4.5 КӘСІПТІК ПРАКТИКА НӘТИЖЕЛЕРІН ҚОРЫТЫНДЫЛАУДЫҢ ТАЛАПТАРЫ
4.5.1 Кәсіптік практика аяқталғаннан кейін білім алушылар есептік құжаттарын кафедраға тексеріске тапсырады. Білім алушынын есебі университеттің практика басшысымен тексеріледі және кафедра меңгерушісінің өкімімен бекітілген комиссияның алдында қорғалады.
4.5.2 Практикаға бір жетекші белгіленген жағдайда (оқу практикасының түрлері) есептің рәсімделуіне және қорғалатын нысан бойынша білімдерін көрсетулеріне сәйкес комиссияның алдында ұсынылған есепті қорғаудың нәтижелері бойынша баға қойылады;
4.5.3 Практикаға екі жетекші бекітілгенде - ЖОО-нан және практика базасынан (өндірістік, педагогикалық), қорытынды баға практика базасының басшысының бағалау есебінен (оның салмағы қорытынды бағадан 40% болып табылады) және комиссияның алдында ұсынылған есепті қорғаудың нәтижелері бойынша қойылады (оның салмағы қорытынды бағадан 60% болып табылады).
4.5.4 Кәсіптік практика бағдарламасын орындамаған, жұмысы туралы теріс пікір немесе есебін қорғағанда қанағаттандырарлықсыз баға алған білім алушы практикадан қайта өтеді. Қайта өту тәртібі университетте қабылданған ереже бойынша жүзеге асады және практиканың есебі қорғау кезінде алған бағалық, балдық, рейтингтік жүйемен қайта бағаланады.
4.5.5 Білім алушы практикаға себепсіз келмеген немесе практиканың бағдарламасын орындамаған жағдайда, есебін қорғауда практикадан «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған жағдайда, келесі академиялық кезеңдердің ішінде теориялық оқыту кезеңімен қатар қайта практикаға жіберіледі немесе жазғы семестрге қалады. Бұндай жағдайда практиканы ақылы негізде жеке оқу жоспарына қосып өтеді. Егер практика өтілімін деканат теориялық оқытумен қатар қойса, практика мерзімі екіге өседі.
4.5.6 Практика бойынша академиялық қарызы бар студент қорытынды аттестацияға жіберілмейді және оқу жоспарын орындамағаны үшін оқудан шығарылады.
4.5.7 Кәсіптік практика баарысында білім алушылардың міндеттері :
- кәсіптік практика бағдарламасында қарастырылған тапсырмаларды толығымен орындау, күнделік жүргізу;
- кәсіпорында, ғылыми-зерттеу ұйымында, мекемеде, ұйымда, мектепте қалыптасқан ішкі тәртіп ережелеріне бағыну;
- барлық тапсырмалардың орындалғаны жайында мекеме тарапынан тағайындалған жетекшісі қол қойған жазбаша есеп пен күнделігін университет тараапынан тағайындалған жетекшісіне ұсыну.
4.5.8 Білім алушы кәсіптік практика бағдарламасында қарастырылмаған жұмыстарға қатыспауға құқылы.
Келісілді
Оқу және ғылым істері
жөніндегі проректоры Куланова С.Ш.
Аккредитеу және сапаны ішкі
қамсыздандыру бөлімінің бастығы Шахабаев Е.
Танысу парағы
Достарыңызбен бөлісу: |