейін кальций, магний, натрий катиондарынан, гидрокарбонат, хлорид, сульфат аниондарынан тұрады. Қалған бөлігі аммоний, калий, нитрат, нитрит, фосфат аниондарынан және микроэлементтерден ( фтор, йод, цинк және т.б.) тұрады.

Химиялық құрамы бойынша табиғи сулар арасында айырмашылықтар болады. Минералды тұздардың көп концентрациясы суға жағымсыз дәм береді, ас қазан – ішек жолдарының қызметіне теріс әсер етеді, ол суларды тұрмыста және өндірісте қолдану мүмкін емес. Кейбір тұздар адамның ағзасына улы әсер етуі де мүмкін.

Ішуге қолданылатын су ашық су көздеріне өндірістік мекемелердің тазартылмаған қалдық сулары жіберілсе судың құрамында химиялық заттардың: сынап, мышьяк, қорғасын, хромның улы концентрациясы пайда болады.

Су көптеген жұқпалы ауру қоздырғыштарының көбеюіне және таралуына жақсы орта болып саналады. Адамдар арасында жұқпалы аурулар туындамас үшін, оларды сапалы судың жеткілікті мөлшерімен үздіксіз қамтамасыз ету керек. Ол туралы кейінірек айтылады.

Елдімекендерді сумен қамту екі түрлі жолмен іске асады: орталықтандылырған және орталықтандырылмаған немесе оны жергілікті сумен қамту деп те атайды.

Орталықтандырылған сумен қамту кезінде құбыр арқылы су бүкіл

елді мекенге немесе бір бөлігіне беріледі.

Кейбір елді мекендерде, көбіне ауылды жерлерде, сумен қамту тікелей су көзінен алынады (құдық, бұлақ). Мұндай сумен қамту түрін – орталықтандырылмаған немесе жергілікті сумен қамту деп атайды.

Қолданылатын судың мөлшері суды алудың оңайлылығына және елді мекеннің көркейтілуіне байланысты. Көркейтілуі жоғары болған сайын, суды қолдану мөлшері де артады.

Елдімекенге орталықтандырылған су көзін жобалаған кезде сол елге қажет судың мөлшерін анықтайды. Осы мақсатта белгіленген сумен қамту нормативтері қолданылады.

Жаңадан жобаланып жатқан су құбыры елдімекен сұранысын қанағаттандыру үшін, белгіленген нормативке сай оның қуаттылығын және елдімекендегі адам санын анықтау керек.

Суару үшін кететін су мөлшері бөлек саналып, содан кейін жалпы барлығы қосылып, ол елдімекенге қанша су мөлшері қажет екені анықталады.

Орталықтандырылмаған сумен қамту кезінде бір адамға қажет судың мөлшері 30-50 л / тәулігіне, ал орталықтандырылған, ыстық суы бар сумен қамту кезінде бір адамға 250-300 л / тәулігіне деп есептеледі.

Алдын ала санитарлық қадағалау кезінде санитарлық мекеме қолданылған нормативтің дұрыстығын және қажет су мөлшерінің дұрыс есептелгенін қадағалайды.

Орталықтандырылған су құбырын орнату тек елдімекеннің санитарлық жағдайын ғана жақсартып қоймады, ол ішек жұқпалы ауруларын азайтуда да маңызды шаралардың бірі болып табылады.
Судың сапасына қойылатын талаптар

Қазіргі кезде қолданылып жүрген санитарлық норма мен ережесіне

«Орталықтандырылған сумен қамту кезіндегі судың сапасына қойылатын талаптар» сай ауыз су ретінде қолданылатын су эпидемиологиялық және радиауионды жағынан қауіпсіз, химиялық құрамы жағынан зиянды емес және органолептикалық қасиеті жақсы болу керек.

Ауыз су ретінде қолданылатын судың сапасының стандартта көрсетілген нормативтерге сай екенін суға химиялық - бактериологиялық зерттеу жүргізіп анықтайды.



Судың физикалық қасиеттері

Судың мөлдірлігі судың құрамындағы қалқып жүрген заттарға байланысты. Ауыз су ретінде қолданылатын судың мөлдірлігі 30 см тереңдікте судың астына қойылған белгілі шрифтпен жазылған жазу көрінетіндей болу керек.

Судың түсіне ашық және терең емес жер асты суларынан алынған судың құрамында топырақтан жуылған гуминді заттардың болуы, су гүлденген кезде және ашық су көздері қалдық сулармен ластану әсерінен болуы мүмкін. Судың түсі нормада 20˚ -дан көп болмауы керек.

Судың дәмі мен иісі судың құрамындағы өсімдік тектес органикалық заттардың болуына байланысты, олар суға батпақтың, шөптердің иісіндей иіс береді. Сонымен қатар судың иісіне және дәміне судың өндірістік қалдықтармен ластануы да әсер етеді. Ал жер асты суларының иісі мен дәміне көп мөлшерде еріген минералды тұздар мен газдар да әсер етеді, мысалы хлоридтер мен күкіртсутектер. Олар су тазалау стансасында тазалаудан өткеннен кейін иісі мен дәмі кетеді.

Суды зерттеу кезінде иісінің қарқындылығын және сипатын анықтайды. Ол балмен анықталады. 0 балл - иісі жоқ, 1 балл - өте әлсіз иіс, 2 балл - әлсіз иіс, 3 балл- анықталатын, 4 балл – айқын иіс, 5 балл - өте қатты білінетін иіс. Ауыз су ретінде қолданылатын судың иісі мен дәмінің қарқындылығы қазіргі кезде қолданылып жүрген нормативтерге сай 2 балдан көп болмауы керек.

Егер суды зерттеу кезінде табиғи судың түсіне тән емес түс анықталған болса, оның қайдан пайда болғанын міндетті түрде анықтау керек.

Судың химиялық құрамы. Санитарлық норма мен ережеге сай су химиялық құрамы жағынан зиянсыз болу керек және табиғи судың құрамында кездесетін заттар, суға өңдеу процесінде қосылатын реагенттер, адамдардың іс әрекет нәтижесінде суды ластайтын заттардың мөлшері стандарттағы нормативтерге сай болу керек.

Судың химиялық құрамына зерттеу жүргізген кезде оның табиғи химиялық құрамына және оны өңдегенде қолданылатын заттарды ескеру керек. Гигиеналық жағынан маңызы жоғары болып келесі көрсеткіштер саналады.

Құрғақ қалдық. Судың құрамының жиынтығы құрғақ қалдықпен анықталады, ол 1 литр суды булағанда қалатын зат. Ол судың минерализация дәрежесін көрсетеді. Орталықтандырылған су үшін ол нормада – 1000 мг/л

( тұщы су).



Темір көбіне жер асты суларының құрамында темірдің

дигидрокарбонаты түрінде кездеседі. Су ауамен қатынасқа түскенде темір тотығып, темірдің гидрооксидіне айналады. Ол суға лайлы қоңыр түс береді. Егер судың құрамында темірдің мөлшері 0,3 - 0,5 мг/л - ден көп болса, судың органолептикалық қасиеті нашарлайды, ал оның мөлшері судың құрамында 1-2 мг/л болған кезде, лайлылық пен түсінен басқа судың дәмі де өзгереді. Орталықтандырылған судың құрамында нормада темірдің мөлшері – 0,3мг/л, ал жергілікті су көзі суының құрамында 1 мг/л – ден көп болмауы керек.

Судың құрамында кальций мен магний тұздарының болуы судың қаттылығына әсер етеді. Қаттылығы 1,75 моль/л –ге дейінгі суды жұмсақ су дейді, 1,75 – 3,5 дейінгі суды – орташа жұмсақ су, 3,5-7,0 аралығындағы суды қатты, ал 7,0 –ден жоғары суды өте қатты су деп атайды. Қаттылығы жоғары суда еттің, бұршақ тұқымдастардың пісуі қиын болады. Ыдыстардың ішінде қақтар пайда болады. Кір жуған кезде сабын көпірмейді. Ондай суларды орталықтандырылған жылыландыру жүйесінде қолданған кезде олардың іші тез бітеліп қалады. Стандарт талаптарына сай ауыз судың қаттылығы нормада 3,5 моль/л немесе 7 мг-экв/л – ден көп болмауы керек.

Хлоридтер. Жай ағынды сулардың құрамында көп емес мөлшерде 20-30 мг/л дейін кездеседі. Құрамында хлордың мөлшері 350-500 мг/л болса, онда суда тұзды дәм пайда болады. Ол асқазан сөлінің бөлінуіне теріс әсер етеді. Стандартқа сай судың құрамында хлоридтер нормада 350 мг/л –ден аспауы керек.

Сульфаттар. Өзен суларында және тұзды көлдердің шөгінділерінде тұрақты түрде кездеседі. Судың құрамында сульфаттардың мөлшері 500 мг/л болса, суда ащы - тұзды дәм пайда болады. Ол асқазан сөлінің бөлінуіне теріс әсер етеді. Мұндай суды бұрын қолданып көрмеген адамдарда ол диспепсия туындатуы мүмкін. Стандартқа сай судың құрамындағы сульфаттардың мөлшері 500мг/л аспауы керек.

Фтор қосылыстары – Судың құрамында болатын фтор қосылыстарының құрамындағы фтор ионы сүйектің және тістің минералдануына қатысады. Судың құрамындағы фтордың мөлшері нормада 1,2-1,5 мг/л болу керек. Егер судың құрамында фтор мөлшері 5 мг/л – дейін көтерілсе ол адамдар арасында сүйектердің зақымдануын туындатады ( остеосклероз, остеопороз.)

Ауыз судың құрамына улы заттар су көзіне өндірістен шығарылған тазартылмаған қалдық суларды жіберген кезде пайда болады. Бұл кезде өндірістің технологиялық процесімен танысып, қосымша суға қандай зерттеулер жүргізу керектігін анықтау керек.

Ашық су көздеріне жаңбыр, қар суымен бірге топырақтан ауылшаруашылығында қолданылатын қоршаған орта әсеріне төзімді пестицидтер де түсуі мүмкін. Гигиенистердің зерттеулерінің нәтижесінде судың құрамындағы бірнеше жүз зиянды заттардың шектеулі рұқсат етілген концентрациясы анықталған. Мысалы, созылмалы уланудың алдын алу үшін судың құрамындағы қорғасынның мөлшері -0,03 мг/л –дан, мышьяк мөлшері - 0,0,5 мг/л – ден көп болмауы керек.

11. Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин (22%)

Жалпы су көздеріне анықтама беріңіз?

Судың бір адамға қажет мөлшері дегеніміз не?

Судың сапасына қойылатын гигиеналық талаптар?

Судың физикалық қасиеттерін айтып беріңіз?

Судың химиялық құрамы жайында айтып беріңіз?



12. Сабақты қорытындылау 5 мин (6%)

- оқушылардың білім деңгейін бағалау

- келесі сабақтың тақырыбын хабарлау

13. Үйге тапсырма беру 5 мин (%)

4- тақырып

1. Сабақтың тақырыбы: Топырақ гигиенасы.

2. Сағат саны:2 сағат

3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

- оқыту: оқушыларға топырық гигиенасын, топырақтың адам ағзасына тигізетін әсерін. Топырақ арқылы таралатын аурулардың, таралуын алдын алу шараларын оқыту және үйрету.

- тәрбиелік: берілген тапсырмаларды дұрыс және сауатты орындау

- дамыту: білім берудің жаңа дағдыларын және тәсілдерін дамыту.

5. Оқыту әдісі: тақырыпты түсіндіру және сұрау

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

- техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы

- көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кеспе, тест тапсырмалары

- оқыту орыны: оқу бөлмесі

7. Әдебиеттер:

негізгі

1. У.И. Кенесариев, Р.М.Балмахаева, Ж.Д. Бекмагаметова, К.К. Тогузбаева, Н.Ж. Жакашов.<<Гигиена>> Алматы 2009

3. ҚР « Халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы » туралы №361 заңы, 04.12.2002 ж.

3. Алтынбеков Б.Е., Бөлешов М.Ә.,Торгаутов Б.К., « Балалар мен жасөспірімдер

гигиенасы», Шымкент, 2000 ж.

4. Шарманов Т.Ш. - «Экономика здавоохранения и перспективы

государственной службы охраны здоровья в Казахстане», Алматы-Женева-

Вашингтон, 2000 ж.

5. Габович Р.Д.- « Гигиена», Мәскеу, « Медицина», 1990 ж.

қосымша

1. Шарманов Т.Ш. – « От здорового образа жизни к долголетию без болезней»

2. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. - « Тағам гигиенасы », Шымкент, 2009 ж.

3. Көшімбаева С.А. - « Ауыз судың сапасын нормалаудың гигиеналық

негіздері», Алматы, 2002 ж.

4. Неменко Б.А. - « Коммуналдық гигиена », Алматы, 2005 ж.

5. Момынов Т.А., Рақышев А. - Медициналық орысша – қазақша сөздік,

Алматы, 1999 ж.

6.Подунова Л.Г. - « Руководство к практическим занятиям по методам

санитарно- гигиенических исследваний » Москва, « Медицина» 1990



8. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин (6%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру

Сұрау арқылы білімін тексеру 15 мин (16%)



10. Жаңа сабақты түсіндіру: 40 мин (44%)

Адамға әсер ететін қоршаған орта факторларының бірі –топырақ. Топырақ – жер қыртысының борпылдақ жоғарғы қабаты, ол минералды, органикалық, органикалық - минералды қосылыстардан және микроорганизмдердің көп мөлшерінен тұрады. Қоршаған ортаның бір элементі ретінде топырақ адамның денсаулығына және санитарлық жағдайына үлкен әсер етеді.

Жер асты суының құрамы, сапасы және оның тереңдігі топырақтың физикалық - химиялық қасиетіне байланысты болады.

Топырақты құрайтын бөлшектер әр түрлі болады, 2 – 3 мм- ден басталып 0,01-0,001мм-ге дейін. Топырақты құрайтын бөлшектеріне байланысты топырақ түрі анықталады. Құмды топырақтың 90% -дан астамы құмнан тұрады, батпақты топырақтың 50% -дан астамы батпақтан тұрады. Органикалық заттарға бай топырақтар да болады, оны торфты топырақ дейді. Топырақтың түрі ол жерден үй және басқа да бір ғимараттар салуға жер таңдағанда маңызды рөл атқарады.

Топырақты құрайтын бөлшектердің көлемі топырақтың борпылдақтығы деп аталады. Топырақ бөлшектері ірі болса, борпылдақтығының көлемі аз болады. Бөлшектер арасында ауа болады, егер топырақ бөлшектері арасынан ауа, су жақсы өтсе, ол топыраққа түскен қалдықтар, яғни органикалық заттар ыдырайды, топырақтың құрамында аэробты биохимиялық процестің жақсы жүруіне әсер етеді.

Ірі құмды топырақ суды және ауаны жақсы өткізеді, арасында ауа жақсы өтетін болғандықтан ол топырақ кебу болады, ол топырақта ауа алмасу жақсы жүреді. Мұндай топырақтың гигиеналық маңызы зор, ол жерде үй және басқа да ғимараттар салуға ыңғайлы.

Топырақтың тағы бір көрсеткіші - ол топырақтың ылғалдылығы, яғни белгілі бір мөлшердегі топырақтың құрамындағы судың мөлшерін анықтау. Борпылдақтығы аз топырақта судың көп мөлшері ұсталып қалады.

Белгілі бір аймақтың топырағының құрамында жеке бір химиялық элемент шамадан тыс көп немесе шамадан тыс аз болған жағдайда ол жерді биогеохимиялық провинция деп атайды. Ол туралы су және сумен қамту тарауында толық жазылған.

Тәжірибеде кеңінен қолданылатын топырақтың маңызды қасиетінің бірі ол өзін-өзі тазалау қасиеті. Топыраққа түскен қатты және сұйық қалдықтар органикалық заттарға бай болады, сонымен қатар олардың құрамында жұқпалы ауру қоздырғыштары мен гельминт жұмыртқалары да көп болады. Егер елдімекенді тазарту дұрыс ұйымдастырылмаған болса, ол жердің топырағы ластанады. Топырақтың құрамына органикалық заттардың көп мөлшерде түсуі оларда шіру процесінің белсенді жүруіне, соның салдарынан ауаны ластайтын жағымсыз иістің шығуына әкеліп соғады. Топырақтың құрамына түскен патогенді микроорганизмдер жер бетіне жақын жатқан жер асты суларын, өсімдіктерді ластайды және шыбындар, кеміргіштер және топырақ шаңы арқылы жан жаққа таралады. Қазіргі ғылыми – техниканың, химия мен атомдық энергетиканың дамуына байланысты топырақтың зиянды химиялық заттармен және радиоактивті заттармен ластану қаупі артып отыр. Топырақты атмосфералық ауадан тұнатын зиянды заттар, қатты қалдықтар, суландыру алаңдарына және сүзу алаңдарына зиянсыздандыру үшін жіберілген өндірістен шығарылған қалдық сулар ластайды. Топырақты ластайтындардың ішінде қауіптісі болып, ауылшаруашылығында кеңінен қолданылатын, қоршаған орта факторларының әсеріне төзімді – пестицидтер саналады. Олар ыдырамайды және ұзақ уақыт топырақта жиналып, жер асты суларын ластайды және өсімдіктерге өтеді, одан ары қарай тағамдық тізбек арқылы: ет, сүт, көкөністермен, сумен адамның ағзасына түседі. Жоғарыда айтылғандардан басқа химиялық ластану топырақта жүретін биологиялық процестерге де теріс әсерін тигізеді, көкөністердің органолептикалық қасиеттеріне және оның құрамына да теріс әсерін тигізуі мүмкін.

Топырақ арқылы жұқпалы аурулар мен инвазиялы аурулардың таралуының алдын алу елдімекенді тазалауды дұрыс ұйымдастыру болып табылады. Ол қатты және сұйық қалдықтарды жинау және әкету, канализация орнату, көгалдандыру, көшелерді үнемі жуу, тазалау.

Елді мекендердің санитарлық маңызы үш негізгі тұрғыдан анықталады: эпидемиологиялық, гигиеналық және биогеохимиялық. Топырақтың эпидемиологиялық маңызы: вегетативті және спора түріндегі патогенді бактериялар мен вирустардың өмір сүру қабілетттілігімен, топырақтың гельминттер дамуының аралық тізбегі ретіндегі рөлімен және топырақтың шыбындардың таралуындағы рөлімен анықталады.

Топырақтың гигиеналық маңызы: топырақтың адам ағзасында жұқпалы емес патологияның дамуына әсерімен, топырақтың өзін-өзі тазарту мүмкіндігімен, ағынды суларды тазарту әдістері мен тұрмыстық қалдықтарды жоюмен, ластанған топырақтың өсімдік өнімдерінің сапасына әсерімен, топырақтың атмосфералық ауаның құрамындағы химиялық заттармен екіншілік ластануына әсерімен анықталады. Топырақтың биогеохимиялық рөлі мемлекеттің, облыстың, ауданның аймақтарында биогеохимиялық провинциялардың (табиғи және техногенді) болуымен анықталады.

Жоғарыда аталған үш позицияның ішінде топырақтың эпидемиологиялық маңызының тәжірибелік рөлі бірінші орында тұрады.

Топырақтың химиялық ластануы. Адам ағзасында Д.И.Менделеевтің периодтық кестесінің барлық элементтері кездеседі деп есептелінеді, бірақ қазіргі күні биологиялық рөлі көп жағдайда жұмбақ болып отыр. Адам үшін аса қажетті элементтер биологиялық белсенді заттар немесе биотиктер деп аталады. Оларға темір, мыс, мырыш, кобальт, йод және басқа да элементтер жатады. Химиялық элементтер адам ағзасында шекті деңгейге дейін болуы қажет, өйткені олардың артық немесе кем мөлшері патологиялық өзгерістер тудырады.

Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштері




Баға

Санитарлық

сан

Коли -титр

Анаэроб

титры

1кг топырақтағы гельминт жұмыртқаларының саны

1

Таза

0,98 көп

1,0 және одан жоғары

0,1 одан да жоғары

0

2

Әлсіз ластанған

0,85-0,98

1,0-0,01

0,1-0,001

10 дейін

3

Ластанған

0,7-0,8

0,01-0,001

0,001-0,0001

11-100

4

Қатты ластанған

0,7 төмен

0,001 төмен

0,001 төмен

100 және одан да төмен

11. Жаңа тақырыпты бекіту. 20 мин (22%)

Топыақ түзуші факторлар жайында айтып беріңіз?

Топырақтың түрлерін айтып беріңіз?

Биогеохимиялық провинция дегеніміз не?

Топырақтың химиялық ластануы және адам денсаулығына әсері?

Топырақтың биоилогиялық ластануы дегеніміз не?

Топырақтың биологиялық ластануы және оның эпидемиологиялық маңызы?

12. Сабақты қорытындылау: 5 мин (6%)

- оқушылардың білім деңгейін бағалау

- келесі сабақтың тақырыбын хабарлау

13. Үйге тапсырма беру 5 мин (6%)
5- тақырып

1. Сабақтың тақырыбы: Тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттар гигиенасы.

2. Сағат саны: 2 сағат

3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

- оқыту: оқушыларға тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың жарықталуына, желдетілуіне, микроклиматына қойылатын талаптарымен таныстыру

- тәрбиелік: берілген тапсырмаларды дұрыс және сауатты орындау

- дамыту: білім берудің жаңа дағдыларын және тәсілдерін дамыту.

5. Оқыту әдісі: тақырыпты түсіндіру және сұрау

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

- техникалық құралдар: интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы

- көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кеспе, тест тапсырмалары

- оқыту орыны: оқу бөлмесі

7. Әдебиеттер:

негізгі

1. У.И. Кенесариев, Р.М.Балмахаева, Ж.Д. Бекмагаметова, К.К. Тогузбаева, Н.Ж. Жакашов.<<Гигиена>> Алматы 2009

3. ҚР « Халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы » туралы №361 заңы, 04.12.2002 ж.

3. Алтынбеков Б.Е., Бөлешов М.Ә.,Торгаутов Б.К., « Балалар мен жасөспірімдер

гигиенасы», Шымкент, 2000 ж.

4. Шарманов Т.Ш. - «Экономика здавоохранения и перспективы

государственной службы охраны здоровья в Казахстане», Алматы-Женева-

Вашингтон, 2000 ж.

5. Габович Р.Д.- « Гигиена», Мәскеу, « Медицина», 1990 ж.

қосымша

1. Шарманов Т.Ш. – « От здорового образа жизни к долголетию без болезней»

2. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. - « Тағам гигиенасы », Шымкент, 2009 ж.

3. Көшімбаева С.А. - « Ауыз судың сапасын нормалаудың гигиеналық

негіздері», Алматы, 2002 ж.

4. Неменко Б.А. - « Коммуналдық гигиена », Алматы, 2005 ж.

5. Момынов Т.А., Рақышев А. - Медициналық орысша – қазақша сөздік,

Алматы, 1999 ж.

6.Подунова Л.Г. - « Руководство к практическим занятиям по методам

санитарно- гигиенических исследваний » Москва, « Медицина» 1990



жүктеу 1,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау